Орталық Қазақстанның қола дәуірі


Орталық Қазақстанның қола дәуірі
Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштерінің ең көп таралған және жақсы зерттелген аймағы - Орталық Қазақстан. Бұл аймак қола дәуірінде адамның өмір сүруіне өте жайлы болды. Онда: Қарқаралы, Баянауыл, Ұлытау, Атасу, Көкшетау, Имантау, Жақсы-Жаңғыз- тау, т. б. кішігірім таулар бар. Бұл таулардың өзен-бұлақтарының бірі солтүстікке, бірі оңтүстікке қарай ағып жатады. Оның үлкендері - Есіл, Нұра, Сарысу, Торғай өзендері. Біз бүгінге дейін Бұл өлкелерде қола дәуірінде қандай тайпалар өмір сүргендігін білмейміз. Археология ғылымында осындай аты белгісіз жұрттарды солардың қалдырған археологиялық мәдениетінің атымен атайды. Қола дәуірінде Қазақстан жерінде Андронов мәдениеті таралғаны белгілі. Біз Бұл кезеңде өмір сүрген тайпаларды шартты түрде "андрондықтар" деп атаймыз.
Орталық Қазақстанды археологиялық жағынан жоспарлы, нысаналы зерттеу 1946 жылы Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясының құрылуымен байланысты. Оны ұйымдастырған және 80-жылдардың басына дейін баскарған Әлкей Қақанүлы Марғүлан болатын. Ә. Х. Марғүланның кезеңдеуі бойынша, Орталық Қазақстанның қола дәуірі ескерткіштері екі мәдениетке - Андронов және Беғазы-Дәндібай мәдениеттеріне жатады. Андронов мәдениеті екі кезеңге бөлінеді: а) алдыңғысы-Нұра кезеңі; б) ортаңғысы-Атасу кезеңі. Нұра, Атасу өзендері атымен аталады. Андронов мәдениеті мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің арасында өтпелі кезең бар. Өтпелі кезеңнің мерзімдемесі - б. з. д. XII-XI ғасырлар. Беғазы-Дәндібай мәдениеті б. з. д. X-VIII ғасырлар, Бұл соңғы қола дәуіріне жатады.
Нұра кезеңінін ескерткіштерін, негізінен алғанда, жерлеу орындары - көне қорымдар құрайды.
Жерлеу орындары кішігірім қазандай, жалпақ тастарды жерге жартылай батырып орнатқан қоршау түрінде болып келеді. Тас қоршаулардың пішімі әр түрлі, киіз үйдің орны сияқты дөңгелек, тіктөртбүрышты, кейде тіпті шаршы (квадрат) түрінде де кездеседі. Әдетте, қоршаудың орта шенінде қабір болады. Қабір қабырғалары кішігірім жалпақ тастардан қаланған тас сандық сияқты. Тас сандық үсті (беті) бір немесе екі-үш жалпақ тастармен жабылады. Кейде тас сандықтың қабырғалары да тігінен қойылған үлкен жалпақ тастардан жасалады.
Бұл дәуірде көбінесе өлген адамның сүйегін жартылай өртеп қойған. Адамның денесін қабірден тыс жерде өртеп, содан соң күйген сүйектерін қабірге жерлеген болуы керек. Өйткені адамның сүйектерімен қатар қойылған қыш құмыраларда, әшекей заттарда, қару-жарақтарда оттың ізі, белгісі жоқ. Нұра кезеңінін кейбір зираттарында адамды өртемей жерлеу ғұрпы да кездеседі. Ақтоғай ауданының аумағында зерттелген "Қанаттас" деген жерлеу кешенінің қоршауында адамды қабірдің ішіне кол-аяғын бүгіп отырғызып жерлеген. Адамды қол-аяғын бауырына алғызып отырғызып жерлеу қола дәуірінің басқа да ескерткіштерінде сирек болса да кездеседі. Кейбір андрондықтар "адам өлгеннен соң Жер-ананың жатырына да солай орналасуы"қажет деп есептеген болуы керек. Нұра кезеңінін қоршауларында адаммен бірге қыш құмыраларды, малдың етін қойған. Андронов дәуірінің Атасу кезеңінін ең көп зерттелген ескерткіштері - сол жерлеу орындары. Оның аса белгілілері - Айшырақ, Саңғыру-ІІ, Былқылдақ, т. б. Атасу кезеңінің жерлеу орындары да Нұранікіндей дөңгелек, төртбұрышты қоршаулар болып келеді. Сондықтан алдыңғы кезеңнің көп дәстүрлері мұнда да жалғасын тапқан. Атасу кезеңінде адамды сол күйінде жерлеген, өртеген сүйектер өте сирек кездеседі. Бұл кезеңнің қабірлері, негізінен, үлкен қақпатастардан салынған тас сандықтар. Кейде әншейін жер қабір, кейде қабір - төрт ағаштан жасалған рама түрінде де кездеседі. Қабірлер, әдетте, ұзына бойына шығыстан батысқа қарай бағытталған. Атасу кезеңінде сонымен қатар қос кабірлер кездеседі. Бұл бір қоршаудың ішінде қатарынан қойылған екі тас сандыққа екі адамды жерлеу салты.
Атасу кезеңінде бір қоршаудың ішінде бірнеше қабір болады. Бұл бір атаның баласы жерленген патриархалдық жерлеу орындары. Атасулықтар адамды қол аяғын бүгіңкіреп, бір қырынан, көбіне сол жамбасына жатқызып жерлейтін болған.
Атасу кезеңінде корымдардың, қоныстардың маңайында өлгендерге мінәжат ететін арнаулы орындар пайда болды. Бұлардың диаметрі 1, 5-3 м аралығында. Маңайын үлкен тастармен көмкерген. Шығыс жағынан мінәжат орнына келетін жолға тас төселген. Мінәжат орнында заттардың шірінділері (сүт тағамы болса керек), әр түрлі құралдар кездеседі.
Атасу кезеңінде халық саны біршама өскен болатын. Оған бұл дәуірге жататын кешендерде жерлеу орындарының өте көп болуы дәлел, кейде бір жерден сол заманның 100-ден астам зираттары кездеседі. Ру адамдарының ішінде мүлік теңсіздігінің пайда бола бастағанын осы Атасу кезеңі ескерткіштерінен байқаймыз. Бір жерлеу орнынан өте жұпыны ғана заттар шықса, енді біреулерінен алтынмен қапталған, қола әшекейлер көп кездеседі, бір қабірге кейде 6-8 қыш ыдыс қойылады.
Осы кезде рудың ішінен ең жақын аталас туыстардың үлкен патриархалдық отбасы бөліне бастайды. Айшуақ кешенінің қоршауы соның дәлелі. Мұнда 6 адамды бір-ақ үлкен зиратқа жерлеген, кейін қайтыс болған 4 адамды әр кез сол коршауға жапсарлас етіп салған қоршауларда жерлеген. Бұл дәстүр кейінгі қазақтарға дейін жеткен. Жақын туыс адамдарды бір зиратқа қою, не кейін қайтыс болған туыстарының зиратын бұрын дүние салған аталарының, туыстарының зиратына жапсарлата салу қазақта қазірге дейін кездеседі. Нұра кезеңінің қыш ыдыстарының иығы дөңгеленіп келсе, Атасу кезеңі ыдыстарының мойнынан бүйіріне ауысар тұсы тіктеу болып келеді. Нұра кезеңі ыдыстарындағы өрнек мойнынан бүйіріне дейін біртұтас болып келсе, Атасу ыдыстарында өрнек мойнында, ортан белінде, кейде түп жағына да бедерленген.
Б. з. д. II мыңжылдықтың басынан б. з. д. XIV-XIII ғ. дейін (орта қола кезеңі) Қазақстанда андронов тарихи-мәдени қауымдастығына жататын атасу (алакөл) және нұра (федоров) мәдениеттері өркеңдеді. Орта қола кезеңі тұрғындарын шартты түрде андроновтықтар деп атау қалыптасқан.
Биік деңгейдегі мәдениетті ұстанған андроновтықтардың қоғамын жауынгер арбалары бар әскери көсемдер басқарды. Қарқаралы ауданындағы Талды өзенінің жоғарғы ағысындағы Сатан зиратында осындай арба қалдықтары табылған. Көне жауынгер қабіріне қойылған екі аяқты арбаның ағаш дөңгелектерінің білігіне 10 шабақ қондырылған. Мұндай арбалар жаумен шайқастарда қолданылған. Жүйткіп келе жатқан арба үстінде түрегеп тұрып, олар қарсыластарын садақпен атып түсіріп отырған.
Андроновтықтарға археологиялық деректер арқылы бажайлауға болатын күрделі қоғамдық құрылым тән еді. Көсемдер мен ақсақалдардың биік әлеуметтік статусы олар өлгеннен кейін де нақтыланып отырып, оларға монументалды жерлеу құрылыстары - обалар тұрғызылды. Мысалы, Ақсу-Аюлы-2 зиратының ең үлкен обасының диаметрі 17 жарым метр. Оның астынан ортасында сыртынан қақпақтастармен айналдырылған екі жерлеу камерасы бар екі қатарлы тас қоршау ашылды. Осындай обалар Атасу өзені бойындағы Ортау-2 зиратынан да белгілі. Қатардағы андроновтықтарды шағын көлемдегі қоршауларда жерлеп отырған. Тұрғындарды металмен қамтамасыз етіп отырған металлургтер мен ұсталар андроновтықтар қоғамында маңызды роль атқарды.
Андроновтықтар өзен бойларын игере отырып, құрғақ климат жағдайында өмір сүрді. Олар егіншілікті де білді, бірақ өз қажеттерін, негізінен, мал шаруашылығы арқылы өтеді.
Ықылым замандардан бастап Қазақстан далаларында мал шаруашылығының ролі өте зор еді. Қола дөуірінде негізгі шаруашылық түліктері болып қой мен мүйізді ірі қара саналды. Жылқы маңызды көлік құралы болды.
Андроновтықтар мәдениетінің Ригведа мен Авеста деректері бойынша танымал ежелгі арийлер мөдениетімен көп ұқсастықтары бар. Сірә, үш мың жыл бұрын Үндістанға қоныс аударып, көнеүнді өркениетінің негізін қалаған арийлер осы Қазақстанның андроновтықтары арасынан шыққан болар. Андронов тайпаларының екінші бөлігі Қазақстан жерінде қалып, бұдан кейінгі кезеңдер мәдениеттері қалыптасуының аса күрделі процестеріне қатысқан.
Орталық Қазақстандағы мыс кендерінің бай қоры ірі, күшті металлургия ошағының дамуына негіз болды.
Соңғы қола дәуірінде (б. з. д. XIII-IX ғғ. ) Орталық Қазақстанда андроновтықтар мәдениетінің негізіңде қалыптасқан беғазы-дәндібай мәдениеті өркендеді. Археологтар Беғазы, Дәндібай, Айбас дарасы, Бұғылы, Саңғыру-1 және Саңғыру-2 сынды зираттарды, Атасу-1, Ақмұстафа, Мыржық, Қарқаралы-1, Қарқаралы-2, Қарқаралы-3 (Суықбұлақ), Кент, Бұғылы-1, Бұғылы-2, Шортандыбұлақ және т. б. қоныстарды зерттеді.
Атасу қонысы - қола дәуірінен сақталған біздің заманымыздан бұрын 14 -12 ғасырлардағы ірі елді мекен орны.
Қарағанды облысы Шет ауданы Қызылтау ауылының оңтүстік-шығысында 35 км жерде, Атасу өзеніне құятын Мыңбай сайының бойында орналасқан. Орталық Қазақстан археологиялық экспедициясы 1952 ж. (жетекшісі Әлкей Марғұлан), 1975 - 82 ж. (жетекшілері Мир Қадырбаев, Жолдасбек Құрманқұлов) зерттеген. [1]
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz