Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті. қоршаған ортаның ластанушыларынан қорғану әдістері



Жер сілкінісі — жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол — жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі.
Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғадықтан, адамдар сезе қоймайды. Есесіне, Жер планетасының әр бір жерінде болып жатқан үлкенді-кішілі жер асты дүмпулері мен жер сілкіністерін Халықаралық деңгейдегі жер сілкіністерін бақылаушы мамандар біліп отырады.
Үлкен қауіп тудыратын жер асты дүмпулері орта есеппен алғанда айына екі реттен болып тұрады. Олар мұхиттың тұңғиығында орын алғандықтан адамдар мекендейтін аймақтарға тигізер зияны болмайды. Тіпті, ондай дүмпулердің салдарынан цунами де пайда болмайды.
Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Аль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Механика математика факультеті

Баяндама
Тақырыбы: Жер сілкінісі, сел, су тасқыны кезіндегі халықтың іс-әрекеті. Қоршаған ортаның ластанушыларынан қорғану әдістері

Орындаған: Жанатай А.Н.
Басқынбаев А.А.
Мусіреп Д.М. МКМ 3Б
Тексерген: Исанбекова А.Т.

Алматы 2011

Жер сілкінісі туралы

Жер сілкінісі -- жер асты қыртыстарындағы дүмпулер мен жердің жоғарғы бедерінің тербелуі. Жер сілкінісі екі түрлі жолмен іске асады. Алғашқысы, табиғи жолмен (негізінен тектоникалық процестер), екіншісі, жасанды жолмен (жарылғыш заттар, су қоймаларын толтыру және таудағы жерасты қазбаларды опыру). Тағы бір ерекше жолы бар. Ол -- жанартаулардың (вулкан) оянған кезіндегі лаваның көтеріліуі.
Жыл сайын бір миллионға жуық жер сілкінісі болады. Алайда, олардың басым бөлігі елеусіз дүмпулер болғадықтан, адамдар сезе қоймайды. Есесіне, Жер планетасының әр бір жерінде болып жатқан үлкенді-кішілі жер асты дүмпулері мен жер сілкіністерін Халықаралық деңгейдегі жер сілкіністерін бақылаушы мамандар біліп отырады.
Үлкен қауіп тудыратын жер асты дүмпулері орта есеппен алғанда айына екі реттен болып тұрады. Олар мұхиттың тұңғиығында орын алғандықтан адамдар мекендейтін аймақтарға тигізер зияны болмайды. Тіпті, ондай дүмпулердің салдарынан цунами де пайда болмайды.
Жер сілкінісінің басты себептері ретінде жер қыртысы платформаларының қозғалысы мен қимылдауын айтуға болады. Мұндай қозғалыстар орын алған аймақ жер сілкінісінің ошағы деп аталады. Ал жер сілкінісі ошағының жер бетіндегі нүктесі эпицентрі болып саналады.
Сейсмограф
Жер сілкінісі мен жер асты дүмпулерін ріткейтін аппаратты сейсмограф деп атайды. Сейсмографтардың бұрынғы түрлері қағаз таспасы бар қондырғыоар болатын. Қазіргі кезде ондай аппараттармен бірге электронды сейсмографтар да қолданылады. Соңғысының қағаз таспасы болмайды.
Қағаз таспамен жұмыс істейтін сейсмографтардың екі түрі болады: вертикальды (тігінен болған) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. ал екінші түрі горизонтальды (көлденеңінен, жазығынан) тербелістер мен толқындарды, қозғалыстарды тіркейді. Екеуінің де өте сезімтал тілшелері болады. Сол тілшелері қағаз таспаған із (белгі) қалдырып отырады.
Тектометр
Тектометр -- Ресейде (Сахалиндік өнертапқыштың туындысы. Жапонияда патенттелген) жасалған құрал. Жаңа құрылғыны ойлап тапқан Евгений Васин есімді адам. Тектометрдің көлемі өте ықшам әрі салмағы да жеңіл (1 кг). Бар болғаны бір қобдишаға сыйып кетеді. Кішкентай болғанына қарамастан маңыздылығы өте зор. Ол болайын деп жатқан жер сілкінісінің қаупін 40 сағат алдын ескерте алады.
ATROPATENA жер сілкінісін болжау станциясы

ATROPATENA-AZ1
ATROPATENA жер сілкінісін болжау станциясы жердің гравитациялық өсіріндегі үш өлшемді өзгерістерді автоматты және автономды түрде тіркеп, мәліметтерді АҚШ-та орналасқан La Habra деректер базасы орталығына жіберіп отыратын станция болып табылады.
Алғашқы ATROPATENA-AZ1 станциясы 2007 жылы 4-сәуірде Азербайжанның астанасы Баку қаласында Жер сілкіністерін зерттеу ғылыми орталығында орнатылды.

Жер сілкінісіне қалай дайындалу керек?
Үйде, жұмыста, кинода, театрда, көлікте және көшеде болған кездегі жер сілкінуге алдын ала іс-қимылдар жоспарлап алыңыз. Отбасы мүшелеріне жер сілкіну кезінде не істеу керектігін түсіндіріп және алғашқы медициналық көмек көрсету ережелерін үйретіңіз.
Құжаттарды, ақша, қалта шамын және қосымша батареяларды ыңғайлы жерде ұстаңыз. Бірнеше күнге жететін үйде ауыз су және консервілер қорын ұстаңыз. Кереуеттерді терезелер мен сыртқы қабырғалардан алып тастаңыз. Пәтердегі шкафтарды, сөрелерді және стеллаждарды бекітіп қойыңыз, жоғарғы сөрелер мен антресольдардан ауыр заттарды алып тастаңыз.
Қауіпті заттарды (улы химикаттарды, жеңіл тұтанатын сұйықтарды) жақсы оқшауланған сенімді жерде сақтаңыз. Қажет болған жағдайда электрді, газ бен суды өшіру үшін барлық тұрғындар рубильниктің, газ және су құбырларының магистралді крандарының қай жерде орналасқандығын білуі тиіс.
Жер сілкіну кезінде қандай әрекет жасау керек ?
Ғимараттың тербелгенін сезген соң, шамдардың шайқалғанын, заттардың құлағанын көрген соң, үдеп келе жатқан шуды сынған шынының сыңғырын естіген соң байбалам салмаңыз (бірінші дүмпулерді сезгеннен бастап ғимарат үшін қауіпті тербелістерге дейін Сізде 15-20 секунд уақытыңыз бар). Жылдам құжаттарды, ақша және қажетті заттарды алып ғимараттан шығыңыз. Жайлардан шыққан кезде лифтіні пайдаланбай басқышпен түсіңіз. Көшеге шыққаннан кейін ғимараттардан алшақтау, ашық кеңістікке барыңыз. Сабырлық сақтап, өзгелерді де тыныштандыруға тырысыңыз!
Егер Сіз еріксіз бөлмеде қалып қойсаңыз, қауіпсіз жерге тұрыңыз: ішкі қабырғада, бұрышта, ішкі қабырға ойығында. Мүмкіндік болса үстелдің астына тығылыңыз - ол Сізді құлаған заттар мен сынықтардан қорғайды. Терезелер мен ауыр жиһаздардан аулақ тұрыңыз. Егер де Сіздермен балалар болса - оларды өзіңізбен қалқалаңыз!
Тұтатқыштарды, сіріңкені, шамдарды қолданбаңыз - газ ағып кетсе өрт шығу мүмкіндігі бар. Балкондардан, карнизден, парапеттен алшақ тұрып, жұлынған сымдардан сақтаныңыз.
Егер де Сіз автомобильде болсаңыз, дүмпулер тоқтағанға дейін автомобильден шықпай ашық жерде болыңыз. Басқа адамдарды құтқару кезінде көмек көрсетуге дайын болыңыз.
Жер сілкінісінен кейін не істеу керек ?
Мұқтаждарға алғашқы көмек көрсетіңіз.
Жеңіл алынатын үйінділерге түскендерді босатыңыз. Абай болыңыз! Балалардың, науқастар мен қарттардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіңіз. Оларды тыныштандырыңыз. Аса қажетсіз телефонды пайдаланбаңыз. Радиохабарды қосыңыз. Жергілікті билік, табиғи зілзала зардаптарын жою бойынша штабтың нұсқауларына бағыныңыз.
Электр өткізгіштерде зақым келгенін тексеріңіз. Ақаулықты жойыңыз немесе пәтердегі электрді ажыратыңыз. Күшті жер сілкінісі кезінде қалада электрдің автоматты түрде ажыратылатындығын есте ұстаңыз.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Газ және су құбырлары ақауларының бар-жоғын тексеріңіз. Ақаулықтарды жойыңыз немесе желілерді ажыратыңыз. Ашық отты пайдаланбаңыз. Баспалдақтан түсер кезде абай болып, оның беріктігіне көз жеткізіңіз. Қираған ғимараттарға жақындамаңыз, оған кірмеңіз. Қайталанбалы дүмпулерге дайын болыңыз, ол жер сілкінісінен кейін алғашқы 2-3 сағатта өте қауіпті. Ғимараттарға аса қажет болмаса кірмеңіз. Қайтадан мүмкін болатын дүмпулер туралы ойдан еш нәрсе айтпаңыз. Ресми ақпаратты ғана пайдаланыңыз. Егер де Сіз үйіндіде қалып қойсаңыз, қалыптасқан ахуалға байыппен бағалап, мүмкіндігінше өзіңізге өзіңіз медициналық көмек көрсетіңіз. Үйіндінің сыртындағы адамдармен байланыс орнатуға тырысыңыз (дауыспен, тоқылдатып). От жағуға болмайтынын, унитаздан су ішуге болатынын, ал құбырлар мен батареяны белгі беру мақсатында пайдалануға болатындығын есте ұстаңыз. Күшіңізді үнемдеңіз. Адам азықсыз жарты айдан аса уақыт өмір сүре алады.

СУ ТАСҚЫНЫ
СУ ТАСҚЫНЫ - бұл қардың еруі, жауын-шашын, суды желмен айдаған және кептелу кезінде өзендердегі, көлдер мен теңіздердегі су деңгейінің көтерілуі нәтижесінде жерді айтарлықтай су басу. Өзендер арнасына суды желмен айдау арқылы болған су тасқыны ерекше түрге жатады. Су тасқыны көпірлер, жолдар, ғимараттар, құрылымдардың қирауына, елеулі материалдық шығынға, ал судың көп жиналуы (4 мс астам) және су үлкен биіктікке көтерілсе (2 м көп) адамдар мен жануарлардың опат болуына әкеліп соқтырады. Қираудың негізгі себептері ғимараттар мен құрылымдарға су массасының, жоғары жылдамдықта жүзіп жүрген мұздардың, әртүрлі сынықтар мен жүзіп жүрген заттардың, т.б гидравликалық соққысы болуы мүмкін. Су тасқыны кенеттен пайда болып және бірнеше сағаттан 2-3 аптаға дейін созылуы мүмкін.

Су тасқынына қалай дайындалу керек?
Егер де Сіздің аумағыңыз су тасқынынан жиі зардап шексе, су басу мүмкін жерлердің шекарасын, сондай-ақ тұрғылықты жеріңізге жақын тұрған дөңестеу сирек су басатын жерлерді, оған баратын ең қысқа жолды зерделеп, еске сақтаңыз.
Отбасы мүшелерін ұйымдасқан және жекелей көшіру кезінде әрекет ету, сонымен қатар кенеттен және буырқанып келе жатқан су тасқыны кезіндегі ережелерімен таныстырыңыз. Қайықтар, салдарды және оларды жасау үшін құрылыс матеиалдарын сақтау орындарын еске сақтаңыз. Көшіру кезінде алып шығатын құжаттар, мүлік және дәрі-дәрмектердің тізімін алдын-ала жасап қойыңыз. Арнайы чемодан немесе рюкзакқа құндылықтарды, қажетті жылы затарды, азық-түлік қорын, су және дәрі-дәрмекті салыңыз.
Су тасқыны кезінде қандай әрекет ету керек?
Су тасқыны қаупі және көшіру туралы дабылды алғаннан кейін күттірместен, белгіленген тәртіп бойынша өзімен бірге қажетті заттар мен бұзылмайтын азық-түліктің екі күндік қорын алып апаттық су басуы ықтимал қауіпті аумақтан белгіленген қауіпсіз аумаққа немесе дөңестеу жерлерге барыңыз (шығыңыз). Көшіру пунктіне жеткеннен кейін тіркеліңіз.

Үйден кетер алдында электр қуаты мен газды сөндіріңіз, отын жағу пештеріндегі отты өшіріңіз, ғимараттың сыртындағы барлық қалқитын заттарды бекітіп қойыңыз немесе қосымша жайларға орналастырыңыз. Егер де уақытыңыз болса үйдегі құнды заттарды шатырға немесе жоғарғы қабаттарға орналастырыңыз. Есңктер мен терезелерді жауып, қажет болса және уақыт жеткілікті болса бірінші қабаттың терезелері мен есіктерін сыртынан тақтайлармен жабыңыз. Оған қоса, үнемі апат туралы дабылды беріңіз: күндіз - жақсы көрінетін шүберекті ағашқа байлап іліп немесе бұлғау, ал түнде жарықтық дабылмен және дауыс беру қажет. Құтқарушылар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық қауіптер. Қоршаған ортаның ластаушыларынан қорғану әдістері
Бейбіт уақыттағы төтенше жағдай
Адам өмірі қауіпсіздігінің негізгі курсының дәрістері
Тіршілік қауіпсіздігі негіздері туралы
Сұрапыл апаттардан тұрғындарды қорғау
Төтенше жағдайлар және олардың алдын алу
ТІРШІЛІК ҚАУІПСІЗДІГІ НЕГІЗДЕРІ пәні бойынша дәрістер жинағы
Зілзала кезіндегі тіршілік қауіпсіздігі
Халық пен аумақты табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау
«Тіршілік қауіпсіздігі негіздері» курсынынан лекция тезистері
Пәндер