Гетерогенді биокомпозиттер негізінде эффективті таңғыш моделін жасау


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Кошкимбай А. К.

ГЕТЕРОГЕНДІ БИОКОМПОЗИТТЕР НЕГІЗІНДЕ ЭФФЕКТИВТІ ТАҢҒЫШ МОДЕЛІН ЖАСАУ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

5В070100 - «Биотехнология» мамандығы

Алматы 2015

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

әл - Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Биотехнология кафедрасы

«Қорғауға жіберілді»

Биотехнология кафедрасының меңгерушісі Кистаубаева А. С.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: «ГЕТЕРОГЕНДІ БИОКОМПОЗИТТЕР НЕГІЗІНДЕ ЭФФЕКТИВТІ

ТАҢҒЫШ МОДЕЛІН ЖАСАУ»

5В070100 - «Биотехнология» мамандығы

Орындаған:
Кошкимбай А. К.
Орындаған::

Ғылыми жетекшісі:

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық Университетінің Биология және биотехнология факультетінің аға оқытушысы, PhD

Нормабақылаушы

оқытушы:

:
Кошкимбай А. К.:

Акимбеков. Н. Ш.

Бектилеуова Н. К.

Орындаған::
:
Кошкимбай А. К.:

Алматы 2015

РЕФЕРАТ

Диплoмдық жұмыc 44 бeттeн, 3 кecтeдeн, 13 cуpeттeн тұpaды, пaйдaлaнғaн әдeбиeттep тiзiмi 53.

Кiлттi cөздep : фитоэкстрактылар, фитолосьондар, карбонизделген сорбент, таңғыш материал.

Жұмыcтың мaқcaты: карбонизделген сорбент негізінде фитоэкстрактармен байытылған гетерогенді таңғыштар жасау және оның антимикробтық қасиетін шартты-патогенді микроорганизмдер қатысында зерттеу.

Жұмыcтың мiндeттepi :

Дәрілік өсімдіктерден сулы-спирт ерітіндісі негізінде фитоэкстрактілер мен фитолосьондар дайындау; биокомпозит негізінде таңғыш құру, яғни фитоэкстрактарды тоқусыз (нетканный) материалдарға енгізу.

Зepттeу әдістері: Дәрілік өсімдіктерден фитоэкстракт, фитолосьон алу, антимикробтық қасиеттерін зерттеу, карбонизделген кешендерінің егеуқұйрықтардағы іріңді жараларды емдеу әсерін in vivo зерттеу.

Пpaктикaлық мaңыздылығы :

Зерттеу барысында фитоэкстрактпен және карбонизделген сорбентті қосып гетерогенді биокомпозит негізінде таңғыш алудың антимикробтық қасиетінің белсенділігі - оның антимикробты, қабынуға қарсы, антитоксинді активтілікке ие биологиялық активті компоненттермен байытумен түсіндіріледі.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из 44 страниц, 3таблиц, 13 рисунков, влючает

53 источников.

Ключевые слова: фитоэкстракты, фитолосьоны, сорбент карбонизированный, бинтовый материал.

Цель работы: сделать повязку на основе карбонизированного сорбента и концентрированного фитоэкстракта, исследовать его антимикробные свойства на патогенные микроорганизмы.

Задачи работы:

Приготовить фитоэкстракты и фитолосьоны на основе лекартсвенных растений и растворенного спирта; создать повязку на основе биокомпозита, обогощение нетканного материала фитокстрактами.

Методы исследования: получение фитоэкстракта из лекарственных растений, исследование антимикробных свойств фитоэкстрактов и фитолосьонов в условии in vitro, создание повязки на основе биокомпозита, методы лечения in vivo ран у крыс.

Практическая значимость:

Лечение гнойных ран с помощью концентрированных лекарственных растений для создания гетерогенной повязки позволит достичь глубокого понимания овладеть антимикробные, противовоспалительные, антитоксичные и противоаллергенные свойства повязки, основанной на фитоэкстрактах и карбонизированного сорбента.

ABSTRACT

This thesis consists of 44 pages, 3 tables, 13 pictures, includes 53 references.

Key words: phytoextracts, phytolotions, carbonated sorbent, bandage material.

The aim of thesis: To create the bandage based on carbonated sorbent and concentrated phytoextract, and investigate its antimicrobial features against pathogenic microorganisms.

Tasks of thesis:

Preparation of phytoextracts and phytolotions based on the medical plants and dissolved spirit, сreate the bandage based on the biocomposite, enrich phytoextracts on the non-woven material.

Methods of research: Isolation of phytoextracts from medical plants, investigation the antimicrobial features of phytoextracts and phytolotions in in vitro conditions. Creating the bandage based on the biocomposite concentrated phytolitions. Determining quality of treatment from cuts and damages in in vitro, Koch method, method of treating damages of rat in vivo.

Practical meaning:

This research can help to treat antimicrobial, antitumor, antitoxic, immune modulating and antiallergic features of bandage which based on the phytoextracts and carbonated sorbent.

МAЗМҰНЫ

КІPІCПE . . .
8
:
КІPІCПE . . .: НEГІЗГІ БӨЛІМ . . .
8: 10
: 1
КІPІCПE . . .: Әдeбиeткe шoлу . . .
8: 10
: 1. 1
КІPІCПE . . .: Заманауи медицинаның өзекті проблемалары іріңді жараларды емдеу . . .
8:

10

: 1. 2
КІPІCПE . . .: Іріңді жараларды емдеудің әдіс-тәсілдері мен түрлері . . .
8: 11
: 1. 3
КІPІCПE . . .: Сорбционды-аппликациялық терапия . . .
8: 14
: 1. 4
КІPІCПE . . .: Іріңді жараларды емдеуде қолданылатын препараттар . . .
8: 16
: 1. 5
КІPІCПE . . .: Карбонизделген материалдар . . .
8: 22
:

2

2. 1

2. 2.

КІPІCПE . . .:

Зерттеу материалдары мен әдістері . . .

Зерттеу материалдары . . .

Зерттеу әдістері . . .

8:

24

24

25

: 2. 2. 1
КІPІCПE . . .: Дәрілік өсімдіктерден фитоэкстракт алу және оның антимикробтық қасиеттерін in vitro зерттеу . . .
8:

25

: 2. 2. 2
КІPІCПE . . .: Дәрілік өсімдіктерден фитолосьон алу және антимикробтық қасиеттерін in vitro зерттеу . . .
8:

26

:

2. 2. 3

2. 2. 4

2. 2. 5

2. 2. 6

КІPІCПE . . .:

Фитолосьонмен байытылған биокомпозит негізіндегі таңғыш алу . . .

Дәрілік таңғыштың жараны жазу белсенділігін in vitro анықтау . . .

Карбонизделген кешендерінің егеуқұйрықтардағы іріңді жараларды емдеу әсерін in vivo зерттеу әдістері . . .

Дәстүрлі микробиологиялық әдістер . . .

8:

27

27

27

28

: 3
КІPІCПE . . .: Зepттeу нәтижeлepі жәнe oлapды тaлқылaу . . .
8: 29
: 3. 1
КІPІCПE . . .: Тырнақгүл мен шатыраштан фитоэкстракт алу және антимикробтық қасиетін зерттеу . . .
8:

29

: 3. 2
КІPІCПE . . .: Дәрілік өсімдіктерден фитолосьон алу антимикробтық қасиеттерін in vitro зерттеу . . .
8:

31

:

3. 3

3. 4

КІPІCПE . . .:

Фитолосьонмен байытылған биокомпозит негізіндегі таңғыш алу . . .

Карбонизделген биокешендерінің егеуқұйрықтардағы іріңді жараларды емдеу әсерін in vivo зерттеу әдістері . . .

ҚOPЫТЫНДЫ . . .

ПAЙДAЛAНҒAН ӘДEБИEТТEP ТІЗІМІ . . .

Қocымшa . . .

8:

33

35

39

. . 40

. . 45

:
КІPІCПE . . .:
8:
:
КІPІCПE . . .:
8:
:
КІPІCПE . . .:
8:

БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТЫЛҒАН СӨЗДЕР

ЖТУД- жиілігі төмен ультрадыбыс

КС- карбонизделген сорбент

ККҚ- карбонизделген күріш қауызы

ЖТУД- жиілігі төмен ультрадыбысКС- карбонизделген сорбентККҚ- карбонизделген күріш қауызы:

КМ- карбонизделген материалдар

БХО- бірінші хирургиялық өңдеу

TSA- Tryptone soya agar

ФЭ - фитоэкстракт

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі . Іріңді жараларды емдеу заманауи медицинаның маңызды мәселелірінің бірі болып табылады. Іріңді-қабыну аурулары мен отадан кейінгі іріңді асқынулар, инфекция генерализациясы жағдайларының жиілеуі, микроорганизмдердің резистентті штамдарының пайда болуының жиілеуі жаңа әдіс-тәсілдерді жасауды талап етеді.

Ғылыми жаңалығы . Жүргізілген зерттеулер негізінде іріңді жараларды сорбционды-аппликациялық тәсіл бойынша емдеуге нұсқаулықтар мен кеңестер құрастырылды. Сорбционды-аппликациялық терапияны іріңдену процесінің І фазасында ғана қолданған жөн екендігі анықталды. Жарадағы нейтрофилдердің қызметтік белсенділігінің төмендеуіне байланысты трофикалық ойық жаралар мен ұзақ уақыт бойы жазылмайтын жаралар патогенезінің жаңа аспектілері анықталды.

Практикалық маңызы . Алынған мәліметтерді іріңді жараларды дәрілік өсімдіктермен байытылған тырнақгүл мен шатыраштан тұратын биологиялық белсенді композиция негізіндегі таңғышты клиникалық зерттеулерге алғышарт бола алады.

Ғылыми мәселенің қазіргі таңдағы бағалануы. Гетерогенді биокомпозиттер қолжетімді, эффективті дәрілік перпараттар және іріңді инфекцияны емдеуде заманауи талаптарға сай таңғыштар жасауға негіз болады. Іріңді жараларды емдеуде эффективті таңғыш материалдардың рөлі едәуір артады.

Зерттеу жұмысының мақсаты . Карбонизделген сорбент негізінде фитоэкстрактармен байытылған гетерогенді биокомпозит негізінде таңғыштар жасау және оның антимикробтық қасиетін шартты-патогенді микроорганизмдер қатысында зерттеу.

Зерттеу жұмысының міндеттері :

  1. Дәрілік өсімдіктерден сулы-спирт ерітіндісі негізінде фитоэкстрактілер мен фитолосьондар дайындау;
  2. Биокомпозит негізінде таңғыш құру, яғни фитоэкстрактарды тоқусыз (нетканный) материалдарға енгізу;
  3. Құрастырылған биокомпозиттің антимикробтық қасиетінE. coli, St. aureusжәнеPs. aeruginosaқатысында зерттеу;
  4. In vivoжағдайында құрастырылған биокомпозиттің аппликациялық қасиетін зерттеу.

Зерттеу объектісі : карбонизделген күріш қауызы негізіндегі сорбент. Тест-дақыл ретінде биотехнология кафедрасы қолданбалы микробиология зертханасындағы микроорганизмдер коллекциясының мұражай штам- Staphylococcus aureus, Pseudomonas aeruginosa, Echerichia coli бактериясы, тырнақгүл( календула), шатыраш( шалфей), тоқусыз ( нетканный) таңғыш.

Теориялық және әдістемелік негізі . Дәрілік өсімдіктерден фитоэкстракт алу, фитоэкстрактылардың антимикробтық қасиеттерін in vitro зерттеу, дәрілік өсімдіктерден фитолосьон алу антимикробтық қасиеттерін in vitro зерттеу, фитолосьонмен байытылған биокомпозит негізіндегі таңғыш алу, ККҚ кешендерінің егеуқұйрықтардағы іріңді жараларды емдеу әсерін in vivo зерттеу әдістері.

Практикалық базасы

Дипломдық жұмыс Қазақ ұлттық университеті биология және биотехнология факультеті, «Қолданбалы микробиология» зeртхaнacында орындалды.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 Әдебиетке шолу

1. 1 Заманауи медицинаның өзекті проблемалары іріңді жараларды емдеу

Халықтың аурушаңдығы мен летальділігінде іріңді-қабыну процестері жетекші рөлдердің бірін алады. Іріңді қабынуы бар науқастар хирургиялық науқастардың үштен бір бөлігін алып жатыр. Соңғы онжылдықта іріңді аурулардың жиілігі мен асқынуы жоғарылағандығы байқалып отыр, осыған байланысты оларды емдеу мен профилактикасының маңыздылығыкүннен күнге артуда.

Жараларды емдеу медицинаның күрделі бөлімдерінің біріне жатады. Емдеудің әр түрлі әдістері мен тәсілдері бар, бірақ олардың ешқайсысы да хирургтардың көңілінен толығымен шыға алмайды. Сондықтан жаңа ұсыныстар ағымы тоқтамай, жараларды емдеу мен іріңді инфекция мәселесі практикалық ғалымдар мен дәрігерлердің қызығушылығын арттырады.

Соңғы үш онжылдықтарда іріңді жараларды емдеудің дәстүрлі әдістері мен негізін қалаушы қағидалары қайта қарастырылды. Мұндай қажеттілік іріңді жаралар мен одадан кейінгі іріңді асқынулар санының артуы, сонымен қатар іріңді хирургиялық инфекцияны емдеудің нашарлауы секілді себептерден (емделу мерзімінің ұзаруы, процестің созылмалы күйге ауысуы, токсикалық және аллергиялық сипатқа ие асқынулардың дамуы) . Мұның себебі іріңді хирургиялық инфекцияның этиологиялық құрылымындағы өзгерістер мен іріңді микрофлораның биологиялық сипаттарының қайта реттелуі, оның патогенділігі мен көптеген антибиотикалық препараттардың әсеріне тұрақтыылығы жоғарылауынан. Клиникалық хирургиядағы өзгерген жағдай іріңді жаралары бар науқастарды емдеу бағдарламасына қойылатын жоғары талаптардың қалыптастыру қажеттілігін анықтайды. Осыған сәйкес жасалған жағдайлар заманауи өндірістік мүмкіндіктермен, сонымен қатар биология және медицина саласындағы жаңа теориялардың көмегіне жүгінеді.

Жаралар туралы заманауи ғылымның маңызды ережесі соңғы уақытта дәлелденген кез-келген генез және локализация іріңдері жазылуының биологиялық заңдары ортақ екендігі дәлелденген қағида болып табылады. Бұл тұжырымдама іріңдену процесінің өтуін бағалаудың объективті критерийлері мен жараларды этиопатогенетикалық емдеудің негізгі қағидаларын анықтайды. Заманауи теориялық және клиникалық медицина жетістіктері жаңа көзқарастар бойынша іріңді жараларды емдеуге арналған дәрілік заттарға қойылатын негізгі талаптарды қалыптастыруға мүмкіндік береді. Іріңдену процесінің этиопатогенезі ұлпалардың зақымдануына жауап ретінде организмде қалыптасатын иммунитет реакцияларының күрделі кешені болып табылады, ол жергілікті деструктивті қабыну өзгерістері мен жалпы реакциялар түрінде пайда болады. Іріңдену процесінің өту барысын шартты түрде үш фазаға бөліп қарастыруға болады:

1. қабыну фазасы, ол тамырлы өзгерістер және жараның некротикалық ұлпалардан тазару кезеңдеріне бөлінеді;

2. регенерация фазасы, гранулярлы ұлпаның түзілуі және жетілуі арқылы пайда болу. Іріңдену процесінің әрбір кезеңінің клиникалық сипаттамасын білу іріңді жара емдеудің рационалды шешімдерін таңдауды оңтайлатады. Іріңдену процесінің фазасы ғана емдеу шаралары үшін қандай қадамдар қажет екендігіне бағыттай алады.

Іріңді жараларды емдеудің негізгі қағидаларына жатады: іріңді жараны немесе ірің ошағын дұрыс өңдеу; жараны санкционды шаю немесе дренаждау; біріншілік, бірішілік асқынған, екіншілік тігістер немесе аутодермопластика көмегімен жаралардың ерте жабылу мүмкіндігі; жалпы немесе жергілікті антибактериалды терапия; организмнің арнайы және спецификалық емес реактивтілігін жоғарылату [1] .

1. 2 Іріңді жараларды емдеудің әдіс-тәсілдері мен түрлері

Қазіргі кезде іріңді жараларды емдеудің нақты қадамы құрастырылған: ондағы жетекші рөл хирургиялық шараларға негізделген. Басқа ешқандай әдіс қысқа уақыт ішінде минималды зақымдану ықтималдығымен некротизирленген ұлпаларды алып тастау мүмкіндігін бере алмайды және оның көмегімен іріңді ісінуді ашып, жараның дұрыс дренаждалуына қолайлы жағдай жасауға болады. Алайда әрі қарай іріңдену процесінің қолайлы жүруі үшін жалпы және жергілікті бағытталған емдеу шараларының тұтастай кешенін қажет етеді.

Заманауи көзқарастар бойынша “ іріңді жараны хирургиялық өңдеу” екі негізгі элементті қамтиды:

1. барлық қалталар мен ірің ошақтарын ашу арқылы кеңінен кесу;

2. барлық некротикалық, тіршілікке қабілетсіз және іріңмен қаныққан ұлпаларды дренаждау жағдайын қамтамасыз ету арқылы шұғыл кесу. Ірің ошағын қажет мөлшерде хирургиялық өңдеуді сапалы жасау әр түрлі ауырсынуды қайтарудың көптеген түрлері қамтамасыз ететін эффективті анестезия жағдайында ғана мүмкін болып табылады. Жергілікті инфильтрационды анестезия ауырсыну синдромын әрқашанда толығымен көшіре алмайды, ұлпаларды новакаин ерітіндісімен қосымша инфильтрациялау жергілікті микроциркуляцияның бұзылуына алып келеді, инфекцияның таралуына септігін тигізеді, ұлпаларға зақым тигізеді. Сондықтан да белгілі бір себептермен жалпы ауырсынуды қайтару жолы мүмкін емес, құбырлы анестезия немесе сүйекішілік ауырсынуды қайтаруға жүгінен дұрыс [2, 3] .

Жілікті іріңді өңдеуге қатысты соңғы жылдары белсендірек қадамдар пайдаланылады: бос жатқан және сүйек жабынынан арылған сүйек сынықтарын алып тастаумен қос, сүйекті фрагменттер ұштарының резекциясы жайлы мәселелер пайда болады. Мұндай өңдеудің белсенді дренаждаумен үйлесуі ошақтан тыс остеосинтез жасау үшін нағыз алғышарттар тудырады. Әрі қарайғы емдеу жараларды тігу арқылы немесе аутодермопластика көмегімен ерте жазылтуға және сүйек ақауын дистракционды остеосинтезбен қалыпқа келтуріге бағытталған.

Көптеген хирургтар тәжірибесі этиологиясы мен локализациясы әр түрлі іріңді жараларды хирургиялық өңдеу барысында тіршілікке қабілетсіз ұлпалардың барлығын кесіп алу мүмкін емес екендігін дәлелдеді. Әсіресе, қантамыр жүйке өзектері, буынды қалталар және басқа да тіршілікке маңызды түзілістер аймақтарындағы «шұғыл» некрэктомия өте күрделі болып табылады. Сондықтан хирургиялық өңдеу барысында жараның микроппен жайылу деңгейін максималды төмендету рационалды деп аталады. Осы мақсаттар үшін соңғы жылдары құрастырылған әр түрлі дәрілер көмегімен жараға физикалық әсер етудің бірқатар әдістері пайдаланылады.

Жараны антисептик ерітіндісінің ағынымен өңдеу оны микробтық флорадан, іріңді детриттен және бөгде текті бөлшектерден механикалық тазартуға негізделген. Сұйықтықтың лүпілді ағыны жарадан детриттер мен микроорганизмдерді ліпілсізге қарағанда 3-4 есеге эффективтірек тазартатындығы анықталды. М. И. Кузин (1981) жүргізген зерттеулер лүпілді ағынды іріңді жараны өздігінше тазарту әдісі ретінде пайдаланғанда, ондағы микроорганизмдер санының айтарлықтай төмендеуіне алып келгендігін көрсетті. Бұл әдістеме жараны стандартты хирургиялық өңдеуді толықтарған кездерде, алынған нәтижелер қанағаттанарлық болған.

Жараларды вакуумды өңдеу әдісі де оны микрофлорадан стандартты хирургиялық өңдеуден кейін тазартуға негізделген. A. B. Вишневский (Б. М. Костюченок, 1990) атындағы хирургия институтында 0, 99 кг/см 2 дейін кесуді қамтамасыз ететін құрылғы пайдаланылады. Оны апробациялау процесі барысында жасалған микробиологиялық зерттеулер іріңді жараны вакуумды өңдеуден кейін ондағы микробтардың шашыраңқылығы 5, 2 х 10 4 -дан 2, 3 х 10 3 -ға дейін төмендейтіндігін көрсетті [1, 2] .

Іріңді жараларды емдеуде пайдаланылатын физикалық факторлардың кең таралған түрлерінің бірі жиілігі төмен ультрадыбыс (ЖТУД) болып табылады. Ульрадыбыстың биологиялық ұлпаларға әсер ету механизмі күрделі және толық зерттелмеген. Оның бактерицидті, неполитикалық және биостимулдаушы эффекттері тіркелген. ЖТУД негізгі әрекеті ретінде жылулық және жылулық емес әсер ету саналады. Жылулық эффект ультрадыбыстық толқынның ұлпалармен жұтылуына негізделген. Бұл ретте жергілікті температура жоғарылайды да, қанайналым және алмасу процестерінің активациясын тудырады. Жылулық емес ЖТУД арасынан кавитация, акустикалық ағымдар, қысым және сәулелену ерекшеленеді. Төмен жиілікті ультрадыбыстың күшті бактерицидтік әрекетін кавитациялық эффектпен де, ульрадыбыстық толқындардың микроорганизмдер клеткаларының қабырғасына зақымдаушы әрекетімен де байланыстырады. Жараларды ульрадыбыстық өңдеудің екі тәсілі құрастырылған: «ультрадыбыстық пышақпен» және іріңді жараны дыбыстандыру (ультрадыбыстық кавитация) әдісі, іріңді жара қуысы алдын ала антимикробтық ерітіндімен алдын ала толтырылады [4-6] .

Соңғы жылдары медицинада озонды пайдалану мен зерттеуге қызығушылық бірден артты. Хирургия мен травматологиядағы асқынған іріңді жараларды емдеуде (сүйектері ашық түрде сынған, остеомиолитпен, ойық жаралармен ауыратын науқастар) озонды пайдаланудың көптеген жетістіктері анықталған.

Озонотерапияның эксперименталды-клиникалық зерттеулері анықталды: оттектің парционалды қысымының жоғалуы және рН сілтілі жаққа жылжуы, қан клеткаларындағы тотығу-тотықсыздану активациясы, липидтер асқын тотығының ультрадыбыстық өңдеу және жараларды озондау әдістерін жетілдіру оттегінің ішінара қысымы және сілтілі жаққа рН ауысымы, қан жасушаларында липидтердің асқын тотығуы-тотықсыздану процестерін жандандыру, тіндердің оттегі-жеделдету процестері, бактерицидтік әсер қажет етеді. Жаңа қадамдардың бірі эксперименттік зерттеу және ультрадыбыстық кавитациямен озондау одан әрі клиникалық қолдану болып табылады. Зерттеулер әрбір фактордың әсері салыстырғанда аралас емдеудің жоғары тиімділігін көрсетті. Сонымен қатар, озонның және ультрадыбыстың аралас әсерлері олардың потенциалдық әсері салдарынан айнымалы ультрадыбыстық толқындардың биожетімділігі тіндер жарақаты үшін анықталған.

Соңғы он жылдарда, жарақаттар мен жаралар инфекциясын емдеу лазерлік сәуле қолданумен тығыз байланысты. Некротикалық іріңді жараларды емдеу үшін CО2, YAG-Nd, YAG-Ho лазерлер табысты пайдаланылады. Лазердің көміртегі диоксиді хирургиялық емдеуді тиімді етеді. Жоғары энергетикалық лазерді қолдану төмен жиіліктегі ультрадыбыстарды ұштастыра отырып жара микрофлорасы және емдік жараға қолайлы жағдайлар жараны тиімді жазуда бірінші орынды алады. Жара инфекциясын жоғары энергетикалық лазерлік сәулемен бірге емдеуде жергілікті және қарқындылығы төмен лазерлік сәуле пайдаланылады. Соңғысының әсер етуші жасушалары мен ұлпалары метаболизм әсеріне байланысты. Лазерлік сәуле арқылы оның кезеңі хирургиялық емдеу жақсы патогенді микрофлораның және іріңді-некротикалық детриттен бастап жарасын тазарту арқылы алынған нәтижелерді жақсартуға болады. Бұл жағдай іріңді жараларды сапалы және толық хирургиялық емдеу шарты және одан әрі табысты емдеу кепілі болып табылады. Іріңді жараларды (тиісті хирургиялық емдеуден кейін) емдеу әдістері қазіргі уақытта өзекті емдеу түрлерінің бірі, ол үш негізгі топқа ұйымдастырылуы мүмкін:

1. іріңді жараны емдеудің дренажды әдісі;

2. бақыланатын абактериалды ортада емдеу;

3. таңғыш астында емдеу [7-9] .

Іріңді жараларды дренаждау арқылы емдеу ертеден келе жатқан әдістерінің бірі, жара сайтынан дренажды қамтамасыз ету - оның мәні болып табылады. Жараға пассивті және белсенді дренаж арасында айырмашылық бар. Оның құрамын сұйылту арқылы үздіксіз және тегін ағынын қамтамасыз ету мақсатында іріңді жараларына белсенді дренаж идеясы мен бір мезгілде эвакуациялау принципіне негізделген. Қазіргі уақытта, жара сұйықтықтың белсенді ұмтылысы үшін арналған құрылғылар әр түрлі. Қазір негізінде іріңді жараларды емдеу ең тиімді жолы іріңді үздіксіз ағынмен жуу әдісі болып табылады. Натрий гипохлориті, хлоргексидин немесе мирамастин және т. б. жуғыш сұйық ретінде қазіргі заманғы антисептиктермен пайдалану ұсынылады.

70-шы жылдардағы клиникалық тәжірибеде бақыланатын ортада асқынған іріңді жараларды емдеудің ашық әдісін пайдалана бастады. Кіріспе әдісі бақыланатын температура, ылғалдылық және қысым жергілікті бактериалды изоляторлар құру және өндіруге үлес қосты. Бактериалды изолятор жараның хирургиялық емдеуде қайта жұқтыру кедергісінен кейін орналастырылған, ол ауаны айналатын стерильді ағын дәрежесін, эксудацияны азайтуға көмектеседі және изолятор қысымы қабынуды азайтуға оң әсер етеді.

Жараларды емдеудегі қолданылатын ондаған антисептикалық әсері бар препараттар қолданылған. Олардың көпшілігі эффективтілігі төмен болғандықтан, жаңа күштірек антисептиктер пайда болған сон қолданыстан шықты. Кейініректе іріңді хирургияда, жараларға осмотикалық әсер беретін (хлорид натридің гипертоникалық ерітіндісі, 3-5% бор қышқылы ерітіндісі, 30% несепнәр ерітіндісі, полиэтиленоксид, проксалон) препараттар тобы шықты. Дегенмен, артықшылықтары мен қатар(қолжетімділігі, арзан бағасы), бұл препараттардың кемшіліктері де бар және сол себепті де емдік практикада оларды қолдануды шектей бастады. Оның себеп-салдары жарадағы әсерінің уақыт аздылығы, осмотикалық активтілігінің жеткіліксіздігі, клеткаларды зақымдау салдары. Сонымен қатар гиперосмолярлы заттар сау тіндердің құрғауына, грануляцияның дамуын тежеуіне байланысты олардың қолданылуын қатаң түрде шектейді [1] .

1. 3 Сорбционды-аппликациялық терапия

Таңғыш бойынша жараны жазуда оның қарапайымдылығы мен қолжетімділігі таң қалдырады, ең кең таралған әдіс болып қалады. Сыздауық кезінде операция сирек жасалады. Бірақ іріңді-некроздық өзектің дұрыс шықпауына байланысты теріні өткір скальпельмен кеседі. Сыздауықты кесуге болмайды, себебі іріңді инфекция қоршаған тіндерге жайылып кетуі мүмкін. Сыздауықтың ішіндегісін сығып шығаруға мүлдем болмайды жəне қабыну ошағының айналасына массаж жасауға тиым салынады.

Егер көршиқанды емдеуде консервативті ем нəтижесін бермесе, операция жасауға көрсеткіш - интоксикацияның өршуі болып табылады. Операция наркозбен жасалады, көршиқанды крест тəрізді тіледі, тілік бүкіл некрозданған тіндер арқылы өтіп, өміршең тіндерге дейін жүргізіледі, іспектер кесіліп жарылады. Натрий хлоридінің гипертониялық ерітіндісі, Вишневский немесе басқа антисептикалық жақпа майы бар таңғыштар қолданылынады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Медеу бөгетінің суағытқыштары» ТУ абж үшін ОРС-серверді Masterscada құралдарымен жобалау және баптау
Карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қасиеттерін зерттеу
Карбонизделген сорбенттің регенерациялық және жара жазушы қасиеттерін зерттеу туралы
Флотация
Турбуленттік сорғының кеңею қарқындылығының коэффициентін тәжірибе арқылы анықтау
Поливинилпирролидон және бентонит сазы негізіндегі композициялық гельдерді синтездеу
Процестің теориялық негіздері
Этилбензолды стиролға гетерогенді катализаторларда дегидрлеу
Жара және жараны жазушы таңғыштар
Гетерогендік катализдің ғылыми негіздері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz