Зиянды тастамалар және олардың әсерлерін табуға бағытталған өнеркәсіптегі технологиялық процестерге анализ жасау


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлтық университеті

Биология және биотехнология факультеті

Молекулярлық биология және генетика кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Зиянды тастамалар және олардың әсерлерін табуға бағытталған өнеркәсіптегі технологиялық процестерге анализ жасау.

Оқытушы: б. ғ. д., профессор, ҚР ЖМ ҰА академигі

Биғалиев Айтқожа Биғалиұлы

Студент: Ахметова Гүлнәз, экология 106

Алматы 2013

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3 НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Зиянды тастандылар туралы жалпы сипаттама . . . 4

2. Өндірістік бақылау жүргізу кезеңінде мәселелер . . . 9

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 11

Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 12

Кіріспе

Азамттың табиғатқа әсері мыңдаған жылдар бойында қалыптасқан табиғи жүйелерді өзгерту, сондай-ақ, топырақты, су көздерін, ауаны ластау арқылы жүзеге асуда. Бұл табиғат ахуалының күрт төмендеуіне әкеліп соқты, көп жағдайларда орны толмас зардаптар қалдыруда. Қазіргі кезде экологиялық дағдарыс шын мәніндегі қауіпті төңдіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез-келген аумақтардан көруге болады.

Табиғи ортаны қорғауда экономикалық ынталандырудың қазіргі ықпалдылығы элементтерін табудан бастау қажет.

Қоршаған ортаны қорғаудағы ынталандырудың жүйесінде баға құрылымы айрықша орын алады. Себебі, табиғатты қорғау қызметіне кеткен шығындар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнімдердің өзіндік құны артады, кәсіпорындардың таза пайдасы да азаяды. Сондықтан табиғатты қорғау жұмыстарына кететін шығындарды барынша азайтқан жөн. Ол үшін қоршаған ортаны ластандыруды барынша азайту немесе тіпті болдырмау, олардан алынатын төлемді қысқарту және т. б.

Қазіргі кезде жер жүзінде табиғи ресурстарды пайдаланудан болатын көптеген зиянды тастандылар және олардың әсерлері зерттелуде. Бұл жұмыста өнеркәсіптен шығатын кейбір зиянды тастандылар және олардың қоршаған ортаға әсері жайында айтылған.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1. Зиянды тастандылар туралы жалпы сипаттама

Қоршаған ортаны қорғаудағы ынталандырудың жүйесінде баға құрылымы айрықша орын алады. Себебі, табиғатты қорғау қызметіне кеткен шығындар неғұрлым көп болса, соғұрлым өнімдердің өзіндік құны артады, кәсіпорындардың таза пайдасы да азаяды. Сондықтан табиғатты қорғау жұмыстарына кететін шығындарды барынша азайтқан жөн. Ол үшін қоршаған ортаны ластандыруды барынша азйту немесе тіпті болдырмау, олардан алынатын төлемді қысқарту және т. б.

Нарықтық экономика жағдайында неше табиғатты қорғау қызметіндегі ең маңызды құралдардың бірі болып табылады. Қазіргі кезде көптеген кәсіпорындардың тоқтап қалуы, қаржының жетіспеуі табиғат қорғау жұмыстарын жүргізуге көп кедергі жасауда. Осыған орай, мемлекет тарапынан несие алып, оны орынды жұмсау және мерзімді қайтару басты міндет.

Табиғатты қорғау жүйесін тиімді жүргізу экономикалық механизмге тікелей байланысты. Қазіргі жағдайда табиғат қорғау қызметіндегі экономикалық құралдың жүйесі мыналарды қамтиды:

  • Салық;
  • Демеуқаржы және жеңілдік несиені;
  • Табиғатты қорғау міндетіндегі тездетілетін амортизациялық қорларды;
  • Ластаушы құқықты сату;
  • Айыптарды;
  • Ластау және қалдықтарды орналастыру үшін төлемдерді;

Табиғатты қорғау қызметіндегі экономикалық ынталандырудың маңызы - табиғатты қорғауды іс жүзінде асыруда кәсіпорындардың тікелей ынталылығын арттыру. Экономикалық ынталандырудың нақтылы шаралары объект деңгейіндегі ықпалы, жеке қызметкерлер деңгейіндегі негізгі ынталандыру:

  • Еңбекақы;
  • Сыйлықтар;
  • Материалдық жауапкершілік шаралары;
  • Кәсіпорындар деңгейінде - баға, табыс, материалдық ынталандыру қоры;

Табиғи ортаны қорғауда экономикалық ынталандырудың қазіргі ықпалдылығы элементтерін табудан бастау қажет.

Тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтар - түзілген жерлерінде пайдаланылмайтын, ауыл шаруашылығының басқа салаларында өнім ретінде немесе қайта өңдеу арқылы пайдалануға болатын өнеркәсіп, тұрмыс, транспорт және т. б. қоқыстар.

Тұрмыстық (коммуналдық) қалдықтар адам өміріндегі заттарды (монша, кір жуу, асхана, емхана және т. б. қоса) пайдаланғаннан кейін қалатын, тұрмыста пайдаға аспайтын қатты (сондай-ақ ақпа сулардың қатты бөлігі - тұнбалары) қалдықтар. Тұрмыстық қалдықтар әлемнің көптеген елдерінің проблемасы. Мысалы, АҚШ-та жыл сайын 150 млн тоннадан аса, Жапонияда - 72 млн тоннадан аса қалдықтар бөлінеді. Осыған байланысты қазіргі кезде көптеген елдерде қоқыстарды өңдеу қондырғылары (тәулігіне 900 тоннаға дейін) орнатыла бастады.

Өнеркәсіптік тұтыну қалдықтары - тікелей өз мақсаты бойынша ары қарай пайдалануға жарамсыз машиналар, аспаптар және т. б. Олар ауыл шаруашылық, құрылыс, өнеркәсіптік, радиоактивтік болуы мүмкін.

Соңғы жылдары тірі организмдердің улануына алып келетін қауіпті (улы) қалдықтардың мөлшері көбеюде. Бұл - ауыл шаруашылығында пайдаланылмай қалған улы химикаттар, құрамында канцерогенді және мутагенді заттары бар өндіріс орындарының қалдықтары. Бұрынғы КСРО территориясында химиялық «тұзақтар», яғни, кезінде көміліп ұмытылып кеткен, бертін келе тұрғын үйлер және басқа да обьектілер салынған көптеген қауіпті қалдықтардың орындары бар. Уақыт өте келе сол жердегі тұрғылықты халық әртүрлі ауруларға ұшырай бастайды. Мұндай қалдықтар көмілген жердің санақ бойынша АҚШ-та 32 мың жерде, Германияда - 50 000, Нидерландыда - 4000, кішкентай Данияның өзінде - 3200 көзі бар.

Өнеркәсіптік және басқа да улы қалдықтар осы күнге дейін әртүрлі жинақтау орындарында тиісті экологиялық нормалар мен талаптар бұзылып сақталуда. Нәтижесінде топырақ, жер үсті және асты сулары көптеген аймақтарда ластануға ұшыраған. Қалдықтардың көбеюінен жаңа техногендік ландшафтар пайда болуда.

Қатты тұрмыстық қалдықтардың негізгі бөлігі әртүрлі компоненттерге бөлінбей шығарылып, ашық жерлерге тасталуда. Бұл қалдықтар жинақталуының, сақталуының 97% Қазақстан Республикасының табиғатты қорғау және санитарлық заңдарының талаптарына сай келмейді. Қатты тұрмыстық қалдықтардың тек 5%-ы ғана пайдаға асады немесе өртеледі.

Кейбір статистикалық мәліметтер бойынша елімізде 22 млрд тоннадан аса қалдықтар жатыр. Жыл сайын қоршаған ортаға 400 млн тонна өнеркәсіп және 20 млн тонна тұрмыстық қалдықтар бөлінуде. Алматы қаласынан жыл сайын 470 мың тоннадан аса қатты тұрмыстық қалдықтар бөлінуде.

Пластикалық бөтелкенің шіріп ыдырау уақыты 100 жылдан асады. Жанған кезде бұл пластиктерден - полиэтилентерефталат (ПЭТ), диоксин бөлінеді. Топыраққа түскен бұл заттар ыдырамай топырақта, тірі организмдерде жиналып созылмалы улануға алып келеді. Көптеген осындай пластикалық бөтелкелердің тау болып үйіліп жатқанын және ағып жатқан өзендерден, каналдардан, көлдерден байқауға болады. Әсіресе «көзге көрінбейтін ластанудың» қаупі жоғары. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, судағы пластиктердің миллиардтаған майда бөлшектері зиянды заттарды бойына жинақтайды (мысалы, дихлордифенилтрихлор-этан немесе ДДТ) .

Эколог-мамандардың айтуы бойынша Қазақстан жерінде өнеркәсіп орындарынан бөлінген 20 миллиард тоннадан аса қатты қалдықтар бар. Оның 6, 7 миллиарды - улы, 5 миллиарды - тау-кен өндірісінің үйінділері. Олардың қатары Ақтөбедегі хром, Павлодарда титан, ферум, т. б. қалдықтарымен сонау кеңес кезінен бері жыл сайын толығып, толысып келе жатыр. Қошқар-Атадағы уран қалдығы 300 миллион тоннаға, Ақмола облысындағы радиоактивті қалдық 45 миллион тоннаға жетсе, «Теңізшевройл­дың» жанындағы күкірт үйіндісі де биіктеп барады. Ал Екібастұз көмір кенінің ішінен пайдасыз деп шығарылған тау-төбе үйіндінің биіктігі 630 метрді, аумағы 60 шақырымды алып жатыр. Осыдан бірнеше жылдар бұрын, әлемдегі қалдықтардың бәрін әкеліп Қазақстанға көмеміз деген ұсыныс та болғаны және оған қоғамның қаншалықты қарсы тұрғаны да белгілі.

Тек түсті металлургия заводтарының өзі 5, 2 миллиард тоннадан аса қалдықтар бөлген. Осы түсті металлургиядан жинақталған қалдықтар 15 мың гектар жерді алып отыр.

Жыл сайын осы «қоқсық төбелер» 1 миллиард тоннаға көбеюде. Зиянды қалдықтардың көп бөлігі (89%) жер бетіндегі арнайы қоймаларда жинақталған. Негізгі улы қалдықтар Жезқазған - 29, 4%, Шығыс Қазақстан - 25, 7%, Қостанай - 17%, Павлодар - 14, 6% облыстарында шоғырланған.

Бұл көп мөлшерде жинақталған зиянды заттар адамдар және қоршаған орта үшін қауіпті. Олардың ауаны, жерді, өзендер мен көлдерді, тіпті жер асты суларын да улайтыны белгілі.

Қалдықтарды өңдеу Қазақстан бойынша Алматы қаласында ғана жүзеге асырылуда. Республикада өнеркәсіп, тұрмыстық және басқа да қалдықтарды есепке алу, оларды залалсыздандыру мен көму шаралары өте нашар дамыған. Оның үстіне мұндай қалдықтар ешқандай қоршаусыз ашық аспан астында жатыр.

2004 жылғы мәліметтер бойынша Қазақстанда қоршаған ортаға шығарылған улы қалдықтар көлемі 3, 58 миллион тоннаға жетті. Статистика мәліметтері бойынша, бүгінгі күнде елімізде жиналып қалған қалдықтардың 10% ғана қайта өңделеді, 90% сол күйінде жатыр. Жалпы көптеген елдерде қалдықтармен жұмыс істеуді ретке келтіріп отыратын заң қабылданған. Америкада да, Европа елдері мен Ресейде де мұндай заң бар. Өкінішке орай Қазақстанда ондай заң әзірге қабылданған жоқ.

Осыған байланысты өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар мәселелерін шешу үшін осы қалдықтарды басқаруды жетілдірудің сала бойынша және аймақтық бағдарламаларын жасау қажет.

Мұнай өндіру, өңдеу, мұнай химия өнеркәсібі атмосфералық ауаға көмірсутектер, күкіртті сутектер және басқа да иісі жағымсыз заттар бөледі. Синтетикалық каучук заводтарынан ауаға - стирол, дивинил, толуол, ацетон, изопрен және т. б. бөлінеді. Мәліметтер бойынша 90-шы жылдардың соңында Қазақстанның Каспий өңіріндегі тек мұнай өндіретін орындарынан жылына атмосфераға 184 000 тонна әртүрлі зиянды заттар бөлінеді. Ал қазіргі кезде мұнай өндіретін кен орындарының саны да, өндіретін мұнайдың мөлшері де ол кездегіден көбейе түсті. АҚШ-та қоршаған ортаны ластағаны үшін заңды тұлғалар мыңдаған доллар айып пұл төлейтін болса, біздің еліміздегі төленетін айыппұл мөлшері одан жүздеген есе аз. Сондықтан да инвесторлар сүзгілерді орнату, ауыстыру және қоршаған ортаға бөлінетін ластануды азайтудың орнына, оған қарағанда айыппұл төлеуді жөн санайды.

Құрылыс материалдары өнеркәсібінде цемент және құрылыс материалдарын өндіру кезінде де қоршаған ортаға зиянды шаңдар бөлінеді. Мұндай шаңдар негізгі технологиялық процестер - жартылай дайын өнімдерді, шикізаттарды майдалау, температуралық өңдеу кезінде бөлінеді.

Химия өнеркәсібі (пластмасса, майлайтын материалдар, тұрмыстық химия заттары және т. б. ) . Бұл өнеркәсіп саласынан бөлінетін зиянды заттар адам организмі үшін қауіптілердің бірі. Химиялық өнеркәсіптерден қоршаған ортаға IV валентті көміртегі оксиді, IV валентті азот оксиді, күкіртті ангидрид, аммиак, күкіртті сутек, хлорлы, фторлы қосылыстар және т. б. бөлінеді.

Ірі күкірт қышқылды цехтар Жезқазған мен Балқаш мыс балқыту комбинаттарында, Өскеменнің қорғасын-мырыш комбинатында, Ақтөбе және Жамбыл суперфосфат заводтарында салынған.

Энергетика өнеркәсіптің барлық салаларының - транспорт­тың, коммуналды және ауыл шаруашылығының еңбек өнімділігін арттыратын, халықтың әл-ауқатын көтеріп, дамуына ықпал ететін негізгі қозғаушы күш. Отын-энергетикалық кешен - жанар­майларды барлау және өндіру, тасымалдау, тарату және пайдаланудан тұратын салааралық жүйе. Бұлардың құрамына отын өнеркәсібі (мұнай, газ, көмір) және халық шаруашылығындағы басқа салалармен тығыз байланысты электроэнергетика кіреді.

Қазақстанның экономикасы мен өнеркәсібінің дамуына республикадағы мол табиғи байлықтар себеп болып отыр. Мысалы, Қарағанды көмір бассейнінде көмірдің қоры 51 млрд тоннаны құрайды. Қостанай облысындағы қоры бай темір рудалары және Теміртау металлургия комбинатының салынуымен Қарағанды көмір бассейнінің маңызы арта түсті.

Сонымен қатар энергетиканың қоршаған ортаны отынның органикалық түрлерінің өнімдерімен, ондағы зиянды қоспалардың болуымен, жылу қалдықтарымен ластауда да үлесі көп. Бүкіл пайдаланатын энергоресурстардың 4/1 электр энергиясының үлесіне тиеді. Қалған білігі (3/1) өндірістік, тұрмыстық жылуға, транспорт, металлургия, химиялық процестер үлесіне тиеді. Жыл сайын дүние жүзінде 25 млрд тоннадан аса энергия пайдаланылады. Энергетиканың қоршаған ортаға әсері отынның түріне байланысты.

Қатты отынды жаққанда атмосфералық ауаға толық жанбаған отынның күлді бөлшектерімен бірге күкіртті ангидрид, азот оксиді, фторлы қосылыстардың кейбір қоспалары бөлінеді. Кейбір жағдайларда отын күлінің құрамында мұнан да улы заттар қоспалары кездеседі. Мысалы, Донецк антрациттерінің құрамында біраз мөлшерінде мышьяк кездессе, Екібастұз көмірі күлінде - бос кремний диоксиді бар.

Көмір - планетада ең көп тараған қазбалы отын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша көмірдің қоры 400-500 жылға жетеді. Көмірдің мұнайдан тағы бір артықшылығы, ол дүние жүзі бойынша біркелкі таралған және мұнайға қарағанда арзан. Бұрынғы КСРО кезінде ірі жылу-энергетикалық кешендер елдің шығысында орналасты, мысалы Екібастұз, Канск-Ачинск кен орындары. Ашық әдіспен өндірілетін бүкіл көмірдің төрттен бір бөлігі Екібастұз кен орнының еншісіне келетін. Мұндағы көмірдің қоры шамамен 9 млрд тонна деп саналады. Алайда бұл кен орнынан алынатын көмірден күл көп шығады (50% дейін) .

Торф (шымтезек) . Энергетикалық тұрғыдан торфты (шымтезекті) кеңінен пайдаланудың қоршаған ортаға тигізетін жағымсыз жақтары көп. Біріншіден, су экожүйелерінің режимі бұзылады, сол жердің топырақ жабыны мен ландшафтының өзгеруіне алып келеді. Жергілікті жердегі тұщы су көздерінің және ауа бассейнінің сапасын төмендетіп, ол жерде тіршілік ететін жануарлардың өміріне де қауіп төндіреді. Сондай-ақ оны сақтау және тасымалдау кезінде де экологиялық мәселелер туындайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құрылыс материалдар өндірісінен шаң,газ тастамаларды тазалау технологиясын және қоршаған ортаға тастамаларды нормалау
Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сактық қадағалау. Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал
Резеңке кәсіпорнында еңбек қорғау шаралары
Газ турбиналық қондырғының зиянды шығысы
Еңбек қорғау шаралары
Төменгі жанақорған учаскесіндегі доломитті ашық әдіспен өндірудің қоршаған ортаға әсерін бағалау
Технология - педагогикалық әдістердің жиынтығы түрінде көрсетілген педагогикалық жүйе
«Жұмыс орнында ауаға бөлінетін зиянды заттар. олардан сақтану әдістері»
Өлшем құралдарын метрологиялық бақылау
Дәнекерлеу кезінде зиянды заттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz