Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру туралы
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері ... 9
НЕГІЗГІ БӨЛІМ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 «ҚАЙСАР . СҮТ» ЖШС.НІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ АХУАЛЫ МЕН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
2.1 «Қайсар.сүт» ЖШС жалпы сипаттамасы және өндірістік қызметін талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3 «ҚАЙСАР.СҮТ» ЖШС.НІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
3.1 Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің кластер ретіндегі дамуы...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 – ақпанындағы «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын .
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді.
Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде.
Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады.

1. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан. Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жолдауы. Егемен Қазақстан, 2 наурыз, 2007 жыл.
2. «Қазақстан Республикасының 2010 жылға дейінгі Индустриялық – инновациялық даму Стратегиясы»
3. «Бәсекеге қабілетті Қазақстан үшін, бәсекеге қабілетті экономика үшін, бәсекеге қабілетті ұлт үшін» Президенттің Қазақстан Халқына Жолдауы Егемен Қазақстан 2004 жыл 20 наурыз
4. Портер М. Международная конкуренция – М: Международные отношения 1993
5. Кныш М.И. Конкурентные стратегии: Учеб.пособие - СПБ: 2000 – 284с.
6. Азоев Г.Л. Конкуренция: анализ, стратегия и практика - М: Центр экономики и маркетинга 1996
7. Юданов.А.Ю. Конкуренция: теория и практика – М: Издательство: Гном и Д 2001
8. Андрианов В.Д. Конкурентоспособность России в мировой экономике // Маркетинг 1999 - №2
9. Голубков Е.П. Голубкова Е.Н. Секерин В.Д. Маркетинг: выбор лучшего решения / Под общ. ред. Е.П.Голубкова - М: Экономика1993 – 222с.
10. Тихомирова Л.В. Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия / Под ред. М.Ю. Тихомирова - М: 1999 – 526с.
11. Словарь делового человека / Под. науч. ред. О.В. Амуржаева – М: Экономика 1992 – 236с.
12. Байзақов. Н. Райхан Н «Қазақстан экономикасын кластерлер көтереді»
Ақиқат журналы 1/2005.

мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні ... ... ... .5
1.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері ... 9
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14
2 Қайсар - сүт ЖШС-нің экономикалық ахуалы мен өнімінің бәсеке қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ...14
2.1 Қайсар-сүт ЖШС жалпы сипаттамасы және өндірістік қызметін талдау
2.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 21
3 ҚАЙСАР-СҮТ ЖШС-НІҢ БӘСЕКЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
3.1 Қазақстан Республикасы тамақ өнеркәсібінің кластер ретіндегі дамуы...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...37
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 39
Кіріспе
Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 28 - ақпанындағы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан деп аталатын Қазақстан халқына жолдауында еліміздің дамуының жаңа кезеңінде ішкі және сыртқы саясаттың аса маңызды 30 бағыты көрсетілген. Осы отыз бағыттың он төртінші бағытында Қазақстанның халықаралық экономикалық өрістегі бәсекеге толыққанды қатысуы техникалық стандарттар талаптарын орындауды талап етеді. Техникалық стандарттау өнім мен қызмет сапасын қамтамасыз ету құралы ғана емес, біздің тауарларымыз бен қызметіміздің жаһандық экономикадағы бәсекеге қабілетттілігін жүзеге асырудың міндетті шарты ретінде де қарастырылуы керек деп атап көрсетілген болатын .
Қазіргі кезеңдегі нарықтық экономика көп қырлы, әр түрлі: өндірістік, коммерциялық, қаржылық және ақпараттық өзара байланысты құрылымдардан тұратын күрделі организм болып табылады. Нарықтық қатынастардың мәнін көрсететін түйінді түсініктердің бірі - бәсеке қабілеттілік. Қазақстан Республикасы ашық нарықтық экономикаға өту жағдайында ішкі, сондай-ақ сыртқы нарықтарда тұтынушы үшін күрес шын мәнінде бәсекеқабілетті өнім өндіру мен жасауды талап етеді.
Ел экономикасының бәсеке қабілеттілік түсінігі көп деңгейлі және бәсекеқебілеттіліктің үш деңгейінен қалыптасады: жалпы ұлттық, салалық және кәсіпорын деңгейінде.
Елдің бәсеке қабілеттілігі әр деңгейде, ұлт ортасындағы факторлар мен ерекше шарттың өзара іс-қимылдарының нәтижесі болып табылады. Ел бәсеке қабілеттілігінің соңғы деңгейі болып бәсеке қабілеттілігі бар өнім шығаратын кәсіпорын деңгейі болып табылады. Сол себепті кәсіпорында елдің негізгі бәсекелі базалық артықшылықтары кепілзатқа салынады. Бұл жерде бәсеке қабілеттілігі бар өнім түсінігі туралы сұрақ туады.
Тауардың бәсеке қабілеттілігін бағалау берілген өнімнің басқа фирмалардың сәйкес өнімімен салыстыру негізінде жүргізіледі. Өнімнің бәсеке қабілеттілік көрсеткіші пайдалы эффекттің тұтыну бағасына қатынасымен көрсетіледі, ал пайдалы эффекттің орнына тауар сипаттамасының интегралдық көрсеткіштері - оның сапасы алынады.
Курстық жұмыстың мақсаттары мен міндеттері. Курстық жұмыстың мақсаты болып кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырудағы теориялық білімді бекіту, ұлғайту, оны қамтамасыз ету әдістемесін меңгеру, тауардың (сүт өнімдерінің) нақты нарығының жағдайына талдау жасау және маркетингтік зерттеулер жүргізу болып табылады. Сондай-ақ тауарлардың және қызметтердің бәсеке қабілеттілігін арттырудағы маркетингтік жүйенің тиімділігіне бірнеше ұсыныстар жасалған. Осыған байланысты келесідей міндеттер қойылған:
- кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттырудың негіздерін қарастыру;
- кондитерлік өнімдері бәсеке қабілеттілігінің құраушыларын анықтау;
- нарықтағы өндіруші табысының шешуші факторларының бірі ретінде нарық жағдайындағы кәсіпорын қызметінің сапасын жақсарту мәселесін талдау;
- Рахат АҚ-ның өндірістік-қаржылық қызметіне талдау жасау және осы кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну;
- кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін арттыру жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі болып кондитерлік өнімдерін өндіруге маманданған Рахат АҚ табылады.
Зерттеудің теориялық негізіне курстық жұмысты жазу барысындағы түрлі статистикалық әдістер, Қазақстан Республикасының Заңдары, ҚР Елбасының жарлықтары, ҚР үкіметінің қаулылары басқа да нормативтік актілер, сондай-ақ шет елдердің, ТМД елдерінің, қазақстандық ғалымдардың бәсеке қабілеттілік мәселелері бойынша жазған экономикалық әдебиеттері, маусымдық басылымдары табылады.
1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттырудың теориялық аспектілері
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады.
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз ─ кез-келген экономикалық объектілерге тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай, барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті ─ фирманың өз тауарын сату қабілеті.
Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі құрауыштарын атап өтейік:
1. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
2. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
3. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі.
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі жатыр (сурет 1).
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері: баға; cапалық; жаңалық; жарнама; пайдалану сенімділігі; көркемдеу, мәнерлеу; буып-түю, т.б.
Өнімнің сапасы
Тұтынушылардың талғамдары
Төлемқабілетті сұраныс
Өндіріс шығындары
Өнімнің тұтынушылық құны
Аналогтар
Өнімнің бағасы
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі
1 -- сурет Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы әлемде әмбебаб сипатқа ие болды. әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай байланысты. Бәсекеге қабілеттілік - мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Әрбір тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес.
Бәсекелестер мақсаттары мен талаптарының диагностикасы
Бәсекелестердің нарықтық
үлесін талдау және бағалау
Бәсекелестердің тауарлық саясатының формалары мен әдістерін зерттеу
Бәсекелестер бағаларының өзгерісін зерттеу
Бәсекелестер өткізу торабының құралуын және олардың өткізуді ынталандыру құралдарын талдау
Бәсекелестердің қаржылық қуаты мен тұрақтылығын бағалау
Нарықтық бәсекелестік картасын құрастыру
2 -- сурет Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін, артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған нарықтағы бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы күштерін өте жақсы білуі керек (сурет 2).
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар болуы мүмкін. Олардың негізгілері: өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі; өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары; тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушідігі; саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы мынандай факторлармен анықталады:
* бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің теңдігі;
* саланың салыстырмалы баяу өсуі;
* үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
* дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше - конверсия шығындары);
* қуаттардың секірмелі өсімі;
* жоғары деңгейге шығу тосқауылдары.
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі (салалардың қолда бар өнлірістік қорларын тиімді қолданудың көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін, тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша бағалық (баға негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсекеге (тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы, сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар. Бірақ барлығының да бір ортақ кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде анықталады.
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
1.2 Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Өнімнің бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ету оның сандық бағалауын қажет етеді. Әрбір таңдалынатын тауар бойынша бәсеке қабілеттілікті бағалаудың өз әдістері бар. Ол сәйкес тауар нарығы мен ғылыми-техникалық прогрестің негізгі тенденцияларының қалыптасу ерекшеліктерін есепке алады.
Өнеркәсіп тауарларының бәсеке қабілеттілігін сипаттауда мына параметрлерді бөліп көрсетеді: техникалық (нормативті, эргономикалық, эстетикалық, және т.б.); экономикалық (тұтыну бағасын қалыптастыратын) және ұйымдастырушы (жеңілдік жүйесі, төлем және жеткізу шарттары, жеткізудің кешендігі, кепілдік мерзімі мен шарты және т.б.).
Өндірілген және нарықта талап етілген өнімнің салыстыру базасын таңдау келесілерден тұрады:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау мақсатын қою және берілетін өткізу нарықтарын талдау;
- нарық жағдайын, көлемін, сұраныс пен ұсыныс құрылымы мен факторларын, бәсеке қабілеттілігін белгілі бір кезеңге өзгеру болашағын талдау;
- бағаланатын және бәсекеге түсетін өнімнің сатып алушылар қажетттіліктерінің параметрлер мөлшерін қою және номенклатураны таңдау.
Жалпы негізгі бәсекелестерді анықтауды келесі бағыттар бойынша жүргізу керек.
1. Нарық: нарық сыйымдылығы және оның негізгі сегменттері: нарыққа бәсекелестердің кіру жолдары; берілген нарықта бәсекелестердің басымдылықтарын қарастыру; бәсекелестердің нарықтық стратегиясының икемділігі мен бейімделуі; нарықтың белгілі бір сегменттеріндегі бәсекелестердің тұрақтылық жағдайы; бәсекелестердің мүмкін болатын нарықтық жағдайларға әсіресе, нарықтық диверсификацияға, бағалардың өзгеруіне және т.б. әсері.
2. Нарық және көрсетілген қызметтер: жаңалық деңгейі; сапа (көрсеткіштердің барлық жиынтығы бойынша), әмбебаптылығы, пайдаланудағы көпварианттылық, габариттері, қораптау, қызмет көрасету деңгейі; кепілдендірілген мерзім, сауда маркасының престижы және т.б.
3. Баға және тұтынушылармен қаржылық қатынастар: прейскуранттық баға, өткізудің нарықтық бағасы; жеңілдік баға және жеңілдетілген түсімдер деңгейі; төлем формалары мен мерзімдері; несие шарттары; шығарылатын өнімдер мен көрсетілген қызметтер қатынасындағы бәсекелестердің баға құру саясаты.
4. Өткізуді және таратуды ұйымдастыру: өткізу формалары (тікелей жеткізу, сауда өкілдері, көтерме жеткізушілер - дилерлер, дитрибьюторлар, комиссионерлер, агенттер); өткізу каналдары, нарықты қамту дәрежесі; қойма орындарын орналастыру тиімділігі; запастарды бақылау жүйелері, тасымалдау жүйелері және т.б.
5. Өнімдер мен қызметтердің нарықта жылжуы: тұтынушылар және сауда өкілдері үшін жарнаманы пайдалана отырып маркетингтік коммуникациялар түрлерін және формаларын пайдалану; жеке сату формалары: тұтынушылар үшін ынталандырулар, бұйымдар үлгілерінің көрмесі, персоналды оқыту жән дайындау, сауда каналдары бойынша жылжыту ( жәрмеңке мен көрмелерді ұйымдастыру, бәсекелік негіздегі сатылым, сауда делдалдарына сыйақылар, купондар, тауарлардың көрмесі және оларды пайдалану бойынша ұсыныстар, электронды жарнама мен коммерцияны пайдалану) және т.б.
Бәсекелік ортаны, өнім бәсеке қабілетілігін және бәсекелес кәсіпорындардың қызметін зерттеу кәсіпорынның бұл ортадағы жағдайын, оның әлсіз және күшті жақтарын анықтауға мүмкіндік береді.
Жалпы тауарлардың бәсеке қабілеттілігін бағалау үшін мынадай келесі әдістемелерді қолдануға болады.
- Тауарлардың бәсеке қабілеттілігін талдаудың көпбұрышты және экспертты әдістемесі. Көпбұрыш бойынша тауарлардың бәсеке қабілеттілігін талдау тәртібі келесідей:
1) тауардың бәсеке қабілеттілік көрсеткіштернің тізбегі орнатылады;
2) тауардың бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерінің нормативтік мәндері орнатылады;
3) бәсеке қабілеттілікті қамтамасыз етудегі тауардың бәсеке қабілеттілік көрсеткіштерінің маңыздылығынан шыға отырып олардың салмақтылығы орнатылады;
4) тауарлардың бәсеке қабілеттілік көрстекіштері туралы бастапқы ақпарат жинақталып талданады;
5) тауарлардың бәсеке қабілеттілігінің көпбұрышы құрастырылады: нормативтер, 20% -ке көбейтілген, радиалды сәулелеріндегі ішкі бұрыштар - тауарлар бәсеке қабілеттілігінің келтірілген мәндері.
- Тауарлар бәсеке қабілеттілігін бағалаудың эксперттік әдістемесі. Бұл жерде бәсеке қабілеттілікті бағалау үшін факторлардың салмақтылығын ескере отырып саны 5 адамнан төмен болмайтын жоғары білікті мамандардан жинақталған эксперттық топ құрылады (басшылардың бірі немесе менеджер, конструктор, маркетолог, технолог, экономист).
Баллдау жүйесінде бәсеке қабілеттіліктің әрбір факторына эксперт 1-ден 5 баллға дейін бере алады.
- Тауардың бәсеке қабілеттілігінің 1111-5555 жүйесі бойынша талдау әдістемесі. Жалпы тауардың бәсеке қабілеттілігін келесідей төрт басты статикалық факторлар бойынша анықтау керек: тауарлардың сапасы, тауардың бағасы, нақты нарықтағы тауардың қызмет көрсету сапасы; тауарды пайдалануға эксплуатациялық шығындар.
Тауардың бәсеке қабілеттілігінің интегралды көрстекіштерін эксперттық жолмен екі әдіс бойынша анықтауға болады:
1) факторлар салмақтылығын ескермей;
2) факторлар салмақтылығын ескере отырып.
Кез келген жағдайда бұл әдістер бағалауды нақты сандық әдістерін қолдану мүмкін болмаған жағдайда қолданылады. Ғалымдармен факторлардың келесідей салмақтылығы ұсынылған: өнім сапасына - 4, оның бағасына - 3, нақты нарықтағы тауардың қызмет көрсетуіне - 2 және тауарды пайдалану бойынша эксплуатациялық шығындарға - 1балл. Соңғы фактор 1 баллға бағаланып отыр, өйткені эксплуатациялық шығындар көбінесе тауардың сапасын және оның қызмет көрсетуімен анықталады.
- Бір параметрлі машиналар мен құрал-жабдықтардың бәсеке қабілеттілігін бағалау әдістемесі. Талданатын объектінің бәсеке қабілеттілігін (тауардың, қызметтің) сандық түрде бағалау керек, ол оның деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.
Пайдалы эффект -- бұл объектті беру, нақты қажеттілікті қанағаттандыратын объект сапасының жеке көрсеткіштерінің нақты жағдайында пайдаланылатын жүйе ретіндегі интегралды көрсеткіші. Басқаша айтқанда, пайдалы эффект - бұл нақты тұтынушымен нақты жұмысты орындау үшін пайдаланылатын объект қасиеттерінің жиынтығы, ал сапа - бұл тұтынушылардың бірнеше тобы үшін потенциалды эффект. Объект сапасы мен пайдалы эффектісінің интегралды көрсеткіштерінің арасындағы мәнді түрдегі үзіліс объекттің пайдалы мүмкіндіктерін толығымен пайдаланбауға әкеледі, ол дұрыс емес. Сондықтан, сапаның интегралды көрсеткіштерінің 0,8-0,9 тең нақты жағдайлар үшін пайдалы эффектпен объектті жобалау (жасап шығару, қалыптастыру) қажет.
Пайдалы эффектті болжаудың негізгі әдістері: нормативті, эксперименталды, параметрлік, экспертті.
Пайдалы эффект - бұл объект-тауардың бір жағы. Оның басқа жағы болып әдетте объекттіден пайдалы эффект алу үшін қажет объекттің өмірлік циклына жиынтық шығындар жатады.
Көп параметрлі объектілердің (ел, сала, аймақ, ұйым, кең түрде тұтыну тауарлары, күрделі техника, приборлар, құжаттар, мамандар және т.б.) бәсеке қабілеттілігін эксперттік әдістерді қолдана отырып анықтауға болады.
Жалпы келтірілген тауарлардың бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелерінен басқа Нильсен матрицасын қолдануға болады. Бұл әдістің негізін жаңа тауардың коммерциялық табысын бағалау әдістемесі құрайды.
Ал жалпы ұйымның бәсеке қабілеттілігін бағалау үшін алдымен оның жағдайына талдау жасау керек. Жүйелік бағыт тұрғысынан жүргізілсе оның сапасы жоғары болады. Сол кезде талдауды жүйелі деп атауға болады.
Фирманы жүйелік талдаудың мақсаты - фирма қызмет етуінің тиімділігін және тұрақтылығын, шығарылатын өнімдердің бәсекеқабілеттілігін арттырудың стратегиялық және тактикалық факторларын орнату.
Осылайша ұйымның бәсеке қабілеттілігін бағалау әістемелерінен мынадай тұжырымдар жасауға болады:
- бәсеке қабілеттілік деңгейін нақты нарықтардағы нақты тауарлардың бәсеке қабілеттілігі бойынша орташа шама ретінде есептеу;
- әрбір нарықтағы әрбір тауардың бәсеке қабілеттілігіне және тиімділігінен шыға отырып ұйым қызметінің тиімділігін жеке талдап отыру;
- ұйымның қызмет етуінің тұрақтылық көрсеткішін жеке есептеу.
2 Қайсар - сүт ЖШС-нің экономикалық ахуалы мен өнімінің бәсеке қабілеттілігін талдау

Қайсар - сүт ЖШС 2000 жылдың күзінде құрылған және ол Алматы облыстық әділет басқармасында тіркелді, 07.11.2000 жылы №7344 -1907 ЖШС мемлекеттік тіркеу туралы куәлік алынды. Негізгі қызметі - сүтті өңдеу, кәсіпорынның орналасқан мекен - жайы - Қарасай ауданының Іргелі поселкесі.
Өзінің қызмет етуі кезінде Қайсар - сүт ЖШС - і Алматы облысының ірі сүт зауыттарының біріне айналды.
Зауыт сүт өңдеу үшін қазіргі, жоғары технологиялық құрал - жабдықтарда жұмыс істейді және Қазақстан нарығында жақсы сапалы сүт өнімдерін ұсынады, автоматты жуу жүйелері орнатылған және сүтті өңдеу технологиясы толығымен ұсталынады. Сонымен қатар қолайлы баға бойынша тұрғындарды сапалы өніммен қамтамасыз ету үшін қазіргі қораптау машиналары да орнатылған. Зауыттың сүт өнімдері әлемдік стандарттарға сай келеді.
Зауыттың салық және міндетті төлемдер бойынша бюджет алдында қарызы жоқ. Кәсіпорын Қарасай ауданының бюджетіне квартал сайын салық түрінде 850000 теңге, зейнетақы қорына 695947 теңге, және республикалық бюджетке ҚҚС түрінде 888279 теңге аударып отырады. Бүгінгі таңда зауыт сүт өнімдерінің 40 - тан астам түрлерін және балмұздақтың 10 - нан астам түрлерін шығарады. Сүт өнімдерімен Алматы қаласы және Алматы облысының дүкендерін, сонымен қатар демалыс үйлерін, санаторийларды, облыстың сауықтырушы балалар кешенін, балабақшаларды, ауруханаларды, интернаттарды, балалар үйлерін қамтамасыз етеді. Кәсіпорын сүт өнімдерінің ассортиментін кеңейту үшін жұмыстар жасап жатыр.
Барлық шығарылатын өнім сертификацияланған және ҚР СТ мен ТУ нормаларына сай келеді (сертификаттары бар).
Шикізатты, яғни қаймағы алынбаған 100% сүтті күнделікті Нұрай ЖШС, Алатау ЖШС, Қаракемер ӨК, Достық ӨК және т.б. сияқты жергілікті ірі ауылшаруашылық тауар өндірушілерден алып отырады.
Кәсіпорын жұмысшылары сонымен қатар Іргелі ауыл аймағын көгелдандыруға белсене қатысты.
Сұрастырулар көрсеткендей, Қайсар - сүт ЖШС өнімі сүт өнімдерінің жоғары тұтынушылық қасиеттері үшін қаланың тұрғындары арасында жоғары сұранысқа ие, өйткені өнім өндірісі кезінде негізгі шикізат ретінде тек натуралды сүт алынады.
Өткізу бөлімінің негізгі мақсаты болып шығарылатын өнімді өткізу табылады. Осы мақсатпен тұрақты түрде сапа күндері өткізіледі, оның жұмысына өткізу бөлімінің менеджерлері белсенді түрде қатысады.
Кәсіпорын өкілдерімен бірнеше рет оның нарықтағы сұранысын, сапасы мен ассортиментін зерттеу үшін Қайсар - сүт өнімінің сатып алушылары мен өткізушілерімен кездесулер ұйымдастырылды. Қайсар - сүт ЖШС - нің ұйымдастырушылық және өндірістік құрылымдары келесі суреттерде көрсетілген. Өткізу бөлімінің бастығы
Гараж бастығы
Қауіпсіздік қызметінің бастығы
Бас бухгалтер
Кадрлар бөлімінің бастығы
Өндіріс бастығы
Бас инженер
Директор
3 сурет - Қайсар - сүт ЖШС - нің ұйымдастырушылық құрылымы
Басқарма
Инфрақұрылым
қызметі
Әкімшілік - қаржылық бөлім
Өндірістік департамент
Қаржылық бөлім
Кадрлар бөлімі
Парасилді цех
Өндірістік цех
Өткізу бөлімі
Автогараж
Қауіпсіздік қызметі
4 сурет - Қайсар - сүтЖШС - нің өндірістік құрылымы
Қайсар - сүт ЖШС - нің өндірістік құрылымдарында көрсетілгендей, кәсіпорынның басқармасына әкімшілік қаржылық бөлімін, инфрақұрылымы қызметі бөлімі және өндірістік департамент қарайды. Әкімшілік қаржылық бөлімнің өзі қаржылық бөлімге және кадрлық бөлімге бөлінеді. Инфрақұрылымы қызметі бөлімі автогараждан, өткізу бөлімінен және қауіпсіздік қызметінен тұрады. Ал өндірістік департаментке келетін болсақ, ол өндірістік цехтан және парасилді цехтан тұрады.
Жалпы кешенді талдау факторлардың көптілігімен сипатталатын және кәсіпорын қызметінің көптеген өзара байланысты тараптарының себепті - салдарлы байланыстарын көрсететін талдау объектілерін зерттеуді қарастырады.
Кешенді талдау жүйесінің бастапқы берілгендері болып келесі көрсеткіштер табылады:
- өндіріс құралдарын пайдалану;
- еңбек құралдарын пайдалану;
- еңбек шығындарын пайдалану.
Талдау мыналардан тұрады:
- өнімді өндіру мен өткізуді талдау;
- өзіндік құнды талдау;
- табыстылық пен тиімділікті талдау.
Интенсивтілік пен даму көрсеткіштері - бұл ресурстарды пайдаланудың сапалық көрсеткіштері, яғни еңбек өнімділігі, материал сыйымдылығы, қор қайтарымдылығы, айналым құралдарының саны.
Қайсар - сүт ЖШС кәсіпорны қызметінің нәтижелерін келесі технико - экономикалық көрсеткіштерден байқауға болады. (3 кесте).
Кестеде - 1 көрсетілген Қайсар - сүт ЖШС кәсіпорнының технико - экономикалық көрсеткіштерін талдай отырып, біз өнімді өткізуден түскен табыстың 37,6 % - ға өскенін көреміз. Яғни ол 2005 жылғы 150370 мың теңгеден 2006 жылы 206988,8 мың теңгеге өскен, оның өсу темпі 137,6%.
Келесі көрсеткіш өткізілген өнімнің өзіндік құны 2005 жылға 125829,4 мың теңгеден 2006 жылы 176720,6 мың теңгеге, яғни 40,4% - ға өскен, оның өсу темпі 140,4% - ды құрады.
Есепті кезең ішінде жалпы табыстың 24540,6 мың теңгеден 30268,2 мың теңгеге өскенін көруге болады. Ол 23,3% - ға артты, оның өсу темпі 123,3% -ды құрады.
Кесте - 1 2005 - 2006 жылдар аралығындағы Қайсар - сүт ЖШС - нің технико - экономикалық көрсеткіштері
№
Көрсеткіштер
Өлшем бірлігі
2005 ж.
2006ж.
Ауытқулар
+;-
%
1
Өнімді өткізуден түскен табыс
мың теңге
150370
206988,8
56618,8
137,6
2
Өткізілген өнімнің өзіндік құны
мың теңге
125829,4
176720,6
50891,2
140,4
3
Жалпы табыс
мың теңге
24540,6
30268,2
5727,6
123,3
4
Кезең шығындары
мың теңге
28824,7
32104,5
3279,8
111,4
5
Негізгі қызметтен түскен табыс
мың теңге
-4284,1
-1836,3
2447,8
42,9
6
Негізгі емес қызметтен түскен табыс
мың теңге
4366,8
4211,6
-155,2
96,4
7
Салық салғанға дейінгі қызметтен түскен табыс
мың теңге
82,7
2375,3
2292,6
287,2
8
Корпоративті табыс салығы
мың теңге
24,8
5
-19,8
20,2
9
Таза табыс
мың теңге
57,9
2370,3
2312,4
4093,8
10
Өнімнің 1 тг. шаққандағы шығын
теңге
1,2
1,008
- 0,192
84
11
Жұмысшылардың орташа жылдық саны
адам
106
111
5
104,7
12
Еңбеақы қоры
Мың теңге
19185,6
18442,3
-743,3
96,1
13
1 жұмысшының орташа айлық еңбекақысы
теңге
15083
13845,6
-1237,4
91,8
14
Еңбек өнімділігі
мың теңге
1418,6
1864,8
446,2
131,4
15
Өнім рентабельділігі
%
0,04
1,14
1,1
285
16
Өндіріс рентабельділігі
%
22,8
24,2
1,4
106,1
17
Сату рентабельділігі
%
16,3
14,6
-1,7
89,6
18
Негізгі құралардың орташа жылдық құны
Мың теңге
60302,6
76706,3
16403,7
127,2
19
Қор қайтарымдылығы
Теңге
2,5
2,7
0,2
108
20
Қор сиымдылығы
Теңге
0,4
0,4
0
100
21
Қормен қарулану
Мың теңге
568,9
691,0
122,1
121,5
Ендігі көрсеткіш кезең шығындары, есепті кезең ішінде олар 2005 жылғы 28824,7 мың теңгеден 2006 жылы 32104,5 мың теңгеге дейін өсті, яғни ол өткізу шығындарының, әкімшілік шығындардың өсуімен байланысты. Оның өсу темпі 111,4 % - ды құрады.
Негізгі қызметтен түскен табыс есепті жыл ішінде -4284,1 мың теңге шығыннан -1836,3 мың теңге азайған, яғни есепті жылы шығындар 57,1% - ға немесе 2447,8 мың теңгеге кеміген. Негізгі емес қызметтен табыс есепті жылы базалық жылға қарағанда 155,2 мың теңгеге немесе 3,6%-ға төмендеп 4211,6 мың теңгені құраған.
Есепті жыл ішінде таза табыс 2005 жылғы 57,9 мың теңгеден 2370,3 мың теңгеге дейін өскен. Жұмысшылардың орташа жылдық саны есепті жыл ішінде 106 адамнан 111 адамға ғана, яғни 5 адамға өсті.
2006 жылы 1 жұмысшының еңбек өнімділігі базалық жылға қарағанда 446,2 мың теңгеге немесе 31,4%-ға ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz