Еңбек нарығы және халықты жұмыспен қамту


Кіріспе
Қазіргі кездегі нағыз пәрменді әлеуметтік саясат - ол халықты жұмыспен тұрлаулы қамту саясаты болып келеді және болып қала береді. Осыған орай әлеуметтік көмек көрсету саясаты әлеуметтік топтардың мұқтаждықтарымен айқындалуға тиіс емес, қайта еңбекке қабілетті азаматтарды жұмысшылар санына қосуға даярлау міндеті ауқымында шоғырландырылуға тиіс. Азаматтарға қолдау көрсетудің мемлекеттік жүйесі олардың қайта оқып үйренуі мен жаңа кәсіпті меңгеруіне ынталандыру бағытында құрылуы керек. Бүгінгі күнде елімізде еңбек нарығы экономикалық жүйенің ерекше инфрақұрылымына айналып отыр. Бұл нарықта, басқа нарықтағыдай, біріншіден, сұраныс және ұсыныс заңдары, жұмыс күшін сату - сатып алу жетілген бәсеке нарығы жағдайында жүріп отыратын болса, екіншіден, жетілмеген бәсеке нарығының ерекше ықпалы да байқалып отырады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты халыққа жолдауында Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына ену стратегиясында өнімдерді экспортқа шығаруға бағдарланған өндірістерді, оның ішінде кластерлік өндірісті дамыту керек екендігі айтылған болатын.
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымына кіру отандық өнімдірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттыруды талап етеді. Өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін жоғары білікті және кәсіпқой мамандарға сұраныс арта түсуде. Сондықтан білікті ұлттық кадрларды кәсіби жағынан даярлау және қайта даярлау бүгінгі күннің талабы.
Дамыған және дамушы елдердің тәжірибесін үйренуде жүйелік және нақты тарихи көзқарас халық шаруашылығындағы еңбек нарығын реттеудің әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастырушылық-инфрақұрылымдық қызмет ету тетіктерін жетілдіру, облыс тұрғындарын жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғаудың белсенді формасы ретінде жұмыссыздарды кәсіби даярлау және қайта даярлау, қоғамдық бағдарлама жасау негізгі өзекті мәселелердің бірі болып отыр, ғылыми тұрғыдан зерттеуді талап етеді.
Курстық жұмыстың мақсаты Қазақстан республикасының еңбек нарығын реттеу және халықты жұмыспен қамтуды жетілдіру бойынша тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады. Курстық зерттеу мақсатына, еңбек нарығын дамытудың ерекшеліктеріне сәйкес келесідей міндеттер қойылды:
- еңбек нарығы мен халықты жұмыспен қамтудың жалпы теориялық -әдістемелік негіздерін зерттеу;
- еңбек нарығын реттеудің қызмет ету тетіктерін және әлеуметтік - экономикалық мазмұны мен факторларын анықтау;
- республикадағы еңбек нарығы мен жұмыспен қамтудың жалпы сипаттамасын қарастыру;
- Қазақстан республикасының еңбек нарығының қазіргі жағдайына талдау жасап, тиімділік деңгейі мен салааралық ерекшіліктерін анықтау.
Жұмыстық тәжірибелік маңызына тоқталсақ, бұл мәліметтерді осы тақырыпты ары қарай тереңдете зерттеуге қолдануға болады және осында ұсынылған рекомендациялар тәжірибе жүзінде қолдануға болады.
- Еңбек нарығы және халықтың жұмысбыстылығының теориялық негіздеріЕңбек нарығы және халықтың жұмысбастылығының түсінігі
Еңбек нарығы нарықтық экономиканың бөлінбес бөлігі болып табылады. Ол жұмыс істейтін басқару күшімен кадр бөлімі, оқу және зерттеу орталықтары, сонымен қатар әлеуметтік қызмет корпорациялары, мемлекеттік мекемелер, коммерциялық емес ұйымдар және т. с. с.
Нарықтық экономикаға өту өзіне қажет еңбек нарығы мен жұмыс күшін еріксіз тартады.
Еңбек нарығы - бұл тауар болып табылатын еңбек ресурстарының нарығы, олардың тепе-теңдік бағасы мен саны, сұраныс пен ұсыныстың бір-біріне әсер етумен анықталады. Кәсіпкерлер мен еңбекке қабілетті адамдар, нарық агенттері, олар еңбек нарығында өзара қатынаста болады. Сондықтан еңбек нарығы сұраныс пен ұсыныс тетіктері арқылы экономикалық агенттердің арасындағы бәсекелестіктің нәтижесінде жұмыспен қамтудың белгілі көлемі және еңбек төлемі дәрежесі орнайтын экономикалық орта болып табылады.
Еңбек нарығы деп қызмет атқарып жүрген жұмыс күші нарығын айтамыз. Қазақстанда еңбек нарығы әлі де болса өркениетті елдердегідей қалыптаса қоймаған.
Бұл елдердің өзінде еңбек нарығы тетіктерінің бір - бірімен үйлесуінде айтарлықтай айырмашылықтар бар, яғни, еңбек нарығының көп түрлері мен модельдері болады.
Еңбек нарығының қызмет ету ауқымына байланысты оның екі түрін ажыратуға болады:
- сыртқы еңбек нарығы (салааралық, макроэкономикалық ұғымдар) ;
- ішкі еңбек нарығы (сала ішіндегі, микроэкономикалық ұғымдар) .
Сыртқы еңбек нарығы дегеніміз жұмыс күшінің облыстық, салааралық деңгейде жылжуға бейімделген процесстерін, яғни, жұмыс орындарын еңбеккерлермен фирма арасында ауыстыру жолымен толтырады. Ішкі еңбек нарығы еңбеккерлердің фирмаішінде жылжуына бейімделген.
Еңбек нарығы басты үш қызмет атқарады :
1) әлеуметтік қызметте адамдардың табыстары мен жақсы тұрмыс жағдайының әдеттегідей дәрежесі мен жұмыскерлердің өндірістік қабілетін тиісті дәрежеде ұдайы өндіруді қамтамасыз ету;
2) экономикалық қызметте еңбекке тиімді түрде тарту, оны бөлу, реттеу және пайдалану;
3) ынталандыру қызметі бәсекеге қабілеттің күшеюіне, тиімділігі жоғары еңбекке ынтаның өсуіне, біліктіліктің жоғарылауына, мамандықты ауыстыруға мүмкіндік тудырады.
Маркстік ілімге қарсы батыс теорияларында еңбек тауар деп саналады. Нарықтык экономикада "еңбек нарығы" термині қолданылып, жұмыс күшіне еңбекке кабілетті халыктың белгілі бір тобын жатқызып жүр.
Қазақстандық экономикалық әдебиеттерде зерттеушілердің біреуі “еңбек нарығы” терминін қолданса, ал екінші біреулері “жұмыс күшінің нарығы” терминін қолдануда. Соған байланысты осы екі терминнің біреуін, яғни “еңбек нарығы” терминін қолданған дұрыс деп ойлаймын.
Еңбек нарығы шетелдік әдебиеттерде жеткілікті түрде зерттеліп, айқындалған. Ал, ресейлік Саткина М. А., Гибриков Г. Г. және қазақстандық Н. К. Мамыров және т. б. бір топ ғалымдар еңбек нарығы анықтамасын ғылыми тұрғыдан беруде әр түрлі көзқарасты ұстанады.
Дамыған нарықтық экономикалық жүйеде барлық еңбек өнімдері тәріздес жұмыс күші де тауарлы форманы иеленеді. Неоклассикалық экономикалық теорияда тауарлар мен қызмет көрсетулер, капитал мен инвестициялар нарығымен қатар ерекшеленген жұмыс күші мен еңбек нарығы да қарастырылады. Сондықтан, қазіргі кездегі әлеуметтік-экономикалық әдебиеттерде, саяси-шаруашылық тәжірибеде «жұмыс күші нарығы» мен «еңбек нарығы» деген ұғымдар бір-біріне сәйкес ұғымдар ретінде қабылданған.
1945жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Қазіргі уақытта Қазақстанның еңбек нарығындағы жағдайы халықтың экономикалық белсенді және белсенді емес көрсеткішін, жұмыспен қамтылуы және жұмыссыздық көрсеткіштерінің өзгеруімен сипатталады.
Президентіміздің басты мақсаттарының бірі аса дамыған 50 елдердің қатарына қосылу үшін орта және кіші бизнесті дамыту болып табылады. Бұл мақсат үшін 10 бизнес-центр және 2 бизнес-инкубатор, 20 бизнес-ассоциациясы құрылды. Облыстағы компанияларды ішкі нарықта дамытып, көршілес елдердің іскерлігіне қарап дамытуға тиіспіз. Өз бизнесімізді ерекшелендіріп, шетелден қызығушылық дамытып оларды өзімізге тартуға тиістіміз. Бұл үшін бізде басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасау құрылымы бар. Осы бойынша жоба құрып көздеген мақсатқа жетуге тиістіміз. Тиімді жағында жұмыспен тіркелгендердің саны көп болуы да мүмкін, ал тиімсіз жағында тіркелген жұмыссыз халықтың көбісі жұмыспен қамтыла бермейді, яғни олардың белгілі бір мөлшері ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. жеке меншік болғаннан кейін жұмыссыз халықтың қамтамасыз етілген бөлігі сол биржа мекемесінің қызмет көрсеткені үшін белгілі бір мөлшерде ақша сомасын төлейді.
- Еңбек нарығын реттеудің әдістемелік негіздері
Еңбек нарығының бір мамандықтағы білікті қызметкерлермен толығып және өзге мамандықтардың жетіспеушілігі экономика үшін бірқатар келеңсіз салдарға: мамандарды даярлау және қайта даярлаудағы қаражаттың ұтымсыз пайдаланылуына, білікті жұмыс күші бойынша өндіріске салынған қаражаттың экономикалық тиімділігінің төмендеуіне, халықтың жалпы санындағы сияқты, жекелеген мамандық түрлері бойынша да жұмыссыздар санының өсуіне, кәсіпорындар мен ұйымдардың кадрларды қайта оқытуға және қайта мамандануға шығыстарының өсуіне, мамандығы бойынша жұмыс істемейтін адамдардың психологиялық қанағаттанбаушылығына ұшыратуда. Бұл тұрғыда аумақтық және салалық ерекшеліктерді ескере отырып, білікті кадрларға қажеттікті болжау басты міндетке айналуда. Осыған байланысты, жоғарғы және техникалық және кәсіптік білім жүйесінде кадрлар даярлауға мемлекеттік тапсырыс қалыптастыру, білім ұйымдары желісін оңтайландыру, әлеуметтік әріптестік жүйесін құру және дамыту үшін мамандарға қажеттік құрылымы болжамының ғылыми негізделген әдістемелік көзқарастары мен тетіктерін әзірлеу қажеттігі туындайды. Зерттеу шеңберінде іс жүзіндегі жағдай бағаланып, еңбек нарығындағы үрдістер анықталды. Еңбек нарығының аумақтық және салалық ерекшеліктеріне, білім жүйесінің еңбек нарығы сұранысына бағдарлану дәрежесіне талдау жүргізілді. Экономикалық және технологиялық факторлардың өзгеруі ескеріле отырып, еңбек нарығының болжамды қажеттерін айқындау үлгілері зерттелді. Еңбек ресурстарын болжау үшін ақпараттың негізгі көздері айқындалды. Зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасында еңбек нарығының болжамды қажеттерін айқындау әдістемесі әзірленді.
Жастар саясатын iске асыру үшiн жас адамдардың қоғамға, экономикалық өзара қарым-қатынастар жүйесiне кiру жағдайын жақсарту, олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау, жастарға көмек және әлеуметтiк қызметтер көрсету жөнiндегi жұмыс үнемi жүзеге асырылуда.
Еңбек және жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттiк жастар саясатын iске асыру»"Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңында да көрiнiс тапты, оған сәйкес өзгелермен қатар 21 жасқа дейiнгi жастар да жұмыспен қамтуға жәрдемдесу жөнiндегi мемлекеттiк шаралармен қамтамасыз етiле отырып, мақсатты топ ретiнде айқындалған.Қазақстан Республикасының халқын жұмыспен қамтудың 2005 - 2007 жылдарға арналған бағдарламасы шеңберiнде жергiлiктi атқарушы органдар жұмыс таңдауға және жұмысқа орналасуға жастарға жәрдем көрсетуде. Жұмыспен қамту органдарына жұмыссыз ретiнде тiркелген еңбекке қабiлеттi жастағы жастар олардың келiсiмiмен қоғамдық жұмыстарға жiберiледi немесе кәсiби даярлықтан және қайта даярлықтан өте алады. Бұл ретте, 21 жасқа дейiнгi жастар, 23 жасқа дейiнгi балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi, жетiм балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар басымдықты тәртiппен қоғамдық жұмыстарға қатысуға немесе кәсiби даярлықтан және қайта даярлықтан өтуге құқылы.
Сонымен қатар, бiлiктiлiгi мен еңбек дағдысының болмауынан, кәсiптiк бiлiмдерiнiң жеткiлiксiздiгiне негiзделген еңбек нарығындағы жастардың бәсекеге қабiлеттiлiгiнiң төмендiгiнен жұмыссыз жастар деңгейiнiң жоғары күйiнде қалуы жалғасып отыр. 2006 жылы жастар арасындағы жұмыссыздық республика бойынша орташадан 1, 6 есеге көп болды. Өңiрлiк бөлiнiсте осы кезеңде жұмыссыздықтың жоғары деңгейi жастар арасында Атырау облысында - 14, 7%, Қостанай облысында - 14, 6% және Жамбыл облысында - 14, 2%, Алматы қаласында - 20, 9% байқалып отыр.
Қала халқында жұмыссыз жастардың деңгейi жоғары: 2006 жылы ол ауыл халқы арасында 10, 3% орнына 14, 1%-ды құрады.
- Жұмыспен қамтудың шет елдік үлгілері
1945жылы капиталистік елдің экономикалық жағдайы анық түрде ерекшеленді. АҚШ өзінің территориясында әскери қимылдар болмағандықтан өндіріс қуаты және рекордты түрде экономикалық өсу байқалған. Ал керісінше, Батыс Еуропа және Жапония елдері біршама қирауға ұшыраған. Ол елдердің халқы интенсивті құрылыс жұмыстарын жүргізе отырып шығындарға төзуге тура келді. Бұл жағдайлар мысалы, Германия және Жапония елдерінде 40-ші жылға дейін жалғасқан. 30-жылдары экономикалық өсу бүкіл аймақта болды және жұмыссыздықты болдырмады.
Жапониядағы жұмыспен қамтуды басқару. «Өмірлік жалдану» жүйесінің мағынасы, жұмысшы нақтылы түрде өмір бойы бір кәсіпорында жұмыс істейді, бірте-бірте қызмет баспалдағымен көтеріледі. Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Қоғамдағы өмірді ұйымдастырудың Шведтік түрі экономикалық және өмірлік деңгейді жоғарлату, экологиялық стандартты қамтамасыз етеді. Бұл модель ерекше «технологиялық рента» алуды негіздейді, ішкі және әлемдік нарықта елдің алатын
өнімінің жоғары сапасы мен инновациялығы. Әрине Швеция өте жақсы әлеуметтік-экономикалық модельді құруды көздейді.
Швецияның тәжірибесі бойынша жұмыссыздыққа жәрдемақы беру іс-шараларына келесілер жатады:
- кіші және жанұялық кәсіпорынға мемлекеттік субсидиялар мен несилерге жағдай жасау, яғни бастапқы капитал 10 пайызды ғана құрайды, 70 пайызы субсидия, 20 пайызы несие, егер кәсіпорын пайда ала алмаса 4 жылға салықтан босатылады;
- географиялық мобильділік, яғни жұмыс күші тапшылық жерлерге жанұяларды көшіріп апарады. Оларға үй, жұмыс тауып береді, жағдай жасайды;
- қоғамдық жұмыс, негізінен жастарға, құрылыс, жол, қызмет көрсету, 6 айға дейінгі кепілдеме түрде жалақысы 50-100 пайыз болатын ( сол кәсіптің орташа жалақысын есептеп ) жұмысқа алу;
- жеке фирмаларға көмек көрсету, жарты жылға дейінгі 50 пайыздық субсидия беру;
- арнайы техникалық жабдықтау, кәсіпорында мүгедектерге арналған жұмыс орнын дайындау және кәсіпорын иелеріне жұмысқа алғаны үшін субсидиялар төлеу және мүгедектердің жалақысына да субсидиядан ақша шамамен қосылады.
Білім деңгейіне (орта білім немесе жоғары білімді) байланыссыз жұмысшы карьерасын қарапайым жұмысшыдан бастайды және бір орында 2-3 жылдан көп отырмайды. Өйткені оның жұмыс орнында алған білімін жоғалтуға мұрша бермейді. Ал екіншіден, төменнен бастап, жас маман бірдеңені өзгертуге мүмкіндік алады, басшылардың, қызметтестердің мойындауына жету, репутациясын орнату.
Жұмысқа алу мен жұмыстан шығу еркіндігі;
Фирма деңгейінде ұжымдық-келісімдікті реттеу
Жастардың қызмет ету аясының тар
Болуы
Сурет 1-Еңбек нарығын реттеу үлгілері
Шетелдік тәжірибеде көп уақыт бойына жұмыспен қамту мәселесі қоғамдық келісімде арнайы енгізілмеген. Бірақ 20 ғасырдың 70-жылдары мұнай дағдарысына байланысты өзгерген болатын (1973-1979 жылдар) . 1980 жылға дейін жұмыспен қамту бойынша 170 келісім кабылданды. Келісімдерде жұмыс берушілер жұмыскерлерді бір жыл ішінде немесе бірнеше жыл ішінде босатуға міндеттеме алады. Мұндай келісімдер белгілі бір жағдайда және берілген саланың кәсіпорындағы жеткілікті түрде кезекті бағыт ұстанғанда мүмкін болады.
Осы шетел тәжірибесін қолдана отырып Қазақстанның еңбек нарығын реттеу жүйесін жасауға болады. Шетелдің еңбек нарығына байланысты тәжірибесін қарастыра отырып Қазақстан өзінің еңбек нарығын реттеу бойынша үлгісін құруы қажет.
2. Қазақстан Республикасы бойынша жұмыспен қамтылу деңгейін талдау.
2. 1 ҚР-дағы жұмыссыздық деңгейін талдау
Әлеуметтік, демографиялық, экономикалық факторлардың халықтың өсу динамикасы мен кемуіне ықпалы зор. Қазіргі нарықтық экономика жағдайында әлеуметтік қатынастар, сонымен қатар, экономикалық, экологиялық жағдайлар да белгілі бір дәрежеде халық санына өз әсерін тигізеді.
2009 жылғы II тоқсанда жұмыссыздар саны (табысты жұмысы болмаған, оны үздіксіз іздеген және оған кірісуге әзір болған 15 жастағы және одан асқан адамдар) 568, 1 мың адамды, жұмыссыздық деңгейі 6, 7% құрады.
Республика экономикасында 2009 жылғы II тоқсанда 7, 9 млн. адам жұмыспен қамтылды. Жұмыспен қамтылғандар құрылымында жалдамалы қызметкерлердің үлесі 66, 0%, өз бетінше жұмыспен қамтылғандардың үлесі - 34, 0% құрады.
1-кестеде жұмыссыздық деңгейіне талдау жасалған. Жұмыссыздықтың деңгейі 2007 жылы 7, 3 % болса, ал 2009 жылы 6, 9 % - ға жетті. Яғни 2009жылды, өткен 2007 жылмен салыстырғанда 0, 4 % - ға жұмыссыздық деңгейі азайды. Ал экономикалық белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі 2007 жылы 29, 5 % болса, ал 2009 жылы29, 7 % - ды құрады. Осы 2007 жылды, 2009 жылмен салыстырғанда 0, 2 % - ға өсіп отыр
Жұмыссыздық мәселесін шешу, жұмыссыздарды әлеуметтік қорғау үшін мемлекеттік жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы саясаты тіркелген жұмыссыз азаматтардың тиімді әлеуметтік корғалуын қамтамасыз ететіндігі белгілі.
Кесте 1. 2007- 2009 жылдардың II тоқсанында Қазақстан Республикасындағы еңбек рыногының негізгі индикаторлары
2009ж.
I тоқсан
1-кесте жалғасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz