Химияны оқытуда әріптестік технологияның жаңа модификацияларын қолдану


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
Химия факультеті
Жалпы химия және химиялық экология кафедрасы
Бітіру жұмысы
Қорғауға жіберілді:
Жалпы химия және химиялық экология
кафедрасының меңгерушісі
х. ғ. к., доцент Төреғожина Ж. Р.
ХИМИЯНЫ ОҚЫТУДА ӘРІПТЕСТІК ТЕХНОЛОГИЯНЫҢ ЖАҢА МОДИФИКАЦИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ
050112 - «Химия білім беру» мамандығы бойынша
Орындаған 4 курс студенті Кудереева У. А.
Ғылыми жетекшісі
тенх. ғ. д., профессор Баешова А. Қ.
Норма бақылаушы
а/ш. ғ. к., доцент Рыспеков Т. Р.
Алматы, 2011
Мазмұны
КІРІСПЕ. . 3
1 ӘДЕБИ ШОЛУ 4
- Әріптестік технологиясы туралы түсінік. 4
- Оқушылармен қарым −қатынас . . . 4
- Әріптестік технологиясының артықшылықтары мен кемшіліктері……. 16
- Әріптестік технологияның қолданудағы ерекшеліктері. . 18
- В. Ф. Шаталов жүйесі және нарықтық мектеп 25
1. 6 Технологияның жаңа модификациясы . . . 31
2 НЕГІЗГІ БӨЛІМ. . 33
2. 1 Химияны оқытуда әріптестік технологияның жаңа модификацияларын қолдану әдісі . . . 33
2. 2 Химияны оқытуда, әріптестік технологиясын қолдануда топтастыру стратегиясын пайдалану. . 36
2. 3 Оқушылар дайындаған тіректер сипаты. . 37
2. 4 Тіректерді пайдаланып жүргізілген сабақтардың нәтижелері. 45
2. 5 Карточкалар мазмұны. 46
2. 6 Сабақта өтілген материалдармен жұмыс істей отырып, топ оқушылардың дайындаған тіректерінің көрсеткіші. . 48
2. 7 Сабақты бағалау критерилері. 57
2. 8 Химияны оқытуда әріптестік технологиясы бойынша жүргізілген эксперименттік бөлім нәтижесі 57
2. 9 Оқушылардың эксперимент уақытындағы бағаларының көрсеткіші……. 58
3 ҚОРЫТЫНДЫ . . . 60
4 ПАЙДАЛНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 61
КІРІСПЕ
Қазіргі кезеңде тәуелсіз еліміздің ертеңгі−жастардың білімінің тереңдігімен өлшенеді. Білімді, жан−жақты қабілетті ұрпақ−ұлтымыздың баға жетпес қазынасы. Бүгінгі таңда педагогика ғылымының өзекті мәселелерінің бірі−жеке тұлғаны жетілдіруде, жан−жақты дамытуда, білім беруде ғылымның соңғы жетістіктерін қолданып, шығармашылық жұмыстарды жасауға қабілетті, дүниетанымдық көзқарасы кең, рухани бай азамат дайындау. Қоғамада болып жатқан жаңа әлеуметтік−экономикалық ұсыныстар толық білім жүйесіне қатысты. Сондықтан білім беруді дамыту мәселелері, білімнің сапасы қалыптасқан білім беру сипатын, өткен тәжірбиелерді саралап, әлемдегі озат үлгілермен сабақтастықта өзіміздің ұлттық болмысымызды ескере отырып, жетілдіру игі жоспарларымыздың біріне айналуда. Қай кезде болмасын ізгі мақсаттарға, асыл мұраттарға жету ізденістер мен шығармашылық әрекеттер арқылы мүмкін болмақ.
Бүгінгі күні жаһандану жағдайында өркениеттіліктің өлшемі, тетігі, құндылығы ретінде шығармашылық сипаттағы білімнің орны үлкен. Оны өлшем ретінде қабылдамауымыздың себебі, кез−келген мемлекеттің рухани да, әлеуметтік− экономикалық дәрежесі онда өмір сүретін халықтың білім деңгейі мен меңгерген білім, біліктерін шығармашылықпен қолдана алуына байланысты[1] .
Қазіргі заманда жалпыға орта білім беру мектептерінің түлектерінің білім сапасын жоғарылату әрбір педагогтың алдында тұрған өзекті мәселелелердің бірі болып табылады. Осыған орай мектептердегі педагогтар ұжымдары оқытудың жаңа әдістерін қолдануға және дәстүрлі әдістерді жетілдіруге бағытталған ізденістер үстінде. Қолдануға мүмкін және тиімді болып табылатын педагогикалық технологияларға әріптестік технологиясын жатқызуға болады. Бұл технологияда оқытылатын пәнге де, тұлғаның қалыптасуына да бірдей көңіл бөлінеді. Оқушылар мен оқытушылардың арасындағы қарым-қатынастар жаңа сипатқа ие. Осындай, ұжымдық және мақсатқа жетуге ұмтылысты қалыптастыратын қарым-қатынастар оқушылармен әріптестіктің негізін қалайды.
Жұмыстың мақсаты: Жаңа педагогикалық технологиялардың бірі болып табылатын әріптестік технологиясын мектепте химияға оқыту барысында қолдану мүмкіндігін қарастыру.
Жұмыстың міндеттері: химияны оқытуда әріптестік технологиясын қолдануда, оқушының дара қабілетін дамыту, білім алуда жеке стилін қалыптастыруына, жеке қасиеттерінің ашылуына ықпал жасау мүмкіндігіне негізделген.
ӘДЕБИ ШОЛУ
1. 1Әріптестік технологиясы туралы түсінік.
Әріптестік технологиясы−дегеніміз оқыту әдістемесіне де, тұлғаның қалыптасуына да бірдей көңіл бөлетін технология. Осы технологияның мәнін, мұғалім оқыту әдісінде, оқушыныда бір қолымен алып жүре алатынын көреміз. «Әріптестік технологиясы» деген атау отандық және шет елдердегі дидактикалық тұрғыдан қиын мәселелерді шешу варианты ретінде біріктірілген. Отандық түрі «қызметтестік педагогика» атымен 80-90 жылдар басында ел ішінде қарқынды дамып, кең қолданылым тапты, өзгертіліп жаңалықтар енгізілді, кейбір бастапқы енгізілген элементтері алынып, оның орнына басқалары орнын тауып отырды. Сондықтанда бізде әріптестік технологияның өзгертілген (модификацияланған) түрі бар деп білеміз.
Қызметтестік педагогиканың негізгі ойларын «Манифестте» айтылғандай қарастырайық. «Манифест»-Мәскеудегі Переделкинодағы педагог-новаторлар тобының инициативасыменен қабылдаған қортынды құжат. Олар: С. Н. Лысенкова (Москва, №587 мектеп), В. Ф. Шаталов (№5 мектеп Донецк), И. П. Волков (№2 мектеп, Реутов, Мәскеу облысы), В. А. Караковский (Москва, 825 мектеп), М. П. Исетенин, АПН СССР-ң жалпы тәрбие беру мәселелері Институтының аға ғылыми оқытушысы, Е. М. Ильин, №307 мектеп мұғалім− әдіскері Ленинград, Ш. А. Амонашвили, СССР ПҒА корреспондент - мүшесі, Н. И. Гузик- мұғалім (Одесса обылысы) П. М. Эрдниев профессор (Элиста қаласы) және тағы басқа (18-ші қазан 1986ж) «Учительская газета» басылымында шыққан « Манифесттің» мәтінінде әріптестік технологиясының негізгі қағидалары келтірілген [2] . Соларға тоқталып өтейік.
1. 2 Оқушылармен қарым−қатынас.
Мектепте болған өзгерістерге көз салайық.
Алғашқы көзге, тап бұрынғыдай сияқты: мұғалім сыныпқа кіріп, оқушылардан сабақ сұрайды, оқытудың техникалық құралдарын қолданып немесе қолданбай оларға жаңа материалды түсіндіреді, демек оқытудың түрі бұрынғыдай қалып отыр. Терең түрдегі өзгерулер мұғалімде емес оқытушыларда бар сияқты. Бұрын оқуға қабілеттілігі жоқ немесе оқығысы келмейтін оқушылар мектептен шығып немесе екінші жылға қалып отыратын; ол кездері егер жақсы білім алсаң, көп жалақы аласың деген мықты экономикалық ынта болатын; және көпшілік ата−ананың ұзақ уақыт оқытуға балаларына, орта білім беруге мүмкіндіктері жоқ болатын, сондықтын да қабілеттілігі төмен оқушылар мектептен кетіп жатты. 30%−ға жеткен оқушылар континенті біртіндеп өздігінен шығып отырды. Қазіргі уақытта бұл оқушылардың барлығы біздің сыныптарымызда біз қазір оқушыларды таңдап алусыз және шығарып тастаусыз оқытатын бірінші педагог буындарының біріміз. Осындай оқыту әдістерін, амалдарын біз мұра ретінде алып қалған жоқпыз, біз оларды өзіміз жасауымыз қажет. Ғасырлар бойы атақты педагог-гуманистердің қайталап келгені, біз үшін тек арман болса, қазір күнделікті қажеттілік болып отыр: біз біздің балаларымыз да оқудың өзінде жатқан, оқытуға жаңа (стимул) ынта оятуымыз қажет. Егер оқытуға сыртқы түрткі болмаса, зорлап оқытуға арналған әдістер болмаса, егер пәнге жалпы қызығушылық жоқ болып және де біз реалист ретінде бар болмыстан жасырынып қалғымыз келмесе біздің алдымызда бір−ақ жол бар: біз балаларды жалпы оқыту еңбегіне баулып, қол жеткізген жетістіктеріне қуаныш сезімін, алға қарай ұмтылыуын, дамуын қамтамассыз етуіміз қажет. Олай болмаса, оқыта алмайсың. Оқыту нәтижесі қабілеттілікпен ынтаның көбейтіндісіне тең. Егер ынта нөлге тең болса, көбейтінді де нөлге тең. Балаларды оқыту үрдісіне қатыстыратын, баулитын оқушы мен мұғалімнің бірігіп еңбек етуіне көп көңіл бөлетін бұрынғы педагогикадан ерекшеленетін жаңа педагогика яғни қызметтестік педагогикасы қажет.
Мектепте әрқашан пән мұғалімдері және тәрбиеші мұғалімдер болатын. Біріншілер пәнді оқушыға жеткізеді, екіншілер оқушыны пәнге апарады. Яғни бұл балалармен бірігіп, қызметтестікте жұмыс жасау болып табылады, нәтижесінде ұжымшылдық және алға қойған мақсатқа жетуге қабілеттілік пайда болады. Егер ойлап қарасақ бұл қызметтестікте оқыту және тәрбие беру, терең түрдегі әдісі мақсат-міндетімен сәйкес келеді.
Мұғалімдер әдетте өзінің мықты оқушыларын мақтан тұтса, біз әлсіз оқушылардан мықты болып шыққан оқушыларды мақтан тұтамыз. Қызметтестік идеясы бір дыбыс болып қалмас үшін, ол әдістемемен күшейтілуі қажет (қазіргі түсінік бойынша-технологиямен) . Балалармен бірігіп жұмыс жасауды жаңа тоқсананнан бастап енгізіп немесе хабарлап айтып қоя салуға болмайды, оған жылдар бойы жету қажет. Біз ұзақ жылдар бойы оқушылармен бірігіп жұмыс жасауға алып келетін педагогиканы жасап келдік. Ол балалармен қарым-қатынас жасау кезінде пайда болды және де біздің басымызды қосатын негіз, бұл-оқушылармен қарым-қатынасымыздың өзгеруі. Мұғалімнің оқушыға көңіл аударуы, оның балалармен қарым-қатынасы, бүкіл дүние жүзі бойынша, қазіргі таңда халықаралық педагогикалық кездесулер мен конгрестерде талқыланатын сұрақ. Бұл мәселелерді шешудегі біз өзіміздің әдістерімізді табуымыз қажет.
Күштеусіз (зорлықсыз) оқыту. Бұл педагогиканың орталық нүктесі−біздің күштеп, мәжбүр етіп оқытатын әдістерімізді қолданбау және оқытудың гуманды түріне көшу. Бізге қандайда әлсіз сынып түссе де, біз жаман баға қоймадық, оқушылардың ата-анасына шағым түсірмедік, сабақ барысында ескерту жасамадық, яғни бұлай да оқытуға болады екен және бұл әлдеқайда жеңіл болады екен. Балаларды зорлықпен, күшпен оқыту педагогтардың өздерін де шаршатып, өз күштеріне деген сенімін төмендетеді, мектепте болып жатқан оқиғалардың дұрыс екеніне күмән туғызады. Қызметтестік педагогика мұғалімнің жұмысын шиелендіреді бірақ бұл шиелініс қуанышты болатын сияқты. Мұғалім үнемі бағаны жалған түрде жоғарылатып қоюдан, білім жоқ болсада жалған үш қоюдан босайды.
Әзірше, жаңа әдіс қабылданғанша, бізге бағдарламаларды үнемі қысқарту қажет болады, бірақ олар сонда да оқуға қабілеттілігі жоқ оқушылар үшін күрделі болып отырады.
«Сухомалинскийдің айтуы бойынша, бала жақсы оқып, үлгеруі үшін, оның жақсы оқуы және қалып қалмауы керек. Осы парадокст болып көрінетін сөйлемде педагогикалық істің барлық күрделілігі түйінделген. Тек жетістіктен туындайтын шабыт бар жерде, оқуға деген қызығушылық болады. Қызметтестік педагогикасы тек бір нәрсеге бағыттылған, ол, балаға жетістікке жетемін деген сенімін жоғарылату, үйренуге үйрету, оның қалып қоюын және қалып қойғанын байқатпау.
Қиын-мақсаттың идеясы. Барлық мұғалімдер жаңа бөлім немесе сабақтың тақырыбын хабарлайды, бірақ та қызметтестік рухын ұстап тұру үшін балалардың алдына күрделі мақсат қою қажет, оның аса қиын екенін көрсету қажет және мақсатқа қол жеткізілетіне, тақырыптың жақсы игерілетіне сенім ұялату керек. Бұл жағдайларда оқушыларды біріктіретін тек қана мақсат емес, мақсат аса қызық емес болуы мүмкін, ол қиыншылықтарды жеңе алатын мүмкіндікке сенім. Жалпы шабыттанусыз балалармен қызметтес болу қиынға түседі.
Тірек идеясы. Әрбір сыныпта балалардың қабілеттілігі әртүрлі болғандықтан, және де біз «саған қиындау есеп, саған болса жеңілдеу» деп балаларды қабілеттілігі бойынша бөлмейтіндіктен, әсіресе кішкентай балалармен қосымша сабақ жүргізуге қарсы болғандықтан, және де біз балалар өздерін екінші сортты деп күмәндануын қамтамасыз ететін барлық әдіске қарсы болғандықтан, біз барлығымыз тәжірибелей келе, тірек идеясына тоқтадық. Ол В. Ф. Шаталовтың тірек белгілері, С. Н Лысенкованың сызба И. П. Ивановтың шығармашылық тәрбие беру әдісіндегі тәртіп моделі, Е. Н. Ильиннің тірек тетіктері Д. Е Огороднов әдісінің ән айту алгоритімі. Тірек формалары әртүрлі, бірақ барлығының жалпы принципі бір: әлсіз оқушының өзі тақтаның алдында өзін еркін сезінуі керек, сынып жұмысын тоқтатып қоймай сабақтың қарқынын бұзбауы керек, ол үшін, олардың алдында тірек болуы қажет. Бұл сызбанұсқа түріндегі көрнекті құрал емес, ол әңгіменің ереженің, есептерді шешу әдістерінің көрсететін жібі тәріздес. Бұл тіректерді әлсіз оқушылар күшті оқушыларға қарағанда көп қолданады, бірақ сыныпта бұл айырмашылық байқалмайды, барлығы сенімді түрде жауап беріп, өзіне лайық жақсы баға алады.
В. Ф Шаталовтың тірек белгілері. В. Ф. Шаталовтың тірек белгілеріне ерекше тоқтау керек, Бұл сызбанұсқа емес, бұл қағаз бетінде орналасқан белгілердің, түйінді сөздердің және басқа да ой тіректерінің жиынтығы. Белгілер оқушыларға оқуға берілген мәтінді өрістетуге және ықшамдауға мүмкіндік береді, ал орындалатын жұмыс әрбір оқушыға қолжетерлік және де берілген материалды өте жақсы түсінуге және қабылдап алуына мүмкіндік туғызады, ал ең маңыздысы―жаттап алуды толық шектейді. Оқушылар мұғалімнің түсіндіріруінің барысында оның ойын тек қадағалап қоймай, сол жолмен лабиринтте жүргендей, өздері жүріп отырады. Қазіргі уақытқа дейін біз ойлауды дамытудың бірғана проблемалық әдісін білетін едік, ойдың сұрақтан туындауы. Кейбір оқушылардың ойының әлсіздігі соншалық, азғана қиыншылық кездескеннің өзінде оның толық тоқтап қалуы байқалады. Бұл жағдайда мұғалімдер осындай оқушыларға ойлағысы келмейтініне ұрысып-жекиді немесе көмек берусіз жайынына қалдырады. Қызметтестік педагогика аз болсада ойлануға қабілеттілікті дамытуды көздейді. Зорлықпен, жекумен қосымша сабақ өткізумен бұған қол жеткізуге болмайда, себебі қабілеттіліктің және табыстылықтың осындай төмен деңгейінде баланың өзімшілдігі маңызды роль атқарады. Біз балаларды қайта тәрбиелемейміз. Егер де бір бөлмедегі 2 қызметкер бір-бірін қайта тәрбиелейтін болса, ұрыстан басқа ештеңе шықпайды. Біз балалардың жеке тұлғасына тиіспеуге, қателерін және кемшіліктерін көрсетіп олардың намысына тимеуге тырысамыз. Біз сынып ішінде мақсаттылық пен еңбек атмосферасын қалыптастырып, тілектестік қарым−қатынастар арқылы балаларды еңбекке баулимыз. Бұдан олар ақылдырақ және мейірімдірек бола түседі [3] .
Мұғалім зорлықпен оқыту құралдарын қолдануды шектегеннен кейін өзін әлсіз сезіне бастайды. Бірақ бізде жан−жағынан күшті педагогикалық құрал бар. Бұл-жұмысқа барлығын зорламай, жекімей, баули алатын-балалар ұжымы. Сабақ-бұл, ұжымдық еңбек, мұғалім және оқушының ұжымдық шығармасы. Көпшілігімізде оқушылар әдісті таңдауда және сабақтың құрылуына ат салысады. Біз балаларды сабақта ұжымдық жұмыс жасауға үйретеміз.
Жұмыстарды бағалау. В. Ф. Шаталовтың конспекттері жалпы қызығушылықты тудырды. Оларды ЖОО және техникумдардағы кез-келген пән мұғалімдері қолданады. Жетістікке жетудің себебінің бірі, бұл − тіректік белгілер оқытудағы ең күрделі педагогикалық келеңсіздіктерді шешеді: оқушының үйде орындаған жұмысын ықшамдалған күйде тексеруге − оқытушының тірек белгісіне бір көз салуы әрбір оқушының сабақтағы жұмысын әділ бағалауға жеткілікті. Оқушы күнделікті жүйелі түрде тек оны тақтаға шақырады және баға қояды демей жұмыс жасаса, ол тез дамып, артта қалғандар қатарына кірмейді. Бұл барлық жастағы оқушыларды шабыттандырады, сол себептен жетістік атмосферасында келешекте жұмыс атқару ешқандай қиыншылық тудырмайды. Балалардың жетістіктері қайталап отыруға тәуелді. Есте сақтаудың үш түрін яғни көзбен көру, моторлы есту қолдана отырып бірнешерет қайталау − бұл оқушының барлығын біліп, барлығын жасай алу, қабілеттілігін тудыртады. Оған баға қойса да, қоймаса да болады [4] .
Ш. Амонашвили кішкентай балаларға тіптен баға қоймайды. С. Н. Лысенкова, «екіні» қоймайды, өйткені, оның барлық балаларының үлгерімі жақсы. В. Ф. Шаталов жұмыс жасалмаған жағдайда күнделікті білімді тексеру ведомостында бос тор қалдырады. Формалар әртүрлі, бірақ түйіні бір − зорлықсыз оқыту. Әсіресе бұл төменгі сыныптарға қатысты. Жаман баға қоятын бастауыш мектеп мұғалімі мақтау, мадақтауды қолдана алмайды. Ол нәтиже алуда шыдамсыз, балаларға сенімі жоқ, бұл мұғалімдер мектеп үшін өте қауіпті, балалардың мәңгіге оқуға деген ынтасын жояды. Зорлықсыз оқытуды педагогикалық училищелерде үйрету қажет. Қалайша? Зорлықсыз оқыту мен біздің әдістемелерде қателіктерді түзету үшін ұжымдық жұмыс жасау жоқ.
Егер де балалар қате жіберсе, бұл мұғалімнің қателігі, демек мұғалім сәйкесінше, әдіс табу қажет. Мұғалімге тек өз пәнін білу аз, ол балалық білмеушілікті біліп, оны сыйлауы қажет, - оның себебін түсініп, күш салусыз оны жою керек. Біз ойлағанымыздай емес еріншек балалар әлде қайда аз, яғни бала алдына қойған мақсатқа шешім таппаған кезде еріншек болады. Бала еріншектігі бұл жағдайда мұғалімнің педагогикалық агрессиясынан қорғаныш. Біз әлі қайратты (еркі) толық қатаймаған және борыштық сезімі дамымаған балалармен және жасөспірімдермен жұмыс жасаймыз. Бірақ борыштық сезімі және қайраттылық, көндірумен, зорлықпен бекімейді. Олардың бекітілуі оқушының күнделікті оқу алдындағы борышын өтеп, одан қуаныш және қанағаттанарлық сезім алуымен байланысты. Біз «балалар еңбекті сүюі қажет» немесе « мұғалім оқушыны еңбекке баулу керек» деп айтпаймыз, ой тізбегі керісінше егер қызметтестік педагогиканы қолдансақ, балалар еңбекке үйреніп оны сүйе біледі, олардың алдында борыштық сезімі пайда болады.
Ерікті таңдау идеясы. Оқыту кезінде балалар өздерін педагогтың қызметтесі ретінде сезіну үшін, оларға әрқашанда мүмкіндігінше таңдау еркін беру қажет. Ш. Амонашвили осындай таңдау мүмкіндігін ең кішкентай балаларға да береді . В. Ф Шаталов оқушыға 100 есепті тапсырмаға беріп, оның кез−келгенін және қаншасын таңдауға ерік береді. С. Н. Лысенковада, шығарма жазу алдында қиын сөздерді оқушылар таңдап, оларды мұғалім тақтаға жазады. И. В. Волков балаларға тек тақырыптың атын айтады ― «батырларды жасау», «ұшақ жасау», «архитектуралық ескерткіштер жасау», бірақ қалай, қандай материалдан жасауын оқушылар еркіне, таңдауына қалдырады. Таңдау еркі − шығармашылық ойдың дамуындағы ең қарапайым қадам.
Балалар мұғалім рөлін сомдаған кезде, тез дамиды. С. Н. Лысенковада олар кезекпен сыныпты жүргізіп, жұмысты дауыстап баяндайды. И. П. Волковта шын педагогтар тәріздес үлкен сынып оқушылары төменгі сыныптағыларға сабақ жүргізеді. В. Ф. Шаталовтың жоғары сынып оқушылары үнемі төменгі сыныптағылардың дәптерлерін тексереді. Оқушылар бір−біріне әрдайым көмек беруі қажет, бірақ олар баға қоймауы тиіс.
Басып озу идеясы. Бұл идея әрқайсымыздың жұмысымызда әртүрлі болып байқалады, бірақ бұған барлығымыз келгенбіз. В. Ф. Шаталов бағдарламаны 1-2 бұрын оздырса, С. Н. Лысенкова, 1-1, 5 жыл ертерек күрделі тақырыптарды өте бастайды. Жоғары сыныптардағы оқушылардың немесе студенттердің есебін И. П. Вылков бастауыш сынып оқушыларына немесе 6-жасарларға береді. Б. П. Никитин ересектер де шеше алмайтын бас қатыратын есептерді кіші балаларға беріп отырады. Бағдарламаны басып озу оқушыларды, қуантып, мақтаныш сезімін тудырады: мұғалім бағдарламадан өзін тәуелсіз сезініп, сабақта уақытты өз еркімен пайдаланады. Маңызды жаңалық ретінде С. Н. Лысенкованың үлкен және кіші перспективасын есептеуг болады. Осы уақытқа дейін мұғалім сабақта бұрынғы материалды қайталап, жаңасын түсіндіретін ол тек «кеше», «бүгін» дегенді білетін, С. Н. Лысенкова алғаш рет сабаққа «ертең» деген ұғымды енгізеді. Бұрынғыны қайталап, жаңаны түсіндіргеннен басқа ол 50-100 сабақтан кейін өтетін материалға да аз уақытын бөледі. Бұл міндетті түрде керек екен, себебі кішкентай балаларға, бағдарламамен көзделген сабақ жетпейді екен. Тақырыпты игеруге кейбір балаларға, бес сабақ жеткілікті болса, кейбіріне 50 сабақ керек. Келешектегі күрделі тақырыпқа алдын−ала жайлап келе бастап, С. Н. Лысенкова балаларға ойын − дамытуға керек уақыт береді. Бұл кезде күшті оқушылар сыныпта әлі өтпеген сұрақтарға интуиция, жобалау сияқты қасиеттерін пайдалана келе, жауап беруіне мүмкіндік бар, осыдан олар тез дамып, әдеттегідей әлсіз оқушылардың арасында іштері пыспай, жұмыстан қол қуысырып қалмайды. Біздің жалпы тәжірибеміз көрсеткендей, қызметтестік әдісте күшті оқушылар жеңіске жетеді. Олар ―«мұғалімнің негізгі қоры», оларды ештеңе тоқтатып тұрмайды, олар өз соңынан атынан ұжымды алып жүреді [5] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz