Кинотеатрлар мен прокат салалары


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Кез келген елдің өркениеті мен мәдениеті ең алдыменен сол елдің өнерімен өлшенетіні белгілі. Сол сан қырлы өнер салаларының даму деңгейіне, шыққан биігі мен жетістіктеріне қарап, әлем жұртшылығы ол елге баға береді, танып, біледі, құрметтейді. Уақыт керуені өзгеріссіз тұра алмайды. Жылдар тізбегі алмасқан сайын, бір қоғамдық құрылыс келмеске кетіп, орнына екінші бір жаңасы орнығып жатуы заңды құбылыс. Алайда, киноөнерінің, соның ішінде салалары - киножүйе мен прокаттың маңызы зор. Ол уақыт өткен сайын жаңарып, жаңғырып, өз шырқау биігіне көтеріле береді, өркендеп, қанат жаяды. Мәселенің осындай өзектілігін ескере отырып, диплом жазуда бұл тақырыпты қолға алдым.

Қазақстан егемендігін алып, өзінің көк туын желбіреткеннен бері ұлттық киноөнеріміз бен мәдениетіміз де жаңа бір қарқынмен қарыштай дамып, өркендей түсуде. Осындай бір ұлттық нақыш пен мазмұнға толы ерекше өнер түрі - бүгінгі менің еңбегімнің арқау еткелі отырған кинематография.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2009 жылы Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» ұлттық киностудиясында болғанда, шығармашылық ұжымымен кездесіп, жаңа жобалармен, кино өндірісінің үдерісімен танысты. Мәдениет және ақпарат министрлігіне отандық кинематографияның дамуына баса көңіл бөлу тапсырылды, өйткені бұдан 30 жыл бұрын салынған, жабдықтары да әбден ескірген болатын. Ең алдымен техникалық жаңарту талап етілді.

Бүгін де киностудия қазіргі заманғы кинокартиналар өндірісіне кең мүмкіндіктер беретін ең заманауи жабдықтармен жарақтандырылған. «Қазақфильм» бүгін де Орталық Азиядағы ең жақсы жабдықталған киноиндустрия орталығына айналды. Киностудия ұжымымен кездесу барысында ел Президенті Қазақстан кинематографтарының алдына жаңа міндеттер қойды.

Кездесуде: «Біз әлемге тек саяси, экономикалық, әлеуметтік салада ғана емес, мәдени, рухани дамуда да зор табыстарға жеткенімізді көрсетуіміз керек1, - деп атап өтті Мемлекет Басшысы.

Біздің мемлекетімізде аудиовизуалды саланың белсенді көтерілуі байқалып отыр. Соңғы бес жыл ішінде кино көрсету желісі дамып, сапалы кинозалдардың саны күрт көбейді. Сонымен қатар спутник, кабельді арналардың экономикалық және шығармашылық күші тұрақталу арқасында эфир кеңістігі де ұлғайды. Қазіргі көрермендер мәтіннен гөрі көзбен қабылданатын образдарды таңдайды. Сондықтан да сапалы, драматургиясы мен визуалды қатары бойынша бағалы, толымды экран өнімдерін жасау қазіргі қоғам үшін маңызды іс.

Қазіргі көрермендер аудиториясында жүргізілген социологиялық зерттеулер бойынша кинематограф өнердің басқа бағыттарымен салыстырғанда басым екені анықталды. Аудиовизуалды өнімдердің шығару көлемі өсіп жатыр. Жаңа студиялар, продюсерлік орталықтар, жаңа сериал бірлестіктері пайда болуда.

Продюсерлік салаға тек қана интуиция сезіміне жүгінбей, негізгі кәсіби біліміне білімі бар, отан және шетел нарығында бәсекеге қабілетті жанры бойынша түрлі аудиовизуалды өнім шығара алатын мамандарды дайындау - маңызды жұмыс.

Диплом жұмысының пәні мен нысаны. Зерттеудің пәні - республикадағы киножүйе мен прокатының қалыптасуы мен дамуы. Нысаны - еліміздегі кинотеатрлар мен прокат ұйымдарының жұмыс істеу жағдайы.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Жұмыстың мақсаты-кино көрсететін және оны прокаттайтын ұйымдардың нарық жағдайындағы рөлін көрсету. Осы мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыс жазу барысында мынандай міндеттер қойылды:

-кинотеатрлардың пайда болу тарихын сипаттау;

-киножүйе мен прокаттың жұмысын талдау;

-шет ел нарығымен салыстыру;

-көрермендерді фильм көруге тарту бойынша жасалатын іс шаралар;

-кинонарық жағдайын зерттеу.

Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс: аңдатпадан, кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, 35-әдебиет тізімінен, 7-кестеден, 2-диаграммадан, 4-қосымшадан, 80-бет компьютерлік мәтіннен құралған.

1. 1 Кинотеатрлар мен прокат салаларына сипаттама

Әлемде ең бірінші кинотеатрды ағайынды Люмьерлер ашқан. Бұл тарихи оқиға 1895 жылы Париж қаласында болды. Сол кезде көрсетілген тұңғыш фильм «Пойыздың келуі» деп аталатын. Көңіл көтерудің мұндай қызықты түрінің төрткүл дүниеге тез тарағаны соншалық, келесі жылы-ақ АҚШ пен Еуропаның ірі қалаларының тұрғындары кино көре бастады.

Кинотеатр - көпшілікке кинофильмдер көрсетуге арналған ғимарат, не ғимараттың бір бөлігі. Ол экран тұрпаты бойынша кең пішімді, кең экранды, әдеттегі, стереоскопиялы дөңгелек панорамалы болып келеді. Кинотеатр залдарының құрамына қарай: бір, екі, 8-10 залдық кинотеатр; арналуы мен қызметіне қарай: балалар, ересектер кинотеатры, деректі фильмдік, қайта көрсетілімдік кинотеатр болып бөлінеді. Кинотеатр ғимараты көрермендер залы, аппараттық, әкімшілік бөлімдерден тұрады. Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда небәрі 13 жеке меншік кинозал (Семей, Павлодар, Өскемен, Ақмола, Қостанай және Ақтөбеде) болды. Верныйда тұңғыш кино 1910 ж. “Марс” кинотеатрында көрсетілді. Кинотехниканың өте төмен дәрежеде болуы, өлкенің экономикалық жағынан артта қалуы, әрі халықтың сирек орналасуы себепті фильмдер ара-кідік көрсетілді. Кино өндірісі болмаса да оның белсенді насихатшылары болды. Солардың бірі - Әліби Жангелдин еді.

Ол 1913 ж. Еуропа мен Азия елдерінде саяхатта болып, сол сапарынан Испания, Үндістан, Қытай, т. б. елдердің өмірінен түсірілген этнографиалық, тұрмыстық мәні бар 40 шақты таспа мен жылжымалы кинопроектор алып келіп, халыққа көрсетті. Қазақстанда кеңестік дәуірдің алғашқы кинотеатрлары 20 ғ-дың 30-жылдары салына бастады. Бұл кезеңде Алматыда “Алматы” (қазіргі 28-гвардияшыл-панфиловшылар атындағы саябақта), Қарағандыда “Қазақстан” (қазіргі Қазақ драма театрының ғимараты), “Шахтер”, Қызылордада “Амангелді” секілді кинотеатр ғимараттары бой көтерді. 20 ғасырдың 60-жылдарынан бастап кинотеатрлар, негізінен, бір тұрпатты жобамен салынды. Алматыдағы “Алатау” (1960), “Арман” (1968), Кино үйі (1971), “Байқоңыр” (1980), т. б. Кинотеатрлар, Астанада 1990 ж. аяғы мен 2000 ж. басында бой көтерген жаңа кинотеатрлар осы заманғы ең озық кинотехникамен жабдықталған әсем ғимараттар қатарына жатады

Кинотеатр жұмысының негізі болып техникалық жоғары сапалы, оңтайлы ұйымдастырылған мәдени дейгейде фильм көрсету. Көрермен мен фильм кинотеатр жұмысшыларының әрқашанда назарында болуы тиіс. Фильмді дұрыс таңдау, пайдалы жарнама, фойеде көрермендерге қосымша мәдени шаралар ұйымдастыру, жүйелі тәртіп, тазалық - кинотеатр жұмыстарының сапалық және экономикалық нәтижесінің шешімі болып табылады.

Өз уақытында мазмұнды және пайдалы жарнама көрермендердің фильмге деген қызығушылығын тудырып қана қоймай, кинотеатрға бару санын жоғарылатуға септігін тигізеді. Экранға алғашқы рет шығайын деп отырған фильмнің жарнамасымен сол студия айналысады да, кейіннен кинотеатрлар оны толықтырып, соңғы нұсқасын жасайды.

Жарнаманың ең көп тараған түрі болып фасадтық жарнама саналады. Ол көбінесе жарық техникасы мен көрермендерге көркем өрнектер арқылы жүзеге асырылады.

Көрерменді фильмге дайындаудағы ең бір маңызды шаралардың бірі болып кинотеатрдың мәдени - ағарту жұмысы болып саналады. Бұл жұмыстардың нышаны мен мазмұны әртүрлі болады: фойеде фильм тақырыбына байланысты көрмелер ұйымдастыру; көрермендерге фильмнің шығармашылық тобымен немесе сыйлы, атақты өнер адамдарымен кездесулер өткізу; көрермендерді фильмге байланысты жазылған рецензиялармен таныстыру және т. с. с.

Қазіргі уақытта кинотеатрлардың ең қолданысқа ие және көп тараған жұмыстарының бірі болып сол алғашқы құттықтау сөздер мен көрмелер болып табылады. Егер де фильм біздің елдің тарихы немесе халқы жайлы болатын болса, онда әрқашанда көрермендерді бұл фильммен таныстырып өтуі тиіс. Таныстыру сөзі 10 - 15 минуттан аспауы керек.

Көрмеге материалдар ретінде мыналарды пайдалануы мүмкін: фильмнің фотокадрлары; актерлер мен фильм қоюшыларының портреттерінен бөлек олардың биографиялық мәліметтері; сахналы-сәндеменің нобайлары; костюмтердің үлгілері; сахна мүлкінің заттары; музыкалық партитуралар және тағы басқалар. Болашақта жергілікті мәдени орталық болып саналатындықтан, кинотеатрлар әрдайым сол жергілікті компаниялардың саяси және шаруашылық жұмыстарынан хабардар болуы тиіс. Кинотеатрлар көрермендермен кейбір тарихи күндерге байланысты мәдени шаралар өткізгенде олардың мәні мен мағынасын өз кинорепертуарларында көрсете алу керек. Осыған көмек ретінде кинофестивальдарды ұйымдастыру да қарастырылады.

Кинофестивальдардың негізгі мақсаты - аз уақыттың ішінде белгілі бір тақырыптық мазмұны бар деген ең күшті фильмдерді көрсету. Кинокөрсетілім фестивальда оқылған лекция немесе баяндамалармен үйлесімді болғаны жөн. Кинофестивальдар көпшілік қауымға арналумен қатар көрермендердің кейбір жеке топтарына, мысалға: өндірістің жеке салаларының жұмысшыларына, жастарға арналуы мүмкін.

Кинотеатрдың экономикалық өмірі оның бюджеті есебінен реттеліп отырады. Бюджеттің кіріс бөлігі билетті сатудан түсетін ішкі өнім алымы есебінен жиналады. Жалпы жиналған өнімнен мемлекеттік салық пен прокаттық төлемді алғаннан кейінгі қалған бөлігі жоспар бойынша кинотеатрдың пайдалану мұқтаждықтарына жұмсалады. Егер бюджеттің кіріс бөлігі оның шығын бөлігінен асып түссе, онда кинотеатрға пайда да түскені. Ал егер де эксплуатациялық сметаға байланысты үнемділік жасалса, онда жоспардан да тыс пайда түседі деген сөз.

Жекелеп алғанда кез-келген кинотеатрлардың эксплуатациялық шығындары бір-бірінен атаулық (номенклатура) бабы мен ақша айналымы бойынша ажыратылып отырады. Есептеу жүйесінің негізінде эксплуатациялық шығындарды 4 бөлімге бөлінеді. Олар:

-негізгі кино көрсету шығындары;

-көрермендерге мәдени қызмет көрсету шығындары;

-әкімшілік - басқару шығындары.

Кез-келген шығынның құрамы, көлемі ең біріншіден, сол кинотеатрдың өз ерекшелігіне байланысты. Ерекшелік деп отырғанымыз олардың орналасуы, көрермендер орнының саны, разряды мен жұмыс тәртібі.

Киножүйе - кинематографияның ең негізгі салаларының бірі. Ол кинотеатрлардан, кино көрсететін клубтардан, сонымен қатар басқа да мәдени - көпшілік және жылжымалы киноқондырғылардан тұрады. Киножүйенің негізгі міндеті - репертуарлық талаптары негізінде құрылатын жоспарға сәйкес жоғарғы техникалық деңгейде фильмдерді көрсету. Киножүйе мамандары көрермендермен үлкен мәдени - саяси жұмыстар жүргізеді, кинофестивальдар ұйымдастырады, техника мамандарымен әртүрлі кездесулер өткізеді. Мұндай іс - шаралар киноның идеологиялық рөлі мен тиімділігін көтеруіне өз ықпалын тигізеді.

Киножүйе - кинематографияның капиталды көп қажет ететін саласы. Осыдан басқа, жыл сайын киножүйенің қажеттіліктері кинематографияның жалпы шығындарының 70 % құрайды. Біздің елдегі киножүйенің капиталистік елдердегіден айырмашылығы, оның дамуы табыс табумен байланысты емес, керісінше халықтың рухани қажеттіліктерін қағаттандырумен байланысты.

КСРО - да жүзеге асырылған кинофикация процесінің негізгі мақсаты - барлық қала және ауыл аймақтарына кино көрсету қызметімен қамтамасыз ету болатын. Осы процестің негізінде ауылдық киножүйе құрылды. Ол жалпы елдегі кинотеатрлар мен киноқондырғылардың 85 % құрайды.

Киножүйе материалдық өндіріс саласы емес, себебі онда табиғи формада материалдық құндылықтар өндірілмейді. Киножүйе белгілі бір төлемге байланысты тұрғындарға қызмет көрсетеді. Кинофильмді көрсету - бір уақытта техникалық және өндірістік процесс болып саналады. Осы процесстің нәтижесінде белгілі бір құнға ие қызмет (киносеанс) құрылады, себебі оның өндірісіне таза шығын көлемі мен еңбек жұмсалады, сонымен қатар бұл қызмет түрі тұтыну құнына да ие.

Осыған байланысты киножүйе мамандарының еңбегі өндірістік еңбек болып саналады, ал киножүйенің өзі өндірістік сипатқа сай келетін қызмет сферасы болғаны. Жоғарыда айтылғандай, кинематографияда шығармашылық және өндірістік - техникалық процестер мен мәселелер бір - бірімен тығыз байланысты. Шығармашылық пен өндіріс, өнер, техника мен экономика бір - бірімен байланысты болуы, кинематография мәдениеттің бір саласы ретінде ерекшеленеді. Бұл ерекшелік киностудия жұмыстарында байқалады.

Кинематографияның тағы бір ерекшеліктерінің бірі - фильмді өткізу нышанында. Бұл ерекшелік мынада: фильм көрермендерге сатылмайды. Кинотеатрларға билет ала отырып көрермен тек осы мекеме көрсететін қызметке құқығы бар. Ол қызмет түрі - фильм көрсету. Осы қызмет түрі мен фильмге барушылардың саны фильмнің белгілі бір өнер туындысы ретіндегі сапасына тікелей байланысты. Осы көз - қарастан шығатыны - фильмнің пайдалану мүмкіншілігі шектеулі емес. Оларды кез - келген көлемде тиражын дайындауға және сеанстарға беруге болады. Сеанстар көлемі мен көрермендер саны фильмнің өнер туындысы ретінде оның сапасы мен құндылығына байланысты болады.

Киножүйе «кәсіпорындары» орналасқан жеріне қарай дифференциалданады: қалалық және ауыл - аймақтық кинотеатрлар; жүргізетін шаруашылығына қарай; киноаппараттардың түрлері мен фильм көшірмелерін көрсету форматына қарай; эксплуатацияның талаптарына қарай; стационарлық және қозғалмалы; жұмыс тәртібіне қарай; әрдайым жұмыс істейтіндер және белгілі бір жыл мезгіліне байланысты істейтіндер.

Кинофикация деңгейі мына төмендегі көрсеткіштермен анықталады:

а) 1 мың тұрғынның үлесіне тиетін көрермендер орны;

ә) кинотеатрлардағы көрермендер орнының орташа көрсеткіші.

Өз кезегінде КСРО қалалық киножүйе күніне орташа 6, 2 сеанс берген. Осыған қарап қалалық кинотеатрлардың жұмыстары жоғарғы қарқында жүргізілгенін көрсек болады. Ауылдық жерде қалай ? Күніне орташа 1, 6 сеанс, ауданда - 2 - 3.

Киножүйенің экономикалық функциясы мынада: ол киноға деген билеттерден түсетін ішкі өнімді өндірістің шығындарын жабуға, фильм көшірмелерін көбейтуге, кинопрокат пен киносетті қаржыландыруға жұмсайды және кинодан салық жинау арқылы қор құрады.

Киножүйе дамуының бастапқы белгілері:

  1. тұрғындар саны (ересектер мен балаларды бөлек - бөлек есептегенде) ;
  2. бір жылдағы бір көрерменнің киноға бару деңгейіне құрылған есеп;
  3. кинотеатрлар мен киноқондырғылардағы көрермендер санының мөлшері;

Бұл жоспарда (2-қосымша) мына мәселелерде талқыланады:

-жұмыс күнінің мөлшері, ересектер мен балаларға арналған фильмдердің мөлшері, кинотеатр жағдайы, көрермендер саны;

-экономикалық көрсеткіштер - фильмдердің орташа бағасы, билеттерді сатудан түсетін орташа түсім, кино көрсетуден түсетін салық, шығындар.

Көрермендер санын неғұрлым көтерсе, соғұрлым сол кинодан түсетін пайданың мөлшері де көп болады. Әрқашанда билеттердің орташа бағасы мен көрерменедерден түсетін орташа бағаны ажырата білу керек. Билеттердің орташа бағасы негізінен түсетін жалпы соманы (билеттерді сатудан) көрермендердің санымен анықталады.

Кино көрсетуден түсетін салық жалпы соманың көлеміне байланысты ставкаларға негізделеді. Билеттерді сатудан түсетін ішкі өнім келесі жолдармен бөлінеді (жұмсалады) : қаражаттың бір бөлігі кинодан жиналған салық ретінде мемлекеттік бюджетке бағытталады. Келесі бір бөлігінен прокат қоры толықтырылып отырады. Қалған қаражат пайдалану шығындарын жабуға және пайда көздерін табуға жұмсалады.

Дайын фильм-фильм өндірісі саласының көлемі немесе өнімі - кинокөшірме фабрикаларының негізгі жұмыс көзі болады. Кинопрокаттың бекітуі бойынша олар (фабрикалар) фильм көшірмелерін дайындайды. (сапасына қарай 300 - ден 2000 - ға дейін барады) . Фильм көшірмелері кинематографияның келесі саласы - кинопрокатқа түседі.

Кинопрокаттың конторлары мен бөлімдерінде кинобағдарламалар болады. Олар: көркемсуретті, деректі, ғылыми - көпшілік кинокөшірмелерінен тұрады. Бұл бағдарламалар жоспарға сәйкес кинотеатрларға, клубтарға, яғни киножүйенің алғашқы жұмыстары жүргізіле бастайды. Ал кинотеатрлар немесе бекітілген тариф бойынша сеансқа билет сатып алатын көрермендерді таныстырады.

Билеттерді сатудан түсетін қаражат кинемотографияның жалпы өнімін құрайды. Ал, ол өз кезегінде мемлекеттік бюджетке, прокат төлем қорына және эксплуатациялық шығындарды өтеуге, киножүйенің пайда көзін құруға жұмсалады.

Кинопрокат киностудияларға фильмдерді өткізілетін баға бойынша төлеп, смета құнын, жоспарлы пайда мен сапасы үшін қосымша төлемді де ескереді. Осындай есеп - шот жүйесі киностудияларға шығындарды жабуға және пайда табуға мүмкіншілік береді. Жергілікті конторлар мен бөлімшелер кинокөшірме фабрикаларына кинокөшірмелерді өндірістің ортақ бағасы бойынша төлейді, бұл баға көшірме фабрикаларына кинокөшірмесін дамытуға септігін тигізеді.

Кинемотография салаларының бір - бірімен осылай экономикалық жағынан байланысуы болашақта фильмдердің сапасын жоғарылатуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар көрермендерге қызмет көрсетуге, шаруашылыққа байланысты есептерді дұрыс жүргізуге және жұмыстардың экономикалық тиімділігін көтеруге де септігін тигізеді.

Кинотеатрлардың экономикасына келетін болсақ, көпшілік ойын кинематография саласына жатпайтын қосымша пайда көзіне бұру керек. Оған мысал: буфет. Егер Ұлттық Ассоциацияның мәліметіне жүгінетін болсақ, кинотеатрлардың салық төлеуге дейінгі таза табысы жалпы кассадан түсетін табыстың 15 % - ке дейінгі мөлшерін құраса, осы көлемнің ішіндегі буфеттерден түсетін пайданың мөлшері 10 - 20 % құрайды және де буфеттегі товарлардың өзіндік сатылу бағасының (розничная цена) 20 - 30 % ғана тең болады.

Осы себепке байланысты буфеттен түсетін таза пайданың көлемі шексіз болады немесе бұл табыс көзінің үлесі өте үлкен. Кинотеатрлардың дамуы және киноға барушылар санының өсуі КСРО - да үлкен дәрежеге жетті. Соңғы жылдары кинотеатрлар тек саны жағына ғана емес, сонымен қатар, сапасы жағынан да дамып келеді.

Қалалық киножүйені дамыту жоспары, ең біріншіден, қалалардағы кинофикация деңгейін көтерумен тікелей байланысты. Барлық қалаларда кинотеатрлар мен клубтар бар, соған байланысты киноқызметін көрсету жағдайыда жасалынған. Бірақ, соған қарамастан дамып келе жатқан қалаларды, өндірістік оталықтарды кинофикацияның объектілері ретінде қарауға болмайды.

Қазіргі уақытта қалалардың өзіндегі кинотеатрлардың жағдайы мәз емес. Сондықтан да әрбір салынып жатқан кинотеатрларды қалалық аймақтың киноқызметінің дамуы ретінде қарастыруымыз керек. Қалалық киножүйенің даму жоспарын қарастыра отырып (2-қосымша), оның жұмыс істеу мерзімінің әртүрлі екенін ұмытпауымыз керек.

Мысалы, жыл бойы істейтін кинотеатрлар болады және ең көп сеанстар солардың үлесіне тиеді, ал енді демалыс үйлеріндегі және клубтардағы киноқондырғылар белгілі бір күндерде ғана және істейтін, көрсетілетін фильмдердің саны шамалы ғана болады. Сондықтан халықты көрермендер орнымен қамтамасыз етілуін анықтау үшін белгілі бір көрсеткіштер керек: бұл көрсеткішті анықтау үшін қолда бары әр түрлі аудару коэффициенттермен көбейтіледі.

Ал, бұл коэффициенттер болса мынадай тәсілдермен анықталады: жоғарыда көрсетілген кино көрсету орындардағы көрермендер орнын жыл бойы істейтін кинотеатрлардағы орындарға бөлу. Орта есеппен бұрынғы Кеңес Одағындағы киножүйеде мынадай аудару коэффициенттері пайдаланылған: жаздық кинотеатрлар мен кино алаңдарында - 0, 14, жыл бойы істейтін кәсіподақ клубтарында - 0, 28, кәсіподақтарға қарасты жаздық кино алаңдары мен киноқондырғылары - 0, 15.

Кинотеатрлар мен киноқондырғылардың жұмысын жоспарлау - бұл облыстық, қалалық жерлердегі кинофикацияның басқарылуын жоспарлау. Киножүйенің жұмысын жоспарлау бір айға, бір тоқсанға және бір жылға есептелінген кесте бойынша құрылады .

Өте мықты және кең түрде дамыған клубтық кино құрылымдардың жүйесі - киножүйенің ең бір ғажайып ерекшеліктерінің бірі. 1941 жылы 20 мың стационарлық киноқондырғылардың 2/3 бөлігі клубтардың еншісіне тиді. Клубтық киножүйе бірнеше кинотеарлар жүйесін толықтырады, ал кейбір шалғайдағы ауылдарда фильмді тек клубтардан ғана көруге болады. Ұлы Отан соғысына дейін әрбір 5 қалаға орташа 2 кинотеатр мен 8, 3 клубтық киноқондырғыдан келіп отырады. Егер де қала маңындағы ауылдар мен қала тектес поселкелерді алып тастасақ, онда бір қалаға орташа Кеңес Одағы бойынша 1, 7 кинотеатр мен 6, 9 клубтан келіп отырды.

Осыған орай қаладағы кинотеатрларды ыңғайлы, жан - жанжақты етіп және жаңа аппараттармен жабдықтау - ең негізгі мәселелердің бірі. Ол үшін мәдениет басқармасының жұмыстарын жақсарту керек. Негізгі назарымызды ауылдағы кино жағдайына және жалпы театрлардың республика, облыс, аудан көлемінде бір деңгейде, бір дәрежеде дамуына көңіл аударуымыз керек. Ауыл аймағындағы киножүйенің даму жоспарын құрастырғанда ол жайлы жан - жақты хабардар болу керек. Мысалы: мекен - жайлардың саны, олардағы тұрғындар саны, ауылдар арасындағы қашықтық, аудан ішіндегі көлік жағдайы, өндіріс орындарының орналасуы және жалпы ауданның экономикалық дамуы.

Ауыл жерлеріндегі кинофикацияның деңгейі тұрғындар санымен, яғни бір фильмге баратын адам санымен анықталады. Жылжымайтын (стационарлық) киноқондырғы дегеніміз - бұл киноқондырғылардың негізгі түрі. Нақты уақытта олар ауылдағы кинофикацияға пайдаланады. Жылжымайтын киноқондырғылардың жұмысы негізінен сол аймақтың мәдени және рухани сұранысына байланысты жұмыс істейді.

Маршрут - қозғалмалы киноқондырғылардың оперативті жоспары.

Киноқондырғылардың эксплуатациялық шарттарының ең негізгісі болып дұрыс жол бағытын құрастыра білу, яғни өз жұмыс тәртібін құрастыру. Бұдан басқа, жол бағыты қозғалтқышқа жергілікті пунктердің белгілі бір санына байланысты бірнеше тапсырмаларда береді - сеанстар бойынша, көрермендер және жалпы түскен өнім бойынша.

Басқаша айтқанда, жол бағыты - киноқозғалтқыштардың белгіленген жоспарлы уақытына байланысты өндірістік тапсырмасын анықтайды. Сол себепті бұл құралдардың жұмысын жол бағытынсыз жоспарлау мүмкін емес.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан кино өнерінің соқтықпалы-соқпалы қиын кезеңдері
Технологиялық карта туралы ақпарат
Тәуелсіз Қазақстандағы қазіргі кезеңдегі мәдени-ағартушылық процесстер
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
ТУРИЗМ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫН МҰНАЙҒА ТӘУЕЛДІЛІКТЕН АЛЫП ШЫҒАР ЖОЛДАРДЫҢ БІРІ РЕТІНДЕ
Толықметражды «Кішкентай» көркем фильмінің шығармашылық-өндірістік көрсеткіштерін талдау
Видео прокат жүйесінің автоматтандырылған моделін құру
Өндіруші өнеркәсіп салалары
Өндірістік емес сала
Сервистегі анимациялық қызметтер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz