Қонақ үйлердің қазіргі замандағы классификациялық жүйесі


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 6

1 ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ КЛАССИФИКАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ . . . 9

1. 1 Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және қонақ үйлермен байланыстылығы . . . 9

1. 2 Әлемдік қонақ үй шаруашылығының қызметі мен құрылымы . . . 11

1. 3 Қонақ үй бизнес сферасындағы сервисті құрушы қызметтер . . . 28

2 ҚОНАҚ ҮЙ КӘСІПОРНЫНЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ТАЛДАУ . . . 31

2. 1 Қазақстан Республикасы қонақ үй бизнесіндегі менеджмент ерекшеліктері және басқару деңгейін талдау . . . 31

2. 2 «Қазақстан» қонақ үйінің жалпы сипаттамасы және негізгі экономикалық көрсеткіштер . . . 38

2. 3 «Қазақстан» қонақ үйін ұйымдастыру және басқару . . . 47

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІ МЕНЕДЖМЕНТІН ЖЕТІЛДІРУ ШАРАЛАРЫ . . . 64

3. 1 Қазақстан Республикасы қонақ үй бизнесі менеджменттің болашағы . . . 64

3. 2 Отандық қонақ үй бизнесі менеджментін жетілдіру шаралары . . . 68

3. 3 «Қазақстан» қонақ үйін басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру . . . 72

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 80

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 83

ҚОСЫМША . . . 85

:
:
:

КІРІСПЕ

Қазіргі жағдайдағы қонақжайлық индустриясында болып жатқан жедел өзгеріс және қоғамда болып жатқан өзгеріске басшылар мен менеджерлер ке-рек жағдайда дұрыс жұмыс істегені өте маңызды. Бұл жағдайда бағасыз көмек-ті бизнес-жоспар береді. Бизнес-жоспар қонақ үй бизнесінің болашақ қимы-лының дұрыс жүргізілуіне көмектеседі. Осы жоспарлаудың арқасында қонақ үй кәсіпорнының тәуекелдігін минимум деңгейге төмендетеді және кез-келген жағдайдан оңай шығуына жол ашады.

Қонақжайлық индустриясы - қонақтарды қарсы алып, оларға қызмет көр-сетумен байланысты қызмет нарығандығы кәсіпкерлік қызмет. Бұл түсінікке қоғамдық тамақтандыру орындары, демалу және көңіл көтеру парктері, қонақ үйлер жатады. Қонақжайлық немесе қонақ үйлік және мейрамханалық бизнес саласы - бұл «алтын жұмыртқа туатын тауық» деп аталатын бизнес аясы. Бұл қонақжайлық саласының туризмнің базасы және негізгі факторы болып сана-латындықтан (сондай-ақ халықаралық туризмде) қонақ үй бизнес-жоспарын бұл салада құрудың маңызы өте зор. Заманауи шаруашылық жағдайда бизнес-тің дамуында кәсіпорын ішілік жоспарлау қолданылады. Осы жоспарлаудың ішіндегі прогрессивті түрі бизнес-жоспар болып табылады. Қонақ үй кәсіпор-нының сәтті жұмыс істеуі үшін қонақ үй саласының қазіргі жағдайын және болашақта не күтілетінін болжай білу қажет. Сонда ғана қонақжайлық индуст-риясында үлкен нәтижелерге қол жеткізуге болады.

Қонақ үй кәсіпорында тиімді басқаруды жетілдіру - кәсіпорын қызметінің сапасын айқындаушы және оны дамытудағы негізгі құралдарының бірі болып табылады. Кәсіпорынды тиімді басқару сапасын жоғарылатып, оның ресурстарын тиімді пайдалануға жол береді. Нарық шарттарында және қатаң бәсекелік күресте кәсіпорын ішкі және сыртқы өзгерістерді есепке алып, тез арада керекті амалдарды қолдануы тиіс.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін нарықтық қатынастарды дамытып, на-рық талабына бейімделуге тура келді. Бұл жағдай қонақ үй ісін де айналып өт-педі. Қонақ үй кадрларын дайындауда жаңа заман талабына сәйкес өзгерістер енді. Мысалы, қонақ үй менеджменті мен маркетингі саласы мен қонақ үй ісін жетілдіру мәселесі күн тәртібіне шықты. Жекеменшік қонақ үйлер мен орна-ластыру орындарының көбеюі қонақ үй ісіне үлкен өзгеріс әкелді. Батыс ел-дерінде қонақ үй бизнесі саласындағы алдыңғы қатарлы технологияларды қол-дануға деген талпыныс байқалды. Бұл еліміздегі қонақ үй ісінің дамуы үшін алға жасаған үлкен қадам болды.

Бүгінгі күні ішкі және сыртқы нарықтарды экономикалық бәсекелестіктің жаңа әдістері мен нысандардың пайда болуына байланысты тауарлар мен қыз-меттерде қажетті менеджмент әдістерін қолдану күшейіп келе жатыр. Сондықтан бәсекелестік жағдайда өмір сүру мүмкіншілігін беріп қана қоймай, нарық бөлігін жаулап алу, шетел нарықтарына шығу, пайданы өсіру сияқты стратегиялық, ұзақ мерзімді мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Оның мақсат-міндеті республикадағы қонақ үй қызметін өндіруші кәсіпорынның көкейкесті мәселелерін талдап, оларды оңтайлы шешу қажеттіліктерімен анықталады және негізделеді.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының зерттелу деңгейі. Ресей ғалымдарынан қонақ үй бизнесін басқару мәселелерімен келесі ғалымдар айналысқан: Яковлев Г. А., Чудновский А. Д., Н. И., Биржаков М. Б., Биржаков М. Б., Казаков Н. П., Кабушкин Н. И., Бондаренко Г. А., Папирян Г. А.

Ал Қазақстандық ғалымдарға келетін болсақ олар келесілер: Раева Р. А., Куатова Р., Рахимбекова Ж. С., Джанджугазова Е. А., Мазбаев О. Б., Омаров Қ. М.

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі - тәуелсіз Қазақстанда жаңа нарықтық экономикалық қатынастардың қалыптасып, қоғамның саяси жүйесінде демократиялық процестердің біршама дамуына байланысты жаңа терминдер мен ұғымдар пайда болды. Еркін экономикалық қатынастар кезеңінде әрбір экономикалық субьектінің, соның ішінде, қонақ үйдің өз қызмеін ұйымдастыруда жемісті нәтижеге қол жеткізуі үшін тиімді басқарудың маңызы зор.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - оның өзектілігіне сәйкес қонақ үй қыз-метін сапалы ұсыну, оның сұранысын жолға қою, қонақ үй бизнесін дамыту және «Қазақстан» қонақ үйінде басқаруды дұрыс ұйымдастыру бойынша ұсыныстар жасау.

Дипломдық жұмыстың мақсатына байланысты, оның келесі міндеттері анықталып, шешіледі:

- қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыстылығын қарастыру;

  • әлемдік қонақ үй шаруашылығының қызметі мен құрылымын зерттеу;
  • қонақ үй бизнес сферасындағы сервисті құрушы қызметтерін анықтау;
  • Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының жалпы жағдайын талдау;
  • «Қазақстан» қонақ үйінің жалпы сипаттамасы және негізгі экономи-калық көрсеткіштеріне талдау жасау;
  • «Қазақстан» қонақ үйін ұйымдастыру және басқаруын сараптау;
  • Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесі менеджменттің болашағын болжау;
  • Отандық қонақ үй бизнесі менеджментін жетілдіру шараларын ұсыну;
  • «Қазақстан» қонақ үйін басқаруды және ұйымдастыруды жетілдіру жолдарын іздестіру.

Дипломдық жұмыстың зерттеу обьектісі - Қазақстан Республикасының қонақ үй саласы және «Қазақстан» қонақ үйі болып табылады.

Ал, зерттеу пәні - қонақ үй кәсіпорнындағы тиімді басқару жолдарын қалыптастыруға бағытталған теориялық, методологиялық аспектілер жиынтығы болып табылады.

Осы жұмыстарды жүргізу нәтижесінде алынған жаңалық:

- қонақ үй кәсіпорнында ұйымның стратегиялық жоспарлауына байланысты ашық маман менеджмент саясатын ұсыну болып табылады;

- қызметкерлерді таңдаудағы менеджерге қойылатын тапсырмалар тізбегін құру;

- қонақ үйдегі жұмыс күшін және жұмыс орнын құрылымдауды зерттеу.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы - ұсынылған шаралар қонақ үй кәсіпорнының қызметін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

  1. ҚОНАҚ ҮЙЛЕРДІҢ ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ КЛАССИФИКА-

ЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕСІ

1. 1 Қонақ үйлердегі қызметтің түрлері және оның қонақ үйлермен байланыстылығы

Қонақ үйлерді классификациялау оның ауқымдылығы мен туризм және саяхаттаудың кезекті көп түрлілігімен келісімділігімен туристерді орналастырумен айналысатын мамандардың үйлесімді іс әрекетіне қарай саяхаттың әр түрлі мақсатына адамдардың материалдық сипатына, ұлттық құрамына географиялық жағдайына және табиғат ерекшелігіне байланысты. Дегенмен классификациялау бірнеше ортақ белгілері бойынша ұлттық тұрғыдан қарастыруға болады. Мысалы нарық жағдайына байланысты қызмет көрсету деңгейі алуан түрлі жекеменшік формасы басқару жүйелігіне, тәуелділік деңгеіне де байланысты.

Қазіргі қонақ үйлерді классификациялау жүйесі мемлекеттік немесе ұлттық қонақ үйлер ассоциясының үлгісі бойынша және сертификациялық ережелерінің заңдастыру материалдық базасының сандық сипаты, сервистік жағдайға, қызмет көрсету сапасының жоғарғы деңгейде болуы шарт. Қонақтарды қабылдау орнындағы жиһаз, жаңа технологияға қарай оның қандай қонақ үй түріне жататынын біле аламыз.

Қонақ үй құрамына кіретін арнайы орындар: туристер үшін жатақханалар, арнайы жиһазбен қамтамассыз етілген арнайы орындар бар. Бірақ олардың басқа қонақ үйлер салаларының айырмашылығы, бөлек-бөлек жатын орындары жоқ. Жалпыға бір ұжымдық жатын орны және тұрғын орын бар. Туристерді жатын орынмен қамтамассыз етумен бірге, басқа да қызмет түрлері көрсетіледі. Мысал ретінде осы айтылған орындарға: курортты орындар, дагерлер жатады. Осындай орындарда туристерге жатын орнын тауып беру мақсат емес. Мұндағы ең басты мәселе, табиғи факторлар (климат, теңіз, минералды сулар) пайдалана отырып адам денсаулығын жақсарту, оларға рухани және материалды түрде ету. Күнделікті және жұмыс орнынан бөлек өзге бір жағдай жасау. Сонымен қатар ем жасау, қонақтарды арнайы рецепт бойынша тамақтандыру, демалдыру сияқты қызмет түрлері көрсетіледі. Қонақ үй классификациясы әр елдерде әр түрлі категорияларға бөлініпотызға жуық атауға ие. Бірмекті классификацияға келуге көптеген себептер мүмкіндік бермейді. Оларға мемлекеттердің тарихы мәдени даму деңгейі, туристік қызмет көрсетудегі ұлттық дәстүрлер ерекшелігі және сапалы қызмет көрсетудегі бағалауы және сипаты әсер етеді.

1, 2, 3 қонақ үй шаруашылығының комфорттылығы, ассортименттері және қызмет көрсету бағасының әртүрлігі. Ассортименттері мен қызмет көрсетулердің бағасы бойынша, қонақ үй шаруашылығын бірнеше типтерге бөлуге болады:

1. Арзан қонақ үйлер немесе қызмет көрсетумен шектелген (мотельдер, үнемдеу класына жататын қонақ үйлер және т. б. ) - қызмет көрсету түрлерін кең көлемде ұсынады, бірақ орташа деңгейде;

2. Орташа деңгейдегі қонақ үйлерді (куроттық қонақ үйлер, жекеменшік қонақ үйлер және т. б. ) - кез-келген әлеуметтік деңгейі орташа туристер тобы таңдай алады. Бұл жерде қызмет көрсету түрлері орташа;

3. «Люкс» отельдер (толық қызмет көрсететін қонақ үйлер түрлері, жоғары класты қоанқ үйлер және т. б. ) - фешенебельді декормен, жоғары деңгейдегі жиһаздармен жабдықталған, қоғамдық бөлмелермен қамтамассыз етілген, салондары жақсы жабдықталған. Жоғары деңгейдегі қонақ үй шаруашылығында, нөмірлердің салдарына (кейбір кездерде, олар бір-біріне сәйкес келеді) байланысты қызмет көрсетушілердің пайызы жоғары. Люкс-отельдерде 100-ден 400-ге дейін нөмірлер бар. Қаланың ортасында орналасқын, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетумен сипатталады, бағасы жоғары, туристердің құрамында лауазымды адамдарға арналған, қымбат бөлмелері бар және қонақтардың тұрақтауы үшін элиттік деңгейдегі жағдай жасалынған, негізінен ірі мекемелердің жетекшілері, жоғары деңгейдегі кәсіби мамандар, конференция қатысушылар үшін арналған [3] .

Курорттық қонақ үйлерде 100-ден 500-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, олар теңіздерге, мұхитқа, көлдерге, тауларға жақын орналасқан, қала маңында, қызмет көрсету түрлері ұсынылады, қалалық қонақ үйлерден қымбатырақ. Саны жағынан, спорттық кешендер көбірек, қымбат мейрамханалары, банкет залдары, кездесулерге арналған жолдары және турситердің категориясына байланысты салынған.

Үнемдеу класына жататын қонақ үйлерде нөмірлік фондына немесе корына байланысты 10-нан 150-ге дейін нөмірлер болуы мүмкін, қалаға жақын арада орналасқан, кішігірім қызмет көрсетушілер штаты бар, қазіргі заманға сай орташа баға ұсынылады, нөмірлері жақсы жиһазбен жабдықталған, бірақ тамақтандырусыз. Тұрғындары негізінен жұмыс бабымен келгендер және туристер.

Комфорттылық деңгейі, тек қана қонақ үйлердің базасының тұрмыстық жағдайына байланысты ғана емес, сонымен қатар қонақ үйдің қызмет көрсетушілерінің жұмыс сапасына да байланысты болып келеді. Бүгінгі күнде 30-дан аса әр түрлі класифткациялар бар. Дүниежүзіндегі қоанқ үйлерге бірдей классификацияны енгізуге, мемлекеттердің тарихи-мәдени дамуына байланысты кейбір факторлар әсерін тигізеді. Сонымен қатар, олардың ұлттық ерекшеліктеріне, қызмет көрсету сапасына және т. б. бағалау сапасына байланысты болып келеді. Төменде әр түрлі елдердегі берілген классификацияларының ерекшеліктер қарастырылады.

Жұлдыздық жүйе. Көбінесе кездесетін қонақ үйлердің классификациясы франсуз ұлттық классификациясы болып табылады. Барлық дерлік қонақ үйлер комфорттылығына байланысты категорияларға бөлініп, жұздыздық жүйемен белгіленеді, әрбір «жұлдыздар» саны да бірқатар көбейеді.

1. 2 Әлемдік қонақ үй шаруашылығының қызметі мен құрылымы

Қонақ үйдің орналастыру бөліміне нөмірлер, баспалдақтар мен лифтер кезекші персонал бөлмелері кіреді және түрлі формада болып онда бір немесе бірнеше коридорлар болуы мүмкін. Нөмірлерге жалпы тұрғын бөлімнің 54-70 %, ол коридорлар 13 тен 22 % дейін көлемі келеді. Нөмірлер орын санына, бөлмелер санына, көлеміне және жабдықталуына қарай бөлінеді. Қонақ үйлердің нөмірлерінің көпшілігі, дүние жүзілік тәжірибе бойынша, бір орындық және бір бөлмелік болып келеді. Бөлме кеңістігі бірнеше фнкционалдық бөлімдерге бөлініп, бір бөлмелі нөмірдің 70 % тұру бөліміне 14% кіре беріске, 20 % санитарлық торапқа тиесілі болады. Жалпы көлемі бұндайда 7 ден 14 кв. м дейін қазіргі заманғы талаптар бойынша бұл көрсеткіш 14-18 кв. м 20-21 кв. м дейін болады.

Қызмет етушілердің алыста болуы қызмет сапасын төмендетіп, қолайсыздық тудырады, сондықтан қызмет етушілердің бөлмелері әр қабатт орналасқаны дұрыс. Нөмірлердегі тазалау үш түрде болады: күн сайынғы, тұрушының кетуінен кейінгі және толықтай тазалау. Тазалауды тұратын адамның рұқсатымен не ол жоқта жасау керек. Нөмірлердегі қызмет етушінің міндеттеріне бөлмелерді желдету, ыдыс жуу, төсек жинау, шаң сүрту, төсек жабдықтарын ауыстыру т. б. жатады.

Қонақ үй әр түрлі инжинерлік жабдықтармен камтамассыз етілуі тиіс. Оны жұмыс жағдайына ұстау керекті технология мен қамтамассыз етіледі. Қауіпсідік техникасы мен еңбекті қорғау сақталынуы керек. Сумен жабдықтау ыстық сумен өрт сөндіретін сумен, тамаққа пайдаланатын және тұрмыстық қызметке қажет сумен қамтамассыз етеді. Ауа тазартқыш жылу беретін жүйелер де, сондай-ақ сөндіру жүйесі қалыпты жұмыс істеуі керек.

Қонақ үйлердегі қызмет түрлері ұйымдастыру құрылымына байланысты. Оның ішінде категориясына, нөмірлік қордың ауқымдылығына, орналасқан орнына, қонақтардың ерекшелігіне т. б. факторларға қатысты.

Қызмет көрсету түріне қарай қызметкерлердің жұмысын анықтайды. Негізгі қызмет түрі:

- әкімшілік басқару қызметі;

- қабылдау және орналастыру қызметі;

- нөмірлік қор қызметі;

- қоғамдық тамақтандыру;

- коммерциялық;

- инженерлік-техникалық;

- қосымша және көмекші қызмет.

Қонақ үйлерде негізгі қызмет көрсету түрлеріне: Әкімшілік басқару қызметі, бұл ең жоғарғы деңгей болады. Әкімшілік қызмет түрлеріне қонақ үй кешеніндегі барлық бөлім қызметі жауап береді. Қаржы мамандарымен қамтамассыз ету, жұмысшылар мен қызметкерлерге жұмыс істеуіне жағдай жасау, еңбек ережесін сақтау, өрттен сақтану, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету алдында қарастырылатын мәселелер.

Қабылдау және орналастыру қызметі жататын орынды броньдау, қонақтарды қабылдау, тіркеу, бөлмелерге орналастыру, жатын орындарын жайғастыру сонымен қатар қонақтарды шығарып салу жұмыстарын ұйымдастыра білу шарт. Қызмет құрамы алуан түрлі.

Нөмірлік қормен басқару қызметі нөмірлерді броньдаумен, қонақ үйге келген туристерді қабылдаумен, оларды тіркеумен, нөмір бойынша орналастырумен, сондай-ақ оларды үйлеріне қайтарумен айналысады, нөмірдегі туристерге қызмет көрсетуді, панажайағы комфорт деңгейін ұстап тұруды және санитарлық-гигиеналық жағдайда қамтамассыз етеді, қонақтарға тұрмыстық та қызмет көрсетеді.

Қызметтердің құрамы: директор немесе нөмірлерді пайдалану жөніндегі менеджер, қабылдап алушы және орналастырушы қызметі, қонақ үйді тазаулаушылар қызметі, бірлескен қызмет көрсету (швейцарлар, дәлізшілер, киім ілуші, гараж шаруашылығының қызметшілері), портье қызметі, консбержа қызметі, шабармандар қызметі, нөмірлерді тазалау жөніндегі инспектор, қауіпсіздік қызметі. Қабылдап алу және орналастыру қызметінің жұмысы нөмірдің бағасымен. Орналасу мерзімімен, төлем тәртібімен таныстару. Тіркеу кезінде алдын ала нөмір брондалған ба, жоқ па соны анықтау және қонақтың қандай орынға орналасқысы келетінін анықтау. Орналасуға растау қағазын қонақ алғаннан кейін, ол тіркеу карточкасын толтырады, онда өзінің тұрақты мекен-жайын, қонақ үйде тұруына ақша бөлген ұйымның (егер төлем үшінші жақпен төленсе) мекен жайын, төлем түрін (нақты, несие карточасы, чек) көрсетіп жазады. Карточканы толтырып, қол қойып, солар арқылы қонақ орналасудың түрін, онда тұру мерзімін, нөмірдің бағасын растайтын келісім-шарт жасайды. Қонақ үй құрылымы 1- суретте көрсетілген.

Рәсімделу аяқталғаннан кейін дәлізші немесе шабарман қонаққа берілген бөлмеге оның жүктерін көтерісіп апарады. Осы қызметтің басшаларының негізгі міндеті осы қабылдап алу және ораналастыру үрдісі кезінде кез келген кереғар жағдайдың болмауын қадағалау, себебі оның кесірінен қонақ үйдің мәртебесі түсуі мүмкін. Қонақ үй басшылардың алдында әрқашан бір мәселе тұрады: ол- бір орынды екі рет брондауға бел буу немесе нөмірлік қордың бос қалуы.

Сондықтан брондау қызметінің рөлін бағаламауға болмайды. Брондау бөлімі үнемі брондауға келір түскен өтінімдерді жинай отырып, қажеттілік тудырған жағдайларды жазып ала отырып, конъюктураны қадағалап отырады, бұл қонақ үйге қонақтарды орналастыру үшін бағаны анықтауға және қонақ үйге үлкен кіріс кіргізу жолын анықтауға жол ашады. Нөмірлік қормен тығыз қарым-қатынаста ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізетін қызмет жұмыс істейді, олар тек нөмірлік қорға ғана ағымдағы немесе профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізіп ғана қоймай, қонақ үй кәсібіндегі барлық заттар мен орнатылған жабдықтарға жөндеу жұмыстарын жүргізуді жүзеге асырады. Портье қызметі қонақ үйдің нөмірлік қорына бақылау жасауды жүзеге асырады, олар нөмірлердің бос еместігі немесе бос орындар жөнінде картотека жасайды және ақпараттық ортылықтың міндеттерін атқарады. Портье қызметі арқылы ақпараттандыру екі бағытта қозғалады: қонақтарға қонақ үй кәсібінің түрлі бөлімшелеріне (клиенттердің қажеттілігі туралы) .

Қонақ үй жинаушылар қызметі де көп жағдайда ең маңызды бөлімше болып табылады, себебі олар клиенттерді қабылдап, орналастырып, оларға қызмет көрсету үшін панжай ішінің, нөмірлердің, холдардың, дәліздердің таза юолуына жауап береді.

Қонақ үйді тазалаушылар қызметіне жетекшілік ететін тұлға қонақ үйдің тұрғын және қызметтік панажайларының тазалығын сақтайтын жұмысшылардың жұмысын қадағалау. Аға қонақ үй тазалаушы атқарушы директор жүктеген әкімшілік міндеттерді орвндай отырып, берілген тапсырманы қол астындағы жұмысшыларға бөліп береді. Көбінесе қонақ үйлерде қонақ үйлерді тазалаушылар қызметіне көп көңіл бөлінбейді. Бұлай істеу қате, себебі қонақтар портье немесе даяшылар қызметінен гөрі дәл осы қонақ үй тазалаушылар жұмысын жиі көріп, сезінеді.

Сондықтан қонақ үй тазалаушылардың жұмысы қонақ үй үшін маңызды рөл атқарады, клиенттердің бұл қонақ үйге және тағы кегенде осы қонақ үйге тағыда бас сұғуы тікелей тазалыққа байланысты. Қонақ үйді тазалушылардың жұмысының сапалы болуы үшін оларға кәсіпорыннның жетістекке жетуі үшін сол қызметтің қаншалықты маңызды және қажетті екенін жете түсіндіру.

Тамақтану қызмет орны мейрамхана, кафе, бар, банкет ұйымдастыру. бұл жерлерде менеджерлерден басқа асхана қызметкерлері, даяшылар, зал администраторлары жұмыс істеу қажет.

Коммерциялық қызмет тобына жоспарлау мәселелері мен қонақ үй сұранысы сараптан өтуі жүзеге асырылуы үлкен мәселе. Коммерциялық қызмет тобына-директор, маркетинг және жарнама қызметкерлері кіреді. Қаржы қызметі қонақ үйді қаржы және шаруашылық іс әрекетін реттеп қадағалап қаржыландырып отырады.

Инжинерлік қызмет орталығының негізгі міндеті: электр, санитарлық техникалық жүйені қамтып қадағалау, жөндеу құрылыс жұмыстарын ұйымдастыру, байланыс телекоммуникация жұмысының дүрыс болуын, желдеткіш салқындатқыш қондырғыларының дұрыс жұмыс істеуін қадағалау.

Көмекші қызмет тобына-тұрмыстық қажет жұмыстарын реттейтін қонақ үй кешені бөлімі жатады. Оған кір жуу, химиялық тазарту, аяқ киім жөндеу т. б. жатқызамыз. Қосымша қызмет көрсету саласына бизнес-орталық, спорттық шынықтыру алаңдары мен залдары, шаштараз, сән салондары, магазиндер кіреді. Қызмет түрлерінің ортақ моделін таппадық Қонақ үй бизнесіндегі басқару болуы шарт. Оған төмендегілер сәйкес болуы тиісті:

  1. Басқару органдарының көп болмау;
  2. Қызмет бөлімдері ықшам, мамандармен қамтамассыз болуы;
  3. Қызмет көрсету және барлық жұмыстарды тұтынушы сұранысына сәйкестендіру керек.

Қонақ үй шаруашылығының осындай моделді мекен жайларының қызмет көрсету жүйелігі, әрқашанда өзінің сапалы дәрежелі деңгейін көрсетеді. Ол мынандай қонақ үйлердің жұлдыздық жүйелігіне сай болуы қажет:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы қонақ үй шаруашылығының туризмдегі маңыздылығы
Қонақ үй сервисіндегі ақпараттық ресурстар және оның қолданылуы
Демалыс және еңбекті ұйымдастыру
Қонақ үйлердің қазіргі заманғы классификациялық жүйелігі және оның туризмдегі ролі
Бас әкімшілік кеңсесінің ұйымдық құрылымы
Зерттеу пәнін қонақүй секторындағы кәсіпорындарда қызметтердің сапасын басқару процесінде орнайтын ұйымдастырушылық - экономикалық қатынастар
Қазақстан және ТМД елдеріндегі қонақ үйдің пайда болу кезеңдері
Қонақ үй шаруашылығы жайлы
Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері Қонақ үй шаруашылығының негізгі қызметтері
Қонақ үйлерді классификациялау және оның түрлері.
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz