Шешендік өнер
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Шешендік өнердің қалыптасуы
2. Қазақ халқында шешендік өнердің маңызы
3. Қазақ халқында шешендер мен билердің ролі
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Шешендік сөздер мен көркем қара сөздердің алғашқы бөліне бастауын көрсететін аралық жанр сияқты. Өйткені шешендік сөзде әңгіменің де, жырдың белгісі бар. Алайда қарасөз бен өлең сөздің бөлінуімен шешендік сөз өткінші өнер ретінде жойылып кетпеген, қайта өз алдына дамып, дербес жанр болып қалаыртасқан.
Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сөздің құрамы, мазмұны, тұлғасы қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ емес. Шешендік сөздер ауыз әдебиеттінің басқа салаларымен қоса қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры менұйытқысы есепті. Демек, шешендік сөздерді зерттеп – талдау ана тіліміздің сөздік қорын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді.

1. Негимов «Шешендік өнер» Алматы «Ана тілі» 1997 ж
2. «Шешендік шиырлары» кітабы
3. «Асыл сөз» I кітап құраст. Б. Ысқақов Алматы «Жалын» 1987 ж

Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
1. Шешендік өнердің қалыптасуы
2. Қазақ халқында шешендік өнердің маңызы
3. Қазақ халқында шешендер мен билердің ролі
III. Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Шешендік сөздер мен көркем қара сөздердің алғашқы бөліне бастауын көрсететін аралық жанр сияқты. Өйткені шешендік сөзде әңгіменің де, жырдың белгісі бар. Алайда қарасөз бен өлең сөздің бөлінуімен шешендік сөз өткінші өнер ретінде жойылып кетпеген, қайта өз алдына дамып, дербес жанр болып қалаыртасқан.
Шешендік сөздердің сөйлем құрылысы мен сөздің құрамы, мазмұны, тұлғасы қазіргі әдеби тілімізден аса алшақ емес. Шешендік сөздер ауыз әдебиеттінің басқа салаларымен қоса қолданылып жүрген сөздігіміздің негізгі қоры менұйытқысы есепті. Демек, шешендік сөздерді зерттеп - талдау ана тіліміздің сөздік қорын байытады, әдеби тілімізді дамытып, кеңейтеді.
Негізгі бөлім
Шешендік сөз өнерінің философиялық мән-мазмұнын ғылыми зерттеу ісі, ең алдымен, оның әлеуметтік феномен ретіндегі табиғатын арнайы сөз етуден басталуы керек.
Шешендік тіл мен сөз -- халықтың сөйлеу дәстүрінің жүйесі немесе дәстүрлі қолданылатын сөздер мен синтаксистік формалардың ерекше жиынтығы. Шешен сөйлеу деген -- белгілі бір тілді қолдану деген сөз. Сондықтан шешендік сөз сол бір сөйлеуші жан иесінің қауымдық жетістігі және сол қауымның әлеуметтік қажетін өтейтін коммуникативтік құралдың бір түрі. Демек, шешендік сөз қоғамдық ортада қалыптасатын дүние, сондықтан ол әлеуметтік болмысқа ие. Бұған Б.Адамбаевтің: Әдетте, шешендік өнер айтыс-тартыста дамиды. Сондықтан, ердің құны, елдің тағдыры талқыланатын парламент сарайлары мен сот залдары шешендік өнердің ежелгі мектебі болған,--деп көрсеткен тұстары дәлел болмақ. Бұл айтылғаннан шешендік өнердің қалыптасу және даму барысындағы әлеуметтік бастамаларды анықтауға болады. Демек шешендік сөздің өсіп-өну, ілгері жылжу, даму бастауларында әлеуметтік -- тарихи уақыт пен кеңістіктің талап-тілектері, сол замана адамдарының арман-мұраттары жатады. Шешендік сөз өнерінің әлеуметтік сипаты, сайып келгенде, адамдардаң еңбегінің тұрмыс-тіршілігінің қауымдық, ұжымдық сипатымен түсіндіріледі.
Сонымен бірге, шешендік сөз -- адамзаттың әлеуметтік дамуына болмай қоймайтын субстанциялық компоненттерінің бірі, қоғамдық даму шарттарының бірегейі. Тілсіз әлеумет болмайтындай, шешен сөйлеу дәстүрінсіз де адам қауымы болмайды. Адам бар жерде, оның қарм-қатынасының құралы ретінде тіл болатын жерде оны шешендікпен жұмсап қолдану дәстүрінің болатыны әлеуметтік шындық. Демек, шешендік сөздің пайда болуы адамдардың бір-бірімен қарм-қатынасқа түсуге деген қажеттілікпен байланысты.
Шешендік сөздің әлеуметтік сипатын көрсететін фактордың бірі -- шешендік өнердің дәстүрлі құбылыс болуы. Егер шешендікті дәстүр -- дейтін болсақ, ал дәстүр--әлеуметтік феномен. Өйткені, дәстүр, ең алдымен, ол--әлеуметтік әдет-дағды. Әдет пен дағдыны салыстырсақ, әдет тар ұғым да, дағды кең ұғым. Әдеттен барып, дағдыға айналады, ал дағдыдан барып дәстүр ұғымының мазмұны айқындалады. Әдет ұғымы жекелеген адамның мінез көрсетуінің белгілі бір түрін, әрекет ету тәсілін, басқаша айтқанда, күнделікті өмірде адамның бойы үйреніп оның дағдысына айнала бастаған мінезі мен іс-әрекет формасын білдіреді. Ал дағды -- іс-қимылда жиі-жиі қайталанудың негізінде бойға сіңіп, қалыптасып қалатын мінез көрнісі, болмысы немесе өмір сіру стилі.
Әдет дағдының тек бір ғана адамның мінезі мен іс-әрекетінде ғана көрініс тауып қоймай, басқа адамдарға жұғуы, бүкіл бір қауымның немесе елдің мінезіне сіңіуі олардың дәстүрге айналуын көрсетеді, яғни бұл процесс дәстүрге әлеуметтік факт болу сипатын береді. Екінші сөзбен айтқанда, әдет -- дағды дәрежесіне, дағды дәстүр дәрежесіне, ал дәстүр халықтық ауқымға таралып, әлеуметтік мәртебеге көтеріледі. Бүкіл халықтың дағдылы іс-қимылына, мінезіне айналады.
Шешендік сөз дәстүрі, сайып келгенде, адамдар арасындағы қарм-қатынас тұрақтылығын ретке келтіріп отыратын әлеуметтік құрал. Тұрақтылық болмаса даму да болмайтыны сияқты, дәстүрсіз қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мүмкін емес.
Шешендік дәстүрдің күре тамырындай болып тұратын нәрсе -- бүкіл рухани дүниенің иегері болып табылатын әлеуметтік тұлға, әлумет болмысы. Шешендік сөздер әлеуметтік дәстүр ретінде адамзат қоғамының өзін-өзі жоқтап-түгендеуіне, жаңарып отыруына, өз ғұмырын шығармашылыққа айналдыруға үндейді. Әр әлеуметтік топтың өз тілі болады дейтін социолингвистикалық қағидаға сүйенетін болсақ, шешендік тіл -- аристократтар, даналар тілі. Шешендік сөз -- солардың сөйлеуіндегі стильдік дәстүр. Қазақ шешендік сөз өнерінің әлеуметтік қызметі дала демосфендерінің қауым ішіндегі дау-дамайларды реттеуден бастап, елшілік-мәмлегерлік қызметтерімен белгілі болғаны мәлім.
Қазақ сөз қадірін білген халық. Шешендікті жоғары бағалап өз ойын, өз пікірін шебер түйіндеп, ұтқыр, әсерлі етіп айта алатын, естігені, көргені көп, соның бәрін халық мүлдесіне, парасаттылық пен әділдікке пайдалана білген адамдардың қатты қадірлеген, жастарға үлгі еткен.
Қазақ жұрты жаратылысынан шешендік өнерге бейім халық. Оның қиыннан қиыстары, төтеннен төге сөйлейтін тапқыр да ақылды, бейнелі де бедерлі, аталы да баталы, нақыл, қанатты ойлары жөнінде өзіміз де, өзгелер де таңдай қағып айтудамыз. Шешендігінің үстіне қазақ халқы -- ақын халық. Түйеге мінгеннің төрт ауыз, атқа мінгеннің алты ауыз өлеңі бар демекші, кез-келген үлкен-кіші, әйел-еркек ауылдың алты ауызын, қонақ кәде, жар-жар, беташар, тойбастарды домбыраға қосылып термелей жөнеледі.
Ал, аналар болса, түн ұйқысын төрт бөліп, түнде бесік таянып, бесік жерін тербейді. Ақын, жыраулар болса, таң бозарып атқанша елін қорғаған батырлар, хандар, билер жөнінде және махаббат хикаясын шертіп хисса-дастан толғайды. Демек, ақындық пен шешендік өнер егіз. Оны бір-бірінен ажырата қарау әбестік.
Ал, би-шешендер даулы мәселені түйінді төрт-ақ ауыз сөзбен тындырып отырған. Тындырғанда да хатсыз, харарсыз, ауызша жүзеге асып, бітіп жатқан. Ертедегі бір бидің өзі осы күнгі соттың да, прокуррордың да, милицияның да, қаншама мекеме, ұйым басшыларының да қызметін атқарып келген ғой.
Атқарғанда да ол билердің кесім, бітімі көпшіліктің көзінше ашық аспан астында айдан анық жария боп отырған. Ешқандай құпия, алдын-ала ымыраласу, пәтуаласу деген болмаған. Билер өзінің сөзін, билік шешімін, Ал халайық бұған не дейсіндер, ризамысыңдар? деп көпшілікке салып мақылдасар еді. Бұдан артық қандай жариялылық болмақ. Осы күнгі айтып жүрген жариялылық, демократиялық, адамгершілік пен гуманистік дегеніңнің өзі осы емес пе?
Қазақ ел таныған шешен, билерге кенде болмаған, ұлы Шоқанның айтуынша, оларды халық өздері қалап, би атап отырған, ешқандай арнайы сайлау, үкімет тарапынан тағайындау болмаған. Ал, би болып белгіленетін кісілер өзінің шешендігін, әділ төрелік айта алатын қасиетін көпшілік алдында көрсете білген. Олар барынша адал, ешкімге бұра тартпайтын, тура сөйлейтін нағыз шешен әрі ақылгөй, халық қамқоры болған. Сондықтан да халық Тура биде туған жоқ, туғанды биде иманды жоқ, Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар деп мақалдап кеткен.
Ілікте аталып өткендей қазақтың шешендік өнері, билік құру дәстүрі Әз-Жәнібек ханның, Жиренше шешеннің тұсынад өркен жайып, әсіресе, ХV -- XVII ғасырларда Тәуке хан тұсында халықтың шешендік өшеріне қатты мән берілген. Хан Тәуке қазақтың жырауларының, шешендер мен шежірешілерінің басын қосып халықтың мақал-мәтел, аңыз, жырларын жинақтаған. Оның төңірегінде ердің құнын екі ауыз сөзбен бітіретін Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би сияқты аты аңызға айналған адамдардың болуы да Тәукенің сөз құдіретін, шешендікті жоғары бағалағанын байқатады. Қазыбек би Тәуке ханның тапсырмасымен Жоңғар ханына барғанда өзінің қандай мақсатпен келгенін былай баяндайды: Сен темір де, мен көмір, еріткелі келгенмін. Екі еліктің баласын теліткелі келгенмін. Егесетін ел шықса, иілткелі келгенмін. Тұтқыр сары желіммен жабысқалы келгенмін. Жаңа үйреткен жас тұлпар, шабысқалы келгенмін. Танымайтын жаттарға, танысқалы келгенмін. Қазақ-қалмақ баласы, табысқалы келгенмін. Табысуға тұрмасаң, тұрысатын жеріңді айт, сен -- қабан да мен -- арыстан, алысқалы келгенмін. Осындай өткір де төпке сөздермен халқының мақсат мүддесін оның басқа жұрттан, тіпті де кем емес, терезесі тең екенін, тату болып табысам десең де, жау болып шабысам десең де, қарсы алдыңда лайықты халықтың өкілі тұрғанын анықтап, ашық айтады.
Билер кеңесінде үш жүздің атақты билері бас қосқан. Осындай кеңестің бірінде қазіргі Сырдария облысы Ангрен өзенінің жағасындағы Күлтөбе басында Ханнабад атты Тәуке ханның ордасында қазақтың әдет -- ғұрып заңдарының жиынтығы Жеті жарғы қабылданған.
Күлтөбенің басында күнде жиын деп аталып кеткен сол жиынға Төле би, Қаз дауысты Қазыбек, Әйтеке би, Едіге би, Тайкелтір би, Байдалы би, Қоқым би, Қара Шырын би, Сасық би сияқты т.б ірі, беделді билер қатысқан.
Қазақ билері ішінде батырлары да (Едіге, Бөгенбай, Қабанбай) ақындары да (Бұхар, Қазтұрған, Жиембет, Бөлтірік, Жанкісі, Қылышбай т.б) болған. Ал Төле би, Саққұлақ сияқты кейбірі кезінде ескіше оқыған шығыстың классикалық әдебиетін білетін, сауаты мол, білімді кісілер еді.
Не керек, осындай елі үшін аянбай еңбек еткен қасиетті дуалы сөзді шешен би бабаларымыз туралы жас ұрпақ олардың шешендік сөзі түгілі, есімін де біле бермейді. Тіптен олар жөнінде тарихта да, энциклопедияда да (Төле би, Қазыбек, Әйтеке, Сырым тәрізді бірлі -- жарымы болмаса) жан-жақты жөнді жазылмады.
Қазақтың шешен, билері Тура биде туған жоқ дегендей, ханнан қаймықпаған, пара алмаған шешен, билер сөзге шебер болумен бірге елдің шежіресін, тарихын, ел басынан өткен ұлылы-кішілі оқиғаларды, дау-жанжалды, айтыс-тартысты реттеудің тәртібін, әдет-ғұрып заңдарын жетік білген. Осындай әдет-ғұрып, қарм-қатынас ережелерін қалыптастырған Тәуке ханның Жеті Жарғысы халықтың жадында күні бүгінге дейін жасап келеді. Халық оның ережелері мен талаптарын мақал-мәтелге айналдырып, ұмытылмай есте сақталатын ұшқыр да уытты сөздермен ұғымды етіп айта білген. Мәселен, Әділ билік -- алтын таразы, Жетпеген билік жеті ұлықтың есігін ашады, Қара қылды қар жарған әділдік, Батыр айғақ, балуан куә, Сорғалаған хан, сойдақтаған із, Қысасқа қан, оқысқа құн, Ханға хандық, биге билік, Мойнына қосақ, артына тіркеу, Семсер астында серт жүрмейді, Иілген басты қылыш кеспейді, Алдыңа келсе атаңның құнын кеш, Жан алып жат болма, Ашыққан құры, ашынған долы, Алдырған албырт, анасының қойнын ашады, Қойманы ен көрген алады, не көмген алады, Ердің құны екі жүз жылқы, Ат тұяғын тай басады, Ит төлеулі бір күшік, Әке өлсе мүлкі мұра, Аға өлсе -- жеңге мұра, Ертеден кетсе де -- елден кетпейді, Дау айтыс, барымта қайтыс, Судың түбін шым бөгейді, даудың түбін қыз бөгейді деген сияқты тамаша тапқырлықпен айтылған сөздер арқылы қазақтың билері мен шешендері заңға, адамгершілік нормаға қатысты ережелер мен құқықтарды жұртшылық санасына орнықтыруға күш салған.
Билерден қалған асыл мұра -- билік, шешендік, тапқыр сөздерден ақыл, нақылдық, пәлсапалық, педагогикалық, эстетикалық этикалық ой-қағидаларды мол табуға болады. Айталық: Шоқан Уәлиханов кезінде айтқан Дала философы Асан қайғының әрбір толғау-нақылдарынан небір пәлсапалық ойларға қанығамыз.
Төле бидің:
Бір үйдің баласы болма,
Көп үйдің санасы бол.
Бір елдің атасы болма,
Бар елдің данасы бол.
Бір тонның жағасы болма,
Көп қолдың ағасы бол.
Ақты ақ деп бағала,
Қараны қара деп бағала.
Өзегің талса,
Өзен бойын жағала.
Басыңа іс түссе,
Көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзін кәміл бол!
Халқыңа әділ бол
Досыңа адал бол --
дейтін батагөй сөзінен үлкенге де, кішіге де, пайдасы тиетін ақыл-нақылды ұғамыз.
Қаз дауысты Қазыбек бидің қалмақ хандарына елшілікке барғандағы:
Сен темір де, біз көмір,
Еріткелі келгенбіз.
Екі еліктің лағын,
Теліткелі келгенбіз.
Танымайтын жат елге,
Танысқалы келгенбіз.
Танысуға келмесең,
Шабысқалы келгенбіз.
Сен қабылан да, біз арыстан,
Алысқалы келгенбіз.
Жаңа үйреткен жас тұлпар,
Жарысқалы келгенбіз.
Берсең жөндеп бітім айт!
Бермесең дірілдемей жөніңе қайт
Не тұрысатын жеріңді айт!... --
дейтін, ел санасына сіңіп кеткен жауынгерлік, патриоттық нақыл термесінен елдікке, ерлікке тән талай ойларды аңғаруға болады.
Немесе, Әйтеке бидің мына бір нақыл термесіне көңіл қояйықшы:
Суалмайтын суат жоқ,
Тартылмайтын бұлақ жоқ.
Тамыры суда болса да,
Уақытысы жеткенде,
Қурамайтын құрақ жоқ.
Дүние деген фәни бұл,
Панасы жоқ, тұрақ жоқ,
Баласы жоқта мият жоқ.
Бәрінен де сол қиын.
Түнде жанған шырақ жоқ.
Артта қалған тұяқ жоқ.
Шүкіршілік етіңіз ...
Диалектикалық тұжырымға толы осы терминнің Гегел философиясынан қай жері осал?!
Айналамызды қоршап тұрған шетел шапқыншылары жөнінде Абылай ханға қарата айтқан атақты Бұқар жыраудың:
...Өзін қонған Көкшетау,
Кәпір қала салды, ойла!
Жарқайың деген жерлерге,
Шашылып шеті барды, ойла.
Атбасар мен Көлқотан,
Балағы тәтті су елі,
Өне бойын шандып ап
Сүзекісін салды, оны ойла!
Қарқара деген тауларға
Қарқарасын шанышты, ойла.
Бетеге мен көденің
Берекесі қашты, ойла!
...Жылқының суат -- суына
Шошқасын әкеп жапты, ойла!
деген толғауының тарихи мәні зор.
Ал, Бәйдібек бидің:
Аяққа кісен салуға болар,
Қолға кісен салуға болар,
Ал, тілге кісен салуға болмас --
Дейтін нақылында ана тілімізге деген құрмет тұрған жоқ па? Құнанбай қажының:
Пұт болдым деп мақтанба,
Пұттан ауыр батпан ба.
Биікпін деп мақтанба,
Асқар -- асқар таулар бар,
Аржағында аспан бар...
дейтін ақыл сөзі мақтаншақ, өркөкірек, дөрекілерді ұрмай-соқпай тәубасына келтірмейме?!
Қазақ сахарасының шешендері мен билерінің ақылды аталары сөздері, өнегелі өсиеттері мақал-мәтелдердің тууына себепші болған. Халық даналығынан туған мұндай қанатты сөздер, мақал-мәтелдер ескірмей, тозбай жұртшылық зердесіне ерте замандардан бері сақталып келеді. Олардың көбі мәнін күні бүгінге дейін жойған жоқ. Күн түспеген жер көгермес, көсемі жоқ ел көгермес, Кереге бойы қар жауса жұтамайды сауысқан, қанды қалпақ кисе де қиыспайды туысқан, Қарын қамын ойлаған қаралықтың белгісі, халық қамын ойлаған даналықтың белгісі, Ақылы аздың ашуы көп, таяз судың тасуы көп, Ақылы жоқтың арманы жоқ, Адам көңілінен азады, тілінен жазады, Бар барын жейді, ұятсыз арын жейді, Еңбек өмірді ұзартады, ұят бетті қызартады--деген сияқты халқымыздың даналығы мен шешендігінің үлгісі болып табылатын мақал-мәтелдер мен аталы сөздерге қазақ жері кенде емес.
Халық өзінің от ауызды, орақ тілді әділ билік айтатын шешен билерін ханнан бетер қадірлеп, силап, олардың айтқан кесімді, бітімді сөздерін жадында сақтап келеген. Түгел сөздің түбі бір, түп атасы -- Майқы би, Төле би былай депті, Қаз дауысты Қазыбек би айтыпты, Әйтеке би айқан айтқан сөз екен деп ауыздарынан тастамайды.
Жалпы, шешен, би болмаса да, кез -- келген қазақ мылжыңдықты, далбаса даңғазалықты мін көріп, қорлық санаған. Сөз шынына тоқтайды, пышақ қанына тоқтайды деп, шындықтың туын көтерген от ауызды, орақ тілді шешендерін қастерлеген. Бейнелі, дәлелді, қисынды уәж айтқан. Билер ауытқып, бұра тартқан тұстары болса, олар бірін-бірі тоқтатын, әділетке шақырған. Табиғатынан қуақы, ақ жарқын, қалжыңын қанжығасына байлап жүретін қазақ билері қағытпа сөзге, көңіл көтерер әзіл-әңгімеге кет әрі болмаған.
Осы күнгі ел басқарып жүрген басшы, әкім, хатшы, министір, төраға, ғалым, заң қызметкерлері арасынан Пәленше министір айтқан сөз, түгенше ғалым айтқан көсем сөз, ана сот былай депті деген шешен, тапқыр қанатты деген сөздер неге естілмейді? Неге ел арасына таралмайды деген заңды сұрақ туады.
Осының барлығы өзіміздің ілектен келе жатқан ата-баба дәстүрін сақтамаудан, ана тілімізді ардақтай білмеуден, оның мүмкіншілігін ілгері дамыта алмаудан, тоқырау дәуірі кезінде жалпыхалықтық тіл болады-мыс деген сарынға ілесіп, бала-шаға, тайлы-таяғымызбен орысша сөйлеп, орысша жазып кетуімізден. Расында әріп таңбасы үш рет өзгеріске ұшыраған қазақ халқы өзінің ана тілін өркендетіп, шешендік өнерін жетілдіре түсу орнына, әр жаққа алақтап, есенгіреп қалған жоқ па?
Ежелден келе жатқан аталы дәстүріміз -- шешендік өнерді қайта қалпына келтіріп, оны жаңа талап, жаңа мақсат мұратқа сай игілігімізге айналдырып, ұрпақ тәрбиелеу ісіне, болашақ мүддесіне пайдалану ләзім.
Сырымның шешендік өнері
Ұлтымыздың тарихында асқан батырлық-ерлік істерімен, асқақ сипатты, тапқырлық даналық, шешендік сөздерімен, әділетті билік-кесімдерімен жарқын із қалдырған заңғар тұлғаның бірі - Сырым Датұлы.
Сырым 1712 жылы туылған. Байбақтыц руынан шыққан, жастайынан топ жарып көрсеткен өнегелі істері, әділ билігі үшін бала би аталады.
Сырым шешеннің тұңғыш рет билік айтуы былайша екен. Мал өрістен қайтқан кезде, бірі атқа мінген, бірі жаяу кісіні көреді. Екеуара бір түлкі. Шекесі қызып таласқан.Содан Сырымға төрелік айтуды өтінеді.
Жаяу адам мән-жайды: Жаздай осы түлкіні көз жазбай аңдып, алғашқы қансонарда қолға түсірем деп - жүр едім деп түсіндіреді. Ат үстіндегісі: Бүгін таңертең ерте ізіне түсіп соғып алып едім - дейді.
Мұқият тыңдаған Сырым: Бұл түлкі еркек болса, аттылы - сенікі, ұрғашы болса, жаяу - сенікі -- деп түйн жасайды. Сөйтсе түлкі еркек екен де, аттылыға бұйырады.
Дүниетанымы терең, түйсігі ерен, білім- білігі кемел өндірдей жас Сырым: Әйел адамның жүретін жері - ауыл арасы ғана болады. Ал еркек адам қайда бармайды, сірә Сіздің көріп жіргеніңіз ұрғашы түлкі болар, әлі де болса күтіңіз, жүрген болар -- деп тұжырымдайды.
Шынында да жаяу кісі артынан өзі көріп бақылап жүрген ұрғашы түлкіні қолына түсіреді.
Бұл Сырым шешеннің туа бітті қасиетті көрегендігі ме, әлде білімпаздығы ма, не болмаса тәжірибесі ме?
Халық даналығына жүгінсек, сымбатсыз сұңқар болмас, тұлғасыз тұлпар болмас дегендей, Сырым шешеннің дене бітімі, кескін-келбеті мінсіз, жан-жақты жетілген, сом болаттан құйылғандай болу керек. Бұған Байбақты руынан шыққан қарындасы елден ерте кетіп, жырақта қоңыс теуіп, көрмей-білмей 40 жігіттің ішінен Сырымды жазбай танығанда, сол ауыл ақсақалы: Сырымды сен қалай таныдың? - деп сұрайды.
Сол мезетте қарындасы: Сырымда 3 қасиет бар, біріншісі- батырға біткен тұлғасы, екіншісі - өжет мінезі, үшіншісі - асқан даналығы деп естуші едім. Маған Сырым қыран топшылы, толық ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz