Ұлы жібек жолы сораптары


Ұлы Жібек жолы сораптары
«Жібек жолы» дегеніміз не, ол қашан пайда болып, Қандай қадеге жарады, Қай жерлерді басып өтті-әркімді-ақ толғандыратын алғашқы сұрақтар осындай.
Бұтқа табынушы (Бұдда дінідегі -ауд. ) қажы Сюань-Цзян 629 жылы «Бұдданың қасиетті қалдыөтарын көзбен көру және дін ілімін шындап зерртеу үшін» Қытайдан Үндіге сапар шекті. Ол Қытайды батыспен байланыстырып жатқын және техрикалық жаңалықтарға діни мұраттар мен мәдени жетістіктерге мұрындық болып тұрған осы халықаралық жолмен жүрді.
Чань-Аньнан шыққан саудагерлердің қоспақ түйелі керуенімен атақты Гоби шөлін жағалап, Дунхан арқылы «Ұлы айдахар құмы» аталатын сортаң шөлейтті, Хами мен Тұрфан аоқаптарын, Тянь-Шаньның солтүстік бөктерімен мұздақ тауларын, шамасы, Музур-Ола жоталарын басып өткен Сюань-Цзян мен оның сапарластары «Көкмөлдір көлге» жетті. Оның “Ыстық көл” деп те аталуына қарай кәдімгі Есік көлін еске түсіру қиын емес. Қажы осы өзенді айналып өтіп, Батыстағы шекарасы сонау Қара теңізге дейін созылып жатқан байтақ мемлекеттің әміршісі-түрік қағаны тұрған Суяб қаласына келді. Сюань-Цзян түрік қағаны мен оның жанпеліндегілер жөнінде былай сипаттайды: «Бұл жателдіктердің аттары керемет екен аттары керемет екен. Қаған үстіне жасыл жібек шекпен киген, жалан басына ұзындығы бір жчан (3, 2 м), ұштары желкесіне түскен жібек шалма (сәлде) орап алған. Оған оқалы-зерлі жібек шапан киіп, шаштарын айдар-тұлымдап өрген екі жүзден асқам тархан (нөкер) еріп жүрді. Өзге жауынгерлер тері астарлы киім, бастарына жұмсақ бас киімдер киіп, айбалта, садақ асынып, ту көтеріп жүреді. Түйеге, атқа мінгендердің көптігі сонша, көзбен шамалдаудың өзі мүмкін емес».
Қағанның өзін қалай қабылдағанын сипаттай отырып, Сюань Цзян түрңк зиялыларының салтанатты жібек киімдерінің молдығын бірнеше қайтара ауызға алады, сонымен бірге өзіне көрсетілген сый-сиапат ішінде: «Қызғылт түсті жылтыр шыттан тігілген неше алуан киімдер саналатын және елу кездеме жібек» бергені жөнінде хабарлайды.
Бұл әнгіме барысында ежелгі дәуір мен орта ғасырда халықаралық қатынастар мен күремтамырына айналған ұлы жолға өз атауын берген және Шығыс пен Батыстың негізгі сауда затына айналған жібек бірнеше рет аталады. Ал бұл жол қай кезден “жұмыс істей бастады” деген сұраққа күні бүгінге дейін әрқилы жауап беріліп келеді.
Егер «Жібек жолының» жекелеген бөліктерінің сыңарлары жөнінде айтар болсақ, ондағы қатынастар мен зат алмасу байланыстары біздің дәуірімізге дейінгі III-II мыңжылдықтарда басталған. Мұндай байланыстар Бадахшан тауынан лазурит (көк лағын) кені, ал Хотон аймағындағы Яркент(Жаркент) -Дарияның жоңарғы ағысынан нефрит (көк минерал) кені ашылуына орайжолға қойылды.
Бадақшаннан шығарылған лазурит Иранға, Месопотомияға, Анаталийге, Египет пен Сирияға тасылып жатты. Бадахшан лазуриті, I мыңжылдықтың жартысында Қытайға да жеткізіле бастады
Орта Азия мен Орта шығысты Жерорта теңізімен Үндімен жалғастырып жатқан «Лазурит жолымен» қатар дүниеге келген «Нефрит жолы» Шығыс Түркістанды Қытаймен жалғастырды.
Біздің дәуіріиізге дейінгі I мыңжылдықтың орта кезінен «Дала жолы» деген жол болғаны белгілі. Егер тарихтың атасы Геродоттың жазбаларына жүгінсек, бұл жолдың сорабы мынадай бағытта болғанын байқаймыз: Қара теңіз жағалауынан Дон жағасына дейін, одан әрі савроматтар мекендеген Орал тауы етегінен Ертіске, Алтайға, сонан жоғары Ертіс пен Зайсан көлін мекендеген аргипейлер еліне қарай созылады. Бұл жолмен былғарылар мен терілер, иран кілемдері, құнды металдардан жасалған бұйымдар кең таралып жатты.
Жібек жасап шығару және онымен сауда жасау кезеңі күні кешеге дейін біздің дәуірімізге дейінгі I мыңжылдық саналып келеді. Алайда Чжецзян провинйиясында, Тайху көліне таяу маңда қазба жұмысын жүргізген қытай археологтары неолит дәуіріне жататын жібек маталар, белдіктер мен жібек жіптер тапты. Бұл маталар жасы біздің дәуірімізге дейінгі 2750-100 ж. Оларды талдап анықтау жұмысы сол кездің өзінде-ақ, яғни бұдан бес жыл бұрын дерлік, жібек жасап шығару кәсібі қарапайым әдістер кезеңін бастап кешіп үлгергенін көрсетіп берді. Біздің дәуірімізге дейінгі дейінгі VI-V ғасырларда қытай жібегі басқа елдерге, оның ішінде батысқа шығарыла бастады. Алтайдағы Пазырықтың «патша» қорғандарының бірінен біздің дәуірге дейінгі V-ғасырды көрсететін феникстер қолымен өрнектеліп тігілген жібек жамылғы (ат жабуы ) табылды. Сондай-ақ, Оңтүстік және Батыс Еуропа аудандарынан біздің дәуірімізге дейінгі VI-V ғасырларға жататын қабірлерден жүннен жасалған бұйымдарға тігілген жібек маталар мен шашақтар да табылды.
Қымбат бағалы жібектерді тарату ісіне сақтар мен скифтердің көшпелі әулеттері де атсалысты. Солардың қатынасаралық көмегімен сол кезде қасқалдақтың қанындай қымбат тауар Орталық Азия мен Жерорта теңізіне дейін тарады. Дегенмен зерттеушілер, оның ішінде Ма Юн мен А. П. Франкфор тәрізді көрнекті ғұламалар жібек жолы жөнінде, оны VI-IV ғасырларға жатқызып, осы бір асыл тауар шамамен 40 параллель бойында жатқан далалық аймақпен, яғни Хуанхэ өзенінің үлкен иілісінен басталып, Алтайдың шығыс және солтүстік сілемдерін, Қазақстан даласы мен Қара теңізі жағалауын басып өтіп, гректер мен этрустар жеріне жеткізілді деп жобалауға болады дей қояр ма екен. Соңғылары тіпті «Жібек елінің» өзі қайда екенінен де бұлдыр хабардар еді.
Бұл кезде жібек Үндіге де жеткен-ді. Оған үндінің «синапатто»- «қытай жібегі» деген сөздері куә, ал бұл сөздер біздің дәуірімізге дейінгі IV ғасырда жазылған «Архташастра» (саясат ғылымы) трактатында кездеседі.
«Жібек жолы» тек біздің дәуірімізге дейінгі II ғасырдың орта шенінен бастап қана тұрақты дипломатия мен сауданың күре тамырына айналды. Ал осының бәрі император У-Дидің көрмеген батыс елдеріне жұмсаған князі Чжон-Цзян бастаған елші керуенінің Хань астанасынан шыққын кезінен, яғни 138 жылы басталды. Чжон-Цзян 13 жылдан кейін қайтып оралды. Ол осы күнгі Ауғаныстанның шет аймақтарына жете алды және Қытайдың ішкі аудандарынан Орталық Азияға дейін тура жолмен тұңғыш рет жүріп өтті. Сонан соң жібек тиілге керуен Батысқа соның ізімен аттанып, Қытайға жерорта теңізінен, Таяу және Орта Шығыстан, Орта Азиядан тауарлар алып қайтты.
Көп ұзамай халықаралық сауда тізгіні Орта Азияныңшан және Қашғария алқаптарын мекендеген Соғдаелінің саудагерлері қолына көшті. Шығыс Түркістанның «Тохар» қалаларында және Қытайдың Ланчжау, Дуньхуан, Чаньан тәрізді қалаларында соғдылықтардың сауда отарлары болды. Мәселен, Дуньхуанда мыңға тарта соғдылықтар тұрды. Соғдылар Жібек жолы таусылған жерде Жапонияға басып кіріп, жапонияың ежелгі астанасы Нарды биледі. Сондағы храмдардың бірінен соғды тілінде жазылған қолжазба сақтаулы тұр.
Жібек жолы II-V ғасырларда, егер Шығыстан бастасақ, Чаньнден басалып, Ланчжоу ауданындағы Хуанхэ өткеліне беттейді, одан әрі Нан-Шаньның солтүстік сілемдерін қуалай, Ұлы Қытай қорғанының батыс беткейіне және «Яшмо қақпалары заставасына» жетеді. Ол жерде жалғыз жол Такла-Макан шөлін солтүстігі мен оңтүстігінен орап өтіп, үшке айрылады. Солтүстік тармағы Хами, Турфан, Бесбалық, Шихо алқаптары арқылы Іле өзені бойына жетеді; ортаңғы жол тармағы Чаочаннан Қарашәрге, Ақсуға және Ыстық көлдің оқтүстік жағалауына жетеді, оңтүстігіндегі тармағы Дунхан, Хотон, Яркент арқылы Бактрияға, Үнді мен Жерорта теңізіне жетіп, «Оңтүстік жолы» аталады. «Солтүстік жолы» Қашқардан Ферғанаға, ал одан әрі Самарқан, Бұхара, Мерв арқылы Хамадан Сирияға жетеді.
Қытайдан Батысқа Ферғананың үстінен өтіп баратын бұрынғы қысқа да қолайлы жолға қарағанда Жетісу мен оңтүстік Қазақстан арқылы өтетін жаңа жол VI-VII ғасырларда барынша жандан түсті. Жолдардың бұлайша алмасуының себептерін былайша түсіндіруге болады. Біріншіден, Жетісуда Орта Азия арқылы өтетін сауда жолдарын қадағалап отыратын түрік қағандары отырады. Екіншіден, Ферғанадан өтетін жол VII ғасырдағы өзара қырқысулар салдарынан қауіпті жолға айналды. Үшіншіден, түріктің ауқатты қағандары мен олардың жанпеліндегілер теңіздің арғы бетінен әкелінетін тауарларға құштар ірі тұтынушыларға айналды.
Сөйтіп бұл жол бас жолға айналды да VII-XIV ғасырлардағы елшілер мен сауда керуендері негізінен осы жолмен ғана өтіп жүрді. Алайда Жібек жолының бұл бағыты да толық өзгеріссіз қала алмады. Жүздеген жылдар көлемінде оның не анау, не мынау бөлігі, не жекелеген тармақтары жанданып, жоғарырақ мәнге ие болды. Ал кейбіреулері, керісінше, мәнін жойып, жоғалып кетті де олардың бойындағы қалалар мен сауда бекеттері құлдырай бастады. Сөйтіп, VI-VIII ғасырларда негізгі жол сорабы Сирия -Иран-Орта Азия-Оқтүстік Қазақстан-Талас алқабы-Шу алқабы-Ыстық көл қазан-шұңқыры-Шығыс Түркістан арқылы тартылды. Бұл жолдың тармақталған бір бұтағы, дәлірек айтқанда тағы бір жол Византиядан Дербент арқылы шығып, Каспий жағалауын-Маңғыстауды - Арал жағалауын - Оңтүстік Қазақстанды кесіп өтіп, жоғарыда аталған, негізгі жолға келіп қосылды. Батыс түрік қағанаты Византиямен сауда-дипломатиялық одақ келісім жасасқан кезде бұл жол олардың қарсыласы Сасанидтік Иранды айналып өтті. Дегенмен IX-XII ғасырларда Орта Азия, Египет пен Византияға баратын жолға қарағанда бұл жол тиімсіздеу пайдаланылды.
Алайда, ол жол XIII-XIV ғасырда қайта жанданды. Бұл құрлықтағы саяси жағдайларды дипломаттар (елшілер) мен ірі саудагерлердің (көпестердің) және басқа саяхатшылардың талап-талғамдары реттеп отырды.
Жібек жолы шеңберіне ену қарсаңында Қазақстанның Оңтүстігі мен Жетісу қандай жағдайда еді дегенге келсек: Бұл жерде көшпелі түрік тайпалары мен отырықшы халықтар ежелден қалыптастырған тіл мәдениет өркендеген болатын. Оның үстіне этникалық жағынан алғанда көшпенділер де, отырықшы тұрғындар да туыстар немесе бікелкі этникалық-саяси қауымға бірлескен тайпалар еді. Отырықшылар (жатақтар) мен көшпенділердің өз мәдениеттерінің бір-біріне өзара әсер етуі мен байытып отыруы дүние жүзілік өркениеттің қызыл арқау-күремтамыры болды. Қазақстан мен Орта Азиямен Ираннан әкелінген аса көркем безендірілген шетелдік бұйымдар да куә бола алады.
VI ғасырдың екінші жартысында Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Кореядан Қара теңізге дейінгі ұлан-ғайыр алқапты алып жатқан ірі көшпелілер мемлекеті-Түрік Қағанаты құрамына кірді.
Жібек жолы осы кезде жанданып, Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан қалаларындағы феодалдық мәдениеттің өркендеуінде маңызды рөл атқарды. Жетісуда ол талай қалалардың орталық негізгі қалануына мұрындық болып, Қазақстанның оңтүстігінде тікелей осы жолдың ұзынабойында тұрған немесе онымен сауда сораптарымен байланысып жатқан қалалардың тез өсіп, өркендеуіне септігін тигізді.
Бұл жерде осындай қалалардың қаулап өсуінің өзі К. Маркстың керуен жолы Шығыс қалаларының гүлденуіне айрықша рөл атқарды деген ойын одан әрі айқындай түсті.
Өзара талас-тартыстар мен жортуыл-жорықтар, сондай-ақ Қытайда теңіз жолдарының игерілуі бұл жердегі қалалар мәдениеті титықтатып, күйдіруге жеткізгенге дейін, яғни XIV ғасырға дейін Орта Азия, Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу арқылы өтетін Жібек жолынан керуен арылған жоқ.
Батыстан Шығысқа қарай қозғалсақ, Жібек жолының Қазақстандық бөлігінің сыр-сипаты, міне, мынадай еді. Жол Шаштан (Ташкенттен) Турбат асуы арқылы Испиджабқа өтетін. Бұған дейін айтқанымыздай, қытай сапарнамасында Испиджаб «Ақ өзендегі қала» аталады, ал XI ғасырда Махмұд Қашқаридің түсініктемесі бойынша «Испиджаб деп аталған Ақ қаланың (Ал- мединат ал-Байда) шын атауы-Сайран». Оны Сарьям деп те атайды. Ежелгі қаланың осы атауы күні бүгінге дейін сақталып келеді. Шымкент іргесіндегі орта ғасырлық ірі қаланың қалдықтары қалған қалашық та (поселка) осылай аталады. Оның орнында бұрын Жібек жолындағы ірі орталықтардың бірі болған. Түрлі елдердің саудагерлері осы жерге тоқтайтын, өйткені бұл қалада Бұхара, Самарқанд көпестерінің сауда құрылыстары (базарлар) мен керуен - сарайлар болды, ол Испиджаб көпестері Мерв, Балх, Бұхара мен Хорезм көпестерімен бірге Бағдаттағы Харп Ибн Абдаллах ал Балх рабадында өздерін сауда-саттық орындарын ұстады. Испиджабтан сыртқа құлдар мен ақ маталар, қару-жарақ, қылыштар, мыс пен темір сатылатын.
Керуендер Испиджабтан Шығыстағы Таразға Шарап, Будухет, Керуен-Сарай, Тамтадж, Абардадж қалалары арқылы жүріп өтетін.
Жібек жолындағы ең үлкен қала Талас алқабындағы Джувикат болатын, Таразға сол арқылы жететін. Бұл сонау IV ғасырдан белгілі Қазақстандағы ең ежелгі қала еді. Түрік қағаны 568 жылы дәл осы жерде Иранға қарсы әскери одақ шартын жасасу және Жібек саудасы мәселелерін шешу мақсатынмен Византидан әскери сарапшы (стратег) замархтың бастауымен келген Юстиниан ІІ-нің елшілігін қабылдаған болатын. Тарихи деректерде Тараз «көпестер қаласы» деп аталады. Сонымен бірге ол кейін Қарлұқтар мен Қараханиттердіңде сауда-саттығының орталық астанасы болды.
Тараз іргесінде дерлік негізін-бұхаралықтар қалаған Джамукат қаласы тұрды. VI ғасырдан белгілі бұл қаланың атауы өзінің негізінен қалаған Бұхара соғдыларын бастап бастап келген Джамук дейтіннің есімі бойынша қойылған. Археологтар Джамукатты тапты. Оның қалдықтары Талас алқабында, Жамбыл қаласына жақын, Талас өзеннің оң жағалауында, Михайловка селосына қарсы бетте сақталған. Қала жұртының жатқан орны Қостөбе деп аталады.
Талас алқабының ірі күміс кендері орналасқан таулы бөлігінде бұлардан басқа Шелжі, Сұс, Кел және Текәбкет тәрізді аты әйгілі қалалар болған.
Алқаптық жазық беткейінде 751 жылы араб пен қытай әскерлері билік үшін қорғанына шығып шайқасқан Атлах қаласы тұрды. Таразға таяу Таласты бойлай солтүстікке қарай төмен түсетін сауда жолында Адахкет және Дех Нуджикес атты қалалар болды. Ал Моңғол жорығы кезіндегі жазбаларда Янчи-Балық және Кенджак деген қалалар атаулары кездеседі.
Талас алқабындағы Таразға керуендер, сондай-ақ, Ферғана алқабынан Шатқал жотасындағы Чанач, Алатаудағы Қарабура асулары арқылы өтетін жолменде жүретін. Жолдың бұл бөлігі Жібек жолының «Ферғана» және «Жетісу» бағыттарын жалғастыратын.
Қытайлар Йзюйлань атағын Құлан қаласы «Түрік елінің Мавореннахр жағындағы шекарада тұрған сәулетті шахар» ретінде белгілі. Жиһанкездердің айтуынша Тараздан шығысқа қарай 17 фарсах жерде тұрған ол қазіргі Луговое селосының шығыс бетінде ескі жұрты қалған Луговой қаласына келеді. Құланның шығыс бетінде бір-бірінен ара қашықтығы 4 фарсахтай жерде Мерке мен Аспара деген қалалар тұрған.
Джульден дол Сарыққа, одан «түрік қағаны мекені» мен Кирмирауға кететін.
Кирмираудан шыққан жол Жетісудың Навакат, қытайдың Синчан қалаларына апаратын. Навакат түрік қағанының ордасы және соғдылар қаласы ретінде белгілі. Қазір анықталып отырғандай Навакат осы күнгі Красная речка және Новоивановка селолары орналасқан жердегі бұрынғы қираған Красная речка қаласына келеді.
Навакаттан шыққан жол Пенжікент (Бунжикет) арқылы Жетісудың аса ірі қаласы суябқа тіреледі. Ол батыс түріктің, одан соң түргештер мен қарлұқтардың астанасы болды.
Ол туралы қытай мен араб саяхатшылары X ғасырға дейін жазып келді де одан әрі бұл бұл қала атауы шежіренама беттерінен көрінбей кетті. Астана міндеті бұрынырақта, шамамен, Беклік немесе Семекна аталған Баласағұн қаласына ауысты. Баласағұн қараханидтердің, кейін қарақытайлардың астансы ретінде белгілі. Оны XII ғасырдың бас кезінде солардың өзі қиратты. Қала қайта салынды, бірақ XIV ғасырдың өзінде ондағы қайнаған өмір белгісі ретінде тек жартылай қираған сарайлар, мешіттер мен минареттер, қаптаған мазарлар ғана қалды.
Бұл қалалардың жұрты жатқан жерлерді археологтар таба білді: олар осы күнгі Тоқмақ қаласына таяу маңда жатқан болып шықты және олрадың бір-бірінен 5 км жерде жатқан ескі Ақбешім, Боран қалаларына келетіні анықталды.
Жібек жолы Суябтан Ыстықкөлдің не солтүстік, не оңтүстік жағалауымен өтеді. Жолдың оңтүстік тармағында керуен ірі Жоғарғы Барысқан қаласын басып өтетін, ал солтүстік тармағында атаулары бізге жетпеген шағын керуен - сарайлардың қалдықтары кездеседі. Одан әрі бұл жолдар Бедел асуында немесе сол арқылы Ташрабатта түйісіп, Жібек жолы Қашғар мен Ақсуға апаратын.
X - XII ғасырларда Жібек жолының бір тармағы Іле алқабын оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай көктей кесіп өтті.
Керуендер Іле алқабына Құлан мен Аспарадан, әлде Нузакеттен Шу өзенінің орта және өменгі ағысындығы қалаларды басып өтетін жолмен де жететін. Тасөткел кешуінен (көшіп өтетін тайыз жерінен) жол Шу-Іле тауларының солтүстік бөктеріне жетіп, Балқаштың солтүстік жағалауымен төмен түседі. Шуды бойлай төмен тартқан жол Қаратаудың солтүстік бөктеріне жеткізеді.
Жібек жолы Икиогузден қарлұқ жабғаларының астанасы - Қаялыққа (Қойлыққа) барады. Қала даңқы өзінің базарларымен шықты, онда мұсылмандар мен қатар өздерінің шіркеулері бар христиан дініндегілер де тұрады. Бұл жөнінде де осы қаладағы моңғол ханы Мөңкеге келген Людвик IX-ның елшісі, сол баяғы жиһанкез сопы (монах) - Вильгельм Рубрук хабарлайды.
Қаялық IX - XIII ғасырларда Іле алқабының солтүстік-шығысын уысында қстаған қарлұқтардыңорда тіккен мекені болды. Ол Қаратал өзенінің алқабындағы Антоновка селосының маңайында болған. Рубруктың жазуынша, Қаялыққа жақын жерде Жібек жолы кесіп өтетін христиандар селосы бар. Жол одан әрі Тентек өзені алқабына жетіп, Алакөлді айналып өтіп, Жоңғар қақпасы арқылы Шихо алқабына апарады, содан соң ол жерден Бешбалық арқылы Дунхунға және ішкі Қытайға жеткізеді.
Алакөлдің оңтүстік-батыс жағалауында бір қала тұрды, оны XIII ғасыр саяхатшылары «облыс астанасы» деп атады. Ал бұл Көктұма селосының орнында болып, қираған қалаға ұқсайды. Қазіргі кезде бұл ескеткіш көлдің суымен жуылып кеткен.
Енді Еуропаға Земархтың жолымен жүріп өту үшін Жібек жолының қазақстандық бөлігіндегі белді бір аттандыру бекеті - Испиджаб қаласына қайтып оралалық.
Керуен жолы Испиджабтан Арыс жағалауындағы Арсубаникетке, Отырар - Фарабқа және одан әрі Сырдария өзені ағысын қуалай отырып Арал теңізі алқабына кетеді.
Сырдарияны жағалай созылған керуен жолындағы аса ірі қалалар Отырар - Фараб пен Шавгар қалалары болды. Бірінші қаланың атауы Арыстың сырдарияға құяр сағасындағы қираған қаланың аты арқылы ос ыкүнге дейінсақталып келеді. «Фараб» сөзін тәржімалағанда «арғы беттегі қала» деген ұғым береді, ал мұның өзі сырдария өзенінің арғы бетінде тұрған қала атауына сәйкес келеді.
Отырар маңында, X ғасырда Отырардың көгал алқабында болған басты қаланың бірі - Кедер. Ол «әр елден ағылған көпестер мекені» ретінде белгілі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz