«Казиндустрия» ЖШС



Мазмұны

Бет
Кіріспе
3
1. «Казиндустрия» ЖШС.нің жалпы сипаттамасы 4

2. «Казиндустрия» ЖШС шаруашылық және қаржылық қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау 11
2.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау 11
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 15

3. Ұйымдағы басқару процесіне баға беру 19

4. «Казиндустрия» ЖШС персоналды басқару 27
4.1 Кәсіпорынның кадрлық саясатын басқару ерекшеліктері 27
4.2 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау 29
4.3 Еңбек өнімділігі мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін талдау 33

5. «Казиндустрия» ЖШС.дегі маркетингті басқару 36

Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі 41
Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі ондағы басқару әдістерінің нарықтық экономиканың даму дәрежесіне сай болуын талап етеді. Кәсіпорынды басқару әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әрқашан басты мақсатқа жетуге бағытталған икемді жүйе арқылы жүзеге асырылуы тиіс. Кәсіпорынды басқарудың міндеттері де кәсіпорын қызметін терең зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап, бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірісті ұйымдастыруда технологияны оңтайландыруды таңдау, ресурстарға деген қажеттілікті анықтау және оларды ресурстармен қамтамасыз ету, негізгі және айналым капиталдарының үлесі, өнімді іске асыру әдістері және түрлерін қолдану сияқты жағдайлармен анықталады. Бұл кәсіпорынды басқару қызметінде ішкі үйлесімділіктің әдістері мен түрлерінің сәйкестігін қолдану керектігін көрсетеді.
Басқарудың нақты функциялары кәсіпорынның мамандану түріне және оның қызметінің негізгі сфераларымен (жалпы басқару, қаржылық басқару, өндіріс, ғылыми-зерттеу конструкторлық жұмыстар, маркетинг) тығыз байланысты. Кәсіпорынды жалпы басқару оның қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, персоналын басқару, қызмет нәтижелерін бақылау, есепке алу және талдаудан тұрады. Аталған іс-шаралар тәжірибе орнында толық қарастырылып, тәжірибелік есеп мазмұнында көрініс тапты.
Берілген өндірістік тәжірибе есебінің мақсаты менеджменттегі тиімді басқару жүйесін зерттеу, сондай-ақ, кәсіпорынның барлық құрылымдық бөлімшелерінің қызмет ету тиімділігін және кәсіпорынның еңбек ресурстарын пайдалану деңгейін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
­ Кәсіпорынның мақсаты, міндеті және ұйымдық құрылымымен танысу;
­ Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау;
­ Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;
­ Кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Есептің бірінші бөлімінде өндірістік тәжірибе орнының жалпы сипаты берілсе, екінші бөлімде оның қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштеріне, өндірістік-қаржылық жағдайына талдау жүргізілген, талдау нәтижесінде анықталған олқылықтардың себептері көрсетіліп, оларды жою бойынша ұсыныстар жасалған. Келесі бөлімде ұйымдағы басқару процесі, оның ерекшеліктері сипатталып, оларға баға берілген, төртінші және бесінші бөлімде сәйкесінше ұйымдағы персоналды басқару және маркетинг қызметтеріне талдау жүргізіп, құрылымдық бөлімшелер қызметінің кәсіпорынның табыстылығына әсері анықталған және олардың қызметін жақсарту бойынша іс-шаралар жиыны ұсынылған.
1. Бигель Дж. Управление производством. Количественный подход. - М.: Мир, 2004.
2. Брасс А.А. Основы менеджмента. — Мн.: Экоперспектива, 2004.
3. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. 3-е изд. — М.: Гардарика, 2005.
4. Вудкок М., Фрэнсис Д. Раскрепощенный менеджер. Для руково¬дителя-практика: Пер. с англ. — М.: Дело, 2003.
5. Дитрих Я. Проектирование и конструирование: Системный подход: Пер. с польск. — М.: Мир, 2004.
6. Ермолович Л.Л.'' Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия'', БГЭУ,Мн, 2001;
7. Ильин А.И. Планирование на предприятии: Учеб. пособие: В 2 ч. Ч. 1. Стратегическое планирование. Мн.: Новое знание, 2004.
8. Киллен К. Основы управления. - М.: Экономика, 2005.
9. Кибанов А.Я., Ивановская Л.В. Стратегическое управление персоналом: Учебно-практическое пособие для студентов заочного образования. - М.: ИНФРА-М, 2004.
10. Котлер Ф. Маркетинг. Менеджмент / Пер. с англ. СПб.: Питер, 2004.
11. Кунц Г., О'Доннел С. Управление: системный и ситуационный анализ управленческих функций. — М.: Прогресс, 2003. Т. 1, 2.
12. Мескон М. X., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менедж¬мента / Пер. с англ. М.: Дело, 2005.
13. Общий и специальный менеджмент: Учебник / Общ. ред. А. Г. Гапоненко, А. П. Панкрухина. М.: Издательство РАГС, 2004.
14. Общий курс менеджмента в таблицах и графиках: Учебник для вузов/ Б.В. Прыкип, Л.В. Прыкина, Н.Д. Эриашвили, З.А. Усман; Под ред. проф. Б.В. Прыкина. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2005.
15. Основы менеджмента и маркетинга/ Под ред. Р.С. Седегова. — Мн.: Вышэйш. шк., 2005.
16. Основы управления/ Под ред. В.П. Радугина. — М.: Высш. шк., 2006. — фирма — мар¬кетинг: Пер. с англ, М.: Прогресс, 2004.
17. Савицкая Г.В.''Анализ хозяйсвенной деятельности предприятий АПК'', Новое знание, Мн, 2004,.
18. Седегов Р.С., Кабушкин Н.И., Кривцов В.Н. Управление персо¬налом. Сотрудники как фактор успеха организации. — Мн.: Тэхналопя, 2004.
19. Системы качества: Сборник нормативно-методических до¬кументов. М.: Издательство стандартов. 2004.
20. Консолидированная финансовая отчетность и Отчет независимых аудиторов за 2008, 2009 гг ТОО «Қазиндустрия»
21. Бухгалтерский баланс ТОО «Казиндустрия» за 2008 год.
22. Бухгалтерский баланс ТОО «Казиндустрия» за 2009 год.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 41 бет
Таңдаулыға:   
АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Экономика және менеджмент кафедрасы

Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы
ЕСЕБІ
(Казиндустрия ЖШС материалдары негізінде)

050507–Менеджмент мамандығы

Орындаған: 2 курс, 0108-21 тобы,
Амреев А.
_________________
(студенттің қолы)

Кафедрадағы тәжірибе Разакова Д.И., э.ғ.к.,
жетекшісі ____________________доцент
_
(жетекшінің қолы)

Кәсіпорындағы тәжірибе
жетекшісі ____________________
_
(жетекшінің қолы)


Алматы, 2010
Мазмұны
Бет
Кіріспе 3
Казиндустрия ЖШС-нің жалпы сипаттамасы 4

Казиндустрия ЖШС шаруашылық және қаржылық қызметінің негізгі 11
көрсеткіштерін талдау
2.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау 11
2.2 Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау 15

Ұйымдағы басқару процесіне баға беру 19

Казиндустрия ЖШС персоналды басқару 27
4.1 Кәсіпорынның кадрлық саясатын басқару ерекшеліктері 27
4.2 Кәсіпорынның еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуін талдау 29
4.3 Еңбек өнімділігі мен еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін 33
талдау

Казиндустрия ЖШС-дегі маркетингті басқару 36

Қорытынды 39

Қолданылған әдебиеттер тізімі 41

Кіріспе

Кәсіпорынның тиімді қызмет етуі ондағы басқару әдістерінің нарықтық
экономиканың даму дәрежесіне сай болуын талап етеді. Кәсіпорынды
басқару әрбір нақты кезеңнің ерекшеліктерін ескере отырып, әрқашан
басты мақсатқа жетуге бағытталған икемді жүйе арқылы жүзеге асырылуы
тиіс. Кәсіпорынды басқарудың міндеттері де кәсіпорын қызметін терең
зерттеудің негізінде өндірістің одан әрі даму тенденциясын анықтап,
бұл дамуды шапшаңдату үшін өндіріске әсер етудің сол кезең үшін
аса маңызды экономикалық тұтқаларын пайдалану болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің тиімділігі өндірісті ұйымдастыруда технологияны
оңтайландыруды таңдау, ресурстарға деген қажеттілікті анықтау және оларды
ресурстармен қамтамасыз ету, негізгі және айналым капиталдарының үлесі,
өнімді іске асыру әдістері және түрлерін қолдану сияқты жағдайлармен
анықталады. Бұл кәсіпорынды басқару қызметінде ішкі үйлесімділіктің
әдістері мен түрлерінің сәйкестігін қолдану керектігін көрсетеді.
Басқарудың нақты функциялары кәсіпорынның мамандану түріне және оның
қызметінің негізгі сфераларымен (жалпы басқару, қаржылық басқару, өндіріс,
ғылыми-зерттеу конструкторлық жұмыстар, маркетинг) тығыз байланысты.
Кәсіпорынды жалпы басқару оның қызметін ұйымдастыру, жоспарлау, персоналын
басқару, қызмет нәтижелерін бақылау, есепке алу және талдаудан тұрады.
Аталған іс-шаралар тәжірибе орнында толық қарастырылып, тәжірибелік есеп
мазмұнында көрініс тапты.
Берілген өндірістік тәжірибе есебінің мақсаты менеджменттегі тиімді
басқару жүйесін зерттеу, сондай-ақ, кәсіпорынның барлық құрылымдық
бөлімшелерінің қызмет ету тиімділігін және кәсіпорынның еңбек ресурстарын
пайдалану деңгейін талдау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
­ Кәсіпорынның мақсаты, міндеті және ұйымдық құрылымымен танысу;
­ Кәсіпорын қызметінің негізгі көрсеткіштерін талдау;
­ Кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінің қызметін талдау;
­ Кәсіпорын қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау.
Есептің бірінші бөлімінде өндірістік тәжірибе орнының жалпы сипаты
берілсе, екінші бөлімде оның қызметінің негізгі экономикалық
көрсеткіштеріне, өндірістік-қаржылық жағдайына талдау жүргізілген, талдау
нәтижесінде анықталған олқылықтардың себептері көрсетіліп, оларды жою
бойынша ұсыныстар жасалған. Келесі бөлімде ұйымдағы басқару процесі, оның
ерекшеліктері сипатталып, оларға баға берілген, төртінші және бесінші
бөлімде сәйкесінше ұйымдағы персоналды басқару және маркетинг қызметтеріне
талдау жүргізіп, құрылымдық бөлімшелер қызметінің кәсіпорынның
табыстылығына әсері анықталған және олардың қызметін жақсарту бойынша іс-
шаралар жиыны ұсынылған.
Өндірістік тәжірибе орны болып Казиндустрия ЖШС қызметі табылады.
1. Казиндустрия ЖШС-нің жалпы сипаттамасы

Казиндустрия жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Серіктестік) 2004
жылдың 27 қаңтарында қатысушының қаражаттарын біріктіру арқылы олардын
мүдделері үшін олардын қуаттарын пайдаланудың тиімділігін көтеру үшін
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің, ҚР 22.04.98ж.
“Жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестер
туралы” Заңының, Қазақстан Республикасының 31.01,2006ж. №124-ІІІ “Жеке
кәсіпкерлік туралы” Заңының негізінде құрылған.
Негізінен, кәсіпорын Ресей, ТМД және Балтық елдерінен тасымалдаумен
шұғылданады. Сонымен қоса, ол Қытайдан ТМД елдері арқылы Ауғанстан еліне,
Қытайдан Ақтау порты арқылы Еуропаға жүк тасымалдауды жүзеге асырады.
Кәсіпорынның Ақтау, Одесса қалаларының порттарымен жасасқан мәмілелері бар.
Сонымен қатар, кәсіпорын автотранспорттық тасымалдаумен де айналысады.
Кәсіпорынның мақсаты – өз клиентіне экспедиторлық қызметтердің кең спектрін
ұсыну.
Заңды мекен жайы - Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, 040800,
Қапшағай қаласы, Железнодорожная к-сі, 44-үй.
Меншікті түрі – жеке меншік.
Серіктестің қатысушысы Бекдник Елена Константиновна Қазақстан
Республикасының азаматы болып табылады. Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес Серіктестік Шағын кәсіпкерліктін тұлғасы болып табылады.
Серіктестік пен Қатысушы арасындағы қарым-қатынастар адалық, заңдылық,
Қатысушылардың тендігін мойындау, Қатысушының зандық мудделерін сақтау, өз
еркін білдіру, жариялылық қағидаттарында құрылады.
Серіктестік табыстар алу және оның Қатысушысын тұрақты табыстармен
қамтамасыз ету мақсатында құрылды.
ҚР заңдарына сәйкес Серіктестік келесі қызмет келесі түрлерін жүзеге
асыруға құқылы:
1. Қара және түсті металдардын суймендерін, қалдықтарын өндеу және сату;
2. Сату орындары арқылы өндіріс тауарларын, азық түлік тауарларын, халық
тұтынатын тауарларын, кенселік тауарларын, құрлыс заттарын,
автобөлшектер, жиһаздар және т.б. өнімдерді көтерме және бөлшек сауда
арқылы сату (акциздік тауарлардан басқа);
3. Құрылыс жұмыстарын жүргізу, оның ішінде жобалау, құрлыс-монтаж, жөндеу-
құрылыс, безендіру және басқа құрылыс материалдарын өндіру және сату
(акциздік тауарлар өндірісінен тыс);
4. Көліктік-экспедициялық қызмет көрсету, табиғи монополиялар саласына
қатысты түрлерді қоспағанда, көліктің барлық түрлерімен жүкті және
жолаушыларды тасымалдау;
5. Кафе, бар, ресторан, дүкендерді ашу
6. ЭЕМ-ға арналған программалық құралдарын өндеу және сату;
7. Кеден мәмілері мен визалар іс-қағаздарын хаттау;
8. Жарнама –хабар қызметі;
9. Қосымша шикі заттармен өнеркәсіптік қалдықтарын дайындау және өндеу
(акциздік тауарлар өндірісінен тыс);
10. Көтерме, бөлшек және коммиссиялық саудалар ұйымдастыру (акциздік
тауарлар өндірісінен тыс);
11. Сауда – делдалдық қызмет (акциздік тауарлар өндірісінен тыс);
12. Сыртқы экономикалық қызмет;
13. ҚР заңдарымен тыйым салынбаған қызметтің барлыө түрлері;
Серіктестіктің есірткі, психотропты заттардың және прекурсорлардың
айналымына байланысты қызметті; акцизделетін өнімді өндіруді және сатуды,
нан қабылдау орындарында астықты сақтау бойынша қызметті, лотореялар
жүргізуді; ойын-сауық және шоу-бизнес саласындағы қызметті; сертификаттау,
өлшеу және сапаны басқару саласындағы қызметті; мұнайды, мұнай өнімдерін,
газды, электр және жылу қуатын шығару, өңдеу және сату бойынша қызметті;
радиоактивті материалдардың айналымына байланысты қызметті; банк қызметін
(әлде банк операцияларының жекеленген түрлерін) және сақтандыру нарығындағы
қызметті (сақтандыру агентінің қызметінен басқа); аудиторлық қызметті;
құнды қағаздар нарығындағы кәсіби қызметті іске асыруға құқығы жоқ.
Серіктестіктің қызметік ұйымдастыру үшін қатысушымен ақшалай айқындама
500 000 (бес жүз мың) теңге мөлшерінде жарғылық капитал қалыптастырылады.
Тіркеу сәтінде серіктестіктің жарғылық капиталы оның қатысушымен 100%
мөлшерінде бірден енгізілген. Серіктестіктің жарғылық капиталының азына
оның барлық несие берушілерін хабардар еткенінен кейін ғана рұқсат етіледі.
Соңғылар бұл жағдайда осыған сәйкес міндеттемелерді мерзімнен бұрын
тоқтатуды немесе орындауды және олардың шығындарын етуді талап етуге
құқықты. Серіктестіктің қатысушы жарғылы капитал салымының өз үлесі немесе
оның бөлігін кез-келген мүдделі адамдарға сатуға немесе басқа тәсілде
беруге құқылы.
Серіктестік оны мемлекеттік сәттен тіркелген сәттен бастап заңды тұлға
мәртебесіне ие болады. Ол оқшау бүлкіне ие және осы бүлкімен өз
міндеттемелері бойынша жауап береді, өз атынан мәмілелер жасауы,
серіктестіктің қызметіне байланысты басқа құқықтық әрекеттерді жасауы,
заңды тұлға міндеттерін орындауы, сотта талапкер және жауапкер болуы
мүмкін. Серіктестіктің дербес балансы, өз атауымен дөңгелек мөрі, банктерде
шоттары, фирмалық бланктері, фирмалық және немесе тауар белгісі болады.
Серіктестіктің Республиканың аумағындай, одан тысқары жерлерде де
филиалдары және өкілдері, сондай-ақ, басқа құрылымдық бөлімшелер құруға
құқылы. Серіктестік ҚР аумағында, одан тысқары жерлерде де басқа заңды
тұлғалардың, соның ішінде шетелдік қатысушысы болуы мүмкін. Серіктестік
Қазақстанда, одан тысқары жерлерде де әр түрлі жылжымалы және жылжымайтын
мүліктерді салуға, сатып алуға, жалға алуға, иеліктен айыруға құқылы.
Серіктестік семинарлар, симпозиумда өткізуі, банктер мен фирмалардың
несиелерін, инвестицияларын, соның ішінде шетелдік, тарту жолымен қаржы
қаражаттарды таратуға құқылы.
Қатысушының құқықтары мен міндеттері
Серіктестіктің қатысушысының ҚР заңдарына сәйкес келесі құқықтары
болады.
­ Серіктестікті басқаруға қатысуға, серіктестіктің таза табыстарын бөлуге.
­ Серіктестіктің қызметі туралы толық ақпараттарды алуға.
­ Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес тиесілі табыстарды алуға.
­ Қолданыстағы заңынамады және серіктестіктің жарғысында көзделген
өздерінің құқықтарын бұзатын серіктестіктің органдарының шешімдерін сот
тәртібінде дауалау.
­ Қатысушы оған тиесілі серіктестіктке қатысуын сатуға, сиға тартуға
немесе басқа түрде иелліктен айыруға құқықты қатысушының өлген
жағдайда, серіктестіктің құқықты мирасқорлары өсиеті көрсетілген
адамдар, ал оның (өсиеттің) жоқтығында – ҚР заңдарына сәйкес
мұрагерлері болып табылады.
­ Серіктестіктің қатысушы қолданылып жүрген заңдарға қайшы келмейтін басқа
да құқықтары болады.
Серіктестіктің қатысушы ҚР заңдарына сәйкес мыналарға міндетті.
­ Серіктестіктің құрылтай құжаттарын сақтауға.
­ Серіктестіктің қызметіне қатысуға.
­ Атқарушы органға, сондай-ақ серіктестіктің қатысушының тізілімі
жүргізілетін жағдайда тіркеушіге серіктестіктің қатысушының құрамына
туралы мәліметтерлдің өзгергені туралы, олардың атауының, орналасқан
жерінің, мекен-жайының, банктік деректемелерінің (егер қатысушы заңды
тұлға болып табылса) немесе атының, тұрғылықты жерінің және жеке басын
куәландыратын құжатының деректерініің (егер қатысушы жеке тұлға болып
табылса) өзгергені туралы жазбаша хабарлау.
Қатысушылардың өзге де құқықтары бар болуы және олар ҚР заңнамасымн
және серіктестіктің құрылтай құжаттарымен көзделген өзге де міндеттерді
көтеруі мүмкін.
Серіктестіктің мүлкін негізгі қорлары және айналым қаражаттары, сондай-
ақ құнадары серіктестіктің балансында айқындалатын және серіктестіктің жеке
меншігіне тиесілі басқа мүліктері құрайды.
Мүліктердің қалыптасуы болып табылатындар:
- оның қызметінен алынған табыстар
- заң актілерімен тиым салынбаған басқа құралу көздері.
Серіктестіктің таза табысы қатысушының шешімімен бөлінеді.
Серіктестік резервтік капитал құрады. Серіктестікке қажеттігінде басқа
қорлар құрылуы мүмкін. Серіктестіктің мөлшері, тәртібі, құралуы көздері
және қаражаттарды жұмсау серіктестіктің қатысушысымен анықталады.
Серіктестіктің болуы мүмкін шығындары резервті капиталдардың есебінен
өтеледі. Шығындарлды өтеу үлшін резервті капиталдың қаражаттарының
жеткіліксіздігінде, оларды өтеу көздері туралы шешім қатысушысымен, немесе
ҚР заңдарының негізінде және оларға сәйкес сот шешімімен қабылданады.
Серіктестіктің жоғарғы басқару органы оның қатысушы немесе сенім хаттың
негізінде әрекет жасаушы, онмен тағайындалатын өкіл болып табылады.
Қатысушы кез-келген уақытта ауыстыруға құқықты.
Қатысушының айырықша құзыретіне қатыстылар:
1) Серіктестіктің жарғысын өзгерту, соның ішінде оның жарғылық
капиталының мөлшерін, тұрған орны мен фирмалық атауын өзгерту, немесе
серіктестіктің жаңа редакциядағы жарғысын бекіту;
2) Серіктестіктің атқару органын құру және оның өкілеттерін мерзімінен
бұрын тоқтату, сондай-ақ серіктестікті немесе оның мүлкін сенім
басқарылуына беру туралы шешім қабылдау және осындай берулердің шарттарын
анықтау.
3) Серіктестіктің байқау кеңесін және тексеру комиссиясын сайлау және
өкілеттіктерін мерзімінен бұрын тоқтату, сондай-ақ тексеру комиссиясының
есептері мен қорытындыларын бекіту.
4) Жылдық есеп берушілігін бекіту және оның таза табысын бөлу.
5) Ішкі ережелерді, оларды қабылдау рәсімдерін және оларды бекіту
серіктестіктің жарғысымен серіктестіктің өзге органдарының құзыретіне
жатқызылған серіктестіктің ішкі қызметін реттейтін басқа да құжаттарды
бекіту.
6) Серіктестіктің басқа шаруашылық серіктестіктерінде, сондай-ақ
комерциялы емес ұйымдарда қатысуы туралы шешім қабылдау.
7) Серіктестіктің қайта құру немесе тарату туралы шешім қабылдау.
8) Тарату комиссиясын тағайындау және тарату балансын бекіту
9) Бірауызды қабылданатын серіктестіктің барлық мүлкін кепілге салу
туралы шешім қабылдау.
10) ҚР Жауапкершілікті тағайындау және қосымша жауапкершілігі бар
серіктестіктер туралы заңының 39 бабына сәйкес, серіктестіктің мүлкіне
қосымша жарналар туралы шешім қабылдау.
11) Серіктестіктің қатысушыларына және үлестерді сатып алушыларғы
серіктестіктің қызметі туралы ақпаратты берудің тәртібі мен мерзімдерін
бекіту.
Қатысушының айырықша құзыретіне қатысты сұрақтар Серіктестіктің атқару
органның шешіміне берілмейді.
Қатысушының құзыретіне қатысты емес серіктестіктің қызметінің ағымдағы
барлық сұрақтарын шешетін, қатысушысымен тағайындалатын және оған есепті
серіктестіктің деректорын басшылығындағы дерекция серіктестіктің атқару
органы болып табылады.
Бас директор серіктестіктің мүдделерін білдіреді, серіктестіктің
мүлкіне және қаражаттарына иелік етеді, шарттар, соның ішінде еңбек
қызметіне байланысты басқа құқықты әрекетті жасайды, штат кестесін
бекітеді, серіктестіктің барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылатын
бұйрықтар, өкімдер шығарады, нұсқаулар береді.
Серіктестік атқару органның мүшелеріне келесі әрекеттерді жүзеге
асыруға тиым салынады:
а) қатысушының келісімінсіз одан мүлікті пайдалануға алуға бағытталған
мәмілерді серіктестікпен жасауға;
б) серіктестіктің үшінші тұлғалармен жасалған мәмілілері үшін
серіктестіктің өзінен сияқты, үшінші тұлғалардан да коммиссиялық сыйақылар
алуға;
в) серіктестіктің қызметі мен бәскелес кәсіпкерлік қызметті жүзеге
асыруға.
Тексеру коммиссиясы қатысушымен құралады және тақ санды, бірақ үш
адамнан кем емес адамдарлдан тұрады. Серіктестіктің және лауазымды
адамдарының қызметіне бақылау жасауды қатысушымен құралатын тексеру
коммиссиясы жүзеге асырады. Тексеру коммиссиясы өз тексерулеріне қатысты
тапсырмасы бойынша, жарғымен көзделген басқа жүзеге асырылады. Тексеру
коммиссиясы серіктестіктің мүдделеріне пайда болатын немесе пайда болған
қауіптер туралы қатысушыны хабардар етуге міндетті. Тексеру коммиссиясы
тексеру кезінде серіктестіктің қызметі туралы кез-келген ақпаратты алуға
құқылы. Тексеру коммиссиясына серіктестіктің лауазымды және материалдық
жауапкершілікті адамдар кірмейді. Серіктестік өз қаржы шаруашылық қызметіне
тыс тексерулерді өз бастамасы бойынша, бір жылда бір реттен кем емес,
немесе қатысушының талабы бойынша жүргізуге міндетті.
Серіктестік өз қызметін толық шаруашылық есеп, өзін-өзі қаржыландыру
және өзін-өзі өтеу негізінде жүзеге асырады. Серіктестік жасалған
шарттардың негізінде өз қызметін дербес жоспарлайды және даму келешегін
анықтайды. Серіктестік өнімдері (жұмыстары, қызмет көрсетулері) дербес
немесе шартты негізде, ал ҚР заңдарымен көзделген жағдайда, мемлекеттік
бағалар бойынша сатылады. Серіктестіктің қаржы ресурстарының құралу көздері
табыстар, амортизациялық аударулар, қатысушының салымдары, сондай-ақ басқа
заңды түсімдер болып табылады. Серіктестік ҚР заңдарына сәйкес салық
төлейді.
Серіктестіктің қызметіне еңбек шарттарының немесе еңбек қарым-
қатынастарын реттейтін басқа нысандардың негізінде өзінің жеке еңбегімен
қатысатын адамдар еңбек ұжымының мөлшері болып табылады.
Бас директор ҚР еңбек заңдарына сәйкес серіктестіктің еңбекті
ұйымдастыруына байланысты барлық сұрақтарын шешеді.
Қызметкерлердің еңбек ақысының нысаны, мөлшері, сондай-ақ табыстардың
басқа түрлері серіктестіктің бас директорымен белгіленеді.
Жұмыс тәртібі ҚР еңбек заңдарымен реттеледі.
Серіктестіктің шаруашылық және қаржылық қызметіне тексеру жүргізу
қаржылық органдармен, аудиторлық қызметтермен, ал қажеттігінде – тек қана
олардың құзыреттерінің шеңберінде – мемлекеттік органдармен жүзеге
асырылады.
Бас директор қатысушыға немесе оның үкіліне табыстар мен шығындар
туралы баланстар мен есептерді түсініктемелермен қоса серіктестіктің
қаржылық және экономикалық жағдайды туралы есептерді беруге міндетті.
Шұғыл бухгалтерлік есепке алу және есеп беру ұлттық валютада Республика
қолданып жүрген бухгалтерлік және статистикалық есепке алу және есепке беру
сұрақтарын реттейтін нормативті құжаттарға сәйкес жүзеге асырады.
Серіктестіктің коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтердің құрамы және
ауқымы, оларды қорғау тәртібі бас деректордың ұсыным бойынша қатысушымен
анықталады.
Серіктестіктің коммерциялық құпиясын құрайтын мәліметтерді жария
еткені, осындай мәліметтердің тәртібін қорғауды бұзғаны үшін жауапкершілік
ҚР заңымен және Қатысушымен белгіленеді.
Серіктестіктің Республиканың және шетелдік заңды тұлғалармен және
азаматтармен даулары ҚР заңдарына сәйкес қаралады.
Серіктестіктің қызметтің тоқтатылуы оны тарату немесе қайта құру (қосу,
біріктіру, бөлі, бөліп шығару, қайта құру) жолымен қатысушының шешімі
бойынша, немесе ҚР заңдармен көзделген басқа негіздері бойынша жүргізіледі.

Серіктестіктің қайта құрылған жағдайда Серіктестіктің құқықтары мен
міндеттемелері ҚР заңдарына сәйкес оның құқықтық мирасқорларына ауысады.
Серіктестіктің таратылған жағдайында мемлекеттік бюджеттің,
серіктестіктің қызметкерлеріне еңбек ақы төленгеннен, несие берушілермен
есеп айырылысқаннан қалған оның бар ақшалары оның мүлкін сатқаннан түске
түсімдермен қоса тарату коммерциясының қатысушыға беріледі. Қатысушы мен
Серіктестікке пайдалануға берілген мүлік заттай түрде қайтарылады.
Тарату коммиссиясының құралу тәртібі және кері шақырылып алуы,
құзыретті және қызметті ҚР заңдармен реттеледі. Серіктестіктің таратылуы
және қайта құрылуы ҚР заңдармен көзделген тәртіпте және негізде
жүргізіледі. Осы туралы жазуды заңды тұлғалардың мемлекеттік регистріне
енгізген сәттен бастап Серіктестіктің таралуы аяқталған, ал Серіктестік өз
қызметін тоқтатқан болып есептеледі.
Көліктік-экспедиторлық қызметтер нарығындағы 5 жылдық тәжірибесінде
кәсіпорын бірқатар жетістіктерге жетті. Атап айтқанда, кәсіпорын Ресей,
Өзбекстан және Түрікменстан сияқты мемлекеттерде өзінің өкілдіктерін ашты.
Кәсіпорын мұнымен ғана шектеліп қоймай, қытай компанияларымен тығыз қарым-
қатынаста болғандықтан, Қытайдан да өз өкілдігін ашты. Осы уақыт ішінде
кәсіпорын жеткілікті деңгейдегі клиенттерін тапты және көліктік-
экспедиторлық қызметтер нарығындағы орнын бекітті.
Кәсіпорын жұмыс істеген сәттен бастап, оның негізгі клиенттері ауғандық
компаниялар мен кәсіпкерлер болды. Сондықтан кәсіпорынға Ауғанстанға
тасымалдауды ұйымдастыруға тура келді. Бұл елге көбінесі металл, металл
бұйымдарын, пиломатериалдар, мұнай өнімдерін, дақылдар, құрылыс
материалдарын тасиды. Ауғанстанда кәсіпорын Тургунды и Хайратон порттарымен
жұмыс істейді.
Кәсіпорын жұмыс істеу барысында экспедиторлау орнына байланысты
тасымалдаудың кез-келген аралас түрін қолданады (автомобиль, темір жол,
теңіз арқылы тасымалдау).
2. Казиндустрия ЖШС шаруашылық және қаржылық қызметінің негізгі
көрсеткіштерін талдау
2.1 Кәсіпорын қызметінің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық
қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен,
басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастарымен, төлем
қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Табыстарды,
шығындарды және басқа да қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның
қаржылық есебінің (бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп,
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп), салықтық және статистикалық
есептердің және басқа да құжаттардың негізінде жүргізілген.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін ең алдымен оның техникалық
– экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау қажет. Талдаудың ақпараттық
негіздері болып Бухгалтерлік баланс, Табыстар мен шығындар туралы есеп,
өндірістік жоспарлар табылады.

1 кесте - Казиндустрия ЖШС-нің негізгі экономикалық көрсеткіштері

№ Негізгі көрсеткіштер өлшем 2008 жыл 2009 жыл Ауытқулар
бірлігі
( +;-) %
Қызмет көрсетуден мың.тг 480539 1042724 562185 216,9
түскен түсім
Қызметтердің өзіндік мың.тг 409833 800107 390274 195,2
құны
Жалпы табыс мың.тг 70706 242617 171911 343,1
Кезең шығындары мың.тг 97901 681657 583756 696,3
Негізгі қызметтен мың.тг 27195 439040 411845 1614,4
түскен табыс
Негізгі емес мың.тг 1847 144625 142778 7830,3
қызметтен түскен
табыс
Салық салғанға мың.тг 25348 294415 269067 1161,5
дейінгі жиынтық табыс
Таза табыс мың.тг 17743,6 235532 217788,4 1327,4
Негізгі құралдардың мың тг. 1491602 940813 -550789 63,1
орт. жылдық құны
Айналым құрал-ң орт. мың тг. 1367939,9 862819,3 505120,6 63,07
Жылдық құны
Өндіріс % 0,62 13,05 12,43 -
рентабельділігі
8(9+10)
Сату рентабельділігі % 14,71 23,26 8,55 -
(31)
Өнім рентабельділігі % 3,49 15,89 12,4 -
8(2+4)
Жұмысшылар саны Адам 87 244 157 280,5

1 кесте жалғасы
1 жұмысшының еңбек мың.тг 5523,4 4273,5 -1249,9 77,4
өнімділігі
Жұмысшылардың еңбек мың.тг 43371,4 112964,6 69593,2 260,5
ақы қоры
1 жұмысшының орташа Тг 41543,5 38580,8 -2962,7 92,9
айлық жалақысы
Қор қайтарымдылығы тг. 0,32 1,11 0,79 346,9
(19)
Қор сыйымдылығы (91)тг. 3,10 0,90 -2,2 29,0
Қормен қарулану мың тг. 17144,8 3855,8 -13289 22,5
(914)

Табыстылықтың бірінші абсолютті көрсеткіші өнімді қызмет көрсетуден
түскен табыс болып табылады. Ол қаржы – шаруашылық қызметінің нәтижесі
туралы есепте қосымша құн салығы, акциздер және т.с.с. салықтар мен
міндетті төлемдер, сондай-ақ қайтарылған тауарлардың құны, сату шегерімдері
алынып тасталып көрсетіледі.
Кестеде кәсіпорынның өнімді қызмет көрсетуден түсетін табыс көлемін
562185 мың теңгеге өскенің көрсетілген. Тасымалдау қызметінен түскен табыс
2008 жылы 480539 мың теңгені құраса, 2009 жылы бұл көрсеткіш 1042724 мың
теңгені құрады, яғни бұл көрсеткіш 116,9 пайызға өскен.
Екінші көрсеткіш - қызметтің өзіндік құны кәсіпорын жұмысының қалай
жүріп жатқанын сипаттайды. Бұл көрсеткіш арқылы кәсіпорынның қаржылық
жұмысын, өндіріс жұмыстарының кеңдігін, шаруашылық субъекті деңгейін
көтеруге болады. Көрсетілген жағдайда ол 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда 390274 мың теңгеге немесе 95,2 %-ға өскен.
Табыстылықтың үшінші абсолютті көрсеткіші – жалпы табыс. Ол қызметті
сатудың қаржылық нәтижесін білдіреді және негізгі қызмет нәтижесінде қызмет
көрсетуден түскен табыс пен көрсетілген қызметтің өндірістік өзіндік құны
арасындағы айырма ретінде анықталады.
Жалпы табысқа әсер ететін маңызды фактор өндірістік өзіндік құн,
сондықтан оның төмендеуі оның көлеміне көп әсерін тигізеді.
Кәсіпорын табысы бағаның өсуі есебінен жоғарғы қарқынмен өседі. Бағаның
өсуі өзінше теріс фактор болып табылмайды. Егер өнімге деген сұраныстың
өсуі мен шығарылатын өнімнің технико-экономикалық параметрлерінің және
тұтынушылық қасиетінің жақсаруымен байланысты болса, онда ол дәлелді
болады.
Аталған факторлардың жалпы табысқа әсерін анықтау үшін қаржылық-
шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есептің мәліметтері бойынша кестені
талдау керек.
Жалпы табыстың көлемі 2009 жылы 242617 мың теңгені құрады, бұл жалпы
табыс көлемінің алдыңғы жылға қарағанда 171911мың теңгеге өскендігін
көрсетеді. Оған келесі факторлар әсер етеді:
1. өткізілген өнімнің өндірістік өзіндік құны;
2. өнім бірлігінің бағасы;
3. өткізілген өнімнің бағасы;
4. өткізілген өнім құрамындағы құрылымдық өзгерістер.
Төртінші көрсеткіш - кезең шығындары - көрсетілетін қызметтердің
өндірістік өзіндік құнына қосылмайтын шығындар. Олар былайша бөлінеді:
жалпы және әкімшілік шығындар, пайыздар (сыйақылар) бойынша шығындар.
Кестеден көріп тұрғанымыздай, кезең шығындары өсуде, яғни 2009 жылы 2008
жылмен салыстырғанда 583756 мың теңгеге өсіп отыр, өсу қарқыны 596,3 %
құрайды. Ол әкімшілік және пайыздық шығындардың өсуіне байланысты орын алып
отыр.
Табыстылықтың келесі көрсеткіші – негізгі қызметтен алынған (түскен)
табыс. Кестеде берілген мәліметтер бойынша негізгі қызметтен түскен
табыстардың 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 411845 мың теңгеге немесе 1514,4
%-ға өсуі байқалады.
Алтыншы көрсеткіш - негізгі емес қызметтен түскен табыс 2008 жылы 1847
мың теңге болды, 2009 жылы ол көрсеткіш 144625 мың теңгені құрап, ауытқу
шамасы 142778 мың теңгеге жоғарылады, яғни 7830,3 %-ға өсті.
Жетінші көрсеткіш - салық салғанға дейінгі табыс 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда 269067 мың теңгеге жоғарылады, бұл он есеге жоғарылады деген
сөз. Оның себебі қызметтің өзіндік құнының төмендеуі, жалпы табыстың
жоғарылауы болуы мүмкін.
Сегізінші көрсеткіш - таза табыс 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда
217788,4 мың теңгеге немесе 1227,4 %-ға жоғарылаған. Оның себебі жалпы
табыстың өсуі және салық салғанға дейінгі табыстың өсуі әсер етуі болуы
мүмкін.
Тоғызыншы көрсеткіш - негізгі құралдардың орташа жылдық құны
кәсіпорынның орналасқан жерінің, мекемесінің, тасымалдайтын
транспорттарының, машиналарының және басқа да құрылғыларының құнын қосу
арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 2008 жылмен саыстырғанда 550789
мың теңгеге, яғни 36,9 %-ға азайған.
Оныншы көрсеткіш - айналым құралдарының орташа жылдық құны 2009 жылы
алдындағы жылға қарағанда 505120,6 мың теңгеге немесе 36,03 %-ға кеміген.
Өндірістің рентабельділігі – кәсіпорын табысының қалыптасуын
сипаттайтын басты көрсеткіштің бірі болып табылады. Сондықтан да олар
қаржылық жағдайға баға беруде және салыстырмалы талдау жасауда міндетті
түрде есептеледі. Кәсіпорынға талдау жасау барасында рентабельділік
көрсеткіштері инвестициялық саясаттың және баға қалыптасудың құралы ретінде
қолданылады. Өндіріс рентабельділігі өндірістегі 1 теңгеден алынған пайданы
көрсетеді.
Кестеде қарастырылып отырған кәсіпорынның қызмет рентабельділігінің
2009 жылғы және 2008 жылғы көрсеткіштерін салыстыра отырып, оның 12,43%-ға
жоғарылағандығын байқауға болады. Оған негізгі және айналым құралдарының
орташа жылдық құнының төмендеуі, таза табыстың өсуі негіз болды. Айта кету
керек, өндіріс рентабельтілігі неғұрлым жоғарылаған сайын, өндіріс
тиімділігінің соғұрлым көтерілгендігін көрсетеді.
Он екінші көрсеткіш - сату рентабельділігінің де 2009 жылғы көрсеткіші
2008 жыл көрсеткішіне қарағанда 8,55 %-ға өсу тенденциясы байқалады. Оның
себебі өнімнің өзіндік құнының төмендеуіне байланысты жалпы табыстың өсуі
болып табылады.
Өнім рентабельділігі 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 12,4 %-ға
өскен. Оған қызметтердің өзіндік құны мен кезең шығындарының төмендеуі және
таза табыстың өсуі әсер етті.
Жұмысшылар саны 2008 жылы 87 адам болды, ал 2009 жылы 244 адамға жетті,
cөйтіп, жұмысшылар саны 157 адамға немесе 80,5 %-ға өсті. Бұл тенденция
кәсіпорынның қызмет аясы мен аумағын кеңеюімен түсіндіріледі.
Бір жұмысшының еңбек өнімділігі өндіріс қызметінің нәтижелігін
көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұл көрсеткіш бір адамның орташа жылдық
өндіру көлемін сипаттайды. Бір жұмысшының еңбек өнімділігі 2009 жылы 2008
жылмен салыстырғанда 1249,9 мың теңгеге немесе 22,6 %-ға кеміген. Аталған
соманың мардымсыз болғанына қарамастан, жұмысшылар санының көптігін ескере
отырып, кәсіпорын бұл тенденцияның себептерін анықтауы тиіс. Оған жұмысшы
күшін ұтымды пайдалана алмау, жұмысшылар санын дұрыс жоспарламау сияқты
факторлар әсер етуі мүмкін. Соңғы жағдайда кәсіпорын жұмысшылар санын
қысқарту сияқты шаралар қолдануы мүмкін.
Келесі көрсеткіш - жұмысшылардың еңбек ақы қоры 2009 жылы мен 2008
жылмен салыстырғанда 69593,2 мың теңгеге немесе 160,5 %-ға артқан. Берілген
жағдайда, бұл жұмысшылар мен қызметкерлер санының өсуімен түсіндіріледі.
Бір жұмысшының орташа айлық еңбек ақысы 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда 2962,7 мың теңгеге немесе 7,1 %-ға азайған. Бұл бір
жұмысшының еңбек өнімділігінің төмендеуіне байланысты болуы мүмкін.
Дегенмен, жалақыны өсіру немесе төмендету барлық факторлар ескеріле отырып,
тек басшылықпен ғана шешіледі.
Негізгі капиталдың пайдалану деңгейі бір жағынан қорлар құрылымын
қалыптастыруда кәсіпорынның прогрессивті технологиялық саясатты ұстануымен
анықталса, екінші жағынан қызмет көрсетуді ұйымдастырудың технологиясына
байланысты анықталады. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше
көрсеткіштер бар. Олардың арасындағы ең негізгі көрсеткіш болып қор
қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы саналады.
Қор сыйымдылығы. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және
құрал – жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық
өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін
анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы негізгі қордың орташа жылдық
құны мен өнімді өткізуден түскен табыс арасындағы қатынас ретінде
анықталады. Қор сыйымдылығы 2009 жылы мен 2008 жылмен салыстырғанда 2,2
теңгеге немесе 71,0 %-ға төмендеген. Бұл көрсеткіш неғұрлым төмендеген
сайын, соғұрлым кәсіпорынның қорларды тиімдірек қолдануын көрсетеді.
Қор қайтарымдылығы негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы
көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Қор қайтарымдылығы
өнімді өткізуден түскен түсім мен негізгі қордың орташа жылдық құны
арасындағы қатынас арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш қор сыйымдылығы
көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады, сондықтан бұл шаманы 1 санын
қор сыйымдылығы шамасына бөлу арқылы да анықтауға болады. Бұл көрсеткіш
неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорын қызметінің тиімділігі соғұрлым
жоғарылайтындығын білдіреді. Қор қайтарымдылығы 2009 жылы мен 2008 жылмен
салыстырғанда 0,79 теңгеге немесе 246,9 %-ға жоғарылады. Бұл көрсеткіштің
жоғарылауы өнімді өткізуден түсетін түсімнің жоғарылауымен, негізгі қордың
орташа құнының төмендеуімен түсіндіріледі.
Қормен қарулану негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен жұмысшылар
санының арақатынасы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 2008
жылмен салыстырғанда 13289,1 мың теңгеге немесе 77,5 %-ға кеміген.
Осылайша, кәсіпорынның экономикалық жай-күйін сипаттайтын көрсеткіштер
кәсіпорынның таза табыс табатындығын, тиімді қызмет ететінін дәлелдейді.
2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда көрсеткіштердің өсуі байқалады, бұл
кәсіпорынның қызмет көрсету көлемінің өсуімен байланысты болып отыр.
Жұмысшылар санының өсуіне байланысты бір жұмысшының еңбек өнімділігі
төмендеген, сондықтан, егер кәсіпорын өзінің қызмет аясын кеңейтуді
жоспарламаса, жұмысшылардың санын қысқартқан жөн, ал кері жағдайда,
ынталандыру шараларын белсендірек жүргізуі керек.

2.2 Казиндустрия ЖШС– нің өндірістік-қаржылық жағдайын талдау

Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
қызметті сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы
ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның
белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық
қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі
үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Әдетте, кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру
көрсеткіштеріне сүйене, ағымдық талдау жасайды. Казиндустрия ЖШС-нің
кезеңдік бухгалтерлік баланс көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, оның нақты
жағдайын көруге болады. 2 - кестеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау
жүргізілген.
Өтімділік коэффициентері кәсіпорынның төлем – қабілеттігінің негізі
болып саналады. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кәсіпорынның қысқа мерзімді
міндеттемелерін өтеу қабілеттілігін көрсетеді және оның шамасы неғұрлым
жоғары болған сайын, кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін соғұрлым
тезірек өтеу мүмкіндігін білдіреді. 2 - кесте мәліметтері бойынша 2009 жылы
2008 жылмен салыстырғанда 11,8 %-ға жоғарылаған. Бұл ақша қаражаттарының
177 % - ға өсуінің әсерінен болып отыр.

Кесте 2 – Казиндустрия ЖШС қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері

№№ 2008 2009 Aуытқуы
Көрсеткіштер атауы жыл жыл
(+\-) %
Ақша қаражаттары 6133 16990 10857 277,0
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз 8467 143600 135133 1696,0
Ағымдағы активтер 711820 1382039670219 194,1
Айналымнан тыс активтер 1553454 38975 -1514479 2,5
Тауарлы материалдық қорлар 666011 1129442463431 169,5
Меншікті капитал 354775 38975 -315800 10,9
Жинақтық капитал 2265274 2480617215343 109,5
Тартылған капитал 342039 19104991568460 558,5
Қарыз капиталы 1910499 2519592609093 131,8
Ағымдағы міндеттемелер 342039 888626 546587 259,8
Ұзақ мерзімді міндеттемелер 1568460 163096662506 103,9
Абсолютті өтімділік коэффициенті 0,017 0,019 0,002 111,8
(110)
Тез өтімділік коэффициенті 0,04 0,18 0,14 450,0
((1+2)10)
Жалпы өтімділік коэффициенті (310) 2,08 1,56 - 0,52 75,0
Тәуелсіздік коэффиценті (67) 0,15 0,016 - 0,13 10,6
Қаржыландыру коэффициенті (68) 1,04 0,02 - 1,02 1,9
Қарыз және меншікті кұралдардың 5,39 64,6 59,21 1198,5
арақатынасы (96)
Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге 0,82 1,02 0,20 124,3
тарту коэффиценті (11(6+11))
Меншікті айналым капиталы (64) 0,23 0,04 0,19 17,4
Ағымдық өтімділік коэффиценті (310)2,08 1,56 0,52 75,0
Тауарлы- материалды қорлардың 0,94 8,18 7,24 -
ағымдық активтеріндегі үлесі (53)

Тез өтімділік коэффициенті 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 350%-ға
артқан. Бұл көрсеткіштің мұндай қарқынмен өсуі қысқа мерзімді дебиторлық
қарыздардың 1596 % - ға өсуінің әсерінен болып отыр.
Ағымдағы міндеттемелер 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 159,8%-ға
өссе, ал ағымдағы активтер небәрі 94,1 %-ға өскен. Осы факторлардың
әсерінен жалпы өтімділік коэффициенті осы уақыт аралығында 75%-ға кеміген.

Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін
қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша
кәсіпорынның қаншалықты денгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және
меншікті қаражатын қалай пайдалатының білуге болады. Кесте мәліметтері
бойынша бұл көрсеткіш 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 89,4 %-ға
кеміген. Бұл меншікті капиталдың осы уақыт аралығында 89,1%-ға азаюының
және жинақтық капиталдың 9,5 %-ға өсуінің әсерінен болуы мүмкін.
Қаржыландыру коэффициенті - меншікті және тартылған капиталдың
арақатынасын сипаттайды. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі меншікті
қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатынын
көрсетеді. 2 – кесте мәліметтері бойынша меншіктік капитал 2009 жылы 2008
жылмен салыстырғанда небәрі 9,5 %-ға өссе, осы мерзім аралығында тартылған
капитал 458,5 %-ға артқан. Осылардың әсерінен қаржыландыру коэффициенті
98,1 %-ға кеміген.
Қарыз және меншікті кұралдардың арақатынасы - кәсіпорын активтерінің
қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатындығын көрсетеді, яғни 1
теңгеге қанша қарыз тартылғандығын білдіреді. 2009 жылы 2008 жылмен
салыстырғанда бұл көрсеткіш 1098,5 %-ға өскен. Бұл кәсіпорынның
қарыздарының алдыңғы жылмен салыстырғанда көбеюін білдіреді.
Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті - кәсіпорын активтерін
қаржыландыру үшін тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың меншікті
капиталмен қатар үлесін көрсетеді.
Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті - кәсіпорын активтерін
қаржыландыру үшін тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың меншікті
капиталмен қатар үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым аз болса,
соғұрлым кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2009 жылы 2008
жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,3 %-ға артқан.
Меншікті айналым капиталы - меншікті капиталдың қандай бөлігі
иммобильді сипаттағы құндылықтардың бекітілмегендігін сипаттайды. Аталған
көрсеткіш қарастырылып отырған уақыт аралығында 82,6%-ға кеміген.
Ағымдық өтімділік коэффициенті - ағымдық активтердің қанша есе
ағымдық міндеттемелерді өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді және
кәсіпорынның тек дебиторларымен уақытылы есеп айырысу мен дайын өнімді
өткізуде ғана емес, соымен қатар, қажет болған жағдайда материалдық айналым
қаражаттарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Ол өнімді
қаражаттардың ағымдық міндеттемелерді жабатындығын анықтауға мүмкіндік
береді, сол арқылы баланс құрылымының тұрақты деңгейін ғана емес, сонымен
қатар, кәсіпорынның ағымдық міндеттемелері бойынша тез есеп айырысу
қабілетін көрсетеді. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25%-
ға төмендеген. Бұл ағымдағы міндеттемелердің ұлғаюымен түсіндіріледі.
Тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚ) ағымдағы активтеріндегі үлесі -
ағымдық активтердің қанша бөлігін тауарлы-материалдық қорлар алатындығын
көрсетеді. ТМҚ-ның ағымдағы активтердегі үлесі 2009 жылы 8,18 %-ды құраған.
Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7,24 % -ға көп.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай жасау барысында оның қаржылық
жағдайының қанағаттанарлық екенгідігіне көз жеткізуге болады. Дегенмен,
талдау нәтижесінде біраз теріс көрсеткіштер анықталды, көбінесе ол
кәсіпорынның қарыз капиталының ұлғаюымен түсіндіріледі. Мұндай нәтиже
кәсіпорындағы сыртқы және ішкі факторлардың ауытқуы әсерінен туындауы
мүмкін.

3. Ұйымдағы басқару процесіне баға беру

Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ұйымдық құрылымын, басқару
аппаратын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл
кәсіпорындардың меншік иесі, қызметкерлері, коммерциялық және басқа да
тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік
алатынына байланысты. Шаруашылық субьектілердің ұйымдық құрылымының
қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады,
кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының
қызметтерінің нәтижесі бағаланады. Серіктестіктің басқару аппаратын 1-
суреттен көре аламыз. Мұнда серіктестіктің бөлімшелері туралы қысқаша
мағлұмат берілген.
Орталық жүк бөлімі жөнелтілуге жіберілетін жүктердің сақтылығын
қамтамасыз етеді және жүктің талапқа сай келуіне қамтамасыз етеді. Екінші
жүк бөлімі жөнелтуге қажетті жүкті қоймаға жеткізумен айналысады.
Кәсіпорын көбінесе металл, металл бұйымдарын, пиломатериалдар, мұнай
өнімдерін, дақылдар, құрылыс материалдарын тасиды. Оған қоса, кәсіпорын
заңды негізде тиым салынбаған барлық жүк түрлерін тасымалдаумен айналысады.
Кәсіпорын жұмыс істеу барысында экспедиторлау орнына байланысты
тасымалдаудың кез-келген аралас түрін қолданады (автомобиль, темір жол,
теңіз арқылы тасымалдау).
Кәсіпорынның өндірістік менеджменті жүйесінің тиімді қызмет етуіне әсер
ететін макро факторларға келесілер жатады:
­ Сыртқы экономикалық қызмет аясындағы мемлекеттік саясат
­ Жүк тасымалдау барысында пайдаланылатын порттардың саясаты
­ Бәсекелестердің нарықтық стратегиясы
­ Бағалық саясат
­ Жүк транзиті өтетін елдердің табиғи ерекшеліктері
Казиндустрия ЖШС өз клиенттеріне тасымал қызметін көрсетуде мейлiнше
қолайлы жағдай жасауды өзiнiң ең маңызды мақсаты деп бiледi. Сондықтан
оларға ұтымды экономикалық және ұйымдық ынталандыруларды ұсынады.
Өндiрiстiк инфрақұрылымның құрамында логистиканың тиiмдi сызбасы
қолданылуда. Ол экспорттық және импорттық операцияларды үлкен мөлшерде iске
асыруға, тұтынушыларға өнiмдi жеткiзудi тиiмдi ұйымдастыруға мүмкiндiк
бередi. Қойма орындарымен қамтамасыз етiлген.
Кәсіпорын жүк таситын автокөлiктермен жабдықталған және жүк
тасымалдайтын әр елдегі ірі порттармен іскерлік қарым қатынастар орнатқан.
Бұл, өз кезегінде кәсіпорын алдында осы елдегі тапсырысшыларына қызмет
көрсету аясын кеңейте түсуіне, тасысал тарифтерін барынша төмсендетуге,
бағалық саясат арқылы клиенттер базасын жинақтауға, жалпы айтқанда, осы
елдегі перспективаларын ашуға көмектеседі.

1 сурет - Казиндустрия ЖШС басқару аппаратының сызба нұсқасы.

Әрбір кәсіпорын үшін қызмет көрсету үрдісі үздіксіз жүріп отыруы тиіс.
Сондықтан кәсіпорынның уақыттағы және кеңістіктегі барлық кезеңдерін
координациялау және қызметін жоспарлаудың маңызы өте зор.

2 сурет - Кәсіпорын қызметін жоспарлау схемасы

Болашақтағы қызметте шешім қабылдау процессі сияқты жалпы жоспарлау
түрінде анықтайды. Жоспарлық шешімдерді қабылдау әрқашан ресурстарды
қолданумен байланысты. Қысқаша былай деуге болады, жоспар-бұл кәсіпорын
ресурстарын осылайша басқаша қолдану варианты, сондықтан кәсіпорындағы
ресурс ол кәсіпорынның фирмаішілік әдісі болып табылады. Ресурсты жоспарлау
мақсаты- оларды қолдану оптимизациясы. Ресурстарды жоспарлау мыналарды
қарастырады, олардың шығындарының белгілеу деңгейін, бағытын және қолдану
мерзімін, тұтыну уақытын, ресурстардың өзара алмасуын және т.б. талданып
отырған кәсіпорынға өндірістік- шаруашылық іс-әрекеті көрініс табады, әр
түрлі жоспарлар қарастырылады, оған жылдық, айлық, тоқсандық жоспарлар
кіреді. Осы жоспардың бағыты жеке жоспарларға негізделген, олар: өндіріс
жоспары, өзіндік құн жоспары, табыс жоспары және т.б.
Казиндустрия ЖШС көліктік-экспедиторлық қызмет көрсететін ұйым болып
табылады, өз кезегінде бұл оның өндірістік менеджмент жүйесінің ерекшелігін
айқындайды. Осыған сәйкес, кәсіпорынның жылдық жұмыс жоспарының құрылымы да
өзгешелеу болады. Оның құрылымы төмендегідей:
1. Казиндустрия ЖШС-нің жоспарланған жылға негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштеріне түсініктеме хат.
2. Казиндустрия ЖШС-нің негізгі технико-экономикалық көрсеткіштері.
3. Жүк тасымалының негізгі түрлеріне тапсырыстарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Казиндустрия» ЖШС персоналының еңбек потенциалының қалыптастыру, бағалау және оны дамыту мақсатындағы іс-шаралар жүйесін талдау, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау
ЖШС «Қарамай Продактс»дағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы
Қаржылық шаруашылық қызметтен түскен табыстар
Барыс Мунай ЖШС
Astana Invest ЖШС - нің қызметінің сипаттамасы
Кәсіпорындардың қаржылық есептілігін талдау
Табыстардың қаржылық есебі және кәсіпорынның табыстылығын талдау
Қазақстанда аудиттің алғашқы қадамы
Нұр Строй Ақтау ЖШС
Жергілікті табыс салығы
Пәндер