«Шиға ағымынан болған имамия мазһабі»


Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 55 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Дюсекеев Сагдат Серикович

Шиға ағымынан болған Имамия мазһабы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В021500- «Исламтану»

Алматы 2013

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті:

«Қорғауға жіберілді»

Исламтану кафедрасының

меңгерушісі д. Ато ас-Сынбати

«__»2013ж.

:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті:

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: «Шиға ағымынан болған Имамия мазһабі»

5B021500 - «Исламтану»

:
:
:
:
:

Стандартизация бойынша кеңесші,

магистр, оқытушы

С. Сайлаубайұлы

«___» 2013 ж.

Диплом жұмысының жетекшісі

Р. Әкімбеков

«___» 2013 ж.

Мысырлық тарапынан

диплом жұмысының жетекшісі, доктор

Мустафа Абу әл-Хажжаж

«___» 2013 ж.

Орындаған

С. С. Дюсекеев

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті:
:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті:
:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті:
:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіНұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті: Алматы 2013

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 5

  1. ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ КЕЗЕҢДЕРІ . . . 7

1. 1 Шиға ағымының пайда болуындағы алғы шарттар . . . 7

1. 2 Шиға ағымының қалыптасуындағы тарихи кезеңдер . . . 11

1. 3 Шиғалар мен сүнниттердің басты айырмашылықтары . . . 13

2 ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ИМАМИЯ МАЗҺАБІ . . . 18

2. 1 Шиға ағымының басты бағыттары . . . 18

2. 2 Имамия мазһабының шығу тарихы . . . 33

2. 3 Имамия мазһабының басты ұстанымдары . . . 37

2. 4 Имамия мазһабының қазіргі ислам елдеріндегі әлеуметтік мәні . . . 42

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 46

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 49

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаты. Дипломдық жұмыста шиға ағымдарының, оның ішінде зерттеу тақырыбымның негізі болып отырған Имамия мазһабының пайда болуының алғы шарттары, шығу тарихы, діни ұстанымдары, діни көзқарастары мен ғибадаттары және олардың әһлу сүннеттен басты айырмашылықтары нақты деректер арқылы берілді. Оған қосы аталмыш «шиға ағымының» дініміз Исламға қайшы іс-әрекеттері мен діни сенімдері баяндалды. Сондай-ақ жұмыста Ислам дінінің алғашқы жылдарында пайда болған шиға ағымының басты бағыттары болып табылатын Ғулат, Исмайлит, Зәйдия шиғалық мазһабтарының шығу төркіні, діни ұстанымдары, ғасырымызға дейін жеткен теріс ағымдардың сенімдері, шоғырланған мекендері жайлы арнайы еңбектерден мәліметтер келтірілді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі таңда елімізде дәстүрлі емес көптеген діни ағымдар мен секталар қаптап кетті. Олардың ішінде басым көпшілігі ислами ағымдар мен христиандық ағымдар болып табылады. Осы ағымдар мен секталарды зерттеу, олардың ерекшеліктері мен айырмашылықтарын анықтау өте өзекті мәселелерден болып табылады. Осындай өзекті мәселердің бірі ислами ағымдардың бірі болып табылатын шиға ағымынан болған имамия мазһабын зерттеп, олардың діни ұстанымдары мен ғибадаттарын, діни көзқарастары мен әһлу сүннеттен айырмашылықтарын талдап, саралауды жөн көрдік. Себебі әлем діндерін зерттеп қарасақ, әрбір діннің ішінде түрлі ағымдар мен ұйымдардың барын көреміз. Сол секілді әлемдік діндердің бірі болған, 1, 5 миллиард ұстанушысы ба Ислам дінінің ішінде де түрлі теріс ағымдардың бары шындық. Тарихта дәстүрлі Ислам аясынан шығып кетушы ағымдар аз болмаған және кейбірі уақыт өте келе жойылып кеткенімен олардың идеологиялары мен сенімдері толықтай сетінеп, ұмытыла қойған жоқ. Кейбірі теріс пиғылды ағымдар әлем жұртшылығымен қатар, қазақ елінің де назарын аудартып, «бұлар кімдер, қайдан келген, мақсаттары не?» деген сұрақтар еріксіз зерттеулер жүргізуге мәжбүрлеуде. Мұндай теріс сенімдегі ағымдардың еліміздің бірлігі мен ынтымағына, өсіп-өркендеуіне зияндарын тигізері сөзсіз. Мұсылман елдері дәстүрлі Исламға қайшы келетін сенімдегі ағымдардың үгіт-насихат жүргізуіне тыйым салған және ресми тіркеуге де алмаған. Сондықтан дін атын жамылып, шынай Исламға залалын тигізуші адасқан ағымдарды жан-жақты тексеріп, ел болашағы мен ел мүддесі тұрғысынан тиісті шараларды қолға алу қажет-ақ. Осы аталған сипаттарға ие адасушы ағымдардан саналатын шиға ағымынан болған Имамия мазһабын зерттеу өзекті тақырыптардың бірі болмақ.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жұмыста шиға ағымынан болған имамия мазһабы қарастырылатындықтан, дипломдық жұмысты жазу барысында көбінде қазақ, шетел, әсіресе түрік халқының көрнекті ғалымдарының Әбу Мансур Абдулқаһир әл-Бағдидің, Мұхаммед Абдулкарим әш-Шаһристани, Мұхаммед Әбу Заһра, Етһем Рухи Фыглалы, сонымен қатар шиға ағымы жайлы

тереңірек қазақ тілді ғалымдарымыздың бірі Смайыл Сейтбеков сынды ғалымдардың еңбектері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты - шиға ағымдарының және осы ағымнан болған имамия мазһабінің ислам тарихындағы орны және діни іліміндегі ерекшіліктерін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін бір неше міндеттер қойылады.

  1. Шиға ағымдарының пайда болуын тарихи тұрғыдан зерттеу.
  2. Шиға ағымдарынан болған Имамия мазһабінің басты қағидаларын көрсету.
  3. Имамия мазһабінің тармақтары және олардың ерекшеліктерін айқындау.
  4. Имамия мазһабінің ислам әлеміндегі саяси- әлеуметтік мәнін көрсету.

Зерттеудің нысаны мен пәні. Диплом жұмысымның негізгі нысаны - шиға ағымынан болған Имамия мазһабінің пайда болуының алғы шарттары, шығу тарихы, діни ұстанымдары, діни көзқарастары мен ғибадаттары және олардың әһлу сүннеттен басты айырмашылықтарын зерттеп, талдау.

Диплом жұмысымның пәні - шиға ағымынан болған имамия мазһабінің саяси-әлеуметік мәнін қарастыру.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 49 бет.

  1. ШИҒА АҒЫМЫНЫҢ ПАЙДА БОЛУ ЖӘНЕ ҚАЛЫПТАСУ

КЕЗЕҢДЕРІ

  1. Шиға ағымының пайда болуындағы алғы шарттар

Алдымен шиға сөзінің ұғымына келетін болсақ. «Шиа» арабша «ш-й-а» етістігінің түбірінен шығып «жақтау, қолдау» деген мағынаны білдіреді. Терминдік мағынасы болса хазіреті Пайғамбар Мұхаммед (с. а. с. ) қайтыс болған соң хазіреті Али мен ұрпақтарын халифалыққа ең лайық кісі ретінде көріп және оны Құран мен хадис арқылы тағайындалған хақ халифа етіп қабылдаған, халифалықтың да сол әулетке тән екендігін қолдағандарға берілген есім, сонымен қатар Ислам дініндегі үлкен бір ағымның есімі[1, 56 б. ] .

Тарихқа үңілсек, Хазіреті Алидің халифалық (656-661 ж. ж. ) кезінде оның жағында болып, сөзін, ісін мақұлдап, оны жақсы көріп, сол тұстағы жанжалдарда жалғыз тастамай, жанын пида етушілерге «шиа-и Али» (Алидың жақтаушылары) деп алғаш рет атала бастағанын көреміз. Олардың қатарында ұлы сахабалар да бар еді. Бұлар әуелде шын мәнінде «шиға» сөзіне лайық болатын. Шындығында, олар Хазіреті Алиді Хазіреті Пайғамбарға (с. а. с. ) ең жақын туыс әрі хақ халифа ретінде қолдаған еді. Олар мұсылмандар арасында бүлік шығармады, дінге дінде болмаған нәрселерді енгізбеді, тек турашылдықты ұстанды. Алайда бертін келе, Ислам дінін әлсірету, мұсылмандар арасында бүлік шығару мақсатында осы атты жамылып, өз мүдделеріне пайдаланған саяси топ бой көрсете бастады.

Шын мәнісінде, мұсылман қауымы Хазіреті пайғамбарымыздың (с. а. с) ұрпақтарын шынайы жақсы көргендіктен, оларға деген құрметтері шексіз еді. Пайғамбарымыз (с. а. у. ) әулетін дінімізде «Әһлу бәйт» деп атайды. Саяси топтағы арандатушылар әһлу бәйттің өшін аламыз, оларға көмектесеміз деген жалған ұранмен халықты билікке айдап салып отырды. Кейбір саяси оқиғалардан кейін осы ұранды ұстанушылар саны артып, уақыт өте келе мұның ақыры үлкен күшке айналды. Бұл саясиланған діни топқа ұстанған бағыты мен ұраны үшін «шиға» деген ат берілді.

Алғашқы шиғалар тарих сахнасына қашан шықты деген сауалға тарихшылар тарапынан көптеген пікір айтылған. Тарихи деректерге сүйене отырып, осы мәслеге қысқаша шолу жасайын.

Хазіреті Пайғамбарымыз (с. а. у. ) қайтыс болған кезде халифа сайлау мәселесі көтерілді. Сонда кейбір сахабалар Хазіреті Алидің халифа болуын жақтап, пікір айтқан. Міне осы оқиғаны алғашқы қадам еді деп тұжырымдаған тарихшылар бар.

Шиғалардың шығуы үшінші халифа Османның (656 ж) шәһид етілуінен кейінгі ішкі жанжалдар кезінен бастау алады деген екінші бір тұжырым бар. Бұл тұжырым бойынша, Хазіреті Алиді жақтап, керек болса жанын пида етуге дайын болған Жәмәл (656 ж) соғысында Алиді қолдаушылар алғашқы шиға ағымын қалыптастырды деп түсіндіруде. Алайда, бұл айтылған пікірлер ақиқатқа үйлеспейді. Өйткені, «Әл-жәмәл» (Түйе) соғысы - бұл соғыс миләди санағы бойынша 656 жылдың қыс мерзімінің басында Басра қаласының маңында болып өткен. Ол шайқастың шығу себептері туралы Ислам тарихына қатысты кітаптарда мынадай мәліметтер айтылған. Негізінде оның шығу себебінің басы халифа (644-656ж) Осман бин Аффанның (р. а. ) шәһид етілуі тарихына барып тақалады. Яғни оған қастандық жасалынып шәһид етілгеннен кейін Зүбайр бин Әл-Әуам (р. а. ) және Талха бин Ұбайдұллаһ (р. а. ) сияқты жақтастары жаңа сайланған халифа Әлиге (р. а. ) байъат береді, бірақ көп өтпей олар өз ойларынан қайтып, берген байъаттарын бұзды.

Бұған, Османның (р. а. ) өліміне себепші болған кейбір адамдардың жазаға тартылмай қалғандығы желеу болды. Содан, Зүбайр бин Әл-Әуам (р. а. ) мен Талха бин Ұбайдұллаһ (р. а. ) тұжырымдай отырып: «Осман бин Аффанның (р. а. ) өліміне Әли (р. а. ) де кінәлі, ол халифаны қорғауға мүмкіндігі бола тұра оны қорғамады. Және халифа болғаннан кейін Османның (р. а. ) өліміне себепші болғандарды жазалаудың орнына оларды өзіне жақтас қылып алды. Сондықтан, оның халифа болғаны дұрыс емес, оны халифалықтан шеттету керек»- деген ижтиһадтық қателікке жол берді. Міне осы қателіктің соңы «Әл-жәмәл» (Түйе) деп аталған шайқасқа соқтырды.

Ескерту: Бірақ, олар дереу Әлиге (р. а. ) қарсы соғыс бастау керек деп шешкен жоқ. Олардың ойы - алдымен Әлимен (р. а. ) келіс сөз жүргізіп Османның (р. а. ) өлімінде кінәлі болған адамдарды жазаға тарту болды. Сол мақсатта олар Әли (р. а. ) мен екі арадағы келіс сөздерге дәнекер болуға хазреті Айша (р. а. ) анамызды көндірді. Содан олар өздеріне қарасты әскермен алдын Куфаға, одан Басраға жол тартты. Бірақ, осы арада Османның (р. а. ) өліміне кінәлі болған адамдар Әлидің (р. а. ) Зу-Қар деген жерде қалдырған бір топ әскерін үгіттеп Зүбайр бин Әл-Әуам (р. а. ) мен Талха бин Ұбайдұллаһтың (р. а. ) әскеріне кенеттен шабуыл жасады.

Міне осы жағдай мұсылмандардың екі тобының арасындағы келіс сөздерді жоққа шығарып, соғыстың басталуына жол ашты. Бұл жағдайдан Халифаның хабары болмағанымен, қарсыластары шабуылды Әли (р. а. ) өзі ұйымдастырды деп ойлап, Басраға әскер тартты.

Ислам тарихшыларының хабар беруіне қарағанда, бұл шайқаста екі жақтан да аса көп мұсылман шығынға ұшырады. Әсіресе, Айша (р. а. ) анамыздың мінген түйесінің төңірегінде аса қатты шайқас болды. Содан, бұл шайқас

«Әл-жәмәл» (Түйе) деп атақ алды.

Шайқаста Халифа әскерінің қолы биік келіп, Зүбайр бин Әл-Әуам (р. а. ) мен Талха бин Ұбайдұллаһтың (р. а. ) әскері жеңілді, олардың өздері екеуі де шәһид болды. Айша (р. а. ) анамыз болса Халифа әскерлері тарапынан тұтқынға алынды.

Хазреті Әли (р. а. ) Айша (р. а. ) анамыздың екі мұсылман тобының арасын жарастыру мақсатында дәнекерлікке келгендігін білгеннен соң, оған сый-құрмет көрсетіп Мәдинаға шығарып салды. Хазіреті Али ешқашан жамағаттан бөлініп шықпаған, шығуға да жол бермеген. Сондықтан шиғалық әрекеттер Хәзіреті Алидің кезінде емес, екінші ұлы Хазіреті Хусейннің шәһид етілуінен

(680) кейінгі заманда шыға бастаған.

661 жылы Хазіреті Али бір харижит тарапынан шәһид етілгеннен кейін халифалық билік Әбу Суфиянның ұлы Муғауаияға өтті. Ол 19 жыл Ислам әлемін басқарып, 680 жылы қайтыс болды. Муғауия қайтыс болған соң мұрагерлік жолмен ұлы Язид әкесінің орнынан таққа отырады. Язид таққа отырысымен өзінің халифалығын нықтау үшін жан-жаққа шабарман жолдады. Мақсаты - алдымен бетке ұстар кісілерден бірінші кезекте өзіне берілгендігі жайында уәде алу. Сол кездегі абыройлы кісілердің қатарында Хазіреті Хусейн де бар еді.

Бұл ресми байғатты (қол тапсыру) жер-жердегі әкімдер халифа атынан алатын еді. Сол кездегі Мәдина әкімі Уәлид ибн Утба Хазіреті Хусейн осы мақсатта шақыртқан кезде ол өзгелерден оқшауланып, жеке байғат бермейтінін, тек халықпен бірге ресми түрде байғат беретінін айтып келіспейді. Жеке өзін шақыртудың астарында саяси мін бар екенін түісніп, әкімнің құзырынан шығып кетеді. Халифа Муауияның өлгені туралы хабар елге таралғанда Ирак аймағындағы мұсылмандар арасында алыпқашпа әңгіме желдей есті.

Халифа билігін толыққанды қолдамайтын куфалық мұсылмандар Хазіреті Хусейнді Мәдинадан Куфа қаласына шақырады. Мақсаттары оны халифа етіп сайлау еді. Қайта-қайта шақыруын қоймаған соң Хазіреті Хусейн бала-шағасын алып, туыстарымен бірге жолға шығады. Олардың саны 80-ге де жетпейтін. Оның Куфаға баруы жаңа саяси оқиғалардың басталуына себеп болатынын сезген халифа, Куфаға жеткізбеуді ойлайды. Жолын кесу үшін жарты жолда халифаның бұйрығымен кері қайтуға да, Куфаға баруға да рұқсат етілмей, қоршауға алынады. Қоршау бірнеше күнге созылып, Хазіреті Хусейн және жанындағы туыстары су тапшылығынан қатты қиналады. Хазіреті Хусейн келісімге келу үшін барлық мүмкіндікті қарастырады. Өкінішке орай, келісім нәтиже бермеген соң екі жақ шайқасады. Хазіреті Хусейннің жанында туыстарынан құрылған санаулы ғана жасағы болды. Соған қарамастан едәуір қарсылық көрсетті. Ақырында туыстарымен бірге 680 жылы 10-шы қазан күні Кербала деген жерде ол шәһидтіктің шәрбәтін ішті[2, 19-24бб. ] . Хазіреті Хусейн шәһид етілген соң Ислам әлемінде халифаға деген наразылық күшейді. Хазіреті Хусейн және туыстарының кегін аламыз дегендердің қарасы көбейіп, шиғалық әрекеттер саяси бағытта өрбіді. Кербала оқиғасын пайдаланып шыққан саяси оқиғалар шиға ағымының етек алып таралуына ұйытқы болды.

Хазіреті Хусейннің шәһид етілу хабары Ислам әлеміне жайылған соң жан-жақтан халифа билігіне қарсы бас көтерулер басталды. Осылардың алғашқысы Мәдина қаласындағы Абдуллаһ ибн Ханзаланың көтерілісі. Халық оның маңайына жиылып, Хазіреті Хусейннің өшін алу үшін халифа Язидқа қарсы шықты. Халифа Язид оларға алдымен ескерту берді. Ашынған халық ескертуге құлақ аспай, халифаға қарсы бас көтеріп, 682 жылы тамыз айында Мәдина маңында шайқасты. Шайқас халифа әскерлерінің пайдасына шешіліп, көтерісшілер аяусыз жазаланды. Осылайша алғашқы шиғалық көтеріліс талқандалды.

683 жылы Куфада халифа билігіне қарсы жасырын көтеріліс ұйымдастыру

әрекеті басталды. Бұл көтерілісті ұйымдастырушы - Сулейман ибн Сурад. Олар өздерін «тәууәбун», яғни «тәубе етушілер» деп атады. Уақытында Хазіреті Хусейнді қоймай Куфаға шақырып, Кербалада қоршауға алынған кезінде оған ешқандай көмек бере алмай, оның аянышты өліміне себепші болғандықтан кінәларын мойындап, айыптарын өтеу үшін ұйымдасқан көтерісшілер еді. Сол себепті өздерін «тәубе етушілер» деп атады. Көтерісшілер 684 жылы ұйымдасқан түрде Кербалада халифа билігіне қарсы шығады. Хусейн ибн Нумайрдың қарамағындағы он екі мың іріктелген халифаның атты әскері Сулейман ибн Сурад бастаған көтерісшілермен шайқасып, тәууәбиншілерді түгел қырып, шиғаларға тағы да соққы береді.

Тәууәбин көтерілісінің ақырын күткен екінші бір көтерілісші Мухтар ибн Әби Убайд әс-Сақафи да халықты халифаға қарсы шығуға, Хазіреті Хусейн мен оның туыстарының өшін алуға үндеді. Атақ пен мансап құмар Мухтар алдымен Мәдинаға барып, Хазіреті Алидің ұлы Мұхаммед Ханафимен кездесіп, әһлу бәйттің өшін алу үшін көтеріліс жасайтынын айтады. Кездесудегі негізгі мақсаты - Мұхаммед Ханафидің көзқарасын білу әрі оның бір ауыз сөзін өз пайдасына қолданып, дегеніне жету. Бірақ ойындағысы болмай, Мұхаммед ибн Ханафиден қолдау таппай кері қайтады.

Куфада өзін күтіп отырған жақтастары алдында абыройын түсірмеу үшін жалған сөйлейді. Ол: «Мұхаммед Ханафи мәһдилігін (құтқарушы) жариялады, мен де оның орынбасарымын. Келіңдер, әһлу бәйттің және Кербала оқиғасына қатысы барлардың өшін алайық!» - деп жар салды. Бұл үндеу ашулы халыққа қатты әсер етті. Аз уақыт ішінде көптеген қолдаушы тауып, 685 жылы Куфа әкімімен шайқасып, жеңіске жетеді. Артынша Ирак аймағын өз билігіне алады. Абыройын одан әрі көтеру әрі айтқан сөзін орындау мақсатында Кербала оқиғасына қатысы барларды анықтап, ұстап, өлтіреді. Расында да, оның осы әрекетіне халық ризалық танытты. Мухтарға да керегі сол еді. Ол көздеген мақсатына жеткен соң, өз саясатын жүргізуге тырысты. Кербала оқиғасын пайдаланып, шектен тыс шыққаны үшін Мекке әміршісі Абдуллаһ ибн Зубайрдың қаһарына ұшырап, 687 жылы сәуір айында ордасы талқыланып, шайқаста өлтіріледі.

Кейінірек Зәйд ибн Али ибн Хусейн Умея билігіне қарсы шығып, өзінің халифалығын жариялайды. Бұл Хазіреті Алидің ұрпағынан шыққан алғашқы көтерілісші болатын. Ол да аталары сияқты (аталарынан мақсат Хазіреті Али кезінде орталықты Мәдинадан Куфаға көшірген, ұлы Хусейн де куфалықтардың шықыруымен жолға шыққан) Куфаға барып, жақтаушыларын ұйымдастырды. Куфалықтар халифа әскерімен Майдан даласында бетпе-бет кездескен кезде атасы Хазіреті Хусейнге опасыздық жасағандай оған да опасыздық жасап, Майдан алаңын тастап қашты. Зәйд өзіне берік әскерімен соңғы демі қалғанша шайқасып, 740 жылы Майдан алаңында ерлікпен қаза тапты.

Осы шайқаста Зәйдтің баласы Яхия Майдан алаңынан қашып, Бәлх қаласын паналайды. Хорасан аймағында астыртын үгіт-насихат жүргізіп, қолдаушылар жинайды. Бұл әрекеттерден хабардар болған халифа оны қуғынға

ұшыратты. Яхия бар жиған әскерімен 742 жылы халифаға қарсы көтеріліс жасап, шайқас алаңында қаза тапты. Осылайша умеялықтар Зәйддтің жақтастарын біржолата талқандаған болды [3, 66-72 б. ] .

  1. Шиға ағымының қалыптасуындағы тарихи кезеңдер

Таһирлерден Ғәзнәуилерге дейін Һарун өлгеннен кейін (809 ж. ) Әбу Жәғфар Мансур қызынан туған тұңғыш ұлы Мұхаммед Әмин Бағдадта халифа болды. Ирандықтар шиға болғандықтан, Һарунның тағы бір ұлы Абдұллаһқа (лақап аты Мәмүн) қолдау көрсеткен. Өйткені, Мәмүннің шешесі ирандық еді, ол Мервде халифа болып, Әминге қарсы тұрған болатын. Бұл екеуінің арасында жаңадан мұсылман болған Фазл бин Сәһл дәнекерлік жасап жүрді. Әмин Әли бин Исаның қолбасшылығымен Мәмүнді басып тастау үшін Хорасанға әскер жіберді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам ойлау жүйесіндегі пайғамбарлық
Аср-и сағадат және табиғин дәуірінде сенім (ақаид)
Шиалық атаудың қалыптасуы
ИТИҚАДТЫҚ ИСЛАМ МАЗХАБТАРЫ
ЗАЙДИЯ МАЗХАБЫ
Қазақстандағы бахаилік ағымы
Ислам құқықтық мәзһәбтары (мектептері) және методтары
Жіті ішек инфекцияларының алдын алу
Ханафи мазһабы: калыптасуы және даму жолдары
Эшерихиялар, сальмонеллалар, шигеллалар, тырысқақ, кампилобактер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz