Адвокаттың азаматтық-құқықтық дауларға қатысуы



I КІРІСПЕ БӨЛІМ

2.1.АЗАМАТТАРДЫҢ СОТҚА ШАҒЫМДАНУ ЖӘНЕ СОТТАҒЫ ӨКІЛЕТТІК ҚҰҚЫҒЫ
2.2.АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ТАПСЫРМА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ
2.3.АЗАМАТТЫҚ ІС БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ . СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН ӨКІЛДІҢ ӨКІЛЕТТІГІ
2.4.АДВОКАТТЫҢ СОТ ҚАУЛЫЛАРЫНА ШАҒЫМ ЖАСАЛУЫНА ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАРАЛУЫНА ҚАТЫСУЫ

III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ

IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚР Конституциясында адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі делінген. Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарының сақталуын заңнамада көрсетілген органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда тұлғаның құқықпен қорғалуы, азаматтың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін орындай отыра, өзінің барлық құқықтарын пайдалануына толық мүмкіндік жасау алдыңғы орынға шығады. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты институтпен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азамат құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бар. Олар: соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары т.б. жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырады. Алайда осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық- құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады.
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу – адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет Заңы
2. С. Тыныбеков Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет» , Алматы, дәнекер, 2003ж.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ - ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СӨЖ
Тақырыбы:
Адвокаттың азаматтық-құқықтық
дауларға қатысуы

Тексерген: Алимкулов Е.Т.
Орындаған: Айғожанова Д.
ЮП-9-312К


Алматы 2011ж.

Жоспар:
I КІРІСПЕ БӨЛІМ
II НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТҚА ШАҒЫМДАНУ ЖӘНЕ СОТТАҒЫ ӨКІЛЕТТІК ҚҰҚЫҒЫ
2. АДВОКАТТЫҢ АЗАМАТТЫҚ ІС ЖҮРГІЗУГЕ ТАПСЫРМА ҚАБЫЛДАУ ШАРТТАРЫ
3. АЗАМАТТЫҚ ІС БОЙЫНША АДВОКАТТЫҢ - СЕНІМ БІЛДІРІЛГЕН ӨКІЛДІҢ ӨКІЛЕТТІГІ
4. АДВОКАТТЫҢ СОТ ҚАУЛЫЛАРЫНА ШАҒЫМ ЖАСАЛУЫНА ЖӘНЕ ҚАЙТА ҚАРАЛУЫНА ҚАТЫСУЫ
III ҚОРЫТЫНДЫ БӨЛІМ
IV ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

КІРІСПЕ

ҚР Конституциясында адам мен азамат құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі делінген. Азаматтардың Конституцияда кепілдік берілген құқықтарының сақталуын заңнамада көрсетілген органдар, соның ішінде құқық қорғау органдары қамтамасыз етеді. Осы тұрғыда тұлғаның құқықпен қорғалуы, азаматтың қоғам мен мемлекет алдындағы міндеттерін орындай отыра, өзінің барлық құқықтарын пайдалануына толық мүмкіндік жасау алдыңғы орынға шығады. Мемлекеттік органдардың азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауы және қорғауы белгілі бір дәрежеде азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсетуді жүзеге асыратын тұлғалар қызметінің негізгі принциптерін анықтайтын адвокатура сияқты институтпен тығыз байланысты.
Қазіргі уақытта Қазақстанда адам мен азамат құқықтарын қорғау жөніндегі міндеттерді атқаратын әр түрлі мемлекеттік және мемлекеттік емес органдар, мекемелер мен қоғамдық ұйымдар бар. Олар: соттар, прокуратура, ішкі істер, әділет органдары т.б. жоғарыда аталған құқық қорғау міндеттерін бір-бірімен тығыз байланыста жүзеге асырады. Алайда осы міндеттерді табысты жүзеге асыру адвокатура сияқты қоғамдық- құқықтық институтсыз мүмкін емес. Қазақстандық заңнамада адвокатура ешбір құқық қорғау органы ретінде көрсетілмесе де, ол іс жүзінде құқық қорғау қызметі міндетін атқарады.
Сөйтіп, азаматтардың білікті заң көмегін алу құқығын қамтамасыз етуге тиісті құқық қорғау жүйесінде адвокатураға маңызды орын беріледі. Жеке адамның құқығын қандай да бір қол сұғушылықтан қорғау, заңдылық үшін күрес және сот төрелігіне көмектесу - адвокаттық қызметке үлкен саяси-әлеуметтік маңыз береді.

Әрбір адам бұзылған недаулы конституциялық құқықтарын, бостандықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінуге құқылы. Әрбір адамның азаматтық процесс барысында білікті заң көмегін алуға құқығы бар. ҚР АІЖК көзделген жағдайларда заң көмегі тегін көрсетіледі.
Азаматтық істерді қарау кезінде жеке және заңды тұлғаларға көмек көрсете, мүдделерін білдіре отыра адвокаттар істі заңға дәл сәйкестікпен дұрыс шешуге жәрдемдеседі. Адвокаттың білікті көмегі тұлғаға өз құқықтары мен мүдделерін қорғаудың өте тиімді жолдарын таңдауға мүмкіндік береді.
Кез келген қол сұғушылықпен тәртіп бұзушылықтың кімнің тарапынан болғандығына қарамастан, азаматтардың құқығын қорғау жөніндегі өз міндетін адвокаттар заңда көзделген барлық құралдар мен әдістермен жүзеге асырады. Бұл - заңгерлік мәселелер бойынша консультация беру; азаматтардың, заңды тұлғалардың тапсырмасы бойынша сотта өкілдік ету; талапкерлердің, жауапкерлердің, өзге де тұлғалардың өкілі ретінде азаматтық істерде сот талқылауларына қатысу т.б. Ақиқатты анықтау үшін соттағы азаматтық істерді шешу кезінде тапсырылған материалдарымен және түсініктерімен шектелмей, процеске қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін қатаң сақтай отыра, істің мән-жайын толық объективті айқындау мақсатында заңда көзделген барлық шараларды қабылдайды. Азаматтық іс жүргізу құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеттілігі материалдық құқық субъектілері болып табылатын барлық азаматтар мен ұйымдар үшін тен дәрежеде танылады, алайда процеске қатысу үшін жеке тұлғаларға азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі болу жеткіліксіз сондай-ақ әрекет қабіліттілік, іс жүргізуді өкілге тапсыру қабілеттілігі керек. Сенімхаттарға, заңдарға, сот шешімдеріне не әкімшілік актіге негізделген істі сотта жүргізуге тиісінше рәсімделген өкілеттігі бар әрекетке қабілетті кез келген адам сотта өкіл бола алады. Азаматтың іске өзінің қатысуы оны өкіл ұстау құқығынан айырмайды. Азаматтық іс жүргізу кодексі азаматтарға сотта өз ісін жүргізудің ең ыңғайлы әдісін таңдауға, атап айтқанда:
oo Істі жеке жүргізуге;
oo Істі өкілмен бірге жүргізуге;
oo Істі процеске қатыспай өкіл арқылы жүргізуге мүмкіндік береді.
Азаматтық істерді талқылау кезінде сотта өкідік ету әрбір тараптың оның ішінде үшінші тұлғаның құқықтар мен заңды мүдделерін қорғау үшін заңда көзделген барлық іс жүргізу құралдары мен әдістерін пайдалануды өз мақстаы етеді. Ал сот өкілдері болса, сот ісіне олардың не үшінші тұлғалардың атынан қатыса отыра, өз мүддесін білдіріп отырған тараптың құқығын қалпына келтіретін не дауға түсіп отырған құқықты бұзудан қорғайтын шешім шығару қажеттігі үшін соттың көзін жеткізуге тырысады. Сотта өкілдік етудің екі түрі бар. Заң бойынша өкілдік ету және шарт негізінде. Заңмен өкілдік ету прцеске әрекетке қабілетсіз азаматтардың не әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтарын, бостандықтарын, заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау мақсатында жүзеге асырылады. Ата-аналар, асырап алушылар, қамқоршы-қорғаншылар заңды өкіл бола алады. Сотта тапсырма бойынша шарт негізінде өкіл бола алатындардың бірі адвокаттар. Шарт бойынша өкілдік етуді азаматтар не ұйымдармен жасалған шарт негізінде адвокаттар не адвокаттық кеңселер жүзеге асырады. Адвокат азаматтық іс жүргізуде тарап болып танылмаса да ол шарттан туындаған барлық міндеттемелерді орындауға, клиентке оның іс жүргізу құқықтар мен міндеттемелерін жүзеге асыруға көмектесу мақсатында оның өкілі ретінде іске қатысады.
Азаматтық сот ісін жүргізуде адвокат әрқашан сенім білдірген адамның атынан және оның мүддесі үшін іс-әрекет еткендіктен оның іс жүргізу әрекеттерінің салдары өзі мүддесін білдіріп отырған адам үшін туындайды. Сөйтіп шарт бойынша адвокат жүзеге асыратын өкілдік етуде өзара қатынастың екі жағын ажыратқан жөн:
1) Өкіл мен оның клиенті арасындағы азаматтық құқықтық қатынас, оның негізін адвокатың өз атынан жеке не заң консультациясының тапсырмасы бойынша жасалған тапсырмалық шарт құрайды.
2) Сотқа қатысты адвокат өкілеттілігінің көлемі анықталған іс жүргізу құқығы нормаларымен реттелетін сот өкілі мен соттың арасындағы азаматтық іс жүргізу қатынастары;
Сотта азаматтық істі қарау кезінде азаматтар мен ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін білдіру - адвоттық қызметтің маңызды жақтарының бірі. Өзіне өтінген тұлғаға азаматтық процесте олардың мүддесіне өкілдік ету жолымен білікті заң көмегін адвокаттар көрсету мүмкіндігі бірқатар шарттарға байланысты. Бұл шарттар азаматтың сотта іс жүргізуді өзіне қабылдауына не одан бас тартуына ықпал етеді. Азаматтық процестің қылмыстық сот ісінен айырмашылығы адвокаттың іс жүргізу құқығы тек құқықтық айқындама болғанда ғана ықтимал. Құқықтық айқындама түсінігі - адвокаттың азаматтық істі жүргізу тапсырмасын мына жағдайда ғана қабылдауы не бас тартуын білдіреді: егер оның клиент талаптарының не наразылықтарының заңдылығына көзі жетсе; заңмен рұқсат етілген шын дәлелдемелер тапсырылса; істің заңи болашағы қолайлы шешілетін болса, алш даулы құқықтық мүдде мен оның қорғау құралдары ақталса және заңды болса.
Азаматтық іс бойынша құқықтық айқындама бірнеше элементтерді қамтиды:
Адвокат тек өзіне заң көмегі үшін жүгінген тұлғаның заңды мүддесін ғана қорғайды даулы мүдденің заңдылыға құқықтық айқындаманың алқашқы элементі. Сондықтан да адвокат клиент талабының заңдылығы мәселесін анықтап алуы тиіс. Бұл үшін даулы құқық қатынасының мәнін, талаптың құқықтық негізін зерттеу қажет.
Іс бойынша құқықтық айқындаманың екінші элементі - клиент қорғанысында қажетті дәлелдемелердін болуы. Даулы мүдденің заңға негізделгендігін дәлелдеу жеткіліксіз.Талаптың не қарсылығының заңдылығының өзі дәлелденуі тиіс. Ең алдымен адвокат өтініш жасаған тұлға сүйінген дәлелдеменің іске қатысының бар жоғын зерттеді. Дәлелдеме егер тексеріс нәтижесінде оның ақиқатқа сәйкестігі анықталса, рас болып саналады.
Даулы мүдденің заңдылығын, дәлелдемелердің жеткіліктілігін анықтай отырып оны қорғау және процесстің қолайлы болашағы үшін адвокат азаматтық істі жүргізуге тапсырма қөабылдау үшін заңи негіздеменің бар екендігі туралы қорытындыға келеді. Сонымен қатар, істің әдепті қыры, адамгершілік жолдың кедергілерін анықтау жан-жақты қарауға жатады. , осы жәйттер болмағанда ғана адвокат сотта өкілдік ету туралы өзіне тапсырма қабылдай алады. Адвокатура туралы заңнамада белгіленген тәртіптерді бұза отырып, заң көмегін көрсету туралы тапсырма қабылдаған адвокат сотта өкіл бола алмайды.
Адвокаттың іс жүргізуге қатысуға мына жағдайларда құқығы жоқ:
1) Ол осы іс бойынша мүдделері өзі өкіл болып отырған адамның мүдделеріне қайшы келетін адамдарға заң көмегін көрсетіп жүрсе;
2) Осы іс бойынша іске судья, прокурор , сарапшы, маман, аудармашы, куә айғақшы ретінде қатысса;
3) Істің қарауға қатысты лауазымды адамдармен туытық қатынастар болса.
Іс бойынша қалған барлық жағдайларда адвокат көмек үшін жүгінген адамға сотта азаматтық істі қарау кезінде оның мүддесіне өкілдік етуден бас тарта алмайды.
Адвокаттың сенім білдірілген өкіл ретіндегі өкілеттілігі заң консультациясыне адвокат кеңсесі берген ордермен, ал өз қызметін жеке дара жүргізген кезде адвокаттың өзіне көмекке жүгінген тұлғағамен жасаған шартпен айғақталады. Ордер мен шартта адвокат лицензиясы номері және берілген күні көрсетілуі тиіс. Ордер мыналардан басқа мүддесін білдіретін адам атынан жасалатын барлық процессуалдық әрекеттерді жасауға құқық береді:
oo Талап арызға қол қою;
oo Істі аралық сотқа беруге;
oo Талап қою талаптары мен талап қоюды танудан толық не ішінара бас тартуға және талап қоюды тануға;
oo Талап қою нысанасын не негіздемесін өзгертуге;
oo Бітімгершілік келісім жасауға;
oo Соттың қаулысына шағым беруге;
oo Соттың қаулысын мәжбүрлеп орындауды талап етуге;
oo Берілген мүлік не ақшаны алуға т.б.
Жоғарыда аталған іс-әрекеттерді жасау туралы өкілдің өкілеттілігі мүддесін білдіруші берген сенімхатта арнайы қарастырылуы тиіс. Егер олар адвокатқа тапсырылмаса, ол толық көлемде іс жүргізу бостандығы мен дербестікті ала алмайды. Адвокаттың клиентпен құқықтық қатынасы негізіне клиент пен адвокат не болмаса заң консультациясы не адвокат кеңсесі арасында жасалған тапсырма шарты жатады. ҚР АК-нің 846-б. сәйкес, тапсырма - бұл азаматтық - құқықтық шарт, оның күшіне орай тараптар бірі басқа тұлға атынан және есебінен белгілі бір заңдық әрекеттерді жасауға міндеттенеді. Адвокат жасаған мәміле бойынша құқықтар мен міндеттемелер тікелей сенім білдірушіде пайда болады. Адвокат сенім білдірілген тұлға ретінде әрекет ете отыра:
oo Өзіне берілген тапсырманы жеке орындауға;
oo Сенім білдірушіге оның талабы бойынша тапсырманың орындалу барысы туралы барлық мәліметті хабарлауға;
oo Жасалынған мәміле бойынша барлық алынғандарды кешіктірмей беруге;
oo Тапсырманы орындағаннан кейін сенім білдірушіге кешіктірмей мерзімі өтпеген сенімхатты қайтаруға, ақтау құжаттарымен бірге егер бұл тапсырма сипаты бойынша қажет болса, есеп тапсыруға міндетті.
Адвокат өзі өкілеттенген әрекеттерді жеке жасауға тиіс. Ол оны жасауды басқа тұлғаға, егер осыған алынған сенімхатпен өкілеттенсе не бұған сенім білдірушінің мүддесін қорғау үшін мән-жайдың күшіне орай мәжбүр болса, сеніп тапсыра алады. Өкілеттігін басқа тұлғаға берген адвокат бұл туралы сенім білдірушіге кешіктірмей хабарлауға және оған осы тұлға туралы қажет мәліметтер мен оның мекен-жайын айтуға тиіс. Осы міндеттеменің орындалмауы оған өзі өкілеттігін берген тұлға әрекеттері үшін өзінің жеке әреекттері ретінде жауапкершілік жүктейді. Осы шарттағы тарап ретінде сенім білдіруші кез келген уақытта бір жақты арзы беру жолымен оның әрекеттерін тоқтатуға құқылы. Шарт күшін жою адвокаттың сот өкілі ретіндегі өкілеттігін тоқтатады. Солай, адвокат сенім білдірілген тұлға өзіне клиент берген негіздер мен шекте әрекет етеді, бұл өкілеттіктерді клиент кез келген уақытта кері шақыра алады. Бұл жағдайда ол іс жүргізудің елеулі мәселелері бойынша өзіне сенім білдірілген тұлғамен алшақтықққа бара алмайды. Алайда, бұл адвокат өз клиентінің кез келген тілегін орындайды дегенді білдірмейді, адвокат заңда көрсетілген мән-жайды , қажеттілікті және адамгершілікті басшылыққа алады. Сенім білдірушінің нұсқауы нақты заңды және шынайы іске асыра алатындай болуға тиіс.
Адвокат азаматтық істе тарпа ретінде емес, тек тұлға өкілі ретніде әрекет етсе де ол қандай да бір іс жүргізу әрекетін жасағанда шешімді жеке қабылдайды және өз клиентімен процестің түпкі мақсатында - сенім білдірушінің ақ екендігін дәлелдеу тұрғасында ғана байланысты. Егер адвокат өзінің әрбір ұйғарымы мен іс жүргізу әрекеттерін клиентпен келісетін болса, онда сенім білдірілген өкіл ретінде өз міндетін іс жүзінде атқаруы мүмкін болмас еді.
Адвокат, егер іс мән-жайы бойынша және клиент мүддесі үшін бұл қажет болмаса және онымен алдын ала келісе алмаса не өз уақытында жауап ала алмаса, сенім білдірушінің нұсқауынан ауытқуға құқылы. Хабарлама белгілі болысымен адвокат сенім білдірушіге болған өзгерістер туралы құлақтандыруға міндетті. Өзі алған өкілеттіліктер шегінде адвокаттың іс жүргізу бостандығы азаматтық сот ісіне клиенттің құқықтары мен мүддесін қорғау бойынша өзіне қабылданған міндеттерді орында у үшін қажетті шарт болып табылады.
Адвокаттың іс жүргізудегі дербестігі мен өз клиентінен тәуелсіздігінің маңызды элементі қабылдаған тапсырмадан бас тарту құқығы болып табылады. Адвокат сотта өкілдік ету туралы шартта тарап болып табылмайды. Сотта сенім білдірушінің барлық міндеттемесін орындайды және клиент тапсырмасын , егер сот талқысы барысында оған көмектесу қажеттігі болмаса, тоқтатуға құқылы. Адвокаттың азаматтық процестегі жағдайы қылмыстық істегі адвокат - қорғаушының жағдайынан өзгеше. Қылмастық істе адвокат сезіктіні, айыпталушына, сотталушыны қорғау туралы өзіне қабылдаған міндеттемеден бас тартуға құқығы жоқ. Қабылдаған тапсырмадан бас тарту - ең алдымен қатысушы тараптардың іс жүргізу жағдайы айтарлықтай өзгерісін білдіретін жауапты іс жүргізу әрекеті. Мәселе тек басқа тараптың да адвокат шақырғандығында және өкілдік етуді тоқтатудың клиентті заң көмегінсіз қалдыратындығында ғана емес, сенім білдірушінің мүддесін қорғау үшін қауіп пайда болады. Оның мәні адвокаттың істәі одан әрі жүргізуден бас тартуы клиенттің құқықтық айқындамасының сенімсіздігі туралы көзқарасты тудыруы мүмкін. Сенім білдіруші үшін осы ықтимал жағымсыз салдарды ескеріп, адвокат өз клиентінің құқықтары мен материалдық - құқықтық мүдделерінің сақталуы үшін барлық мүмікн құралдарды пайдалана отырып, бұл шараға өте сирек жүгінеді.
Егер іс қарау барысында заңсыздық, сенім білдіруші талаптарының не наразылықтарының қисынсыздығы, дәлелдер жалғандығы, жеткіліксіздігі анықталса және мораль мен адамгершілік принциптері бұзылса, іс бойынша әлсіздіктер айқындалса адвокат істен бас тарта алады.
Сенімхатты доғарудың заңда көзделген негіздері:
oo Сенімхат мерзімінің өтуі;
oo Сенімхатта көзделген әрекеттер жүзеге асуы;
oo Өз атынан сенімхат берген заңды тұлға тоқтатылуы;
oo Атына сенімхат берілген заңды тұлғаның таратылуы;
oo Сенімхат берген адамның қайтыс болуы, оның әрекет қабілеттілігі жоқ, шектеулі не хабар - ошарсыз кетті деп танылуы;
Іс бойынша шығарылған шешімге тараптар және іске қатысушы өзге де тұлғалар оның ішінде адвокат шағым жасай алады. Егер бірінші сатыдағы сот ұйғарымына шағым жасалынбаса не наразылық білдірілмесе, түпкілікті нысанда шешім шығарылған сәттен бастап 15 күн өткен соң күшіне енеді.
Адвокат сот отырысының хаттамасымен танысуы және оған қол қойылған сәттен бастап 5 күннің ішінде хаттамада болған кемшіліктер мен жетіспеушілікті көрсетіп жазбаша ескертпе жасауға құқылы. Хаттамаға ескертпені оған қол қойып, төрағалық етуші қарайды. Оның дұрыстығын куәландырады. Төрағалық етуші берілген ескертпелермен келіспеген жағдайда ол хаттамаға ескертпе берген адвокатқа айтылып сот отырысында қарастырылады. Ескертпені қарау нәтижесінде төрағалық етуші оның дұрыстығы не олардан толық не ішінара бас тарту туралы анықтама щығарады. Ескертпе кез келген жағдайда іске тіркеледі. Хаттамаға ескертпе ол берілген күннен бастап 5 күннің ішінде қаралуы тиіс. Іс бойынша төрағалық етуші белгілі бір объективті себептермен хаттамаға ескертпені қарай алмаса бұл ескетпелер материалдарға қоса тізкеледі. Егер шағымданушы үшін жеткілікті негіздеме болса, онда адвокат аппеляциялық шағымды құрастыра алады, онда шешімнің және осындай талаптар мәнінің дұрыс еместігінің неде екендігін нақты және түсінікті көрсетілуі тиіс.
Іс үшін маңызы бар мән жайлар шеңберінің дұрыс анықталмауы; бірінші сатыдағы сот анықтамасымен белгіленген іс үшін маңызы бар мән-жайдың дәленденбеуі бірінші сатыдағы сот шешімінде баяндалған қорытындылардың мән-жайға сәйкес келмеуі; Материалдық нормалардың не іс жүргізу құқығы нормаларының дұрыс қолданылмайы шағымдануға негіз болып табылады.
Сот ұйғарымына егер іс бойынша іс жүргізуді тоқтату үшін негіздеме болған жағдайларда шағым түсіу мүмкін:
1. Іс азаматтық іс жүргізу тәртібімен қараға жатпаса;
2. Сол тараптардың арасындағы сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша шығарылған заңды күшіне енген сот шешімі не бітімгершілік келісімге байланысты іс жүргізуді қысқарту туралы сот ұйғарымы болса.
3. Талап қоюшы өз талабынан бас тартса;
4. Тараптар бітімгершілік келісімін жасаса және оны сот бекітсе;
5. Іс бойынша тараптардың бірі болып табылатын азамат қайтыс болғаннан кейін даулы құқықтық қатынас құқық мирасқорлығына жол бермесе;
6. Іс бойынша тарап ретінде әрекет жасайтын қызметі тоқтатылуына және құқық мирасқорының болмауына байланысты таратылса іс бойынша іс жүргізуді қысқартады.
Адвокаттың негізді және дәлелді арызы өз сипаты және күші бойынша заң күшіне енген сот шешіміне қарсы келсе, істі қайта қарауға септігін тигізеді. Азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға және заңдылықты нығайтуға бағытталған адвокаттық қызметтің негізгі мәні осында.
Егер сот жіберген қате апелляциялық және кассациялық сатыларда түзелмесе не екінші сатыдағы сот дауды қате шешсе, заң күшіне енген шешімге адвокат жоғары тұрған сотқа шағымдана алады.
Шағымдануға негіздеме болған жағдайда адвокат, ең алдымен, істі қарау үшін негіздемені, яғни іс бойынша құқықтық айқындаманың бар-жоғын анықтауға тиіс. Өз сенім білдірушісінің құқықтық айқындамасы үшін мақтау мен негіздеме бірінші сатыдағы сот берген және апелляциялық және кассациялық сатыларда сот дұрыс деп мойындаған заңды және дәлелдемелік материалдық бағалауына және оның құқықтық мәніне жан-жақты толық және объективтік талдау болуға тиіс. Құқықтық айқындаманың бар екендігі немесе жоқтығы туралы мәселені талқылау, сөйтіп, істері бойынша шығарылған сот ұйғарымдарының дұрыс еместігін анықтауға келіп тіреледі. Осы мақсаттарда адвокат сот шешімімен апелляциялық және кассациялық сатылардың анықтамасын талдаумен шектелмейді, істің барлық материалдарын ой-елегінен өткізеді, талап қою арыздары мен талапкердің наразылықтардың, тараптардың қолдау хатын және осылар бойынша сот Қаулысын, осы шешімдердің себептерін, тараптардың түсініктемесін және сот зерттеуінің апелляциялық және кассациялық шағымының мәні болып табылатын ұсынылған дәлелдерді және оларға берілген түсініктемені зерттейді, сондай-ақ мазмұндары сот талқысы үшін жан-жақты толық және объективтік қорытынды мен соттың құқықтық пайымдауының қисындығы туралы түйін жасауға мүмкіндік беретін іс үшін маңызы бар қосымша материалдарды алу ықтималдығын анықтайды. Егер барлық материалдарды мұқият және объективті зерттеу нәтижесінде адвокат сот анықтаған мән-жайдың толық және дұрыс екендігіне, заңнамалық қорытындылардың заңның мазмұны мен мәніне сәйкестілігі жөнінде ұйғарымға келсе, ол өз сенім білдірушісіне заң күшіне енген сот шешімінің қайта қарау мақсатында іс жүргізу үшін алған тапсырмасынан бас тартуға құқылы.

Қорытынды
Қазақстан Республикасының Конституциясы білікті заң көмегін алу құқығын жариялайды және кепілдік берді. Уақыт өткен сайын азаматтар мен ұйымдар тарабына заң көмегіне деген қажеттілік ұдайы өсіп келеді. Біз күнделікті жұмысында адвокаттармен адвокатураныт бұдан әрі жетілдіру бағытында жұмыс істейтін заңгер - ғалымдар тап болатын мәселелер турла кеңірек түсіндіруге тырыстық. Адвокаттың іс жүргізудегі дербестігі мен өз клиентінен тәуелсіздігінің маңызды элементі қабылдаған тапсырмадан бас тарту құқығы болып табылады. Адвокат сотта өкілдік ету туралы шартта тарап болып табылмайды. Сотта сенім білдірушінің барлық міндеттемесін орындайды және клиент тапсырмасын , егер сот талқысы барысында оған көмектесу қажеттігі болмаса, тоқтатуға құқылы. Көптеген мәселелерде нақтылықтың жоқ екендігін, адвокатура туралы қолданыстағы заңнаманы адвокаттық қызметтің саналуан және көп қырлы тұстарын толық тәртіптей алмайтындығын атап өткен жөн. Адвокат мамандығы белгілі бір табандылықты қажет ететін қызықты да қиын жұмыс, өйткені ол жекелеген азаматтармен және ұйымдармен қатар жалпы қоғамның мүддесін қозғайды.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет Заңы
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі
3. С. Тыныбеков - Қазақстан Республикасындағы адвокатура және адвокаттық қызмет ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адвокаттардың азаматтық - құқықтық дауларға қатысуы
Азаматтық іс жүргізу құқығының қатысушыларының құқықтық жағдайы
Құқық қорғау органдарының қызметі
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
Адвокатура мен адвокаттық қызметтің түсінігі мен маңызы
Адвокаттың сот процесіне қатысуы
ҚР адвокатура қызметінің құқықтық негізі
Адвокаттың азаматтық процеске өкіл ретінде қатысу мәселелері
Адвокаттың азаматтық істерді жүргізудегі соттың 1- ші сатысына қатысуы
Тұтынушылар мен сатып алушылардың құқықтары
Пәндер