Коммерциялық банктердің несие саясаты


Реферат
Бүгінгі таңда нарықтық экономика жолына баяғыда түсіп, зор жетістіктерге жеткен өркениетті елдер тәжірибесін үйрене отырып, банк жүйесін халықаралық стандарттарға көшірумен байланысты банктің несиелік саясатының әдістемелік негіздері мен жүзеге асыру проблемаларының концепциясын жасау жауапкершілігі арта түспек.
Соңғы жылдары банк ісінiң мамандары банктің несиелік саясатының оның кызметінің дамуына және жалпы экономиканың дамуына тигізетін әсерінің артуын жиі атап көрсетуде. Бірақ та несиелік саясаттың теориялық негізінің жеткілікті деңгейі зерттеліп, жасалмауы, оны іс жүзінде қолдану проблемалары несиенің банк қызметінің сандық және сапалық көрсеткіштерді арттыруына әсерін тигізетіні сөзсіз. Жалпы, қазіргі кезде нақты бір коммерциялық банктің несиелік саясатын қалыптастырудың сараптамасы экономикалық әдебиеттерде кездеспейді.
Сондықтан да коммерциялық банктің несиелік саясатының теориялық негіздерін жасау және оны іс жүзінде қолдана білу күн талабына сай өзекті мәселе болып табылады.
Дипломдық жүмысты жазудың басты мақсатым нарыктық экономика жағдайында өз кызметтерін жүзеге асырып отырған коммерциялық банктердің несиелік саясатын қалыптастырудағы теориялық және әдістемелік аппаратын карастыру болып табылады. Яғни, коммерциялық банктердің несие саясатының негізгі бағыттарын талдап және пайда болған проблемалардың алдын алу шараларын және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) Банктік несие саясаты ұғымын, функциясын және элементтері мен түрлерін нақтылау;
2) Екінші дейгейдегі банктердің салалар бойынша несие саясатына талдау жасау (Казкоммерцбанк мысалында) ;
3) Несие саясатын проблемалары мен дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиттерден тұрады.
Бірінші бөлімде банктік несие саясатының мәні, функциялары, несие саясатының элементтері және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар, несие саясаты түрлеріне сипаттама берілген.
Екінші бөлімде ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде несие саясаты мәселелері мен несиелік портфелінің жағдайына талдау жасалған.
Үшінші бөлімде Қазақстанда несие саясатындағы проблемалар және оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.
ӘЛ-ФАРАБИ атындағы ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Экономика және бизнес жоғары Мектебі
Қаржы кафедрасы
Қаржы мамандығы
Диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
4 курс студенті: Жолдыбаева Меруерт Нурудуллакызы
Жұмыс тақырыбы: «Коммерциялық банктердің несие саясаты (АҚ «Казкоммерцбанк» Алматы қ. мысалы ретінде) »
«30» желтоқсан 2011 ж. № 4-2899 бұйрығымен бекітілді.
Дайын жұмысты тапсыру мерзімі: «7» маусым 2012 жыл.
Жұмыстың бастапқы мәліметтері: ҚР банк ісі саласы бойынша экономист ғалымдардың еңбегі, отандық әдебиеттер, заңнамалық актілер, ҚР Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері, интернеттен алынған мәліметтер.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
- Коммерциялық банктердің несиелік саясатының теориялық негіздері.
- Қазақстан Республикасы коммерциялық банктердің несиелік саясатының қызметін бағалау және талдау («Казкоммерцбанк» АҚ мысалында) .
- Коммерциялық банктердің несиелік саясатының проблемалары мен жетілдіру жолдары.
Диплом жұмысын дайындау
КЕСТЕСІ
Реттік
№
Тапсырманың берілген күні: 29. 12. 2011
Кафедра меңгерушісі
э. ғ. к., доцент Арзаева М. Ж.
(қолы)
Жұмыс жетекші:
э. ғ. к., аға оқытушы Жорабаева Ж. К.
(қолы)
Тапсырманы орындауға
алған студент: Жолдыбаева М. Н. (қолы)
МАЗМҰНЫ:
КІРІСПЕ . . . 6
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ . . . 8
1. 1 Несие саясаты мәні, функциясы мен рөлі . . . 8
1. 2Несие саясатының элементтері және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар . . . 14
1. 3 Несие саясатының түрлері . . . 23
2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ҚЫЗМЕТТЕРІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ТАЛДАУ («КАЗКОММЕРЦБАНК» АҚ МЫСАЛЫНДА) . . . 29
2. 1 ҚР коммерциялық банктердің несие саясатын талдау . . . 29
2. 2 «Казкоммерцбанк» АҚ-ның несиелік портфелінің сапасы мен қаржылық көрсеткіштеріне талдау . . . 41
3. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 59
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 73
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 75
КІРІСПЕ
Несие саясаты - бұл жеке және қоғамдық мүдделерге сәйкес ссудалық капиталды орналастыратын кредитор ретінде банктің қызметі.
Коммерциялық банктердің несие саясатының мақсаты мен тапсырмалары, несиелендіру бағытын таңдау; несиелік операцияларды қалыптастыру технологиясы; несиелендіру үрдесін бақылау жатады. Несие саясатының мақсаты қосымша ақша қаражаттарының түсуінде клиенттердің қажеттілігін қанағаттандыру бағытында банк қызметінің соңғы қорытындысын көрсетеді. Қайтару негізінде түскен бұл қаражаттар кәсіпорынның, ұйымның, басқа да заңды және жеке тұлғалардың өмірлік қызметін қамтамасыздандырады, өндірістік процестердің үздіксіздігіне жағдай жасау. Банк өзінің клиенттерінің болашақ серіктестестіктері болып, жаңа өнімдердің өндірісіне, жаңа және әрекет етуші ұйымдардың дамуына, жаңа өндіріспен аймақтардың, халық шаруашылығының салаларының дамуы бойынша мемлекеттік бағдарламаның дамуына көмектеседі. Бұнда банктер коммерциялық кәсіпорын ретінде өздерінің жеке мақсаттары - пайда табу мүддесін жүзеге асырады.
Диплом жұмысы тақырыбының өзектілігі. Қазақстан банк жүйесі ТМД елдерінің ішінде алдыңғы қатарда орын алатын халықаралық дейгейде танылып отырған банктік жүйе болып табылады. Экономикалық өсу банк жүйесінің тұрақтылығына оң әсерін тигізуде. Екінші деңгейдегі банктердің активтері күн санап өсіп отыр. Солардың ішінде экономиканың секторларына және халыққа берілген несиелер көлемі артуда. Қазіргі кезде бағасы қымбат несие банктің басты табыс көзіне айналуда.
Бір өкініштісі банктеріміз несие беру барысында клиенттердің төлем қабілеттігі мен несиелік қабілеттігіне аса мән бермейтіндігінде. Шын мәнісінде кейбір банктеріміз клиенттің табысының расталуын қажет етпейді. Оған клиент тарту маңызды болып отыр. Соның салдарынан соңғы кездері банктеріміздің несиелік портфелінің сапасы төмендегені де жасырын емес. Несиені беру оңай, қайтарып алу қиындығын ескерсек, ең бастысы мұнда тұтыну несиесін беруді ұйымдастыруға аса мән беру қажеттігі туындайды. Тұтыну несиесін беру процессін ұйымдастыруды дұрыс жолға қою арқылы ғана банктердің несиелік портфелінің сапасын жақсартып, нәтижесінде олардың табыстылығы мен өтімділігін арттаруға қол жеткізуге болады. Осы тұрғыдан алғанда таңдап алынған жұмыстың тақырыбы ең өзекті тақырыптардың біріне жатады.
Зерттеу жұмысының басты мақсаты - нарық жағдайына сай коммерциялық банктердегі несие беру қызметіне талдау жасай отырып, ондағы орын алатын мәселелерді шешу жолдарын іздестіру болып табылады. Яғни, коммерциялық банктердің несие саясатының негізгі бағыттарын талдап және пайда болған проблемалардың алдын алу шараларын қарастыру және оны жетілдіру жолдарын қарастыру.
Осы мақсатқа жетуде жұмыстың алдында мынадай міндеттерді шешу көзделеді:
1) Банктік несие саясаты ұғымын және түрлерін нақтылау;
2) Коммерциялық банктердің несиелік операцияларына сипаттама жасау;
3) Екінші дейгейдегі банктердің салалар бойынша несие беру қызметіне талдау жасау;
4) Несие саясатын проблемалары мен дамыту жолдарын қарастыру.
Зерттеу объектісіне - ҚР екінші деңгейдегі банктердің несиелік қызметі, несиелік портфельдерінің ағымдағы жағдайы. Сонымен қатар, несие саясатын жетілдірудегі кедергілер мен олардың алдын алу шаралары жатады.
Зерттеу жұмыстың теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік экономистердің несие беру қызметін ұйымдастыру және оның дамуы мәселелерін сипаттайтын еңбектері пайдаланылды.
Статистикалық және ақпараттар базасы ретінде ҚР Ұлттық банктің ақпараттық бөлімшелерінің статистикалық және есептік деректері, нормативтік құжаттары, ҚР-ғы екінші деңгейлі банктердің материалдары, сондай-ақ, несие беруді ұйымдастыру жайлы сұрақтарды қамтитын жергілікті және шетелдік басылымдардағы мақалалар т. с. с. пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды мен пайдаланылған әдебиттерден тұрады.
Бірінші бөлімде банктік несие саясатының мәні, функциялары, несие саясатының элементтері және оның қалыптасуын анықтайтын факторлар, несие саясаты түрлеріне сипаттама берілген.
Екінші бөлімде ҚР екінші деңгейдегі банктер материалдары негізінде несие саясаты мәселелері мен несиелік портфелінің жағдайына талдау жасалған.
Үшінші бөлімде Қазақстанда несие саясатындағы проблемалар және оларды жетілдіру жолдары қарастырылған.
1. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК САЯСАТЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Несие саясаты мәні, функциясы мен рөлі
Бастапқыда банктер тек депозиттер қабылдады, бірақ олар қаржыны қайта тапсыруда делдал бола отырып, өздеріне несие тәуекелдерін мойнына алды. Несие банк ісінің негізі және банк жұмысының сапасын білдіретін базисі болды. Несиені басқару процесі ерекше назар аудартады, өйткені, банк жұмысының табысы соның сапасына тәуелді. Бүкіл әлемнің банктерінің банкроттығын зерттеу шығынға ұшыраудың негізгі себебі активтердің (көп жағдайда несиелердің) төмен сапасы екендігін көрсетті. Көптеген банкирлер мен реттеуші органдар несие басқаруды түсіну банк несие портфелі сапасының индикаторы болып табылады деп санайды.
Активтер сапасы басқару сапасын білдіргенмен, басқа да факторлар ықпал етеді: үкіметтің саясаты, макроэкономикалық жағдай, банк меншігінің нысаны. Алайда, банк активінің сапасына сыртқы ықпалдың болуына қарамастан банктің несие портфелін және қаржылық есептемесін талдауда несиені басқару процесін бағалау негізгі белгі болып саналады. Мықты банк құрудың алғы шарты - несие басқарудың тиімді процесін құру болып табылады.
Несие дегеніміз - бір тұлға басқа тұлғаға құнды, натуралды немесе ақшалай нысанмен қайтару талабымен және әдетте % төлеумен уақытша пайдалануға табыстаған кезде қалыптасатын экономикалық қатынастардың сомасын білдіреді.
Несие мен ссуданың арасында да өзара айырмашылық бар. Несие - бұл банктiң қаражатын құрайтын көзi ретiнде барлық несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың әр түрлi формаларының болуын және сондай-ақ олардың жұмсалымдарының формасын бiлдiретiн кең ұғымды сипаттайды. Ссуда - бұл ссудалық шот ашумен байланысты қалыптасатын несиелiк қатынастарды ұйымдастырудың бiр ғана формасын бiлдiредi. [1]
Несиені тиімді басқарудың негізгі элементтері мынадай: жақсы дамыған несие саясаты; портфельді жақсы басқару; несиеге тиімді бақылау жасау және ең маңыздысы - жақсы әзірленген білікті қызметкерлер.
Сөйтсе де, несие саясаты несие басқарудың бүкіл процесінің негізін құрайды. Қазіргі кезде отандық тәжірибеде «несие саясаты» ұғымын бір жақты түсіну жоқ.
Саясат дегеніміз не? Саясат ( politike грек сөзі - мемлекет басқару өнері) әдетте қоғамдық қызмет ретінде алынған. [5] Орыстың түсіндірме сөздігінде басқаша баяндалған. 1. Мемлекеттің елдің ішкі өміріндегі және халықаралық қатынастағы қызметі. Сондай-ақ қоғамдық топтардың партиялардың қызметі, олардың мүддесі мен мақсатын айқындайды. 2. Қоғамдық мемлекеттік өмірдегі мәселелер мен оқиғалар. 3. Қандай да бір мақсатқа қол жеткізуге бағытталған қандай да бір әрекеттердің образы. Философиялық-энциклопедиялық сөздік саясатты «таптар мен нәсілдер арасындағы қатынас пен байланысты қызмет саласы» деп анықтайды. Сонымен бірге саясат - бұл «қоғамдық қызметтің айрықша, ерекшелігі бар нысаны» делінген. Бұдан әрі: «саясат іс жүзіндегі қатынас, идиологияда - экономикалық процестегі қозғалыс пен терминделген және қоғамның экономикалық базисінің қондырғысы ретінде көрінеді. Ақыр аяғында экономикалық мүдделер саяси әрекеттердің әлеуметтік себебі болып саналады». Бұдан шығатын түйін: саясат бір уақытта қызмет те (іс жүзіндегі қатынас) және идиологияда, әрекеттер бағдарламасы және концепцияда.
Вебстер мұны белгіленген бағам деп талдайды. Үкімет, ұйым, мекеме немесе жеке тұлға осыған сүйенеді, іс басқарудағы ой-пікір салмақтылығы деп сипаттайды. Саясат - бұл бір-бірімен байланысты әрекеттерді орындау тәсілі, тиісті саясатты анықтау мен оны жүргізу тәсілдерінің негізі принциптер болып табылады.
Саяси ықпал ету обьектісі болып табылатын қоғамдық қатынастар саласын сөз ете отырып, экономикалық, әлеуметтік, мәдени, техникалық және басқа саясатты айтуға болады. Несие саясаты банк жүргізетін саясаттың көп қырының бірі ғана.
Ресейдің «банк жүйесі» деген кітапта «несие саясаты - бұл банктің несие операцияларындағы стратегиясы мен тактикасы» делінген.
Осыған ұқсас талдауды қазіргі батыс әдебиетінен де кездестіруге болады. Мәселен, дүниежүзілік банктің Н. Брук жетекшілік еткен басылымында: «саясатты жасау және жүзеге асыру ұйымдастыру сұранысын, ережесін, заңдар мен басқару философиясының интеграциясын білдіреді. Бұл корпоративті мәдениетті дамытуға ықпал етеді. Саясат айналасында банк беделі нығайып, болашақ табыстың, сондай-ақ, ішкі және сыртқы аудиттің негізі қаланады. Айқын анықталған саясатқа деген сұраныс банк дербестігі артып қызметі кеңейгенде өсе түседі. Банк саясаты екі қызметті жүзеге асырады: несие беру, бағалы қағаздар мен еншілес компанияларға инвестиция құю, күрделі қаржыландыру қызметкерлерге ішкі бақылау мен қаржылық басқаруға жұмсалатын шығындар. Бұл мәселелер бойынша ұсыныстарды осы мәселе туындаған бөлімдердің меңгерушілері мен қызметкерлері қояды. Саясат көбінесе салалық саясатқа, дәстүрге және басқарушылар мен Директорлар кеңесінің ұсынымдарына сүйенеді. Сондай-ақ банк сыртқы көздердің көмегінде пайдаланады. Бұл кезде кез-келген қарыз банктің сұранысына бейімделу қажет. Әдетте жаңа процедура мен саясатты Директорлар кеңесі мақұлдайды».
Бұл талдаулар қазіргі отандық экономикалық әдебиеттегі несие саясаты ұғымының әрқилы сипатталуын көрсетеді, сол себепті несие саясатының мәнін анықтау қажет.
Біздіңше бәрінен бұрын несие саясатын экономикалық саясат ретінде анықтау қажет. Алайда, экономикалық саясаттың қаржылық, баға, салық және пайыздық, басқа да түрлерінен ерекшелігі несие саясаты белгілі бір артықшылықтарға ие. Ал несие саясатының негізгі өзгешелігі - бұл несие қозғалысына байланысты саясат.
Несие саясаты біртұтас, бірақ несие және депозит сияқты әр түрлі операциялармен айқындалады. Тегі бір болғанмен, бұл операциялар мәні бойынша ажыратылады (экономикалық процестегі ұйымдастырылуы мен роліне байланысты) .
Макроэкономикалық деңгейде несие саясатын құрастыру банктік және несие саясаты сияқты ұғымдардың өзара байланысын болжайды. Жалпы дефиницияны (банк саясатын) анықтамайынша несие саясаты сияқты жеке ұғымның маңызын бағалау қиын.
Қазіргі экономикалық әдебиетте мұнымен қатар коммерциялық банктің несие саясатына қатысты екі ұстаным бар. Біріншіден, макроэкономикалық деңгейде несие саясаты банк саясаты сияқты түсіндіріледі. Екіншіден, микроэкономикалық деңгейде несие саясаты белгілі бір банктің несие процесін басқару саласындағы саясаты сияқты қарастырылады.
Бірақ кейбір экономистер бұл пікірмен келіспейді. Мәселен, М. А. Косой былай дейді: «Несие саясаты банк саясатынан әлдеқайда кең ұғым». Бұл ұстанымының мағынасы сол, автор несие саясатын макроэкономикалық деңгейде мемлекеттік саясат сияқты, ал банк саясатын нақты банк деңгейінде қарастырады. Несие саясатына мұндай көзқарастың болуы, жоспарлы-бөліністі экономика жағдайында шаруашылық байланыстар жүйесінің болуымен ақталады.
Мәселен, қаржы-несие сөздігінде несие саясаты «социалистік мемлекеттің әлеуметтік экономикалық міндеттерді шешуі, ақша айналысын нығайтуы үшін халық шаруашылығында жүргізетін несие беру шараларын көрсететін экономикалық саясаттың құрамдас бір бөлігі» деп түсінідіріледі. Несие саясатына несие қатынастарын ұйымдастырудағы ғылыми негіздеме тұжырымдамасын әзірлеу, халық шаруашылығының несие беру саласында міндеттемелер қойылып, оларды жүзеге асыру шараларын жүргізу кіреді.
Тұжырымдамада мынадай белгілер анықталады: несие қатынастарының саласы; қаржыны бөлу және қайта бөлудегі қаржылық және несиелік әдістердің үйлесімі, несие беру мен ақша айналымын ұйымдастырудың өзара байланысы, несие беру принциптері, экономикалық және ұйымдастыру әдістерінің өзара қатынасы.
Несие саясатының бір элементінің өзгеруі басқа элементтерін жекелей немесе толық қайта қарауды талап етеді».
Осы анықтамамен келісе отырып, мұндай макроэкономикалық амал нарыққа өткен қазіргі жағдайда нақты бір коммерциялық банктің жұмысын толық бағалауға мүмкіндік бермейтінін атап өту қажет. Сол себепті бүгін әрбір коммерциялық банктің несие саясатын бағалау маңызды болмақ.
М. А. Косой несие саясатын макроэкономикалық деңгейде қарастыра отырып «жалпылай алғанда саясат - белгілі бір таптың мүддесін қорғауға, мемлекеттік өкіметті жеңіп алып, сақтауға, оны тиісті таптың мүддесі үшін қолдануға бағытталған қызмет. Мәселе мынада: бұл саясат қоғамның экономикалық дамуының объективті талаптарына жауап бере алар ма екен . . . » деп жазды. Мұндай таптық әдіс қазіргі зерттеушілерді қанағаттандырмайды, өйткені, еліміздің экономикалық және саяси бағдарының өзгеруі, нарыққа өту, банк саясатының экономикалық көрсеткіштерінің бүкіл мәнін, макро және микроэкономикалық деңгейдегі белгілерін бағалауды талап етеді.
Субъективті және объективті зерттеудің дидактикалық әдісі қарама-қайшылықтардың бірлігі ретінде кешенді қарастыруды білдіреді. Банктің несие саясаты адамзаттың ойлау өнімі ретінде субъективті болып табылады, ал қайнар көзі бойынша объективті сипатқа ие.
Бұл әдісті банктің несие саясатын құрастыруға жатқыза отырып, көп қырлы құбылыс ретінде қарастыруға болады: 1) жүзеге асырудың (теория мен практикада) мәні мен тақырыбы деңгейінде 2) макро және микроэкономикада 3) кең және тарамағына да.
Несие саясатының мәнін қайтарымдық талаппен ресурсты тарту және оларды банк клиенттеріне несие беруге инвестициялау жөніндегі банктің стратегиясы мен тактикасы деп анықтаймыз. Несие саясатын жүзеге асырудың тақырыптық жағы банк несие саясатының функционалдық нысандары мен түрлері. Кең мағынада, несие саясатын клиентпен оның ішінде халықпен банктің қатынасы ретінде қарастырамыз. Тар мағынада, несие саясаты несие процесін ұйымдастырудағы банктің стратегиясы мен тактикасы бұл ұстанымды негіздеу үшін мәселенің теориясына көшейік.
Сонымен, несиелік саясат - банктің несиелік жұмысын ұйымдастыру негізін және несиелеу процесіне қажетті құжаттар жүйесін жасау шарттарын білдіреді. [2]
Коммерциялық банктің несиелік саясатының рөлі мен тағайындалуы - бұл жүйелі әрекетті қамтамасыз ету және жалпыға бірдей несиелеу ережесін сақтау. Коммерциялық банктің несиелік саясатының мақсаты болып несиелік тәуекелді дұрыс түсіну, мәнді түрде қабылдау және тиімді басқару негізінде несиелік қоржынның сапасын көтеру және қалпында ұстау табылады.
Несие саясаты күрделі құбылыс, оның мазмұнын әр түрлі бағытта зерттеу қажет.
Біріншіден, несие саясаты қайтарымдық талаппен ресурсты тарту және оларды банк клиенттеріне несие беруге инвестициялау жөніндегі банктің стратегиясы мен тактикасы, бұл халықтың уақытша бос ақша қаражатын жинақтап жеке қарызгерлерге несие беру қатынасы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz