Су тасқыны



I. Су тасқыны.
1. Су тасқынына қалай дайындалу керек
2. Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
3. Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек
II. Суға кеткен адамға алғашқы көмек көрсетудің негізгі тәртібі.
1. Алғашқы көмек көрсету
2. Журекті уқалау
Қорытынды .
КІРІСПЕ
I. Жаз айлары су қоймасында демалушы адамдар үшін өте қауіпті уақыт.
Осы жыл бойы су қоймаларында1068 адам қатерге, оның ішінде 816 құтқарылып, 252 адам қаза болды (2010 жылмен салыстырғанда 284, яғни 32 адамға көбейді). Олардың 143 шомылу уақыты басталғаннан бері болған,
252 суға кеткендердің ішінде 2 адам Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысының суда құтқару қызметінің орналасу аймағында болды.
Су қоймаларында болатын талай оқиғалардың басты себебі адамдардың суда өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығынан:
1. Мас күйінде суға түсу;
2. Қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы;
3. Балалардың су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз, жалғыз қалуы;
4. Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс есептемеуі;
5. Шомылуға арналмаған жерде суға түсу.
2011 жылы маусым айында су қоймаларында қаза болғандардың саны Алматы облысы бойынша - 17 адам, Қарағанды облысы бойынша - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 12 адам, Атырау облысында – 7 адам.

II. Көктемде су ауа-райына қарай құбылмалы болып келеді, күн жылына түскен сайын өзендердің арнасы толып жағалаудан шығып, барлық аймақты су ала бастайды. Өзендердің қарқынды тасуынан адамдардың, үй және дала жануарларының өмірлеріне қауіп төнеді, сондай ақ су тасыған жағдайда байланыстың үзілуі, ғимараттардың бұзылуы және қирауы орын алады. Тасқын сулар өсімдіктерді тамырымен қопарып, құнарлы жерді шайып және табиғи ландшафтты өзгертуге әкеліп соқтырады.
Тасқын – өзендегі судың көтерілуінен, жауын-шашынның көптігінен, мұздың, қардың тез еруінен, су бөгеттерінің бұзылуынан болатын құбылыс. Тасқын бір сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Негізі тасқынның салдарынан сел жүруі, барлық аймақты су басуы ықтимал. Көктемгі тасқын түрлі инфекциялардың пайда болуына себепші. Қардың және мұздың еруінен қала және ауыл көшелерінде қоқсықтардың беті ашылады. Осы мерзімде ішкі инфекциялар, түрлі аурулар және вирустар этиологиясы бас көтереді. Оның себебі ағынды сулар су қоймаларына қосылады, суды ластайды, адамдар оны ішеді және тамақ дайындау үшін пайдаланылады. Эпидемиолог мамандар көктем мерзімінде тұрмыста қайнатылған немесе құтыларға құйылып дүкендерде сатылатын суларды қолдануды ұсынады.
• Насухин Ш. Б. «Тіршілік-әрекет қауіпсіздігі негіздері» : о. құр. / Шадыман Бақтыгерейұлы Насухин; ҚР Білім және ғыл. м-трлігі, Алматы экон. және стат. акад. Актөбе ин-ты. – Ақтөбе : Б. о. ж., 2006. – 38 б.; 20 см. – 250 дана. – ISBN 9965-02-058-2.
• Карибаева М. К. «Еңбекті қорғау және тіршілік әрекет қауіпсіздігінің негіздері» : металлургия мамандықтарының студенттеріне тәжірибелік жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқаулар / М. К. Карибаева, О. Ю. Васильева; ҚР Білім және ғылым м-трлігі, Д. Серикбаев атын. Шығыс Қазақстан мем. техн. ун-ті. – Өскемен : Рудный Алтай, 2009. – 58 б.; 20 см. – 100 дана. – ISBN 978-601-7070-25-0.
• «Жолда жүру ережесі(медициналық кітапшасынан)» Бекхожин Д. Т. 2004ж. – 82 бет

Пән: География
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР:
I. Су тасқыны.
1. Су тасқынына қалай дайындалу керек
2. Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек
3. Су тасқынынан кейін қалай әрекет ету керек
II. Суға кеткен адамға алғашқы көмек көрсетудің негізгі тәртібі.
1. Алғашқы көмек көрсету
2. Журекті уқалау
Қорытынды .
КІРІСПЕ
I. Жаз айлары су қоймасында демалушы адамдар үшін өте қауіпті уақыт.
Осы жыл бойы су қоймаларында1068 адам қатерге, оның ішінде 816 құтқарылып, 252 адам қаза болды (2010 жылмен салыстырғанда 284, яғни 32 адамға көбейді). Олардың 143 шомылу уақыты басталғаннан бері болған,
252 суға кеткендердің ішінде 2 адам Алматы және Астана қалалары мен Қарағанды облысының суда құтқару қызметінің орналасу аймағында болды.
Су қоймаларында болатын талай оқиғалардың басты себебі адамдардың суда өзін-өзі ұстау мәдениетінің жоқтығынан:
1. Мас күйінде суға түсу;
2. Қайықпен жүзу кезінде арнайы құтқару жабдықтардың болмауы;
3. Балалардың су қоймасы маңында үлкендердің қарауынсыз, жалғыз қалуы;
4. Жүзуді білмейтіндігі және жүзу кезінде өз күшін дұрыс есептемеуі;
5. Шомылуға арналмаған жерде суға түсу.
2011 жылы маусым айында су қоймаларында қаза болғандардың саны Алматы облысы бойынша - 17 адам, Қарағанды облысы бойынша - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 12 адам, Атырау облысында - 7 адам.

I. Көктемде су ауа-райына қарай құбылмалы болып келеді, күн жылына түскен сайын өзендердің арнасы толып жағалаудан шығып, барлық аймақты су ала бастайды. Өзендердің қарқынды тасуынан адамдардың, үй және дала жануарларының өмірлеріне қауіп төнеді, сондай ақ су тасыған жағдайда байланыстың үзілуі, ғимараттардың бұзылуы және қирауы орын алады. Тасқын сулар өсімдіктерді тамырымен қопарып, құнарлы жерді шайып және табиғи ландшафтты өзгертуге әкеліп соқтырады.
Тасқын - өзендегі судың көтерілуінен, жауын-шашынның көптігінен, мұздың, қардың тез еруінен, су бөгеттерінің бұзылуынан болатын құбылыс. Тасқын бір сағаттан бірнеше тәулікке дейін созылуы мүмкін. Негізі тасқынның салдарынан сел жүруі, барлық аймақты су басуы ықтимал. Көктемгі тасқын түрлі инфекциялардың пайда болуына себепші. Қардың және мұздың еруінен қала және ауыл көшелерінде қоқсықтардың беті ашылады. Осы мерзімде ішкі инфекциялар, түрлі аурулар және вирустар этиологиясы бас көтереді. Оның себебі ағынды сулар су қоймаларына қосылады, суды ластайды, адамдар оны ішеді және тамақ дайындау үшін пайдаланылады. Эпидемиолог мамандар көктем мерзімінде тұрмыста қайнатылған немесе құтыларға құйылып дүкендерде сатылатын суларды қолдануды ұсынады.

Көрмейін десем көзім бар дегендей, көресің. Көресің де қиналасың. Алыстағы сол қа - сірет шеккендерге көмек - тесер дәрмен жоқ. Өз қолың жетпегенмен, басқалар қолын ұсынса екен дейсің. Бұл елдің үкімет - тері қайда, мынау қарық болған халыққа неге көмекке келмейді, бар күшін неге осында төк - пейді деген ой да келеді. Бәлкім, төгіп те жатқан шығар-ау. Мүмкін шамасы жетпей жатқан шығар.
Соңғы жылдарда осы су тасқындары, топан су көбейіп кеткендей көрінеді. Сірә, бұрын да аз болмаған. Топан судың қасіретін халық бұрын да аз көрмеген. Оның үлкен қасірет әкелетінін білген халық ақыр заман болғанда, жердің жүзін топан су қаптайды деген аңыз - ды да шығарған болар. Онан соң су тасқыны көбейіп кеткендей кө - рінуіне телеарналар, басқа да ақпарат құрал - дары да себеп болып отырған шығар. Көрсетеді де жатады, айтады да жатады.
Соның арқасында үлкен судан алыс жатсақ та, цунами дегенді де естідік, оның алапат апатты күшін де көретін бол - дық. Соңғы жылдарда аралдарда орналасқан Индонезия сияқ - ты елдердегі, мұхит жағалай қонған жұрттардағы цунамилерден зардап шеккен халық - тың қасіретін көз алдыңа елес - тетудің өзі қорқынышты. Қан - шама ауқымды жердегі қираған үйлер, опат болған егіндік, қырылған мал, соның бәрінен айырылып, аңырап қалған адам - дарды көру қиын.
Бұрын көрмегенді, былтырғы жылы Жапонияда болған жер сілкінісінен кейінгі цунамиді де көрдік-ау. Қала ағып бара жат - қандай әсерде болдық. Автобустар, үйлер қуыршақ сияқты су үстінде көлкіп, жүзіп жүрді. Ал талай мыңдаған адам соның астында қалды ғой...
Мұның өзі Жапониядай ал - ды-артын терең ойлап, жеті емес жүз өл - шеп, бір кесетін алып елде, жапондар дейтін жасампаз халық - тың жерінде болғаны мынау табиғаттың дүлей күшінің құ - діретін тағы бір аңғартқандай еді. Бұл Жапонияда емес, басқа бір бейқамдау елде кезіксе қайтер еді? Ақыр заманды басы - нан кешер еді де...
Цунами - судан келер қа - сіреттің бірі. Ол өзі сиректеу, жер сілкінісі көбірек болатын аймақта кездеседі. Ал өзен - дер - дің арнасынан асып, ұлан-ға - йыр жердің су астында қала - тыны көп елге таңсық емес, мұны да біз соңғы кезде жиірек еститін болдық. Бұл өзі жаңбыр көптеу тропикалық аймақта ғана емес, мамыражай өңірде де бола беретінге айналды. Ақпаратқа үңілсек, Оңтүстік-Шығыс Азия ғана емес, ауа райы қалыпты Еуропаңда да қалалардың көшелерінің өзен арнасына айналғанын көресің.
Тасқыннан келер зиян көп. Ең жаманы ол адам өмірін де қиып жатады. Кейбір аймақта - ғы су тасқындары бүкіл әлемге де ықпал етеді екен.
Бұл жоғарыдағыларды айтып кеткен себебім су тасқынының сипаты қандай болатынын, судың өзі қандай алапат күшке ие екенін және мен қазір осы тақырыпты ашу барысында жазатын қауіпсіздік ережелеріне бей-қам қарамасын деген мақсатта. Және болақшақта оқыс жағдайларға қарсы туруға қашан да дайын жүрер деген ойдамын. Бұл шолуды кіріспеге кірістірдім, себебі тақырыбым Су тасқыны. Суға кеткен адамға алғашқы көмек жолдары. Кіріспені осымен тоқтатып, негізіне келейік.
НЕГІЗІ:
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 мс астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Су тасқынына қалай дайындалу керек:
Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Толықтырып айта кетер болсақ:
- күрделі құрылыстарды тек мемлекеттік өкіл - ді органдарының рұқсаты бойынша салыңыз;
- қауіпті жерде уақытша тұра - тын орын - дарды жаса - маңыз;
- азық-түлік, су, қажетті заттар - дың, дәрі-дәрмектердің және құт - қару құралдарының қорын алдын ала қарас - тырыңыз;
- құжаттарды дайындаңыз, егер де жас балаларыңыз болса, оларға аты-жөні, туылған жылы және мекен-жайы көрсетілген бирка жасаңыз;
- өздеріңізге жақын орналас - қан қауіпті орынды және оған жететін қысқаша жолды белгі - леңіз;
- хабарландыру дабылдарына, гидрометео мәліметтеріне назар аударыңыз;
- жергілікті атқарушы орган - дарынан көшіру-жиналу пункті - нің мекен-жайын анықтап алы - ңыз.
- газ және электр қуаты көзде - рін сөнді - рі - ңіз, құнды заттарды қауіпсіз орынға көшіріңіз;
- электр энергиясының қосым - ша көз - дерін, алғашқы көмек көр - се - ту құралдарын, су және азық-түлік қорын, радиоқа - был - дағыш - тарын, от жағу үшін спирттік плит - каларды және дабыл беру үшін электр - шам - дарын дайындап қойы - ңыз, автокөліктердің бактарын маймен толтырыңыз;
- егер уақытыңыз болса, үйі - ңізді (пәте - ріңізді) қорғауға шара - лар жасаңыз (есік-терезелерді мық - таңыз, жоғарғы қабаттарға, үйдің төбесіне, шатырларға үй заттарын, ауыл шаруашылығы құралдарын, жем-шөпті қауіп - сіз орындарға көшіріңіз);
- электр құралдары мен желі - лерді, газды судан қорғауға шара - лар қолданыңыз;
- көлікпен немесе жаяу болсын биік жерлерге орнала - сыңыз;
- басқару органдарының қауіп - - сіз жерге көшіру туралы хабарландыруы мен ескерту - лерін мұқият орындаңыз;
- көшіру туралы хабарды алы - сы - мен міндетті түрде көшіру-жиналу пунктіне барыңыз;
- пәтерден (үйден) шығар алдын - да өздері - ңізбен бірге қажетті құжаттарды, құнды заттар мен ақшаларыңызды, бірінші кезекте қажет болатын заттарды және 2-3 тәулікке жететін азық-түлік пен суды алып шығыңыз;
- қауіпсіз аймақтарға жіберу үшін, осы аудандарда орналасқан көшіру-жиналу пункт - те - ріне барыңыз;
- үйдегі малдарыңызға ен салып, көшіру-жиналу пункттеріне айдап келіп, жауапты адамдарға тапсырыңыз, малдар да қауіпсіз аймаққа көшіріледі;
- көшіру-жиналу пункттері әкімшілі - гінің барлық нұсқауларын орындаңыз.

Су тасқыны кезінде қалай әрекет ету керек:
- төмен орналасқан жерден тез арада кету қажет, егер су басқан ауданнан шыға алмаса - ңыз, жоғарғы қабатқа, шатырдың үстіне, биік ағаштарға орналасыңыз;
- басқару органдарының тиісті нұсқау - лары келгенге дейін қауіпсіз орындарыңызда қалыңыз;
- су ағындарынан өз бетінше өтуге әрекет жасамаңыз. Су ағынының 15 см. тереңдігі адамға қауіпті, ал 50 см. тереңдігі әдетте көліктердің қозғалысын қиындатып, өте қауіпті болады;
- қолдағы бар құралдарды: пластикалық заттарды, резинадан жасалынған баллон - дарды, ағаштарды және т.б. пайдаланып, судан шығу амалын қарастырыңыз;
- көмек қажет болған жағдайда, үрейленбей, тыныштық сақтап, апат белгілерін беріңіз (жалаушалар, көліктің дыбыс белгілері, оқ атыңыз, от жағыңыз);
- суда қалып қойсаңыз, үстіңіздегі ауыр киімдер мен аяқ киімдерді шешіңіз. Су баспаған учаскелерге ағын судың бұрышына туралап жүзу қажет, жүзу кезінде су астын - дағы және судың бетіндегі қауіпті заттардан сақтаныңыз;
- зардап шеккен адамдарға шұғыл меди - ци - налық көмек қажеттілігі кезінде, су мен азық-түліктің жоқтығы кезінде, жағдайдың қауіптілігі кезінде немесе құтқарушылардан көмек келе - тіндігі туралы күдіктенсеңіз, су басқан аумақ - тардан көшіру әрекеттерін жасау керек.

Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз - жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар келген кезде дүрбелең тудырмай, сақтық шараларын сақтай отырып, жүзу ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
Cу тасқыны, одан қорғану жолдары
Су тасқынының зардабы
Зардап шеккендерді іздеу жұмыстарын жүргізу
Жерді қашықтықтан зондтау түсіру әдістері
Көктемгі тасқын судың негізгі сипаттамалары
Сулы мұзды селдер мен мұзды сулы су тасқындары түсініктерін салыстыру
Қазақстан өзендерінің көктемгі ағындысын болжау ерекшеліктері
Су басу қауіпі
Сел қауіпі
Пәндер