Электрондық оқулықтарды құруды маңыздылығы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 48 бет
Таңдаулыға:
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ8
1. ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРУДЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ10
1. 1 Электрондық оқулықтың қазіргі деңгейі10
1. 2 Электрондық оқулық жасаудың негізгі принциптері14
1. 3 Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар15
1. 4 Электрондық оқулық басылымы туралы ҚР мемлекеттік стандарты16
1. 5 Электрондық оқу-әдістемелік кешенді құру тәсілдері17
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ19
2. 1 Электрондық оқыту формалары19
2. 2 Электрондық оқыту құралдарын құру шарттары20
2. 3 Электрондық оқыту құралдарының орналасуы және тасымалдануы21
2. 4 Интернет беттеріндегі электрондық оқулықтар22
3. ТЕХНИКАЛЫҚ БӨЛІМ25
3. 1 Оқулықтың жалпы құрылымы25
3. 2 Гиперсілтемелердің көмегімен келесі параққа көшу28
3. 3 Фреймдерді пайдалану29
3. 4 Фреймдердің көмегімен гиперсілтеме құру30
3. 5 Кесте құру және тізім жасау31
3. 6 HTML тілінің мультимедиялық мүмкіндіктері33
3. 7 «Тексеру жұмыстар» беті. Фильтрлерді пайдалану33
3. 8 Формаларды пайдалану34
3. 9 Тесттер құру35
4. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ37
4. 1 Маркетингілік зерттеулер37
4. 2 Электрондық оқулық құруға кеткен еңбек сыйымдылығын есептеу38
4. 3 Электрондық оқулықты құруға кеткен шығындарды есептеу39
4. 4 Амортизациялық төлемдердің есептелуі41
4. 5 Электронды оқулықты жасауға кеткен шығындардың сметасы42
4. 6 Табысты анықтау және программалық өнімнің бағасы42
4. 7 Шығындарды өтеу мерзімі44
5. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ҚОРШАҒАН ОРТА ҚАУІПСІЗДІГІ і45
5. 1 Еңбекті қорғау туралы жалпы түсінік45
5. 2 Жұмыс орнындағы техника қауіпсіздігі45
5. 3 Өрт қауіпсіздігі48
5. 4 Жарықтандыру49
5. 5 Электр қауіпсіздігі50
КІРІСПЕҚОРЫТЫНДЫ51
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ52
ҚОСЫМШАЛАР
Елбасының «Жаңа әлемдегі Қазақстан» атты жолдауында: «Біз бүкіл еліміз бойынша әлемдік стандарттар деңгейінде сапалы білім беру қызметін көрсетуге қол жеткізуіміз керек» десе, осы жолдаудың III тарауы, он сегізінше бағытының жетінші тармақшасында: «Ақпаратық технологиялар мен ақпаратты таратудың жаңа нысандарына бағытталған мамандандырылған білім беру бағыттарын құру міндеті де алдымызда тұр» деп атап көрсетілгендей бүгінгі күні білім беру жүйесі жаңа педагогикалық технологияға негізделуін және ақпараттық құралдардың кеңінен қолданылуын қажет етеді. Осылайша оқу - тәрбие үрдісінде жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану заман талабынан туындап отыр. Ақпараттық технологияның келешек ұрпақтың жан-жақты білім алуына, іскер әрі талантты, шығармашылығы мол, еркін дамуына жол ашатын педагогикалық, психологиялық жағдай жасау үшін де тигізер пайдасы аса мол.
Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Тіпті бірқатар дамыған елдерде бұл идея ұлттық қағидаға айналған. Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
Қай заманда да өркениеттің дамуы интеллектуалдық шығармашылық қабілеттіліктің негізінде жасалынған, әлі де солай болып келеді. Шығармашылық адам санасының жасампаздығын және іс-әрекетінің биік белсенділігін көрсетеді. Адам қабілетінің дәрежесі, оның кәсіби іскерлік шеберлігі, бизнес пен кәсіпкерліктің нәтижелілігі, жаңалық ашуы тұлғаның шығармашылық ойлауына қатысты анықталады.
ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам дәуірі, технологиялық мәдениет дәуірі, айналадағы дүниеге, адамның денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият қарайтын дәуір. Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады [1] .
Қазіргі таңда дәстүрлі оқыту әдістемесінің заман талабына сай толық білім беруге, меңгертуге кепілдік бермейтіндігін мектеп тәжірибесі көрсетіп отыр. Сондықтан жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту процесінде іске асу үшін оны технологияландыру қажеттілігі туады.
Білім беру үрдісін ақпараттандыру - жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану арқылы дамыта оқыту, дара тұлғаны бағыттап оқыту мақсаттарын жүзеге асыра отырып, оқу-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғарылатуды көздейді.
Ақпаратты оқушыға компьютер арқылы әзірлеу мен тарату үрдісіне ерекше мән беріп отырамыз. Себебі әр түрлі зерттеулерге қарағанда дәстүрлі оқыту кезінде кез келген жақсы оқитын оқушы информатика заңдылықтарын тұжырымдайды, мысалдар келтіреді. Оқушылардың көпшілігі алған білімдерін практикада қолдана алады. Бұл оқушылардың оқу материалын формальды жағынан да жақсы білетінін көрсетеді. Кез келген сабақта электронды оқулықты пайдалану оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, логикалық ойлау жүйесін қалыптастыруға, шығармашылықпен еңбек етуге жағдай жасайды.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту үрдісін үздіксіз және толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, негізгі бөлім, техникалық бөлім және экономикалық бөлім мен еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау бөлімінен, қорытынды, қолданылған әдебиеттер тізімі және қосымшалардан тұрады.
ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ҚҰРУДЫ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ Электрондық оқулықтың қазіргі деңгейіПрезидентіміздің биылғы жылғы халқымызға Жолдауында 2015 жылға қарай білім беру ұйымдарының 50 %-ы электрондық оқытуды пайдаланып, 2020 жылға қарай оның саны 90 %-ға дейін артуы тиіс деп айтылған [1] . Мұндай шараларды жүзеге асыру жолында техника саласының мамандарымен біріге отырып, жалпы оқытушылар қауымы, оның iшiнде компьютерлік технология пәндерiмен байланысты түрде сабақ өткізетін ұстаздар ат салысуы қажет.
Жалпы электрондық оқу құралы деп компьютердің мүмкіндіктерін толығынан пайдалана отырып, білім беру технологиясын сүйемелдей алатын оқу құралын айтамыз [2] . Өзінің функционалдық мүмкіндіктері жағынан компьютер нағыз оқыту құралы болып табылады, бірақ сол мүмкіндіктерді білім беруде, дағдылар қалыптастыруда, біліктілікті игеруде барынша тиімді пайдаланып, жүзеге асыру жағы жеке бір мәселе болып табылады. Мұғалімдер осы мәселемен компьютерлер жаңа шыққан кезден бастап айналысып келеді, ал жеке пайдаланылатын дербес компьютерлер шыққаннан соң, бұл жұмыстың өзектілігі бұрынғыдан да арта түсті [3] . Оқыту барысында ақпараттық технологияны пайдаланудың өзі ғана маңызды емес, мұндағы ең маңыздысы оны қолдана отырып, алға қойған мақсатымызды қандай дәрежеде жүзеге асыра алатындығымызда болып отыр.
Оқыту процесін компьютер арқылы сүйемелдеу жалпы оқыту жүйесін жасаумен қатар әрбір пәннің өз ерекшелігін есепке алумен сипатталады. Мұнда мынадай бірнеше мәселелерді қарастыру керек:
- компьютердің мүмкіндіктерін қолдануды қай сәтте көбірек енгізу керек;
- жалпы сипаттау материалдарын қалай компьютерлендіру қажет;
- оқытудың қай түрі, қандай әрекеттер толығынан компьютерге жүктелуі тиіс;
- пән мұғалімінің (әдіскердің) ақпараттық-әдістемелік ұсыныстарына сәйкес компьютерлік оқулық қалай ұйымдастырылуы қажет.
Компьютерлік оқыту технологиясы студент пен мұғалім арасындағы дәнекер рөлін атқарады, мұнда негізгі материал мұғалімнен емес, компьютер арқылы беріледі. Сабақ беретін пән мұғалімі көбінесе электрондық оқулық жасауға тікелей араласпайды. Сондықтан компьютерлік оқыту жүйесін қалыптастырудағы негізгі принцип мұғалім өз материалдарын студентке өз тәсілімен бірден ұсына алмайды. Енді бұл принципті дәстүрлі жағдайға жақындату үшін оқыту материалдарын толықтырып, олар қосымша түсіндіруді қажет етпейтіндей дәрежеге жеткізу керек.
Жалпы, компьютерде пайдаланылатын электрондық оқыту материалдары мен әдістемелік нұсқаулар құрамы мынадай болуы тиіс:
- әр студентке таратылып берілетін негізгі оқыту материалдары;
- бақылау, тексеру (тесттен өткізу) материалдары;
- есептер мен жаттығулар;
- жеке (немесе топпен) орындауға арналған өзіндік тапсырмаларды дайындау әдістемелері;
- әрбір оқу құралын пайдалану стратегиясы мен тактикасы және де соларды бір-бірімен қатар қолдану, алмастыру мәселелері;
- барлық ақпараттық-оқу материалдарын оқыту құралдары мен сабақтарды өткізу әдістемесімен байланыстыру.
Электрондық оқу құралы типтік және жұмыс программалары талабына сай құрастырылады, ал оның әдістемелік негізі ретінде жоғарыда көрсетілген материалдар қолданылуы тиіс. Компьютердегі электрондық оқыту жүйесі осы мақсаттағы жобаның орындалуын жалпы қарастыру кезеңінде оқу процесін басқару немесе білім беру жұмыстарын сүйемелдеу үшін керек.
Электрондық оқу құралын жасау білім беру мақсатындағы программалық жабдықтама ретіндегі көп салалы мәселе болып саналады, оны жүзеге асыру әртүрлі мамандық иелерінің қатысуы негізінде атқарылады. Төмендегі суретте электрондық оқулық жасау жұмысына қатынасатын мамандардың функционалдық құрамы көрсетілген. Онда пәнді жүргізетін мұғалімнен өзге компьютерде оқыту әдіскері мен оқыту материалдарын компьютерге ыңғайластыратын маман, оқыту нәтижелерін компьютерде бақылау (тексеру) жүргізетін маман және программалаушы қажет етілетіні көрсетілген.
1. 1-сурет. Компьютерде электрондық оқулық жасаушы топтың функционалдық құрамы
Мұнда мынадай бағыттарды айрықша атап өту қажет:
- ақпараттық-оқыту, бақылау және тексеру (тестен өткізу) материалдарын компьютерде пайдалануға бейімдеп ыңғайластыру керек;
- бұрынғы дәстүрлі оқыту әдістерін жетілдіріп, қажетті жағдайларда жаңа оқыту әдістемесін қалыптастыру керек, компьютердің оқыту процесінде қолданылатын функционалдық ерекшеліктерін есепке ала отырып, дидактикалық тәсілдер де қайта құрылуы тиіс;
- электрондық оқулықтың жалпы "сценариін" қалыптастырып, оның жеке тақырыптарды берудегі бір-екі сабақты немесе тақырып бөліктерін қамтитын жеке "сценариін" де құру қажет;
- жасалатын программалық жабдықтаманың "ашық" болуын қамтамасыз еткен дұрыс, яғни оқулықтың белгілі бір бөлігін студенттің қабылдау мүмкіндігіне қарай немесе тақырыпты тереңірек ашу мақсатында оны мұғалім (әдіскер) аздап өзгерте алатын мүмкіндіктер қарастырылуы тиіс. Мысалы, оқулықтың тексеру бөлігін жаттығулармен толықтыру немесе нақты жағдайға байланысты оқыту процесін басқару бөлігіне өзгерістер енгізу, т. с. с.
Электрондық оқулық жасаудың соңғы бөлігі оны программалау (кодтау) болып табылады. Қазіргі қолданбалы программалау жолдары бұларды Visual Basic, Delphi, С/С++, т. с. с. аспаптық жүйелерді пайдалану арқылы жүзеге асырады. Бұларды қолданудың артықшылықтары:
- программа құру мерзімін қысқарту;
- оқулықты пайдалану кезеңдерінің бәрінде де оны жеңіл сүйемелдеуді қамтамасыз ету;
- электрондық оқулықты пайдаланатын мұғалімге өз педагогикалық тәжірибесіне қарай оның бөліктерін түзету, толықтыру мүмкіндіктеін беру;
- оқулықтың бөліктерін толықтырған жағдайда, тұтынушы интерфейсінің бұрынғы үйреншікті қалпын қамтамасыз ету.
Оқулықтың анимациялық, мультимедиалық қосымшаларын программалауда телематикалық жүйелер құру үшін "Java", С-шарп тілдеріне негізделген орталар да пайдаланылуы мүмкін.
Осы бағыттағы ТМД елдеріне алғашқы болып кең таралған оқулықтардың бірі Ресейде жасалған "Инженерлік мамандықтарға арналған жоғарғы математика" оқулығын айтуға болады, онда алдыңғы қатарлы оқу орындары жасаған 17 программалық оқыту пакеттері біріктірілген еді [4] . Бұл электрондық оқулық негізіне әдістемелік жағынан алғанда ыңғайлы түрде біріктірілген жекелеген программаларды біртұтас кешенге енгізген математикалық білім жүйесі қалыптастырылған еді. Бұл кешен "ашық" болатын, оны басқа мамандардың да қосымшалармен толықтырып отыруына мүмкіндік жасалды. Осы ерекшеліктер мұғалімге де, студентке де өз жолын таңдап, оқулық ішіндегі өздеріне ұнаған материалдарды ғана қолдану мүмкіндіктерін берді.
Оған қоса, бұл кешенге басқа математикалық пакеттерді де қосуға болатын еді. Өкінішке орай, мұндай оқулық бағасы қымбат, оған мемлекеттік сүйемелдеу қажет болатын.
Соңғы кездегі біздегі және де басқа оқу орындары жасап жатқан оқулықтарда толықтыру мүмкіндіктері жоқ, олар жабық жүйе ретінде қарастырылған, әрбір әдіскер өз әдістемесін қоса алмайды, бірақ қосымша оқыту материалы ретінде толық пайдаланыла алады.
Электрондық оқу құралдарын пайдалануда студентті мұғалім қатысуынсыз жекелеп оқыту кезінде компьютерді анонимдік тұлға ретінде, оған белгілі бір ат беріп жеке тұлға ретінде немесе мұғалім атынан мәлімет беріліп отыратын электрондық тақта ретінде де қарастыруға болады. Әдетте компьютерді студенттер жеке әңгімелесе отырып білім беруші әріптес ретінде қабылдайды. Осыған дейінгі оқыту программаларында компьютермен педагогикалық-бағыттық қарым-қатынастың тығыз болмауы электрондық құралдармен оқытудың жылдам нәтиже бермеуінің негізгі себептерінің бірі болып табылады. Бұл қазіргі уақытта оқу орындарындағы техникалық және программалық жабдықтарды пайдалану кезіндегі ұсынылатын педагогикалық-психологиялық талаптардың ойдағыдай болмай, оның нәтижесінің де мұғалімдерді қанағаттандырмауының бір себебі деп те айтуға болады. Дегенмен, қазіргі Интернет жүйесі кең қолданысқа енген кезеңде электрондық оқулықтың білім алу жүйесінің ең негізгі және тиімді құралына айналғаны талас тудырмаса керек.
Компьютерді оқу құралы ретінде пайдалану білім беру жүйесіне жаңа леп, өскелең бағыт алып келді. Қазіргі кезде компьютерлік оқулықтар жасау индустриясы қалыптасып келеді деп айтуға негіз бар, ол экономиканың кез келген саласы тәрізді қаржыландыруды, мұғалімнің еңбегін бағалау сияқты есепке алуды талап етеді. Бұл бағыттағы ең алғашқы адым компьютер кластарын алып, олардың үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету болып саналады. Бірақ оларды оқу процесінде жеңіл пайдалануға мүмкіндік беретін программалық жабдықтамалар болмайынша, компьютер тек ақпаратты сақтап, жылдам дайындайтын, көбейтетін құрал ретінде ғана қалады. Білім жүйесіндегі оқу орындарының тәжірибесі осының айқын айғағы болып табылады.
Осыған орай, Қазақстан Республикасы Білім министрлігі де алдағы жылдарда электрондық оқу құралдарын жасауға, оларды білім беру жүйесіне енгізуге көңіл бөліп, бірсыпыра қаржылар бөліп жатыр. Біздің университте де қазіргі кезге дейін елуден аса электрондық оқулықтар жарыққа шықты. Механика-математика ғылыми-зерттеу институты құрамында бұрыннан жұмыс істеп келе жатқан электрондық оқулықтар шығару мәселелеріне арналған лаборатория кеңейтіліп қайта құрылғалы жатыр.
Сонымен, қазіргі кездегі қалыптасып келе жатқан компьютерлік технологияларды кеңінен қолданатын білім беру жүйесі студенттердің болашақ қызмет ерекшеліктеріне байланысты үнемі өзгеріп отыратын функционалдық міндеттер атқарып, оларды кәсіби-жеке тұлға ретінде дайындайтыны талас тудырмайтын мәселе болып табылады. Ол жоғары білім беру орындары түлектерінің жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда, еңбек нарығына неғұрлым тиімді бейімделуіне мүмкіндік береді. Сондықтан елімізде компьютерлік технологияларды пайдаланатын білім жүйесін қалыптастыру - жаңа қоғамның іргетасын қалаудың негізгі белгісіне айналуы тиіс.
Электрондық оқулық қарапайым оқулыққа қарағанда адам миының қабілетін, есту, көру және көңіл күйін ескере отырып, анықтама, теорема сияқты мәтіндерді және мысалдарды түсіну мен есте сақтауды жоғарғы деңгейде жеңілдетуі керек.
Электрондық оқулықтапрды жасау барысында келесі принциптерге сүйенген дұрыс [4] :
1. Кванттау принципі: материалдарды модульдардан құралған бөліктерге бөлу.
2. Толықтылық принципі: әр модульда келесі құрылымдар болуы тиіс
- Теориялық ядро
- Тексеру сұрақтары
- Мысалдар
- Өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар мен материалдар
- Тексеру жұмысы
3. Көрнекілік принципі: әр модуль өзінше көрнекі болуы тиіс және адамның психологиясын ескере отырып жасалған мәтіндерден тұратын белгілі біл коллекциялардың кадрынан құралуы керек.
4. Бұтақтану принципі: Қолданушы өзі қалаған модуліне өте алатындай бір модульдан екінші модульға сілтемелер, гипермәтіндер құрылуы керек.
5. Басқару принципі: қолданушы өз бетінше кадрларды ауыстыра алады және терезеге қалаған модульды аша алады және берілген тапсырманы кез келген деңгейде шешуге деген мүмкіндіктері көп болуға тиіс және қолданушы өзін тексере алуы үшін тапсырма, тест, есеп сияқты қосымшалардың жауабы болуы керек.
6. Бейімделу принципі: оқу барысында әр қолданушының қызығушылығын арттыратындай тартымдылық болуы тиіс, сондықтан электрондық оқулықты қолданатын ортаны ескеру керек.
7. Компьютерлік қолдау принципі: кез келген уақытта қолданушы компьютерден қолдау ала алады, компьютер қолданушының жұмысын жеңілдетуі тиіс. Мысалы, мультимедияның көмегімен суреттердің автоматты түрде шығуы немесе берілген тапсырманың нақты жауабының болуы. Кез келген этапта компьтер жауаптарды тексеріп отырады.
8. Жинақылық принципі: электрондық оқулық белгілі бір форматта жасалуы тиіс. Және оны кез келген уақытта кеңейтіп, жаңа материалдармен толықтырып отыратын мүмкіндік болуы керек.
Жоғарыда айтылған принциптер мен анықтамаларға қарап электрондық оқулық кімге және не үшін қажет деген сұраққа жауап бере аламыз.
Электрондық оқулық жалпы оқу барысында, әсіресе алыстан оқыту кезінде тиімді, себебі ол [8] :
- Оқулықтың жазба нұсқасына қарағанда түсінуді жеңілдетеді, қабылдау және эмоциялық еске жақсы әсер етеді;
- Қолданушының қажеттіліктеріне байланысты. Оның жеке мүмкіндіктері мен дайындалу деңгейіне бейімделу;
- Тапсырмалардың жауаптарының болуы, тестті белгілеп болғаннан кейін дұрыс жауаптарын біле алуы уақытты тиімді пайдалануға мүмкіндік береді;
- Электрондық оқулық практикалық жұмыс кезінде пайдалы, себебі ол:
- Көптеген тапсырмаларды бір уақыт мезетінде орындау арқылы уақытты үнемдейді;
- Мұғалімдер компьютердің көмегімен тексеру жұмыстарын тиімді өткізе алады.
Электрондық оқулық мұғалімдер үшін де пайдалы, себебі:
- Өзінің қалауынша практикалық жұмыс пен қосымша материалдар қосуына мүмкіндік бар;
- Студенттердің өзіндік жұмысын, тесттерді тексеруге уақыт кетпейді;
- Әр студентпен жеке жұмыс жүргізуге мүмкіндігі бар.
Электрондық оқулықты жасаудың негізгі кезеңдері [5] :
1. Ақпарат көзін таңдау;
2. Таңдап алынған ақпарат көзінің авторларымен келісім;
3. Бөлімдер жасау;
4. Мәтіндерді бөлім бойынша модульға бөлу;
5. Электронды формада гипермәтін жасау;
6. Компьютерлік қолдауды іске асыру;
7. Көркемдік үшін материалдар жинастыру;
8. Дыбыстық көркемдіктерді жасау және оларды іске асыру;
9. Материалдарды көрсетуге даярлау;
10. Электрондық оқулықты жарыққа шығару.
Электрондық оқулық жұмысының 3 негізгі режимін белгілеуге болады:
- тексерусіз оқыту;
- тексерумен оқыту - материалды қаншалықты қабылдағанын анықтау үшін әр бөлімнің соңында үйренушіге бірнеше сұрақтарға жауап беру керек болады;
- тесттік бақылау - баға қою арқылы білімін бақылаудың қорытындысын шығаруға арналған.
Электрондық оқулықтарға (ЭО) мынадай талаптар қойылуы қажет [9] :
- ЭО-ның жан-жақтылығы.
- ЭО-ның ізгiлiктiлiгі. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
- ЭО-ның бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
- ЭО-ның модульдiлігі. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде бірнеше бөліктерден тұруы тиіс.
- Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және соған сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
Бүгінгі басты бағыттардың бірі-білім беру үрдісін ақпараттандыру. Қазіргі таңда оқулықтың екі деңгейі бар: дәстүрлік және интелектуалдық (1. 2-сурет) .
1. 2-сурет. Электрондық оқулықтардың жіктелуі.
Электрондық оқулық басылымы туралы ҚР мемлекеттік стандартыҚазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің шешіміне сәйкес электрондық оқу басылымдарына (ЭОБ) мынадай талаптар қойылуы тиіс [18] :
- ЭОБ-ның объектісі ғылыми негізделген фактілер, тұжырымдар мен ережелердің, сонымен қатар берілген оқу курсында оқытылатын объектілердің, құбылыстар мен үрдістердің қатынастары мен қасиеттерінің жиынтығы болып табылатын сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және басқа оқыту ақпараты болу керек.
- ЭОБ анықтамалық және басқарушы ақпаратты қамту керек, және қолданушының назарын өзіне аудартатын және оқу мақсаттарына қызмет етпейтін ақпаратты қамтымау керек.
- ЭОБ әртүрлі мамандықтар үшін олардың типтік оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес қолдануға мүмкіндік беру керек.
- ЭОБ-да интерфейс көрнекті, түсінікті, бірмәнді және қолданушы қате іс-әрекеттер жібермеуі үшін ЭОБ-ның түгел және оның бөлек бөліктерінің функцияларының логикасын түсінуге көмектесетін түрінде келтірулі керек.
- ЭОБ-да имитациалық компьютерлiк моделдер оқылатын объектiлер, үрдістер мен құбылыстардың құрылымын және параметрлерін беру және өзгерту, сонымен қатар, сыртқы әрекеттердiң имитациясы үшiн ыңғайлы құралдармен жабдықталу керек. Компьютерлік моделдермен өзара-әрекет мәселелері білім алушыны оның көмегімен шешілетін дидактикалық есептердің мазмұнынан көңілін бөлмеуi керек.
- ЭОБ қалай жабық, солай ашық ортада қолданылу мүмкіндіктеріне ие болу керек. ЭОБ жабық ортада жылжымалы ақпаратты тасушыларда орналасуы және жеке алынған компьютерде немесе локальды компьютерлік желіде атқарушы программалар сияқты жұмыс істеу мүмкіндігіне ие болу керек. ЭОБ ашық ортада глобалды компьютерлік желілерде орналасады және жұмыс істеу үшін программа-браузерлерді қолданады.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz