Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдары


Пән: Журналистика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 127 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ . . . 3

КІРІСПЕ . . . 4

1 ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛЫ МЕН АЛҒАН БАҒЫТЫ

1. 1 Дәстүрлі БАҚ пен Ғаламтор: проблемалары мен даму үрдерісі . . . 7

1. 2 Электронды БАҚ аудиториясы . . . 19

1. 3 Қазақстар ғаламторындағы әлеуметтік желілер, блогтар, сайттар . . . 33

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ ҺӘМ МЕМЛЕКЕТТІҢ МЕДИА САЯСАТЫ

2. 1 Мемлекеттік ақпарттық саясат және БАҚ . . . 46

2. 2 Дәстүрлі БАҚ және ғаламтордың ҚР ақпарат кеңістігіндегі бәсекеге қабілеттілігі . . . 59

2. 3 Жаңа ақпараттық технологиялар және БАҚ даму үдерісі . . . 76

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 94

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 97

ҚОСЫМША

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН ШАРТТЫ БЕЛГІЛЕР ТІЗІМІ АҚ - ақпараттық қауіпсіздік АС - ақпараттық соғыс АТ - ақпараттық технологиялар АКТ - ақпараттық коммуникациялық технологиялар АҚЖДК - Ақпараттық қоғам мәселелері бойынша жоғарғы деңгейдегі бүкіләлемдік кездесу БАҚ - бұқаралық ақпарат құралдары БКҚ - бұқаралық коммуникация құралдары ҒАҚ - ғаламдық ақпараттық қоғам ҒАИ - ғаламдық ақпараттық инфрақұрылым ДКҚО - достық және мәдени байланыс кеңестік қауымдастықтар одағы ЖБА - «Жаңалықтар» баспа агенттігі ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім ЕҚЫҰ - Еуропалық ынтымақтастық және қауіпсіздік ұйымы КОТА - Кеңес Одағының Телеграф агенттігі КШӘО- командалы-штабтық әскери ойын CNN - Кабельдік жаңалықтар желісі ҰАИ - Ұлттық ақпараттық инфрақұрылым ҰИҚ - Ұлттық инновациялық қор ҰИЖ - ұлттық инновациялық жүйелер ХЭО - Халықаралық электробайланыс одағы ХАҚ - халықаралық ақпараттық қауіпсіздік ЭҮ - электронды үкімет USIA (ЮСИА) - Америка Құрама Штаттардың ақпараттық агенттігі ICANN - номерлер мен мекенжайларды беру жөніндегі интернет-корпорация КІРІСПЕ Ең алғаш ХХ ғасырдың екінші жартысында әскери мақсатта құрылған ғаламтор өз өрісін кеңейту барысында көпшілік қолданысындағы құралға айналды. Құрал дейтін себебім, қажетті деректердің барлығы болмаса да денін таба алатын мүмкіндігі бар. Ал алғашқы адамдардың тасқа қашалған мәліметтері түрлі кезеңдерден өтіп түрі мен түсін өзгерткені белгілі. Қолданысқа қалам, қағаз еніп хат, хабар, бұйрық, үкім, құжаттар мен заңдар жазыла бастағанда олардың бұқара қолданысына көшу тәсілдері пайда болды. Тарих қойнауындағы бірінші мемлекеттерде бұл мәселенің мән жайын өз тұсында жетік меңгерді. Осылай Ежелгі Рим немесе сол кезеңдерден кейінгі һәм бұрынғы алап империялардың алаңдарынан бастау алған дәстүрлі БАҚ жаңалықтарды желілік түрде жылдам жинауға жағдай жасайтын интернет келген кезеңде, көлеңкеде қалғаны рас. Сондай-ақ қоғамдық қолданыстан толық қалмаса да жаңа толқынның тасасында тұрған газет, журнал, радио, теледидар әлеуметтік қажеттілікті аз қамтитын ақпатар арналарына айналары сөзсіз. Осыған орай жалқы мақсаттан жалпы міндеттерді атқарушы арна болып қалыптасқан ғаламтордың болашағы қандай? Оған салалас келетін дәстүрлі БАҚ бағыттарына деген сұраныс қалай? Аталған тақырыпқа арқау болған сұрақтар. «Адамзат еңбекпен адам болды» деп келетін ауыз екі сөзді «ақпаратпен» деп ауыстысақ ойымызда орнығып қалған ұғымды еркін өзгерте алар едік. Жаратылыс ақпаратсыз жүйелі болмайды. Себебі, қандай болмасын тіршілік тектік (гендік) тамырға тіреледі. Ал сол өте ұсақ ұқсастық пен үйлесімділікті тасымалдаушы жасушалар ақпарат ретінде алып жүреді. Бұл тіршілікте табылатын табиғи дәлдік. ХХІ ғасыр саяси сарапшылардың айтуы бойынша «автоматпен емес ақпаратпен соғысатын» дәуір. Қандай оқиғаны болмасын орнықты, лездік пен дәлдігін сақтай отыра баяндау, осы бағыттағы барлық мамандардың мақсаты. Диссертацияның өзектілігі: таңдалған тақырып төрткүл дүниені тегіс қамтыған ақпарат құралдарының ара жігін анықтау. Соңғы жылдар еншісінде жаһандану үдерісінің жандануына тікелей әсерін тигізген ғаламтордың дәстүрлі БАҚ пен бір қоғамда қатар қызымет етуі. Сондай ақ аталған ақпараттық арналардың бірін бірі толықтырп, өзара бәсекелестіктің проблемаларын зерттеу. Жұмыс тақырыбының өзектілігі ақпараттың әлемдегі рөлінің күннен-күнге артып келе жатқандығы және ақпараттық қауіпсіздіктің кез-келген жоғары дамыған мемлекеттің ұлттық қауіпсізідігің ажырамас саласына айналғандығымен байланысты. Негізі тереңде жатқан журналистиканың мән-маңызы туралы қазақ еліндегі аталған бағыттардың негізін салушылардың бірі М. Барманқұловтың [1] тұжырымы басты бағытқа арқау бола алады. Соңғы жылдарғы ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуын «ақпараттық төңкеріс» деп атаған Д. Г. Балуев өз еңбектерінде ақпаратқа анықтама беріп, ақпараттық төңкеріс нәтижесінде мемлекеттің рөлінің өзгеретіндігін ескертеді. Оның пікірінше ақпараттық революцияның салдарының бірі - иерархиялық құрылымдардың рөлінің төмендеуі. Сонымен қатар ақпараттық технологиялар халықаралық қақтығыстардың жаңа түрлерін тудырғанын атап өтеді. Сонымен қатар ғылыми еңбекті жан-жақты зерттеуде Барманқұлов М. [1], Әбдіманов. Ө. [2], Молдабеков Ж. [7], Исабай Қ. [4], Castells M. [8], Нысанбаева Ә. [10], Қамзин К. [77], Омашұлы Н. [70], Засурский Я. Н. [68], Toffler O. [31], Еркімбай А. [35] шығармалары өз ықпалын тигізді. Осы тақырыпқа орай жазылған жұмыстардың аз болуына байланысты кей тұстары пікірлермен толықтырылған. Соңғы уақытта көпшілік көңіл бөліп жүрген бұл көріністерге ғылыми талдай жасалмаған. Мемлекет тұрғысындағы заңдар ауқымын зерделеу барысында зейін қойылған зерттеулер ғылыми түсініктен саяси мағынаға ауысады. Дүниежүзілік БАҚ жаппай ғаламторға көшті. Дәстүрлі медиа ұғымымен бірге жаңа медиа өнімдері жарыққа шықты. Бұл БАҚ болашағына қалай әсер етеді, журналистика қай бағытта дамығаны жөн, БАҚ-тың жаһандық желіге қосылуы неге әкеледі? Сан сұрақтарды ашу мақсатында Тасболат К. [59], Әбдібек Ж. [63], Бейісбайұлы Б. [66], Darling-Hammond L. [74], Paulson F. [73] мақалаларының мазмұны алынған. Кейінгі уақытта дәстүрлі ақпарат құралдарындағы мәліметтерді ғаламтор арқылы тұтынатындар қатары көбейіп келеді. Интернет ақпарат алмасатын алаң болғандықтан медиа нарықтағы ойыншылар бұл алаңды да тиімді пайдалануды көздейді. Нәтижесінде ақпаратты дәстүрлі емес жолмен, яғни газет, радио немесе теледидар арқылы жеткізумен шектелмей оны түрлендіріп беру «жаңа медиа» құбылысына ұласты. Ғаламтор мүмкіндігі тұтынушыға бір сайттан мәтін оқып, видео көріп, аудиосын тыңдап, суреттері арқылы ақпарат алумен қатар, оны әрі қарай дамытуға да мүмкіндік беріп отыр. Осылайша технологияның дамуы ақпаратты әзірлеу, қабылдау, тұтыну және таратуға үлкен өзгеріс алып келді. Дәстүрлі БАҚ бәсекеге қабілетті болуы үшін бүгінгі редакциялық саясатына өзгерістер енгізуі керек. Бүгінгі оқырман интернетте, бүгінгі оқырман телефон ұстап жүреді, көпшілігі телефонан арқылы ақпарат алады. Сондықтан дәстүрлі БАҚ бәсекеге қабілетті болам десе, оқырман интернетте жүрсе, интернетке, телефонға лайықталған ақпарат таратуды қолға алуы керек. Ғылыми жұмыстың жаңалығы: Ғаламтор мен дәстүрлі БАҚ арасындағы ақпараттық алмасу жүйесінің жетістіктерін жариялау. Олардың өзара даму үрдісіне талдау жасау. Сондай ақ ХХІ ғасырдың негізгі ақпарттық арнасын айқындау. Магистрлік ізденістің мақсаты: Диссертациялық зерттеудің мақсаты ғаламтор мен дәстүрлі БАҚ тың басты ерекшеліктерін және өзара бәсекелестіктерін зерделей отырып қазіргі ақпараттық кеңістіктегі құбылыстарды көрсету. Қазіргі заманғы ғаламдану үрдісі аясындағы ақпараттандыру мәселесінің өзектілігіне қарамастан, отандық ғылымда ақпараттық технологиялардың саяси үрдістердегі алатын орны мен ықпалын жүйелі түрде қарастыратын әдебиеттер өте аз. Жұмыс барысында дәстүрлі ақпарат көздерімен қатар Интернет материалдары, халықаралық ұйымдар мен мемлекеттік органдардың ресми Web-сайттары, ресейлік және қазақстандық ақпараттық қоғам желілері пайдаланылды. Әлемде түрлі саланың технологиялық қамтымасыз етілуі қатты қарқын алғаны белгілі. Соныме қатар бұл бағыт басқа салалармен бірге журналистикаға да үлкен өзгерістер енгізді. Жұмыстың әдістемелік және теориялық негізі ретінде салыстырмалы әдіспен үйлестірілген жүйелік тәсіл, сонымен қатар статистикалық мәліметтерді сараптау және ғаламдық ақпараттық технологиялардың дамуына қатысты халықаралық қауымдастықтың, әлемнің алдыңғы қатарлы мемлекеттерінің және Қазақстанның саясатын сипаттайтын ресми құжаттарды талдау әдісі алынды. Зерттеудің теориялық негізінің елеулі компонентін отандық және шетелдік белгілі саясаттанушылардың, мамандардың қазіргі заманғы саясаттану ғылымының өзекті мәселелері, сонымен қатар әлемдік дамудың жаһандану дәуірінде туындайтын жаңа міндеттері мазмұндалатын еңбектерді құрайды. Жұмыстың құрылымы оның мазмұнына, зерттеу аспектісіне, мақсаты мен міндеттеріне негізделген. Ол кіріспе, екі тарау, қорытынды, пайдаланылған әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады. Жұмыстың көлемі 100 бет. 1 ЖУРНАЛИСТИКАНЫҢ ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ЖАҢА АҚПАРАТТЫҚ ҚҰРАЛЫ МЕН АЛҒАН БАҒЫТЫ 1. 1. Дәстүрлі БАҚ пен Ғаламтор: проблемалары мен даму үрдісі «Журналистиканың қоғамдық міндеті - халықты барынша ауқымды және сан алуан ақпаратпен қамтамасыз ету. Қандай шешім болса да оны журналистер қабылдамайды. Журналистер тек жариялайды, әлгі ақпаратты таратады. Тыңдаушының өзі сараптап, қажеттісін сұрыптап алады, сол арқылы саяси ой қалыптастырады. Осындай ешкімнің түсіндірмесінсіз таза ақпаратты алған адам ғана сол мемлекеттің институттар жөнінде, коммерциялық ұйымдар туралы нақты шешім шығарып, пікір қалыптастырады» [1], -дейді ғалым М. Барманқұлов. Айтылған осы салалы сөздерді сараптайтын болсақ, расында ақпарат арнасын қай бағытқа бұрсаң да бұқараның біліктілігін арттыратын тың тәлім екенін танисың. Тарихқа зер салсақ тізілген сөздердің талай тұғыры биік елдердің еңсесін жығып, жеңілгенге жеңімпаздың тәжін сыйлағанын тануға болады. Қазақ елінің өткенін өзгертпей өгей саясаттың тұсында тап басып таңбалаған тұлғалар бар. Сарыдала төсінде орын алған оқиғаны сараптап жазған басылымдар өз кезеңіндегі биліктің кесапаты мен келеңсіздіктерін келтірген. Баспасөздің қоғамдағы орны ерекше. Оның тарихы ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастау алатыны белгілі. Қазақ елі Ресей империясының құрамына енгеннен кейін, бұл аймақта өз саясатын орнықтырып, насихаттау мақсатында газеттер ашты. Қазақ баспасөзін зерттеген ғалым Ө. Әбдіманов қазақ баспасөзінің беташарлары қазақ тілінде шығарылған «Түркістан уәлаяты» газеті (1870-1882) мен «Дала уәлаяты» газеті (1888-1912) болғанымен, негізінен, патша өкіметінің орыстандыру саясатының тірегі, өкімет көздеген мақсат-мүдденің насихатшысы рөлін атқарғанын айтады. [2] Және бұл газеттерді қазақ даласында бұған дейін патшалық Ресейдің билеуші аппараттары алдымен аударма ретінде шығарып, бірте-бірте олар дербес газет дәрежесіне дейін көтерілген. Бұған дейін баспасөздің маңыздылығын түсінген зиялыларымыз да өз кезінде осы мәселені айтып кеткен. Міржақып Дулатов сол кезде баспасөзді күшейту, көркейту жолында істелетін шаралар қандай болу керек, соларды жобалап, ұйғарған шараларды жүзеге асыру үшін Қазақстан баспасөз үмесін жариялағанын айта келе, «Біздің баспасөзіміз күшті болса, қазір «Баспасөз көркейту» ұраны шақырылмас еді, баспасөз үмесі жарияланбас еді» -дейді. [3] Дулатов М. қазақ, қырғыз тілінде Қазақстан, Түркістанды қоса санағанда сол кезге дейін шығып тоқтаған, шығып тұрған газет, журналдарды көрсетеді: «Дала уалаятының газеті», «Серке», «Айқап», «Қазақстан», «Қазақ», «Қазақ газеті», «Сарыарқа», «Алаш», «Жас азамат», «Абай», «Бірлік туы», «Үш жүз», «Қазақ мұңы», «Заман тілі», «Қазақ тілі», «Тіршілік», «Кедей сөзі», «Бостандық туы», «Ұран», «Мұғалім», «Еркін», «Ерік», «Қызыл ту», «Еңбек туы», «Ақ жол», «Жас алаш», «Кедей еркі», «Ұшқын», «Сахара таңы», «Жаңа өріс», «Көмек», «Жас қайрат», «Тілші», «Шолпан», «Сана», «Еңбекшіл қазақ», «Қызыл Қазақстан», «Темір қазық», «Өрнек», «Қазақ кедейі», т. б. Жоғарыда жазылған баспасөз атаулары Алаш ақпаратының негізі болғанын білдіреді. Сонымен қатар біздің елдегі дәстүрлі БАҚ-тың бастауы болған бұл басылымдар қазақ өміріне өз өрнегін салып, қоғамдағы ой-өрістің дамуна ықпал етті. Ақмола уезі Ереймен, Қоржынкөл, болыстарындағы «Керей» атты қазақ тобының 1905 жылдың 4-маусымында қабылданған, Семей уезі Мұқыр, Шыңғыстау, Бұғылы, Шаған, Қызыладыр болыстары қазақтарының одан 8 күн кейін қабылданған және сол маусым айында жазылып, 13 мыңдай адам қол қойған «Қоянды хұзырхаты» (петициялары) көрсетілген жылы империя астанасы Санк-Петербург қаласына, патша атына жөнелтілген екен. Осы хұзыратта баспасөз мәселесі де қарастырылған: «Қазақ халқының ағымдағы мұқтаждарын айқындау үшін қазақ тілінде газет шығару керек, ол үшін газет шығаруды алдын-ала тексерусіз (цензурасыз) жүзеге асыру және баспахана ашу мәселелерін тікелей шешу тәртібін орнату қажет болады» [4] . Қазақ тілінде шыққан газеттердің екінші тобы Ресейде болған 1905-1907 жылдардағы революция дүмпуімен дүниеге келген, одан кейінгілері Қазан төңкерісі алдындағы дабылдардан кейін шыға бастаған. Өркениетті халықтар тарихында оның ұлттық мүддесіне сай баспасөздің жарыққа шығуы - аса зор тарихи оқиға. 1913 жылдың 2 ақпанында Орынбор қаласындағы Каримов, Хұсайыновтар баспаханасынан басылған «Қазақ» газетінің бірінші санында газет редакторы - қазақтың белгілі ғалымы Ахмет Байтұрсынұлы оқырмандарына арнап, «Құрметті оқушылар!» атты мақаласында газеттің қоғам өміріндегі атқарар рөлін атап кетті. Мұнда газеттің аса бағалы 4 қасиеті сараланған: Әуелі, «газет - халықтың көзі һәм тілі». Екінші, «газет жұртқа қызмет ететін нәрсе, олай болатын мәнісі жұрттың білімді, пікірлі, көргені көп көсемдері, оқығаны көп адамдары газет арқылы халықтың алдына түсіп, жол көрсетіп, жөн сілтеп, басшылық айтып тұрады». Үшінші, «газет - халыққа білім таратушы. Олай дейтініміз, газеттен жұрт естімегенін естіп, білмегенін біліп, бірте-бірте молайып, зейіні өсіп, пікірі ашылып, парасаты жетпекші». Төртінші, «газет - халықтың даушысы. Яғни, газет арқылы халықтың сөзін сөйлеп, пайдасын қорғап, зарына қарсы тұрып, қарғаға көзін шұқытпасқа тырысады» [5] . Осындай анықтамалармен отаның орнықты даму жолында журналистиканың қай қырын болмасын айтқан. Дәстүрлі бұқаралық ақпарат құралдарының негізі болған баспасөз діттеген ойды дәл жеткізе білетін журналистердің келесі кезеңдердегі кәсіби мамандарына жол салды. Қазіргі таңға келсек, Қазақстандағы бұқаралық ақпарат құралдарының қызмет ете бастағанына аз уақыт болған жоқ. Бұл уақытта мерзімді баспасөздің талайы ашылып, талайы жабылды. Олардың ішінде партиялық, қоғамдық-саяси, экономикалық, білім мәселелері, денсаулық, мәдениет пен өнер жөніндегі, тіпті, әйелдер мен балаларға арналған басылымдар да болды [6] . Мемлекетіміздің қарқынды даму заманында бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі күннен-күнге күшейіп келеді. Оның халық өміріне өз әсерін тигізері сөзсіз. Өйткені баспасөздің, теледидардың, радионың қызметі оның санымен емес, ұлттық мүддеге негізделген қызметімен өлшенеді. Бұған дейін оқырман тек мәліметті түрлі тармақта оқумен, көрумен немесе тыңдаумен ғана шектелетін болса, бүгінгі оқырман интернет арқылы мәліметті көріп, тыңдап, оқып қана қоймай өзінің пікірін қосып, ол туралы өзгелерге хабарлап, тіпті өзі де ақпарат жасаушыға айналады. Бір сөзбен айтқанда оқырмандар өздерінің газеттерін өздері жасай алатын деңгейге жетіп отыр. Осы орайда жаңа медиа дегеніміз мол мүмкіндіктерге жол ашқан интернет технология деп түсіндіруге болады. Соңғы мәліметтер біздегі интернет пайдаланушылардың саны - 5 милионнан асқанын көрсетті. Бұған сонымен қатар телефон тәрізді шағын құрылғының көмегімен ғаламдық ақпарат «аренасына» қосылып отырғандарды датеңестірдік. Бұл бізде жаңа медиа құралдары кең қолданыла бастайтынын көрсетеді. Бірақ, өкінішке қарай, интернет контенттін ұлт мүддесіне жұмыс істеткізу ісінде іркілу бар. Бізде жаңа медиаға лайықтап контент дайындай алатын, өнім әзірлейтін кәсіби мамандардан құралған ұйым өз аяғына нық тұрған жоқ. Қазақ газеттерінің сайттары көбіне қағаздағы нұсқасының көшірмесі ғана болып жарияланады. Әрі қарай сайт иелері виртуалды оқырмандарымен белсенді жұмыс істемейді. Дамыған елдерде жаңа медиа дәстүрлі медианы басып озуға таяу. Жалпы, интернет дамыған соң, Қазақстанда жаңа медиа сөзсіз дамиды. Бірақ қазақ тілінде дамытатын контентмейкерлер керек. Интернет тұтынушыны қызықтыратын қазақша мультимедиалық өнім болмаса, интернет қолданушы сөзсіз өзге тілдегі өнімді тұтына бастайды. Мысалы, бізде интернет қолданушылардың басым бөлігі Ресейдің немесе АҚШ-тың өнімдерін қолданады. Бұған дәлел Қазақстанда жиі қолданатын төрт ресурсты айтсақ, бірінші орында mail. ru, екінші орында Google. com, үшінші орында Google-дің орысша баламасы, төртінші орында Яндекс, барлығы шет елдік компаниялар. Бұл арқылы әрбір қазақстандық қолданушы ғаламторға шыққан сайын шет елдік компанияның даму үлесә үшін жасап отырғандай болады. Ал қазақ тілінде контент әзірлейтін мамандар, ұйымдар болса, онда біріншіден ақпараттық қауіпсіздік мәселесі шешіледі, екіншіден бұл - ұлттық мазмұндағы дүниенің көбеюіне әрі өз нарқымызды қалыптастыруға себеп болады. Қазақша ресурстардың мазмұны ағылшын немесе орыс тіліндегі ресурстарды түгелдей алмастыра алмас. Себебі, ағылшын тілі ақпараттық технологияның тіліне айналды. Әйткенмен шет тіліндегі сайттарды қолданудың артықшылықтары болғанымен, өзіндік қаупі бар. Мысалы, ресейлік mail. ru ойын-сауықтық коммуникациялық порталы қазақша әріптерді қолдамайды. Оны қолданушылар қазақша сауатты жазудан қалып барады. Интернет қолданушылар жай ғана ұсынған өнімнің жетегінде кетпей өзіне қажетті контентті өзі түзуі үшін ІТ сауаттылықты қолға алуымыз керек. ІТ сауаттылық дегеніміз - тек интернетке кіріп шығуды білу, mail. ru-ды қолдану ғана емес, ол интернеттегі бар бағдарламаны өз қажеттілігіне икемдей алу. Пайдаланушы қолда бар өнімді ғана пайдаланып, соның жетегінде кетсе оны сауатты қолданушы деу қиын. Жаңа медианың дәстүрлі медианы алмастыруы қиындау. Өйткені жаңа медиа тек құрал, ақпарат жеткізудің тәсілі. Бұған дейін адамдар бір сағаттық хабар көретін болса, енді 5 минуттық телефонннан көре алатын қысқа хабар керек, бұрын газеттен көлдей мақала оқитын болса, енді интернеттен қысқа ақпарат түріндегі, суретпен безендірілген мақала керек. Қазір адамдардың өмір сүру деңгейі өзгерді, заман жылдамдықты талап етеді. Уақыт тапшы, қысқа, әрі тез ақпарат беру керек. Біз бұдан қашып құтыла алмаймыз. Интернет күн сайын дамып жатыр, қолданушылар саны артып келеді. Осы тұрғыдан жаңа медиа сұранысқа ие болады. Бірақ дәстүрлі медиа өмір сүре береді. Себебі, ақпараттың негізгі мазмұны өзгерге жоқ. Бар болғаны оны жасау тәсілі жаңарды. Менің ойымша, дәстүрлі БАҚ таяу болашақта салалық болып бөліне бастайды. Жаңа медиа салалық басылымдарды алмастыра алады деп ойламаймын. Себебі телефонмен немесе интернетпен берілген мақала сараптаманы қамти алмайды. Сондықтан салалық газеттер немесе интернетті аз тұтынатын аймақтарда жергілікті газеттер әлі де негізгі ақпарат көзі болып қала бермек. Ал қазіргідей саяси-қоғамдық газеттер таяуда бұқаралық сипаттағы бағытын өзгертуі ықтимал. Мысалы, бұл үрдіс Америкада көрініп отыр. Көптеген қоғамдық-саяси басылымдар жабылып жатыр. Оларға жарнама, қаржы жаңа медиадан келіп жатыр. Сондықтан олар сол жағын дамытуда, жаңа медиаға, яғни интернет арқылы ақпарат таратуға көшуде. Елімізде масс-медианың рөліне және оның тіліне байланысты көптеген ой-пікірлер айтылып жүр. БАҚ туралы қазіргі түсінік қандай? Оның қызметінде қандай бағыттар басымдық етуде? Бұқаралық ақпараттық құралы (БАҚ немесе бұқаралық-медиа) дегеніміз: а) бұқараның мінез-құлқы үлгілерін іріктейтін және шектейтін, соған иландыратын күш; ә) сөздік, бейнелік және музыкалық информацияны жаппай көбейтетін, әрдайым тарататын, ақпаратқа жалпылама бұқаралық сипат енгізетін ұйымдық-техникалық комплекс [7] . Әлеуметтанушылар Калифорния университетінің профессоры Мануэл Кастеллстің «ақпараттық қоғам» деген терминін мойындайды. «ХХ ғасыр мен екінші мыңжылдықтың басты қортындысы - технологиялық төңкерістің дамуы, капиталистік экономика мен түрлі әлеуметтік қозғалыстардың қайта құрылу барысында ақпараттық желілік қоғамның пайда болуы», [8] -дейді Кастеллс. Ғалымның айтар ойы орныққан саланың дамуы. Расында ХХ ғасырдың бірінші елу жылдығында газет, журналдар мен қатар радио өз аудиторияларының ауқымын едәуір ауқымды қылды. Дегенмен, көгілдір экран көпшілік назарына ұсынылғаннан кейін ақпараттар ағынын алудың алуан түрлілігі пайда болды. Көзбен көріп, құлақпен есту бір терезеге бағынды. Ала йда басылымдар мен радио бұрынғы деңгейлерінен түскен жоқ. Бұл БАҚ арасында бәсекелестікке қабілеттіліктің бастауы болатын. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Журналистер құқығының қорғалуындағы шетелдік тәжірибе
Корпоративтік бұқаралық ақпарат құралдарының функциялары
Бұқаралық ақпарат құралдардың теориялық метадологиялық негіздері
Н.Ә.Назарбаевтың елімізде Конституциялық реформасы
Қазақстан Республикасындағы сөз бостандығы мен ақпараттарды алумен таратудың конституциялық құқықтық негіздері
Бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі
Сөз бостандығы және оның келешегі
Саяси процестегі БАҚ рөлі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz