Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс
Кіріспе
І тарау. Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыстың теориялық негіздері
1.1. Қарт адамдар әлеуметтік.педагогикалық жұмыс объектісі ретінде 1.2.Қарт адамдардың әлеуметтік.психологиялық сипаттамасы
1.3. Қарттармен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыс моделі
ІІ тарау. Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыс мазмұны және ұйымдастыру
2.1. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыс мен технологиялары мен тәжірибелері
2.2 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік.педагогикалық жұмыс және оның нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша

Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай, жастарға, белсенді өмір салтына көңіл бөлу қарттар демографиялық қабатын әлсіздендіріп отыр.
Шиеленісті әлеуметтік-экономикалық жағдай, жұмыс орындарының қысқартыруы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі қарт адамдар категориясы өмірдің қиындығына тап болды. Қоғамның қарт мүшелерінің әлеуметтік босқындарға айналуы салдары айқын білінді [1].
В.А.Сластенин атап өткендей «қоғамның нарықтық қатынастарға өтуі адамның (соның ішінде қарт адамдардың) өзгермелі құбылыстарға тз бейімделе алу қабілеттерін талап етеді». Сонықтан да қарт адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету мәселесі өзекті болып отыр.
Осы кезеңде кез келген мемлекетте әлеуметтік мәселелер алғашқы орынға шығып отыр. Көп жылдар бойы елімізде экономикалық күйзеліс салдарынан және тағы да басқа жағдайлар салдарынан әлеуметтік қиыншылыққа тап болған адамдар саны күннен - күнге көбеюде. Әсіресе, карттар мен мүгедектер, балалар мен отбасы және тұрғындардың басқа санаттарындағы адамдар әлеуметтік қызмет көрсету аймағынан көмек алуға мәжбүр болып отыр.
ХХ ғасырдың екінші жартысында халықтың туылу және өлу, мемлекеттің еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілу деңгейі анықталатын халықтың жастық құрамы түбегейлі өзгеріске ұшырады. 1950 жылдан бастап жер бетіндегі қарттар саны 5 есеге көбейді [2].
Қазақстан Республикасында 90-шы жылдары құрылған әлеуметтік қызмет көрсету жүйесі осындай жағдайлардың алдын алу мен сауықтыру-оңалту шараларын жүргізуді мақсат етеді.
Әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің әрекеті өмірдің қиын жағдайларына тап болған адамдарға әлеуметтік көмек пен қолдау көрсету аркылы сипатталады.
Кез келген қоғамда өмірде әртүрлі қиыншылыққа тап болған адамдар қатары жеткілікті. Осындай жағдайларға тап болған адамдардың ел қатарлы өмір сүруі үшін, қоғамда өз орнын табу үшін және осы қоғамда өзінің құқықтарын корғай білу үшін әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жүйесі әрекет етеді.
Әлеуметтік-психологиялық жұмыстың негізгі мақсаты әлеуметтік қызмет көрсету - тұрғындарды әлеуметтік қорғаудың жаңа бағыты екенін анықтау. Сол арқылы әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету аймағының маңыздылығын және оның мәнін жете түсіну.
Әр қоғамда тұрғындардың кейбір санаттарына әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсетуге зәру адамдар, отбасылар мен адамдар тобы көп.
Қазіргі заманда басына түскен ауыртпалықпен күресуге әрбіреуінің күш - жігері жете бермейді. Көпшілігі өзіне - өзі деген сенімділігін, жақсы өмірге деген үмітін жоғалтып алды.

І тарау. Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың теориялық негіздері
1.1. Қарт адамдар әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісі ретінде 1.2.Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы
1.3. Қарттармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс моделі
ІІ тарау. Қарт кісілермен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мазмұны және ұйымдастыру
2.1. Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс мен технологиялары мен тәжірибелері
2.2 Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс және оның нәтижелері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
КІРІСПЕ
Қазіргі таңдағы әлеуметтік жағдай, жастарға, белсенді өмір салтына көңіл бөлу қарттар демографиялық қабатын әлсіздендіріп отыр.
Шиеленісті әлеуметтік-экономикалық жағдай, жұмыс орындарының қысқартыруы, халықтың өмір сүру деңгейінің төмендеуі қарт адамдар категориясы өмірдің қиындығына тап болды. Қоғамның қарт мүшелерінің әлеуметтік босқындарға айналуы салдары айқын білінді [1].
В.А.Сластенин атап өткендей қоғамның нарықтық қатынастарға өтуі адамның (соның ішінде қарт адамдардың) өзгермелі құбылыстарға тз бейімделе алу қабілеттерін талап етеді. Сонықтан да қарт адамдарға әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету мәселесі өзекті болып отыр.

Әсіресе қарт адамдардың қал - жағдайы мүшкіл. Олардың қартаюына байланысты мүмкіндіктері шектеліп, олар біреуге тәуелді болып қалады.
Қарт адамдардың қоғамға бейімделуін қамтамасыз ету олардың толыққанды өмір сүруінің кепілі. Кейбір қарт адамдар денсаулығына байланысты қоғамдық өмірден шеттетіліп қалады. Сонымен қатар, қарт адамдарға психологиялық тұрғыдан да қолдау көрсетудің маңызы зор. Өйткені қарт адамдардың психологиясы, жас келген сайын өзгеріп, олардың ішкі және сыртқы жан дүниелеріне тікелей ықпал жасайды.
Осындай жағдайларда бұл адамдарға біреулердің көмектесуі қажет. Мұндай жағдайда кімнен көмек сұрауға болатынын білудің маңызы зор.
Яғни, әлеуметтік-психологиялық жұмыстың оьъектісін анықтап, оларға қажетті көмек деңгейін анықтап алу, әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету жүйесінің жұмысын тиімді етеді деген пікір пайда болады.
Қарт адамдардың қоғам өміріне араласып кетуін қамтамасыз ететін ұйымдардың бірі - әлеуметтік-психологиялық қызмет көрсету мекемелері. Олар қарт адамдардың күнделікті сұраныстары мен қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай сонымен қатар, олардың денсаулықтарын жақсарту мақсатында да қызмет атқарады.
Қарт адамдар үшін ең маңыздысы олардың күтімдерін қамтамасыз ету.
Кез -- келген шараның жүзеге асуы үшін, ең алдымен оның бағыты мен мақсатын анықтап алу қажет.
Адамдардың қарттық жас мөлшерін анықтаудың нақты бір қалыптасқан шекарасы жоқ. Американдық зейнеткерлер ассоциациясы елу жастан асқан тұлғаларды қарт кісілер қатарына жатқызады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұймының Еуропалық геронтологтар бюросы 1963 жылы ер кісілерде 60 жастан бастап 74 жасқа дейін, ал әйелдерде 55-74 жасқа дейін қарттық кезең, ал 75 жастан бастап кәрілік кезең басталады деп үкім шығарды. А.ВМудрик қарттық кезеңдң 50-60 жас аралығы [3], 70 жастан бастап ұзақ өмір сүру кезеңі деп атады. О.В.Хухлаева зейнеткерлікке шығу уақытысымен байланыстырды, қарттық кезең 55-65 жас деп атады. О.В.Краснова қарттық кезеңнің көрсеткіші ретінде адамзат өмірінің бір бөлігін көрсетуді ұсынды. Зерттеушілердің көпшілік бөлігі 60-65 жас (әйел кісілерде 55 жастан, ер кісілерде 60 жастан) қарттық кезең деген қорытындыға келді.
Қазіргі кезде қарттық- бұл жасты ерекшеліктері, міндеттері, даму кезеңдері бар және өзін-өзі жүзеге асыра алатын ұзақ уақытқа созылған кезең (Б.Г.Ананьев [4] , О.В.Краснова [5], С.Г.Максимова [6], Г.С. Сухобская [7], Е.И.Холостова [8], О.В.Хухлаева[9] және т.б.).
Философиялық, психологиялық, әлеуметтік және педагогикалық әдебиеттерді талдай келе, қазіргі таңда қарттық мәселесі бойынша зерттеу материалдары жинақталған. ХХ ғасырдың 90 жылдарына дейін қарттық кезең мәселесі тек биология ғылымында қарастырылды. В.А.Дыскин [10], А.Н. Рубакин [11], В.В.Фролькис [12] және т.б. қарттық кезеңнің медициналық-билогиялық аспектісі тұрғысынан зерттеу еңбектері бар, В.В.Ковалев [13], Б.Г.Ананьев [14] қарттық мәселесін биологиялық және әлеуметтік тұғырларды сәйкестендіре отырып әлеуметтік геронтология ғылымының дамуына айтарлықтай үлес қосты. Бұл парадигма К.А.Абульханова-Славская, В.Д. Альперович [15], Л.И. Анцыферова [16], М.Э.Елютина [17], О.В.Краснова [18], А.В.Панина [19], еңбектерінде көрініс тапты. Зерттеушілер қарт адамның тұлғалық ерекшеліктерін, қартаю түрлерін, қартаюдың әдіснамалық кезеңдерін қарастырады.
Ресейде ХХ ғасырдың 90 жылдарынан бастап қарт адамдардың әлеуметтену және бейімделу мәселесі Н.В.Гудков, В.В.Куценко, С.Г.Марковкин және т.б. еңбектерінде қарастырылды. Қарт адамдардың әлеуметтік-экономикалық, психологиялық, құқықтық, этикалық мәселелері тұрғысынан Н.В.Гудков [20], В.В.Куценко [21], С.Г.Марковкина [22] және т.б. зерттеді. Ғылымда қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік жұмыс (И.Г.Беленькая [23], В.М.Васильчиков [24], М.Э.Елютина [25], К.А.Санкова [25], Е.И.Холостова [26], Р.С. Яцемирская [27]), әлеуметтік-педагогикалық жұмыс бағыты бойынша (В.А.Фокин [28], Н.П.Щукина [29]) тақырыптарында зерттеу жұмыстары бар. Алайда теориялық зерттеулер көрсеткендей қазіргі уақытқа дейін қарттар үйіндегі қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс туралы мәселелер толықтай ашылмаған.
Отандық ғалымдар Г.Н. Сансызбаева [30], Н.К.Мамыров [31], Д.К.Кабдиев [32] және т.б. еңбектерінде қарт адамдар мәселесі қарастырылған.
Жаһандану заманында қарт адамдар өздерінің жастық мәселелерін шешумен қатар, жаңа өмір жағдайына бейімделу міндеті тұрады. Бұл жағдайда оған ең алдымен, психолог, педагог, әлеуметтік қызмет мамандары көмекке жұмылдырылады. Біздің елімізде ХХ ғасырдың тоқсаныншы жылдарына дейін әлеуметтік-педагогикалық қызмет түрлері жаңа құбылыс болып табылғандықтан, жеткілікті деңгейде теориялық базасы жоқ және де қарт адамдарға тиімді түрде әлеуметтік-педагогикалық қызмет көрсете алмайды. Мәселенің теориялық деңгейде жеткілікті зерттелмеуі мен тиімді түрде әлеуметтік-педагогикалық көмек көрсету тәжірибесі арасындағы қарама-қайшылық зерттеу жұмысының тақырыбын Педагог-психологтың қарттар үйіндегі әлеуметтік-педагогикалық жұмысы деп таңдап алуға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: қарттар үйіндегі адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүйесінің мазмұнын талдау және тиімді жұмыс жүйесін айқындау.
Зерттеу нысаны: қарттар үйіндегі адамдарды тәрбиелеу процесі
Зерттеу пәні: қарттар үйіндегі адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыс жүйесі.
Зерттеу міндеттері:
1) Қарттар үйі жағдайында қазіргі кездегі үлкендерді тәрбиелеу процесіне талдау жасау;
2) Қарт адамдармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыстың теориялық негіздерін ашу;
3) Қарттар үйіндегі қарттармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тиімділігінің шартын анықтау және оны тәжірибелік-эксперименталдық сынақтан өткізу.
Зерттеу болжамы: егер, қарттар үйіндегі адамдармен әлеуметтік-педагогикалық жұмыстар жүйесі талданып, тиімді жолдары анықталса, онда олар педагогикалық-психологиялық, рухани тұрғыдан тұрақтанады, себебі олар рухани, педагогикалық-психологиялық қолдауға зәру болып келеді.
Зерттеу әдістері: психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді зерттеу және талдау; педагогикалық тәжірибелерді талдау және жалпылау; педагогикалық эксперимент; анкета, әңгімелесу, сауалнама жүргізу; салыстырмалы талдау жасау; алынған мәліметтерді жүйелеу және жалпылау, статистикалық өңдеу әдісі.
Зерттеу құрылымы: кіріспе, екі бөлімнен, корытынды және пайдаланған әдебиеттер
I ТАРАУ. ҚАРТ АДАМДАРМЕН ӘЛЕУМЕТТІК ЖҰМЫСТЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
3.1. Қарт адамдар әлеуметтік-педагогикалық жұмыс объектісі ретінде
Қарт адамдар мәселесі XX ғасырда әсіресе, соңғы он жылдықта күрделі әлеуметтік мәселеге айналып отыр. Ол туылу көрсеткіші азайып, демографиялық революция кезінде бастау алды. Ең алдымен Франция және Финляндия елдерінде өткен жүзжылдықтың басында демграфиялық революция басталып, Батыс және Солтүстік Европа елдерінде жалғасын тапты. Статистикалық мәліметтерге сүйенсек, егер Батыс елдерде 1990 жылдары зейнеткерлік жастағы адамдар саны барлығы 18% болса, 2030 жылдары ол көрсеткіш 30 %-ға артады екен деген болжам бар.
Өнеркәсібі дамыған мемлекеттерде қартаю үдерісі 30 жыл бұрын бастау алып, дами бастады. Бұл үдеріс баяу дамушы мемлекеттерде кеңінен тарамаған, алайда БҰҰ демографтарының пікірінше бұл мемлкеттерде алдағы онжылдық ішінде осы мәселенің ушығатынын пайымдайды.
Ресей елінің статистикалық мәліметтері бойынша, 1939 жылы карттар саны барлық тұрғындардың 4%-н құраған болса, 1996 жылы осы аталған көрсеткіш 12% - ға артып отыр.
Тұрғындардың еңбекке қабілетті санатына түсетін күш көбейеді, өйткені олар еңбекке жарамсыз карттарды асырауға мүдделі болып келеді. Қазірдің өзінде бір қарт адамға 1,8 еңбекке қабілетті адам қатынасы келеді.
Дамыған мемлекеттерде 65 жастан асқан қарт адамға 4-5 еңбекке қабілетті адамдар саны сәйкес келеді.
Демограф А.Сови жер бетіндегі тұрғындардын козғалыс үрдісі олардың кеңістіктегі және уақыттағы өмір сүру дәрежесін зерттей отырып, тұрғындардың қартаюы қазіргі үлкен құбылстардың бірі деп атап көрсетті. Бұл құбылыстың кең етек алып таралуы және оның қоғамдық-экономикалық даму деңгейінен тәуелді болуы салдарынан, көптеген зерттеушілер аталмыш мәселені қарқанды дамушы мәселе деп қортынды шығарды [33]. Қазіргі заманның өзекті мәселесі ретінде, ол демографиялық қатынастардың жаңа даму сатысының бастамасын сипаттайды және шынайы демографиялық, экономикалық, қоғамдық, әлеуметтік-психологиялық, мәдени және медициналық салдар туғызады.
Дүниежүзі халық тұрғындардың демографиялық құрылымының тамырының қозғалысы, яғни демографиялық пирамиданың селдіреуі үрдісі жүруде, осы мәселе дүниежүзілік қоғамның бастысы болып отыр. Осы мәселемен күресуге он жылдан астам уақыт өтті. Қартаю мәселесі халықаралық ұйымдар мен Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы қарастыру объектісі ретінде XX - ғасырдың 80 - жылдардан бері келе жатыр.
Еуропада өткен ғасырдың 70-жылдарынан бастап, қоғамның қартаюы салдарынан шынайы әлеуметтік және экономикалық салдары болатынына көздері жеткен. Көптеген ғылыми зерттеулерде, баспасөздерде, саяси хаттамаларда бұл үрдіс әлеуметтік, экономикалық және мәдени құбылыс ретінде каралады. Көп жағдайларда бұл үрдіс әлеуметтік дамуға, гүлденуге, әлеуметтік жақсаруға, ұрпақтар арасындағы байланыстарға, технологиялық даму мен инновацияға қауіп төндіреді [34].
2001 жылы дүние жүзіндегі тұрғындар саны 6,2 млрд. адамға жетті, ал әрбір жер бетіндегі оныншы адамның жасы 60 жас және одан ересек болып келеді. Біріккен Ұлттар Ұйымның ұзақ мерзімдік болжамына сай 2025 жылы дүниежүзілік тұрғындар саны 1950 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда үш есе, ал қарт адамдардың саны -- 6 есе, ал қартайған адамдардың саны (80 жастан асқандар) 10 есеге артады.
Қоғамның қартаюы салдарын көптеген қоғамның мамандарының және қоғам кайраткерлерінің-ғалымдардың, зерттеушілердің, саясаткерлердің, экономистердің, әлеуметтанушылардың және т.с.с. зерттеу объектісіне айналды. Олардың көпшілігін мына сұрақтар мазалайды: қоғамның қартаю үрдісі қоғамға қалай ықпал етеді, ол әлеуметтік дамуға қалайша ықпал етеді? Ең алдымен аталған мәселе қоғамның әлеуметтік дамуына тікелей ықпал ететіні белгілі.
Сонымен, қоғамның қартаюы жеке адамдардың дамуымен қатар жалпы барлық тұрғындардың дамуындағы қосалкы элемент болып қала береді. Қоғамның дамуында, жастық, орта жастық, қарттық және қартайғандық кезеңдерді бөліп көрсетуге болады. Соңғы екеуінің арасындағы шекара шартты түрде деп айтуға болады.
Қарт адамдар деп жасы 60 тан асқан азаматтарды айтамыз. Тұтастай қоғамның қартаюын, қарт адамдардың пайыздық көрсеткішімен есептеледі. Ал 80 жастан асқан азаматтарды кәрі адамдар санатына қосамыз[35].
Қоғамдық - экономикалық қоғамның зерттеулерінде қоғамның жалпы құрылымындағы зейнеткерлік жастағылардын есебінен анықталған. Кейбір жағдайда демографиялық қартаюды анықтаудың басқа әдістерін қолданады. Мысалы, қарт адамдардың санын жастар мен балалар санына қатысты анықтайды.
Біріккен Ұлттар Ұйымының болжамы бойынша, тұрғындардың қартаю үрдісі, 60 жас және одан ересек адамдардың кұрылымын төрт фазамен анықтайды:
1) демографиялық қартаюдың белгілерінің болмауы - 8% - дан төмен;
2) демографиялық жастық пен қарттық арасындағы ерте өтпелі күй фазасы-8- 10%;
3) демографиялық жастық пен қарттық арасындағы кеш өтпелі күй фазасы-8 - 10%;
4) демографиялық қартаюдың күйі - қоғамдағы жалпы адамдардың 12%
және одан артық.
Соңғы статистикалық мәліметтер бойынша дамыған елдерде демографиялық қартаюдың 60 жастағы және одан ересек адамдардың саны 15% - дан асып кеткенде көрінеді.
Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметі бойынша қарттық жас тек 65 - тен басталады, осы жастан асқандардың көрсеткішін жастарға шағып есептейді де, үш фазаны атап көрсетеді. Жас қоғам деп, 65 жас және одан ересектер саны 4 пайыздан төмен болса, орта жаста деп - 4 - 7 пайыз болса, қартайған деп - 7 пайыздан жоғары деп көрсетеді. Демогарфиялық терең қартаюдың табалдырығы деп тұрғындардың жалпы құрылымының 10 пайыздан астамы қарт адамдар болып танылады [34].
Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымда көптеген зерттеушлер қарт адамға сипаттама бергенде биологиялық түсініктерге сүйенеді. Мысалы, әлеуметтік психолог О.В.Краснова қартаю өзін-өзі реттеу, өзін-өзі дамыту тетіктері мүмкіндіктерінің шектелу нәтижесі деді [36].
Сонымен қартаю ағзаның бейімделу мүмкіндіктерінің шектелуі, өлу мүмкіндігінің ұлғаюы, өмір сүру ұзақтығының қысқаруы. Қарттық кезең- бұл жастық даму кезеңінің соңғы кезеңі [37].
Әлеуметтік геронтологтар Р.С.Яцемирская, И.Г.Беленькая қарттық кезеңді адам дамуының соңғы кезеңі деп атады [38].
Қазіргі дамыған әлеуметтік ғылымда қарт адамдарды зерттеуде үш бағытты бөліп көрсетуге болады. Олар:
-қарттықты биологиялық және психологиялық өлшемдермен үрдіс ретінде зерттеу;
- қартайған адамдардың әлеуметтік рольдер мен әлеуметтік -экономикалық мәртебесі мәселелерін институционалдық тұрғыдан қарастыру;
- қарттық туралы әр халықтарға тән әртүрлі тарихи-мәдени сараптамалар жасау.
Осы бағыттар шеңберінде әлеуметтік-геронтологиялык білімнің үлгілері жасалуда, олардың пәні ретінде әлеуметтік тарихи дамудағы қартаю үрдісі, сонымен қатар қарттар тәжірибесіндегі әлеуметтік жағдай мен психологиялык тәжірибені арнайы әлеуметтік жастық топ, ретінде қарастыру қажет.
Қарттықты өмірдің соңғы мәресі ретінде карастыру өзгеріссіз калып отыр. Тек қана қартық жастық табалдырығы ғана өзгеріп отыр. Мәселен, 1962 жылы геронтологтар сипозимумы жастық шекараны төмендегідей бекітеді:
- 60 - 75 қарт адамдар;
- 75 - 90 кәрілер;
- 90 - жастан жоғары ұзак өмір сүрушілер.
Қоғамдағы қартаю мәселелерін геронтология ғылымы зерттейді, ол қарттықты биологиялык, психологиялық әлеуметтік тұрғыдан зерттей отырып, олардың пәнаралық байланысын анықтай отырып зерттеу аумағын анықтайды [39].
Биологиялық тұрғыдан қарстырған кезде, қарттықтың физиологиялық жағы, ал психологиялық тұрғыдан - қартықтың ойлау және психикалық аспектілері қарастырылады, ал әлеуметтік тұрғыда - әлеуметтік контекстегі қарттық зерттеледі.
Бұл өлшемдер, өз кезегінде үш әртүрлі бағытты иемденеді:
- қартайған адамдардың жеке бастық қобалжуы, (бұл жерде қарттық отбасы, қоғам және мәдениетті тұтастай алғанда әлеуметтік шеңберде қарастырылады);
- қартайған адамдардың қоғамдағы дәрежесін анықтау;
- мемлекеттің әлеуметтік саясаты деңгейінде карттық мәселелер мен оларды шешу жолдарын зерттеу.
Мәселен К.Винтор қартайған адамдар жайлы стереотипті пікірлер жинағын атап көрсетеді:
1) барлық карттар бір - біріне ұксас;
2) қартайған адамдар әлеуметтік тұрғыдан ескерусіз қалады;
3) олардың көпшілігінің денсаулығы әлсіз;
4) жұмыстан босатылу әйел адамдарға карағанда, ер адамдарды қатты күйзелтеді;
5) көптеген қарт адамдар өз отбасыларын шектелген;
6) қарт адамдар жыныстық өмірге қызығушылық танытпайды және оған қабілетті емес;
7) қарт адам оқуға қабілетсіз;
8) жас келген сайын ақыл-ойлық сапа төмендей түседі. Қазіргі қоғамдағы қартаю салдарынан проблемалардың төрт тобын атап көрсетуге болады. Олар:
Біріншіден, бұл мына сипаттамаларды қозғайтын демографиялық және
макроэкономикалық проблемалар:
- тууды көрсететін көрсеткіштер;
- өмір сүру ұзақтылығы, әсіресе, ұзақ өмір сүрудің жоғары шегі, сонымен қатар, соған жетемін деген қарттар саны;
- әртүрлі ұрпақтар арасында материалдық ресурстарды тарату;
- қартайған адамдар зейнеткерлердің өмір сапасын жақсарту және қажетті стандарттарды қамтамасыз етуде ұжымдық жауапкершілікке деген жауапкершілік;
- еңбек ету өнімділігінің деңгейі.
Екіншіден, әлеуметтік қатынастар: отбасылық-туыстық қарым - қатынас, әртүрлі ұрпақтардың бірін - бірі қолдау құрылымында; болашақ мамандықты таңдау сипатында; еңбекпен камтамасыз ету кұрылымында сферасында атаулы өзгерістер болады:
үшіншіден, демографиялық кұрылымның өзгеруі еңбек нарығына ықпал етеді:
-саналы және дене еңбегі қатынастарында өзгеріс болады және қоғамның еңбек әрекетіне деген қарым - қатынасы;
- қартайған шақта еңбек етушілерді кайтадан мамандандыру қажеттілігі туындайды;
- қартайған еңбек адамдарының қарым - қатынасы өзгереді және зейнеткерлікке шығу жөніндегі жұмыс берушілердің еңбек әрекетіне деген қарым - қатынасы өзгереді;
- қартайған шақта адамдардың кәсіби бағыттылығы мәселесі туындайды;
- ер адамдар мен әйел адамдар арасындағы тепе-теңдік бұзылады, өйткені қартайған шақта ер адамдарға қарағанда әйел адамдар көбірек болады;
- бастауыш және орта білім беру ұзақтылығы көбейеді, яғни, өндірістегі еңбекпен қамтылмаған жас адам мен белсенді қарт адам арасындағы қатынастар өзгереді;
- жұмыссыздыққа қатысты әлеуметтік мәселелердің сипаты өзгереді және оны шешу үшін жаңа ізденістерге қажеттілік туындайды;
- зейнеткерлікке шығудың жастық шекарасы артады[8].
Төртіншіден, өзгерістер қартайған адамдардың функциональды қабілеттерін және денсаулықтарының күйін өзгертеді, оның салдарынан әлеуметтік қызметтері үшін күрделі ықпал етеді. Мысалы:
- қартайған адамдардың алынған білімдерінің функциональды түрде ұсталады, қарт адамдардың іскерліктерә мен дағдыларының, сонымен қатар негізгі және қосымша ғылымдарды меңгеруге, жаңа кәсіби білімдерді меңгеруге мүмкіндіктері кеңейеді;
-қарт адамдар еңбек нарығында және макро - немесе микродеңгейлерде қоғам өмірі үшін қажетті ресурстар болып келеді;
-қарт адардарға көмек көрсету мен оларға әлеуметтік қызмет көрсетудің қажеттіліктері де өзгереді:
- қарт адамдарға әлеуметтік және медициналық қызмет көрсетудің тиімділігі мен нәтижесі, жиілігі өзгереді [8].
Әрине жоғарыда аталып өткендей, қоғам өмірінің объективті өзгерістерінің толык емес тізімі. Оған қоса, субъективті факторлардың кең шекарасын адамның ішкі дүниетанымының өзгерісін, қай ұрпақтың өкілі болмасын, яғни қарттар қоғамына қатыстылардың барлығының ішкі әлемі жайлы білу де маңызды.
Ғалымдардың басқа топтары, керісінше, қарт адамдардың бар болуы қазіргі қоғамның дамуының факторы деп есептейді. Қартайған қоғамдағы өмір курсын өзгерту қажеттілігі аталап көрсетіледі - және ең алдымен әлеуметтік белсенділіктің түрлері мен көбейту есебінде, яғни еңбектік, саяси, қоғамдық және басқа да әлеуметтік рольдердің түрлілігін өзгерту есебінде деп көрсетеді.
Кейбір аймақтарда жүргізілген қарт адамдардың әлеуметтік ұстанымдары атты зерттеулер нәтижесінде, ересек ұрпақ тұлғаларының мәселелері анықталды. Олардың қатарына:
-өмірлік жетістіктерге деген, енжарлық көзқарастар, сананың фрустациясы;
-қазіргі билік басыларына деген негативті қатынас (бұрын жақсы болып еді);
-мемлекет саясатына деген субъективтік қызығушылықтың жоғарылығы және оған ықпал ету мүмкіндігін төмен бағалау;
-өмірге көңілдің толмаушылығы;
-өмір стандарттарының төмендеуі: кедейшілік, маргинальдылықты шынайы құбылыс ретінде қабылдау.
Бұл топқа жататын тұлғалар, жалпы және топтық нормаларға, дәстүрлерге деген жоғары бағынушылық, борыштық сезімнің жоғары бағасы, өзін өзі кұрбан ету және матеиралдық құндылықтарға деген қарым - қатынастың салғырттығы басым келеді.
Қарт адамдардың мүмкіндіктері мен қабілеттіліктері қоғамға материалдық және рухани пайда әкеледі, сонымен коса оның дамуының белгілі факторына қоғамның қарт адамдарға стереотипті қатынастар мен қарт адамдарды әлеуметтік корғауға дайындығына байланысты.
Осы тұрғыда мынандай маңызды сұрактың туындауы мүмкін: жаңа жағдайлардағы әлеуметтік дамудың негізгі мүмкіндіктері қандай болмақ?
Дүниежүзілік бірлестіктің қарт адамдар орны мен рольдеріне қатысты тұжырымдамалық көзқарастары Біріккен Ұлттар Ұйымының құжаттарында Қартайған адамдар өмірін толыққанды жасау деген атаумен орын тапты. Осы құжаттың жалпы мағынасы берік әлеуметтік дамудың негізіне, онда қарт адамдар, қоғамнын ауыртпалығы ретінде емес, позитивті фактор ретінде қабылданады.
Қарт адамдар өміріне жағдай жасау мықты әлеуметтік дамудың басты мақсаты, сонымен қатар, жоғары деңгейде әлеуметтік даму қызығушылығындағы Дүниежүзілік кездесудің кұжаттарының қортындысы ретінде үкімет пен мемлекет міндеттері қатарына қарт адамдарға ерекше көңіл бөлу мен оларға қамқор болумен сипатталады.
Соның ішінде, қарт адамдарды олардың құқықтары жайлы ақпарат беру, соның ішінде тегін заңгерлік кеңес беру, басқа да әлеуметтік көмектерге физиологиялық қол жеткізуді қамтамасыз ету ерекше аталып көрсетілген.
Соңғы жылдары жыл сайын Халықаралық қарттар күні аталынып өтіледі, бұл қартайған шақтағы адамдар мен олардың жетістіктерін демографиялық мойындау, яғни келесі жүзжылдықта қоғамдық, экономикалық, мәдени және рухани дамуының мүмкіндіктерінің дамуына жол ашу болып табылады [40].
Қарт адамдарды қолдау мақсатындағы тиімді шаралар іздеу мен жүзеге асыру бүгінгі әлеуметтік әрекеттің мағынасын ұлттық деңгейде көтереді. Геронтолог - ғалымдар арасында ұлттық әлеуметтік саясатты қайта қарастыру ұсынысы бар. Ол мәселе әсіресе, қарт адамдардың өмір сүруінің әлеуметтік орнын толтыруға арналған. Оған төмендегі себептерді жатқызуға болады:
-қартаюдың қалыпты, патологиялық және оптимальды үрдістерін айыра білу;
-жеке тұлғалық ерекшеліктерді есепке алу (қарт тұрғындардың гетерогенділігі);
-қарт адамдардың басымды қабілеттерін есепке алу;
-қабілеттердің жастық даму мүмкіндіктері мен қоршаған ортадағы ерекшеліктерін есепке алу:
-дәлелденген теория ментәжірибені есепке алу, сонымен қатар жеке және қоғамдық білім орын толтыратын жастық мүмкіндіктің шектелуін толықтыру;
-жастық негативтік өзгерістерді есепке алу;
-қарт адам психикасын есепке алу.
Енді қарттармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмыс әрекетін қарастырайық. В.Д.Шапиро пікірінше, әлеуметтік-педагогикалық жұмыс, кең мағынасында бұл көмекке мұқтаж қарт адамдарға әлеуметтік белсенділігін сақтап қалуға мүмкіндік беретін жағдай туғызу. Әлеуметтік-педагогикалық жұмыс тұлғаның қоғамның кез келген аймағында субъективтік ролін жүзеге асыруды белсендіру мақсатында жүргізілетін іс-әрекет (Е.В. Ханжин).
Ю.В.Василькова, Т.А.Василькова әлеуметтік-педагогикалық жұмыс адамға, топқа әлеуметтік жағдайын жақсарту бағытында жұргізілетін кәсіби іс-әрекет.
Біз негізінен А.В.Мудрик ұсынған анықтамағы сүйенуді жөн көрдік: әлеуметтік-педагогикалық жұмыс индивидке, топқа, қоғамға алға қойған мақсаттарына жету үшін жағдай туғызу.
Қазіргі уақытта қарттық кезеңді де жастық пен егде кезең секілді ұзақ процесс деп қарастырады. Қарттық кезеңге нақты анықтама ретінде: қарттық - бұл тұлғаның биологиялық және әлеуметтік өмірінің негізгі нұсқасы [41]. Біздің зерттеуіміздің мақсатына орай қарттық, егде, кәрілік кезең деп бөліп қарастырамыз.
Адамзат тарихында қарт адамдарға анықтама беру бірнеше рет өзгерді, ең алдымен қоғамдағы экономикалық жағдайлармен байланысты болды.
3.2. Қарт адамдардың әлеуметтік-психологиялық сипаттамасы
Қарттармен жүргізілетін әлеуметтік-педагогикалық жұмысты ұйымдастырудың тиімді тәсілдерін анықтау үшін қарттық кезеңнің әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін талдау қажет.
Геронтолог ғалымдар қарттықтың бірнеше түрін бөліп көрсетеді: хронологиялық, физиологиялық, психологиялық және әлеуметтік. Хронологиялық қарттықтың негізгі факторы-өмір сүру жылдары; физиологиялық-денсаулық күйі, ағзаның соматикалық ауытқушылықтарының жиынтығы; әлеуметтік қарттық қартаюдың тұтастығымен анықталады. Аталған қарттықтың түрлері бір-бірімен сәйкес келмеуі де мүмкін.
Халықтың демографиялық қартаюы жылдам өсіп келеді. Егде жастағы адамдардың әлеуметтік мәселесін шешу олардың әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктерін, темпераментін, мінез-құлқын, осы жастағы адамдардың жеке қасиеттерін зерттеу қажеттілігін анықтайды.
Бұл категорияға жататын адамдардың көптеген әлеуметтік мәселелері түрлі ғылымдардың зерттеу нысаны болып отыр. Аталмыш мәселені әртүрлі тарихи кезеңде философтар мен педагогтер, әлеуметтанушылар мен саяси қайраткерлер қарастырып отырды.
Егде жастарғылардың ең белсенді қорғаушысы Рим саяси қайраткері және философы Марк Тулий Цицирон (106 - 43 б.э.д.) болды, ол Үлкен катон немесе қартық туралы диалог жазды. Цицирон адам үшін және қоғам үшін қарттыз кезең маңызды ролге ие деп айтты. Цицирон бойынша, ақылды адам үшін өмірдің осы кезеңі ең бағалысы болып саналады, өйткені осы кеезңде адам ақыл-ойын эмоция мен құндылыққа бой алдырмайды. Сондай-ақ, қарт адам өмірлік тәжірибеге бай келеді.
Марк Цициронның қорытындысы бойынша, адам үлкен биіктіктерді ерік күші мен сауатты ойды меңгере отырып, ақыл-ой арқылы игереді. Оның пікірінше, осы жағынан алғанда қарттар жастардан басым түседі.
Тарихшы-философтар қарттық кезең жастық шаққа қарағанда аса құнды кезең деп санады, осы себепке байланысты қарттық әлсіздікті тәкаппарлықпен көтере білу керек деп білді. Сонымен қарттар өздерін қоғам үшін пайдалы деп есептеуді атап өтті, адам өмірі бірқатар мынадай факторларға байланысты бағаланады және анықталады деді: саяси, экономикалық және мәдени даму, материалдық өзара қатынас, жергілікті және ұлттық дәстүрлер.
Адамның қартаюы жағымды (мәселен, білім жинақтау, жоғары біліктілікке ие болу) және жағымсыз (денсаулық пен күш-жігердің әлсіреуі, ойлаудың стереотиптілігі) қасиеттерге ие. Адам өмірінің соңғы кезеңінде орын алған өзгерістер ең алдымен, психологиялық, жеке мінез-құлық, қызмет құрылымына байланысты болады. Қазіргі кезде егде адамдар өз бетінше жеке қауымды құрайды. Оның құрамына қоғамның түрлі әлеуметтік таптарындағы тұлғалар енеді. Алайда, зейнеткерлікке шығып, еңбек қызметінен босатылған соң, олар белгілі бір әлеуметтік құрылымға тиісті болудан қалады. Әрбір қарт кісі өзінің жеке қабілет дағдысы мен қажеттілігіне иедербес тұлға. Қарт адамдар адамдар мәдени білім деңгейі, өмір салты, интеллектілік қабілет, психофизиологиялық конституциясы, өмір және кәсіби дәрежесімен ерекшеленеді. Олар қарым-қатынасқа түсу, мінез-құлықтық, эмоциялық дағдыларды меңгерген.
Жас ерекшелігі, денсаулық, өмір салты тұрғысынан алып қарағанда, қарт адамдарды жастағы адамдарды жеке қоғамдық топқа бөлуге болады.
Ғылымы әлеуметтік әдебиеттерде қарт адамдардың жас ерекшеліктеріне ерекше көңіл бөлініп, қарастырылған. Әлеуметтік жүйеде олардың қызметтері ауысып отырады. Л. А. Гардон, Э. В. Клонов сияқты ғалымдар жас ерекшелігі кезеңдерін өмірлік цикл деп атайды. Әрбір кезең ерекше дәуір ретінде, өмір циклының сатысы ретінде қарастырылады. Өмір жолының сатысы деген анықтамаларды да кездестіруге болады. Қарт адмның жас ерекшелігі оның психологиялық дамуы ғана емес, биологиялық жетілуі, түрлі толықтырулармен қамтылуы ретінде де қарастырылады. Өйткені, белгілі бір жас кезеңдері үшін адам қызметінің түрлері және белсенділіктің дәрежелері тән болады.
Биологиялық жас ерекшелік,- деп жазады И. С. Кон,- организм қасиеттері оның жүйелерімен қатынаста болады. Әлеуметтік жас ерекшелігі қоғамдық қатынастар жүйесінде индивидттік жағдаймен бірлікте болады. Психологиялық жас ерекшелігі оның ақыл-ойымен, қызметімен байланысты болады. Көптеген зерттеулер адамның психологиялық жас ерекшеліктері туралы әңгімелейді. Адамның жас ерекшелігін кезеңдерге бөлу мәселесіне психологиялық тұрғыдан қарайды.
О.И.Даниленко атап өткендей, бұл жағдайда күрделі өмір жағдайларын игеру қабілеті адамның денсаулығына, ерік-жігеріне байланысты болып табылады. Адам ішкі дүниесі мен өмір сүріп отырған орта арасында байланыс табуы керек.
Егде жастағы адамдардың өмір салтына талдау жасау барысында, оның денсаулық жағдайын бағалау мәнін ескере отырып, Т.В.Карсаевская денсаулық ұғымына анықтама береді. Ол денсаулықты еңбекке қабілеттілігі мен қоғмадық белсенділігін сақтап қалу деп атайды.
Егде адамның денсаулығы оның күш-қуаты, оның психологиялық және адамгершілік жағдайымен өлшенеді, осы арқылы егде адам қоғамға пайдалы қызмет атқара алады.
Қазіргі геронтология ғылымы адамның табиғи физиологиялық қартаюын, қартаю жайының ұлғаюы мен белсенді ұзақ өмір сүруін танып отыр.
Қарт адамдардың тиімді өмір салты тұлғаның биологиялық мүмкіндіктерін барынша қолдану тәсілі, мезгілсіз қартаюына тосқауыл қою. Қарт кісілердің күнделікті іс-әрекеті материалдық және рухани қажеттіліктерін қанағаттандыру және құндылық бағдарынан еңбекті демалысты ұйымдастыруы, әлеуметтік ортамен өзара қарым-қатынасуы - мұның бәрі оның жеке өмір салтын анықтайды. И.М.Мечников пікірі бойынша, қарт адам үшін өмір салты - бұл оның ақыл-ой қызметі, эмоциясы мен мінез-құлқы, еңбегі мен демалысы, тамақтануы және табиғат пен қарым-қатынасы.
Қартаюдың негізгі екі биологиялық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz