Талғар қаласы «Орталық аудандық аурухана» РҚКК
Мазмұны
Бет
Кіріспе 3
1 Талғар қаласы «орталық аудандық аурухана» рқкк қызметінің жалпы сипаттамасы 4
1.1 Кәсіпорынның даму тарихы, мақсаты, міндеті және негізгі қызметінің сипаты 4
1.2 Кәсіпорындағы басқарудың ұйымдық құрылымы және басқару процесі 6
2 Талғар қаласы «орталық аудандық аурухана» рқкк шаруашылық және қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау 11
2.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау 11
2.2 Кәсіпорынның жатын орындарымен қамтамасыз етілуін талдау 15
3 Талғар қаласы «Орталық аудандық аурухана» РҚКК.дағы персоналды басқару ерекшеліктері 18
3.1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау 18
3.2 Кәсіпорындағы персоналды іріктеу процесін талдау 24
4 Талғар қаласы «Орталық аудандық аурухана» РҚКК.дағы маркетингті басқару 27
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Қосымшалар 33

Тақырып өзектілігі. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірісті ұйымдастыруда технологияны оңтайландыруды таңдау, ресурстарға деген қажеттілікті анықтау және оларды ресурстармен қамтамасыз ету, негізгі және айналым капиталдарының үлесі, өнімді іске асыру әдістері және түрлерін қолдану сияқты жағдайлармен анықталады. Бұл кәсіпорынды басқару қызметінде ішкі үйлесімділіктің әдістері мен түрлерінің сәйкестігін қолдану керектігін көрсетеді.
Басқарудың нақты функциялары кәсіпорынның мамандану түріне және оның қызметінің негізгі сфераларымен тығыз байланысты. Кәсіпорындағы басқарудың ұтымды жүйесін құру аса маңызды мәселе болып табылады, себебі бұл кәсіпорын өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде кәсіпорынның нарықтағы орнын беки түсуіне, оңды қаржылық нәтижелерге жетуіне себепші болады. Кәсіпорынды жалпы басқару процесі оның қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, персоналын басқару, қызмет нәтижелерін бақылау, есепке алу және талдаудан тұрады. Аталған іс-шаралар тәжірибе орнында толық қарастырылып, тәжірибелік есеп мазмұнында көрініс тапты.
Берілген өндірістік тәжірибе есебінің мақсаты менеджменттегі тиімді басқару жүйесін зерттеу, сондай-ақ, кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ету тиімділігін және кәсіпорынның еңбек ресурстарын пайдалану деңгейін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
кәсіпорынның мақсаты, міндеті және ұйымдық құрылымымен танысу;
кәсіпорын қызметінің негізгі шаруашылық көрсеткіштерін талдау;
кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;
кәсіпорындағы еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін талдау;
кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Есептің бірінші бөлімінде өндірістік тәжірибе орнының жалпы сипаты берілсе, екінші бөлімде оның қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне, өндірістік-қаржылық жағдайына талдау жүргізілген, талдау нәтижесінде анықталған олқылықтардың себептері көрсетіліп, оларды жою бойынша ұсыныстар жасалған. Келесі бөлімде ұйымдағы басқару процесі, оның ерекшеліктері сипатталып, оларға баға берілген, төртінші бөлімде сәйкесінше ұйымдағы персоналды басқару және маркетинг қызметтеріне талдау жүргізіп, құрылымдық бөлімшелер қызметінің кәсіпорынның табыстылығына әсері анықталған және олардың қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар жиыны ұсынылған.

1 Қазақстан Республикасының индустриалды-инновациялық дамуының Мемлекеттік бағдарламасы
2 Бердалиев К.Б. Менеджмент. Курс лекций. - Алматы: Экономика, 2005
3 Кубаев К.Е. Теория и практика менеджмента.– Алматы, Қазақ әдебиеті, 2005
4 Кэмпбелл Д. И др. Стратегический менеджмент: Уч. пособие / Пер. с англ. Н.И. Алмазовой. – М.: Проспект, 2003. – 336 с.
5 Лафта Дж.К. Менеджмент: Уч. пособие. – М.: КноРус, 2004. – 592 с.
6 Мамыров Н.К. и др. Государство и бизнес. – Алматы: Экономика, 2003.
7 Технологии корпоративного менеджмента: Учебное пособие. – М.: МарТ, 2004. – 544
8 Панков Д.А. и др. Анализ хозяйственной деятельности бюджетных организаций: Учебное пособие – М.: Новое знание, 2004. – 409с.
9 Данилов Е.Н. и др. Анализ хозяйственной деятельности в бюджетных и научных учреждениях: Учебное пособие – Минск: Книжный дом; Экоперспектива,2005. – 336 с.
10 Кадыров Ф.Н. Экономический анализ деятельности медицинских учреждений. Планирование расходов на содержание больницы и составление сметы. – М.: МЦФЭР, 1999.
11 Бадаш Х.З. Экономика предприятия: Учебное пособие. Ижевск: Издательство Института экономики и управления ГОУВПО УдГУ, 2006 – 266 с.
12 Решетников А.В. Финансовый менеджмент в системе обязательного медицинского страхования //Экономика здравоохранения, 2003, №10, с.5-10.
13 Бригхем Ю., Гапенски Л. Финансовый менеджмент / под ред. Ковалева В.В. – СПб.: Экономическая школа, 2006 – 244с.
14 Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент – М.: Финансы и статистика, 2003 – 337с.
15 Коммерческая деятельность учреждений здравоохранения / Долгая В.М и др.- М.: Книжный мир, 2002 – 215 с.
16 Корчагин В.П. Финансовое обеспечение здравоохранения. – М.: Эпидавр, 2004 – 322с.
17 Самборский В.И., Грищенко А.А. Анализ хозяйственной деятельности в бюджетных и научных учреждениях. – М.: Финансы и статистика, 2005 – 277с.
18 Финансовый менеджмент. / Под редакцией Поляка Г.Б. – М.: Финансы, 2003 – 312 с.
19 Бердалиев К.Б. Испытанный механизм управления экономикой // Международная конференция «Экономическое образование и наука в современных условиях». ІІ том.-Семей, 2002

1 Талғар қаласы орталық аудандық аурухана рқкк қызметінің жалпы4
сипаттамасы
1.1 Кәсіпорынның даму тарихы, мақсаты, міндеті және негізгі 4
қызметінің сипаты
1.2 Кәсіпорындағы басқарудың ұйымдық құрылымы және басқару 6
процесі
2 Талғар қаласы орталық аудандық аурухана рқкк шаруашылық және 11
қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
2.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін 11
талдау
2.2 Кәсіпорынның жатын орындарымен қамтамасыз етілуін талдау 15
3 Талғар қаласы Орталық аудандық аурухана РҚКК-дағы персоналды 18
басқару ерекшеліктері
3.1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау18
3.2 Кәсіпорындағы персоналды іріктеу процесін талдау 24
4 Талғар қаласы Орталық аудандық аурухана РҚКК-дағы маркетингті27
басқару
Қорытынды 30
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32
Қосымшалар 33
Кіріспе
Тақырып өзектілігі. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірісті
ұйымдастыруда технологияны оңтайландыруды таңдау, ресурстарға деген
қажеттілікті анықтау және оларды ресурстармен қамтамасыз ету, негізгі және
айналым капиталдарының үлесі, өнімді іске асыру әдістері және түрлерін
қолдану сияқты жағдайлармен анықталады. Бұл кәсіпорынды басқару қызметінде
ішкі үйлесімділіктің әдістері мен түрлерінің сәйкестігін қолдану керектігін
көрсетеді.
Басқарудың нақты функциялары кәсіпорынның мамандану түріне және оның
қызметінің негізгі сфераларымен тығыз байланысты. Кәсіпорындағы басқарудың
ұтымды жүйесін құру аса маңызды мәселе болып табылады, себебі бұл кәсіпорын
өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, ал бұл өз кезегінде
кәсіпорынның нарықтағы орнын беки түсуіне, оңды қаржылық нәтижелерге
жетуіне себепші болады. Кәсіпорынды жалпы басқару процесі оның қызметін
ұйымдастыру, жоспарлау, персоналын басқару, қызмет нәтижелерін бақылау,
есепке алу және талдаудан тұрады. Аталған іс-шаралар тәжірибе орнында толық
қарастырылып, тәжірибелік есеп мазмұнында көрініс тапты.
Берілген өндірістік тәжірибе есебінің мақсаты менеджменттегі тиімді
басқару жүйесін зерттеу, сондай-ақ, кәсіпорынның барлық құрылымдық
бөлімшелерінің қызмет ету тиімділігін және кәсіпорынның еңбек ресурстарын
пайдалану деңгейін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
кәсіпорынның мақсаты, міндеті және ұйымдық құрылымымен танысу;
кәсіпорын қызметінің негізгі шаруашылық көрсеткіштерін талдау;
кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;
кәсіпорындағы еңбек ресурстарын қолданудың тиімділігін талдау;
кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Есептің бірінші бөлімінде өндірістік тәжірибе орнының жалпы сипаты
берілсе, екінші бөлімде оның қызметінің негізгі экономикалық
көрсеткіштеріне, өндірістік-қаржылық жағдайына талдау жүргізілген, талдау
нәтижесінде анықталған олқылықтардың себептері көрсетіліп, оларды жою
бойынша ұсыныстар жасалған. Келесі бөлімде ұйымдағы басқару процесі, оның
ерекшеліктері сипатталып, оларға баға берілген, төртінші бөлімде сәйкесінше
ұйымдағы персоналды басқару және маркетинг қызметтеріне талдау жүргізіп,
құрылымдық бөлімшелер қызметінің кәсіпорынның табыстылығына әсері
анықталған және олардың қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар жиыны
ұсынылған.
Өндірістік тәжірибе орны Талғар қаласы Орталық аудандық ауруханасы
Республикалық қазыналық коммуналдық кәсіпорны болып табылады.
1 Талғар қаласы Орталық аудандық аурухана РҚКК қызметінің жалпы
сипаттамасы
1. Кәсіпорынның даму тарихы, мақсаты, міндеті және негізгі
қызметінің сипаты
Талғар қаласының Орталық аудандық ауруханасы Республикалық қазыналық
кәсіпорыны (ОАА РҚКК) Қазақстан Республикасының территориясында Алматы
облысының Талғар қаласында орналасқан.
ОАА Алматы облысының денсаулық сақтау департаментінің және Талғар
ауданы әкімдігінің ортақ шешімі негізінде құрылған. Аурухана өз қызметінде
ҚР заңдарымен, жарғысымен және үкіметтің өкілетті және құзіретті
органдарының орындалуы міндетті т.б. актілермен жетекшілік етеді.
ОАА Алматы облысының Денсаулық сақтау Департаментінің қарамағындағы
заңды тұлға болып табылады. Мекеменің заңды мекен-жайы: Талғар қаласы,
Д.Қонаев көшесі, 97.
ОАА-ның жеке иелігінде Талғар ауданының мүлкі болып табылатын мүлкі
бар. Аурухана мүлкі мен қаржылық ресурстарының қалыптасу көздері болып
келесілер табылады:
– бюджеттік және бюджеттен тыс қаражат көздері;
– меншік иесімен немесе оған өкілетті тұлғамен қайтарымсыз негізде
берген мүлкі;
– жұмыстар мен қызметтерді жүзеге асырудан түскен табыс;
– амортизациялық аударымдар;
– банк несиелері немесе басқа кредиторлардың несиелері;
– капитал салымдары және бюджет дотациялары;
– ұйымдардың, мекемелердің, азаматтардың қайтарымсыз негізде және
қайырымдылық мақсатта аударған қаражаттары;
– ҚР заңдарына сәйкес басқа да қаржыландыру көздері.
Ауруханада қаржы ресурстарының жетіспеушілігі орын алған жағдайда, оның
міндеттемелерін Алматы облысының Денсаулық сақтау Департаменті, Талғар
ауданының әкімдігі орындайды.
Аурухананы құрудың мақсаты Талғар ауданы тұрғындарына арнайы және
кәсіби медициналық көмек көрсету болып табылады. Талғар ауданының
тұрғылықты халқы қазіргі уақытта 152300 адамды құрайды.
Аурухана қызметінің міндеттері келесілер болып табылады:
– азаматтардың қажеттіліктерін толығымен қанағаттандыру мақсатында
аурухана жұмысының үздіксіздігін қамтамасыз ету;
– тұрғындарға дер уақытында және жоғары дәрежедегі медициналық көмек
көрсету;
– әлеуметтік-экономикалық дамудың перспективтік және ағымдық
бағдарламаларын әзірлеу;
– медициналық қызмет аясын көбейту, көрсетілетін қызметтерді
жетілдіру, тұрғындарға жаңа қызметтер көрсетуді енгізу;
– төтенше жағдайларға төтеп беруге байланысты іс-шаралар жүйесін
жүзеге асыру.
Аурухананың негізгі бағдарламалары амбулаторлық-поликлиналық және
стационарлық қызмет көрсету болып табылады.
Осы бағдарламалар аясында келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
– диагностикалық зерттеулер, емдеу процедуралары;
– тіс емдеу;
– үйде медициналық қызмет көрсету;
– жедел медициналық көмек;
– қараулар, кеңес беру және басқа да дәрігерлік қызметтер;
– еңбекке уақытша жарамсыздық туралы қағаздарды рәсімдеу;
– емдік дәрілер рецептін жазу;
– терапияның заманауи әдістерін қолдана отырып, емдеу, оның ішінде
электротерапия, лазеротерапия, ультрадыбыс, бальнеологиялық
процедуралар, лфк, массаж, мануальды терапия, рефлексотерапия және
т.б.
– инструментальдық диагностика, оның ішінде рентгендік, электрогендік,
ультрадыбыстық, эндоскопиялық және т.б. заманауи әдістер;
– зертханалық зеттеулер, оның ішінде жалпы клиникалық, биохимиялық,
гематологиялық, серологиялық, бактериологиялық, гормоналдық,
серологиялық, бактериалдық, гормоналдық, иммуналдық және т.б.;
– жүргізуші құжатын алуға, қару ұстауға рұқсат алуға қажетті
анықтамаларды рәсімдеу бойынша, санаторлы-курорттық карталар,
санитарлық кітапшалар рәсімдеу бойынша көрсетілетін медициналық
қызметтер.
Тіс емдеу бойынша тістегі тастар мен дақтарды тазалау, тіс жұлу,
парадонтты емдеу, ауыз қуысының қабынуын емдеу, протездеу, косметикалық
процедуралар ұсынылады.
Дәрігерді үйге шақыру қызметі науқас адамның денсаулығының нашарлығына
байланысты ауруханаға келе алмаған жағдайда көрсетіледі.
Жедел медициналық жәрдем бригадасының құрамына үш адам кіреді:
жүргізуші, дәрігер және фельдшер.
Стационарлық қызмет көрсету бағдарламасына шұғыл түрде немесе
жоспармен, сондай-ақ, профилактика мақсатында науқасты ауруханаға жатқызу
жатады.
Талгар қаласының Орталық Аудандық Ауруханасы келесі қызмет түрлерін
жүзеге асырады:
– алғашқы реттік медико-санитарлық жәрдем;
– амбулаторлы-поликникалық жәрдем;
– стационарлық көмек;
– тұрғындарды санитарлық-гигиеналық тәрбиелеу және салауатты өмір
салтын пропагандалау;
– қаржылық-шаруашылық қызмет;
– фармацевтикалық қызмет;
Амбулаторлы-поликлиникалық жәрдем терапиялық, хирургиялық,
педиатриялық, офтальмологиялық, акушерлік-гинекологиялық,
отоларингологиялық, неврологиялық, психиатриялық, наркологиялық,
онкологиялық, стоматологиялық, фтизиатриялық, дерматовенерологиялық,
рентгенологиялық, физиотерапиялық, эндоскопиялық, ультрадыбыстық,
функциональдық диагностика; жанұяны жоспарлау, профилактикалық егулерді
жоспарлау және ұйымдастыру, тұрғындарды диспансеризациялау, профилактикалық
қарау, реабитациялық жәрдем, зертханалық диагностика сияқты қызметтерден
тұрады.
Стационарлық көмек терапиялық, хирургиялық, педиатриялық, акушерлі-
гинекологиялық, инфекциялық бағыттарда жүзеге асырылады.
2. Кәсіпорындағы басқарудың ұйымдық құрылымы және басқару процесі
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ұйымдық құрылымын, басқару
аппаратын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл
кәсіпорындардың меншік иесі, қызметкерлері, коммерциялық және басқа да
тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап бере
алатынына байланысты. Шаруашылық субьектілердің ұйымдық құрылымының
қызметін талдаудың көмегімен кәсіпорын қызметінің жоспары жасалады,
кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының
қызметтерінің нәтижесі бағаланады.

қызметінің негізгі сфераларымен тығыз байланысты.
Талғар қаласының ОАА РҚКК-нің ұйымдық құрылымын басқарудың мақсаты
келесі міндеттерді орындаумен сипатталады:
– өндірістің еңбек сыйымдылығын, өндіріс шығындарын азайту,
қызметкерлердің белсенділігін арттыру;
– көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру.
Аурухананы басқару ҚР заңнамасына және ұйымның жарғысына сәйкес жүзеге
асырылады. Жоғарғы өкілетті тұлға бас дәрігер болып табылады, оны Алматы
облысының Денсаулық сақтау Департаменті және Талғар ауданының әкімдігі
тағайындайды және жұмыстан босатады.
Жетекшілер құрамына сондай-ақ: емдеу ісі бойынша, ұйымдастыру-
әдістемелік жұмыс бойынша, клинико-эксперттік жұмыс бойынша бас дәрігердің
орынбасарлары, бас бухгалтер, әкімшілік-шаруашылық бөлім бойынша бас
дәрігердің орынбасары кіреді.
Дәрігерлер жалпы мамандануы бойынша (оташы, терапевт, акушер-гинеколог,
балалар дәрігері) және тар мамандықтар бойынша (тіс дәрігері,
отоларинголог, офтальмолог, нарколог, инфекционист, дерматовенеролог,
фтизиатр, невропатолог, рентгенолог, психиатр, анестезиолог) бөлінеді.
Мамандардың қарамағында өздерінің функционалдық міндеттерін орындайтын
орта және кіші медициналық персонал қызмет етеді. Бас дәрігер бөлімше
қызметін қамтамасыз ету бойынша келесі функциялар мен міндеттерді
орындайды:
– аурухана қызығушылықтарын мемлекет, сот органдарында қорғайды,
ұжымның жұмысын ұйымдастырады;
– өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық қызметті ұйымдастыру
бойынша жауап береді;
– мекеме қызметінің көрсеткіштерін бағалау негізінде оның қызметін
бағалауды жүзеге асырады және жұмыстың әдістері мен формаларын
жетілдіру бойынша қажетті шешімдер қабылдайды.
– ішкі тәртіптің ережелері мен нормаларымен бекітілген талаптардың
орындалуын, техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың
қадағалануын, құралдар мен құрылғылардың техникалық
эксплуатациялануын бақылайды;
– штаттық кестені бекітеді;
– қызметкерлерге қатысты бұйрықтарды береді.
Аурухананың құрылымында жалпы емханалық, поликника, стационар,
бухгалтерия, архивтік-шаруашылық бөлімшелер бар. Ауруханадағы басқару
сызықтық-функционалдық сипатқа ие, бұл медицина саласында қызмет етеін
кәсіпорын менеджментінде ең тиімді және ыңғайлы жүйе болып саналады.
Аурухананы басқарудың ұйымдық құрылымы 1-суретте көрсетілген.
Сурет 1 – Талғар қаласының ОАА РҚКК басқаруының ұйымдық құрылымы.
Бас дәрігердің негізгі жұмыстары:
– мекеменің бар жұмысын ұйымдастырады;
– мекеменің және оның еңбек ұжымының жай-күйі үшін жауапты болады;
– басқа мекемелердің алдында мекеменің өкілетті тұлғасы ретінде
қызмет атқарады;
– мекеме бойынша бұйрықтар қабылдайды және қызметкерлерді жұмысқа
қабылдайды және босатады;
– қызметкерлерді әкімшілік жазалау мен марапаттау бойынша іс-
шараларды ұйымдастырады;
– банктерде мекеменің шоттарын ашады.
Бас дәрігердің орынбасарлары келесі жұмыстарды жүзеге асырады:
– бас дәрігерге бағынады;
– эксплуатациялық қызметке жетекшілік етеді;
– медициналық персоналдың біліктілігін көтеру мақсатында оларды
оқытуды ұйымдастырады.
Бас бухгалтер:
– мекеменің және оның шаруашылық операцияларының материалдық және
қаржы ресурстарының есебін жүргізеді;
– мекеменің шаруашылық-қаржылық қызмет нәтижелерін қалыптастырады;
– еңбекақы бойынша жылдық, тоқсандық және айлық жоспарларын құрады
және олардың орындалуын қадағалайды;
– еңбек өнімділігі және еңбек ақының прогрессивті жүйесін енгізу
бойынша іс- шаралар ұйымдастырады.
Экономист:
– перспективтік және жылдық жобаларды әзірлеуге жетекшілік етеді;
– бекітілген жоспарлардың барлық құрылымдық бөлімшелерге жеткізілуін
қадағалайды;
– мекеменің барлық қызмет түрлерінің экономикалық талдауын жүргізеді
және материалдық, еңбек, қаржы ресурстарын тиімді қолдану бойынша,
еңбек өнімділігін арттыру бойынша, қызметтің өзіндік құнын төмендету
бойынша, қаржылық қайтарымдылықты ұлғайту бойынша шараларды
дайындауды қамтамасыз етеді.
Мекемеде сондай-ақ, материалды техникалық жабдықтау, медикаментоздық
қамтамасыз ету, транспорттық қамсыздандыру, электр, су, жылу жабдығын және
медициналық жабдықтарды капиталды ремонттау, тамақтандыру сияқты маңызды
функциялар орталықтандырылған.
Аурухананың басқа құрылымдық бөлімшелері ОАА РҚКК-мен дайындалған
қызметтік инструкцияларға сәйкес міндеттерін атқарады. Оның ішінде
әкімшілік-шаруашылық бөлімін қарастыратын болсақ, оны басқарудың ұйымдық
құрылымы жалпы басқару құрылымы сияқты сызықтық-функционалдық болып
табылады. ОАА РҚКК шаруашылық бөлімінің басқару құрылымы 2-суретте
көрсетілген.
Сурет 2 – ОАА РҚКК әкімшілік-шаруашылық бөлімін басқарудың ұйымдық
құрылымы.
Кәсіпорынның шаруашылық бөлімі, жоғарыдағы суретте көрсетілгендей,
архив бөлімімен қатар архивтік-шаруашылық бөлімінің құрамына кіреді және
бухгалтерия мен көмекші құрылымдық бөлімдерімен қоса әкімшілік-шаруашылық
бөлім бойынша бас дәрігердің орынбасарына бағынады. Құрылымның мұндай түрі
бірқатар артықшылықтарға ие:
- өкілеттіліктерді жоғарыдан төменге қарай делегирлеу;
- құрылымдық бөлімшелердің екі блогының болуы: сызықтық және
функционалдық;
- барлық құрылымдық бөлімшелердің қызметін координациялайтын бір
құрылымдық бөлімше бар;
- төменнен жоғары қарай өрбитін персоналды жауапкершіліктің жүктелуі.
Сызықтық-функционалдық құрылымның келесідегідей кемшіліктерін анықтауға
болады:
- жақын арадағы жоғарғы деңгейдегі координаторы ортақ емес кейбір
құрылымдық бөлімшелердің өзара әрекеттер бойынша ортақ мәмілелерге
келуінің қиындығы;
- басқарудың жоғарғы деңгейінің шешім қабылдау процесіндегі жүктеменің
шектен тыс жоғарғы деңгейде болуы;
- құрылымдық бөлімшелердің сызықтық және функционалдық болктарының
өзара әрекет етуінің қиындығы.
Жоғарыда аталған мәселелердің ішіндегі ең өзектісі бас дәрігерге
жүктелген міндеттер көлемінің көптігі болып отыр. Бас дәрігер медицина
саласының ғана маманы болып табылады және басқаруға қажетті менеджердің
сәйкес білімінсіз медициналық мекемені басқару өте күрделі жұмыс болып
саналады. Мұндай жағдай тек қарастырылып отырған ауруханаға ғана емес,
барлық отандық ауруханаларға қатысты орын алып отыр. Ресми мәліметтерге
сүйенсек, денсаулық сақтау саласындағы жетекшілердің 60%-ның денсаулық
сақтау жүйесін ұйымдастыру және менеджмент негіздері бойынша арнайы
мамандығы жоқ екен. Медициналық мекеменің жетекшісі етіп менеджерді емес,
тәжірибеде қызмет ететін дәрігерді тағайындау кері нәтижелерге әкелуі
мүмкін. Себебі, бас дәрігерлердің қажетті деңгейдегі дайындығының болмауы,
олардың жетекшілік етудің авторитарлы, әміршіл-әкімшілдік қағидаларында
қалыптасқан көп жылдық тәжірибесі мұндай жетекшілерге орын алып жатқан
өзгерістерге бейімделіне мұрша бермейді, денсаулық сақтау саласындағы
басқарудың жаңа әдістерін енгізу процесін үдетеді. Сондықтан, медициналық
мекемелердегі басқарудың ұйымдық құрылымы қайта қарауды қажет етеді.
Қоғамның және денсаулық сақтау жүйесінің дамуының қазіргі кезеңінде
медициналық мекеме жетекшілерінің денсаулық сақтауды жүйесін және оның
экономикасын ұйымдастыру аясында сәйкес білімі болуы, еңбек қатынастарының,
салықтық және қаржылық-экономикалық заңнаманың құқықтық аспектілерін білуі,
компьютерлік бағдарламаларды игеруі, медициналық мекеменің коллективін,
қаржылық, материалдық ресурстарын тиімді басқара білуі, жалпылай айтқанда
біліктілігі жоғары сауатты менеджер болуы тиіс.
2 Талғар қаласы Орталық аудандық аурухана РҚКК шаруашылық және қаржылық
қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау
2.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау
Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық
қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен,
басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастарымен, төлем
қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Табыстарды,
шығындарды және басқа да қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның
қаржылық есебінің (бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп,
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп), салықтық және статистикалық
есептердің және басқа да құжаттардың негізінде жүргізілген.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін ең алдымен оның техникалық-
экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау қажет. Талдаудың ақпараттық
негіздері болып Бухгалтерлік баланс, Табыстар мен шығындар туралы есеп,
өндірістік жоспарлар табылады. Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық қызметі
негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерге негізделеді. Кәсіпорынның
техникалық-экономикалық көрсеткіштер келесілермен сипатталады: өткізілген
тауарлардың немесе қызметтердің көлемі, сандық көрсеткіштер, еңбекақы төлеу
қоры, жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы, өнімнің өзіндік құны, табыс,
рентабельділік, негізгі өндірістік қорлардың құны.Сондықтан ең алдымен
кәсіпорынның соңғы екі жылының техникалық-экономикалық көрсеткіштерін
талдау қажет. Зерттеліп отырған аурухана қызметінің 2008-2009 жылдардағы
негізгі экономикалық көрсеткіштері 1-кестеде көрсетілген.
Кесте 1 – Талғар қаласы Орталық аудандық аурухана РҚКК-ның негізгі
экономикалық көрсеткіштері
№ Көрсеткіштер 2008 г. 2009 г. Ауытқуы
Абс., %
Көрсетілген қызметтің 11471651,8 11956678,0 485026,2 104,2
құны, мың теңге
Жұмысшылардың орта 582 585 3 100,5
тізімдік саны, адам
Бір адамға шаққандағы 19710,7 20438,7 728,0 103,7
еңбек өнімділігі, мың
тг.
Еңбек ақы қоры, 207103,5 208987,7 1884,1 100,9
мың тг.
Кесте 1 жалғасы
Бір адамға шаққандағы 355,8 357,2 1,4 100,4
еңбек ақының орташа
мөлшері, мың тг.
Негізігі қорлардың 50640,0 54538,8 3898,8 107,7
бағасы, мың тг.
Өндірістік шығындар, мың11382979,8 11681396,9 298417,1 102,6
тг.
Көрсетілген қызметтің 88671,9 275281,1 186609,1 310,4
түскен пайда, мың тг.
Рентабельділік 0,77 2,30 1,529 297,8
деңгейі, %
Ескерту - Кесте мәліметтері [18] ОАА РҚКК жылдық есеп беруі негізінде
құрастырылған.
Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді қызмет көрсетуден
түскен табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен
міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері
алынып тасталып көрсетіледі. 1-кестеде көрсетілгендей, көрсетілген
қызметтің құны 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 485026,2 мың теңге,
яғни 4,2 %-ға артқан.
Көрсетілген қызметтен түскен пайда есепті жылы алдыңғы жылмен
алыстырғанда 186609,1 мың теңгеге немесе 210,4 %-ға артқан. Бұған әсер
еткен факторлар көрсетілген қызмет құнының 4,2 %-ға артуы және сол кездегі
өндірістік шығындардың 298417,1 мың теңгеге, яғни небәрі 2,6 %-ға ғана
артуы болып отыр.
Кестеде көрсетілгендей, зерттеліп отырған кәсіпорында 2008 жылы орта
есеппен 582 адам қызмет етсе, 2009 жылы олардың саны 585-ке жеткен.
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі өндіріс қызметінің нәтижелігін
көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық
өндіру көлемін сипаттайды. Кәсіпорындағы бір адамға шаққандағы еңбек
өнімділігі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 728 мың теңгеге немесе 3,7 %-
ға ұлғайған. Оған негізінен екі көрсеткіш әсер еткен: көрсетілген қызметтер
құнының есепті жылы алдыңғы жылға қарағанда 4,2 %-ға артуы және сол уақыт
аралығында жұмысшылар санының небәрі 0,5 %-ға артуы.
Еңбек ақы қорының да 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 1884,1 мың
теңгеге немесе 0,9 %-ға артуы байқалады. Бұл тенденцияның орын алуына
жұмысшылар санының үш адамға толығуы және жыл сайынғы мемлекеттік бюджет
қызметкерлерінің айлық жалақы мөлшерінің өсуі әсер еткен. Еңбекақы қоры
мөлшерінің өсуіне байланысты бір адамның бір жылдағы орташа жалақысы да
есепті жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 1400 теңгеге немесе 4 %-ға артқан.
Негізігі қорлардың бағасы 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 3898,8
мың теңгеге немесе 7,7 %-ға артқан.
Өндірістің рентабельділігі – кәсіпорын табысының қалыптасуын
сипаттайтын басты көрсеткіштің бірі болып табылады. Сондықтан да олар
қаржылық жағдайға баға беруде және салыстырмалы талдау жасауда міндетті
түрде есептеледі. Кәсіпорынға талдау жасау барасында рентабельділік
көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың құралы ретінде
қолданылады. Өндіріс рентабельділігі өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы
көрсетеді. Кестеде қарастырылып отырған кәсіпорынның қызмет
рентабельділігінің 2009 жылғы және 2008 жылғы көрсеткіштерін салыстыра
отырып, оның 197,8 %-ға артқандығын байқауға болады. Бұған негізінен
есепті жылы алдыңғы жылға қарағанда қызмет көрсетуден түскен пайданың 210,4
%-ға артуы әсер еткен.
Осылайша, кәсіпорынның экономикалық жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер
кәсіпорынның аз мөлшерде болса да, таза табыс табатындығын, тиімді қызмет
ететінін дәлелдейді. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің
өсуі байқалады, бұл кәсіпорынның қызмет көрсету көлемінің өсуімен
байланысты болып отыр.
Дегенмен, кәсіпорын қызметінің алға ілгерілеуін анықтау үшін оның
негізгі экономикалық көрсеткіштерін ғана талдау жеткіліксіз. Зерттеліп
отырған кәсіпорынның денсаулық сақтау саласының мекемесі екендігін ескере
отырып, оның көрсеткен медициналық қызмет көлемін, жәрдем көрсету көлемін
және т.б. көрсеткіш нәтижелерін талдаудың маңызы зор. Стационармен
көрсетілетін қызмет көлемі 2-кестеде көрсетілген.
Кесте 2 – Стационармен көрсетілетін медициналық қызмет көлемі
Көрсеткіш Абсолютті Ауытқуы 100 тұрғынғаАуытқуы
саны шаққанда
2008 2009 +,- % 2008 2009 +,- %
Ауруханаға түскен 10,8 10,7 0,1 100,97,2 7,0 0,2 102,8
науқастар саны,
мың адам

2-кесте мәліметтеріне сүйенетін болсақ, аурухана стационарына 2009 жылы
10,7 мың науқас келіп түскен. Бұл көрсеткіш 100 тұрғынға шаққанда 7 адамды
құрайды, яғни Талғар ауданының әрбір 100 тұрғынының жетеуі стационар
қызметін пайдаланған. Ал 2008 жылы стационарға келіп түскен адамдар саны
100 адамға немесе 0,9 %-ға көбірек болған. Сәйкесінше 100 тұрғынға шаққанда
7,2 адамнан келген. Осылайша, талдау нәтижесі стационарды пайдалану
деңгейінің есепті жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда азайғандығын көрсетті.
Бұл тұрғындарлың денсаулығының жақсарғандығын білдірмейді, бұған негізінен,
науқастардың ауруларының күрделілігі деңгейіне байланысты, аса қауіпті емес
науқастарды үйлерінде емделуіне мүмкіндік жасауымен байланысты болып отыр.
Осы тәсілмен аурухана басшылығы стационардағы орындар санының қажет
жағдайларда жеткілікті болуын қамтамасыз етеді, орындардың жетпей қалуы
сияқты тәуекел деңгейін төмендетеді. Аурухананың амбулаторлы-поликлиникалық
жәрдем көрсету көлемін 3-кестеден көруге болады.
Кесте 3 – Тұрғындарға амбулаторлы-поликлиникалық жәрдем көрсету көлемі
Көрсеткіштер Абсолюттік Ауытқуы Тұрғындардың 1 Ауытқуы
сандар адамға шаққанда
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда
медициналық тексерулердің саны 11,2 мыңға немесе 0,9 %-ға артқан. Бір
тұрғынға шаққандағы медициналық тексерулер санының 100-ге немесе 1,3 %-ға
кемуі байқалады. Бұған негізінен, Талғар қаласы тұрғындары санының алдыңғы
жылмен салыстырғандағы ұлғаюы әсер еткен.
Баршаға мәлім, дәрігерлердің санатындағы ең үлкен сұранысқа ие және аса
жауапты қызмет – хирургиялық қызмет болып табылады. Сондықтан оның
динамикасын талдау маңызды болып саналады. Хирургиялық қызметтің негізгі
көрсеткіштері 4-кестеде көрсетілген.
Кесте 4 – Хирургиялық қызметтің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер Жылдар Ауытқуы
2008 2009 +,- %
Хирургиялық белсенділік, % 57,7 56,7 -1 98,2
Операциялық летальдық, % 0,2 0,4 0,2 200

4-кестеде көрсетілгендей, хирургиялық белсенділік деңгейі 2009 жылы
2008 жылмен салыстырғанда абсолютті түрде 1 %-ға азайған, ал салыстырмалы
түрде 1,8 %-ға төмендеген. Ал операциялық летальдық көлемі абсолютті түрде
0,2 %-ға ұлғайған, салыстырмалы түрде 2 есе көбейген. Аталған екі
көрсеткішті талдай отырып, алдыңғысын ескергенде, кері тенденцияны байқауға
болады. Бұл хирургтардың санының азаюымен немесе біліктілігі төменділігімен
түсіндірілуі мүмкін. Дегенмен, мәселенің анық-қанығына жету үшін кадрлық
ағымдылық көрсеткіштерін дәрігерлер санатында талдау қажет.
2.2 Кәсіпорынның жатын орындарымен қамтамасыз етілуін талдау
Аурухана қазіргі уақытта науқастарға арналған 240 жатын орынмен қамтамасыз
етілген. Кез-келген ауруханада қолда бар жатын орындарын тиімді қолдануға
тырысады, себебі қызмет көрсетілетін тұрғындар санына шаққанда олардың саны
аз болып келеді. Бұл жағдайда ауруханалар қатты науқас адамдарды қалыпты
жағдайға дейін емдеп, бірінші звеноға дейін жеткізуі тиіс. Ары қарай
науқасты күндізгі стационарға ауыстырады. Бұл көбінесе, науқастарға жатын
орындарының жеткілікті болуы үшін, жатын орындарының айналымдылығын
қамтамасыз ету үшін жасалады. Аурухананың жатын орындарын қолдану
тиімділігі 5-кестеде көрсетілген.
Кесте 5 – Аурухананың жатын орындарын қолдану тиімділігі
Көрсеткіштер Абсолютті саны Ауытқуы
2008 2009 +,- %
Жатын орындар саны 240 240 0 100
Жатын орындардың бір жылдағы қолданылуы 364,7 349,7 -15 95,9
(рет)
Жатын орындардың айналымдылығы 44,9 44,5 0,4 99,1
Бір науқастың жатын орынды орташа қолдану8,1 7,9 0,2 97,5
уақыты, күн

Кесте мәліметтеріне сәйкес, жатын орындар саны 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда өзгермеген, яғни 240 кереуетті құрайды. Жатын орындардың бір
жылдағы қолданылуы есепті кезеңде алдыңғы кезеңге қарағанда 15 ретке немесе
4,1 %-ға азайған. Есесіне, бір науқастың жатын орынды орташа қолдану
уақыты 0,2 күнге немесе 2,5 %-ға кеміген. Жатын орындарының айналымдылығы
жатын орындарының бір жылдағы қолданылу санын бір науқастың жатын орынды
ортша қолдану уақытына қатынасы ретінде анықталады. Кестеде көрсетілгендей,
бұл көрсеткіш есепті жылы алдыңғы жылмен салыстырғанда 0,4-ке немесе 1,9 %-
ға кеміген.
Болашақта жатын орындардың қолдану тиімділігін арттыра түсу үшін
диагностика мен емдеуге қатаң стандарттар бекіту қажет. Мысалы, дамыған
мемлекеттерде интенсивті диагностиканы қабылдау бөлімдерінде жүзеге
асырады. Осының есебінен тек жатын орындардың жетік болуын ғана емес, емдеу
процесінің жеделдетілуі орын алады.
Аурухана қызметінің ресурстармен жабдықталуын талдау кезінде, тек жалпы
жатын орындармен ғана емес, оның ішінде негізгі науқас түрлері бойынша
қамтамасыз етілу деңгейін талдаудың маңызы зор. Себебі осы талдау
қорытындылары жатын орындарының қай бөлімде сұранысы көп екендігін
анықтауға, жатын орындарының жетіспей қалу тәуекелі деңгейінің қай бөлімде
жоғарырақ екендігін білуге көмектеседі. Тұрғындардың негізгі науқас түрлері
бойынша жатын орындарымен қамтамсыз етілу деңгейі 6-кестеде көрсетілген.
Кесте 6 – Тұрғындардың негізгі науқас түрлері бойынша жатын орындармен
қамтамасыз етілуі
Көрсеткіштер Абсолюттік Ауытқуы 10 000 Ауытқуы
саны тұрғынға
шаққанда
2008 2009 +,- % 2008 2009 +,- %
Терапия профилі бойынша46 60 14 130,4 1,7 1,7 0 100
Хирургиялық профиль 64 64 0 100 3,0 3,0 0 100
бойынша
Жүкті және босанатын 44 48 4 109 1,7 2,6 0,9 152,9
әйелдерге арналған
жатын орындар
Гинекологиялық аурулар 16 0 -16 0 1,0 0,0 -1 0
бойынша
Балаларға арналған 55 68 13 123,6 1,7 2,6 0,9 152,9
барлық профильдер
бойынша
Инфекциялық аурулар 15 0 -15 0 1,0 0,0 -1 0
бойынша
Неврологиялық аурулар 0 0 0 0 0,0 0,0 0 0

Жоғарыдағы кесте мәліметтеріне сәйкес, терапия профилі бойынша жатын
орындардың санының 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 14 орынға немесе
30,4 %-ға артуы байқалады. Бұл осы профиль бойынша жатын орындарына
сұраныстың ұлғаюына байланысты аурухана басшылығымен жүзеге асырылған.
Сұраныс тұрғындар санының өсуінің әсерінен болғандықтан тұрғындардың бұл
профиль бойынша жатын орындарымен қамтамсыз етілу деңгейі өзгермеген. Атап
айтқанда, он мың тұрғынға шаққанда 1,7 жатын орнынан келеді. Хирургиялық
профиль бойынша жатын орындар саны өзгрмеген, яғни 64 орын болған. Жүкті
және босанатын әйелдерге арналған жатын орындар саны 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда 4 орынға, яғни 9 %-ға ұлғайған. Ал тұрғындардың осы профиль
бойынша жатын орындарымен қамтамасыз етілу деңгейі 52,9 %-ға ұлғайған.
Есесіне, гинекологиялық аурулар бойынша 2008 жылы 16 жатын орындар болса,
2009 жылы бұл профильде жатын орындар мүлдем қарастырылмаған. Бұл Талғар
ауданының тұрғындары үшін гинекологиялық аурулардан айғу үшін ауруханаға
жатуы керек болған жағдауда, облыстық ауруханаға келіп емделуін меңзейді.
Ал балаларға арналған барлық профильдер бойынша 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда 13 жатын орынға немесе 23,6 %-ға көбейген. Инфекциялық
аурулар бойынша 2008 жылы 15 жатын орын болса, 2009 жылы бұл профильде
жатын орындары мүлдем тіркелмеген. Ал неврологиялық аурулар бойынша жатын
орындары есепті жылы да, алдыңғы жылы да қарастырылмаған.
Қорыта келгенде, аурухананың науқастарға арналған жатын орындарымен
қамтамасыз етілу деңгейінің төмендігіне қарамастан, оны тиімді қолданады
деп айтуға болады. Бірақ олардың айналымдылығын арттыруға болады. Атап
айтқанда интенсивті терапияларды қолдану арқылы екі апта ауруханада жатып
емделетін науқастарды екі күнде емдеуге болады. Бұл еңбек өнімділігн
арттыруға, жатын орындардың жетіпеушілігін төмендетуге көмектесетін еді.
Ескере кететін жағдай, аталған интенсивті терапиялар тек жаңа инновациялық
құрылғылармен ғана жүзеге асырылады, ал оларды иемдену біраз қаражат
көлемін қажет етеді.
3 Талғар қаласы Орталық аудандық аурухана РҚКК-дағы персоналды басқару
ерекшеліктері
3.1 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау
Қазақстандағы денсаулық саласындағы реформалау жағдайларында емдеу-
профилактикалық мекемелердің әлеуметтік-экономикалық қызметінің тиімділігін
арттыруға мүмкіндік беретін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz