Тілдік санадағы ауыл/қала ұғымдары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ФИЛОЛОГИЯ, ӘДЕБИЕТТАНУ ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ ФАКУЛЬТЕТІ
ШЕТЕЛ ФИЛОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ ТІЛ БІЛІМІ КАФЕДРАСЫ
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
ТІЛДІК САНАДАҒЫ АУЫЛ/ҚАЛА ҰҒЫМДАРЫ
050117 - қазақ тілі мен әдебиеті
Орындаған:эх
4-курс студенті Нұрсұлтанова А. М.
Ғылыми жетекші:
ф. ғ. к., доцент Бектемірова С. Б.
Норма бақылаушы: Уматова Ж. М.
филол. ғ. к.
Қорғауға жіберілді:
Шетел филологиясы және жалпы тіл білімі
кафедрасының меңгерушісі, ф. ғ. д., профессор
«» 2013 ж Мәдиева Г. Б.
Алматы, 2013
РЕФЕРЕТ
Жұмыстың тақырыбы: Тілдік санадағы ауыл/қала ұғымдары
Жұмыстың көлемі: 54 бет
Пайдаланылған әдебиеттер саны: 33
Тірек сөздер: сана, тілдік сана, ауыл/қала ұғымы, мәдениет, этикет, өнер, тілдік бірлік, еркін ассоциативті эксперимент, психология, әлеуметтану, әлемнің тілдік бейнесі, т. б.
Зерттеу нысаны: қазақ халқының танымындағы, тілдік санасындағы « ауыл/қала » сөздеріне қатысты атаулар, қазақ қоғамының таным-талғамын, көзқарасын, психологиясын анықтауға мүмкіндік беретін тілдік бірліктерді, қалыптасқан таным-түсініктерді, ауыл/қалаға байланысты туған мәтіндерді т. б. зерделеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты: тілдік санадағы ауыл/қала ұғымының көрінісін анықтау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- ауылдық/қалалық тұрғындардың ойлау санасындағы айырмашылықтар;
- ауыл/қала тұрғындарының мәдениет туралы көзқарастары;
- ауыл/қала тұрғындарының салт-дәстүрді қолдану ерекшеліктері;
- ауыл/қала адамдарының арасындағы этикетті қолданудағы ерекшеліктері;
- ауыл/қала ұғымындағы өнер бейнесі;
- ауыл/қала жастарының арасындағы сөйлеу ерекшеліктерін қарастыру т. б.
Зерттеу жұмысының нәтижесі: зерттеу жұмысының қазақ халқының тілдік санасындағы ауыл/қала ұғымдарына ассоцативті эксперимент жүргізілді. Ауыл/қала тұрғындарының мәдениет, өнер, этикетінің арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарына ерекше тоқталып өттік. Ауыл/қала жастарының сөйлеу ерекшеліктерін байқау, салыстыру әдістері арқылы талдау жүргізілді.
Зерттеу жұмысының дереккөздері: еркін ассоцативті эксперименттің қорытындысы, түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар, «Алматы ақшамы», «Алаш айнасы» газеттеріндегі мақалалар, этнолингвистика ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер қолданылды.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұлттық тіл −әр халықтың өзіндік ой-санасы мен парасаттың, бүкіл болмыс-тіршілігі мен сезім-түйсігін ұрпақтан-ұрпаққа жеткізетін күретамыр. Тіл - жеке адамның сана-сезімін білдіру тәсілі, сонымен қатар ол сана-сезімді оятушы, ұлттық сананы жетілдіруші. Ал тілдік сана − тілді пайдаланушылардың өздері қай тілде сөйлейтіндігі, өздерін қандай этноспен, этникалық топпен сәйкестендіретіндігі туралы түсінгі. Қазақ халқының тілдік санасында ауыл және қала ұғымдары қалай көрініс табады. Қазіргі кезде біздің халқымыз ауыл және қала болып бөлінушілікті бастан кешіріп жатыр. Бұл не себептен? Мәдеинеті мен өнері, этикеті мен тілдік бірліктерді қолдану айырмашылықтары әртүрлі болуында.
Біз ХХІ ғасырда өмір сүріп отырған ұрпақпыз. Қазіргі қазақ қоғамы ауыл және қала болып екі үлкен топқа бөлінеді. Бұл бөлінушіліктің себебі неде? Қоғам адамдардан тұрады. Ал қоғам әр түрлі жастағы, әр түрлі ортадағы адамдардан құралған. Ең бірінші ауылдық тіл мен сана және қалалық тіл мен сананың әр түрлі болуы. Қазақстандағы ауыл және қала адамының сөйлеу тілінде, тілдік санасында көптеген өзгешеліктер өте көп.
Біздің міндетіміз, ғылыми жұмысымыз арқылы ауылдық және қалалық тіл мен сананы байланыстыра отырып өзгешеліктері мен айырмашылықтарын анықтау. Зерттеу жұмысының өзектілігі де осы болып табылады.
Зерттеу нысаны: адам санасындағы ауыл/қала ұғымының көрінісі.
Зерттеу жұмысының мақсаты: ауылдық/қалалық адамдардыңтілдік санасындағы ауыл/қала ұғымының бейнелік сипатын айқындау.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
ауылдық/қалалық тұрғындардың ойлау санасындағы айырмашылықтар;
- ауыл/қала тұрғындарының мәдениет туралы көзқарастары;
- ауыл/қала тұрғындарының салт-дәстүрді қолдану ерекшеліктері;
- ауыл/қала адамдарының арасындағы этикетті қолданудағы ерекшеліктері;
- ауыл/қала ұғымындағы өнер бейнесі;
- ауыл/қала жастарының арасындағы сөйлеу ерекшеліктерін қарастыру т. б.
Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері: еркін ассоциативтік эксперименттік әдіс, салыстыру, талдау, баяндау.
Зерттеу жұмысының дереккөздері : еркін ассоцативті эксперименттің қортындысы, түсіндірме сөздіктер, энциклопедиялар, «Алматы ақшамы», «Алаш айнасы» газеттеріндегі мақалалар, этнолингвистика ғылымы бойынша жазылған ғылыми әдебиеттер қолданылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 САНА. САНАНЫҢ ӘРБІР ҒЫЛЫМ САЛАСЫНДАҒЫ КӨРІНІСІ. ТІЛДІК САНА.
1. 1 Тіл -сана мазмұнын білдіретін негізгі құрал. Сана, тілдік сана ұғымдары.
Адамзат тарихы әрбір адам, қоғам бақытты өмір сүруге, бақытты қоғам аталуы бағытында жетілітіндігін көрсетіп отыр. Бұл маңызы өте зор, орны өте үлкен мәселе екендігі баршамызға мәлім. Жетілудің осындай мақсаттарына жетуде тек адамға ғана тән болатын қасиеттің, яғни сананың алатын орнының үлкен екендігіне дау жоқ. Алайда осыған қарамастан, күні бүгінге дейін философтар тарапынан осы мәселенің басын ашатын дүние жоқ деп айтуға болады. Бұл жағдайдан ұтылып отырған әрбір адам, қоғам деп айтсақ қате айтпағанымыз. Бұл жағдайда ең негізгі сұрақ мынау, сана дегеніміз не? Сана деп бойға сіңген ұғымдар (білімдер) жиынтығын айтамыз. Осы ұғымдар негізінде адам өзін басқа тіршілік иелерінен бөлектендіретін іс-қимыл, іс-әрекет жасайтын болады. Сана теориясының өзегі оның дамуын, яғни сананың пайда болуы, жетілуі, өркендеуі, құруын қамтуына тікелей байланысты болады. Көптеген зерттеулеріміз сана мәселесін негізінен үш тұрғыдан қарастырудың дұрысекендігін көрсетті.
1. Сана тек адамға ғана тән қасиет болатын болса, онда оны адам тұрғысынан қарастыру.
2. Сана мазмұны түбінде ұғым(білім) болса, онда қоршаған ортаны тану тұрғысынан қарастыру.
3. Егер сана түбінде адамның іс-әрекеттеріне, сыртқы әлеміне негіз болатын болса онда оны практикалық тұрғыдан қарастыру[8; 73 б. ] .
Сана -психика дамуының жоғары сатысы, ең алдымен жалпы және болмыстағы елеуліні тану қабілеті сияқты қасиетімен ерекшеленеді.
Сана құрылуы тұрмыс, өмір формасымен байланысты. Сана - психикалық іс-әрекеттің жаңа қасиеті. Сана арқылы адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы мақсатты түрде реттеледі. Ол сезу, түйсік, ықылас, елестету, ырық, ойлау іспетті психикалық әрекеттерден туады. Алайда адам жануарларға қарағанда объективті дүниені басқаша түсінеді. Сана сферасына қазіргі кезде ойлайтын ойларымыз, сезімдеріміз кіреді. Сана ол ішкі және сыртқы дүние шекарасында жатқан жан қабаты. Бұл жерде сезім мүшелері арқылы өтетінсыртқы әсерлерден басқа, мидың төменгі бөліктерінен келетін ішкі импульстер де синтезделеді. Сана топологиялық жағынан ғана емес, функционалдық жағынан да сыртқы қабат болып табылады, Фрейд: «Сана мида болады. Ол сыртқы ортадан ми сауытымен шектеледі және онымен тек қана сезім мүшелері арқылы(есту, көру, т. б. ) байланысты болғандықтан, ішкі тітіркенгіштер сыртқыларға қарағанда санадан бөлінбеген, сондықтан да олардың санаға әсері көбірек болады».
Фрейд адам санасын онннан тоғыз бөлігі бейсаналық теңізіне батқан «айсберг» ретінде көрсетеді. Осы «айсбергті» қоршаған сулар әркелкі де әртүрлі болады. Айсбергтің бізге көрінетін су бетіндегі ұшы - біздің санамыз.
Санаға дейінгі сфераға жасырын белгілер жатады. Олар әрқашан адам санасында тұрады, бірақ нақ осы кезде білінбейді. Мысалы: сіз әжеңіздің атын жақсы білесіз, бірақ менің айтуымнан бұрын, сіз оны ойыңызға түсірген жоқсыз, яғни әжеңіздің аты бұған дейін сана сферасында болмаған. Пифагор теоремасы да сол сияқты, сіз оны білесіз, бірақ оны ойыңызда сақтамайсыз.
Бұл латентті білімдер психикалық бейнелерге жатады, бірақ олар сананың қатысуынсыз жүреді.
Санаға дейінгі сфера сана сферасымен бірге алады. Өйткені қажет кезде саналандыра алады. Бұдан көретніміз - психика санадан әлдеқайда кем [14; 3 б] .
Сананы адам тұрғысынан қарастырғанда біз оған мынандай үш жақтан қарай аламыз.
1. Жасы, бұл тұрғыдан алғанда адам өмірінің 8 кезеңін атап өтуге болады: нәрестелік, балалық, жеткіншектік, жасөспірімдік, жастық, ересектік, қарттық, қариялық.
2. Жынысы, бұл тұрғыдан алғанда, адам екі ғана жынысқа бөлінеді: ер, әйел.
3. Этнос тұрғысынан алғанда, қазіргі кезде жер шарында этнос саны 3300-дей. Олар дамудың әртүрлі сатыларында: ру, тайпа, ұлыс, ұлт, халық.
Сана мәселдесін тану тұрғысынан қарастырсақ, онда адамдағы ұғымдар түбінде мынадай алты үлкен топтан тұрады деп айтуға толық негіз бар.
1. Табиғатым
2. Адамтаным
3. Қоғамтаным
4. Техникатаным
5. Өнертаным
6. Ғылымтаным
Қазіргі кезде қоршаған әлемді тануға мүмкіндік беретін 40 шақты негізгі білім салалары бар. Бұл - сананы құрайтын ұғымның қырық түрі болады деген сөз.
Сананы практикалық тұрғыдан қарастырғанда оны негізгі бес жақтан қарастыруға болады. Атап айтқанда:
1. ойын;
2. еңбек ету;
3. оқу;
4. күнделікті тұрмыс-тіршілік;
5. құлық.
Жоғарыда келтірілген анықтамада мынадай қорытынды туындайды. Жалпы алғанда, ұғым бейнелейтін күймен сәйкестігіне қарай дұрыс, бұрыс, ал енді іс-қимылға негіз болғанда қоршаған ортаға тигізетін әсеріне қарай жаман, жақсы болатыны белгілі. Демек, сана да осы белгілеріне қарай дұрыс, бұрыс немес жақсы, жаман деп бөлінеді деуге әбден негіз бар. Жоғарыда келтірілген талдаулар сананың көп түрлілігін көрсетеді. Бұл түсінікті де. Алайда осыған қарамастан, сана жетілуінің мынадай сатыларын көрсетуге болады: ар, намыс, ұят, пайым, ақыл, парасат. Осы жерде мынадай мәселе туындайды: алғашқы сана түрі қандай және ол қалай пайда болды, оның белгісі қандай? Бұл сұрақтарға былай деп жауап беруге болады. Маймылдардың ерекше бір түрінің жасанды құрал жасауларда сананың алғашқы түрінің пайда болғандығын көрсетеді. Алдғашқы жасанды құрал осыдан шамамен 1млн. жылдай бұрын пайда болыпты. Міне, осы белгісіне қарай біз маймылдың сол түрін адам деп атаппыз. Осы жерде мынандай жәйтті келтіруге болады, алғашқы ауызекі тіл осыдан отыз мың жылдай бұрын ғана пайда болыпты. Энгельстің белгілі еңбегін арқау ете отырып, сананың пайда болуына себеп болғанмаймылдардың ерекше түрлерінің тамақтарының әртүрлілігі деп айтуға негіз бар. Осындай әртүрлілік мидың химиялық құрамына сәйкес оң өзгерістер енгізіп, оны есте сақтау, ойлау қабілетін едәуірдамытты деп айтуға әбден болады. Сана мазмұны түбінде ұғым болса, ал енді ұғым, жалпы ортақ, ерекше, жеке болып бөлінеді деп айтуға толық негіз бар. Адам өмірінде оның іс-қимылына, әлемтанымына т. с. с. жағдайларға қарай оның санасы даму үстінде болады. Бұл не деген сөз? Бұл - адамның санасының бір түрі пайда болып, бір түрі жетіліп, бір түрі өркендеп, бір түрі құрып отырады деген сөз. Жалпылай алғанда, бұл дұрыс заңдылық деп айтуға болады. Гәп мынада, адамның жасына, жынысына, этносына қарай онда сананың қандай түрлері қалай өзгеріп отыруы қажет. Адамның ішкі әлемі оның сыртқы әлемінің айнасы екендігі мәлім. Ал енді ішкі әлемнің өзі мазмұны тұрғысынан алғанда, бір-бірінен ажыратқысыз екі әлем: ойлар әлемі, сезімдер әлемінен тұрса, ал енді деңгейі тұрғысынан алғанда да екі деңгейден: ес және санадан тұрады. Міне осыған орай, сананы ішкі әлем негізі деп айтуға толық негіз бар [8; 35 б] .
Тіл - сананың материалдық көрінісі, негізі. Тілсіз сана жоқ, ал санасыз адам жоқ. Сана жеке адамның субъективті әсерленушілігі. Сана-сезім бір жағынан танымдық, екінші жағынан әрекетті - рухани құбылыс. Өзін түсіну арқылы адам өз ісіне баға береді, мінез-құлқын реттейді, тәрбиелейді [14; 4 б] .
Сана дегеніміз адамның өз ортасына жасаған қатынасы болып табылады. «Өз ортама жасаған қатынасым менің санам болып табылады» - көрсеткен болатын К. Маркс.
Адамның санасы, ақылы адамдардың табиғатты өзгертуді үйренуіне сәйкес дамыды. Сана ретінде ең алдымен әдетте жеке адамның санасы, оның түйсіктері, қабылдауы, елестеулері, ойлары, және т. б. түсініледі. Және сонымен бірге сана деп адамның психикасының нақтылы тарихи формасы да айтылады. [14; 7 б]
Адамның күрделі құрылған саналы әрекетінің қалыптасуына себепші болған екінші шарт - бұл тілдің туындауы еді. Тіл деп қоршаған дүние заттарын, олардың әрекетін, сапасын және объектілер арасындағы қатынастарды бейнелейтін белгілер (символ, код) жүйесін айтамыз. Сөз сөйлеуге қосыла, тілдесудің негізгі құралына айналады, соның арқасында адам ақпарат топтайды, білдіреді, адамдар әулетінің тәжірибесін үйреніп, игереді. Тілдің келіп шығуы жөнінде талай болжамдар мен теориялар айтылған. Біреулер оны рухани өмір көрінісі дей келе, бір алланың ісі деп таниды. Екіншілер - тілді тіршілік дүние эволюциясының нәтижесі деп қарастырады. Ал енді ғылыми шындық тұрғысынан алатын болсақ, тілдің шығу негізін адамның қоғамдық еңбек қатынастарынан іздеген жөн.
Тіл алғашқы адамдарын еңбек процесінде қарым-қатынас жасау қажеттігіне байланысты қалыптасты. Бірлікті тұрмыстық іс-әрекетке қатысты екінші біреуге көңіл-күй ғана емес, еңбекке байланысты заттар жөнінде де ақпарат білдіру қажетілігі туды. Ақпараттардың осы алғашқы белгілері: интонация, ишаралар және қарапайым дыбыстар болды. Тек көп мыңдаған жылдардың өтуімен дыбысты тіл жалпы әрекеттен бөлініп, дербестігіне жетті.
Тіл - заттарды, олардың қозғалысы, сапасы және қатынастарын білдіретін таңбалар жүйесі, ақпарат жеткізуші құрал ретінде адамның саналы әрекетінің бұдан былайғы өркендеуінде үлкен маңызға ие болды. Осыдан тіл де, еңбекпен қатар, сана қалыптасуының негізі себептерінің бірі.
Тілдің адам өміріне енуі іс-әрекетке өте мәнді болған үш өзгеріс енгізді:
- қоршаған орта заттары мен оқиғаларын жеке сөздер мен сөйлемдерге келтіріп, тіл сол заттарды бөліп алып, оларға назар салып, есте қалдыруға мүмкіндік берді, яғни, тіл біз танитын дүниені екі есе көбейтіп, ол жөніндегі ақиқатты жадына бекіту мен адамның ішкі жан дүние бейнелерін түзуге жәрдемдесті;
- тілдегі сөздер белгілі заттарды атап қана қоймастан, олардың мәнді қасиеттерінабстракт ретінде танып, қабылданушы затты тиісті категорияларға(мәндес топтарға) жатқызуға көмек берді. Осыдан, тілге байланысты дерексіздену мен қортындылау процесі қамтамасыз етіліп, сөз енді тек тілдесу құралы ғана емес, бейнелеудің сезімдік дүниеден ақыл-сана (рационал) әлеміне келтірілген ойлаудың да жабдығына айналды;
- тіл - адамзаттың қоғамдық тарихында жинақталған ақпаратты жеткізудің бірден-бір құралы. Ғасырлар өтуімен қоғамдық-тарихи тәжірибедегі күрделенген ақпаратты ұрпақтан-ұрпаққа жеткізумен тіл адамға сол тәжірибені игеріп, жеке басының қолынан келмейтін білім, ептілік пен әрекет тәсілдерін үйреніп алуына жол ашты. Осыдан тілдің пайда болуымен адамда, жануарларда болып көрмеген, психикалық дамудың түбегейлі жаңа типі өрістеді, тіл сана дамуының ең маңызды, шынайы құралы болды.
Тіл адамның саналы іс-әрекетінің барша саласына қатысып, оның психикалық процестерінің ағымын жаңа деңгейге көтерді. Сондықтан да, тіл мен сөзді адамның бүкіл саналы өмірінің арқауы деп қараса артық болмас.
Сонымен, сана - өзімен қатар еңбек барысында пайда болғантілмен бірге жасайды, тілсіз сана жоқ. Сана адамның барша психикалық қызметіне ортақ қасиетті бейнелеудің ерекше формасы. Бүкіл психикалық әрекеттердің бір-біріне ықпалды әсерінің дамуы адамның қоршаған дүниені іштей бейнелеуін қамтамасыз етіп, оның дерексіз (абстракт) моделін түзді.
Жоғарыда айтқанымыздай, жануарлар психикасы олардың сыртқы жағдайларға икемдесу әрекеттерінің барысында дамып барады, ал адамдардың дамуы мен өмірді қайта жаңғыртуы табиғатты қайта түрлендіру (өзгерту) процесінде іске асады. Психологияны қызықтыратын жеке сана қоғамдық санамен біртұтас байланыста қалыптасып, өрістеп барады. Әрбір тұлға бейнелеудің саналық (идеалдық) формасын қоғам өміріне нақты араласуыменигереді: адам ретінде ол өмірден тыс, қоғамдық қатынастарынсыз жасай алмайды. Осы жасау формасына өтпей, ол адам қоғам мүшесі, азамат деңгейіне көтеріле алмайды.
Сана - психиканы біріктіруші ең жоғары өмір әрекеті формасы, адамның еңбек әрекетіне орай басқалармен тұрақты тілдік қатынасқа келу арқасында қоғамдық - тарихи шартттарға сай қалыптасуының нәтижесі. Сана - бұл қоғамдық болмыс.
Сана құрылымында төрт негізгі сипат байқалады. (А. В. Петровский) :
- Сана қоршаған дүние жөніндегі білімдердің жиынтық бірлігі, оның құрылымына барша танымдық процестеренеді: түйсік, қабылдау, ес, ойлау, қиял.
- Cанада субъект пен объектің айырмашылықтары бекиді. Органикалық әлем тарихында тек адам өзін басқалардан бөлектей, олармен салыстыра алады. Жалғыз адам-ақ тіршілік иелері арасындаөзін тануға, яғни, психика әрекетінің бағытын өзіне бұруға қабілетті.
- Мақсат болжастыру әрекетін қамтамасыз ете алады. Адам табиғат берген заттың формасын өзгертеді, сонымен бірге өзін өзгерту ісін заңдылық сипатқа ие саналы мақсатпен ұштастырып, іс-әрекетінің сипаты мен тәсілдерін алдын ала белгілейді, ерік күшіне бағындырады. Осыдан сана қызметі: мақсат қалыптастыру, себеп-салдарын анықтау, еріктік шешім қабылдау, іс-әрекеттің орындалу жолын айқындау т. б.
- Сана құрылымында әрекетке орай қатынастар орнығады. Адам санасы міндетті түрде өз ішіне күрделі объектив, ең алдымен адам қатысқан қоғамдық қатынастарды бейнелейтін сілемдер жүйесін қамтиды (К. Маркс) .
Сананың жоғарыда аталған бүкіларнайы қасиеттерінің қалыптасуы мен көрініс беруінің міндетті шарты - тіл, сөз. Тіл - бұл қоғамдық-тарихи тәжірибе немесе қоғамдық сананы бекіткен ерекше объективтік жүйе. Нақты адам тарапынан қабылданған тіл - сол адамның нақты санасының көрінісі [14; 5 б] .
Сана және тілдік сана ұғымдары әртүрлі ғылыми жұмыстардың зерттеу пәніне айналды. Айталық, психология, философия, логика, лингвистика ғылымдарының әрқилы салаларында жан-жақты сөз етіліп жүрген аталмыш ұғымдар ғылыми термин ретінде әрқалай түсіндіріліп жүргендігі белгілі. Оның себебі бұл ұғымдардың күрделі табиғатынан болса керек. Әр ғылымсаласы сана ұғымының өзіне тән ерекшеліктерін айқындауға талпынуда. Осы уақытқа дейін сана мен тілдік сана арасында теңдік белгісін қоюға болмайтындығына көптеген зерттеушілер назар аударып отыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz