Көңіл көтеру бағдарламалары


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Соңғы кездері туризм саласы қарқынды дамып келеді. Қонақ үйлер, туристік комплекстер, туроператорлар мен турагенттік фирмалар, экскурсиялық бюролар саны жылдан жылға көбеюде, сыйлық сататын кәсіпорындар, ақпараттық және жарнамалық қызметтер көрсетіледі. Яғни, туристің қажеттілігін қанағаттандыру үшін көрсетілетін қызметтер көбеюде.

Бүгінде туризм индустриясы - бұл көп адамдарды қатыстыратын үлкен шаруашылық компексі болып табылады. Бұл адамдардың квалификациясына осы комплекстің өнімділі тәуелді.

Туристік анимация - туристік ұйымдағы құрамдас іс - әрекеттің бөлігі, жоғары біліктіліктің бейнесі, турөнімнің маңызды құрамдас бөлігі. Сондықтан, туристік индустрияның басқа да қызметі сияқты анимация ұйымдастырылған, регламенттелген, нақты басқарылатын және материалдық, финанстық, кадрлық ресурстармен қамтылған болуы керек. Себебі туристің қажеттілігі - бұл туристің саяхат алдындағы жағдайы, оның бұл жағдайын жақсы жаққа өзгертуге деген ынтасы. Туристің қонақжай шаруашылығымен қанағаттануы - бұл оның саяхат жасағаннан кейінгі сапалы бағасы, мақсатының орындалуы. Көбіне саяхатқа жиналған туристер тек орналастыру мен тамақтандыруды ғана ойлап қоймай, қазіргі кезде анимациялық бағдарламаларының болуы мен олардың дәрежесіне мән береді.

Көңіл көтеру, яғни анимациялық қызмет қазіргі кезде актуалды тақырып, себебі қазіргі туризм күннен күнге дамып, туристердің қажеттіліктері артуда. Соның бірі осы анимациялық қызмет. Барлық туристер демалысын жақсы ұйымдастырылған және есте қаларлықтай өткізгісі келеді.

Бұл дипломдық жұмыста анимациялық бағдарламалар туралы, олардың ұйымдастырылуы және маңызы туралы жазылады. Осы тақырыптың зерттеу маңыздылығы бірқатар себептерге байланысты. Анимациялық қызметтің маңызын көп орналастыру орындары түсінбейді, әсіресе Қазақстанның орналастыру орындары. Жалпы анимациялық бағдарламалар ұйымдастыру үшін қолайлы материалдық база қажет. Бірақ көптеген өте жақсы материалдық базалары бар туристік кәсіпорындар бұл мүмкіншілігін жартылай да қолдана алмайды. Себебі, кадр ресурстары жоқ. Шетелде туристік кәсіпорындарда көңіл көтеруді ұйымдастыратын қызметкерлерді аниматорлар деп атайды. Ол жақта бұл салаға көп көңіл бөлінеді. Мысалы, американдық колледждерде және жоғары оқу орындарында 50-ші жылдардан бері осы көңіл көтеруді ұйымдастыратын жоғары білікті басқарушылық кадрларды дайындап, оқытады. Сонымен қатар, басқа елдерде де туристік аниматорлар дайындау жүйелері бар.

Дипломдық жұмыстың обьектісі - анимациялық бағдарламалар.

Дипломдық жұмыстың пәні - қонақ үй қызметіндегі анимациялық бағдарламалардың маңызы мен жағдайы.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі:

Таңдалған тақырып актуалды және қызықты, себебі қазіргі заманғы нарықта қонақжай индустриясында маңызды орынды анимациялық іс - әрекет алады. Қонақ үйдің үлкен қосымша табыс көзі осы анимация болып табылады. Сонымен қатар, турөнімге қызығушылықты арттырады. Жұмыста анимациялық бағдарламалардың маңызы анықталып, жағдайына талдау жасалынды.

Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты - көңіл көтеру бағдарламаларының қонақ үй қызметіндегі маңызын анықтай отырып, Қазақстанның курорттық қонақ үйлеріне анимациялық бағдарлама құрастырып, ұсыну.

Аталған мақсаттарға жету үшін дипломдық жұмыстың келесі міндеттері анықталды:

- анимация ұғымын анықтап, түсінік беру;

- анимацияның негізгі түрлерін анықтау;

- көңіл көтерудің пайда болу тарихын түсіндіру;

- негізгі маңызын анықтап, ұйымдастыру технологиясын көрсету;

- анимацияның қонақ үй бизнесінде маңызын көрсету;

- шетел қонақ үйлеріндегі анимациялық қызметті талдау;

- Қазақстандағы көңіл көтеру жағдайын анықтау;

-Қазақстанның курорттық қонақ үйілеріне лайықты бағдарлама құрастыру.

Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңашылдығы ретінде Қазақстандағы анимациялық қызмет жағдайын зерттеп және курорттық қонақ үйлерге анимациялық бағдарлама құрастыру.

Тақырыпты теориялық маңызы:

Тақырыпты зерттеу актуалдылығы бірнеше себептермен түсіндіріледі. Қазіргі заманғы нарықта қонақжай индустриясында маңызды орынды анимациялық іс - әрекет алады. Қонақ үйдің үлкен қосымша табыс көзі осы анимация болып табылады. Және бұл қызмет туристердің көңілін аулап, қонақ үй мәртебесін көтеруге ықпал етеді.

Тақырыптың практикалық маңызы:

Анимациялық бағдарламалардың қонақ үй қызметіндегі маңызын түсіндіріп, курорттық қонақ үйлерге анимациялық бағдарлама ұсыну.

Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі - жұмыс кіріспе, үш тарау, қорытынды және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы көлемі 63 бет.

Ақпараттық база ретінде Қазақстан Республикасының статистика туралы агенттігінің мәліметтері, Интернет бойынша мекемелер статистикалары негіз болды.

1 КӨҢІЛ КӨТЕРУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

  1. Көңіл көтеру бағдарламасының ұғымы

Соңғы уақытта турфирмалар мен спорттық-сауықтыру мекемелері қонақ үйдегі көңіл көтеру сияқты қосымша қызмет түріне көп көңіл бөле бастады. Қазір көңіл көтеру бағдарламалары анимация деген ресми атау алды. Бұл сөз туристік нарықта біршама қарқынмен ене бастады. Жиі, аниматор сөзін естігенде бірден ұйымдастырушы- бастаушы ретінде қабылдайды. Бірақ, қазіргі заманғы анимация мағынасы біршама ауқымды.

«Анимация» ұғымы латын тілінен шыққан (anima деген сөзінен - жел, ауа, жан; animatus - жандану) және жiгерлiк, ынталандыру, белсендiлiкке тiршiлiк күштер, тарту деген мағына білдіреді.

Анимация - бұл қызмет көрсету сапасын жоғарылату мақсатын қуатын өзiндiк қызмет, және сонымен бiрге - бұл жарнаманың өзiндiк формасы, пайдалылықты жоғарылату және туристiк кәсiпкерлiктiң пайдалылығы үшiн қонақтарды және олардың таныстарын қайта тарту формасы. Ол туристiк өнiмнiң нарықта алға басуын көздейді [1] .

Анимация - бұл туристiк кәсiпорында (туркомплекс, мейманхана, круиз теплоходы, пойыз және тағы басқалар) iске асатын туристiк қызметтің бiр түрi.

Туристiк анимация - бұл туристің белсендi әрекетке түсуін қатыстыратын туристiк қызмет. Туристтiк анимация туристпен (аниматор) тураниматордың дербес адамгершiлiк байланыстарына, адамгершiлiк жақындықтарына, көңiл көтерулердегi аниматор және туристтiң бiрлескен қатысуына негiзделеді.

Туристiк анимация - (қонақ үй, мейрамхана iрi теплоход және тағы басқаларда) туристiк кәсiпорындағы жиынтық қызметтiң ең маңызды бөлiгi. Бұл тек қана ермек емес, туристiк қызметтiң мамандылығының биiк дәрежесiнiң өрнегi, туристiк өнiмнiң ең маңызды құрамды бөлiгi. Сондықтан, туристiк кәсiпорындағы кез келген басқа қызметер сияқты анимация жоспарланатын, айқын регламент белгiленетiн және ұйымдастырулы басқарылатын қызмет болуы керек. Ол заттық, қаржы және кадрлық қорлармен қамтамасыз етілген болуы тиіс.

Туристiк анимацияның негiзгi мақсаты демалыста туристің қанағаттануы, күштерін қалпына келтiру. Туристiк анимацияның ең маңызды рекреациялық функциялары осы болып табылады.

Демек, туристiк анимацияның мәнi сапаның жоғарылауында, әртүрлілік пен туристік өнімнің тартымдылығы, сұраныстың үлкею, жүктеменiң жоғарылауы, оның қолдануының тиiмдiлiгiн жоғарылату және де туристiк қызметтiң тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы мен тұрақты клиенттердiң санының үлкеюi. Туристің демалыстағы қажеттілігін тудыратын демалыспен, саяхатымен қанағаттануы және оның сұранысының өсуі оған қонақ үйлік қызмет көрсеткенде туады. Яғни материалдық - техникалық базада, мәдени-тарихи орындарда, рекреациялық инфраструктурада және қызмет көрсетуші персонал жұмысын атқарғанда көрінеді.

Туристің қажеттілігі- бұл туристің саяхат алдындағы жағдайы, оның бұл жағдайын жақсы жаққа өзгертуге деген ынтасы. Туристің қонақжай шаруашылығымен қанағаттануы - бұл оның саяхат жасағаннан кейінгі сапалы бағасы, мақсатының орындалуы.

Табиғи комплекс - бұл табиғи обьектілер мен құбылыстардың байланысы, ресурс және туристің қажеттілігінің қанағаттануы. Табиғи комплекс анимациялық іс - әрекетте белсенді қолданылады [2] .

Мәдени - тарихи комплекс - бұл туристік іс- әрекетте және анимациялық бағдарламада белсенді қолданылатын материалды және материалды емес мәдени және тарихи байлықтардың байланысы.

Көне заманнан бастап керуен сарайларда, жолай тамақтандыратын орындарға қонақтарды тарту үшін барлық мүмкін болар көңіл көтеру шаралары мен спорттық жарыстарды да қолданатын болған. Қазіргі кезде олар анимациялық бағдарламалар деп аталып, туристік индустрияның қосымша саласы ретінде қолданылуда.

Туризмдегі анимация бос уақытты өткізу үшін арнайы бағдарлама құрастыру болып табылады. Анимациялық бағдарламалар спорттық ойындар мен жарыстар, би кештері, карнавалдар, хобби, рухани қызығушылықтан тұрады. Бұл туризм саласындағы «жан баурау» үшін жасалған туристік бағдарлама және сол арқылы клиенттер тарту әдісі.

Туристік терминологиялық сөздікте анимацияға мынадай анықтама берілген: «көңіл көтеруді және спорттық ойындарды ұйымдастыру, бос уақытты өткізу үшін арнайы бағдарламалар құрастырудағы туроперейтинг комплексі.

Анимацииялық бағдарлама мағынасында бір мақсатқа біріккен туристік, денешынықтыру- сауықтырушылық, мәдени - шаралық, танымдық және көрермендік іс - әрекет өткізу жоспары жатыр. Мысалы, бір күндік анимациялық бағдарлама құрастырсақ ол бірнеше анимациялық шаралардан тұрады. Олар: спорттық жарыстар, кешті сауықтыру бағдарламасы, жағажайдағы ойындар және т. б. болуы мүмкін. Анимациялық бағдарламалар туристің қонақ үйде болған барлық уақытында оған барлық тілектерінің орындалуын қамтамасыз етуі тиіс. Қонақ үй аниматорының ең жоғарғы өнері саяхаттың күтпеген тілегін орындау болып табылады. Осылай, анимациялық бағдарламалар аниматорлармен қонақтардың көңілін көтеру үшін құрастырылады.

Бірақ бір қызықтысы, бір бағдарлама қонақтарға әртүрлі әсер етеді. Мысалы, біреулеріне оң әсер туғызса, екіншілеріне теріс әсер береді. Ұсынылған анимациялық бағдарламаларды қабылдау үдерісі бірнеше факторлардан тұрады. Олар: қатысушылар мен көрермендер жасы, білімділігінің деңгейі, жынысы, этникалық жабдығы, бағдарламаны жүзеге асыру кезіндегі көңіл-күйі (сурет 1) .

Сурет 1. Анимациялық бағдарламаларды қабылдауға әсер ететін факторлар [автормен жасалған]

1-суретте көрсетілген факторларды ескере отырып, тұтынушылардың қызметін алдын - ала анықтап алған жөн, әртүрлі қажеттілікті қанағаттандыру үшін, қорда әртүрлі іс-шаралар мен бағдарламалар сақтаған дұрыс. Сонымен қатар, туристік кәсіпорындағы анимациялық қызметтердің материалды-техникалық базасын күшейткен жөн.

Анимациялық бағдарламалар қызықты болу үшін, оларды дұрыс ұйымдастыру керек. Ұйымдастырушылық іс-әрекет мамандардың жұмысты өзара бөлісуін, құқықтары мен жауапкершіліктерін, жұмысты аяқтау уақытын белгілеуін, қабылданған шешімдерді орындаудағы бақылау жүйесін, жұмысты орындау тәртібін, болашақта пайда болатын сұрақтарды шешу жолдарын ойластыруын қамтамассыз етеді [3] .

Анимациялық іс-әрекетті ұйымдастыру технологиялық процесстің құрамдас бөлігі болғандықтан, барлық мамандардың кәсіби дербестігі мен жұмысқа деген тиянақтылығын талап етеді.

Тураниматор осы көңіл көтеру бағдарламаларын ұйымдастырушы рөлін атқарады. Ол қонаққа әр түрлі бағдарламалардан таңдау жасауға көмектеседі. Аниматор міндеті - демалысты көңілді және ауқымды өткізу. Осылай өткізудің көптеген тәілдері бар. Алға қойылған міндетті шешу осы көңіл көтеру іс-әрекетінде ғана еркін өнер көрсету мүмкіндігі бар. Соның арқасында адамның интелектуалды және эмоциялық, рухани және физикалық күші қатыстырылып, өмiрiнiң психологиялық тұрақтануын iлестіруге мүмкіндік береді.

Тураниатор міндетіне сонымен қатар, мәдени демалысты ұйымдастыру кіреді. Бұл мәдени демалыстар шаршауды ғана басатын тәсіл емес, сонымен қатар күнделікті өмірдің негативті жақтарын басатын тәсіл.

Көңіл көтерудің рухани - адамгершiлiк және заттық тиiмдiлiгi адамның іске бағытталуының жоғары болған кезінде және қажеттілігі өте жоғары болғанда мүмкін болады. Жұмысшы бос уақыты кәсiби және отбасылық сұрақтардың шешiмiн табуға, өзiне ерiктi нығыздалуға мүмкiндiк бередi, тiршiлiкке оптимизммен қарауға жағдай жасайды, қоршаған адамдар, адамның қоғаммен және табиғатпен өзара әрекеттесуге мүмкiндiк туғызады.

Үш маңызды рекреациялық мақсаттан туристік анимация тіке жолмен екеуін орындауға мінтетті. Олар: спорттық- сауықтыру және танымдық мақсаттар. Сəйкес жағдайларда емдік қызметін жанама түрде атқарады. Турөнім мен тұтынушы спецификасын есепке алатын дұрыс құрылған анимациялық бағдарламалар демалушылардың тек көңілі мен тонусын көтеруге ғана емес, оптимистік күйді құруға, жайлы демалыс жағдайда адамды салауатты өмір салтына тартуға мүмкіндік береді.

Мақсатты анимациялық бағдарламаларды құрастыруға арналған анимациялық іс тəжірибесінде келесідей туристік анимация қызметтерін көрсетуге болады:

адаптациялық - күнделікті өмірден демалыстық ортаға енуге мүмкіндік береді;

компенсациялық - адамға күнделікті өмірдің физикалық және психологиялық шаршауынан босатады;

бірқалыптылық - жағымды әсер тудыратын және психикалық бірқалыптылықты қамтамасыз етеді;

сауықтырушылық - физикалық күшті қалпына келтіруге бағытталған;

ақпараттық - белгілі ел, аймақ, олардың халқы жөнінде ақпарат алуға

мүмкіндік беретін;

білімдік - қоршаған әлем жөнінде білімін алған әсерлер арқылы толықтыруға мүмкіндік береді;

дамытушылық - интеллектуалды және физикалық дамыға мүмкіндік беретін;

жарнамалық - анимациялық бағдарламалар арқылы туристерді ел туралы жарнама тасушы ретінде қолдануға мүмкіндік туғызатын функция түрлері [4] .

Мұндай функциялардың әртүрлілігі анимациялық іс - әрекеттің де әртүрлі болуына итермеледі. Яғни, қазіргі кезде туристердің қалауы бойынша барлық жағдайлар жасалуда. Жыл сайын демалыстың маңызы артуда, себебі урбандалу өсуде, сондықтан әрбір адамға міндетті түрде демалыс қажет.

Эксперт - психологтардың зерттеуі көрсеткендей, демалысын жақсы өткізген жұмыскерлер сирек ауырып, сирек жанжалдасады және жұмысқа қабілеті жоғары болады екен. Ақш, Канада, Жапония және тағы басқа дамыған елдерде барлық үлкен корпорациялар сол себепті өз қызметкерлерінің толыққанды демалыспен қамтамасыз етеді. Олар демалыста жаңа жерлер мен қызықты бағдарламалар көріп, физикалық және рухани күштерін қалпына келтіреді. Олар басқа елге шықса да, өз елінде жүрсе жаңа эмоциялар алады. Ал егер, сонымен қатар, демалысында анимациялық қызметтер көрсетілсе, келуші демалысымен өте қанағаттанады. Яғни, анимациялық бағдарламалардың қонақ үй қызметіндегі маңызы өте зор.

Әрине, әр түрлі елде әртүрлі көңіл көтеретін дәстүрліден эксклювтіге дейінгі бағдарламалар бар. Олардың көбісі біздің турфирмаларымызбен алынғаны болуы мүмкін. Мысалы, Колумбияда томатты шайқастар жүргізіледі, Италияда бананды. Бастысы - жемістер жұмсақ болуы қажет, ешкімге зақым келтірмес үшін. Біздің туристеріміз мұндай ерекше бағдарламаға қатысудан бас тартпауы тиіс.

Ресейде ең дәстүрлі анимациялық бағдарлама түрі - жазда болатын «Нептун күні», қыста қардан қамал жасайтын «Батыр турниры», «Батырлар шайқасы», экстремалды «Соңғы қаһарман» т. б.

Тунистің көптеген курорттық орталықтарында бір күнге келетін және шығыстық фольклор биін көресететін дөңгелектегі базарды кездестіруге болады. Шри - Ланкада әрбір жексенбіде шығыс биі фестивалі өтіп тұрады.

Анимация не береді? Ол экскурсия тақырыбын ашуға жақсы мүмкіндік береді. Және туристер мұндай бағдарламаларға белсенді қатысады. Мысалы, Лидстік сарайда «Миндовга үйлену тойы» атты проект құрастырылған. Барлық экскурсанттар қойылған ортағасырлық тойды көре алады. Тіпті шақырылған қонақ ретінде қатыса да алады [5] .

Егер анимациялық бағдарламалар көп болса ол да туриндустрияның дамуына әсер ететін еді. Мысалы, бір елді әр айдың екінші жексенбісінде бір қойылған шоу немесе кештер өтетін болса, бұл жерге келушілер де көбейер еді. Себебі анимациялық бағдарламалар- рольдік ойындар, сондықтан оларға деген қызығушылық әрдайым жоғары.

1. 2 Көңіл көтеру тарихына шолу

Ежелгі кездегі көңіл көтеру тарихы. Көңiл көтеру индустриясының пайда болу тарихын ерте кезден сол саяхаттарды ұйымдастыру қажеттiлiгі туғаннан бастап бақылауға болады. Бәрімізге мәлімдей ежелгі саяхаттар ежелгі Греция мен Римнен бастау алады, демек көңіл көтеру тарихы да осы жақтардан бастау алады деуге болады.

Ежелгi Греция және Римде таверналар, керуен сарайлар мен пансиондар пайда бола бастаған. Олар Ежелгі Грециядағы қонақ үйлер типтес әлеуметтiк және дiни өмiрдiң маңызды элементі болып қалыптасқан. Сол кезден бастап керуен сарайлар және таверналардың қожайындары өз тұрушыларының бос уақытын жақсы өткізуді қамтамасыз еткен. Олар қонақтардың көңiл көтерулерi үшiн музыканттар, бишiлер және акробаттар шақырып, әр түрлi жарыстар ұйымдастырып отырған.

Көне грек керуен сарайлары мен таверналарда көңiл көтеру бағдарламалары ретінде аңдар және құстардың соғыстары жүргізiлген. Ең таралғаны «коттаб» ойыны болды (сурет 2) .

Сурет 2. Ежелгі Грециядағы «Коттаб» ойыны [6]

2-суретте көрсетілгендей, ойынның мәні белгілі нүктеге шараптың қалғанын шашып жеткізу. Ежелгi гректер кубикпен ойнауды және спорттық бәсекенi өте жақсы көрген. Ең алғашқы орасан зор спорттық бәсекелер - олимпияда ойындары осы жерде бастау алды.

Таверналардың жиi келушiлерi ер адамдары болды, дегенмен әйелдерге әндермен және билермен қонақтарды алдандыруға рұқсат етiлдi. Осы мақсатта әйел адамдар арнайы білім алатын болған. Олар гетерлар деп аталып, музыкалық аспабта ойнауды және отырыстарда қызықты ақылды әңгіме жүргізуді үйренді. Әдетте гетерлар төменгі тап өкілдерінің немесе басқа елдің әдемі қыздары болатын болған. Гректердің қоғамдық және жеке өмірінде музыка елеулі орын алды. Құл емес, яғни бос адам үшін гректің Афина, Спарта, Фивада азаматтық тәрбиелеу және білім беруге музыкалық өнерді, оның теориясын, эстетикасын, орындау тәсіллдерін үйрету кірді. Жеке әншілер, хорлар, аспапшылар, өлең және ән шығаратын ақындар әр қала - мемлекеттен шығып, жарысқан. Музыка мемлекеттік, әскери де маңызға ие болған [7] .

Ноталық жазу ежелгі гректік әндік фольклорда болмады. Көп мәліметті әдеби поэтикалық бұлақта, скульптура, барельефтер, вазалық әшкерлеуден, сахна фрескаларынан аламыз. Ежелгі эпикалық поэмалар Тезиад «Еңбек және күндер», Гомер «Илиада», «Одиссея», осылардан халықтың музыкалық өмірі туралы білеміз.

Егіндіктер мен жүзім қолдаушылары құдайларды қолпаштау үшін егіншілік жұмыспен байланысты халықтық мерекелі әрекеттерінің ең маңызды да, әдемі бөлігі - би мен ән болған екен. Бұл мерекелік шаралардың бірі, Дионис құдайына арналған ән мен билерден классикалық афиналық трагедиясы өсіп шыққан.

Ежелгi гректер бос уақытын ұйымдастыруға үлкен ықыласпен зер салатын болған. Әсiресе барлық Грециядан және оның қол астындағы колониялардан жиналатын үлкен дәстүрлi мерекелер және жарыстар мұқият әзiрлендi. Бұл Мына адамдардың барлығын орналастыры, бағдарламаны мұқият ойластырып және алдын ала дайындалу қажет болды.

Мысал ретінде атақты олимпияда ойындарын көрсетуге болады. Олимпияға бәріміз білетіндей барлық Греция аймағынан спортшылар жиналатын болған. Олар бір ай бойы жаттығып жарыстарға даярлануы керек болатын. Көрермендер мен спортшылар үшiн стадиондар, гимнасиилар (жүгiрiс және лақтыру үшiн алаң), палестралар (секiру және күреске әзiрленетін орын) құрастырылды. Сол кездің өзінде спортшылар үшін де қонақтар үшін де орналастыру мен тамақтандыру туралы ойлана бастады. Сондықтан спорттық алаңдар қасында леонидайон (сыйлы қонақтар үшiн қонақ үй) салынған.

Ежелгi гректерде әр түрлi мерекелер көп болды. Ең iрi афиналық мерекелер бiрнеше күнге созылып, қатал регламенттеліп және дәстүрлi болған. Мерекелер алдын ала ойластырылған және жақсы ұйымдастырылған дiни рәсiмдерден, салтанатты жүрулерден, хордың, музыкалық, гимнастиялық және жеңiмпаздарға марапаттау рәсімдерінен тұрды [8] .

Грециядағы тағы бір әйгілі театрланған қойылым шарап жасаудың құдайы Дионис құрметіне ұйымдастырылатын болған. Оның ұйымдастырылуына афиналықтар барын салатын болған. Жыл сайын бұл мерекеге ақындар бишілер мен хор айтатын өлеңдер шығарады. Ең бастауында хор базар алаңында орындайтын болған. Кейінірек ол үшін Акропол алаңында театр ашылды. Барлық Греция аймағы бойынша көп көрермен сиятын театрлар ашыла бастады.

Ежелгі Грециялық шарап жасау құдайы Диониске арналған мерекеде басты шарап вино болды. Әрине, бұл мерекедегі тойлау көңіл көтеру бағдарламаларымен сүйемелденді. Мерекенің басты шырқы драмалық жарыстар болды. Бұл жарыстар таң атқаннан кешке дейін өтетін болған. Басты мақсаты қатысушыларды күнделікті өмірден демалту болды. Және айта кететін жайт афиналықтар бұл мерекелерге өте жақсы дайындық жүргізетін болған.

Ал, Ежелгі Римде көңіл көтеруді ұйымдастыруға әлдеқайда аз көңіл бөлген. Бірақ олардың өз жолдары болған.

Рим империясы өте үлкен көлемді болды, сондықтан чиновниктер, жауынгерлер, сатушылар жұмыстарымен көп сапарға шығатын болған. Нәтижесінде оларды орналастыру үшін керуен сарайлар мен таверналар салына бастады. Және осыдан барлық әлемге әйгілі ұлттық бақтар бастау алды. Мыңдаған Рим тұрғындары осында бос уақыттарын өткізетін болған. Онда шомылар алдында бақшада доп ойнап, жүгіруден, ауыр көтеруден жарысып содан кейін жуынып, бассейінде шомылған.

Ежелгі Римдіктер циркте ұйымдастырылатын бәйгелер мен қанды гладиаторлар шайқасын жақсы көрген (cурет 3) .

Сурет 3. Ежелгі Римдегі гладиатор шайқастары [9]

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқытудың жаңа технологиялары және Визуал Бейсиктің қолданылуы
Қазақстандағы жоғары мектептің жағдайы және дамуы
ҚР-дағы білім беру жүйесі және мемлекеттер өқілеттіліктер жүйесі
Сервистегі анимациялық қызметтер
Шетел телеарналарында балалар хабарының берілуі
Қоғамның даму тенденциясына сай бүгінгі білім беру жүйесінің дамуы
Радионың бұқаралық ақпарат құралдары жүйесінде алатын орны
Заманауи педагогикалық технологияларының пәні және міндеттері
Анимациялық бағдарламаның сипаттамасы
Азамат жастар бағдарламасының жүргізушісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz