Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:
Мазмұны
Кіріспе
1Тарау Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
1. 1Еңбек құқық саласындағы еңбек шартының пәні
1. 2Еңбек шарттың тараптары: ұғымы және мазмұны
2 Тарау Еңбек шартын жасау негізінде туындайтын құқықтық қатынастарды айқындауға байланысты қолданылатын заңнамалық актілер
2. 1 Еңбек шартты жасаудың тәртібі
2. 2 Мемлекеттік және азаматтық қызметшілермен еңбек шартын жасау ерекшеліктері
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Дипломдық жұмыс еңбек шартын бекіту негіздемелері тақырыбына орындалды. Дипломдық жұмысты орындауда қойылған негізгі міндеттер, олар: еңбек құқығы субъектілерінің құқықтық мәртебесін анықтай отырып еңбек шартының бекіту негіздемелерінің анықтау; қызметкерді және жұмыс берушінің бастамасымен еңбектік қатынастардың тоқталуына негіз болатын мән-жағдайлардың сипатын анықтау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыстың бірінші тарауында еңбек шартының ұғымы, мазмұны және өзге шарттардан зерттеуге алынды. Екінші тарауында еңбек шартын жасау негіздемелерін айқындауға байланысты қолданылатын еңбектік заңнама нормалары зерттеуге алынды. Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісіне байланысты, жалпылық сипатта, жұмыс берушінің және қызметкердің бастамасымен жүзеге асырылатын, еңбек шартын жасауға бағытталған құқықтық қатынастардың сипаты айқындалды.
Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері. Адамның еңбек ету бостандығына Қазақстан Республикасы аумағында кепілдік беру және әркімнің конституциялық құқығын іске асырудың ерекшеліктері мен проблемаларын айқындау және зерделеу бағытындағы теориялық және практикалық мәселелер зерттеуге алынды. Осы бағыттағы мақсаттар келесі міндеттерді шешу қажеттілігінен туындайды:
- еңбек ету бостандығы ұғымын конституциялық-құқықтық институт ретінде қарау;
- «еңбек ету бостандығы» және «еңбек етуге құқық» ұғымдарындағы айырмашылықтарды анықтап, оларды негіздеу;
- еңбек ету бостандығы саласындағы қоғамдық қатынастардың субъектілері мен объектілерін қарастыру;
- Қазақстан Республикасының еңбектік және азаматтық заңдарын әркімнің еңбек бостандығын айқындау және қорғау тұрғысынан зерттеу;
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексін талдау және оның артықшылығы мен кемшілігін айқындау;
- еңбек шарты бостандығының концепциясын даярлау және оны негіздеу.
Зерттеу объектісі мен пәні. Құқық институты іспетті еңбек шарты және еңбек ету бостандығы ұғымдарын айқындау бағытындағы зерттеулер осы дипломдық зерттеудің объектісі болып табылады.
Дипломдық зертеу жұмысын пәнін затына еңбек етудің конституциялық бостандығын іске асыруды және қорғауды Қазақстан Республикасында нарықтық экономиканың дамуы жағдайында қамтамасыз етуге тиісті нормативтік-құқықтық актілер жатады.
Зерттеудің салыстырмалы және нақты социологиялық әдістері де тиімділік береді.
Бұл зерттеудің теориялық негізгі көптеген ғылыми-монографиялық және практикалық материалдары, нормативтік-құқықтық актілерді, осы тақырыпқа қатысты жарияланымдарды және заң әдебиетін (азаматтық, конституциялық және еңбек құқығын) зерттеудің және пайдаланудың нәтижесінде қалыптасты.
Зерттеудің нормативтік негізін Қазақстан Республикасы Конституциясының негізгі ережелері, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары, Қазақстан Республикасының азаматтық және еңбек заңдары, халықаралық-құқықтық актілер құрайды. Анықталған ұсыныстар:
- әркімнің құқықтық субъектілігінің шартсыз танылатындығын ескеріп - жұмыспен қамтылуға ниет білдіретін тұлғаның өтінішін жұмыс берушімен қарау тәртібін ЕК-не енгізу;
- ЕК-нің 172 бабына, сотқа талап арызын беру мүмкіндігімен негізсіз қызметке қабылдамау жағдайын (фактін) енгізудің қажеттілігі;
- Жоғарыда айқындалған ұсыныстарға байланысты Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 21 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңына «экономикалық жігерлі халық» түсінігін қайта қараудың, яғни, жасына, әлеуметтік жағдайына қарамастан азаматтардың еңбек түрін еркін таңдау құқығын шартсыз тану қажеттілігі.
Әрбір тұлға әлеуметтік жағдайының өзгешелігіне қарамастан жалпыға тән құқықтармен тең жағдайда пайдалану, иелену мүмкіндіктерімен қамтамасыз етілуге тиіс.
Жасалған тұжырымдар Қазақстан Республикасы Конституциясының 1, 12, 13, 24 бабының 1 тармағына, 28 баптың 2 тармағына сәйкес анықталады. Аталған баптарға сәйкес жарияланған адамның және азаматтың құқығы 1971 жылғы № 111 Халықаралық Еңбек Ұйымының «Кемсітушілік туралы» Конвенциясымен анықталған. Аталған Конвенцияға Қазақстан Республикасы 1996 жылы қосылды. Бүгінгі таңда келесі бағдарламалық бағыттар анықталды:
- елдің бірқатар аймақтарында (Астана, Алматы, Ақтау, Шымкент қалаларында) тұратын 850 адамнан алынған жауаптардың нәтижелері;
- Алматы қаласының Әуезов және Алматы аудандық соттарының сот практикасының (2006-2007 жылдарғы) архивтік материалдары;
- 350 кәсіпкерлер мен жергілікті билік органдары (Астана, Алматы қалаларының) қызметкерлерінен алған жауаптардың нәтижелері;
- Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі мен Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігінің статистикалық мәліметтері.
Және, басқа авторлар жүргізген осыған ұқсас зерттеулердің нәтижелері де зерделенді, олар жасаған тұжырымдар осы зерттеудің нәтижелерімен салыстыру және баға беру үшін ғана пайдаланылды.
Дипломдық зерттеудің ғылыми негізділігі. Қазақстан Республикасының қазіргі экономикалық даму кезеңінде бірінші болып еңбек ету бостандығының конституциялық-құқықтық мазмұнын талдау міндеттілігі және дамытуға бағытталған практикалық ұсыныстар даярлады.
Осы зерттеудің алдыға қойған мақсаттары мен олардан туындайтын міндеттерге сүйеніп мына тезистер қорғауға шығарылады:
- Еңбек етуге құқық туралы айтқанда төлемі белгіленген кепілді жұмысқа құқық (КСРО Конституциясында көрсетілгендей) немесе еңбек ету бостандығы жайында айту - адамның субъективтік құқықтары мен бостандықтар туралы айтқан дұрыс, ол еңбек ету бостандығын, қолайлы жағдайлардағы еңбекке құқықты, жұмыссыздықтан қорғануға құқықты және т. б. қамтиды.
«Еңбекке құқық» ұғымы тар және кең мағынада зерттеуге алынып, қолданылатын басқа да құқықтық категориялар талдауға да қарастыруға болады.
Еңбек еркіндігін тар мағынада алсақ, ол - өзінің еңбек қабілетіне адамның өзінің билік ету, қызмет пен кәсіп түрін таңдау құқығы, мәжбүрлі еңбекке тыйым салу. Ал, «еңбек етуге құқық» ұғымын кең мағынада алсақ, ол - Конституцияда түгелдей аталған, еңбек саласына қатысы бар барлық құқықтар мен бостандықтар.
- Еңбек етуге құқықтық адамның конституциялық құқық ретінде пайда болуы және дамуы, яғни Конституцияда бекімін тауып, заңмен қорғалуы, бәрінен бұрын, ХХ ғасырда тоталитарлық социализм елдерінің пайда болуымен байланысты деуге болады. Дәп социалистік елдердің (алғашында КСРО-ның, одан кейін Шығыс Еуропа, Оңтүстік Шығыс Азия елдерінің) конституцияларында азаматтардың әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен бостандықтары, атап айтқанда еңбек етуге құқығы алғаш рет бекімін тапты.
- Еңбек ету бостандығы саласында отандық конституциялық, еңбек, азамат, қылмыстық және әкімшілік құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардың кешендік сипатына негіздеме беру. Белгілі бір кәсіпорынның немесе мекеменің еңбек ету еңбек құқығының нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастардан еңбектің сол қатынастардың тек бір бөлігі ғана екендігінің көрсететін белгі болып табылады.
- Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің, жалпы бүгінгі күн талаптарына жауап беретіндігі тұжырым.
1 Тарау. Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
1. 1 Еңбек құқық саласындағы еңбек шартының пәні
Шартты (contractus) рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы ретінде, құқықтық қатынастың өзі ретінде, ең соңында тиісті құқықтық қатынастың нысаны ретінде қарастырады. Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық кодекстеріне тәртіптелген.
Шарт көне құқықтық құрылымның бірі. Шарттың ғасырлар бойы пайдаланулы құқықтық икемді түрі екендігін көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін реттеу . Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді. "Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мағнада қолданылды: өзінен міндеттеме туындайтын зандық факты ретінде; сол шарттық міндеттеменің өзі ретінде; шарттық міндеттемені ресімдеген құжат ретінде. Азаматтық кодекстің 378- бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар міндеттемелерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату келісімі - шарт деп танылады. Мұндай айқындама шарт-мәмілені меңзейді. Сондықтан да, осы баптың 2-тармағы мәміле нормаларына мынадай сілтеме жасайды: “шартқа екі жақты және көп жақты мәмілелер туралы ережелер қолданылады”. Сонымен бірге, “мәміле” ұғымы “шартқа” қарағанда кең, өйткені, мәміле бір жақты болуы мүмкін.
Шарт - құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқ-тауына негіз болатын зандық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық қүқықтар мен міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады ( АК 7-бап) . Шарттардың бірнеше жылдар бойы қолданылып келуі, басқасымен қоса айтқанда, түрлі сипаттағы қоғамдық қатынастардың икемді құқықтық нысанға айнала білуі жөнінде сөз болатындығымен түсіндіруге болады. Шарттың басты міндеті заң шеңберінде мүмкіншілік шектері мен лайықты мінез-құлқы, сондай-ақ, тиісті талаптардың бұзушылық салдарына сілтеу арқылы адамдардың мінез-құлқын реттеуге тұйылады. Кезінде заң мен шарттың өзіндік маңыздылығы жөнінде үш пікір айтылған. «Ерікті» теорияны жақтаушылар шартты өзара уағдаласушылардың ерікті актісі ретінде - түпкінегізі деп санаған, ал заң оның еріктігін толықтырып не шектеп отырады деп пайымдаған. Заң басымдығының теориясын жақтаушылар шарт заңнан құқықтық тиімділігінен туындайтынын негізге алған. Ал үшінші «эмпирикалық» теорияның жақтаушылары тараптардың еріктері сезімді түрде белгілі бір нәтижеге ғана бағытталған және мұнда шарттарының салдары оны жүзеге асыруға тараптардың ондай құралдар туралы түсінігі жоқ деп ой жібереді, кей кезде шын мәнінде ол түсініктің мүлде жоқ екені байқалады.
Шарттың реттеуші ролі оны заң және нормативтік актілермен жақындастыра түседі. Шарттың құқықтық нормадан алдымен екі ұстанымдық ерекшеліктерімен ерекшеленеді.
Біріншісі мінез-құлық ережесін сақтауға байланысты: шарт - тараптардың ерігін, ал құқықтық акті оны шығарған органның еркін білдіреді. Екіншісі кез-келген мінез-құлық ережесінің іс-әрекет шегін айырып отырады: шарт тарап болып саналмайтын оның тараптарының мінез-құлықтарын реттеуге есептелген және ол міндеттерді құра алмайды, тек құқықтарды құрайды, сонымен қатар, құқықтық және басқа нормативтік актінің негізінде баршаға және әрқайсысына жалпы бірдей ережелер туындайды (құқықтық актінің қолданысы жүретін кез-келген тұлғалар ортасы онымен белгіленбейді) . Аталған екі ерекшелік те тек азаматтық-құқықтық шартты айрықшаландырады. Көрсетілген ерекшеліктері жоқ шартта (бұл жерде - бұқаралық-құқықтық шарттардың сан қилы түрлері) оны нормативтік актіден ерекшелендіріп тұратын шекара жоқ болып кетеді. Алайда нәтижесінде барлық жағдайда тараптардың ерігі бұқаралық шарттардың басты маңызы болып саналады.
Азаматтық құқықтағы шарт ұғымы бір-бірінен үзілмес өзара байланысқан екі элементтер тобынан тұрады. Оның біреуі шарттың заңдық құрылғысын, екіншісі - оның мәндік сапасын сипаттайды. Бұл элементтер тек қосылған жағдайда ғана азаматтық-құқықтық шарт белгілі бір әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамдығы өзінің мәртебесіне ие болады. Мұндай ұғымның ғылымдық маңызы өте зор. Сонымен қатар, ол нарықтық экономика жағдайында шарттың қолдану аясы мен басты қызметтерін белгілей келе, тәжірибелік міндеттерді де шешіп отыр.
Шарттың заңдық құралғысы - шартқа қатысушылар арасындағы байланыстың қызмет етуін қамсыздандыратын құқықтық сипаттағы заңмен қарастырылған өзара байланысты компоненттер жүйесі. Бұл компоненттерге тараптардың келісімі мен оған қол жеткізу тәртібі, шарт мазмұнының құрылымы (қарыз беруші мен тұлғаның құқықтары мен міндеттері), шарттың орындалу тәсілі, шарттық міндеттемелерді орындамағаны және дұрыс орындамағаны үшін тараптардың жауапкершілік шарттары мен көлемі жатады. Шарт қатысушылардың азаматтық айналымындағы белсендіктің мінсіз нысаны болып қызмет жасайды. Қоғам тарихындағы оның әлеуметтік-экономикалық өзгеруіне қарамастан шарт құрылғысы заң техникасының туындысы ретінде өз негізінде өте тұрақты болып қалып отырғанын атап өтудің маңызы зор. Уақыт келе шарттар арқылы қоғамдық қатынастар жүйесінің дамуымен бірге жеке тұлғалармен қатар азаматтық құқықтың жеке субъектілері деп танылған - заңды тұлғалар әлеуетті қатысушылардың құрамы кеңейе түсті. Әсіресе шарттық құқықтарды құруда қолданылатын элемент комбинацияларын күрделендіретін заңнамада қарастырылған шарт үлгілері көп қилы болып кетті. Рим құқықындағы шартқа деген көзқарас оларды үш түрлі пікірден құқықтық қатынастар туындайтын негіз ретінде қарауға мүмкіндік берді. Белгілі бір өзгерістер бар шарт туралы көп мағыналы ұғым тәжірибелі түрде ҚР АК-де және басқа елдердің азаматтық кодекстернде іске асырылды. Бұрынғы кеңестік және кеңес аумағындағы заңи әдебиеттерінде орын тапқан шарт туралы көп мағыналы ұғым бірқатар авторлардың жұмыстарында тізбектеліп келтірілген. Ол әсіресе О. С. Иоффе зерттеулерінде нақты берілген. Екі немесе бірнеше тұлғалардың азаматтық құқық қатынасының туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы туралы келісімін шарт деп мойындай отырып, Иоффе: «Кей кезде осы келісімнен туындайтын міндеттеменің өзін шарт деп түсінеміз, ал кейбір жағдайларда бұл терминмен барлық қатысушылардың еркі бойынша туындайтын актіні тіркейтін құжатты атаймыз» - деген. Көзқарастар әдебиетінде айтылған мынадай мысалды келтіруге болады: «шарт заңды факті ретінде құқықтық қатынастар немесе шарттық құқықтық қатынастар ретінде шарттың пайда болуына негіз болады. Шарт заңды факті және құқықтық қатынастар ретінде - ол өзінше жекеше тұрғы, оның даму жолының сан қилы жақтары».
Дәл осы тұрғыдан Н. Е. Егоров та: «шарт деп міндеттеменің негізіндегі заңды фактіні, шарттық міндеттеменің өзі және міндеттемелік құқықтық қатынастарды орнату фактісі бекітілген құжатты атайды». [4, 22]
Сонымен қатар кейде әдебиетте шарт туралы түрлі ұғым теңдестіріледі.
Заңи әдебиетте термин бірнеше мағынада беріледі, оның ішінде келесі түсіндірмелерді атап өтуге болады:
- Заңды факт ретінде шарт.
- Мәміленің бір түрі ретіндегі шарт.
- шарттан туындайтын азаматтық құқықтық қатынасты да «шарт» терминімен белгілейді.
- Жазбаша нысанда шарттың мағынасы берілген құжат ретіндегі шарт.
Мұндай «шарт» терминінің көп мағыналығы ғылыми, оқулық әдебиеттерде және заң шығаруда қолданылады. Мысалы, 1993 жылы басылған оқулықта шарт екі немесе көп тарапты мәміле ретінде талқыланаты аталған. Алайда шарт ұғымын тек мәмілеге қиыстыру мүлде дұрыс емес. Мәміле дегеніміз құқық немесе міндеттемені белгілеуге, өзгертуге, алмастыруға бағытталған іс-әрекет. Шарт болса құқық пен міндеттемені белгілеп қана қоймайды, мағыналары келісімде бекітілген субъектілердің іс-әрекеттерін қарастырады. Шарт нақты не жасау керектігін және тараптарға іс-әрекет жасағанда қандай заңды талаптар қойлатынын анықтайды.
Бұл мәселе бойынша тағы бір пікір Р. О. Халфинамен айтылған. Ол шарт өзара жасалған мәміле деген ойға қарсы және шарт азаматтық құқықтық қатынастың өзгеруі немесе тоқтатылуына бағытталған тараптардың келісімі деген ойға да қарсы шықты. Р. О. Халфина шарт ұғымына екі немесе бірнеше тұлғалардың еркін келісіп шешуден басқа олардың өзара азаматтық құқықтары мен міндеттемелері енгізілуі қажет деп пайымдайды. Бұл жерде «әр тарап өзіне қабылдайтын құқық пен міндеттеме сан қилы болғанымен өзара келісілген және біріккенде біркелкі құқықтық нәтиже беруі қажет» екендігіне назар аударған. [4, 33]
Шартта құқық пен міндеттеменің қосылуы дау туғызбас деген ой туындайды. Алайда мұны шарт - мәмілеге емес, шарт - құқықтық қатынасқа жатқызу керек. Бұл жағдайда кез келген шарттық және шарттық емес құқықтық қатынастарда, туындауына қай заңды факті себепші болғанына қарамастан құқық пен міндеттеме бір-бірімен сәйкестенуі (байланысуы) қажет. Мұның қажеттігінің себебі, өйткені құқықтық қатынас басқаша түрінде мүлде жоққа шығады.
О. А. Красавчиков шарттың көп мағыналық ұғымының, бірақ басқа себептер бойынша, қарсыласы болып саналады. Оның ойы бойынша азаматтық заңнамада, сондай-ақ құқық ғылымында «шарт» терминін қолданғанда бұның екі түрлі - заңды факті және «құқықтық қатынастың әрекет ету нысандары» ұғымдары қосылып кетеді.
Құқықтық қатынастарды дамыта келе О. А. Красавчиков «Бір терминді түрлі талқыға салу көптеген түсініспеушілік пен теориялық және тәжірибелік тәртіптегі қиыншылықтарға ұрындыратынына күмән жоқ» деп қорытынды жасаған.
Рим құқығында құқықтық қатынастың пайда болу, өзгеру немесе тоқтатылу негізі ретіндегі шарт туралы ұғымға оның себепті емес екі белгісі жатады: біріншісі - келісім, екіншісі белгілі мақсаты бар келісімнің ерекше негізі. Осы соңғысы жөнінде К. А. Митюков «шарт меншіктік құқықтық қатынастардың саналы түрде өзгертілуі әрқашан белгілі бір заңдық мақсатпен жүргізіледі. Шарт құралы болып саналатын бұл мақсат оның материалдық негізі болып табылады. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында жедел қарауды керек ететін жағдай қалыптасты. Еңбек саласындағы негізге алынатын субъективтік құқық ретінде «еңбек бостандығына құқық» дефинициясы заң жүзінде бекімін тапты. Бірақ, Қазақстан Республикасының Конституциясында еңбек етуге құқықты бекітетін норма (24-бап) жоқ, ал бұл азаматтардың аса маңызды әлеуметтік-экономикалық құқығы. Бұл кездейсоқ емес. Заң шығарушы бұл тұсты әдейі жіберіп отыр, себебі нарық жағдайында еңбекке қабілеті баралардың барлығын жұмыспен қамтамасыз ету және оларға тиісті кепілдік беру мүмкін емес. Мұны заңдылық деп санау керек. Кейбір авторлар заң шығарушының позициясын ақтамақшы болады. Мысалы, З. С. Төлегенова былай деді: «Еңбек деген не? Оның бұрынғы дәстүрлі түсінігі жоқ. Нарық жағдайында еңбек етуге құқықты ешкім бере алмайды. Ол еңбек рыногындағы сұраным мен ұсынымға байланысты. Еңбек етуге құқық қазір Конституцияда еңбек ету бостандығына қызмет пен кәсіп түрін таңдау бостандығына құқық түрінде берілген» [5, 29-б. ]
Нарық заңдары күшінде тұрған кезде еңбек ету бостандығын жариялап және сонымен қоса мәжбүрлі еңбекке тыйым салып, мемлекет әрбір еңбекке қабілетті адамға жұмыс тауып беруге міндетті емес және ешкім мемлекеттен жұмыс талап етуге құқылы емес.
Сонымен, еңбек ету бостандығы еңбектенудің құқықтық міндеттілігін жойды, ол еңбектің жалпыға бірдейлігінің кеңестік принципі еді.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 13-бабы 1-тармағына сәйкес « . . . құқық қабілеттілік дегеніміз азаматтық құқықты иемдену және азаматтық міндеттілік көтеру». [4, 23-б. ] Еңбек етуге құқықтық қабілеттілік ұғымы келтірілген ұғымның тастамасы болып табылады. Бұл белгілі бір жағдайлардың бар екендігін көрсететін, онымен заң шығарушы азаматтың еңбек құқығының субъектісі бола алу мүмкіндігі байланыстыратын құқықтық санат.
Құқық қабілеттілік құқық иеленілудің өзі емес, құқық иеленуге қабілеттілікті білдіреді. Ол азаматта қандай құқықтардың болуы мүмкін екендігін анықтайды. Сонымен, құқық қабілеттілік құқық иемденудің қажетті шарты (алғышарты) болып табылады. Ол нақты құқықтық қатынастардың ғана емес, азаматтың субъективтік құқықтарды иемденуінің де алдында келеді. Құқық қабілеттілігі жоқ адам құқық субъектісі бола алмайды, ал әрекет қабілеттілігі жоқ адам құқық қатынастарының субъектісі бола алмайды. Ал, құқық қабілеттіліктің мазмұнына келетін болсақ, құқықтар мен міндеттер жайында емес, азаматтардың құқықтар мен міндеттер иемдену мүмкіндігін заң шығарушы байланыстыратын жағдайлар жайында сөз ету керек. Дегенмен, құқық қабілеттілікке сипаттама бергенде азаматтардың «құқықтары» мен «міндеттері» ұғымын қолдану мүмкіндігін мүлде жоққа шығару дұрыс емес сияқты. Бұл жағдайда олардың міндеті құқық қабілеттіліктің көлемдік белгісін анықтаумен ғана шектеледі.
Субъективтік құқық - заң шегіндегі бостандық емес, заң кепілдік берген бостандық. Ол адамның еркін іс-қимыл жасау мүмкіндігіне заңда кепілдік береді. Адам өзінің субъективтік құқықтарын іске асыратын шеңбердің көлемі, шекарасы, ауқымы әлеуметтік анықталған - олар заңшығарушының ырқына байланысты емес, оның рөлі кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында оларды заңнамада көрсетумен ғана шектеледі.
Субъективтік құқықтағы ең басты нәрсе - құқық субъектісінің іс-қимыл мүмкіндігіне (бостандығына) мемлекеттің кепілдік беруі. Құқықтың нақты субъектісінің өз қалауы бойынша және өз мүдделерін қанағаттандыру мақсатында, экономикалық және саяси үстемдікті жүзеге асырушылардың мүдделеріне қайшы келмейтін әрекеттерді жасауына заң жүзінде мүмкіндік беру субъективтік құқықтың заңдық келбетін көрсетеді.
Мұндай заңдық мүмкіндікті мемлекет мойындайды және қорғайды. Сонымен, іс-қимылдың қайсы бір мүмкіндігін бекіте отырып заң шығарушы оның мөлшерін белгілемейді, тек бұл мүмкіндікке заңда кепілдік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz