Ауыл шаруашылығы кәсіпорындарда өсімдік шаруашылық саласының ролі


МАЗМҰНЫ
мемлекеттің ролі
КІРІСПЕ
Ауыл шаруашылығы - материалдық өндірістің ең маңызды түрлерінің бірі. Ауыл шаруашылығы халықты азық-түлікпен және өнеркәсіпті шикізаттың кейбір түрлерімен қамтамасыз етумен айналысады. Ауыл шаруашылығы екі үлкен саладан, яғни өсімдік шаруашылығынан және мал шаруашылығынан тұрады.
Республика Президенті Н. Ә. Назарбаев өзінің әлемге белгілі "Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы атты еңбегінде" "Барлық стратегиялық басымдылықтардың көш басында агроөнеркәсіп кешенін дамыту, оны дәйекті де батыл реформалау, сондай-ақ тұтыну рыногын өнеркәсіп тауарлармен толтыру шаралары жүретін болады"-деп, атап көрсеткен болатын.
Қазақстан Республикасында агроөнеркәсіп кешенінің барлық салаларың, оның ішінде ауыл шаруашылығында қызмет көрсету саласын дамытуға мүмкіндік мол. Егер де осы потенциалдық мүмкіндікті нарық жагдайында әрбір жекелеген аймақтардың өзгешеліктерін еске ала отырып ауыл шаруашылығының қызмет көрсету салаларын дамыта білсек, еліміздің экономикасын бұдан биік деңгейге көтеруге мүмкіндік жасар едік.
2003 бастап үш жылды "Ауыл жылы" деп жариялаған Елбасы бұл бағытқа ерекше басымдық танытып отыр. Мемлекет 2004-2005 жылдары ауыл экономикасына 150 млрд. теңгеден астам қаражат жұмсауды жоспарланады.
2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық саясатында елеулі жеңілдіктер туғызу қарастырылуда. Соның ішінде жеке табыс салығының ең жоғарғы пайызын 30-дан 20 дейін кеміту көзделуде.
Агроөнеркәсіптік өндірістің соңғы нәтижелері тек тікелей ауыл шаруашылығының даму деңгейіне ғана емес, сонымен қатар соған қызмет көрсететін салаларға да байланысты. Ауыл шаруашылығының өндіріс көлемі ұлғайған сайын материалдық - техникалық ресурстарды, қажетті шикізаттарды, қосалқы материалдарды т. б. жұмсау мөлшері де ұлғаяды. Шаруашылықтың электр-энергияға, транспортқа, байланыс құралдарына, өнімдерді сақтауға деген қажеттіліктері де көбейеді.
Ауылшаруашылық өндірісінің жөндеу - техникалық қызметтерге, материалдық - техникалық қамтамасыз етуді ұйымдастыруға, инженерлік, зооветеринарлық, агрохимиялық және агролизингтік қызмет көрсету және т. б. қызметтерге деген тәуелділігі өсе түсуде. Сонымен бірге ауылшаруашылық өнімдерінің қажетті көлемін алуды қамтамасыз ететін салалары мен өндірістерді де, өнімдерді де тиімді пайдалануды және оларды тұтынушыларға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін ұйымдастырудың да бірдей дәрежеде дамуы маңызды. Осындай салалар мен қызметтердің жиынтығы экономикада инфрақұрылым деп аталады. Инфрақұрылым өнеркәсіп пен ұйымдардың тиімді қызмет атқаруының қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіп кешенінің соңғы өнімін көп мөлшерде және жоғары сапамен алуға бағытталған.
Материалдық өндірістің инфрақұрылымының маңызды мәселелерінің бірі ауылшаруашылық өнеркәсіптік өндіріске қызмет көрсету функцияларын орындауда және барлық күш қуатты негізгі өндірістік қызметке жұмылдыру болып табылады. Инфрақұрылым өндіріс көлемін өсіруге және ауылшаруашылық өнімінің негізгі түрлерінің сапасын жақсартуға қажетті жағдай жасау үшін қажет.
Қазіргі таңда Қазақстан экономикасының дамуы нарықтық қатынастар тетіктерінің қалыптасуымен сипатталады. Нарықтық экономикаға өту терең құрылымдық және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асырумен тікелей байланысты. Реформа жағдайында, бірінші кезеңде, елдің азық-түлік қауіпсіздігін, тұрғындарды сапалы тамақ өнімдерімен және олардың жалпы әлеуметтік жағдайының көтерілуін қамтамасыз ету жолға қойылады. Алайда, тұрғындарды жоғарғы дәрежеде азық түлікпен, өнеркәсіпті шикізаттармен қамтамасыз ететін ауыл шаруашылық кешенінің негізгі сферасы - ауыл шаруашылық өндірісі әлі де болса дағдарыстан толық шыға қойған жоқ.
Ауыл шаруашылық өндіріс көлемі жылдан жылға кеңейіп, оның себебінен, өңдеу өнеркәсібінде өңделетін ауыл шаруашылығы шикізаттары азайып, бұлардың өндірістік қуаттылығы толық пайдаланылмай, тиімділігі төмендеді. Соңғы жылдары республикада күрделі өңдеу кәсіпорындарының көбі өндірісін тоқтатып, олардың орнына кіші өңдеу зауыттары мен цехтары ашылды. Бұлардың техникалық, қаржылық және инновациялық жағдайлары ауыл шаруашылық шикізаттарын толық өңдеп, сапалы және бәсекеге жоғары қабілетті, үлкен аумақтарды қанағаттандыратын өнім шығаруға мүмкіндіктері төмен болып отыр.
Бұл мәселелерді шешудің бірден - бір жолы, агроөнеркәсіп кешенін нарық талаптарына сай қалыптастыру және оны жан-жақты жетілдіру. Ғылыми-техникалық негізде тиімді қызмет атқаратын агроөнеркәсіп кешені, ауыл шаруашылық тауарын өндірушілері мен және оны дайындау, сақтау, өңдеу және өткізу кәсіпорындары арасындағы бұзылған байланыстарды қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Тиімділігі жоғары агроөнеркәсіп кешенін құру экономикалық тұрақтылықты, тұрғындардың материалдық әл ауқатын әрі қарай көтерудің негізгі алғы шарты болып есептелінеді.
Ауыл шаруашылық кешені қиын экономикалық құрылымдарына жатады. Ал оның өндірістік құрылымы күрделі, өзгермелі және өндіргіш күштер мен түпкілікті өнімге сұраныспен анықталады.
Ауыл шаруашьшығында өсімдік дақылдар өндіру мен мал шаруашлығы үлкен маңызға ие. Себебі, бұлардан алынатын өнімдер тамақ, химия, медицина және т. б. салаларында қолданылатыны белгілі. Дегенмен, кейінгі он жыл ішінде ауыл шаруашлығы дақылдар кешенін дамыту жұмыстары жолға қойылмай келеді.
Ауыл шаруашылық өндірісінде ішкі кешенін дамытудың ең маңызды шарасы интеграциялық біріккен ұйымдар арасындағы экономикалық байланыстар мен қатынастарды жетілдіру болып табылады. Біріккен құрылымдардың шаруашылық тетіктерін, олардың арасындағы өндірістік экономикалық байланыстарды тұрақты дамыту. Ауыл шаруашылық кешендерін қалыптастырудың ғылыми негіздері.
Президенттің халыққа жолдауында ұзақ мерзімдік басымдылықтар: -өркендеу, қауіпсіздік және барлық қазақстандықтардың әл-ауқатын жақсарту қарастырылған. Ал оған жету үшін агроөнеркәсіп өндірісінің және индустриялдық-инновациялық дамудың стратегиялық жоспарлары құрылып, оларды іске асыру белгіленген. Ауыл шаруашылығының алдында тұрған міндеттерді шешуде кәсіпорындарында басшылықты жемісті ұйымдастыруға қажетті алғышарттар жасауға мүмкіндік туғызатын бухгалтерлік есепке, бақылауға және жедел талдау жасап отыруға маңызды орын берілген. Есептеу мен бақылаудың маңызы мемлекет меншігінен алу, жекешелендіру және ішкі шаруашылық есепті, жалдық мердігерлікті кеңінен игеру, нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде ерекше артып түседі. Есептеудің көмегімен кәсіпорынды басқару, өнімге баға қою үшін қажетті өндірістің көлемі мен өнімді тарату, оның өзіндік құны, еңбек өнімділігі, рентабельділіктің дәрежесі және басқалары туралы сенімді де уақытылы мәліметтер алынады.
Халық шаруашылығын одан әрі дамыту үшін ауыл шаруашылығында бірлескен кәсіпорынның құрылып, жұмыс істеуінің және сыртқы экономикалық қызметті дамытудың маңызы зор.
Дипломдық жұмыстың мақсаты-ауылшаруашылығының бір саласы өсімдік шаруашылығында жүргізілетін бухгалтерлік есептің және аудиттің ерекшелігін, ұйымдастырылуын жан-жақты мәлімет бере отырып, саралау.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
• Ауыл шаруашылық экономикасы мен ауыл шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігін:
• Өсімдік шаруашылығында бухгалтерлік есептің жүргізілу ерекшелігін;
• Өсімдік шаруашылығында аудиттің жүргізілу тәртібін;
• Өсімдік шаруашылығында өнімнің өзіндік құнына калькуляция жасауды қарастыру болып табылады.
Бұл дипломдық жұмыста ауыл шаруашылығында қызмет көрсету салаларын мейлінше дамыту жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмыстың бірінші бөлімінде өсімдік шаруашылығының өнім өндіру салаласының дамуы, саласының ролі қарастырылған.
Екінші бөлімінде ауыл шаруашылығының кәсіпорындарда өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша шығындар есебінің жүргізілуі мен аудит ерекшелігі талқыланған.
Үшінші бөлімінде ауыл шаруашылығы қызмет көрсету саласын жетілдіру жолдары қарастырылған.
І БӨЛІМ. АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ КӘСІПОРЫНДАРДА ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫНЫҢ РОЛІ
1. 1. Өсімдік шаруашылығының - ауыл шаруашылық кешенінің жүйесіндегі орны
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылық саласында материалдық өндіріс қарқындап өскен сайын шикізаттарға, энергияға, тасымалдау, материалдық-техникалық, техника жөндеу қызметтеріне, сондай-ақ ғылыми, ақпараттық, зат сақтайтын орындарға деген қажеттілік арта түседі. Осындай қажеттілік негізгі өндірістен қызмет көрсетуші сала дамымай бірден-бір кәсіпорын, бірде-бір халықшаруашылық саласы өркендей алмайды. Айта кететін бір жағдай халық шаруашылығының әрбір саласының дұрыс өркендеуі үшін қызмет көрсететін құрылымдардың қызмет көрсету сапасының деңгейі өте жоғары болуға тиісті, яғни қызмет көрсетуші өрістің жұмысы дұрыстап дамымаса, халықшаруашылығының ешбір саласы, ешбір кәсіпорны өркендей алмайды, басқа сөзбен айтқанда, негізгі өндіріс орындарының нәтижесі қызмет көрсетуші салалардың өркендей өсуімен тікелей байланысты. Осындай өзара тығыз байланыстылық инфрақұрылымдардың бүкіл халық шаруашылығы салаларына объективтік қажеттілігін тудырады.
Инфрақұрылымдарды негізгі салалармен салыстырғанда өздеріне тән ерекшеліктері бар. Олар өздігінен ешқандай өнім өндірмейді, бірақ осы инфрақұрылымдардың қатысуынсыз ешбір жаңа өнім өндірілмейді, сондай-ақ түпкі өнім пайда болмайды. Олар негізгі салаларға қызмет көрсетуі арқылы жұмыстың түпкі нәтижесінің тиімді болуына көп жағдайда себепкер болады.
Сөйтіп инфрақұрылымдардың аса ерекше функциясының бірі-негізгі өндіріс орындарын өздерінің шығарған өнімдерін одан әрі қарай ұқсату (тасу, сату т. б. ) қызметтері өз қолдарына алып, негізгі салаларға өндіріс өнімін молайтуға, мамандығын тереңдетуге мүмкіндік береді.
Агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымының құрамы өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымдарынан тұрады.
Қазіргі нарықты экономика кезеңінде ауылшаруашылық өндірісін дамыту үшін негізгі салаларға қызмет көрсетуші өндірістік инфрақұрылымның орны ерекше.
Оларға төмендегі жүйелер жатады:
- техника материалдарымен жабдықтау жүйелері;
- жөндеу жұмыстарымем қамтамасыз ету;
- тоңазытқыш, элеватор, қойма және жәшіктер шаруашылығы;
- арнайы ауылшаруашылық саласына қызмет көрсетуші орындар (агрохимиялық, ветеринарлық, мелиоративтік, өсімдікті корғау және т. б. ) :
- көлік және жол торабына байланысты мәселелермен қамтамасыз ету:
- ауылшаруашылық саласына тиісті құрылыс жүйесі, т. б.
Осы жоғарыда көрсетілген инфрақұрылым жүйелерінің көпшілігін атап айтқанда, транспорт және жол торабы, ауылшаруашылық құрылыс жүйелері, қойма, элеватор, ыдыс, тоңазытқыш шаруашылықтары тағы басқалар өнім өндіруге салааралық қызмет атқаратын болса, ал агрохимиялық, ветеринарлық, техника жөндеу және оны күту, өсімдікті қорғау қызмет орындары тек қана өнеркәсіп кешенінің ішінде ауылшаруашылық саласына ғана қызмет көрсетеді.
Инфрақұрылымға кіретін салалар өндірістік процеске бірдей әсер етпейді және қоғамдық қайта өндірістің жүйесінде тиісті орын табады. Осыған байланысты инфрақұрылымның салалары оның негізгі қасиеттері бойынша классификациялаудың мағынасы маңызды. Ол салааралық байланыстарды зерттеуде және негізгі өндіріспен қызмет көрсетуші салалар арасында оптимальді пропорцияны орнатуға ықпал етеді.
Инфрақұрылымның элементтерінің көп жоспарлы сипатын ескере отырып, оны нақты бір қасиеті бойынша классификациялау агроөнеркәсіп кешенінің инфрақұрылымының барлық элементтерін келесідей төрт қасиеті бойынша классификациялауға болады (кесте №1) :
- Өндірістік процеске әсер ету дәрежесіне қарай;
- Территориялық;
- Салалық;
- Функционалды сипатына қарай.
1. Ауыл шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін сфера.
2. Дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін сфера.
Ауыл шаруашылығына тікелей қызмет көрсететін сфераға - машина, құрал-жабдықтарды жөндеу және техникалық қызмет керсететін кәсіпорындармен салалар, сонымен бірге транспорттық ұйымдар, агрономдық, ветеринарлық, ақпараттық Қызметтер, материалдық-техникалық жабдықтау және электрофикациялау жүйесі кіреді.
Дайын өнімді тұтынушыға дейін жеткізуді қамтамасыз ететін сфера -өнімді дайындайтын, тасымалдайтын және сақтайтын ұйымдардан құралады.
Өндірістік инфрақұрылымның құрамында өндіріс құралдарының жақсы жұмыс атқаруын қамтамасыз ететін және ұзақ уақыт бойы олардың іскерлік қабілетін сақтауға ықпал жасайтын салалар кіреді. Өндірістік инфрақұрылымының тікелей ауылшаруашылығына қызмет көрсететін салалардың құрамына: өндіріс сипаттағы транспорт, жөндеу шеберханалары, қоймалық және мұздатқыш, шаруашылық коммуникация жүйесі, техникалық қызмет көрсететін станциялар, ғылыми-өндірістік лабораториялар, есептегіш орталықтары кіреді. Сонымен қатар арнайы қызмет көрсету бөлімшелеріне, өсімдіктерді қорғау, агротехникалық, ветеринарлық, жасанды жолмен жөндеу техникалық және т. б. қызметтер кіреді. Оны мына келесі суреттен көруге болады (кесте №2) .
Өндірістік инфрақұрылымның құрылуына көптеген факторлар әсер тигізеді. Солардың ішінде топырақ климаттық жағдайлары, жердің релефі, сумен қамтамасыз етілуі және жердің конфигурациясы, жолдың жағдайы, типі немесе түрі, кәсіпорынның орналасуы қолданылатын технологиялар, өндірістің мамандандырылуы мен концентрациялау деңгейі ерекше роль атқарады. Берілген факторларға көбінесе жалпы өндірістік инфрақұрылымның құрамы және шаруашылықтың ішіндегі бөлімшелердің көлемі мен кәсіпорынның функционалдық қызметінің ерекшелігіне байланысты.
Ауыл шаруашылығының өндірістік имфрақұрылым объектілерінің қамтылу деңгейі өте төмен болып отыр. Нарық жағдайына өту кезеңінде өндірістік инфрақұрылымның бөлімшелерінің құрылу процесі баяулап қалды, ал кейбір түрлері тіптен тоқтап қалды.
Ірі қара мал ұстайтын қораларды енгізу 1991 жылдан 1996 жылға дейін 5 есе, жеміс-жидек сақтайтын қоймалар 8, 4 есе, бидай сақтайтын қоймалар 2, 4 есе, шөп сақтайтын қоймалар 13, 1 есе қысқарды. Минералды тыңайтқыштарды сақтайтын қоймаларды іске қосу және шаруашылықтың ішндегі жолдардың құрылысы баяулауда.
Ауыл шаруашылығының техникалық қызмет көрсететін және механизацияланған бөлімшелермен қамтылуы 355% (пайызын) құрайды. Шаруашылықтың тракторлары үшін гараждармен қамтылуы ойдағыдай емес, шаруашылықтың тек 40% (пайызы) ғана тракторларды сақтау үшін орындар бар.
Өндірістік инфрақұрылымның экономикалық тиімділігін сипаттайтын негізгі көрсеткіш инфрақұрылымның объектілерін, қызметтерін, белімшелерін құру үшін жұмсалатын шығындардың өздерін ақтауы. Ол үшін мына формуламен есептеледі.
Өндірістік инфрақұрылым экономикалық жағынан өте тиімді. Оның тиімділігі шығындарды азайтуды және соңғы өнімнің сапасын жақсартуда өнім бірлігіне келетін ақшалай материалды және еңбек шығындарын азайтуда байқалады.
1. 2. Өсімдік шаруашылығының өнім өндіру салаласының дамуы
Қазақ жерінде б. з. б. 2-мыңжылдықтан бастап адамдар қолда мал өсіре бастады. Сол кезден бастап адамдар егін салумен де айналысқан. Оған дәлел - қыш құмыраларда сақталған арпаның, бидайдың, тарының дәндері. Егін егу мал өсіруге қарағанда баяу дамыды. Себебі тастан, ағаштан жасалған құралдар қатты жерлерді өңдеуге жарамады. Олармен тек өзен, көл жағасындағы жерледі өңдеді. 16-17 ғасырлардан бастап Қазақстан жерінде егіншілік дами бастады. 1694 жылы Тәуке ханның Түркістан сарайында болған Ресей елшісі В. Кобяков жергілікті тұрғындардың бидайды, арпаны, тарыны өте көп мөлшерде егетін және бидайдың жаздық, күздік түрлерін өсіретінін жазған. Шығыс Қазақстан және Жетісу тұрғындары егін шаруашылығын жүргізді. Бұл жерлерде егін суару үшін қолдан арық қазылды. Шу, Талас өзендерінің бойына бау-бақша егілді. Орталық Қазақстанда егіншілікке жақсы жетілген суару жүйесін.
Ауыл шаруашылығы - шаруашылық салаларының ішіндегі ең ежелгі және табиғат жағдайларына тікелей тәуелді саласы. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы - неғұрлым көп тараған сала. Шындығында, дүниежүзінде халқы ауыл шаруашылығының түрлі салаларымен айналыспайтын бірде-бір ел жоқ. Ауыл шаруашылығының барлық жерге таралуы оның алуан түрлілігіне байланысты. Ғалымдар шамамен онын 50-ге жуық түрін бөліп көрсетеді. Қазіргі мәлімет бойынша дүниежүзінде бұл салада шамамен 1, 3 млрд-тан астам адам еңбек етеді, оған ауыл шаруашылығындағы шаруа отбасыларын қосатын болса, онда ол көрсеткіш 2, 6 млрд адамға жетеді. Еңбекке жарамды ер адамдардың ауыл шаруашылығындағы үлесіне сәйкес елдер индустриялы, постиндустриялы және аграрлы болып жіктеледі. Дүниежүзінде экономикалық белсенді халықтың (ЭБХ) 46%-ы осы салада еңбек етеді. [1]
1 кесте . Ауыл шаруашылығында еңбек ететіндер үлесі
Жеке елдер бойынша ауыл шаруашылығында жұмыс істейтіндер саны үлкен айырма жасайды. Мысалы, Батыс Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш - 8%, АҚШ- та - 3%, Канадада - 4%, Ресейде - 14%, Қазақстанда 40%-ға жуық болса, ал дамушы елдерде ол өте жоғары (44-сызбанұсқаға қараңдар) .
Ауылшаруашылық географиясы климаттық, әлеуметтік және өндірістік факторлары әсерінен ұзақ тарихи уақыт аралығында қалыптасып, дамып отырды. Соңғы уақытқа дейін ауыл шаруашылығы климаттық факторларға тікелей тәуелді болып келді. Олар: вегетациялық мерзімнің ұзақтығы; өсімдіктердің өсуіне мүмкіндік туғызатын 10°С-тан жоғары температуралар жиынтығы; жылдық жауын-шашынның мөлшері мен түсу мерзімі; топырақтың механикалық құрамы мен құнарлылығы сияқты мәселелер. Жер шарындағы ең құнарлы топырақ қатарына құрамында карашірігі мол қара топырақ, минералды заттары мол жанартаулық топырақ және тұнба жыныстардан түзілген өзен анғарлары бойындағы топырақтар жатады. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың озық жетістіктері ауыл шаруашылығында кеңінен колданылып отырған еллерде климаттық жағдайға тәуелділік әлдеқайда төмендейді. Мысалы, Сауд Арабиясы көпшілік бөлігін шөлдер алып жатқанына қарамастан, соңғы жылдары бидаймен өзін толық қамтамасыз етіп, тіпті оны экспортқа шығара бастады.
Дүниежүзінің кез келген елінің ауыл шаруашылығы өзара бір-бірімен тығыз байланысты екі саладан - өсімдік және мал шаруашылығынан құралады. Олардың арасалмағы әр елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы мен еңбек ресурстарының көрсеткіштеріне және табиғат жағдайларының ерекшелігіне сәйкес өзгеріп отырады. Экономикалық деңгейі жоғары елдерде (АҚШ, ГФР, Франция және т. б. ) ғылым жетістіктері мен агротехникалық шаралар кеңінен қолданылуы нәтижесінде мал шаруашылығы өнімдерінің үлесі жоғары. Мұндай жағдай кейбір жекелеген дамушы елдерде де байқалуда, бірақ оның басты себебі климаттың қолайсыз әсерінен өсімдік шаруашылығының өркен жаюына мүмкіндіктің болмауы. Бұл керініс Таяу Шығыстың кейбір елдеріне тән. Өсімдік және мал шаруашылығы тек қана өзара байланысып қоймай, олардың өнімдерін өңдейтін өнеркәсіп салаларымен де тығыз байланысты. Бұл салалар арасындағы өзара байланыс агроөнеркәсіптік кешен (АӨК) арқылы жүзеге асады. Мұндай кешендер құрылымы мен қуатына қарай алуан түрлі болып келеді және дамыған елдерде кең қанат жайған. Ал дамушы елдерде олар жаңа-жаңа белең алып келеді.
Бүгінгі таңда жерге иелік етудің бірнеше түрі қатар кездеседі. Олар: жеке-меншіктік, мемлекеттік меншік және кооперативтік меншік. Ең көп таралғаны жерге жекеменшік иелігі, олар дүниежүзіндегі тауарлық ауылшаруашылық өнімдерінің басым бөлігін өндіреді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz