Шағын және орта бизнесті несиелеу


Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны.

Кіріспе

I. Шағын және орта бизнесті несиелеудің мәні мен ерекшелігі

1. 1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің экономикалық мәні . . . 5

1. 2. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктер . . . 10

II. Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді талдау

2. 1. Шағын және орта бизнесті несиелендіру жағдайын талдау . . . 21

2. 2. Шағын және орта бизнесті «Даму» қоры бағдарламасы негізінде несиелендіруді талдау . . . 32

Қорытынды

Әдеби оқулықтар тізімі

Қосымша

Кіріспе.

Кез-келген мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық жағдайының тұрақты дамуына, ең алдымен мемлекет тарапынан қабылданған және жүзеге асырылған реформалар нәтижесінде қол жеткізуге болады. Отандық тәжирибе көрсетіп отырғандай, ел экономикасының дамуы тәуелсіздікке қол жеткізіп, бүгінгі күнге дейін атқарылған жұмыстың нәтижесін көрсетеді.

Кез-келген қоғамда қаржы несие жүйесі экономиканың дамуы мен нығаюының негізі болып табылады. Нарықтық экономика жолын ұстанған Қазақстанда шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендіруді дамыту, қазіргі таңда жүргізіліп отырған экономикалық реформаның басым бағыттарының бірі болып табылады. Сондықтан елімізде шағын және орта бизнестің даму барысына кедергі келтірмей, керісінше даму барысына ықпал ететін икемді қаржы-несие жүйесін қалыптастыру өзекті мәселелердің қатырында болып отыр. Осы тұста мемлекеттің атқаратын рөлі зор. Нарықтық экономикалы елдерде мемлекет экономикаға, шаруашылық жүргізуші субъектілердің іс-қызмет барысына заң кесімдері, салықтар, несиелер тәрізді құралдар арқылы араласады. Шағын және орта бизнесті (ШОБ) несиелендірудің өзектілігі - бұл өз кезегінде, ел экономикасының дамуына, ЖІӨ ұлғаюына, шағын бизнес субъектілері мен әртүрлі қаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер арасында нарықтық қарым- қатнастың нығаюына әкеледі. Шағын және орта бизнес, макро экономикалық деңгейде көптеген мәселелерді шешеді. Айталық, жұмыссыздықтың алдын алады, жаңа жұмыс орнын ашады, жылдан-жылға ЖІӨ қатысты өнім көлемін ұлғайтады, мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдерге өз үлесін қосады т. б.

Шетел қаржы ұйымдарының, шетел банктерінің Қазақстан нарығына қызығушылық тудыруы, ел экономикасының тұрақты дамуын және жаңа жобаларды жүзеге асыруға сеніммен қарайды. Елiмiздiң жоспарлы экономикадан нарықты экономикаға көшуiнiң өзi, қоғам өмiрiнiң барлық салаларына үлкен өзгерiстер алып келдi. Бүгiнгi күнi шағын және орта бизнестi дамыту үшiн жаңадан көптеген жағдайлар жасалынуда.

Кейбiр кәсiпкерлерде өз бизнесiн ұйымдастыру кезiнде қаражаттың жетiспеушiлiк мәселесi туындап отыр. Әлемдiк тәжiрибеде мұндай мәселелер әр түрлi жолдармен шешiледi. Сондықтанда, ақшалай қаражаттарға иелiк ететiн инвестициялық қорлар, банктер, мемлекет тәуекелге бел буып, жаңадан iс ұйымдастырушы кәсiпкерлермен бiрiге отырып, олардың тауарларды өндiру мен қызмет көрсетулерiн қаржыландыруы керек. Бұл тұрғыда жеке инвесторлар үшiн жоғары табыс алу мүмкiндiгi тұрса, ал мемлекет үшiн жұмыспен қамтамасыз етiлу немесе жобаның әлеуметтiк мәнi болып табылады.

Бүгінгі таңда халық шаруашылығы саласындағы банк жүйесiнiң экономиканы дамытуда алар орны ерекше. Коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнестi несиелеуде қызығушылық бiлдiруi.

Тиімді нарықтық экономиканы құруда шағын және орта бизнестің мәні оның бәсекелік ортаны қалыптастыру мен дамытуға жәрдемдесетін

құрылымдық фактор ретіндегі орны мен рөлімен анықталады. Шағын және орта бизнесті несиелеудің негізгі функциялары - бұл көбінесе жергілікті нарықты қажетті өнім мен қызметтермен қамтамасыз ету, жұмыспен қамтылу мәселесін шешудегі жәрдем. Бұндай мәселелердің оңтайлы шешілуі ауыспалы кезеңде орын алатын әлеуметтік дағдарыстың зардаптарын азайтады.

Бүгінгі таңда республикамызда экономиканы қайта құру жолында оның негізі болып табылатын кәсіпкерлік қатынастарды дамытып, жандандыру күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің бірі. Кәсіпкерлікті дамыту - нарықтық экономиканы дамытудың кепілі. Сондықтан да кәсіпкерлік төңірегіндегі көптеген мәселелердің экономикадағы рөлінің аса маңыздылығын дәлелдейді. Оның негізгі маңыздылығын ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында: «Еліміздің экономикалық саясатының бірден-бір басымды бағыты кәсіпкерлік» деп аталынғандығы айқындайды. Сондықтан, шағын бизнесті дамытуды басқару еліміздің жүзеге асырып жатқан саясатының стратегиялық мәселесі болып табылады. Кәсіпкерлік қызметті еліміздің шаруашылық қызметінің жандандырғыш күші деп білуіміз қажет.

Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, шағын бизнес дамыған нарықтық шаруышылықтың бөлінбес бір элементі болып табылады. Шағын бизнес халықтың әл-ауқатын арттырумен қатар, жаңа қосымша жұмыс орындарының ашылуын құру сияқты дәйекті мәселелер оның актуалдылыгын көрсетеді және экономиканы реформалаудың ажырамас бөлігі деп қарастыруға негіз береді.

Сондықтан, бұл жұмыстың негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелеуді дамыту сипаты мен ерекшеліктері және оны қолдау мәселелерін зерттеу болып табылады, яғни оның даму үрдістерін және проблемаларын айқындау және оған мемлекеттік қолдау қажеттілігін негіздеуді талдау болып табылады.

Менім диплом жұмысым Қазақстандағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді дамыту деген тақырыбына арналған. Бұл тақырыпты таңдап алған себебім, Шағын және орта бизнес, нарықтық экономиканың маңызды әрі біртұтас құрылымдарының бірі. Олар экономиканы басқарудың жалпы мақсатына жетуді қамтамасыз ететін, өзіне жүктелген міндеттері бар.

Аталған дипломдық жұмыс негізгі үш бөлімнен тұрады.

Бірінші бөлімде - шағын және орта бизнесті несиелеудің мәні мен ерекшклігі туралы қарастырылған.

Екінші бөлімде - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіру жағдайын талдау

Үшінші бөлімде - Қазақстан Республикасындағы шағын және орта бизнесті несиелендіруді жетілдіру

I. Шағын және орта бизнесті несиелеудің мәні мен ерекшелігі

1. 1. Шағын және орта бизнесті несиелендірудің экономикалық мәні.

Өз тәуелсіздігімізді алғанымызға 17 жылдай уақыт өтіп, Қазақстан экономикада әлемдік принциптерін енгізіп, онда маңызды орынға ие болды. Оған дәлел ретінде экономикамыздың даму қарқынын қарастыруымызға болады. Сонымен, қатар өз шешімін күтіп тұрған мәселелер баршылық. Солардың бірі ретінде кіші және орта бизнестегі инновациялық жобаларды несиелендіруді көрсетуге болады.

Шағын және орта кәсіпкерлік Республиканың әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуының маңызды факторы болып саналады. Шағын және орта бизнестің субъектілерінің дамуы көптеген мәселелерді шешуге ықпалын тигізеді. Атап өтетін болсақ, кедейшілікпен күрес, жаңа жұмыс орындарының пайда болуы, экономиканың көтерілуі, инновациялық технологияларды ынталандыру және тағы басқа. Сондықтан да кіші және орта бизнестің инновациялық техникалық саладағы жаңалықтарды енгізіп жұмыс істеуі өте маңызды.

Шағын және орта бизнес - бұл шаруашылық жүргізуші субектілердің толық экономикалық жауапкершілігіне ынталы, инновациялық қыззметіне негізделген қаржы қорларының шектелген жағдайларында жұмыс істейтін, қауіптің және белгісіздіктің жоғарғы үлесімен жанасатын, табысты алу мақсатымен өндірістің барлық факторларын қозғалысқа келтіретін және меншік иесінің өндіріс пен басқару процесіне жеке қатысуын талап ететін, өзін- өзі ұйымдастыру және өзін- өзі жаңарту болып табылады. Шағын және орта бизнес нарық коньюктурасы оперативті ескере, нарықтық экономикаға құрылымдық икемділікті береді. Ол шағын және орта фирма төңірегінде қолданыла алатын қаржылық және өндірістік ресурстардың белгілі бөлігін мобилизациялайды. Шағын және орта кәсіпкерлік бәсекелестік ортаның қалыптасуында, ірі корпорациялар монополизіміне қарсы тұратын нақты нарықтық экономиканы құруға маңызды рөл атқарады.

Шағын және орта кәсіпкерлік қызмет көптеген ауырлықтарға қарамастан, дамуда. Шағын және орта кәсіпкерлік әлеуметтік белгіленген нарықтық шаруашылық жағдайында қоғамдық өндіріс процесінің теңқұқылық қатысушысы болып табылады. Кәсіпкерлерді шаруашылық субьектілерін деп айтсақ болады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасының үлкен маңызы бар. Яғни бұл тікелей шағын және орта бизнестің құрылуы мен іске асуына әсерін тигізетін элементтер жиынтығы. Осы элементтердің мінездемесі сыртқы ортаның факторларын құрайды. Заңдылық соңғы элементі ретінде бірқалыптылық, толықтылық жүзеге асырушылықты сипаттуы мүмкін, ал заңдылықтың тұрақсыздығы, бітірмеушілігі іске аспаушылығы посткеңестік республикаларда кіші кәсіпорындардың сыртқы ортасының негативті факторы болып табылады. Сыртқы орта элементтерінің алуандылығын 5 топқа бөлсек болады. Бірінші топ шағын және орта бизнес үшін аса маңызды нарықтың жиынтығын құрайды: ресурстық (өндіріс құралы, ақпарат, жұмыс күші, қаржы) және өткізушілік. Екінші топқа шағын кәсіпкерлікке аса маңызды нарықтық институттар(мемлекеттік және қаржылық несиелік) және агенттерді (шағын және орта бизнес) жатқызамыз. Үшінші топқа құқықтық, әлеуметтік-мәдени және саяси блоктарды кіргіземіз. Төртінші топ басқа әлеуметтік-экономикалық процестермен құбылыстардан экономикалық коньюктура, экология, ғылыми-техникалық, прогресс, халық шаруашылықтың құрылымы және т. б тұрады. Ерекше топқа тағы да бір сытқы ортаның элементін шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау жүйесі алады.

Шағын және орта кәсіпкерліктің сыртқы ортасы, мемлекеттік экономикалық құрылымдарға қарағанда анықсыздығымен ерекшеленеді. Бұл біріншіден, шағын және орта кәсіпорынның қызметі локалды нарықта көрсетіледі, және ірі компаниялар нарықтағы қызметтерімен салыстырғанда едәуір белгісіз және стихиялық дәрежеде болатынымен байланысты. Екіншіден, сыртқы ортаның ерекшелігі шағын және орта кәсіпкерліктің мемлекеттік қатынасу жүйесінен ірі бизнестен, қаржы-несие институттарынан обьективті бағынышты ролімен байланысты. Үшіншіден, сыртқы ортаның тез өзгерілуі, яғни шағын және орта кәсіпорын айналасындағы өзгерістердің жылдам өтуі және кәсіпкердің бұл қиындылықтарға мән беру мүмкіндігі.

Шағын және орта бизнестің заңды базасы Қазақстан егемендігін жариялаған кезде-ақ құрылған еді. 1992 жылдың шілдесінде “ Жеке кәсіпкерлікті қолдау және қорғау ” туралы заңы қабылданды - 1995 жылдың 2 мамырда ҚР Президентінің “ шаруашылық жүргізуші серіктестік ” туралы жарлығы қабылданды. ҚР Президентінің келесідей Жарлықтары қабылданды: 1996 жылдың 14 шілдесінде “ Кәсіпкерлік қызметінің еркіндігіне мемлекеттік кепілді жүзеге асырудың қосымша шаралары ” туралы 1997 жылы жазда “ Шағын және орта кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау ” және “ Жекеше кәсіпкерлік ” туралы заңдары шығарылды.

Шағын бизнес ерекше орын алып мемлекеттің экономикалық дамуына көп әсерін тигізеді. Олар бірқатар артықшылықтарға ие:

1) Шағын кәсіпкерлік бір салада тоқтап қалмай экономиканың барлық салаларын қамтиды;

2) Ірі өнеркәсіптер қызметі шектелген және ойлаған қызметі жүзеге асқанымен табысының аз болып тәуекел болғандықтан айналыспайтын салаларда өз мүмкіндіктерін қолдану;

3) Ірі фирмалар ғылыми зерттеулермен тәжірибелерді жүргізілуге мүмкіншілігі әлде қайда көп болса да күрделі басқару пирамидалары себебінен инновациялық процесс баяу атқарылады. Сондықтан да ірі фирмалар сыртқы орта әсеріне икемсіз болып келеді. Ал шағын инновациялық фирмалар сыртқы өзгерістерге тез икемделіп, жауап қайтарып процесс бағытын жылдам өзгертуге қабілетті;

4) Шағын фирмалар ірі компанияларға қарағанда ғылыми техникалық зерттеулер нәтижелерін инновацияларды өндіріс пен өнеркәсіпте жылдам енгізеді.

АҚШ-тың Ұлттық ғылыми қорының зерттеулері бойынша ірі компанияларға қарағанда шағын фирмалар 2, 5 есе көп жаңалық ашады, өнеркәсіптегі инновациялардың 50%-ы шағын кәсіпкерлік саласымен жасалынған, ал соңғы өнеркәсіпке енгізу процесі шағын кәсіпкерлікте 1 жылға ертерек іске асырылады. Осының бәрі шағын кәсіпкерлікті қолдаудың маңыздылығын арттыра түседі.

Кәсіпорынның көбісі Алматы, Астана, Шығыс Қазақстан және Қарағандыда шоғырланған. Ал енді осы несие алу көрсеткіштеріне тоқталатын болсақ, банкттердің несиелері көбіненсе сауда, өндіріс және ауыл шаруашылығында шоғырланған.

Екінші деңгейлі банктердің Қазақстан экономикасын несиелеудегі ролі мен маңызы бүгінгі таңда өте жоғары. Олар нарықты экономиканың қарқынды дамып келе жатқан кезеңінде экономиканың барлық салаларын несиелеп, экономика дамуына өз үлестерін қосуда. Несиелеу жүйесіндегі олардың негізгі бағыттары мен мақсаттары:

- Қазақстан Республикасының экономикасының жетілуіне нaқrы өз үлесiн қocy;

- Экономикадағы несиелеу саясатын жетілдіру арқылы азаматтарға, клиенттерге жоғарғы деңгейде несиелік қызмет көрсету;

- Тиімді жүзеге асырылған несиелік саясат арқылы Қазақстан Республикасының нарықтық инфрақұрылымының өсуіне өз үлесін қocy;

- Қазақстан Республикасы үкіметiнiң экономикадағы қоғамдық жұмыстарына белсендi қатысу;

- Халықаралық қaржылай институттар мен Қазақстан халқының Қазақстандағы банк жүйесiне деген ceнiмiн арттыру.

Экономикалық категория ретінде, несие - кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға, ұйымдар және бірлестіктер, сондай-ақ халық арасындағы несие қорын құру және оларды қайтарылу, пайыз төлеу шартында белгілі бір мерзімге уақытша пайдалануға беру негізінде қалыптасатын өндірістік қатынастар жиынтығын білдіреді. Несиенің елдегі ақша айналымын реттеудегі, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтер көрсету барысындағы қалыптасатын экономикалық қатынастарды да несиелік қатынастар мазмұнына жатқызуға болады.

Несиелік қатынастар екі жақты сипатқа ие және шаруашылық субъектілері үшін де, сондай-ақ несие мекемелері үшін де бірдей қажет.

Несиенің экономикадағы орыны мен ролі, оның атқаратын қызметтерімен сипатталады. Жалпы несие экономикалық категория ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады.

- қайта бөлу

- айналыс шығындарын үнемдеу

- айналыстағы нақты ақшалардың орнын уақытша алмастыру

- капиталдың шоғырлануын жеделдету

ғылыми-техникалық проггресті жеделдету.

Сонымен несиенің қоғамдағы қызметтері мен аса маңыздылығына байланысты жүргізілген зерттеулерге сай, несие - нарықтық экономиканың тiperi ретiнде, экономикалық дамудың ажырамас элементiн бiлдiредi. Оны барлық шаруашылық субъектiлерiмен қатар, мемлекет те, үкiмeт те, сандай-ақ жеке азаматтар да пайдаланады. Несиенiң пайда болуын өнiмдердi өндiру сферасынан емес олардың айырбас сферасынан iздеу қажет. Тауар айырбастау - бұл тауардың бiр қолдан екiншi қолға өтyiн бiлдiредi десе, шынымен де, осындай айырбас кезiнде несиеге байланысты қaтынас туындайды. Қарыз алушы - бұл несиенің алушы және оны қайтаруға мiндеттi, несиелік қатынастың екiншi жағы. Борышқор және қарыз алушы бip бiрiмен жақын сөздер болғанымен де, олардың түсініктеpi әртүрлi. Мысалға, кәсiпорын немесе жеке азаматтардың коммуналдық қызметке, салықтарға т. б. байланысты төлемдерi кешiгyi мүмкін, бiрақ, бұл жерде ешқандай да несиелiк қатынас туындамайды. Борыш бұл тек қана экономикалық қатынасты емес, сондай-ақ адамзаттық қатынастар жағдайын сипаттайды. Борыш ­бұл өте ауқымды ұғым. Ал, қарыз алушы - бұл қосымша қаражатқа деген сұранысы бар тұлға.

Қарыз берушi және қарыз алушымен қатар несиенiн құрылымының элементiне берiлетiн объектi де жатады. Беру объектiсi - бұл құнның ерекше бөлiгi, яғни қарызға берiлген құнды бiлдiреді.

Қарыз берушi - қарызды беретiн несиелiк қатынастын, бiр жағы. Қарыз берушi - бұл уақытша пайдалануға қарыз берушi субъектiлер болып табылады. Қарыз берушiлерге: банктер, банктiк емес мекемелер, мемлекет, шарушылық субъектiлерi және халық жатады.

Несиенiң негiзгi eкi формасы бар: коммерциялық несие жене банктiк несие болады. Бұл eкi несие бiр-бiрiнен несие объектiлерi, құрамы, қарыз объектici, динамикасы, процент мелшерi жене қызмет ету аясы бойынша ажыратьлады.

Коммерциялық несие көбінесе ауыл шарушылығында қолданылады. Азық - түлік корпорациясы фермерлерге, шаруа қожалықтарына жанар - жағар май материалдарын, тұқымды, минералды тыңайтқыштарды және өсімдікті қорғайтын құралдарды тауарлық несие түрінде ұсынады. Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес коммерциялық несие ұғымы аванс түрінде берілетін несиені, тауарлардың, жұмыстың және қызмет көрсетулердің алдын-ала төлемін қамтиды.

Дамыған нарықтық экономика жағдайында коммерциялық несие банк несиесімен әрдайым аралас болады.

Банктiк несие - бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай түрде берiлетiн нecиeнi бiлдiредi.

Банктiк несие - бұл экономикадағы кеңiнен тapaғaн несиелі қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк несие бойынша несиелiк қатынастың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк келiciм жатады.

Қазіргі банктердің несие үшін пайыз мөлшерін белгілеулдегі ескеретін басты факторларына мыналар жатқызуға болады.

-орталық банктің коммерциялық банктерге беретін ссудалары мүдделендіру бойынша белгіленетін пайыздың базалық мөлшері,

-банкаралық несие бойынша орташа пайыз мөлшері,

-өз клиентеріне депозиттік шоттар бойынша төлейтін орташа пайыз мөлшері.

Несие қарыз алушыларға тек несие келісімшартында қарастырылған мақсаттары үшін беріледі. Және несие қарыз алушының заң тұрғысынан құқық қабілеттілігі болған жағдайда, несиені өтей алатын қабілеті және қаржылық жағдайы тұрақты болғанда ғана беріледі. Несие келісімшартының шарттары әрбір қарыз алушыға жеке анықталады. Банк несиесі маңызды ерекшеліктерін сақтай отырып, айтарлықтай сандық және сапалық өзгерістерге ұшырады. Қазақстанда мұндай несиені тек банктік қаржы-несие мекемелері ғана беріп қоймайды, сонымен қатар, оны қаржылық компаниялар да, несие серіктестіктері де, несие кооперативтері де, микронесие ұйымдары да және т. б. беріледі. Алайда, бұл осы несие формасының мәнін өзгертпейді. Сондай - ақ, қарыз алушылардың құрылымы да өзгереді. Акционерлік қоғамдардан, компаниялардан, фирмалардан және халықтан өзге үкімет те, банктер де, жергілікті органдарда және т. б. алады.

Басқаша айтқанда, несие банктік және басқа да мекемелердің жиынтығын - несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды ұйымдастыруда: банктік және банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие екі негізгі буыны қалыптасады: банктік және мамандандырылған несие - қаржы мекемелері .

Банктердің несиелік қызметтерінің маңызды бағыттарының біріне кәсіпкерлікті несиелеу жатады.

Кәсіпкерлік клиент деп материалдық өндірс саласының өнім шығаратын және қызмет көрсететін кез келген кәсіпорындарын түсінуге болады

Кәсіпкерлік клиенттерді несиелендіру - банктік мемкемелерден өзге заңды тұлға болып табылатын банктің клиенттеріне несие беруді білдіреді.

Кәсіпкерлік клиенттерді несиелеу мынадай екі қызмет атқарады:

1) макроэкономикалық - елдің экономикасын инвестициялауға арналған ақшалай ресурстарды жұмылдыру;

2) микроэкономикалық - банктердің табыстылығы мен тұрақтылығын арттыруға ықпалын ететін негізгі табысты алу.

Кәсіпкерлікке берілетін несие түрлері мыналар:

Овердраф, Маусымдық несие, Сенім несиесі, Инвестициялық несие, Инновациялық, Вексельдік несие, Рамбурстық несие, Контокорренттік несие, Ломбардтық несие, Форфейтингтік несие, Факторингтік несие, Экспорттық несие, Несие желісі - келісілген лимит шегінде белгілі бір уақыт ішіндегі қарыз алушыға несие беріп отыруға несиелік мекеменің оған берген заңды түрде рәсімделген міндеттемесі.

Несиелік желінің жаңартылған және жаңартылмайтын түрлері болады. Жаңартылмайтын несиелік желі ашқан жағдайда несиені беріп және оны өтегеннен кейін банк пен клиент арасындағы қарым - қатынас аяқталады. Жаңартылатын несиелік желісі барысында (револьверлік) несие автоматты түрде қарыздың белгілеген лимит шегінде беріледі және өтеледі. НЕсиелік желі, сол сияқты, мақсаттада болуы мүмкін мұндай мақсатты несиелік желі клиенттің бір конракт төңірегінде белгілі бір тауарларды жабдықтауды төлеу үшін ашылады.

Несиенiң өндiрiстiң жандауында, оның кеңеюi процесiнде алатын ролi орасан. Ол негiзгi қорларға (үй, ғимарат) қаражат көзi ретiнде жаңа технологиялар ендiру, өндiрiстi жаңа техникамен жабдықтау жолында алатын орны ерекше. Несиенi осы сұраныстар бойынша пайдалану бюджеттен қайтарылымсыз қаржыландырудан бiршама артықшылықтары байқалады. Қайтарымсыз қаржыландыру арқылы капиталдану шаруашылықты ол қаражаттарды басқа да мақсаттарға жұмсаулары мүмкiн, өйткенi ол сұраусыз кеткен ақшалар. Ал, белгiлi бiр мақсатқа алынған несие тек сол мақсатқа қолданылуы керек, басқа жаққа жұмсау тiптен ойдан да шығарылуы керек. Және несие қайтарымдылық принциппен берiледi де, қайтаруды өз уақытынан кешiктiрсе ол үшiн проценттер төлеуi керек.

1. 2 Шағын және орта бизнесті несиелендірудің ерекшеліктері.

Шағын және орта бизнес қазіргі қоғамның негізі болып табылады, көптеген дамыған мемлекеттерінің ЖІӨ-нің негізгі бөлігін қалыптастырады.

Батыс Европаның, Америка және Оңтүстік-Шығыс Азияның өнеркәсібі дамыған елдерінде шағын және орта бизнестің үлесіне ЖІӨ-нің 70 пайызына дейін келеді. Осы елдерде, шағын және орта бизнес, іскерлік өмірдің жаппай, динамикалық және икемді нысаны ретінде шаруашылықтың нарық жүйесінің нағыз негізі болып табылады және қоғамның орта буынын құрайды.

Нарық экономикадағы шағын бизнес - экономикалық өсу қарқындарын, жалпы ұлттық өнімнің құрылымен сапасын анықтайтын жекеше секторлардың бірі. Дамыған елдерде шағын бизнестің үлесіне ЖҰӨ-нің 60-70 % -ын құрайды. Сондықтан көптеген дамыған мемлекеттері шағын бизнестің қызметін бар күшімен қолдап отырады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында II-шi деңгейдегi коммерциялық банктердiң шағын және орта бизнес субъектiлерiн несиелеу тәжiрибесi
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Шағын және орта бизнестің дамуындағы алатын ролі
Қазақстан Республикасында шағын және орта бизнесті несиелендіру
Қазақстандағы орта және шағын кәсіпкерлікті несиелеу проблемаларын талдау
Шағын бизнесті несиелеудің әлемдік тәжірибесі
Шағын және орта бизнесті дамыту
Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеуді жетілдіру жолдары
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz