Темiр жол саласы


Пән: Транспорт
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Маңғыбай Мира ГиМУ10к2

Темiр жол саласы

Қазақстан темiр жолының пайдалану ұзындығы 14, 3 мың км құрайды (оның iшiнде екi жолды желiлер - 4, 8 мың км (34%), электрлендiрiлген желiлер - 4, 1 мың км (29%), тығыздығы - 1000 шаршы км-ге 5, 5 км, жүктелiмдiгi - км-ге 24, 2 млн. тонна-км -дi құрайды.

«Қазақстан темiр жолы» ұлттық компаниясы» акционерлiк қоғамының негiзгi өндiрiстiк-экономикалық көрсеткiштерi

Көрсеткiштер
Өлшем бiрлiгi
Кезең
2008 жыл
2009 жыл
2010 жылдың 11 айы
Көрсеткiштер: Тасымалданған жүк
Өлшем бiрлiгi: млн. тонна
Кезең: 268, 9 (+3%)
247, 7 (-7, 9%)
243, 2
Көрсеткiштер: Тасымалданған жолаушылар
Өлшем бiрлiгi: млн. жолаушылар
Кезең: 16, 6 (-2%)
18, 9 (+5, 9%)
17, 6
Көрсеткiштер: Кiрiс
Өлшем бiрлiгi: млрд. теңге
Кезең: 433, 7
432, 3 (-0, 3%)
545, 8
Көрсеткiштер: Шығыс
Өлшем бiрлiгi: млрд. теңге
Кезең: 392, 0
416, 0 (+6, 1%)
447, 5
Көрсеткiштер: Қаржылық нәтиже
Өлшем бiрлiгi: млрд. теңге
Кезең: 41, 8
16, 3 (-61%)
98, 3

Елдiң жалпы жүк айналымы мен жолаушылар айналымындағы темiр жол көлiгiнiң үлесi шамамен 60 %-ды құрайды, бұл ретте барлық көлiк түрлерiмен тасымалдаудан түскен табыстардағы оның үлесi 20 % құрайды.

Темiр жол көлiгiндегi реформаларды iске асыру кезiнде соңғы 10 жыл iшiнде мынадай мақсаттар айқындалды:

1) темiр жол көлiгiн магистральдық темiр жол желiсiн (бұдан әрi - МТЖ) мемлекеттiк бақылау сақталған жағдайда нарыққа бейiмдеу;

2) тасымалдау және қамтамасыз ететiн қызметте бәсекелестiктi дамыту есебiнен темiр жол көлiгiнiң көрсететiн қызметтерiнiң қолжетiмдiлiгiн, тиiмдiлiгiн, қауiпсiздiгi мен сапасын қамтамасыз ету;

3) салаға жеке бастамалар мен инвестициялар тарту үшiн институционалдық жағдай жасау;

4) темiр жол көлiгiнiң импорт алмастыратын өндiрiстiк базасын дамыту.

Қазақстан Республикасының (бұдан әрi - ҚР) темiр жол саласын реформалау барысында төмендегiдей аралық нәтижелерге қол жеткiзiлдi:

1) шаруашылық қызметтiң бейiнсiз түрлерi мен мектептер мен ауруханалар сияқты әлеуметтiк-тұрмыстық активтер бөлiнген және жергiлiктi билiк органдарына берiлдi;

2) бәсекелi секторға жөндеу кәсiпорындары бөлiндi;

3) жолаушылар мен жүк тасымалдауды ұйымдастырушылық және қаржылық бөлу жүзеге асырылды. Жолаушылар тасымалын iшiнара мемлекеттiк субсидиялау басталды.

Қазiргi уақытта республикада облысаралық қатынастардағы темiржол жолаушылар тасымалын мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыс бойынша конкурстық негiзде субсидия бөлумен мемлекеттiк және жеке меншiк компаниялар жүзеге асырады.

Саланың бәсекелестiк моделiнде жолаушылар тасымалын жүзеге асыратын компанияларға толық бақылау және тасымалдау үдерiсiне тартылған активтердi, атап айтқанда вагондар мен локомотивтердi жаңартуға жауапкершiлiк қажет.

Реттеудiң қолданыстағы практикасына сәйкес қатынас түрi мен жүк тегiне байланысты тарифтер сараланған. Нәтижесiнде тасымалдардан түсетiн кiрiстер қатынастар түрiмен және жүк тегiмен айқындалған нарық сегментiне байланысты ерекшеленедi.

Қазiргi уақытта «Қазақстан темiр жолы» ҰК» АҚ» (бұдан әрi - «ҚТЖ» ҰК» АҚ) Қазақстан нарығындағы жалғыз жүк тасымалдаушы болып табылады. Бұл ретте тасымалдауды жүзеге асыру үшiн «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Локомотив» АҚ, «Қазтемiртранс» АҚ жылжымалы құрамын, басқа да темiр жол әкiмшiлiктерiнiң мүкәммалдық вагондары мен операторлық компаниялар вагондарының жеке паркiн пайдаланады.

Қатынастар бойынша көшiрiлген жүктер

Көрсеткiштер
Өлш. бiрл.
Кезең
2008 жыл
2009 жыл
2010 жылдың 11 айы
Көрсеткiштер: республикаiшiлiк
Өлш. бiрл.: млн. тонна
Кезең: 140, 0 (-0, 2)
131, 5 (-6, 1%)
126, 9
Көрсеткiштер: экспорт
Өлш. бiрл.: 93, 4 (+10, 1%)
Кезең: 85, 6 (-8, 3%)
86, 9
Көрсеткiштер: импорт
Өлш. бiрл.: 20, 0 (-10%)
Кезең: 15, 8 (-21, 3%)
15, 1
Көрсеткiштер: транзит
Өлш. бiрл.: 15, 5 (+17, 4%)
Кезең: 14, 8 (-4, 5%)
12, 7

Тарифтердiң жыл сайын артуын ескере отырып 2009 жылдан 2014 жылға дейiнгi инвестициялар

Атауы
2009 ж.
2010 ж.
2011 ж.
2012 ж.
2013 ж.
Барлығы
Құны, млрд. теңге
Атауы: Магистральдық желi
2009 ж.: 60, 6*
2010 ж.: 65, 5*
2011 ж.: 86, 9*
2012 ж.: 78, 4*
2013 ж.: 92, 1*
Барлығы: 383, 5*
Атауы: Локомотивтi шаруашылық
2009 ж.: 17**
2010 ж.: 29, 7**
2011 ж.: 40, 4**
2012 ж.: 55, 7**
2013 ж.: 77, 2**
Барлығы: 220**
Атауы: Вагон шаруашылығы
2009 ж.: 12, 9***
2010 ж.: 23, 1***
2011 ж.: 77***
2012 ж.: 32, 5***
2013 ж.: 72***
Барлығы: 217, 5***
Атауы: Барлығы
2009 ж.: 90, 5
2010 ж.: 118, 3
2011 ж.: 204, 3
2012 ж.: 166, 6
2013 ж.: 241, 3
Барлығы: 821

* Қорғас-Жетiген және Өзен-Түркiменстанмен мен шекара жаңа темiр жол желiлерiнiң құрылысын ескермегенде

** «Локомотив» АҚ және «Локомотивтi сервистiк орталық» АҚ

*** «Қазтемiртранс» АҚ және «Қазтранссервис» АҚ

2010 жылы темiр жол инфрақұрылымының дамуына инвестициялар 63, 3 млрд. теңгенi құрады, соның iшiнде:

29, 0 млрд. теңгесi республикалық бюджеттiң қаржысы (Жетiген-Қорғас темiр жол желiсiн салу) ;

7, 5 млрд. теңге «ҚТЖ» ҰК» АҚ өз қаражаты (Жетiген-Қорғас темiр жол желiсiн салу) ;

7, 8 млрд. теңге қарыз қаражаты (1, 5 млрд. теңге - Жетiген-Қорғас темiр жол желiсiн салу; 6, 3 млрд. теңге - Өзен-Түрiкменстанмен мемлекеттiк шекара темiр жол желiсiн салу) ;

19, 0 млрд. теңгесi республикалық бюджеттiң қаржысы (Өзен-Түрiкменстанмен мемлекеттiк шекара темiр жол желiсiн салу) ;

Негiзгi инфрақұрылымдық жобалар

Р/с

Жобалар
Ұзақтығы км
Құны млрд. тг.
Қаржыландыру көздерi
Iске асыру мерзiмдерi
Р/с№:

Темiр жол желiлерiн салу

Р/с№:

1

Жобалар: Өзен - Түрiкменстанмен шекара
Ұзақтығы км: 146
Құны млрд. тг.: 65
Қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет және «ҚТЖ» ҰК» АҚ қарыз қаражаты
Iске асыру мерзiмдерi: 2009-2011
Р/с№:

2

Жобалар: Қорғас - Жетiген
Ұзақтығы км: 293, 2
Құны млрд. тг.: 153, 2
Қаржыландыру көздерi: Республикалық бюджет, «ҚТЖ» ҰК» АҚ өзiнiң және қарыз қаражаты
Iске асыру мерзiмдерi: 2009-2012
Р/с№:

3

Жобалар: Ералиев - Құрық
Ұзақтығы км: 14, 4
Құны млрд. тг.: 7, 5
Қаржыландыру көздерi: Концессия
Iске асыру мерзiмдерi: 2011-2013
Р/с№:

4

Жобалар: Бейнеу - Жезқазған
Ұзақтығы км: 988
Құны млрд. тг.: 343, 9
Қаржыландыру көздерi: Анықталмаған
Iске асыру мерзiмдерi: 2015-2019
Р/с№:

5

Жобалар: Арқалық - Шобаркөл
Ұзақтығы км: 248
Құны млрд. тг.: 100
Қаржыландыру көздерi: Анықталмаған
Iске асыру мерзiмдерi: 2012-2015

Автожол саласы

ҚР автомобиль жолдарының ұзындығы 128 мың км құрайды, олардың 97, 1 мың км астамы жалпыға ортақ пайдаланылатын автожол. Жалпыға ортақ пайдаланылатын автожолдың ұзындығынан 23, 5 мың км республикалық маңызы бар 73, 6 мың км желiге жатады.

2005 жылдан бастап салу және қайта жаңарту барлық жолдың түрiне бiлiкке 13 тоннаға дейiнгi есептiк салмаққа жүргiзiлуде, барлық халықаралық дәлiздер II техникалық санаттан төмен емес параметр бойынша қайта жаңартылуда 5 сатылы сапаны бақылау енгiзiлдi.

Соңғы 10 жылда саланы дамытуға жергiлiктi желiмен қоса алғанда 994, 2 млрд. теңге бөлiндi, бұл ретте 2001 жылы қаржыландыру 27, 7 млрд. теңге болса, 2010 жылы 219, 4 млрд. теңге болды. Осы жылдары жалпыға ортақ пайдаланылатын жолдың 97, 1 мың км-ден 38, 6 мың км жолдан астамын, соның iшiнде 22 мың км республикалық желi қайта жаңарту және әртүрлi жөндеулер жүргiзiлдi.

Бюджет қаражаты шеңберiнде ұзақтығы 600 км Алматы - Астана - Петропавл, Самара - Шымкент, Омбы - Павлодар - Майқапшағай, Астрахань - Атырау - Ақтау - Түркменбашы, Астана - Қостанай - Челябинск, Ташкент - Шымкент - Алматы - Қорғас, Таскескен - Бахты автомобиль жолдарының учаскесiн қайта жаңарту, сондай-ақ ұзақтығы 874 км жолға күрделi және орташа жөндеулер жүргiзiлетiн болады.

«Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық транзит дәлiзiн қайта жаңарту жобасын iске асыру жалғастырылады.

Аталған жобаны қаржыландыру 3 көзден көзделген: қарыз қаражаты, республикалық бюджет және концессиялық негiздегi жеке инвестициялар.

Жобаны қаржыландырудың негiзгi үлесi 9 қаржылық Халықаралық қаржы институттарының сыртқы қарыздарын құрайды және жалпы соммасы 3, 2 млрд. АҚШ долларын құрайтын Қарыз туралы келiсiмге қол қойылды.

Ағымдағы жылы құрылыс жұмыстары ұзындығы 1 367 км жүргiзiлдi.

Құрылыс жұмыстарына 4 мың бiрлiктен астам жол-құрылыс техникалары, 26 асфальт-бетон және 8 цемент-бетон зауыты, 24 бөлшектеу құрылғылары, 30 мыңнан астам адам (авто және т/ж тасымалдаушыларды, инерттi материалдар өндiрушiлердi қоса алғанда) жұмылдырылды.

Ағымдағы жылы аталған жоба бойынша 417 км жабын төселiндi.

Ағымдағы жылдың соңына дейiн республикалық маңызы бар автожолдар желiсiнiң жай-күйi: жақсы - 37 %; қанағаттанарлық - 42 %; қанағаттанарлықсыз -21 %.

2010 жылдың соңына дейiн жергiлiктi маңызы бар автожолдар: жақсы - 9 %; қанағаттанарлық - 49 %; қанағаттанарлықсыз - 42 %.

Азаматтық авиация

Республикада 53 әуекомпания және кемелерiнiң пайдаланушылары өз қызметiн жүзеге асырады, оның iшiнде 39 әуекомпания коммерциялық әуе тасымалдарын және 1 әуекомпания коммерциялық емес әуе тасымалдарын, әуе кемелерiнiң 13 пайдаланушысы авиациялық жұмыстарды орындайды (авиациондық-химиялық, орманды бақылау, мұнай-газ құбырларын айналып ұшып өту және басқа жұмыс түрлерi) .

Қазақстан Республикасының Азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiнде 412 әуе кемесi есепте тұр.

Қазақстандық әуе тасымалдаушылары («Эйр Астана» АҚ, «Скат» АҚ) 18 шет мемлекетiнiң аумағында ұшады. Қазақстанда әлемнiң 19 елiнен тұрақты жолаушылар тасымалын 25 шетелдiк авиакомпания жүзеге асырады. Iшкi әуе қатынасы саласында 40 бағдар бойынша тұрақты ұшу жүзеге асырылады.

Жер үстi инфрақұрылым объектiлерiн жаңғырту және дамыту бағдарламалары iске асырылуда. Бүгiнгi күнi Халықаралық рейстерге қызмет көрсетуге жiберiлген 15 әуежайдың 9-ы Халықаралық азаматтық авиация ұйымының стандарттарына (ИКАО) санатталған: ИКАО бойынша Астана мен Алматы қалаларының әуежайлары III санат, Атырау II санат, Павлодар, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Ақтөбе, Өскемен әуежайлары I санат

Республиканың транзиттiк әлеуетiн одан әрi дамыту бойынша үлкен жұмыстар атқарылған болатын, оны тиiмдi пайдалану азаматтық авиация үшiн қосымша пайда табуға бағытталған шара және оны дамытудың жоғарғы динамикасын сақтау болып табылады.

2005-2008 жылдар аралығында Қазақстанның әуе кеңiстiгi арқылы әуе кемелерiнiң транзиттiк қозғалысының өсуi жылына 10% жоғары болды. Егер 2005 жылы транзит 84, 8 млн. ұшақ-километрдi құраса, ал 2008 жылы - 121, 1 млн. ұшақ-километр, 2009 жылы - 114, 2 млн. ұшақ-километр, ал 2010 жылы - 128, 4 млн. ұшақ-километр.

Су көлiгi

Қазақстан Каспий бассейнiндегi жүк ұйымдастыратын мемлекет болып табылады және экспортталатын жүктердiң негiзгi түрлерi мұнай, металл, астық және басқалары болып табылады.

Ағымдағы жылдың 11 айында Ақтау порты арқылы жүктердi ауыстырып тиеу көлемi өткен жылғы тиiстi кезең көрсеткiшiнiң 91, 8 %-ын құрайтын 11, 7 млн. тоннаны құрайды, оның iшiнде: мұнай - 8, 7 млн. тонна, металл - 1, 7 млн. тонна, астық - 0, 3 млн. тонна.

Мұнай мен астық экспорты көлемiнiң төмендеуi:

- Баку-Батуми темiр жол учаскесiндегi бос цистерналардың болмауына;

- Ақтау порты арқылы мұнай экспортына квоталардың төмендеуiне (маусымда айына 200 мың тоннаға дейiн, тамыз бен қыркүйекте 160 мың тоннаға дейiн) ;

- Иранда астық бағасының жоғарылауына байланысты.

Тасымалдаудың негiзгi бағыттары Ресей (Махачкала), Әзiрбайжан (Баку) және Иран (Нека, Амирабад) порттары болып табылады.

Есептi кезеңде «Қазтеңiзкөлiкфлоты» ұлттық кеме компаниясы 6, 3 млн. тонна немесе өткен жылдың тиiстi кезең көрсеткiшiнiң 94%-ын тасымалданды. Тасымалдау көлемiнiң төмендеуi ирандық бағытта байқалады.

Бүгiнгi күнде компания флоты 19 кемеден тұрады, оның iшiнде: жүккөтергiштiгi 12-13 мың тонна болатын 6 мұнай құюшы танкер, жүккөтергiштiгi 3 600 тонна болатын 8 барж-алаңдар, 5 буксир бар.

Теңiзде жүзу қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында кеме қозғалысын басқару жүйесiн құру жоспарлануда.

Iшкi кеме қатынасы үш су бассейнiнде жүзеге асырылады: ұзындығы 3983, 5 км су жолдары учаскелерiндегi Ертiс (1719, 5 км), Iле-Балқаш (1308 км) және Орал-Каспий (956 км) . 2010 жылы iшкi су көлiгiмен шамамен 1, 2 млн. тонна әртүрлi жүктер тасымалданып, 2009 жылғы тасымалдау деңгейiне сәйкес келедi.

Автомобиль көлiгi

Автокөлiк құралдарының (бұдан әрi - АКҚ) республикалық паркi шамамен 1 745 мың жеңiл, 312 мың жүк автокөлiк құралын және 75 мың автобусты құрайды (2010 жылғы 1 қаңтардағы ҚР Iшкi iстер министрлiгiнiң деректерi) .

Халықаралық жол тасымалдары (бұдан әрi - ЖТ) жүйесi бойынша тасымалдарға қазiргi уақытта шамамен 4650 автомобиль көлiгi тартылған. Жүктердi тасымалдау үшiн жыл сайын Еуропа мен Азияның 39 елiмен шамамен 109 мың дана рұқсат бланкiлерiмен алмасу жүргiзiлуде.

Тұрақты қатынас бойынша 110 артық халықаралық және 115 облысаралық тұрақты жолаушылар маршруттары бар.

Автомобильдер паркi аса қатты тозған - 12 жылдан жоғары пайдалануда болған автокөлiк құралдарының үлес салмағы 63% құрайды, соның iшiнде 57% автобустар, 59% жеңiл және 84% жүк автокөлiктерi.

Осыған байланысты ҚР стационарлы көздерден атмосфераға зиянды заттардың шығарындыларын шамамен жылына 2, 5 млн. тоннаны құрайды, ал көлiк шығарындылары жылына 1 млн. тоннадан асады.

Еуро стандарттарын кезең-кезеңiмен енгiзу ескiрген автомашиналарды әкелудi шектеуге, қазақстандық автокөлiк құрастыру кәсiпорындарының бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыруға, сондай-ақ өндiрiлетiн және импортталатын жанар-жағармайдың сапасын арттыруға мүмкiндiк бередi.

Сонымен қатар 2015 жылға қарай 12 жылдан артық жұмыс iстейтiн автокөлiк құралдарының санын 63%-дан 35%-ға дейiн азайту жоспарланып отыр.

Темiржол саласы

Темiржол саласында темiр жолдар желiсi жеткiлiктi дамымаған, негiзгi құралдардың тозуы өсуде, жолаушы жылжымалы құрамының тапшылығы; сервистiң төмен деңгейi мен бәсекелестiктiң болмауы; темiр жол көлiгiн жаңарту мен дамуын жеткiлiксiз қаржыландыру; тариф белгiлеудiң қолданыстағы қағидаттары мен реттеу тетiгi тасымалдаушының клиентке бейiмделуiн болдырмайды. Елдiң транзиттiк әлеуетiн барынша тиiмдi iске асыру қажет және темiр жол желiлерiн дамытуға жаңа (жеке) субъектiлердi тарту қажет, олар өз кезегiнде көлiк-коммуникация кешенiнде бәсекелiк ортаны қалыптастыруға және көлiк құралдары паркiн ұлғайтуға мүмкiндiк бередi.

Ұзақ жылдар бойы жолаушылар тасымалдарын жүк тасымалдары есебiнен, сондай-ақ экономиканың басқа салаларын (тау-кен өндiрiсi, құрылыс және агроөнеркәсiп кешенi) баға өсуiне қарай темiр жол тарифтерiнiң түсуi есебiнен тоғыспалы субсидиялауға жол беретiн экономикалық саясат активтерiнiң «шығарылуына» және мемлекеттiң көлiк инфрақұрылымының сапасын нашарлатуға әкелiп соқтырады.

Саладағы негiзгi қорлардың жиналған тозуы темiржол көлiгiнiң технологиялық тұрақтылығын жоғалту қаупiн тудырады және өз ресурстары таусылып бара жатқан жылжымалы құрамды және инфрақұрылым объектiлердi жаңартуға инвестицияның едәуiр қажеттiлiгiн анықтайды.

Темiржол көлiгiнiң тиiмдiлiгi, қолда бар ассортимент, пайдаланушыларға ұсынылатын қызметтiң қол жетерлiгi мен сапасы, қызметке инновацияларды енгiзу деңгейi нарықтың қазiргi заманғы талаптарына толық жауап бере алмайды.

Темiржол көлiгi жұмысының мемлекет экономикасының барлық салалары үшiн маңызын ескере отырып, ҚР Көлiк және коммуникация министрлiгi «ҚТЖ» ҰК» АҚ бiрлесiп, ҚР темiр жол көлiгiн одан әрi дамыту бойынша ҚР Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қыркүйектегi № 1006 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының көлiк инфрақұрылымын дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаның темiр жол көлiгi бөлiмiнiң негiзiн құраған кешендi тәсiлдердi әзiрлеу бойынша ауқымды, жүйелi жұмыстарды жүргiздi.

Бұл ретте осы бағдарламаның негiзгi мiндеттерi саланың қолданыстағы институционалды құрылымын және оның экономикалық моделi реформасын түзету негiзiнде реформалау үдерiсiн аяқтау болып табылады.

Табиғи-монополиялық қызмет (МТЖ қызметтерi) мен тасымалдау қызметiн толығымен бөлу, тасымалдау қызметi тарифiн қайта реттеу, тасымалдаушының әлеуметтiк маңызы бар маршруттары бойынша жолаушылар тасымалдаумен байланысты шығындарын 100%-дық субсидиялау және т. б. көзделiп отыр.

2010 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша вагондар:

Атауы
мүкәммал паркi
жұмыс паркi
жұмыс iстемейтiн паркi
Атауы: жолаушы вагондары, бiрлiк
мүкәммал паркi: 1785
жұмыс паркi: 1557
жұмыс iстемейтiн паркi: 228
Атауы: жүк вагондары, бiрлiк
мүкәммал паркi: 53 328
жұмыс паркi: 46 036
жұмыс iстемейтiн паркi: 7 292

Жолаушылар вагондарының тапшылығы өсу нәтижесiнде

Жылдар
2009
2010
2011
2012
2013
Жылдар: жолаушы вагондарының тапшылығы, бiрлiк
2009: 411
2010: 448
2011: 522
2012: 730
2013: 877

Локомотивтер 2010 жылғы 8 қарашадағы жағдай бойынша

Атауы
Мүкәммал паркi
Пайдаланылатын парк
Пайдаланылмайтын парк
Атауы: магистральдық тепловоздар, бiрлiк
Мүкәммал паркi: 576, 5
Пайдаланылатын парк: 464
Пайдаланылмайтын парк: 112, 5
Атауы: электровоздар, бiрлiк
Мүкәммал паркi: 530, 5
Пайдаланылатын парк: 409
Пайдаланылмайтын парк: 121, 5
Атауы: маневрлiк тепловоздар, бiрлiк
Мүкәммал паркi: 463
Пайдаланылатын парк: 395
Пайдаланылмайтын парк: 68

Автожол саласы

Автокөлiк инфрақұрлымының едәуiр бөлiгi нормативтiк мерзiм шегiнен аса пайдаланылады, басқа бөлiгi осы мерзiмге жақындайды, осыған байланысты көлiк жұмысының қауiпсiздiгi бойынша жағдай едәуiр нашарлауда.

Қолда бар жол пайдалану техникасының жоғары тозушылығы; қалпына келтiру жұмыстарының жоғары капиталды қажет етуi; жол қызметiнiң жөндеуаралық мерзiмiн сақтау мен республикалық маңызы бар автожолдарды дамытуды жеткiлiксiз қаржыландыру; қолданыстағы автожолдардың техникалық параметрлерiнiң төмендiгi (бiрлiкке түсетiн жүктеме есебi, санаттары бойынша т. б. ) ; екi жолақты қозғалысы бар жолдарда авариялық қауiп-қатермен қаза табу жоғарлығы; жергiлiктi бюджеттен жеткiлiксiз қаржыландыру салдарынан облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын төмен деңгейi; 890 ауылдық елдi мекендерге қатты жамылғылы кiреберiс автожолдарының болмауы байқалады.

Азаматтық авиация

Азаматтық авиация саласындағы негiзгi проблемалар:

- Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) стандарттарына сәйкес келмейтiн өңiрлiк әуе кемелерi ескiрген паркi;

- әуе кемелерiн қабылдау-ұшыру үшiн бiрқатар өңiрлiк әуежайлардың ИКАО халықаралық стандарттарына сәйкес келмеуi;

- авиация персоналының, атап айтқанда ИКАО талаптарына сәйкес ағылшын тiлiнiң 4-деңгейiн меңгерген ұшу құрамының жетiспеушiлiгi болып табылады.

Ескiрiп қалған өңiрлiк авиапарктi (АН-24, ЯК-40) шетелде шығарылған қазiргi заманғы әуе кемелерiне (Эмбраер, Бомбардье) ауыстыру қажет.

Жердегi инфрақұрылымның дамуы, оның iшiнде әуежайларды қайта жаңарту, жердегi инфрақұрылымның материалдық-техникалық жарақталуы (ҰҚЖ, аэровокзал, арнайы техника және басқалар) . Кейбiр әуежайлардың ұшу-қону жолақтарының жай-күйi қауiпсiздiк талаптарына толық мөлшерде жауап бермейдi.

Су көлiгi

Су көлiгi саласында порттық және қызмет көрсету инфрақұрылымының жеткiлiксiз қуаты, бiлiктi отандық мамандар тапшылығы, кеме қатынасы шлюздерiнiң төмен техникалық жай-күйi, сауда флотының жеткiлiксiз саны, мемлекеттiк техникалық флоттың тозғандығы байқалады.

Осыған байланысты теңiз сауда флотын және теңiз операцияларын қолдау флотын сатып алу, мемлекеттiк техникалық өзен флотын ауыстыру, Өскемен және Бұқтырма шлюздерiн қайта жаңарту, Шүлбi шлюзiнiң қорғаныш гидротехникалық құрылысы, кеме қозғалысы мен теңiзде құтқару операцияларын басқарудың мамандандырылған жүйесiн құру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет

Автомобиль көлiгi

Проблемалардың бiрi ҚР экологиялық жағдай болып танылады.

ҚР экологиялық жағдайды одан әрi жақсарту мақсатында ҚР Үкiметiнiң 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1372 қаулысымен «Қазақстан Республикасының аумағында айналымға шығарылатын автокөлiк құралдарының зиянды (ластаушы) заттар шығарындыларына қойылатын талаптар туралы» техникалық регамент бекiтiлдi. Осы техникалық регламентте зиянды заттар шығарындылары бойынша Еуро экологиялық стандарты талаптарын қанағаттандырмайтын автокөлiк құралдарын ел аумағына әкелуге және өндiруге тыйым салу белгiленген. Республика аумағында Еуро-2 стандарттары 2009 жылғы 15 шiлдеден бастап автокөлiк құралдары бойынша және 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап отын бойынша енгiзiлдi. Зиянды шығарындыларға қойылатын талаптары өте жоғары Еуро стандарттарын мынадай мерзiмдерде енгiзу жоспарланып отыр:

Еуро-3 стандарттары - 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап;

Еуро-4 стандарттары - 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап.

Осы шаралар Қазақстанға Еуро стандарттарына сәйкес келмейтiн автомобильдердi әкелуге және мемлекет аумағында өндiруге шектеу қояды, бұл экологиялық проблемаларды жақсартуға (әсiресе үлкен қалаларда) мүмкiндiк бередi.

Бұдан басқа, осы шара қазiргi қолда бар автомашина паркiн жаңарту үшiн жағдай жасайды.

Саланың нормативтiк-техникалық базасын үйлестiру шеңберiнде экологиялық қауiпсiздiк саласында 2008-2009 жылдарда ҚР 15 мемлекеттiк стандарты әзiрленгенiн қосымша атап өтемiз.

АКҚ түрлерi
пайдалану мерзiмдерi бойынша бөлу
Жиыны
2 жылға дейiн
2 ден 7 жылға дейiн
7 ден 12 жылға дейiн
12 жылдан астам
АКҚ түрлерi: Жеңiл
пайдалану мерзiмдерi бойынша бөлу: 86 086 (5%)
Жиыны: 207 856 (12%)
420 589 (24%)
1 030 542 (59%)
1 745 073
АКҚ түрлерi: Жүк
пайдалану мерзiмдерi бойынша бөлу: 15 963 (5%)
Жиыны: 18 716 (6%)
15 429 (5%)
26 1720 (84%)
311 828
АКҚ түрлерi: Автобустар
пайдалану мерзiмдерi бойынша бөлу: 6 127 (8%)
Жиыны: 16 733 (22%)
9 723 (13%)
42 459 (57%)
75 042
АКҚ түрлерi: Жиыны
пайдалану мерзiмдерi бойынша бөлу: 108 443 (5%)
Жиыны: 243 093 (11%)
441 768 (21%)
1 338 639 (63%)
2 131 943

SWOT- темiржол көлiгiн талдау

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Темір жол көлігін мемлекеттік басқарудың экономикалык-әкімшілік механизмдері
«Қазақстан темір жолы» акционерлік қоғамы
Қазақстан Республикасы темір жол көлігнің экономикалық жағдайын бағалау
Қазақстан Республикасының көлік жүйесінің мәселелері
Теміржол көлігі Қазақстанның экономикасының рөлі
Қазақстан Республикасының әлемдік көлік жүйесін басқаруды ұйымдастыру
Қазақстанның көлік кешені туралы
Темір жол көлігінің жолы
«Қазақстан көлік жүйесіндегі темір жол көлігі»
Қазақстан Республикасында жолаушылар мен жүктерді тасымалдау қауіпсіздігі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz