Судың сапасы және оны жақсарту, жергілікті жердегі ағымды сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану


Жұмыс түрі: Реферат
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ
Геодезия, жерге орналастыру жане кадастр кафедрасы
РЕФЕРАТ
Тақырыбы: Судың сапасы және оны жақсарту, жергілікті жердегі ағымды сумен қамтамасыз ету және оны пайдалану.
Мазмұны
Кіріспе
1. Қазақстанның су ресурстары
2. Су қорын халық шаруашылығында пайдалану
3. Суды ауыр металл иондарынан тазалау
Қорытынды
Әдебиеттер тізімі
Мектеп партасынан біз су бір атом сутегі мен екі атом оттегінің қосындысынан тұратынын білеміз. Өзінің қарапайым құрылымына қарамастан су ғылымға әлі күнге дейін неше қилы жұмбақтар ұсынып келе жатқан зат. Ғылым мүмкіндігінің күннен күнге өсіп бара жатқанына қарамастан бұл жұмбақтардың бірінен бірінің шешуі қиын екенін мойындайды ғалымдар. Яғни судың бойында ашылмаған сыры әлі мол. Мысалы, ғылымда бүгінде атомдық салмағы үш түрлі оттегі кездесіп отыр екен - жеңіл, ауыр және асатауыр оттегі. Атомдық салмағына қарай табиғатта сутегінің де үш түрінің кездесіп отырғаны белгілі. Осылардың қосындысына қарай дүниедегі су да қазір жеңңіл, орта, ауыр, аса ауыр салмақты боп төртке бөлінеді екен.
Су - тіршілік тірегі. Бір жасқа дейінгі нәресте денесінің 80-85 проценті судан тұрады екен. Өс екеле бұл көлем кеми береді -18 жасында денедегі су құрамы 65-70 процентке кемиді. Яғни, салмағы 70 килограмм адам бойында 45-50 килограмм су болады. Сүйек пен шеміршектің 25-30, бұлшық ет, өкпе, бауыр, бүйректің 70-80, қанның 90, сілекейдің 99, 5, көздің шыныға ұқсас алдыңғы қабатының 99, тістің 0, 2 проценті су.
Суда тіршщілікке нәр болар қорек жоқ. Алайда олтірі организмнің негізгі бір бөлегі. Суда бойға керек заттарды ерітіп, тамырлар арқылы дененің алыс түпкірлеріне дейін жеткізіп тұратын қасиет бар. Денедегі бірде бір зат айналымы судың қатынасынсыз жүрмек емес.
Адам - бойындағы судың азайып бара жатқанын тез сезгіш тіршілік иесі. Егер екі процентін жоғалтса - қаталайды. 6-8 проценті жетпесе - көзі қарауытып, басы айналады, 10 процентінен айырылса есінен айырылып, дүниенің бәрі оған су болып көрінер еді. Адам бойындағы судың 12 проценті жетпесе, ажалдан қашып құтылу жоқ.
Адам аштыққа отыз күн шыдаса, шөлге үш-ақ күнге ғана шыдайды.
1. Қазақстанның су ресурстары
Қазіргі заманда коммуналдық, өндірістік және ауыл шаруашылық салаларында суды пайдалану мен тұтынудың қажеттілігі орасан артып отыр. Жер бетіндегі халық тұтынатын барлық судың 22 пайызы тек тұрмыстық қажеттіліктерге жұмсалады екен. Орта есеппен алғанда дүниедегі әр адам күніне 150 литр суды пайдаланады. Бұл толтырылған екі ванна суға тең.
Су ресурсы - халықтың таусылмайтын өмірлік қазынасы. Егер оны есеппен, ұқыпты әрі үнемдіпайдаланып отырсақ, жауын-шашын, қар, т. б. жер үсті, жер асты суларымен қайта толығып, толысып отырады. Алайда бұл тепе-теңдік бұзылған жағдайда бүгінгі кейбір елдердегі, ммлекеттердегі сияқты су тапшылығы туындайды. Өндірісі өркендеген алдыңғы қатарлы елдердегі заводтар мен электр станциялары суды өт екөп пайдаланады. Мысалы, Америка Құрама Штаттарында бір автомашинаны жасап шығару үшін шамамен 38 мың литр су жұмсалса, Канадада 180 мың литр жұмсалады. Бұл бір тонна газет қағазын өндіруге кететін су көлеміммен бірдей. Британияда барлық пайдаланылатын судың 76 пайызы өндіріске жұмсалады, оның көбін жылу электр станциялары (ТЭС) пайдаланады. Олардың жұмысына күніне 13600 млн. литр су кетеді.
Жер бетіндегі барлық судың 97 пайызы мұхиттарда жинақталғанг, алайда олардың көбі тұзды болғандықтан пайдалануға жарамайды. Тау шыңдарындағы мәңгі қар, мұздықтар барлық судың 2 пайызын, жер сты сулары - 0, 6 пайызды, ал өзен, көл сулары небары 0, 02 пайызды ғана құрайды. Атмосферадағы судың булары бар болғаны 0, 001 пайыз ғана, алайда барлық жауын-шашынның негізін құрайтын осы су булары. Жыл сайын шамамен жер бетіне 113000 млрд. м 3 жаңбыр, қар жауады. Егер жауын-шашын барлқ жерде бірдей, теңдей болса, бұл мөлшердегі ылғал жер бетіне артығымен жетер еді. Алайда жердің орасан үлкен аймақтарында судың, ылғалдың жетіспеуінен құрғақшылық, қуаңшылық орын алған.
Соңғы жылдары қоршаған ортаны қорғауға, сондай-ақ судың тазалығына көп көңіл бөліне бастады, әсіресе ағын сулардың химиялық қоспалардан таза болуы, завод фабрикалардың зиянды қалдықтарының өзен, көлдерге тасталмауы жиі қадағаланатын болды.
Адамдар әлі суды үнемді пайдалануға жөнді мән бермей келеді. Мысалы, бау-бақшаларға су шашатын көпшілік су тозаңдату (распрыскиватель) құралдары сағатына 1000 литр су жұмсайды екен. Бұл төрт адамнан тұратын отбасның бір тәулік бойы пайдаланатын суымен пара-пар. Сондықтан көп елдерде бау-бақшаларды суғару жұмысын билік орындары қадағалап отырады.
Су тапшылығын көріп отырған аймақтарға суы мол өңірлерден су тарту жолдары да пайдаланылады. Алайда бұл тым қымбатқа түседі. Россия мен Қазақстан мемлекеттерінің арасында жаалған осындай бір жоба ондаған жылдар бойы шешім таппай келеді. Бұл жобада Сібірдің мол сулы өзендерінен канал арқылы Қазақстанның оңтүстік өңіріне су жеткізу жоспарланған болатын.
Қазақстанның жер үсті сулары орташа сулы жылдары 100, 5 км 3 -ге тең болса, оның 56, 5 км 3 -ғана республика аумағындағы су қорларынан құралады. Ал қалған 44, 0 км 3 су қоры шекаралас мемлекттерден келеді: Қытайдан - 18, 9, Өзбекстаннан - 14, 6, Россиядан - 7, 5, Қырғыстаннан - 3, 0 км 3 су қоры алынады. Соңғы 30-35 жыл аясында Қазақстандағы өзендердің су қоры, негізінен сырт елдерден ағып келетін трансшекаралық сулардың азаюынан 25 км 3 -ге кеміген. Қытай жағының шақыруымен 2004 жылғы маусым айының 26-30-ы аралығында Үрімші қаласында трансшекаралық өзендерді пайдалану мен қорғауға байланысты Қазақстан-Қытай біріккен комиссия сарапшыларының жұмысшы тобының мәжілісі өтті.
Қазақстанға сырт елдерге шығатын суларға байланысты және су қоймалары мен өзендердің суын тиімді, үнемді пайдаланбаудың салдарынан жыл сайын 58 км 3 су қоры ысырап болады. Сондықтан жыл сайын республикадағы пайдаланылатын жер үсті су қорының мөлшері 43, 5 км 3 шамасында болады.
Соңғы он жылдан аса уақыт аралығында су шаруашылығының жеткілікті қаржыландырмауынан туындаған экономикалық қиыншылықтардың кесірінен бұрынғы су шаруашылығының жүйелі инфраструктурасы бұзылып, республикадағы суармалы жер көлемі 1 млн. гектарға дейін қысқарып кетті.
2. Су қорын халық шаруашылығында пайдалану
Мемлекеттік Су Кодексінде көрсетілгендей, республикадағы барлық су шаруашылығы мемлекеттік және жекеменшік болып екіге бөлінеді.
Қазақстанда мұнай, газ, көмір, түсті және қара металл, химиялық шикізат қорларының молдығы оның экономикасын көркейтіп, дамытуға мүмкіндік береді.
Алайда бұл мүмкіндікті толық падалануға республикадағы су қорының тапшылығы мен шектеулігі кедергі болуда. Осыған байланысты Қазақстандағы су ресурстарын үнемді, ысырапсыз пайдалану проблемалары туындайды. Бұл үшін республикадағы су қорларын пайдалануды ғылыми негізде жүзеге асырып, одан әрі дамыту жолдарын қарстыру қажет. Ауыл шаруашылық дақылдарын суландыруға байланысты жоспарлау, технология, техникалық жабдықтау жұмыстарын ғылыми жетістіктерді пайдалана отырып жүргізу, су шаруашылықтары мен суару жүйелерін жетілдіру (оптимизация), аруашылықаралық, трансшекаралық су ресурстарын бөлісіп пайдалануды реттеу, мелиорациялық және су шаруашылығы жүйелерін паспорттау мен экология-экономикалық бағалау, жер асты суларын тиімді пайдалану сиқты күрделі жұмыстарды нарықтық қарым-қатынастар жағдайында ұтымды жүргізу талаптары республиканың су шаруашылығы қызметкерлеріне биік міндеттер жүктейді.
Жер бетіндегі халықтың жылдан-жылға көбейіп, олардың суға деген қажеттілігінің артуы көптеген елдерде су тапшылығын тудырып отыр. Әсіресе ауыл шаруашылығына пайдаланылатын өзен сулары жетіспей жатады. Осыған байланысты ғалымдар ағынды суларды (сточные воды) шаруашылықта пайдалану жолдарын зерттеп, оны жүзег асыра бастады. Қазақстанда бұл жұмыс 1969 жылдан жүргізіліп келеді. Республика Үкіметі 1985 жылы ағынды суларды тиісді пайдаланып, мал азығы мен техникалық дақылдарды, шабындықтар мен ағаш, орман-тоғайларды суландыру жұмысын дамыту туралы арнайы бағдарлама қабылдады.
Ғылыми зерттеулердің нәтижесі жер суаруға ағын суларды пайдаланған жағдайда мал азығы мен техникалық дақылдардың өнімділігі өзен суымен суарылғандағымен 30-50 пайызға дейін артатыны анықталып отыр, әрі топыраққа сумен бірге органикалық, минералдық тыңайтқыштар, микроорганизмдер мен микроэлементтер де барып, оның құрамын жақсартады.
Осы айтылған проблемалар су шаруашылығына жаңа көзқарасты, тың бетбұрыс жасауды қажет етті.
Ең алдымен су шаруашылығының нормативті-құқықтық базасы жасалып, Президент жарлығымен «Қазақстан Республикасының Су Кодексі» қабылданды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының экономика және су шаруашылығы саясатына байланысты су саласын дамытудың 2010 жылға ейінгі Тұжырымдамасы (концепциясы) белгіленді. Шаруашылықтардың суармалы жерлеріне су жеткізу үшін арық, каналдарды су қоймаларын жөндеу жұмыстарын қаржыландыруға арналған жәрдемақылар бөлінетін болды. Мысалы, осындай мақсаттарға республика бойынша 2003 жылы 465 млн. теңге бөлінсе, 2004 жылы оған 553 млн. теңге жұмсау көзделген. Бұдан басқа Үкімет тарапынан шаруашылықаралық каналдарды және гидромелиоративтік құрылыстарды күрделі жөндеулерден өткізу үшін 2003-2005 жылдарға 3, 0 млрд. теңге қаржы бөлу жоспарланған. Сондай-ақ мемлекеттік «Ауыз су» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында 2001-2010жылдарға 115, 1 млрд. теңге қаржы салымы (инвестиция) белгіленген.
Бұл сияқты ауқымды да күрделі жұмыстарды жүзеге асыру су шаруашылығының мемлекеттік кәсіпорындарына жүктелген.
Мелиорация - ауыл шаруашылығында қолданылатын өте тиімді шара. Әсіресе Қазақстан жағдайында құрғақ, қуаң жерлерде ылғалдың жетіспеуінен көптеген аймақтар әлі толық игерілмей келеді. Жерді суландырып пайдалану оның эконномиклық өнімділігін әлдеқайда арттыра түседі. Қажетті минералды тыңайтқштарды қажетінше қолдана отырып, жоғары агротехникалық жолмен өнделген суармалы жер өнімдібес есе артық беретіні белгілі. Әрі суармалыжерде ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру тәлімі жерде (богара) өсірген өнімдердің өзіндік құнынан қымбатқа түспейд, ал әр гектардан түсетін таза пайда тәлімі жерге қарағанда 2-2, 5 артық болады. Суармалы жер тіпті құрғақшылық жылдары да тұрақты түрде жоғары өнім алып отыруға мүмкіндік береді.
Халық шаруашылығының қай саласы болмасын, сусыз өмір сүруі мүмкін емес. Сондықтан өмір талабына сәйкес облыстағы су шаруашылығы да жылдан-жылға жоспарлы түрде дамып келеді.
3. Суды ауыр металл иондарынан тазалау
Өндірістің әр түрлі салаларында, құрамында - сынап, хром, кадмий, мырыш, мыс, никель, мышьяк және де басқа элементтерді және олардың қосылыстарын пайдалану, қолданылған судың осы заттармен ластануына мүмкіншілік туғызады.
Қолданылған судың құрамынан бұл элементтерді бөліп алу үшін, әр түрлі белгілі тәсілдерді қолдануға болады. Қазіргі күні, реагенттік әдіс көп қолданыс тауып жүр. Бұл әдіс, әр түрлі реагенттер қосу арқылы, суда еріп жүрген заттарды ерімейтін түрге айналдырып бөліп алуға негізделген. Реагентті әдістердің негізгі кемшілігі, ауыр металдардан тазалана отырып, су, қосылған реагенттермен ластанады.
Судағы ауыр металдардың иондарын бөліп алу үшін, әдетте реагент ретінде кальций және натрий карбонаты және сульфиді және т. б. қолданылады. Ең көп қолданыс тауып жүргені - кальций гидроксиді. Тазалау процесінде судағы ауыр металл иондары, гидроксид түрінде тұнбаға түседі. Бұл процесс, әр түрлі рН мәндерінде жүргізіледі.
Металл иондарының гидроксид түріндегі тұнбасы түзілетін рН - мәндері
Сынап - хлор және натрий гидроксиді өндірісінде электрод ретінде, ал кейбір өндірістерде катализатор ретінде қолданылғандықтан, шайынды сулар сынаппен және оның қосылыстарымен ластанады. Өндірістік шайынды суларда, сынап - бейорганикалық және органикалық қосылыс түрінде болады. Олар: HgO, HgCl 2 , HgSO 4 , HgS, Hg(NO 3 ) 2 , Hg (CN) 2 т. б. Судағы сынаптың иондары және оның жақсы еритін қосылыстары өт еулы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz