Сүйінбай Аронұлы айтыстары


Филология факультеті
Қазақ әдебиеті кафедрасы
Тақырыбы: Сүйінбай Аронұлы айтыстары
Сүйінбай Аронұлы айтыстары
Мақсаты: Сүйінбай Аронұлы ақынның айтыстарын басқа ақындар айтыстарынан артықшылығымен, ерекшелігін нақты дерек көздерімен дәлелдеу.
Сүйінбай Аронұлының айтыстарын айтпас бұрын, тегі, шыққан ортасы туралы, ақындық жолға келуі жөнінде қысқаша мағлұмат беріп өтейін.
Сүйінбай Аронұлы 1815 жылы бұрынғы Жетісу облысы, Верный уезі, Ұзынағаш болысы, үшінші ауылда (қазіргі Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Сүйінбай атындағы совхозда) дүниеге келген. Оның арғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы батыр, әрі ақын және шебер қобызшы болған. Ақынның балалық шағының ең бір қызықты тұсы Майтөбе жайлауының баурайында қозы-лақ, бағып, өлең айтумен өткен.
Күсеп Жиенқұлұлы- XVIII ғасырдағы Жоңғар феодалдық мемлекетінің шапқыншылығына қарсы аттанған қазақ елінің ерлік күресін алғашқы жырлаған жауынгер-ақындардың бірі. Ол - атақты «Өтеген батыр» жырының бастапқы шығарушы авторы.
Әрі батыр, әрі ақын Күсептің Жаманақ, Жаңбыршы, Арон деген үш ұлы болған. Күсепұлы Арон 1750 жылы туып, 1835 жылы 85 жасында қайтыс болған. Ароннан Жаманшыл-Жұмық-Сүйінбай-Оспан тарайды.
Сүйінбайдың алғашқы зайыбы Жұпан, одан Майлыбай туады. Жұпан ауырып қайтыс болғанда, Еңлікке үйленіп, Жетібай, Әзірбай деген екі ұл, Бағыжан, Қойжан деген қызы болған. Үлкен ұлы Майлыбайдан бес ұл, екі қыз тарайды. Үкіжан, Талжан, Тоғызбай, Садырбай, Дайырбай, Кәдірбай, Әуелбай. Бұлардан тараған Сүйінбай немере-шөберелері қазіргі кезде оқу-ағарту ғылым және шарушылық салаларында еңбек етуде.
Азамат ақын Сүйінбай Аронұлы 1898 жылы, 83 жасында қайтыс болған.
Ақынның сүйегі Алматы облысы Жамбыл ауданы Қарақыстақ өзенінің Шығыс жағындағы биік жотаға қойылған. Ұлы ЖамбылСүйінбайды рухани жебеуші пірім деп таныған.
Ұлы ақын Жамбылдың даңқты ұстазы Сүйінбай Аронұлы - қазақ халқының XIX ғасырда өмір сүрген ең әйгілі өнерпазы, табиғи зор талант иесі суырыпсалма өнердің жарық жұлдыздарының бірі.
Жыр дүлдүлі Сүйінбай ақын өзінің шығармаларында үнемі қалың еңбекші көптің атынан сөйлеп, қарапайым халықтың үміті мен бақытты келешекке деген сеніммен және арман-тілегі мен қасиеттерді халықтық көзқарас тұрғысымен бағалап, кесімді ой-пікірлерін шыншылдықпен айтып берді. Бүкіл саналы өмірі мен қажыр-қайрат, күш-қуатын, бойындағы алапат арынды, ақындық талантын түгелдей туған халқының болашағына арнады, тек қана еңбекші елге қызмет ету жолына жұмсады.
Халықты тілмен қорғадым,
Сөз шындыққа келгенде,
Бас кессе де болмадым.
Құтылып жарлы кеткенше
Зорларды сөзбен торладым, -дейді ақиық дарын Сүйінбай.
Бұл азамат, күрескер ақындардың айтатын саналы, сертті сөзі. Асылы, ақынның да ақыны бар: баз біреулер болыстар мен билерді дәріптеп, оларды ай мен күнге теңеп, солардың тасасында, көлеңкесінде күн көрген, ақындықты қорлаған; ал Сүйінбай болса, еш уақытта шындықтың шолпан жұлдызынан жаңылмаған, елінің мұң-мүддесін ұмытпаған, жыласа жұбатқан, жасыса қайрат берген.
Бізге белгілі екі үлкен айтысының бірі - « Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы» -- халық арасына кең тараған, әлеуметтік мәні терең, көпке белгілі, әйгілі айтыс. Осы уақытқа дейін ұмытылмай хатқа түсіп, елдің қызыға айтып, тамсана тыңдап келе жатқан көркем дүниесі. Бұл-Сүйінбай Аронұлының есімімен тұңғыш рет қалың қазаққа көрші қырғыз еліне танытып, даңқынасырған сөз жарысы еді . Бұл айтыста қазақ халқының феодлдық дәуірдегі тұрмыс-тіршілігі, заңы, әдет-ғұрпы, экономикалық халі анық көрінеді. Сұлтандар билеген замандағы елге жасалған зорлық, түрлі қиянат, қысым шебер ашылған. Және айтыста халықтың үстем тап өкілдеріне наразылығы, ашу-ызысы, кегі бейнеленген. Еңбекші бұқараның хан-сұлтандарға айта алмай отырған ойы - Сүйінбай арқылы өткір айтылған.
Сүйінбай Абылайдың тұқымы, XIX ғасырдағы Ұлы жүздің аға сұлтаны Тезек төреге былай дейді:
Албан, Дулат, Шапырашты ел емес пе,
Ел деген шалқып жатқанкөл емес пе!
Көл толқыса көбігін ткетер басып,
Төре сайтан болғанда, көп періште -
Бір сайтанды қаққан да пері емес пе?!
Кезінде Тезек төре ойына келген бұзақылықтың бар түрін момындарға қолданған, елге тізесі батқан, барымта алған, ру тартыстарын үдеткен ұлт араздақтарын ұйымдастырған, патшаның шығыстағы сақшысы, содарлысы. Міне, осындай жалаң қия жартастай, жан жағынан үскірік боран соғып тұрған, бет қаратпайтын бейбаққа қарсы келу-тек Сүйінбай секілді сынды алмас қылышты ақынның ғана қолынан келген.
Тезек төре ұлығын бетіне басып, ел билеуге лайық еместігін, ел ішіндегі телі мен тентекті тыюдың орнына өзің де осындай байлыққа белшеңе батып кеткен қорқау, парақор үстем тап өкілі екендігін ашады. Сырты ғана паң, мырза көрінетін төренің шын кейпі оның ісінде жатқанын бейшара әрекетінің мол екенін мазақтайды.
Сүйінбай Тезек төренің әйелі мен қыздарының жағымсыз кейіпін сатиралық әдіспен шебер ашып береді.
Осы тұста Сүйінбай Тезек төренің жеке басын жзәне тұрмыс-тіршілігін жан-жақты ашып берген мысал айтысын қолданды. Мысал айтысы ақындар айтысы үстінде тым сирек кездлесетін әдіс. Айтыстың бұл түрі ақындардың өмертанымын олардың сыншылдық қабілетінің дәлдігімен күшін көзқарас бағытын білдіреді.
Сүйінбай Аронұлы қазақ ауыз әдебиетінде ертеден келе жатқан айтыстың мысал түрін жаңашылдықпен игеріп белгілі бір мақсатқа пайдалануда оның мүмкіндігін өз шығармасында алғаш рет терең ашып көрсетуші.
Екінші үлкен айтысы «Сүйінбай мен Қатаға айтысы» . Жүз жыл бойы қазақ қырғыз халықтарының арасында жатқа айтылып, ауызша сақталған «Сүінбай мен Қатаған »айтысында XIX ғасырдағы қазақ қырғыз халықтарының әлеуметтік құрылысы, сұлтандар мен бай манаптар билеген феодалдық дәуірдегі елдің ауыр тұрмысы тарихи шындық негізінде терең ашылған. Себебі, өткен замандарда тіл әдет-ғұрып жағынан қазақ-ырғыз халқы бір-бірімен еркін араласып, туысқандық жағдайда өмір сүрген.
Ежелден-ақ той-жиындарды бірге өткізісіп, онда болатын дәстүрлі ұлттық ойындар бәйге, палуан күрес, ақындар айтысы тәрізді өнер жарыстарын бірге отырып тамашаласқан.
Атақты Сүйінбаймен айтысқан қырғыз ақыны Қатағанның шын аты -Арыстанбек Бұйлашұлы. Бертін келе Қатаған бай манаптар көрсеткен сый-құрметке бас бұрып феодалдық құрылыстың қорғаушы ақынына айналған.
Қырғыз ханы Орман үлкен ас беріп, оған Тезек төрені де шақырып қасына ақын, палуан, өнепаздарын алып келуін өтінеді. Қырғыз елінің шоң манабы Қара Бәйтік данакөз сұлу жігіт Сүйінбай ақын емес пе? Дегенде барша жұрпен жырымен амандасады. Сол кезде, Ссуырылып Қатаған шығады «Сені жеңемін деп» нық-нық сөйлеп екеуі ұзақ айтысады. Нәтижесінде Қатаған жеңіледі. Себебі дейді Қара Бәйтік қазақтан көппін деп мақтандың сен қазақ алауыз ел деп айтуың керек еді дейді. Ол айтыста кедей жалшылардың, манаптар билігіне әбден бағынып рухани жаншылғаны соншалық, олар кейде шоң манаптарды өлмейді деп те ойлаған. Сүйінбай ақын қырғыз манаптарының ел ішіндегі зорлық-зомбылығын тариха шындық негізіне сүйене отырып бастыра айтқан.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz