Метеорологилық элементтерге анықтама, метеоөлшеуіш құралдар


Пән: Физика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті. География және табиғатты пайдалану факультеті. Метеорология кафедрасы.

СӨЖ

Тақырыбы: Метеорологилық элементтерге анықтама, метеоөлшеуіш құралдар.

Орындаған:Қаратай М. А

Тексерген: Бултеков Н. Б география ғылымдарының кандидаты

Алматы, 2011жыл.
Жоспар:

1. Метеорологиялық элементтер

2. Метеоөлшеуіш құалдар

3. Қортынды

4. Пайдаланылған әдебиеттер

Метеорологиялық элементтерге анықтама.

Метеорологиялық элементтер - жиынтығы ауа райының жағдайын көрсететін, атмосфера жағдайының тікелей байқалатын сипаттамалары. Метеорологиялық элементтердің көпшілігі (ауаның және топырақтың температурасы, ауаның ылғалдылығы, желдің жылдамдығы және бағыты, атмосфералық қысым, жауған жауын-шашынның мөлшері, қар жамылғысының тығыздығы мен қалындыгы тағы басқалар. ) аспаптардың көмегімен өлшенеді, қалғандары (бұлттардың мөлшері мен формасы, жауын-шашынның түрі, ерекше құбылыстар - нажағай, тұман, бұрқасын тағы басқалар. ) бір схема бойынша көзбен өлшенеді.

Ауа температурасы - атмосфераның жылулық күйін сипаттайтын метеорологиялық өлшемдердің бірі. Ауа температурасы метеорологиялық станцияларда жерден 2 м биіктікте, күн сәулесі түспейтін арнаулы үйшікте психрометрлік термометрмен, ал экспедициялық жағдайда аспирациялық термометрімен өлшенеді. Ауа температурасы ауа райына байланысты үнемі өзгеріп отырады. Жер шарында Ауа температурасының таралуы - Күн радиациясының жер бетіне жетуіне және сіңуіне, жер бедерінің сипатына және сәуле шашуына, сондай-ақ жалпы атмосфера айналымына байланысты. Жер бетінде байқалған ең төмен температура Антарктидада («Восток» станциясында - 89, 2°С), және Якутияда (Оймякон - 71°С), ал ең жоғары температура (58°С) әл-Әзизияда (Ливия) тіркелген. Тропосфера қабатының жоғары шекарасында (12 км) температура - 70°С-қа дейін төмендейді. Ал стратосферада (13 - 50 км) озон қабатының ультракүлгін сәулесін жұтуынан ауа температурасы 5°С-қа дейін көтеріледі. Одан жоғарғы қабаттарда температура төмендейді. Тропосферада ауа температурасы тік бағытта (әрбір 100 м сайын) шамамен 0, 5 - 0, 7°С-қа төмендейді. Тәулік бойында ауа температурасының ең жоғарғы нүктесі сағат 15-те, ең төменгі нүктесі күн шыққаннан кейін 45 мин өткен кезде байқалады. Қазақстанда қаңтардың орташа температурасы солтүстікте (Петропавл қаласы) - 19С, оңтүстікте (Шымкент қаласы) - 4°С. Республикамыздың шығысында (Марқакөл көлі маңында) қыстың кейбір күндері ауаның температурасы - 55°С-қа төмендейді. Шілде айының орташа температурасы Қазақстанның көпшілік жерінде ең жоғарғы температурара 32°С-қа, қиыр оңтүстікте кейбір айларда 47°С-қа жетеді.

Ылғалды ауалар - булы-газды қоспалар түрінде болады. Оларды, әртүрлі практикалық жағдайында кұрғатуға, жылытуға, желдетуге және машиналар мен механизмдердің жұмыстық денесі ретінде қолданады. Ол және басқа да газды қоспалар үшін, суммалы парциалды қысым құраушы қоспасы, қысым қоспалары теңдігі туралы қатынасы, әділ түрде қолданады, яғни Р қ. а б , мұндағы формуласына сәйкес құрғақ ауаның парциалды қысымы Р с. в =рr қ. а және будың парциалды қысымы Р б рr б . Мұндағы, r қ. а және r б құрғақ ауа және будың салыстырмалы көлемдерінің құрамы.

Сурет:Гигрометр ().JPG Гигрометр

Ылғалды ауадағы, будың температурасы, қанығу температурасынан артық болуы мүмкін. Сірә, бұл жағдайда, бу қызған жағдайында болады. Мұндай қоспа, қурғақ ауа мен қызған будан тұруын қаныққан ылғалды ауа деп атайды . Ол, сол сияқты сипатталады, ондағы оның, температурасына сәйкес, будың парциалды қысымы, қанығу қысымынан кем болады. Егер қоспа температурасы, оның парциалды қысымы кезіндегі, сулы будың қанығу температурасына сәйкес болса, бу, қоспаның қаныққан жағдайында болады. Бұл қаныққан ылғалды ауа. Мұнда, будың парциалды қысымы, қанығу қысымына сәйкес келеді. Сулы бу, ылғалды ауадағы - оны салқындату кезінде, жоғарғы температурада болмайды да, қанығу температурасынан кем болады, оның парциалды қысымына сәйкес келеді, өйткені ол, суға айналады және ауа құрамынан бөлінеді.

Ылғалды ауа температурасы, ол кезде, будың қаныққан жағдайында болады да, шық нуктесінің температурасы деп аталады . Температураны төмендеткендегі, шық нүктесінің температурасының төмендеуі, будың суға айналуына әкеліп соғады. Ылғалды ауа үшін, сондай және басқа булы қоспа үшін мына анықтама тән.

3 ылғалды ауадағы, ылғал массасын, абсолютты ылғалдығы деп атайды. Ол, оның парциалды қысымы мен қоспа температурасы кезіндегі, сулы будың тығыздығы р тең.

1 кг құрғақ ауага келетін, сулы бу массасының граммдағысын, ылғал мөлшері деп атайды (г/кг құрғақ ауа) :

d=(m 6 /m қ. a ) *1000. (10. 1)

Ылғалды ауаның маңызды көрсеткіштері болып, оның салыстырмалы ылғалдығы жатады. Салыстырмалы ылғалдылығы-φ, оның 1м 3 бу массасының ылғалды ауа қатынасына тең болады немесе р б қоспаның сол қысым мен температура кезіндегі мүмкінді ең жогаргысына (max) р б. mах тең:

φ = ρ б б. mах . (10. 4)

Ылғалды ауа температурасы кезіндегі, будың ең жоғарғы (max) мүмкінді парциалды қысымы, қанығу қысымына тең болады. Ылғалды ауа температурасы, ылғалды ауа қысымына сәйкес, су буының қанығу температурасынан кем болады. Сөйтіп, мысалы, ылғалды ауа қысымы 0, 1 МПа және температурасы 50°С кезіндегі, ең жоғарғы (max) парциалды қысымы, су буының кестеге сәйкес, Р n. mах =0, 123 . . . 0, 1МПа тең. Шекті жағдайында, ылғалды ауа қысымы кезінде, ондағы ылғалды ауа температурасы - қаныққан су буының температурасына тең, сулы будың ең жоғарғы (max) парциалды қысымы - ылғалды ауаның қысымына тең. Мысалы, ауаның қысымы 0, 1 МПа және будыкі 0, 1 МПа тең, олай болса, ылғалды ауа, тек қана су буынан тұрады.

Ылғалды ауаның тығыздығы (кг/м3)

ρ = (1+0, 001d) /V, (10. 5)

мұндағы 0, 001 d - 1 кг құрғақ ауаға келетін, санды су буы.

Мұнада, V= V қос = V n

Бұдан, V= 0, 001 d/p n

Ылғалды ауаның газ тұрақтылығын, идеалды газ күйінің теңдеуінен табамыз:

R = P/(ρ қос *T) . (10. 6)

Энтальпия, (1 + 0, 001 d ) кг ылғалды ауаға жатады, немесе ондағы құрғақ ауаның 1кг жатуы:

i қос = i қ. a +0, 001d*i n .

Келтірілген формула, кез келген булы-газды қоспаға қолдануы мүмкін.

Желдің жылдамдығы және бағыты

Атмосфералық қысымның айырмашылығы ауаның қозғалуына себепші болады. Ауаның ендік бағыттағы қозғалыстарын жел. Жел жылдамдығы м/с-пен белгіленеді, оны өлшейтін құралды анемометр деп атайды. Жел жылдамдығын 12 балдық арнайы Бофорт шкаласымен де аныктайды. Мұндағы 0 балл желсіз тымықты білдірсе, 12 балмен жылдамдығы 30 м/с-тан жоғары болатын апатты дауылдарды белгілейді.

Жел жылдамдығымен қатар, оның бағытын да білудің маңызы зор. Жел бағытын оның соғып тұрған жағының бағытымен анықтайды. Осыған сәйкес, көкжиектің 8 негізгі бағытын (румб) ажыратады: солтүстік (С), солтүстік-шығыс (СШ), шығыс (Ш), оңтүстік-шығыс (ОШ), оңтүстік (О), оңтүстік-батыс (ОБ), батыс (Б), солтүстік-батыс (СБ) . Кез келген аудандағы белгілі бір мерзім ішінде жел бағыттары мен қайталануын жел өрнегі деп аталатын сызба күйінде көрсетуге болады. Жел бағытын анықтайтын құралды флюгер деп атайтынын білесіндер (оның құрылысын естеріңе түсіріддер) .

Желдерді жергілікті желдер, атмосфераның жалпы циркуляциясына енетін желдер, жоғары және төмен қысымды орталықтардан соғатын желдер деп жалпы үш топқа бөледі. Жергілікті желдер қатарына бриздер, тау-аңғарлың желдер, фендер, боралар, сирокко, самум және т. б. жатады.

Атмосфералық қысым - атмосфераның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін қысымы. Ол барометрмен, яғни сынап бағанасының биіктігімен (мм сын. бағ. ), СИ жүйесінде паскальмен (Па), ал метеорология ғылымында гектопаскальмен (гПа) немесе миллибармен (мб) өлшенеді. Теңіз деңгейінде атмосфералық қысым орташа алғанда 1013, 25 гПа-ға (760 мм сын. бағ. ) тең. Жоғарылаған сайын ауа тығыздығы кеміп, атмосфералық қысым азаяды. Жер бетіндегі қысыммен салыстырғанда 5 км биіктікте атмосфералық қысым 2 есе, 10 км биіктікте 4 есе, 15 км биіктікте 8 есе кемиді. Жер шарын коршап тұрған атмосфера өзінің салмақ күші арқылы жер бетіне қысым түсіреді, оны атмосфералық қысым деп атайды. Қалыптағы атмосфералық қысым ретінде оның теңіз деңгейіндегі орташа көрсеткіші (1013 гПа) алынады. Қысымы бірдей нүктелерді қосатын сызықтарды изобаралар деп атайды. Атмосфералық қысымды металдан жасалған барометр - анероидпен өлшейді.

Атмосфералық қысым Жер шарының кез келген бөліктерінде үздіксіз өзгеріп отырады. Тропиктік белдеуде қысымның тәуліктік өзгерістері айқынырақ байқалады. Кейде тәулік ішінде қысым айырмашылығы 20-30 гПа-ға жетуі мүмкін. Атмосфералық қысымның жылдық өзгерістері материктердің орталық бөлігінде күштірек байқалады. Мәселен, Гоби шөлінде бұл көрсеткіш тіпті 40 гПа-ға жетеді, мұнда қысым максимумы қаңтарда, минимумы шілдеде байқалады. Материктер шетіндегі муссонды облыстарда және мұхиттардың жоғары ендіктерде жатқан бөліктерінде атмосфералық қысымның жылдық ауытқулары едәуір болады. Владивостокта бұл көрсеткіш 14 гПа, ал Мумбайда (Бомбей) 10 гПа шамасында (картадан бұл қалаларды тауып, географиялық орнының ерекшеліктерін атаңдар) .

Атмосфералық қысымның географиялық таралуы өте күрделі сипат алады. Өйткені ол географиялық ендікке, құрлық пен мұхиттың арасалмағына, жергілікті физикалық-географиялық, жағдайға байланысты болады. Жалпы Жер шарында географиялық ендіктерге байланысты 3 төмен қысым белдеуі және 4 жоғары қысым басым белдеу ажыратылады. Бірақ жеке материктер мен мұхиттар бойынша бұл белдеулердің жергілікті айырмашылықтары болады. Мәселен, қыс кезінде қоңыржай ендіктерде қалыптасатын максимумдардағы қысым Канада жерінде 1020 гПа болса, ал Азияда 1035 гПа-ға жетеді.

Қысымның географиялық ендіктер бойынша таралу заңдылығы материктер мен мұхиттардағы қысым айырмашылықтарының болуына байланысты бұзылады: жазда материктердің қоңыржай ендіктерінде де төмен қысым байқалады. Қысымы төмен аймақтарды қысымдың минимум немесе циклон деп атайды. Қысым жоғары болатын тұйық изобаралар жүйесін қысымның максимум немесе антициклі дейді (оларға мысал келтіріңдер) .

Ауа массалары үнемі қозғалыста болатындықтан, қасиеттері әртүрлі ауа массалары шектескен аймақтарда өте кең алқапты қамтитын (ені 500-900 км, ұзындығы 2000-3000 км-ге дейін жететін) өтпелі зоналар - атмосфералық фронттар қалыптасады. Фронттар ауа массаларының қозғалу сипатына қарай жылы және суық фронтцеп бөлінеді, Жылы фронт кезінде жылы ауа салқын ауаны тез арада ығыстырып, жинақталған жылы ауа құйын тәрізді өрлеген ауа ағынын түзіп, циклондық әрекеттер күшейеді. Соның нәтижесінде бұлттылық күшейіп, жауын- шашын көбейеді. Жазда температура төмендеп, қыста керісінше жоғарылайды. Ал суық фронт кезінде салқын ауа жылдам қозғалатындықтан антициклондық жағдай қалыптасып, ауаның құйын тәрізді төмендеген ағыны түзіледі. Сондықтан суық фронт кезінде жауын-шашын біршама аз түседі.

Жалпы алғанда атмосфералық фронт өткен кезде ауа райы кенет өзгеріп: температура мен қысымның ауытқуы, жауын-шашын түсуі, желдің бағытының өзгеруі мен жылдамдығының күшеюі сияқты құбылыстар жиі байқалады. Ауа массалары арасындағы осындай фронттар жиынтығынан климаттық фронттар қалыптасады. Оларға арктикалық, полярлық және тропиктік фронттар мысал болады.

Қар жамылғысы - жылдың суық кезеңінде атмосфералық жауын-шашынның жиналуы есебінен жердің беткі қабатында қалыптасатын қар қабаты.

Бұлт - атмосферада қалқыған өте ұсақ су буы тамшыларының және мұз кристалдарының жиынтық жүйесі. Ол жер бетінен 2 - 18 км-ге дейінгі биіктікте атмосфераның төмен бөлігінде (тропосфера) құралады. Бұлттар ауа құрамындағы су буының қоюлануы нәтижесінде пайда болады. Бұлттарды құрайтын су түйіршіктерінің және мұз кристалдарының көлемі ұлғайып, олар бұлттардан бөлініп, атмосферадан жауын-шашын түрінде (жаңбыр, қар, ұлпа, бұршақ т. б. ) жер бетіне түседі. Бұлтты құрайтын тамшылар өте ұсақ, диаметрі бірнеше мкм-ден 200 мкм-ге дейін болады. Бұлттағы сұйық судың құрамы тым аз, Бұлт ауасының 1 м3-не шаққанда 1 г-ның бірнеше жүздік бөлігінен бірнеше г-ға дейін ғана жетеді. Бұлт ауа массасының ағыны әсерінен қозғалады (ауады) . Олар биіктігіне қарай негізгі 4 түрге ажыратылады: жоғары ярустағы (қоңыржай ендіктерде 6 км-ден жоғарыда), ортаңғы ярустағы (6 км-ден 2 км-ге дейін), төменгі ярустағы (2 км-ден төмен) және вертикаль бағытта пайда болатын (асты төмен яруста, үсті жоғары немесе ортаңғы ярустарда) Бұлттар. Олар халықараралық классификацияға сәйкес шарбы (Сі), шарбы-будақты (Сс), шарбы-қабатты (Сs), биік будақты (Ас), биік қабатты (Аs), қабатты-жауынды (Ns), қабатты (St), қабатты-будақты (Nс), будақты (Сu), будақты-жауынды (Сb) болып бөлінеді. Бұлттардың шығу тегін сыртқы пішіні мен ішкі құрылым ерекшеліктері бойынша, сондай-ақ, мөлдірлік көрсеткіші бойынша анықтауға болады. Жоғарғы ярустың шекаралары полярлық ендіктерде 3 - 8 км, қоңыржай ендікте 5 - 13 км, тропикалық ендікте 6 - 18 км аралығында. Тропосферада байқалатын әр түрлі текті Бұлттардан басқа 20 - 30 км және 70 - 80 км биіктікте маржан тәріздес және күміс тәріздес Бұлттар кездеседі. Маржан тәріздес Бұлттар сирек кездеседі және тек Солтүстік Еуропа мен Аляскада, күн көкжиектен бірнеше градус жоғары тұрған кезде ғана байқалады. Күміс тәріздес Бұлттар өте жұқа, жұлдыздардың жарығын да әлсіретпейді, олар мезосфераның төменгі бөлігінде 75 - 90 км биіктікте 50 - 250 м/с жылдамдықпен ығысады. Мұндай Бұлттар жанартаулық немесе ғарыштық тозаңнан пайда болған деп болжанады.

Cumulus mediocris.jpg Бұлт

Бұлттардың төмендегідей негізгі типтері болады:

  1. шарбы бұлттар - 10 км биіктікте кездеседі, жекелеген жұқа және сирек бұлттар, түрі ақ, шарбы немесе қауырсын тәріздес
  2. будақ бұлттар - 1-2 км биіктікте пайда болады, негізі жайпақ горизонтальды және басы күмбездер не кертпештер тәрізді жеке қалың бұлттар
  3. қатпарлы бұлттар - 1 км-ден аз биіктікте пайда болады, бір беткей бұлтты тұман құрады
  4. нажағайлы немесе будақ-жаңбыр бұлттары - негізі 1-4 км және басы 3-тен 5 км-ге дейін биіктікте болады, тау немесе мұнара тәрізді оте қалық бұлт массалары
  5. жаңбыр бұлттары, немесе қарабұлт 2, 5 км биіктікте, түрі - шеттері ыдыраған формасыз массалар тәрізді; олардан ұзақ ақ жауын немесе қар жауады. Осы негізгі бұлттар типтерінің арасында ауыспалы, қатпарлы-будақ, қазбауыр-қатпарлы бұлттар және тағы басқа түрлері бар.

Атмосфералық жауын-шашын - ауа райы мен климат элементтерінің бірі; жер (немесе су) бетіне бұлттан жауатын не оның бетіне су буының қойылуы салдарынан тікелей ауадан белініп шығатын қатты немесе сұйық күйіндегі су. Бұлттардан жауатын атмосфералық жауын-шашынның ішінде мыналарды айырады: қарлы жаңбыр, соқта қар, жаңбыр, түйіршік қар, қиыршың қар, қиыршық мұз, бұршаң тағы басқалар. Жер беті мен нәрселерге ауадан бөлініп түсетін атмосфералық жауын-шашынның мынадай түрлері болады: шың, қырау, қылау, көкмұз (ожеледь) . Бұлттардан бөлініп шығатын атмосфералық жауын-шашын негізгі үш топқа бөлінеді: ақ жауын, нөсер, сірікпе. Нөсер күйінде жауатын атмосфералық жауын-шашынның алдында нажағай ойнайды. Атмосфералық жауын-шашынның мөлшері жауған су қабатының қалыңдығын көрсететін миллиметрмен өлшенеді. Атмосфералық жауын-шашын жер бетіне біркелкі жаумайды. Ол атмосфераның жалпы циркуляциясының жүйесінде белгілі бір жердің алатын географиялық орнына, теңіздің жақындығына немесе қашықтығына, рельефке (таулар өздерінің жел жақ беткейлерінде ылғалды көбірек ұстап қалады) байланысты. Жер шарында жауын-шашын ең көп жауатын жер Үндістандағы Черрапунджи деген жер; мұнда 12 600 л-ге дейін жаңбыр жауады, Сахара тағы басқалар. шөлдерде бірнеше жыл ішінде жаңбыр тіпті жаумайтын да кездер болады.
Қазақстанда Атмосфералық жауын-шашынның ең көп жауатын өңірі - Алтай тауының батыс беткейлерінде (1500 мм), ал ең аз жауын-шашын Арал Қарақұмы мен Балқаш көлінің батыс жағалауында байқалады.

Тұман - атмосфераның жерге таяу қабатына ұсақ су тамшыларының немесе мұз кристалдарының жиналуы. Су буының сублимациясы нәтижесінде қалыптасады. Тұмандағы көріну қашықтығы оны құраушы түйіршік мөлшеріне және бірлік көлемдегі су жиынтығының шамасына байланысты. Тұман тамшыларының радиусы 1-ден 6 мкм-ге (кейде 5 - 15 мкм) дейін, су жиынтығының мөлш. 0, 05 - 0, 1 г/м3-ден аспайды.

Физикалық генезис бойынша тұман суыну тұманы және булану тұманы; пайда болуының синоптиктик жағдайына қарай: массаішілік және шептік тұман болып ажыратылады. Суыну тұманы өз кезегінде жер бетінің радиациялық сууы нәтижесінде пайда болатын радиациялық тұман және жылы ылғалды ауаның құрлық немесе су үстінде сууынан пайда болатын адвективті тұман болып бөлінеді. Тұман көлік қатынасына үлкен бөгет жасайды. Ғылыми-зертттеу жұмыстарында, химиялық өндірісте, жылу техникасында, әскери істе жасанды тұман пайдаланылады.

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/7/77/Fog.jpg

Бұрқасын - жер бетінің үстінен қардың желмен тасымалдануы. Бұрқасын - өте күрделі табиғи құбылыс. Оны жер бетіне шөккен қар ұлпалары мен бұлттарда пайда болып, бірақ жер бетіне жетпеген қар құрайды. Ұйтқыма Бұрқасын, жаяу Бұрқасын және жалпы Бұрқасын деп бөлінеді.

Бұрқасын қабаты-құрамында желмен үрленген кар бөлшектері бар ауаның жер беті кабаты. Үйтқыма және жалпы бұрқасын қабаты жерден бұлттарға дейінгі аралықты, ал жаяу бұрқасын кар бетіндегі ілеспелі, секірмелі, диффузиялық кар бөлшектерін қамтиды.

Бұрқасын қары-қар ұлпасының қиыршықтарынан тұратын қар жамылғысы.

Бұрқасын өлшеу өлшемдері-бұрқасын өлшеуіштің көмегімен қарлы жел ағынының үлкен шығыны мен бұрқасын ағынындағы қардың шоғырлануын өлшеу.

Бұрқасын өлшеуіш-қардың горизонталь тасымалын өлшеуге арналған аспап (кар ағынына перпендикуляр орналаскан ауданының ер 1 смг-не килограммен есептеледі) .

Бұрқасын режимі-географиялық аудандағы бұрқасын әрекетінің жалпы сипаттамасы. Жалпы және ұйтқыма бұрқасындар ауа райының циклондық типі жағдайында, ал жаяу бұрқасын антициклондық типі жағдайында көбірек байқалады. Сондықтан олар барлық бұрқасын түрлерінің қайталану дәрежесін анықтайды. Бұрқасын тасмалы балансы-бір бұрқасын кезіндегі немесе бүкіл қыс бойы қар жиналу алабында қардың кірісі мен шығысының нәтижесі.

Метеоөлшеуіш құралдар.

Метеорологиялық аспаптар - метеорологиялық элементтерді (құбылыстарды) өлшеп, олардың мәндерін тіркейтін аспаптар мен қондырғылар. Ауа және топырақ температуралары әр түрлі метеорологиялық термометр, термографтармен; ауа ылғалдығы: психрометр, гигрометрмен; атмосфералық қысым: барометр, анероид, барограф және гипсотермометр аспаптары арқылы өлшенеді. Желдің шапшандығы мен бағытын: анометр, анемограф, анеморумбограф, флюгер арқылы өлшейді, сондай-ақ жауын-шашынның түсу мөлшері мен жауу жылдамдығын жаңбыр өлшеуіш, плювиограф және амбрографпен анықтайды. Күн радиациясының үдемелілігі, оның жер бетінен және атмосферадан шағылысу мөлшері: пергелиометр, пиргеометр, актинометр, пиранометр, пиронограф альбедонеметр және баланс өлшеуішімен өлшенеді, ашық күн ұзақтығы - гелиографпен тіркеледі. Қар жамылғысындағы (жер бетіндегі қар) су мөлшері - қар өлшеуішпен, шық көлемі - шық өлшеуішпен, булану - будандырғыш аспаптарымен өлшенеді. Метеорологиялық приборлар мен құралдар кез келген климаттық белдемдердің табиғи жағдайларында жұмыс істеуге арналған. Ауаның температурасын, қысымын, ылғалдығын, желдің шапшаңдығын бір мезгілде өлшеп тіркейтін аспап - метеограф. Соңғы кезде бір не бірнеше метеорологиялық құбылыстарды өлшеу үшін алыстан анықтаушы және автоматтық метеорологиялық приборлар мен құралдар кеңінен қолданылуда.

Барометр

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/0/01/Barometer.jpg Барометр

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы-Тараз жолы құрылысын экономикалық жобалау
Тақталап суару
Дәріхана деректер базасын жобалау
Маркетингтегі ақпараттық жүйе
Криминалистикалық габитология түсінігі мен мазмұны
Байланыс жүйелері
Алгебралық операциялар, олардың қасиеттері. Топтар, мысалдары. Сақиналар, мысалдары
Қазақстандағы «Жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Аналитикалық электронды микроскоптар
Химияның тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz