Тамырлардың мамандануы және түрлене өзгеруі (метаморфозы)



Тамырлар өте жиі ерекше қызметтер атқарып, соған байланысты түрлене өзгереді. Егер тамырлар салыстырмалы аз өзгерген болса, онда олардың морфологиялық табиғатын оңай аңғаруға болады. Кей жағдайларда тамырдың түрі, құрылысы қатты өзгеріп кетеді, ондай жағдайда оның морфологиялық табиғатын анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мұндай жағдайда метаморфоз терминін қолдануға болады. Метаморфоз дегеніміз, атқаратын қызметіне байланысты өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл) түрлене өзгеруі.
Тамырлар эволюция процесінде мынадай метаморфозға – түрлене өзгеруге ұшырайды:
1. Қорлық тамыр. Көптеген көпжылдық өсімдіктердегі жаңарып өсуге (өсуді қайта бастауға) қажетті қоректік заттар өсімдіктің әртүрлі ұлпаларында және мүшелерінде жинақталады. Ол заттар тамырда да жинақталуы мүмкін. Қорлық тамырлар, тамырлардың әртүрлі типтерінен (негізгі, жанама, қосалқы) қалыптасуы және тамыр – жеміс немесе түйнектамыр түрінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Тамыр – жеміс әдетте, екі жылдық өсімдіктерде пайда болады. Олардың морфологиялық табиғаты өте күрделі, өйткені олардың пайда болуында негізгі тамыр және сабақ қатысады (37- сурет, А). Сәбіздің тек ең жоғарғы бөлігінен басқасы түгел тамырдан пайда болған. Шалқанның тамыры оның тамыр жемісінің төменгі жағының кішкентай ғана бөлігін құрайды. Тамыржемістерінде сүректелген ұлпалар жойылып, паренхималық ұлпалар өте жақсы дамыған. Нарғызгүлдің (Dahlia) фикарияның (Ficaria) өте жуандап кеткен қосалқы тамырлары түйнектамырлар деп аталады (37- сурет). Түйнектамырлар өсімдіктің тамырының әртүрлі бөлігінен пайда болуы мүмкін.
2. Тартпа тамыр. Көптеген өсімдіктердің қысқаруға және сабақ негізін топыраққа тартуға бейім тамыры болады. Ол тамырлар әдетте ұзын, жуан, етті болады: олар тіке төмен өседі, тармақтанбайды, түктері болмайды. Тартпа тамырлар, лалагүлдер (Liliaceae) құртқашаштар (Iridaceae) және амаралистер (Amarillidaceae) тұқымдастарының көптеген пиязшықты және пиязшық түйнекті өкілдеріне тән (38 – сурет, 3). Ол өсімдіктердің тамырларының қабық паренхимасында глюкоза өте көп болады. Бірақ глюкозаны өсімдік тез пайдалануына байланысты қабық босап, тартылып қалады. Соның нәтижесінде тамыр 30-40% - ке қысқарып, өсімдік тереңге тартылып, өсімдіктің жердің бетіне жақын орналасқан бүршіктері жылдың қолайсыз кезеңдерінде өлмей, тірі қалып, келесі жылы көктемде жаңа өркендер береді.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Тамырлардың мамандануы және түрлене өзгеруі
(метаморфозы)

Тамырлар өте жиі ерекше қызметтер атқарып, соған байланысты түрлене өзгереді. Егер тамырлар салыстырмалы аз өзгерген болса, онда олардың морфологиялық табиғатын оңай аңғаруға болады. Кей жағдайларда тамырдың түрі, құрылысы қатты өзгеріп кетеді, ондай жағдайда оның морфологиялық табиғатын анықтау үшін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет. Мұндай жағдайда метаморфоз терминін қолдануға болады. Метаморфоз дегеніміз, атқаратын қызметіне байланысты өсімдік мүшелерінің (тамыр, сабақ, жапырақ, гүл) түрлене өзгеруі.
Тамырлар эволюция процесінде мынадай метаморфозға - түрлене өзгеруге ұшырайды:
1. Қорлық тамыр. Көптеген көпжылдық өсімдіктердегі жаңарып өсуге (өсуді қайта бастауға) қажетті қоректік заттар өсімдіктің әртүрлі ұлпаларында және мүшелерінде жинақталады. Ол заттар тамырда да жинақталуы мүмкін. Қорлық тамырлар, тамырлардың әртүрлі типтерінен (негізгі, жанама, қосалқы) қалыптасуы және тамыр - жеміс немесе түйнектамыр түрінде өзгеріске ұшырауы мүмкін. Тамыр - жеміс әдетте, екі жылдық өсімдіктерде пайда болады. Олардың морфологиялық табиғаты өте күрделі, өйткені олардың пайда болуында негізгі тамыр және сабақ қатысады (37- сурет, А). Сәбіздің тек ең жоғарғы бөлігінен басқасы түгел тамырдан пайда болған. Шалқанның тамыры оның тамыр жемісінің төменгі жағының кішкентай ғана бөлігін құрайды. Тамыржемістерінде сүректелген ұлпалар жойылып, паренхималық ұлпалар өте жақсы дамыған. Нарғызгүлдің (Dahlia) фикарияның (Ficaria) өте жуандап кеткен қосалқы тамырлары түйнектамырлар деп аталады (37- сурет). Түйнектамырлар өсімдіктің тамырының әртүрлі бөлігінен пайда болуы мүмкін.
2. Тартпа тамыр. Көптеген өсімдіктердің қысқаруға және сабақ негізін топыраққа тартуға бейім тамыры болады. Ол тамырлар әдетте ұзын, жуан, етті болады: олар тіке төмен өседі, тармақтанбайды, түктері болмайды. Тартпа тамырлар, лалагүлдер (Liliaceae) құртқашаштар (Iridaceae) және амаралистер (Amarillidaceae) тұқымдастарының көптеген пиязшықты және пиязшық түйнекті өкілдеріне тән (38 - сурет, 3). Ол өсімдіктердің тамырларының қабық паренхимасында глюкоза өте көп болады. Бірақ глюкозаны өсімдік тез пайдалануына байланысты қабық босап, тартылып қалады. Соның нәтижесінде тамыр 30-40% - ке қысқарып, өсімдік тереңге тартылып, өсімдіктің жердің бетіне жақын орналасқан бүршіктері жылдың қолайсыз кезеңдерінде өлмей, тірі қалып, келесі жылы көктемде жаңа өркендер береді.
3. Зәкір тамыр. Қасқыржем (Asparagus) және қырлышөп (Polyganatum) сияқты өсімдіктердің тартпа тамырына ұқсас, бірақ өсімдікті тереңге тартпайтын тек өсімдікті зәкір сияқты бір орында ұстап тұратын, яғни тек механикалық роль атқаратын тамырлары болады. И.О. Байтулин (1987) мұндай тамырларды тартпа тамырлардан жеке бөліп зәкір тамыры деп атауды ұсынды.
4. Тақтайға ұқсас тамыр. Тақтайға ұқсас тамырлар тропика ормандарындағы ең биік өсімдіктерге тән. Ондай тамырлар топырақ бетінде орналасқан тамырлардың симметриясыз жуандануының нәтижесінде пайда болады. Ол тамырлардың астыңғы жағы және бүйірлері (екі жағы) жөнді өспей жоғарғы жағы жақсы өседі. Тақтайға ұқсас тамырлар ағаш діңін айнала өседі, олардың биіктіктері бірнеше метрге жетеді.
5. Аспа тамыр. Мұндай тамырлар тропик жақтарда өсетін кейбір эпифиттік өсімдіктерге тән. Көптеген аройниктердің (Araceae) аспа тамырлары төмен салбырап өсіп, топырақ бетінде жетіп, кәдімгі тамыр жүйесі пайда болады. Эпифитті орхидеялардың (38-сурет, 5) және кейбір аройниктердің аспа тамырлары өте қысқа болып, топырақ бетіне жетпейді және олар ерекше су сіңіргіш ұлпа - веламен арқылы ауадан суды сіңіре алады. Веламеннің клеткалары өлі және бос болады, бірақ олардың қабырғаларында саңылаулар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жабық тұқымдылар немесе гүлді өсімдіктерге сипаттама
Төменгі сатыдағы өсімдіктер – Thalloвionta
Жедел және созылмалы қабынудың патогенезі
Тамыр жайлы жалпы түсінік
Өсімдік клеткасын электрондық микроскоппен қарағандағы көрінісі
Көне Рим әдебиеті
ӨСІМДІКТЕРДІ ВЕГЕТАТИВТІ КӨБЕЙТУ
Апоптоз - кең таралған жалпы биологиялық құбылыс
Гүлді өсімдіктер
КӘСІПОРЫН КАПИТАЛЫНЫҢ (ҚОРЛАРЫНЫҢ) АЙНАЛЫМЫ МЕН АЙНАЛЫМДЫЛЫҒЫ
Пәндер