Экономикалық теорияның қалыптасуы


Кіріспе
І Негізгі бөлім
1.1 Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық құбылыстарды тану әдістері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты — саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.
1. Ашимбаев Т.А. Государственное регулирование перехода к рыночным отношением. // Известия HAH РК. Серия «Общественные науки» — Алма-Ата, 1993. №2.
2. Валовой Д. Кремлевский тупик и Назарбаев - М.: Молодая гвардия, 1993.
3. Владимирова Л.П. Прогнозирование и татрование в условиях рынка. - М. Дашков и К, 2000.
4. В. Клаус. Десять заповедей чешасой реформы: // Известия. 1994. 5 апреля.
5. Казахстанская правда, 1997. 25 декабря.
6. Деловая неделя. 1997. №12,
7. Государственное регулирование экономики / Под общ. ред. д.э.н. проф. В.И.Кушлина и д.э.н., проф. Н.А. Волгина. — М.: Экономика, 2000.
8. Государственное регулирование рыночной экономики / Под.ред. Петрова Р.П. СПб, 1999.
9. Джкевич А.К. К осмыслению опыта экономического развития Япоти // Российский экономический журнал. 1992. №10.
10. Елемесов P., Жатканбаев Е. Государство и рынок: Учебное пособие. — Алматы: Каржы-Каражат, 1997.
11. Есиркепов Г.А. Приватизация государственной собственности в Республике Казахтан в условиях перехода к рынку. — Алматы, Уни-верситет «Туран», 1999.
12. АльПари. 1997. №10.
13. Вопросы экономики. 1990. №5.
14. Заявление Кабинета Митстров Республики Казахстан об эконо-мической политике в 1994 г. // Казахстанская правда. 1994. 5 февраля.
15. Ихданов Ж.О., Сансызбаева Г.Н., СахановаАН. Пмново-финансовые механизмы регулирования экономики. ~ Алматы: Экономика, 1998.
16.Казахстан 1991 — 2001 годы: Информационно-аналитичесский сборник. Агентства PK no статистике. — Алматы: Экономика, 1998.
17.Калиев Г. Аграрная реформа в Казахстане: история, современностъ, перспективы. — Алматы: Бастау, 1998.
18. Кейнс Дж. Общая теория занятости, процента и денег. М., 1995.
19. Класс Эклунд. Эффектная экономика — шведская модель: (Пер. со швед.).- М.: Экономика, 1991.
20. Кошанов А.К. и др. Формирование государственного предприни-мателъства в Республике Казахстан в условиях смешанной экономики. — Алматы, 2000.
21. Ливщиц А. Государство в рыночной экономике (краткий спецкурс) // Российский экономический журнал. 1993. №1.
22. Лю Гогуанъ. Регулирование китайской экономики и судьба реформы // Вопросы экономики. 1989. № 10.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі: Реферат
Көлемі: 12 бет
Бұл жұмыстың бағасы: 300 теңге




Жоспар

Кіріспе
І Негізгі бөлім
1.1 Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
1.2 Экономикалық құбылыстарды тану әдістері

Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Экономикалық ілімнің тарихи қалыптасқан аты -- саяси экономия. Қазір бұл пәннің атын өзгертіп экономикалық теория деп жүр. Бұлай өзгертудің негізі мәселенің түпкі мәнінде емес, өйткені ғылымның іргетасы, заңдылықтары өзгермейді. Адамзаттың жалпы даму ықпалына байланысты қатынастарды қарастырумен бірге экономикалық теория нақтылы тарихи даму заңдылықтарын да зерттеуі тиіс. Демек, жалпы адамзаттық көзқараспен бірге әр елде орын алған нақтылы өндірістік қатынастар, әлеуметтік-таптық қарым-қатынастарды да жоққа шығаруға болмайды. Әлемдік экономикалық ілімнің жетістіктерін басшылыққа ала отырып, оқулық авторлары ең бастысы рынок экономикасының қалыптасуы мен заңдылықтарына талдау жасайды.
Дамып келе жатқан Латын Америкасы, Африка, Азия елдеріндегі жағдайды айтпағанның өзіңде Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония және басқа осындай соңғы жылдары алға шыққан елдердің өзінде де "жұмақ" орнады деуге болмайды. Бұлар да макроэкономикалық қайшьтлықтар, инфляция, жұмыссыздық, экономикалық дамудағы тоқырау т. б. мәселелер орын алып келеді.
Ал "социализмнің саяси экономиясы" туралы айтар болсақ, ғылымда, оның ішінде экономикалық теорияда социалистік идеяның негізгі қағидалары: адамгершілік, әділеттілік, еңбекке қарай ақы төлеу т. б. принциптері әкімшілдік жүйеде, шын мәнінде толық жүзеге асырылмады, олардың шындыққа айналуына мүмкіндік те болмады. Кеңес елінде орнады делінген "социализм" сыңаржақты мемлекеттік капитализм мен социалистік идеяның кейбір буындарын пайдаланған, зорлық әдістері арқылы орнаған ерекше қоғамдық құрылыс. Бұл қоғам 70 жылдан астам Ресейде, онымен бірге Қазақстан тәрізді аймақтарда орын алып келді. Сол бір қоғамның болмысын анықтау, ғылыми баға беру болашақтың ісі. Экономикалық қатынастар сан алуан құбылыстар мен процестерді қамтиды, шектелген материалдық ресурстарды өмірлік қажеттіліктерді қамтамасыз ету жолында адамдардың, олардың топтарының өңдірісте, бөліс, айырбас, тұтынуда атқаратын қызметін зерттейтін ғылыми-экономикалық теория. Әрбір тәуелсіз елдің мемлекеттік даму жолында ерекшеліктер бар. Экономикалық ғылым оның заңдары бүкіл әлемдік болғанымен жеке елдердегі көріністері әр түрлі. Ол ерекшеліктер сол елдің табиғи орналасуы, шикізат байлықтары, халқының менталитеті, халықаралық еңбек белінісіңдегі орны т. б. жағдайларға байланысты.
Кеңес Одағы тараған соң Қазақстан Республикасы саяси тәуелсіздікке ие болып өз алдына жеке мемлекет ретінде Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылданды, басқа да тәуелсіз елдер сияқты әкімшілдік жүйеден рынок қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алып, етпелі дәуір кезеңдерін басынан өткізуде.

0.1. Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері

Экономикалық теорияның құрылымында бұл тақырыптың алатын орны ерекше. Өйткені бұл тақырып біз зерттеп танысатын курс үшін ерекше методологиялық кіріспе болып табылады. Мұнда экогомикалық теория нені зерттеп талдайды, бұл үшін қандай әдістер пайдаланылады, оның қоғам дамуында атқаратын ролі қандай және т.б. маңызды мәселелер анықталады.
Бүгінгі ада, егер ол қоғамдық дамудың заңдарын зерттеп түсінбесе, экономикалық теорияны меңгермесе, ол адам өзін білім мен мәдиенетке қол жеткіздім деп айта алмайды. Бұл тақырыпты жете түсініп блу арқылы студенттер бірнеше жаңа категориялармен танысады.
Қандай ғылым болмасын, ол адамдардың табиғатпен, қоғаммен, бұлардың өзара әсер етуімен байланысты мәселелерді шешуге бейімделген мақсатты талаптарының (әрекеттерінің) нәтижесінде пайда болады. Бұны толығынан экономиканы зерттейтін ғылым кешеніне жатқызуға болады. Адамдар көне заманнан бастап адамзат қоғамының дамуы немен байланысты, экономика қандай заңдармен дамиды деген сұрақтарға жауап іздеген.
Адамдар өмірі құбылмалы, күрделі және қайшылығы мол өмір. Бұл өмір экономиканы, саясатты, мәдиенетті және т.б. қамтиды. Қоғам өмірінің әр салаларын жекелеген ғылымдар зерттейді. Экономикалық ғылым осылардың біреуі болып табылады.
Тұңғыш экономикалық ой-пікірлер көне заманда пайда болған. Ертедегі Греция, Рим, Қытай, Индия ғалым-философтары экономиканың жекелеген мәселелерін: бағаның негізінде не жатады, байлық қалай көбейеді, т.б. шешуге талаптанған.
Ксенофонт (б.д.д. 430-354 жж.), Платон (б.д.д. 427-347 жж.), Аристотель (б.д.д. 384-322 жж.) пайдалылық туралы экономикалық теорияның бастапқы принциптерін анықтаумен айналысқан.
Көне Рим ойшылдары Сенека (4-65 б.д.д. жж.), Лукрейий Кар (39-55 б.д.д. жж.) құлиеленушіліктің құлдырап күйреуінің экономикалық себептерін зерттеген. Осының басты себебі материалдық ынтаның болмауы, дейді олар. Сенеканың көзқарастары христианствоның экономикалық концепцияларының қалыптасуына ықпал еткен. Осы концепциялар соңынан адамзат дамуының тарихи процесінде шаруашылық өмірге көзқарасты мүлде өзгертеді. Егер кімде-кім еңбек еткісі келмесе, ол тамақ жемесін деп, христиандық ойшылдар және уағызшылар жабайы шаруашылық еңбекті қажетті және киелі іс деп жариялаған. Христиандық ілім әділетті баға белгілеу принципін дәлелдейді, еңбек шығындарымен есептесе отырып, мүліктер индивидуалдық емес, әлеуметтік бағаланғаны жөн дейді.
Бірақ ерте дүниеде, орта ғасырларда экономикалық ой-пікірлер ғылым болып қалыптаспаған болатын. Сол замандардың ойшылдары экономикалық құбылыстарды жалпы қоғам өмірінің процестерінен бөліп алып жеке талдаған жоқ, экономика туралы ілімді жүйеге келтіріп қалыптастыра алмаған.
Экономикалық теория қолданбалы ғылым болып шаруашылық жүргізуде құлиемдену құрылыста пайда болды. Экономикалық теория ғылым болып тек 16-17 ғасырларда ғана қалыптасады. Алғаш бұл теория саяси экономия деген атқа ие болды (грекше: политейя- қоғам, ойкос- үй, шаруашылық, номос- заң). Сонымен, саяси экономия- қоғамдық шаруашылықтың заңдары туралы ғылым болып табылады. 17 ғасырдың басында саяси экономия дербес ғылымға айналды.
Экономикалық ой-пікірлердің ғылыми тұрғыда тұжырымдалып, қалыптасуы сауда, өнеркәсіп капиталының дами бастауымен байланысты. Бұл кезең негізінен Еуропада 16-17 ғғ. қамтыса, Ресейде тауар-ақша қатынастары 1861 ж. реформадан кейін дами бастады.
Қазақ елінде 19 ғасырдың соңы, 20 ғасырдың басында сауда капиталы, тауар-ақша айналымы, халықаралық нарық, еңбек бөлінісін қамту процесі бірте-бірте жанданған болатын. Еліміздің слотүстік, батыс аймақтары Ресеймен тауар айналысы басым қатынаста болса, оңтүстік, шығыс, орталық аудандарға Орта Азия, Қытай, т.б. елдердің саудагерлері жиі келе бастады.
Алғаш рет өз алдына қалыптасқан экономикалық ой-пікірдің белгілі бір бағыты- меркантилизм (итальянша: мерканте- көпес, саудагер), немесе, меркантилистер мектебі деп аталды. Бұл бағыт өкілдерінің айтуынша, қоғамдық байлық (ақша, алтын) тек саудада ғана пайда болады. Олар ғылымының бас пәні деп ақша, тауар айналымын түсінген. Бұл сияқты ой-пікірді кездейсоқ деп айтуға болмайды, өйткені капиталистік қимыл- әрекеттің алғашқы кезеңдерінде халықаралық сауда арқылы тауарлар бір елде төмен бағамен сатып алынып, екінші елде қымбатқа сатылған. Сондықтан меркантилистер мемлекет сауданы жандандырып кеңейтуді, оның алтын қорын көбейтуді талап етуге тиісті делінген болатын. Осы мектептің белгілі өкілі Томас Манн (1571-1641 жж.) және басқа меркантилистер мемлекеттің қоғамның шаруашылық өміріне белсенді араласып, саудада протекционистік саясатты кең қолдануын тілеген. Бұларды сынаушылар дұрыс байқаған: таза байлық айырбаста пайда болмайды, бұнда тек ақша тауарға, тауар ақшаға айырбасталады. Айырбастағы тепе-теңдік бұзылса, байлық біреудің пайдасынан екіншінің пайдасына ғана көшіп отырады. Айырбасқа түскен тауарлардың бағалары тең болғанда ешкім байып кете алмайды.
Экономикалық ғылымның дамуындағы келесі кезеңді физио- краттар (физио-кратия грек тілінен аударғанда табиғаттың билігі) ілімі қамтиды. Бұл бағыттың негізін қалаушы Франсуа Кенэ (1694-1774 жж.). Физиократтар қоғамдық байлықтың көзі өндірісте екенін дәлелдейді. Ал өндірісте, олардың тұжырымы бойынша, бір ғана сала болады: ол- ауылшаруашылығы. Физиократтар Физиократтар ауыл шаруашылығында байлықтың өсуін тек жердің табиғи құнарлылығымен байланыстырып, оны табиғаттың тегін сыйлығы деп түсінген. Олар өнеркәсіпті табыстарды өсіруге ат салысатын өндіріс саласы деп есептемейді. Ал ақиқатқа келсек, капитал мен еңбек жұмсалмаса табиғаттың жеке өзі байлықты үздіксіз көбейте алмайды.
Өндірісті зерттеуге бет бұру ғылыми саяси экономияның жарыққа келуіне жол ашты. Құн тәртібіне келегн мәселелерге дәлелді жауап берген классикалық саяси экономия. Бұның көрнекті өкілдері Уильям Петти (1623-1687 жж.), Адам Смит (1723-1790 жж.), Давид Рикардо (1772-1823 жж.) ұлттық байлық материалдық өндірістің барлық саласында жасалатынын дәлелдеді. Бұл байлықтың әмбебап формасы-тауардың құны деп тұжырымдады олар. А.Смит еңбек құн теориясының негізін қалады, еңбек өнімділігінің роліне көп назар аударып, табыстар туралы ілімді жарыққа әкелуші болды.
Байлық өсу үшін алғашқы жұмсалған қаражат қосымша шамаға (қосымша құнға немесе пайдаға) көбейтуі керек. Осы өте маңызды ғылыми жаңалықтың ашылуы, экономикалық теорияны нақты ғылым ретінде қалыптастырды. Утопиялық социализм ілімі осы мезгілде қалыптасқан болатын. Бұл ілімнің негізгі идеялары Томас Мордың Утопия, Кампанелланың Құн қаласы деген еңбектерінде жарияланған. Кейін бұл ілімге үлес қосқандар Ш. Фурье, К.Сен-Симон, Р.Оуэн.
Классикалық саяси экономия мен утопиялық социализмнің негізінде марксистік бағыт қалыптасқан еді.
Біздің елдің экономикалық ғылымы осы күнге дейін марксистік теория негізінде дамып келді. Экономикалық ой-пікірлердің тарихын зерттейтін еңбектердің қандайын алсақ та, оларда марксистік ілімге елеулі назар аударылады. Демек, П.Самуэльсон мен В.Нордхаус К.Маркстің Капиталын, А.Смиттің Халықтар байлығын және Д.М.Кейнстің Жұмыспен қамту, процент және ақшаның жалпы теориясымен қатар қойып, осы еңбектердің барлығын бүкіләлемдік экономикалық теорияның дамуының маңызды кезеңдері деп ұғынады. Марксистік саяси экономия еңбек құн теориясын ілгері дамытып, қосымша құн туралы ілімді қалыптастырды.
Қазіргі замандағы экономикалық ой-пікірдің маңызды бағытына неоклассикалық ілім жатады. Осы бағыттың өкілдері субъективтік құн теориясын тұжырамдаған. Бұлар экономикалық шаруашылықты неғұрлвм аз шығын жұмсап мүмкінінше мол пайдалылыққа ие болғысы келетін микроэкономикалық агенттердің жиынтығы деп түсінеді.
Осы талдау сұраныс пен ұсынысты және қажеттік пен тұтынуды зерттеуге негізделген.
19 ғасырда экономикалық ғылым бағаның құрылу заңдылықтары мен ресурстарды үнемді пайдалану, өндіріс факторларын оптималды қолдану арқасында шекті нәтижеге жету мәселелерін жан-жақты зерттеуді жандандыра түсті (бұл бағыттың белгілі өкілдері А.Маршалл, К.Кобб, П.Дуглас).
Осымен қатар жалпы динамикалық тепе-теңдік теориясында (Л.Вальрас) дами түсті. Осы теория арқылы тауарлар мен қызметтерге сұраныстың, оның өндіріс факторлары (еңбек, жер, капитал) сұранысына әсерін болжап анықтауға мүмкіндік береді.
Қазіргі замандағы экономикалық ткория бірнеше ірі бағыттарды (неклассикалық, кейнстік, монетарлық, институционал-социологиялық) қамтиды.
Ресейге келсек, бұнда экономикалық ой- пікірлердің дамуы белгілі экономист және мемлекеттік қайраткер Ордын-Нащокиннің (1605-1680 жж.) атымен және 17 ғасырда Жалпыресейлік нарықтың құрылуымен байланысты. Бұның көзқарасын орталықтанған мемлееттегі ресейлік меркантилизмнің көрінісі деп бағалауға болады. Соңынан экономикалық ілімге үлес қосқандар-И.Т.Посошков (1652-1726 жж.), М.В.Ломоносов (1711-1765 ... жалғасы
Ұқсас жұмыстар
Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы
Экономикалық теорияның қалыптасуы және дамуы жолдары
Экономикалық теорияның қалыптасуы мен тарихи даму кезеңдері
Экономикалық теорияның даму кезеңдері
Экономикалық теорияның атқаратын қызметтері
Экономикалық теорияның пәнінен дәрістер
Экономикалық теорияның қалыптасу кезеңдері
Экономикалық теорияның шығу тарихы
Экономикалық теорияның зерттеу әдістері
Экономикалық теорияның қалыптасуының негізгі кезеңдері
Пәндер

Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор №1 болып табылады.

Байланыс

Qazaqstan
Phone: 777 614 50 20
WhatsApp: 777 614 50 20
Email: info@stud.kz
Көмек / Помощь
Арайлым
Біз міндетті түрде жауап береміз!
Мы обязательно ответим!
Жіберу / Отправить

Рахмет!
Хабарлама жіберілді. / Сообщение отправлено.

Email: info@stud.kz

Phone: 777 614 50 20
Жабу / Закрыть

Көмек / Помощь