Еңбек есебі


Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
М а з м ұ н ы :
Кіріспе . . . 4
I-тарау. Еңбек және еңбекақы ұғымы.
1. 1. Еңбек есебі және нормативтік реттеу . . . 6
1. 2. Жұмысшылардың құрамы мен жұмыс
уақытын пайдалану есебі . . . 8
1. 3. Еңбекақы жүйелері және өнім өндіру жүйесі . . . 11
II- тарау . Жұмыскерлермен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі
2. 1. Еңбекақының түрлері мен нысандары . . . 15
2. 2. Қосымша еңбекақы есебі . . . 20
2. 3. Орташа еңбекақыны есептеу тәртібі . . . 27
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер
Кіріспе
Жұмыс күші болашақ товар ретінде өзін еңбек рыногында өткізеді, өзінің әлеуметтік, экономикалық қатынастар болып саналатын жалдауға беретін жұмыс күші туралы және жұмыс беруші мен жұмыс күші арасындағы пайданы көрсетеді. Жұмыспен қамтылу - бұл еңбекақы алу еңбек табысы, негізінде жеке және қоғамдық мұқтаждықты қанағаттандыруға байланысты адамның іс-әрекеті.
Қазіргі кезде Қазақстанның экономикасы әлі де болса, аса күрделі өтпелі кезенді бастан кешіруде, бұл сөзсіз еңбек нарқына кері әсерін тигізуде. Жұмыссыздық проблемасы, дер кезінде еңбекақыны төлеу және тағы басқалар өте шиеленіскен жағдайда болып отыр. Міне, сондықтан да еңбек нарқы жөніндегі мемлекеттік саясатты одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Еңбек нарқының негізгі мақсаты - еңбек ресурстарын жұмыспен тиімді және нәтижелі қамту. Еңбекке жарамды адамдарды жұмыспен қамтамасыз ету аса күрделі әрі мемлекеттік маңызды мәселе. Жұмыспен қамтамасыз ету әрбір елдің нақтылы даму кезеңдерінің деңгейіне сай жұмысқа жарамды адамдарды үнемді және нәтижелі пайдаланып, оларды шаруашылық салалары және аймақ бойынша бөлудің тепе-теңдік үлесімділігіне жету. Қорыта айтқанда, республикамызда еңбек нарқын қалыптастырудың және дамытудың негізгі мақсаты осындай.
Жұмыс атқарудың бағалығы . Қызметті атқару бағасы- бұл қызметтің іс-әрекетінің қорытындысы. Ол басшының өз қарамағындағы бағынышты қызметінің ресми және жүйелі түрде бағалануынан байқалады.
Қызметті атқарудың, бағалаудың көптеген мақсаттары бар, олардың ішінде:
- қызметті атқаруды жақсарту;
-шешім қабылдау үшін ақпарат жинау ;
- стандартты бұзбауға мүмкіндік туғызу;
- сараланған еңбекақының негізі болуының қажеттілігіне көшу;
- қорытынды субьектілігін барынша азайту үшін деректер жинау;
- оқыту және қайта дайындау жөніндегі қажеттілікті хабарлау;
- қызметті атқарудың алдағы бейнесін жасауға байланысты мәліметтер жинау;
-стандартты бұзбауға бағытталған кейбір жеке тұлғалар мен жалпы топтарды ынталандыру;
- моральдық факторларды кеңейту;
Атқаруды бағалаудың әдістері мыналар табылады:
- саралау ;
- балдық бағалау( бес балдық, орташадан төмен, жоғарыдан төмен, өте жақсы) ;
- әңгімелесу, бағынышты қызметтер бағалану кезінде өзінің жетістіктері мен кемшіліктерін айтады.
Әрбір кәсіпорын еңбекақы бойынша есеп айырысу кезінде, белгілі заңға сәйкес орындауы керек. Осы жұмыста пайдаланатын негізгі ұғымдар:
Еңбек қатынастары - тараптардың әдетте жеке еңбек және ұжымдық шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін жүзеге асыруы жөнінде туындайтын жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы қатынас.
Зиянды еңбек жағдайлары - белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі қызметкерлердің жұмыс қабілеті төмендеуіне немесе ауыруына, не оның ұрпақтарының денсаулығына теріс ықпал етуіне әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Қауіпті еңбек жағдайлары - белгілі бір өндіріс факторларының әсер етуі еңбекті қорғау ережелері сақталмаған жағдайда қызметкер денсаулығының кенеттен күрт нашарлауына немесе жарақаттануына, не оның қайтыс болуына әкеп соғатын еңбек жағдайлары.
Біліктілік разряды- қызметкердің өзі орындайтын жұмыстардың күрделілігін көрсететін біліктілік деңгейі.
Іссапар- жұмыс берушінің өкімі бойынша қызметкерді тұрақты жұмыс орнынан тыс жерге еңбек міндеттерін орындау үшін жіберу.
Өтемақылар - жұмыс режимі мен еңбек жағдайларына, жұмысты орындаған кездегі қызметкерлердің шеккен шығындарының орнын толтыруға байланысты ақшалай төлемдер.
Жұмыс беруші- қызметкер еңбек қатынастарында тұратын заңды немесе жеке тұлға.
Жұмыс уақыты- қызметкер жұмыс берушінің актілері мен жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек міндеттерін орындайтын уақыт.
Еңбек міндеттері- қызметкер мен жұмыс берушінің жеке еңбек шартымен байланысты міндеттеме.
Еңбек стажы- қызметкердің заңды тұлға құрмай кәсіпкерлік және өзге де қызметпен айналысушы қызметкер немесе жеке адам ретінде еңбек міндеттерін жүзеге асыруға жұмсаған күнтізбемен есептелген уақыты.
Еңбек дауы - еңбек туралы заңдарының қолдануы мәселелері бойынша бұрын қызметкер мен жұмыс беруші арасында реттелмеген жеке еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындау туралы қызметкер мен жұмыс берушінің арасындағы келіспеушілік.
Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік орган- еңбек қатынастары саласында өз өкілеттілігін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Еңбек жағдайлары- еңбекке ақы төлеу, оны қорғау мен нормалау жағдайы, жұмыс режимі, мамандықтарды қоса атқару мүмкіндігі мен тәртібі, техникалық, санитарлық, гигиеналық, өндірістік - тұрмыстық жағдайлар, сондай-ақ жеке еңбек және ұжымдық шарттар тараптарының келісімі бойынша өзге де жағдайлар.
Жұмысшылар мен қызметкерлерге дұрыс жалақының есептелінуі, сол кәсіпорынның жақсы деңгейде тұрғаның көрсетеді. Өйткені қызметкерлер жұмыс жасаған күніне тиісті жалақы алмаса, онда кез келген кәсіпорынның деңгейі төмен екені анықталады.
Жалақы - бұл еңбек өлшемі мен тұтыну өлшеміне бақылау жасауды жүзеге асыруға көмектесетін маңызды экономикалық құрал (тұтқа) . Шаруашылық субьектісінің түріне қарамастан әрбір қызметкердің кірісі субьект жұмысының түпкілікті нәтижелерін ескергенде, оның жеке үлесімен анықталады және салықтармен реттеледі. Жалақы тұтынушы кірісінің үлкен бөлігін құрайды, сондықтан да сұраныстың мөлшеріне, тауардың тұтынысына және олардың бағасына елеулі әсер етеді.
Жалақы өнімнің өзіндік құнының негізгі элементтерінің бірі болып табылады, сондықтан да жалақы есебінің дұрыс ұйымдастырылуы еңбек өнімділігінің артуына, өнімнің өзіндік құнының кемуіне және еңбеккерлердің өмір деңгейінің жақсаруына себепші болды. Сонымен қатар еңбек және еңбекақы есебін ұйымдастырудың одан әрі жетілдіру үшін мынадай жағдайлар қажет:
- Еңбек өнімділігі мен орындалған жұмыстың көлемін ұлғайтуға ынталандыратын еңбекақының тиімді түрлерін кеңінен қолдану.
- Еңбек пен өндірісті басқарудағы ғылыми жолмен басқарудың типтелген прогрестік құрылымын қолдану.
- Еңбекақы төлеудің сыйлық беру жүйесімен басқа да түрлерін кеңінен қолдану.
- Еңбек және еңбекақы есептеуде осы күнгі талаптарға сай есептеу мен ұйымдастыру техникаларын қолдану, алғашқы есеп жүйесін жетілдіру, жеңілдету.
Кәсіпорын шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкерлерді жұмысқа қабылдап және шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыс-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадрлар бөлімі жүргізеді, ол бүкіл субьектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет органдарын, мамандықтарын, біліктілігін және жұмыс стажын, білімін және басқа белгілерін есепке алады.
Тақырыптың актуальдығы . Бұл жұмыстың актуальдығы жұмысшылардың жалақысының деңгейі, мөлшері олардың өмір сүру кезеңіне байланысты. Еңбекақы біздің еліміздің өмір сүруі үшін ең маңызды көзі десе болады. Сондықтан да қызметкерлердің, жұмысшылардың еңбекақыға байланысты сұрақтар неғұрлым актуальді болып табылады.
Мақсаты. Еңбек және еңбекақы, жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу есебі туралы дәлелді, орынды мағлұмат беру.
Жұмыстың негізгі тапсырмасы болып мыналар табылады: Еңбек есебі және нормативтік реттеу, жұмыскерлардың құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі, еңбекақы жүйелері және өнім өндіру жүйесі.
Еңбекақы есебі, еңбекақының түрлері мен нысандары, қосымша еңбекақы есебі, орташа еңбекақыны есептеу тәртібі, еңбекақыдан ұсталынатын және шегерілетін сомалар есебі, еңбекақының аналитикалық( талдамалық) және синтетикалық (топтамалық) есебі.
I-тарау. Еңбек және еңбекақы ұғымы
1. 1 Еңбек есебі және нормативтік реттеу
Еңбек және еңбекақы есебі - жұмысшылар санының өзгеруі, жұмыс уақытының шығындары, жұмысшылар категориясы, өндірістік шығын сияқты мағлұматтар түгел қамтылатын дәл әрі оперативтік деректерді талап ететін аса маңызды да күрделі жұмыстардың бірі болып табылады.
Еңбек және оған ақы төлеу есебінің негізгі міндеттеріне жататындар:
⬥ еңбекақы қорын және жұмыс уақытын пайдаланып жұмыс мөлшерінің орындалуын, еңбектің саны мен сапасын бақылау;
⬥ бастапқы құжаттарды уақытылы және дұрыс рәсімдеу, еңбекақы қорынан ұстап қалу;
⬥ шаруашылық жүргізуші субьектінің әрбір жұмысшысына жалақыны уақытылы және дұрыс есептеу;
⬥ белгіленген мерзімде еңбекақы бойынша есеп айырысу;
⬥ жалақы бойынша шығынды өнімнің, жұмыстың, қызметтің өзіндік құнына дұрыс әрі уақытылы қосу керек.
Еңбек және еңбекақы деректері өндірістік процесті оперативті басқару үшін қажет. “ҚР Еңбек туралы ”заңына сәйкес жұмыс беруші мен жұмысшылардың арасындағы еңбек қатынасы нормативті құқықтық актілермен, еңбек заңына сәйкес бекітілген ұжымдық келісім-шартпен реттеледі 1 .
Әрбір қызметкердің еңбекақылық табысы кәсіпорын қызметінің түпкілікті қорытындысына байланысты оның еңбекке қосқан үлесі бойынша анықталынады. Ол салықпен реттеледі және ең жоғарғы көлеміне шектеу қойылмайды.
Еңбекақы мөлшерін жұмыс берушінің өзі белгілейді және жұмыс беруші белгіленген еңбекақы мөлшері ҚР заңында белгіленген ең аз шамадағы еңбекақы мөлшерінен төмен болмауы керек 2 .
“ҚР Еңбек туралы” заңының 7, 8-бабына сәйкес қызметкерлердің мынадай құқысы бар:
⬥ қандай да бір кемсітушіліксіз тең еңбекке тең еңбекақы алуға;
⬥ қауіпсіздік және тазалық талаптарына жауап беретін еңбек жағдайында жұмыс істеуге;
⬥ кепілдік және өтемақы алуға және т. б.
Жұмыс берушінің құқықтары:
⬥қызметкерлерді көтермелеуге, олардан белгіленген заңға сәйкес әрекетететін тәртіп бойынша материалдық және жауапкершілікті талап етуге;
⬥ қызметкер келтірілген зиянның орнын толтыруға және т. б.
Жұмыс берушінің міндеттері:
⬥ ҚР-ның нормативті құқықтық актілерінде, жеке еңбек
1 (5) 5б
2 (5) 22б
келісімшартында, ұжымдық келісімшартта, жұмыс берушінің актісінде қарастырылған еңбекақыны және басқа төлемақыларды уақытылы толық төлеу;
⬥ еңбек туралы заңдағы, ұжымдық келісімшарттағы талаптарды сақтау;
⬥ қызметкерге қауіпті және зиянды жұмыс жағдайын, болуы мүмкін кәсіби ауруды ескерту және т. б.
Жеке еңбек келісімшартында негізгі тармақтар қамтылуы керек:
⬥ жұмыс уақыты және демалыс уақытының режимі;
⬥ еңбекақы мен еңбекті қорғау жағдайы;
⬥ өтемақы төлеу және кепілдік беру тәртібі және т. б. (“ҚР Еңбек туралы”заңы9-бап )
Қызметкер бірнеше жұмыс берушімен толық емес жұмыс уақытын қарастыратын жеке еңбек келісімшартында отыруға құқы бар.
ҚР Еңбек туралы заңының 13-бабына сәйкес қызметкердің еңбек ететін растайтын құжаттарға мыналар жатады: еңбек кітапшасы, жұмысқа қабылданғаны, жұмыстан шығарылғаны туралы бұйрықтың көшірмесі.
Сол ұйымның басқа жұмысына немесе ұйыммен бірге басқа орынға көшіру қызметкердің тек жазбаша келісімі бойынша, жеке еңбек келісімшартында немесе агрегаттағы жұмысты тапсыру үшін қызметкердің келісімі талап етілмейді.
Жұмыс болмай қалған жағдайда жұмыс беруші қызметкерді мамандығына, біліктілігіне сай, денсаулығына қатер төндірмейтін, оның келісімінсіз бір айға дейін басқа жұмысқа ауыстыруға құқы бар.
Егер қызметкер жаңа жағдайдағы ұсынылған жұмысқа келісімін бермесе, онда “ҚР Еңбек туралы”заңының 26-бабы, 7-тармағына сәйкес онымен жеке еңбек келісімшарты бұзылады. Қызметкерді денсаулығына байланысты басқа жұмысқа уақытша ауыстыру “ҚР Еңбек туралы” заңының 23-бабында қарастырылған шарттар мен тәртіптертері бойынша жүзеге асырылады.
Жеке еңбек келісімшарты мынадай жағдайларда бұзылуы мүмкін:
⬥ ұйым таратылғанда, жұмыс берушінің қызметі тоқтағанда ;
⬥ қызметкерлердің штаты немесе саны қысқартылғанда;
⬥ әскери қызметке шақырылғаннан растайтын құжат негізіндегі қызметкерді үшін күндік мерзімге босатқанда 3 .
“ҚР Еңбек туралы” Заңының 27-бабы, 3-тармағына сәйкес жеке еңбек, ұжымдық келісімшартында өтемақының мөлшері және басқа негіздері белгіленеді.
3(5) 10-11б
- Жұмыскерлердің құрамы мен жұмыс уақытын пайдалану есебі
Еңбекақының формалары мен жүйелері Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 15. 05. 2000ж. №111-п “Қызметкерлерге еңбекақы төлеу мәселелері бойынша әдістемелік ұсыныс” Бұйрығында белгіленген және жұмысшыларға еңбекақы есептеудің әр түрлі тәсілін анықтайды 4 . Олар өндіріс жағдайы мен жұмыс жасайтын жеке құрам категориясына байланысты, яғни Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 1997 жылдың 16-шы қаңтарында тіркелген №244 тіркелімі және ҚР Ұлттық статистикалық агенттігінің 1996 жылдың 19-шы желтоқсанындағы №50 қаулысында бекітілген жалданып жұмыс істейтін сан және еңбекақы статистикасы бойынша Нұсқаулықтың 5-ші бөліміне сәйкес жұмысшылар мен қызметкерлер болып екі топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіптің өндірістік жұмысшылары мен қызметкерлері.
- Өнеркәсіптік ұйымның балансындағы өндіріске жатпайтын ұйымдардың жұмысшы-қызметкерлері.
Атқаратын қызметтеріне қарай кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмысшылары мен қызметкерлері болып екіге бөлінеді. Қызметкерлер тобы басшылар, мамандар және тағы басқа топтарға бөлінеді.
Басшылар қатарына - президент, ректор, директор, меңгеруші, тағы басқалар жатады.
Мамандар қатарына - инженерлер, техникалық қызметтегі адамдар тағы басқалары.
Басқа да қызметкерлер қатарына - құжаттарды дайындайтын, есеп және бақылау жұмысын жүргізетін, шаруашылық қызметтерін атқаратын бухгалтерлер, менеджерлер, агрономдар, механиктер, тағы басқалары. Бухгалтерлік есепте жұмысшылармен қызметкерлердің саны мен олардың жұмыс істеген уақытын есепке алуға тура келеді. Кәсіпорындағы қызмет атқаратын адамдардың жалпы саны олардың «тізімдегі саны» деп аталады.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі саны - кәсіпорындар мен ұйымдарға қызметке жаңа адамды алуға немесе кейбір қызметкерлерді жұмыстан босатуға байланысты өзгеріп отырады. Кәсіпорындарда жұмысшылар мен қызметкерлердің құрамы және олардың жұмыс уақыты да есептеледі. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 40 сағаттан аспауы керек. Барлық категориядағы жұмыс істеушілердің жұмыс уақытын пайдалану есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің белгіленген жұмыс режимін қадағалауға, атқарылған жұмыс уақыты туралы ақпаратты алуға, еңбекақылық есеп айырысу, сондай-ақ еңбек бойынша статистикалық есепті жасауға арналған “Жұмыс уақытының есеп ”табелі(Т-13формасы) жазылады 5 . Жұмыс уақытының орындалу есебі үшін жұмыс уақытының есеп табелі(Т-13, 13а формасы) қолданылады.
4(3) №111-п бұйрық
5(8) 165-б
Мамандар бөлімінде мынадай алғашқы құжаттар қолданылады:
-жұмысқа алу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-1;
- басқа жұмысқа ауысу жайлы бұйрық үлгілі Т-5;
- демалыс берілуі жайлы үлгілі түрі Т-6;
- жұмыстан шығарылу жайлы бұйрық үлгілі түрі Т-8.
Бірінші рет жұмысқа орналасқан жұмысшылар мен қызметкерлерге ұйымның мамандар бөлімі еңбек кітапшасын толтырады.
Еңбек кітапшасы мамандар бөлімінде сақталып оған жұмысшылар мен қызметкерлердің қызмет орнының өзгеруі, алған мақтаулары мен сыйлықтары, сондай-ақ ескертулер, сөгістер, тағы да басқа деректер жазылады.
Жұмысқа алу жайлы хат негізінде жұмысшылармен қызметкерлердің еңбек кітапшасына төл құжаттардағы тиісті жазулар жазылып және оған үлгілі түрі Т-2 жеке карточкасы ашылады. Ол карточкада жұмысшылар қызметкерлердің білімі, жұмыс орны, аты-жөні, ұлты, еңбек стажы, дүниеге келген күні, айы мен жылы, мекен-жайы, тағы басқа мәліметтер толтырады ( №1Қосымша) .
Кәсіпорындағы әрбір қызметке алынған адамға, яғни жұмысшылар мен қызметкерлерге табельдік номір беріледі. Бұл нөмір еңбекақы бойынша есеп айырысу құжаттарында көрсетіледі.
Белгілі бір кезендегі яғни, уақыттағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі орташа санын анықтау үшін жұмысшылар қызметкерлердің күнделікті сандық есебін жүргізу қажет. Жұмысшылар мен қызметкерлердің күнделікті тізімдегі саны қызметкерлердің жұмыс уақытын пайдалану есебінде табельінің деректеріне сәйкес келуі керек.
Есеп беретін айдағы ұйымның жұмысшылар мен қызметкерлердің тізімдегі санын қосып, яғни 1-нен 30-на дейін немесе 1-нен 31-не дейін( ақпан айында 1-нен 28-не дейін немесе 1-нен 29-на дейін) мейрам және қызмет істемейтін, демалыс күндерін қоса алғандағы қосынды сандық күтізбенің күніне бөлу арқылы табады.
Толық ай жұмыс істемеген ұйымдарда ( құрылыс ұйымдарында, жаңадан іске қосылыған ұйымдарда, сондай-ақ маусым мен жұмыс істейтін ұйымдарда) жұмысшылар мен қызметкерлердің ай бойы орташа саны есеп беретін айдағы кәсіпорынның жұмыс істеген күндеріндегі жұмысшылар мен қызметкерлердің санының қосындысын сол айдағы күнтізбелік күн санына бөлу арқылы алынады.
Мысалы : кәсіпорын пайдалануға беріліп 2002 жылы 23 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болды. Жұмысшылар мен қызметкерлердің саны бұл ұйымда мына төмендегідей:
23қаңтар күні 403 адам
24 қаңтар күні сенбі (403адам)
25 қаңтар жексенбі (403адам)
26 қаңтар күні 404 адам
27 қаңтар 403адам
28 қаңтар күні 406 адам
29 қаңтар күні 401 адам
30 қаңтар күні 402 адам
31 қаңтар күні сенбі (402адам)
Сонымер қаңтар айында жұмыс істеген қызметкерлердің жалпы саны бұл кәсіпорын бойынша 3627 адам. Осы айдың күнтізбесінде күн саны 31 күн. Осыдан кәсіпорындағы жұмысшылар мен қызметкерлердің орташа осы айдағы саны 3627/31=117адам.
Тоқсан бойынша ұйымдағы жұмысшылармен қызметкерлердің саны қаңтар айында 117 адам, ақпан айында408 адам, наурыз айында 420 адам болды делік. Осыдан бұл кәсіпорындағы жұмысшылармен қызметкерлердің саны 315 адамға тең болады, яғни
(117+408+420) : 3=315
Ескерту: егер ұйым наурыз айынан бастап жұмыс істеген болса, онда ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлердің бір тоқсан бойындағы орташа саны 140 адамға тең болады, яғни
420: 3=140
Жұмысшылар мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша бір жылдық орташа саны осы жылдағы барлық айлардағы олардың тізімінің орташа санының қосындысын 12-ге бөлумен анықталады. Егер кәсіпорын толық жыл бойы жұмыс істемеген болса, онда жұмыскерлердің тізімдік орташа саны істеген айларындағы олардың сандарынң қосындысын 12-ге бөлу арқылы табылады.
Ескерту: Жұмыскерлер мен қызметкерлердің кәсіпорын бойынша орташа еңбекақысын, еңбек өнімділігін және басқа да орташа шамаларын анықтау үшін «орташа еңбекақы» және басқа да орташа шамаларды есептеп шығаруға қолданатын жұмысшылар мен қызметкерлердің саны деген көрсеткіш қолданылады.
Бұл көрсеткішті табу үшін жұмысшылар мен қызметкерлердің кейбір санаттарына жататын адамдардың санын алып тастау керек. Ондай жұмысшылар мен қызметкерлердің қатарына жататындар:
⮛ Жүкті( екі қабат) және босануға байланысты демалыстағы әйелдер;
⮛ Заңда қаралған жасқа дейін баланы қарауға демалыс;
⮛ Оқу демалысындағы еңбекақылары түгел, жартылай сақталған, немесе сақталмаған жұмысшылар мен қызметкерлер;
⮛ Әкімшіліктің ұйғарымы бойынша еңбекақысы сақталмай демалысқа кеткен жұмысшылар және қызметкерлер.
Кәсіпорындағы орташа еңбекақыны табу үшін есепке алынатын жұмысшылар мен қызметкерлер санын анықтау барысында нақтылы жұмыс істегеніне қарай үйлесімді түрде күніне немесе аптасына толық жұмыс істемейтіндер кіргізіледі. Алдымен жұмыс істеген адам/күні табылады.
Орташа еңбекақы есептеу үшін есепке алынатын жұмысшылар құрамына үйде отырып жұмыс істейтін жұмысшы-қызметкерлер де кіреді. Олардың саны ұйымдағы жұмысшылар мен қызметкерлерге айлық еңбекақы қорының сомасын сол ұйымда негізгі қызметті атқаратын жұмысшылар мен қызметкерлердің есепті айдағы орташа еңбекақысына бөлу арқылы анықталады.
Жұмыс істелген уақыт көрсеткіші, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын жұмыс істеген уақытына қарай есептеуге, оларға өндірілген өнімнің өнімділігін есептеуге және қызметкерлердің белгіленген мөлшерін орындау барысын анықтауға, сонымен қатар жұмыс істегені жайлы статистикалық көрсеткіштерді алуға, жұмыс күнінің балансын жасауға қолданылады.
Жұмыс істелген уақыт есебі жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келуі, олардың жұмыс істегені, жұмыстың тоқтап қалуы және де жұмысқа келмеген жұмысшылар мен қызметкерлердің санаттары бойынша табельде алфавит бойынша реттік номері санына қарай жүргізіледі. Жалпы табельдер жұмыс істеген уақыты бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбекақысын есептеуге арналған.
Табельдерде кәсіпорынның әр құрылымының өкілдері бойынша жұмысшылар мен қызметкерлердің жұмысқа келмегені, жұмыстың тоқтап қалғанына байланысты белгіленген шартты белгілерді қою арқылы толтырылады. Жұмысшылар мен қызметкерлердің уақытша жұмысқа жарамай қалғаны туралы құжаттары осы табелге қосымша тіркеледі.
Жұмысшылар мен қызметкерлердің демалысқа шығуы, іс-сапарда болуы, жұмысқа себепсіз кешігуі, тағы басқа жағдайлар табельде тиісті белгімен көрсетіледі.
Ол үшін әріптік, мысалы:
- іс-сапарындағы жұмысшы- қызметкерлер үшін -і
- демалыстағы жұмысшы-қызметкерлер үшін -д
- жұмыстан себепсіз кешіккен жұмысшылар үшін - с
тағы басқа белгілер қолданылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz