Гидрометриялық ізденістердің даму тарихы


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Гидрометриялық ізденістердің даму тарихы

КСРО аумағындағы ең алғашқы су өлшеу жұмыстары б. з. б. бірінші мыңжылдыққа жатады. Ғалымдар Согдиана мемлекетіндегі Заравшан өзенінің алабында, Хорезмдегі Әмударияның төменгі ағысында су өлшеу жұмыстары жүргізілгендігін анықтаған.

Біздің ата-бабаларымыздың су жолдарына үлкен назар аударғанын князь Глеб Святославовтың 1068 жылдың қысында Керчен бұғазының енін өлшеу кезіндегі жұмыстарынан көруге болады. Нәтижесінде бұғаздың ені 14 000 саженьге (29850м) тең екені анықталды.

Кемелердің жүзуінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін ең қауіпті деген жерлерге арнайы белгілер қойылған. Оның мысалы ретінде XI-XII ғғ князь Борис Всеславичтің жарлығымен Батыс Двина өзенінде орналастырылған Борисов тасын айтуға болады.

Өзендер мен көлдер туралы біраз мәліметтерді 1773 жылы Н. И. Новиковтың басшылығымен шыққан «Үлкен Сызба кітабынан» оқуымызға болады. Мәскеуде XVII ғасырдың ортасынан бастап-ақ ауа-райының күйі мен Мәскеу өзенінің деңгейіне күнделікті бақылаулар жасалып отырған.

Зерттеулердің алғашқы кезеңінде (1700 жылға дейін) үлкен аумақтағы өзендер мен көлдердің гидрографиясы зерттелген - Ақ теңізден Қара теңізге, Балтық теңізінен Тынық мұхитына дейін, сонымен қатар, елдің шекарасында орналасқан өзендер зерттеліп, өзен алаптарының арасындағы байланыстар анықталған.

Сонымен бірге, бағалы гидрологиялық және гидрометриялық мәліметтер орыс жазбаларында тарихи құжаттарда және «Үлкен Сызбалар кітабында» жинақталған.

Екінші кезеңінде (1700-1877 жж) - Ресей империясының құрылуынан бастап елдегі XIX ғ. ортасындағы өнеркәсіп капитализмінің дамуына дейінгі кезеңде су объектілері мен режимін зерттеуінде экспедициялық әдіс басым болды.

Петр І кезеңіндегі елдегі өндіруші күштердің артуы, өндіріс пен сауданың дамуы, қорғанысты қамтамасыз ету үшін өзендерді кемелер жүзуге пайдалану, су каналдарының салынуы өзендер, көлдер, суайрықтарды инженерлік тұрғыдан зерттеуге әкелді. Мысалға, 1697-1701жж Азов жорықтарына байланысты Дон өзеніндегі Дон-Еділ суайрығындағы ең алғашқы инженерлік тұрғыдан зерттеулер. 1700-1704 жж Ока және Дон өзендерінің алаптарын жалғастыру үшін Иван өзені бақыланды. Ал Шать өзені Донның жоғарғы ағысы арқылы XIX ғасырға дейін сақталған.

1703-1709 жж зерттеулер жүргізіліп, М. Ю. Серуюковтың басшылығымен, Еділ өзенінен Балтық теңізімен жалғастыратын Вышневолоцк жүйесі салынды. Бұл жүйеде ең алғаш рет су ағысын су қойма арқылы реттеу іске асырылды. I Петр кезінде Еділ-Балтық (Маршенск) су алабы зерттеліп, 1719 жылы су жолының салынуы басталып, 1731 жылы аяқталды. І Петрдің бұйрығы бойынша полковник Геннин Мәскеу өзенін жоғарғы Еділмен жалғастыру мақсатында Мәскеу өзенін зерттеді.

І Петр қалалар, шірркеулер қабырғаларында көктемгі су тасуы кезінде су деңгейін белгілеуге жарлық берді, ал 1715 жылы Нева өзенінің Петропавл бекінісінде ең алғашқы су өлшеу жұмыстары Ладога, Валдан көлдерінде Орал өзенінде басталады. І Петр кезінде Камышина қаласының маңында Еділ өзенінің су шығыны есептелді.

1760 жылы өзен режимінің негізгі гидрологиялық ерекшеліктерін анықтау үшін М. В. Ломоносовтың басшылығы бойынша Ғылым академиясының географиялық департаментімен мына сұрақ кіретін анкета жіберілді: «Қай кезеңде қаладағы өзендер қатады, қай жерден күзгі және көктемгі су тасуы болады және қай көлемде?»

М. В. Ломоносов ең алғаш рет су ағысының жылдамдығын өлшеуге арналған зырылдауық ойлап тапты.

Ресей өзендері мен көлдерін зерттеу жұмыстарын үлкен бөлігі Ғылым академиясымен жүргізілді, мысалға 1768-1774 жж көптеген деректер жиналған гидрографиялық экспедиция өткізілді. 1791жылы шыққан А. Колмаковтың «Трубалар, тесіктер арқылы ағатын сулардың мөлшерін есептеуге арналған қалта кітапшасын» ерекше атап өтуге болады. 1856 жылы инженер В. Рожков «Гидровликалық және тау-зауыттық шаруашылық, онда қолданылатын құралдардың суреттемесі» атты монографмясын жариялады.

1767 жылы су коммуникацияларының орталық басқармасы ашылды, кейіннен су және құрғақтағы қатынастар басқармасына өзгертілді. Осы ұйымның жарлығы бойынша 1811жылы су және құрлық байланысының бас басқармасы болып қайта құрылған ұйымның өзендер мен көлдердегі мұз қату мезгілін үлкен аймақтарда, иллюздердегі су деңгейін күн сайын есепке алып отыру туралы қаулысы үлкен рөл атқарды. Бұл зерттеулер кейіннен тоқтатылып, 1843 жылы қайта басталды.

Өзендердегі су деңгейін өлшеу жағаға жақын өзен түбіне қағылған, репермен байланбаған рейкалармен жүргізілді. 1858жылы жол байланысы бас басқармасының алғашқы «Горизонт пен өзен жамылғысының өзгерістерін зерттеп жүргізу» атты басылымының шығуы су өлшеуіш зерттеулерін реттеді.

Су зерттеу мен гидрометриялық жұмыстар жасанды су байланысының құрылысы мен өзендердегі кеме жүргізу жұмыстарын меңгерумен тығыз байланысты. Су жолдарының құрылысы мен пайдалануға беру өзінің маңыздылығы мен қажеттілігін дәлелдеді, су жүйелерінің режимін зерттеуге мүмкіндік берді және стационарлық зерттеулердің ерекшелігін көрсетті. Сонымен қатар, ғылыми гидрологияның негізі қаланды, алдыңғы зерттеулердің нәтижесі бойынша гидрометриялық зерттеулердің жүйеленген дамуы басталды.

1874-1917 жылдар аралығында гидрологиялық зерттеулер жақсы дамыды.

1874 жылы жолдар байланысы министрлігіне қарасты су және жол байланысы департаментінде инженер Фадеевтің басшылығымен навигациялық комиссия құрылды, ол 20 жыл жұмыс істеп, өзендер мен көлдерді жоспарлы түрде зерттеуге жол ашты. Навигациялық зерттеу комессиясы арнайы суреттеу партияларын құрды, ол партиялар инженер Багуславскийдің бастамасымен жұмыс істеді. 1925 жылға дейін жұмыс істеген су өлшемдерін зерттеудің жаңа инструкциясы құрылды.

Комиссия жұмыстары біздің мемлекетімізде гидрографияны зерттеудің жаңа дәуірін ашты, гидрометрия әдістерін жаңартып жақсартты. Навигациялық зерттеу комиссиясының суреттеу партиялары 500-дей су өлшеуіш орындарын құрды, кей өзендерде су шығысы мен ағысын зерттеді.

1881жылы «Еуропалық Ресейдің өзендерінің және көлдердің деңгейінің өзгерістері туралы мәліметтер» атты басылымының негізін қалады.

Сол кезден бастап Сібірді жоспарлы түрде зерттеу басталды. Өзендер мен көлдерді зерттеу нәтижелері «орыс өзендеріндегі зерттеулердің және олардың кеме жүру жағдайлары туралы материалдар» (74-басылым) және басқа басылымдарда басылып шықты. Бұл еңбектерге енген көптеген ірі өзендер мен көлдер туралы мәліметтер тек қана КСРО гидрографиясының дамуына ғана емес, сонымен қатар орыстың ғылыми гидрологиясы мен гидрометриясына үлкен үлес қосты. Себебі сол партиялардың зерттеулерінің нәтижесінде жаңа зерттеу әдістері пайда болып, тәжірибеде тексеріліп және гидрометриялық жұмыстарға жаңа құралдар ойлап тапты.

Гидрометрия облысындағы ең нәтижелі жұмыстардың бірі - инженер Гнусиннің «Өзендердегі су шығыны мен жылдамдығын анықтау жолдары» атты еңбегі инженер А. С. Лелявскийдің ойлап тапқан су асты флюгерінің суреттеуі мен сол құралдың су ағысын анықтау үшін алғашқы рет қолданғаны жайлы мақалалар жатады (1895-1896жж) . 1901 жылы Н. Д. Тяпкиннің «судың ашық аңғардағы шығымы мен жылдамдығын өлшейтін құралдар» атты еңбегі жарық көрді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өзен арнасының гидрометриялық сипаттамасы
Гидрологиялық бекеттердің негізгі түрлерімен олардың заманауи жабдықталуы
ТМД елдеріндегі гидрометриялық зерттеулердің даму тарихы
Гидрологиялық бақылауларды метеорологиялық қамтамасыздандыру
Өзен жүйесін гидрографиялық зерттеу, есептеу
Жетісу жеріндегі таңбалы тастардың тарихы
Сарысу өзені алабының зерттелмеген өзендерінің ағындысын есептеу
Судың жылдамдығын зырылдауықпен өлшеу
Жоғарғы ағын
Шарын өзенінің су ресурстарын бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz