Банктің несиелік ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі туралы



Кіріспе
1.Несие туралы ұғым
1.1.Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
1.2.Несиенің нысандары мен түрлері
1.3.Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы

2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.нің мысалы негізінде банктің несиелік
ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі
2.1. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.нің тарихы мен қызмет ету жүйесі
2.2. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.нің ішкі қызметін талдау және оның ресурстары
2.3. «Қазақстан Халық Банкі» АҚ.дегі несиелік ресурстарды басқару, қалыптастыру мен орналастыру тәртібі

4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару –адамзаттың данышпандық табысы.Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады.Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге,ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға,не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп,біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды.Бұл кейінірек өсімқорлық несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер:несие берушілер-көпестер,саудагерлер,салық жинаушылар,шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар,ал қарыздар – ұсақ ұсақ өнім өндірушілер,құл иеленушілер мен феодалдар.Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса,ал билеуші топтарқанаушылық,жауыздық іс – әрекеттерге жұмсады.Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға жәжбүр етті.Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21% пайыздан 43% пайызға дейін көтеруге рұқсат етілді.Дегенмен, бұл несие кпаиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады,яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып,жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады.Сөйтіп несиенің алғашқы нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып,капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғарғы сатысына жетті.
1.«Қаржы, ақша айналысы және несие» - Р.О. Смағұлова, Қ.Ә. Мәдіханова, Ә.Қ. Тұсаева, Ж.Ш. Сатыбалдиева – Алматы, «Экономика» -2008 жыл.
2.Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары – Б. Көшенова - Алматы, «Экономика» -2000 жыл.
3.Қазақстанның банк жұйесі – Ғ.Сейтқасымов, Ж.Бекболатұлы, С.Кәрімжанов - Алматы, «Экономика» -2008 жыл.
4.«Банк ісі» - С.Б.Мақыш - Алматы, «ИздатМаркет» -2007 жыл.
5.www.halykbank.kz. – сайты
6. www.halykinfo.kz. – сайты
7.«Emeafinance» - қаржылық басылым (журнал) 2009 жыл.
8.«Euromoney» - қаржылық басылым (газет) 2009 жыл.
9.«Global Finance» - қаржылық басылым (журнал) 2010 жыл.
10.«The Asian Banker» - қаржылық басылым (журнал) 2010 жыл.
11. «Незаменимые услуги», М. Д. Жолдасбеков, Алматы,1986 ж.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Т.Рысқұлов атындағы Қазақ Экономикалық Университеті

Қаржы факультеті
Қаржы кафедрасы

Банктің несиелік ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібітақырыбына

Қаржы мамандыгы бойынша жазылган

Дипломдық жұмыс

Орындаған: Бегеева Айғаным
3 курс студенті 304 топ

Ғылыми жетекші: аға оқытушы Қасымбекова Г.Р.

Дипломдық жұмыс Қаржы кафедрасы отырысының 2009 жылғы __ ____ №_______ хаттама шешімімен Мемлекеттік аттестациялық комиссияның алдында қорғауға жіберілді.

Кафедра меңгерушісі
э.ғ.д., профессор
________ Ынтықбаева С.Ж.
Алматы-2010 жыл

Мазмұны

Кіріспе
1.Несие туралы ұғым
1.1.Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы
1.2.Несиенің нысандары мен түрлері
1.3.Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы

2. Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің мысалы негізінде банктің несиелік
ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі
2.1. Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің тарихы мен қызмет ету жүйесі
2.2. Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің ішкі қызметін талдау және оның ресурстары
2.3. Қазақстан Халық Банкі АҚ-дегі несиелік ресурстарды басқару, қалыптастыру мен орналастыру тәртібі

4.Қорытынды
5.Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1. Несие туралы ұғым
1.1. Несие қатынастарының пайда болуы және дамуы

Ақшадан кейін ізінше несиені ойлап шығару - адамзаттың данышпандық табысы.Себебі несиені пайдаланудың нәтижесінде шаруашылық қажетін және жеке қажеттілікті өтеу уақыты қысқарады.Қарыз алушы кәсіпорынның несие алу арқылы өз өндірісін кеңейтуге,ал жеке тұлғаның өз ісін ұлғайтуға,не болмаса қажетті заттарды болашақта емес қазір алуға мүмкіндігі туады.
Несие қатынастары алғашқы қауымдық құрылыстың мүліктік жіктеліп ыдырауы нәтижесінде бір қауымның бай отбасы және кедей отбасы болып бөлініп,біреуінде артық қалған өнімнен оны кейін қайтарып беруге келісіп,екіншісі өз мұқтажын өтеуге алуынан пайда болды.Бұл кейінірек өсімқорлық несие деп аталды.
Өсімқорлық несиеге тән белгілер:несие берушілер-көпестер,саудагерлер,салы қ жинаушылар,шіркеу иелері мен үлкен діни ордалар,ал қарыздар - ұсақ ұсақ өнім өндірушілер,құл иеленушілер мен феодалдар.Шаруалар мен кәсіпкерлер несиені ағымдағы тұтыну мұқтажын өтеуге ғана алса,ал билеуші топтарқанаушылық,жауыздық іс - әрекеттерге жұмсады.Бұл несие үшін өсім ақының деңгейінің өте жоғарылылығы ұсақ өнім өндірушілер мен кәсіпкерлерді өз шаруашылығын жабуға жәжбүр етті.Мысалы, феодализм тұсындағы Германияның әр түрлі қалаларында өсімқорлық несие үшін төленетін ақының деңгейін 21% пайыздан 43% пайызға дейін көтеруге рұқсат етілді.Дегенмен, бұл несие кпаиталистік өндіріс әдісінің пайда болуына алғы жағдайлар жасады,яғни ескі өндіріс әдістерін ыдыратып,жаңа әдістің пайда болуына негіз дайындады.Сөйтіп несиенің алғашқы нышандары алғашқы қауымдық құрылыстың ыдырауы кезінде пайда болып,капиталистік тауарлы өндіріс тұсында дамуының жоғарғы сатысына жетті.
Ал капиталистік несие капиталистік өндіріс әдісінен туындап,қарыз капиталының қозғалысын көрсетеді.Сондықтан капиталистік несиенің өсімқорлық несиеден елеулі ерекшеліктері бар:
1-ші қарыз бойынша.Өсімқорлық несие алушылар - ұсақ өнім өндірушілер,құл иеленушілер мен феодалдар,ал капиталистік несиені,негізінен,өнеркәсіп және сауда капиталистері алады.
2-ші қарыз берген ақшаны пайдалану әдісі бойынша.Өсімқорлық несие бойынша қарызға берген ақша несие берушіге ғана капитал ретінде өсімақы түсіреді,капиталистік несиені керісінше,несие беруші де,қарыздар да капитал ретінде қосымша құн алу үшін жұмсайды.
3-ші экономикалық маңызы бойынша.Өсімқорлық несие өндірістің құлдырауына тіресе,капиталистік несие бір жағынан өндірістің өсуіне, ал екінші жағынан капиталистік нарық шаруашылығы қайшылықтарының шиеленісуіне жағдай жасады.
4-ші өсім ақының шығу көзіне байланысты.Капиталистік несие үшін өсім ақының көзі - жалданушы жұмысшының тапқан қосымша құны,өсімқорлық несие үшін өсім ақының көзі - құлдардың, шаруалардың және ұсақ өнім өндіршілердің қосымша еңбегі.
5-ші өсім ақының деңгейі бойынша.Өсімқорлық несие үшін өсім ақыны өтеуге барлық қосымша өнім, тіпті қажетті өнімнің де бір бөлігі жұмсалады, капиталистік несие үшін өсім ақы төлеуге орташа пайданың тек бір бөлігі кетеді.
Сонымен, қарыз капиталы деген капиталистік-меншік иесінің жұмыс істеуші капиталдың қайталама айналымына қарызға берген және жалдамалы еңбекті қанау негізінде өсім ақы түсіретін ақшалы капитал.Өсімқорлық капитал капитализмге дейінгі өндірістік қатынастарды білдірсе, қарыз капиталы- капиталистік өндірістік қатынастардың көрінісі.Ол өнеркәсіп капиталының қайталама айналымының негізінде пайда болды.
Несие ұдайы өндірістің ажырамас бөлігі. Тауарлы өндіріс - несие қатынастарының пайда болатын табиғи негізі. Себебі тауардың пайда болуы маңызды екі жағдайға байланысты: біріншіден,өнім тауар болуы үшін оның заттай түрі және құны болуы қажет; екіншіден: өнім бір өндірушіден екінші өндірушіге ауысу қажет,ол ауысу тек айырбас кезінде,яғни нарықта болады.Сонда тауар айырбасы несиенің пайда болатын ортасы.Бірақ несиенің пайда болатын ортасын өнімін өзі қолданатын өндірістен емес,өнімдерді бір-біріне алмастыратын айырбас ортасынан іздеу керек.
Себебі тауарлар қолдан- қолға өтетін айырбас процесі - несие қатынастарының туындайтын көрінісі.
Қарыз капиталына нақты тоқтала кететін болсақ, ол өндірістегі капиталдың,яғни қаражаттардың қайталама айналымы - несие қатынастарынан туындайтын және одан әрі дамитын нақты экономикалық негіз болып табылады. Қарыз капиталының пайда болатын ең бірінші көзі - өндірістік капиталдың қайталама айналымында уақытша бөлініп шыққан ақша қаражаты.Қарыз капиталының жинақталатын екінші көзі - мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаты,яғни мемлекеттің резервтік ақша қоры деп те айтуға болады.Ол қор үкімет пен оның жергілікті органдарының жинаған салықтарынан олардың шығындарының айырмасына тең.Қарыз капиталы құрылымының үшінші көзі - халықтың жинағы.Ол күнбе-күнгі қажеттілікке жұмсалмай, болашақтағы жағдайларға немесе ұзақ қолданылатын заттарды,қымбат тауарларды, жылжымайтын мүліктерді сатып алуға сақтап қойған жалақының бір бөлігі.Мұндай жинақтауға негізінен аңдаушылық (сақтық), саудагерлік,коммерциялық себептер әсер етеді.Ақша жинаудың бұл аталған негізгі көздерінен басқаларын да атап өтуге болады.Мысалы, несие-қаржы мекемелерінің ақша қаражатының шығындарды өтеу мен салым бойынша пайыз төлеуден қалған сомасын айтуға болады.Бірақ бұл өзгермелі сома болып саналады.
Ақша қаражатын жинаудың ерекше формасы - ол банктердің өз пайдасынан резерв қорына бөлген бөлігі,жинағынан айрылып қалу қаупін мақсатымен капиталын арнаулы несие жуйесі арқылы беруі. Сондай - ақ қоғамдық ұйымдардың жинағы жарнадан тускен табыстан ұйым шығындарын өтеуге қалған айырма ретінде қаралады.
Қорыта келе, қарыз капиталы өндіріс және айналыс қорларының ауыспалы айналысынан уақытша бөлініп шыққан бос ақшасынан және халық пен мемлекеттің ақшалы жинағынан құралады.Капиталды жинау барлық кезде бірдей болатын тұрақты фактор емес. Ол көптеген конъюнктуралық факторларға,әсіресе, экономиканың дамуына,ақшаның айналысқа қажеттілігі мен жеткілікті болуына байланысты өзгеріп тұрады.Ал ол өзгерістерде мынадай бағыттар байқалады:экономика қалыпты дамыса, жинақ қоры кемиді, себебі халық табысының өсуі олардың сақтық сезімдерін төмендетіп,ақшаны сақтап қоюдан гөрі күнделікті қажетіне жұмсауына әсер етеді.
Бұл кезде жинақтағы ақша өндірістің дамуынан нарыққа түскен тауарларды сатып алуға жүмсалады.Тауарларды артық өндіру кезінде ақша айналыстан шығып,жинаққа айналады.Тұрақсыз экономика жинаудың себептерін шиеленістіріп, олардың өсуіне әкеп соқтырады.
Жинақталған ақша ел экономикасын инвистицияландырып капиталға айналады.А л ақшаның капиталға,яғни қаражатқа айналуын қамтамасыз ететін басты құрал - несие болып табылады.

1.2. Несиенің нысандары мен түрлері

Несие қатынастарының нақты көрінісін несиенің нысандары мен түрлері сипаттайды.Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.Өндірістік қатынастардың өзгеруі несиенің мазмұны мен оның қолданылатын түрін өзгертеді. Несиенің негізгі екі нысаны: коммерциялық және банктік несие.Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері,құрамы,қарыз объектісі,динамикасы,пайыз мөлшері және қызмет ету аясы бойынша ажыратылады.
Коммерциялық несие - ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге қалдырып,оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып,капиталистік несие жүйесінің негізін қалады. Коммерциялық несие тауардың өндірістен тікелей тұтынушыға түсуін қамтамасыз етеді, сөйтіп тауарлардың сатылуын және барлық капиталдың қайталама айналысын жеделдетеді.Ол сонымен қатар кәсіпкерлер мен сатушылардың да ақша қажетін өтейді.
Дегенмен коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар.Олар мынадай:
● бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен шектеледі;
● бұл несиенің көлемі ел экономикасының жағдайына байланысты өзгереді,яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;

● бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді:оны тек өндіріс құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын салаларға береді,керісінше болуы мүмкін емес.Мысалы комбайн зауыты өз өнімін комбайндарды несиеге алу үшін ауыл шаруашылығына сатуына болады,ал ауыл шаруашылығы комбайн зауытына коммерциялық несие ретінде өз өнімін бере алмайды. Қорыта айтқанда, коммерциялық несиенің банктік несиеден басты ерекшелігі - ол тауар түрінде берілетін несие болып табылады.
Банктік несие - ол банкте шоғырланған қаражат қорынан клиенттерге қайтарым мерзімін белгілеп, ақша түрінде берілетін несие.Коммерциялық несие мен банктік несиенің бір-бірінен мынадай айырмашылықтары бар:
‒ коммерциялық несие тауар түрінде берілсе,банктік несие ақша түрінде беріледі.Коммерциялық несиені тауар өндірушілер мен сатушылар бір-біріне тауардың сатылуын қамтамасыз ету үшін береді. Ал банктік несие болса, тауар өндірушіден де, сатушыдан да оқшауланып қарыз капиталы ретінде беріледі.
‒ коммерциялық несие мен банктік несие бір-бірінен субъектілер,яғни несие келісіміне қатысушылар бойынша да ажыратылады. Коммерциялық несиеде несие беруші ретінде де,қазызгер ретінде де кәсіпкер жүреді.Ал банктік несиеде несие беруші - банк,ал қарыз алушы кәсіпкер болады.
‒ коммерциялық несиенің шектеулері банктік несие берумен жойылады,себебі банктік несиені қолдану өрісі кең. Коммерциялық несие тек тауар айналысына қызмет көрсетсе, банктік несие халықтың барлық топтарының уақытша бос қаражаттарын шоғырландырып,оны капиталға айналдырады.
‒ бұл екі несиенің динамикасы (өсуі) біркелкі емес. Коммерциялық несиенің көлемі өндіріс пен тауар айналымының дамуына және төмендеуіне байланысты өрбіп және қысқарып отырады. Өнеркәсіптің дамуы кезінде оған ұсыныс пен сұраныс өсіп,дағдарыс кезінде төмендейді. Дағдарыстың әсерінен тауарды өндіру мен сату қысқарып, ал қарызды төлеу үшін банктік несиеге сұраныс көбейеді.

Өндірістің жанданып көтерілуі кезінде нақты капиталдың көлемі өсіп, өндірістік мақсатқа жұмсау үшін банктік несиеге сұраныс ұлғаяды.Осыдан банктік несинің екі жақтылығы туындайды: - қарыз алушы, оны өндірістік капиталдың көлемін өсіру үшін пайдаланса, онда ол капитал қарызы, ал қарыз міндеттемелерін өтеу үшін төлем құралы ретінде пайдаланса, онда ол ақша қарызы болып табылады.
Банктік несиені экономиканың кез-келген салалары пайдаланады: өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез-келген келесі саласына берілуі мүмкін (мысалы, ауыл шаруашылығынан өнеркәсіп өндірісіне т.с.с.)
Несиенің негізгі екі формасы,яғни коммерциялық және банктік несиелер әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді.Олар: тұтыну,лизинг,ауыл шаруашылық,шаруашылықаралық,ипотека лық,мемлекеттік,халықаралық,консорц иалдық несие т.б.
Тұтыну несиесі - ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын несиеге сату.Несие алушы - халық,ал несие беруші - әртүрлі өндіріс орындары,фирмалар,банктер,мекемелер болуы мүмкін.Тұтыну несиесі коммерциялық несие формасында, яғни бөлшек сауда орындары арқылы төлемін кейінге қалдырып тауар сату, банктік несие формасында тұтыну тауарларын сатып алуға ақша беру,яғни ұзақ қолданылатын тауарлар - жиһаз,жеңіл машиналар,тоңазтқыштар,теледидарлар және т.б. беріледі.Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдеа да болуы мүмкін.Мысалы, сауда орындары халыққа белгілі бір сомаға тауарды несиеге сатады да,сол сома көлемінде банктен ақшалай несие алады.Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, студенттерге берілуі ықтимал. Мәселен,бұл несие кезінде Чехословакияда жоғарғы оқу орындарының студерттеріне берілетін болған.
Лизинг несиесі - ол тауар түрінде берілетін несие.Негізінен лизинг деп маманданған қаржы (лизинг) компаниясының делдалдық етуімен машиналарды,құрал-жабдықтарды,жылжы майтын мүліктердіжәне негізгі капиталдың басқа да элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтамыз. Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,мүлікті меншіктеу құқына ие болады.
Лизинг бойынша жалға бір өндірістік циклда жойылмайтын кез-келген экономикалық дердес объектіні алуға болады.Экспортты және импортты қаржыландыру тұтқасы болып табылатын халықаралық лизингте келісімге қатысушы субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал мен айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз капиталы.Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілдігімен банк ұзақ уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқы мерзімді несие қызмет етеді.Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін өтеледі.
Шаруашылықаралық несие - бұрынғы КСРО - да кең қолданылған несие түрі.Ол - жоғарғы басшы органдардың (министрлік,бірлестік,трест) өздеріне әкімшілік жолмен бағынатын кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі ретінде берілетін несие. Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі және оны пайдаланатын шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі шаруашылықаралық несие мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы қиындығын жою мақсатына,не болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несилерден айырмашылығы: бұл несие субъектілері міндетті түрде бір шаруашылық жүйесінде пайда болады;несие тек ақша түрінде беріледі;қайтарылғанда несие үшін ақы,яғни пайыз төленбейді;бұл несиені алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілде өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды.Кәсіпорынның қаржы қиындығы жойылған соң жоғарғы органдардың үкімімен несие толығымен қайтарылынып алыныды.Соңғы кездері бүл несиенің тауарлы түрі дамуда.Мысалы, күрделі механизмдер,станоктар және өндірісте қолданылатын техникалар несиеге берілуде.Мұндай жағдайларда несие қатынастарының ауқымы ұлғаяды.Несиеге,мысалы, техника берілсе,ал оны қайтару несие алушының өндірген тауарымен өтелуі мүмкін.

Ипотекалық несие - ол жылжымайтын мүліктерді,яғни жерді,өндірістік және тұрғын ғимараттарды, үйлерді,пәтерлерді т.с.с. кепілдікке алып ұзақ мерзімге берілетін ақшалы несие.Мүліктердің кепілдікке алынғаны туралы ипоткалық банк несие алушыға қарызгер екендігі туралы куәлігін берді.Ипотекалық несиенің ақшалы қоры,негізінен, банктер мен корпорациялардың ипотекалық облигациялар шығырып,сатудан түскен қаржыдан құралады.
Мемлекеттік несие - ол мемлекет пен жергілікті үкімет органдарының облигация сату арқылы жеке заңды тұлғалардан несие алуы.Бұл несие қатынастарының субъектілері:несие беруші - халық және заңды ұйымдар,ал несие алушы - мемлекет және оның жергілікті органдары. Мемлекеттік несие қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып екі топқа бөлінеді: Қысқа мерзімді несие - қазыналық вексельдер түрінде шығарылып,1-3 айдан кейін өтелуі керек .Ал ұзақ мерзімді несие болса, мемлекеттік облигациялар түрінде шығарылып,көп жылдар өткен соң өтеледі.Бұл мемлекеттік заемдар мемлекеттік шығындарды өтеуге,бюджет тапшылығын жоюға, инфляция кезінде айналымдағы артық ақшаны шығаруға мумкіндік береді. Сонымен қатар,бұл несие негізінен шенеулік аппарат шығындарын өтеуге, әскер ұстауға және т.с.с. өндірістік емес экономикалық және әлеуметтік қажеттерге жұмсалады.
Халықаралық несие - деп мерзімді белгілеу, пайыз төлеу және кері қайтару келісімімен тауар валюта ресурстарын беруге байланысты халықаралық эконмикалық қатынастар аясындағы қарыз капиталының қозғалысын айтамыз.
Әлемдік шаруашылық қатынастардың интернационалдануына, халықаралық еңбек бөлінісіне және ғылыми - техникалық прогрестің жетістіктерін бірге пайдалануға байланысты халықаралық несиенің жылма - жыл масштабы ұлғаюда. Халықаралық несиелік қарым-қатынастарда халықаралық несие валюталық ұйымдар үлкен орын алады.Мысалыға алсақ олар: Еуразиялық даму банкі, халықаралық валюталық қор, халықаралық даму және қайта құру банкі,Европалық даму және қайта құру банкі және т.б.
Халықаралық несиелік қарым-қатынастарда несие алушыны донор деп, ал қарыз берушіні реципиент деп атайды.
Консорциалдық несие - бұл бірнеше банк бірігіп үлкен көлемде несие беруі. Консорциалдық несиеде қатысушы банктердің біреуі басқарушы ретінде жүреді.Басқарушы банк несие пайызынан басқа қосымша сыйақы алады.
Консорциалдық несие бірнеше құжаттармен бекітіледі:
1. Консорциалдық келісімшарт - бұл құжатта банктердің несие беру үшін бірігу мақсаты, банк қатысушыларының саны,
олардың әрқайсысы алатын сыйақы және т.с.с. мәліметтер көрсетіледі.
2. Несиелік келісімшарт.
3. Кепілдеме туралы келісмшарт - бұл құжатта кепілдеменің аталуы,оның орналасқан жері, нарықтық бағасы,кепілдеменің иесі туралы және т.б. мәліметтер көрсетіледі.
Бұл несие мерзіміне байланысты келесі түрлерге бөлінеді:
▪ Қысқа мерзімді - мерзімі 1 жылға дейін
▪ Орта мерзімді - мерзімі 1 жылдан 5 жылға дейін
▪ Ұзақ мерзімді - 5 жылдан жоғары
Қорыта келе, дегенмен әлемдік банктік іс - тәжірибеде несиенің басқа да көптеген түрлері кездеседі.Мысалы, ұлттық және шетел валютасымен берілетін несие, жеке және заңды тұлғаларға берілетін несие және т.б.

1.3.Несиенің қызметтері және оның экономикадағы маңызы

Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді.Ал оның әрбір қызметі басқа категориялардан өзгешелігін анықтайтын маңызын сипаттайды.
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімі бойынша несие беруші мен қарыз алушының арасында несие қатынастары пайда болады.Бұл қайта бөлу - несиенің алғашқы қызметі болып табылады.Несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлу қасиеті тән.
Ол аймақтық,салалық, шаруашылық нышандарына байланысты: аймақтыаралық, салалыаралық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие қатынастары тұратын орнына қарамай, адамдар мен әртүрлі ұйымдар арасында туындаса, онда ол құн аймақтыаралық қайта бөлу болып есептеледі.Егер салалық банктен несие алынса, онда ол салалық қайта бөлу, ал егер несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарызгер кәсіпорын басқа салада болса, онда ол салалыаралық қайта бөлу болады.Несиені шаруашылықаралық қайта бөлу - бір кәсіпорын деңгейінде жүргізілмейді, ол тек екі шаруашылық субъектісі арасында уақытша бос ақша қаражатын несие көзі ретінде пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әртүрлі деңгейіне байланысты да қарауға болады.Мысалы, несие қатынастарының субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар қайта бөлінеді.
Несиенің қайта бөлу қызметінің бірсыпыра айрықша белгілері бар:
● несиенің қатысуымен қоғамның тек бір жылда өндірген материалдық игіліктерінің, өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарының құны,яғни ұлттық жалпы өнім ғана қайта бөлінбей,сонымен бірге бұрынғы жылдары өндірілген өндірістік құрал-жабдықтар мен тұтыну заттарының құны қайта бөлінеді;
● несиенің қатысуымен тек ұлттық жалпы өнім ғана емес, сонымен бірге ұлттық табыс,қоғамның барлық ұлттық байлығы қайта бөлінуі мүмкін;
● несиенің қайта бөлу қызметінің елеілі белгісі - уақытша қолдануға уақытша бөлініп шыққан құнды бөлуі;
● несиенің қатысуымен уақытша бөлініп шыққан құнды беру, делдал-банктер мен басқа да несие мекемелерінің қатысуымен жүзеге асырылады.
Несиенің келесі атқаратын қызметі - нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру қызметі. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына несие операцияларын жургізу үшін қажетті жағдайлар жасалған.
Сатылып алынған тауарлар мен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысуға байланысты өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді, экономикалық айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету керек.
Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру қызметі үшін бірсыпыра алдын-ала жасалған жағдайлар болуы шарт:
▬ дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның маңызының жоғары болуы;
▬ экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесі бар төлем құжаттарының еркін айналуы;
▬ орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы, яғни шығаруы.
Несиенің осы қызметтерін айта келіп,кейбір экономистер оның бақылау қызметіне де тоқталады.Бірақ, қазіргі біздің тұжырым бойынша, бақылау банк мекемесінде қызмет жасайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-әрекеті ,ал экономикалық категорияда несие сол бақылаудың негізі және құралы болып табылады.
Несиенің экономиканы дамытудағы маңызы деп - несиені қолдану әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдәстеріне:
● оны қайтарып беру (несинеің қайтарылуы);
● белгілі бір мерзім аралығында пайдалану (несиенің мерзімділігі);
● пайдаланғаны үшін ақы төлеу (несиенің ақылылығы);
Несиенің маңызы сонымен бірге оны қолдану аясы елдің экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады.

Мысалы, экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие қатынастары мен несиенің көлемі де өзгерді.
Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар шығаруы, бюджеттің әртүрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын кеңейтуі бағалы қағаздар мен жүргізілетін несие опериацияларын дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдернің жоғары сатыға көтерілуі несиенің маңызын арттырды.Оған дәлел ретінде мынадай мысал келтіруге болады: Бұрын банктік несие орталықтан қатаң басқарылып,қарыз алушыларға белгілі бір мақсатқа және белгілі бір шектеулі (лимит) сома берілетін.Ал қазіргі нарықтық экономика жағдайында жылжымайтын мүлікті,автокөлікті т.с.с. құнды заттарды кепілдікке салып күрделі сомада қаражат алуға мүмкіндіктер бар.
Негізінен несиенің экономикадағы орны мен рөлі оның атқаратын қызметтерімен сипатталады.Жалпы несие экономикалық категория ретінде мынадай қызметтерді атқарады: Жоғарыда атап өткендей қайта бөлу және айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру болса, келесілері мынадай:
▪ айналыс шығындарын үнемдеу;
▪ капиталдың шоғырлануын жеделдету;
▪ ғылыми-техникалық прогрессті жеделдету.
Несиенің айналыс шығындарын үнемдеу қызметінің іс-жүзіне асуы несиенің экономикалық мәнінен туындайды.Шаруашылық субъектілеріндегі ақшалай қаражаттардың түсуі мен жұмсалуы арасындағы уақытша болатын алшақтық кей жағдайларда қаржылай ресурстарға деген қажеттілікті туындатады. Міне, сондықтанда мұндай жағдайларда қарыз алушының барлық категориялары өздерінің меншікті қаражатқа деген жетіспеушіліктің орнын толтыру үшін несиені пайдаланады. Бұл дегеніміз капитал айналымын қамтамасыз етіп қана қоймай айналыс шығындарын үнемдеуге де мүмкіндік жасайды.

Капиталдағы шоғырлану процессіндегі қызмет экономиканың тұрақты дамуына жағдай жасау үшін маңызды болып табылады.Мұндай міндеттерді шешуде несиенің бұл қызметі өндірістің ауқымын ұлғайта отырып, пайда табуға мүмкіндік береді.
Несиенің ҒТП жеделдету қызметі ғылыми - техникалық ұйымдардың қызметін қаржыландырумен сипатталады. Сондықтан да несинің көмегінсіз көптеген ғылыми-зерттеу орталықтарының жұмыс жасауы қиынға түседі. Сондай-ақ несие өндіріске ғылыми технологияларды жаңалық ретінде енгізу үшін де аса қажет болып табылады.Себебі, ондай шығындар бастапқыда кәсіпорынның қаражатымен, оның ішінде орта және ұзақ мерзімді банктің несиелері есебінен қаржыландырылады.

2. Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің мысалы негізінде банктің несиелік ресурстарын басқару,оларды қалыптастыру мен орналастыру тәртібі.
2.1. Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің тарихы мен қызмет ету жүйесі.
Биыл Қазақстан Халық Банкінің құрылғанына 87 жыл. Қазақстан Халық Банкінің тарихы - бұл Қазақстан аумағындағы жинақ жүйесінің құрылу және даму тарихы. Қазақстан Халық Банкі акционерлік қоғамының негізі қайта құрылған Қазақстан Республикасы Жинақ банкінің базасында қаланған.
Еліміздегі алғашқы жинақ кассасы сонау 1923 жылы, төңкеріс жылдарынан кейінгі жаңа экономикалық қарым-қатынастар қалыптаса бастаған кезеңде, Ақтөбе қаласында ашылған болатын, кейіннен ұжымдандыру (коллективтендіру) және индустрияландыру науқандары жүргізілген тұста, 1936 жылы, Алматы қаласында КСРО Жинақ банкінің филиалы ашылды. Нақты 1923 жылдан бастап жинақ жүйесін дамытудың және көпшілікке таратудың жаңа белесі басталды.
Ақтөбедегі жинақ кассасы ашылғаннан кейін небәрі 4 жылдың ішінде республикадағы мұндай кассалар саны 335-ке жетті. 1929 жылы Республикалық жинақ кассасы құрылып, ол Қазақстандағы барлық кассалар қызметіне жалпы басшылықты іске асырды. Кейінгі жылдары олардың саны біршама ұлғайып отырды. Касса салымшыларының қатарына жұмысшыларды, қызметкерлер мен колхозшыларды неғұрлым көбірек тарту мақсатында жинақ кассаларын тікелей зауыт-фабрикалардың өзінде, колхоз-совхоздарда, байланыс мекемелерінде және басқа да кәсіпорындар мен ұйымдарда ашу қолға алынды.
Социалистік қоғамда қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық және қаржылық қатынастардың өзі әрбір кеңес азаматының Жинақ банкі салымшылары қатарына қосылуына ықпал етті. Халыққа қызмет көрсетудің орасан зор ауқымы жүйесі қаражат жинақтауға және банк ісінің қалыптасқан тарихи дәстүрлерін Қазақстан аумағында да бекітуге қолайлы жағдай туғызды.
Жинақ кассалары сонымен қатар мемлекеттік заем облигацияларының, басқа да бағалы қағаздардың кепілі бойынша мерзімді несиелер берумен айналысты. Оларға қор операцияларын, басқа да бірқатар қаржылық және банктік операцияларды жүргізуге рұқсат етілді.
Бұл кезеңдегі жинақ ісінде мемлекеттік кредит беру қалыптасып, біртіндеп дами бастады. Ол жылдары сегіз рет мемлекеттік заем шығарылды, оның үшеуі - натуралдық заем түрінде болды да, ал екеуі алтынмен есептелді. Натуралдық заемдар (астықпен, қантпен) мен алтынмен есептелетін заемдар реформа кезеңіне дейін шығарылды.
1960 жылдың аяғына қарай жинақ кассаларындағы салымшылар саны 1 770 мың адамға жетті, ал салым ақшаның көлемі 322,7 млн сомды құрады, салымның бір адамға шаққандағы орташа мөлшері 182 сом болды. Жинақ кассаларының саны 1950-1960 жылдар аралығында 1,8 есеге өсіп, 1960 жылдың аяғында 2805-ке жетті.
Қазақстандағы жинақ ісі мен жинақ кассалары желісінің кеңінен қанат жаюы ең алдымен еліміздегі тың және тыңайған жерлердің игерілуі нәтижесінде халық шаруашылығының қарқынды дамуымен, еңбекшілердің материалдық тұрмыс жағдайының айтарлықтай жақсаруымен байланысты болды. Тек 1955 жылдың өзінде еліміз бойынша салымшылар шоттарының 44,1 пайызы, ал салымдар қалдығының 44 пайызы тың жерлерді игеру жаппай жүргізілген солтүстік өңірдегі Көкшетау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар облыстарының үлесіне тиді (М. Д. Жолдасбеков, Незаменимые услуги, Алматы,1986 ж.).
1960 жылдардың басында жинақ кассаларында тұрғындардан пәтер, коммуналдық және басқа қызметтер ақысын қабылдау операцияларын жүргізу қолға алынды. Сонымен бірге жинақ кассаларының құзырына зауыт-фабрикалардың, жергілікті кәсіподақ комитеттерінің, өзара көмек кассаларының және шаруашылық қызметпен айналыспайтын қоғамдық ұйымдардың ағымдағы шоттарын жүргізу берілді. Жинақ кассаларының жұмысшылар мен қызметкерлердің, сондай-ақ колхозшылардың жалақысынан ақша сомасын қатаң еріктілік қағидатын сақтай отырып, шоттар мен салымдарға қолма-қолсыз аудару операциялары көбірек қолданыла бастады.
Жинақ жүйесінің одан әрі дамуы үшін ақша бірлігін күшейтудің маңызы зор болды. Алайда 1961 жылы жүргізілген реформа айналымдағы ақша массасын бақылау және ақша шығаруды шектеу шарасы ретінде ойластырылғанымен,
көздеген мақсатқа қол жеткізілмеді, ол үшін бүкіл шаруашылық құрылымы қайта өзгертілуге тиіс еді, сондықтан аталған реформа ақша белгілерін ауыстырумен және сомның жаңа бағамын белгілеумен ғана шектелді. 1963 жылдан бастап жинақ кассалары Қаржы министрлігінің құрамынан шығарылып, Мемлекеттік банк қарамағына берілді, халық салымдарының қаржысы бұдан былай банктің кредит ресурсын толықтыруға жұмсалатын болды. 60-жылдардың аяғында жинақ ісінің нағыз даму шегіне жетіп, көркейген кезеңі болды: дәл сол жылдары халық шаруашылығына кредит беруге күрделі капитал қаражаты жіберілді, ал оның негізгі көзін тұрғындардың кассалардағы жинақ салымдары құрады.
1 988 жылғы банктік реформа бойынша банк жүйесін екі деңгейге көшіру көзделді: орталық банк және арнаулы банктер. Мемлекеттік еңбек жинақ кассалары КСРО Жинақ банкіне айналдырылып, халыққа және заңды тұлғаларға қызмет көрсететін мемлекеттік арнаулы банк болып құрылды.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздік пен егемендікке қол жеткізуімен жинақ ісінің дамуында үшінші қайта құру кезеңі басталды - дәл осы кезден бастап Қазақстан Халық Банкінің құрылымдық банкингке және функционалдық қайта бағдарлауға негізделген ісі қолға алынды.
1990 жылдың желтоқсанынан бастап Қазақстан өзінің нарықтық экономика талаптарына жауап бере алатын банк жүйесін құруға кірісті. 1991 жылдың қаңтарында-ақ Қазақ ССР-індегі банктер және банк қызметі туралы деген заң қабылданды, мұның өзі тәуелсіз Қазақстанның банк ісіндегі реформа жұмысының алғашқы қадамы болған еді.
Мемлекеттік тәуелсіздігіміз ресми түрде жарияланған соң бір жылдан кейін, 1992 жылы, Қазақстан Республикасының Жинақ банкі құрылды, оның заңды түрдегі ресми құқық иеленушісі бүгінгі Қазақстан Халық Банкі болды.
1993 жылы Жинақ банкі Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарайтын дербес заңды құрылым - Қазақстан Халық Банкі болып ұйымдастырылды.
Ал 1995 жылы Банк жабық тұрпаттағы Акционерлік қоғам болып қайта құрылды.
Қайта құру рәсімі банк басшылығын ауыстырумен, жұмыс стилін түпкілікті өзгертумен ұштастырылды. Жаңа басшылық банк жұмысына әмбебап қызмет көрсету қағидатын негіз етіп алды және бүгінгі күнге дейін банк қызметі түрлерін барынша кеңейтуді, банкингтегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялардың соңғы жетістіктерін пайдалануды барынша қолдап әрі дәйектілікпен іске асырып келеді.
1995 жылдың аяғында-ақ Қазақстан Халық Банкі республикадағы аса ірі операциялық банк болып танылды. Қазіргі уақытта Банк қаржы рыногындағы өзінің сол айқындамасынан ауытқымай, қол жеткізген жетістіктерін сақтап қалуға ұмтылып келеді.
1998 жылдың шілдесінде акционерлердің жалпы жиналысының шешімімен Банк жабық тұрпаттағы акционерлік қоғамнан Үкіметтің қатысуы 100 пайызды құрайтын Қазақстан Халық жинақ банкі ашық акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. Сол жылы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларына, оның ішінде 1998 жылдың 6 шілдесінде шыққан № 644 Қазақстан Акционерлік Халық жинақ банкін 1998-2001 жылдары кезең-кезеңмен жекешелендірудің негізгі бағыттары туралы деген қаулысына сәйкес акционерлік қоғам капиталын ұлғайту бағытында жұмыс жүргізілді.
2001 жылдың қараша айында өткен сауда-саттық аукционында Қазақстан Үкіметі өзіне тиесілі 33,33%-ды құрайтын акцияларды бақылау пакетін және оған қоса бір акцияны сатты.
Халық Банкінің бүгінгі тарихы - бұл оны жекешелендіру және құрылымдық қайта құру процесі ғана емес, бұл жаңа банктік технологияларды үздіксіз ендіру, қызметтер спектрін кеңейту процесі, жинақ салымдары жүйесін жаңа талаптар бойынша толық сақтауға және жетілдіруге бағытталған ауқымды стратегия, филиалдық инфрақұрылымы дамыған сатылас біріктірілген банктік құрылымды жасау процесі. Бұл қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникативтік технологияларды ескере отырып Қазақстан Халық Банкінің басты міндеттерін - зейнетақы, жалақы төлеу, салықтық, коммуналдық және басқа да төлемдерді қабылдау, шағын және орта кәсіпорындар мен мемлекеттік мекемелерге есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету міндеттерін шешуге бағдар жасау процесі.
Халық банкі қоғам дамуы және әлеуметтік мәселелерді шешу кезінде белсенді ат салысып, жауапты корпоративтік азамат болуға тырысады. Банк құндылықтарының бірі (қызметкерлерінің алдында болсын, жалпы қоғам алдында болсын) әлеуметтік жауапкершілік болып табылады.

2.2. Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің ішкі қызметін талдау және оның ресурстары.

Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің ішкі жұмысын үш топқа жіктеп талдауға болады:
● Жеке тұлғаларға қызмет ету;
● Заңды тұлғаларға қызмет ету;
● Шағын және орта бизнес қызметі;

Жеке тұлғаларға қызмет ету жұмысы мыналардан тұрады:
▬ ДепозиттерЖинақ ақша
▬ Төлем карточкалары
▬ Мобильдік банкинг
▬ Ақша аударымдары
▬ Интернет-банкинг
Сіздің жинақ ақшаңыздың сақталып қалуына Халық Банкінің жоғары сенімділігі мен тұрақтылығы ғана емес, мемлекеттік салымдарға кепілдік беру Қоры да кепіл болады.
Яғни, Қазақстан Халық Банкі АҚ-нің депозиттеріне тоқтала кетсек, олардың 6 түрі бар:
1. ДепозиттерЖинақ ақша
* Халықтық - арнаулы
* Халықтық - стандарт
* Халықтық жинақтаушы
* Халықтық зейнетақылық
* Halyk - әмбебап
* Halyk- балалар үшін

"Халықтық - арнаулы"
1. Салым мерзімі 12 айды құрайды.
2. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
3. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері - 7 000 теңге 50 АҚШ доллары 50 евро болса, толықтыруға болады.
4. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жинақ шотындағы кемімейтін салым қалдығы 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евро мөлшерінде болған жағдайда ішінара ақша алуға болады.
5. Салымның ең төмен мөлшері: 75 000 теңге немесе 500 АҚШ доллары немесе 500 евроны құрайды.
6. Банктік салым шартында немесе шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді. Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.

"Халықтық - стандарт"
1. Салым мерзімі - 1,2,3,4,5,6,7,8,9,10,11,12,18, 24,30,36 ай.
2. Салым бойынша сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
3. Салымды толықтыру мүмкіндігі қарастырылмаған.
4. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі де қарастырылмаған.
5. Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін - 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Басқа өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
6. Банктік салым шартында немесе шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.
Халықтық - стандарт депозиті бойынша пайыздық мөлшерлемелер: Ақша аударымдары әлемнің кез - келген түкпіріне ақша аударудың тез және сенімді тәсілі.
Халықтық - жинақтаушы
1. Салым мерзімі 6, 9, 12, 18, 24, және 36 айды құрайды.
2. Капитализация: ай сайын жүзеге асады, капиталданған сомаға сыйақы мөлшермесі қосылады.

3. Салым бойынша сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
4. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 1 000 теңге немесе 10 АҚШ доллары немесе 10 евро болса, толықтыруға болады.
5. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі қарастырылмаған.
6. Салымның ең төменгі мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін -15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Басқа өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
7. Егер шартта көрсетілген салым мерзімі 36 ай болса, сыйақы мөлшерлемесі салым сақталатын мерзім ішінде өзгеріссіз қалады.
8. Сыйақы мөлшерлемесі салым сақталатын мерзім ішінде өзгеріссіз қалады, егер басқаша банктік салым жайындағы келісім шартта немеса оның қосымшасында айтылмайтын болса.

Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.

Халықтық - зейнетақылық
1. Ерекше талаптары: бұл салым жасы кемінде 50-ге толған немесе 50-ге жақындаған, зейнеткерлік куәлігі бар тұлғаларға арналған.
2 Салым мерзімі: 6, 13 ай.
3. Салым бойынша сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады.
4. Сыйақы төлеу: ай сайын, банк салымы туралы шарт күшіне енген күннен бастап, әрбір күнтізбелік ай аяқталғанда орын алады.
5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 500 теңге немесе 5 АҚШ доллары немесе 5 евро болса, толықтыруға болады.
6. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: қарастырылмаған.
7. Салымның ең төменгі мөлшері: 2 000 теңге немесе 20 АҚШ доллары немесе 20 евро.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.

Halyk - әмбебап
1. Салым мерзімі: 12 ай.
2. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
3. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері - 15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро болса, толықтыруға болады.
4. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: жинақ шотындағы кемімейтін салым қалдығы 700 000 теңге немесе 5000 АҚШ доллары немесе 5000 евро мөлшерінде болған жағдайда.
5. Салымның ең төмен мөлшері: 700 000 теңге немесе 5000 АҚШ доллары немесе 5000 евро.
6. Банктік салым шартында немесе шартқа қосымша келісімде өзге жағы қарастырылмаған болса, сыйақы мөлшерлемесі салым мерзімі ішінде өзгермейді.
8. Ерекше талаптары: 5 000 АҚШ долларына балама мөлшердегі кредиттік лимитпен төлем карточкасы қоса беріледі.
Салымшының таңдауына қарай салымды қолма-қол ақшамен де, ақша аудару арқылы да ашуға болады.

Halyk- балалар үшін
1. Ерекше талаптары: бұл салым жасы 16-ға толмаған салымшының атына қабылданады. Салымшының атына кез - келген тұлға, туыстық қатынасының баржоғына қарамастан, тиісті құжаттарын көрсете отырып, ақша сала алады.
2. Салым мерзімі 1- айдан 10 - айға дейін. Салымның ең ұзақ мерзімі баланың 16 жасқа толу талабымен реттеледі.
3. Капитализация: әр жыл сайын, 12 ай сайын.
4. Сыйақы төлеу: салым мерзімі аяқталғанда.
5. Салымды толықтыру мүмкіндігі: қосымша жарнаның ең төмен мөлшері 1000 теңге немесе 10 АҚШ доллары немесе 10 евро болса, толықтыруға болады.
6. Салымнан ішінара ақша алу мүмкіндігі: қарастырылмаған
7. Салымның ең төмен мөлшері: Алматы және Астана тұрғындары үшін -15 000 теңге немесе 100 АҚШ доллары немесе 100 евро. Басқа өңірлер үшін - 7 000 теңге немесе 50 АҚШ доллары немесе 50 евро.
8. Шартта көрсетілген салым мерзімі 12-айды қоса алғандағы мерзімді құрайтын болса, сыйақы мөлшерлемесі салым сақталатын мерзім ішінде өзгертілмейді.
9. Банк салымның сыйақы мөлшерлемесін бір жақты тәртіппен шарт бекітілген күннен бастап әрбір 12 айдан кейін өзгертіп отыруға құқылы болады.
Жасы 14-ке толмаған салымшының атына салынған салымға салымшының заңды өкілдері (ата-анасы, асырап алушысы, қамқорлық жасаушысы) иелік етеді, ал жасы 14-ке толғаннан кейін салымға өзі иелік етеді.
Жасы 16-ға толмаған салымшыға салым Қазақстан Республикасы азаматының туу туралы куәлігін көрсеткеннен кейін және оның заңды өкілдерінің (ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары) көзінше жүргізіледі.
Егер салымшының жасы 14-ке толмаса, салым мен оның сыйақысы ақша салушыға тек салымшы немесе оның заңды өкілдері міндетті түрде банкке келіп, ұсынған жазбаша бас тарту негізінде ғана беріле алады.

2.Төлем карточкалары

Қағаз ақша ғасыры тәмамдалып келеді. Адамдардың көпшілігі қазіргі таңда қолма-қол ақшадан бас тартып, төлем карточкаларын таңдауға көшкен. Осы бір пластиктің артықшылығының орасан зорлығы сонша оны сипаттап беруге уақыт жетпес. Карточка - әмбебап төлем құралы, оны тұлға жер шарының кез - келген түпкірінде пайдалана алады (әрине, банк бар жерлерде). Бұл банктік карточкалық шоттарды басқаруға қол жеткізетін кілт. Төлем карточкасының көмегімен үйден шықпай-ақ тауарлар мен қызметтерді төлеуге болады немесе қолма-қол ақша алуға болады. Карточка белгілі бір мерзімге шығарылады.

Бұл мерзім карточканың өзінде көрсетіледі. Тұлға карточкасының жарамдылық мерзімін тексеруді ұмытпауы қажет, өйткені жарамдылық мерзімі аяқталғаннан кейін карточканы қайта шығару керек.
Төлем карточкалары негізгі 2 санатқа бөлінеді:
Негізгі карточка - бұл карточкалық шот бойынша ресімделген төлем карточкасы.
Қосымша карточка - клиенттің өзі сенім білдірген тұлғаның, мысалы жұбайының немесе балаларының атына негізгі карточканың карточкалық шоты бойынша ресімделген төлем карточкасы. Клиент белгілі бір уақыт кезеңі ішінде қосымша карточка бойынша қол жетімді ең жоғарғы сомаға (лмит) және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің несиелік ресурстарын орналастыру тәжірибесін талдау ("АТФ" АҚ мысалында)
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Коммерциялық банктердің депозиттік ресурстары
Банктің қаржы ресурстарын қалыптастыру және оны тиімді пайдалану
Банк қызметі және оның түрлері
ЕКІНШІ ДЕҢГЕЙЛІ БАНКТЕРДІҢ АКТИВТЕРІН ТАЛДАУ
Қазақстан Республикасындағы ақша айналымы және банк жүйесін тұрақтандыру
Коммерциялық банктердің басқару және функционалдық құрылымы
Несие берудегі несие саясаты
Пәндер