Журналист – шығармашыл тұлға
1. Кіріспе.
2. Журналистік этика.
3. Шебер журналистің этикалық бағыты.
4. Қазіргі баспасөздегі журналистердің «Журналист әдебін» сақтауы.
5. Журналистік этиканың негізгі қырлары.
6. Журналистерге пайдалы кеңестер.
7. Қорытынды.
8. Пайдаланылған әдебиетттер.

Журналистика әлемі – алып мұхит. Арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже – мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншілік арқасында келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымының қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс-әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз билігіне баға беріп, ой-тұжырым жасайды. Парасат әлемінде кейіпкерлерінің көңіл-күйіне ене отырып солармен бірге тыныстап, сезім шуағына бөленеді. Осының бәрі де «шеберлік» дейтін мәнді ұғыммен етене байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің өмірге келмейтіндігі әлімсақтан белгілі. Шеберлік демекші, шебер журналист болу үшін, ең алдымен «Журналист әдебін» сақтау қажет, яғни, «Журналистік этиканы».
Журналист қауымының бармайтын жері, өмірде араласпайтын ісі жоқ десе болады. Өмірде тоқыған-түйгендері молдары да, аздары да араларында жетерлік. Өмір атты үлкен мектеп қашанда ақыл-ойдың алтын қазығына айналып, біліксіздерді білікті, зердесіздерді зерделі етті. Уақыт бәріне де куә. Студент партасынан шыға сала, үлкен өмір ағымына араласқан жас танымайтын ортада таныстық рәсімін қалай бастайды? Адамдардың бір-бірімен таныстығы аты-жөнін айтып, таныстыра салса бітіп жатыр деп келте қайырып ойлайтындар аз ба? Сезімал жанға, ары қарайғы әңгіме өзегінің бастау алар бұлағына алғашқы қаланар соқпағы да осы тұс емес пе?

1. Қабдолов Зейнолла: «Сөз өнері». «Қазақ университеті» баспасы. Алматы. 1992 ж.
2. Баялиева Дәмегүл: «Қазіргі қазақ баспасөзіндегі ұлттық мәдениет, салт- дәстүр және тіл мен стиль мәселелері». Қарағанды. 1999 ж.
3. Амандосов Тауман: «Газет жанрлары». «Қазақ Мемлекеттік баспасы» Алматы. 1964 жыл.
4. Қожакеев Темірбек: «Жас тілшілер серігі».
5. Омашұлы Намазалы: «Ақпарат әлемі». 2 том. «Қазығұрт» баспасы. Алматы, 2006 жыл.
6. Рендал Дэвид: «Универсальный журналсит». «Московский университет» баспасы. 1981 ж.
7. Момынова Бағдан: «Газет лексикасы». «Арыс» баспасы. Алматы.
1999 ж.
8. Балақаев Мәулен: «Тіл мәдениеті және баспасөз» ғылыми-практикалық конференциясы жинағының баяндамасы. «Ғылым» баспасы. Алматы. 1972 жыл.
9. Сақ Қайрат. Республикалық «Отандық публицистика тарихынан» ғылыми зерттеу журналы. 10. Алматы. 2004 жыл.
10. Жұмалиев Қажым: «Стиль- өнер ерекшелігі». «Жазушы» баспасы. Алматы. 1996 жыл.
11. Лазутина Г. В: «Профессиональная этика журналиста». Мәскеу. «Аспект-пресс» баспасы. 2000 ж.
12. Уәлиев. Н: «Фразеология және тілдік норма». Алматы. 1998 жыл.
13. Аманжолов Сәрсен: «Қазақ тілінің теориясының негіздері»
14. Нұршайықов Әзілхан: «Өмір өрнектері», «Өлке» баспасы, 2000 жыл.
15. «Сөзстан». «Жалын» баспасы, 1987 жыл.
16. Республикалық «Жас Алаш» газеті. 2004 ж – 2006 жылдар.

Мазмұны
1. Кіріспе.
2. Журналистік этика.
3. Шебер журналистің этикалық бағыты.
4. Қазіргі баспасөздегі журналистердің Журналист әдебін сақтауы.
5. Журналистік этиканың негізгі қырлары.
6. Журналистерге пайдалы кеңестер.
7. Қорытынды.
8. Пайдаланылған әдебиетттер.
Кіріспе
Журналистика әлемі - алып мұхит. Арпалыс пен айқасқа толы, буырқана бұлқынып, шарпысып жатқан сезімтал әлем. Ол күн сайын сені өзінің түпсіз тұңғиық құпиясына еріксіз тарта береді. Ал, сол әлемнің шыңырауына түсіп кетпеу үшін де даралық пен қабілет, пайым, парасат пен байқампаздық керек. Ізденімпаз жанға нәтиже - мол білім, тынымсыз еңбек, өз ісіне деген сүйіспеншілік арқасында келеді. Ізденіс пен азапты арпалысты өз өмірінің кредосы етіп алған журналист қауымының қалам тербемейтін, араласпайтын саласы жоқ. Бәрінде де іс-әрекеттерді өз жан дүниесімен сезіне өз билігіне баға беріп, ой-тұжырым жасайды. Парасат әлемінде кейіпкерлерінің көңіл-күйіне ене отырып солармен бірге тыныстап, сезім шуағына бөленеді. Осының бәрі де шеберлік дейтін мәнді ұғыммен етене байланысты. Шеберлік жоқ жерде ойлы да көркем дүниенің өмірге келмейтіндігі әлімсақтан белгілі. Шеберлік демекші, шебер журналист болу үшін, ең алдымен Журналист әдебін сақтау қажет, яғни, Журналистік этиканы.
Журналист қауымының бармайтын жері, өмірде араласпайтын ісі жоқ десе болады. Өмірде тоқыған-түйгендері молдары да, аздары да араларында жетерлік. Өмір атты үлкен мектеп қашанда ақыл-ойдың алтын қазығына айналып, біліксіздерді білікті, зердесіздерді зерделі етті. Уақыт бәріне де куә. Студент партасынан шыға сала, үлкен өмір ағымына араласқан жас танымайтын ортада таныстық рәсімін қалай бастайды? Адамдардың бір-бірімен таныстығы аты-жөнін айтып, таныстыра салса бітіп жатыр деп келте қайырып ойлайтындар аз ба? Сезімал жанға, ары қарайғы әңгіме өзегінің бастау алар бұлағына алғашқы қаланар соқпағы да осы тұс емес пе?
Журналистік этика
Журналист мамандығы ұстамдылық пен сабырлылықты талап етеді. Мұнда тәрбиелілік те аса қажетті қасиеттердің бірі. Әсіресе адамның өзін-өзі тәрбиелеуі, жетілдіруі ең алдымен журналистке қажет міндет екен. Егер өзіңді-өзің тәрбиелеудің бір түрі - алдымен өзіңді тану болса, онда ақылға сала отырып, өз мінезің, іс-әрекетің, мүмкіндігің жайлы саралап-салмақтаудың еш артықтығы жоқ. Өйткені, уақыт кезеңіне орай әрбір адамның жүйке жүйесіне түсіп жатқан түрлі салмақтардың шамадан тыс көп екендігін де жасыруға болмас. Олар негізінен алғанда: халықаралық қақтығыстар, соғыс қауіпі, жұмыссыздық, ауру алдындағы дәрменсіздік, ақша өсімі, инфляция, мезі ететін ауыр жұмыс, қоршаған ортаның ластануы, урбанизация және т.б. болып табылады. Бір сөзбен айтқанда осының бәрі де көңіл күйдің психикалық ширығуына алып келетін басты жайттар. Ал, журналистер болса бұның бәрін де жүрек елегінен өткізіп, оны жеңілдету жолын іздейді және тауып өзгелерге ұсынады. Кімге болсын, әсіресе төртінші билік иелері үшін адамға рух беретін тізгіннің өз қолында екенін сезіну ерекше бақыттылық.
Өзіңді тәрбиелеуді тек қызмет барысында қажетті түрлі мәнермен ғана емес, сонымен қатар әлем, қоғам, табиғат, жануарлар мен өсімдіктерге деген сүйіспеншілікпен де толықтыруға болады. Бұл арада айрықша есте болатын нәрсе ол адамның адамға деген сүйіспеншілігі, сыйластығы. Егер мұның үстіне ұстамдылық келіп қосылса онда өзіңді ұстау мәнерің қалыптасып, оның үстіне есте сақтау қабілетің де жақсарып, осы қасиеттердің барлығын пайдалану мүмкіндігің арта түседі деп ойлаймын.
Не себепті адамдар мыңдаған жылдар бойына бір-бірімен қарым-қатынастың жаңа әдістері мен түрлерін іздестіреді? Ондағы мақсат - әркім өзін қолайсыз жағдайда сезінбеу мәселесі болатын. Осы тұста Құдайберген Тұрсыновтың таныстық жайындағы пікіріне көз жүгіртіп өтейік.
Әдептілік (этикет) арқылы көп нәрсені айтуға және түсінуге болады. Мәселен, сізге, өзіңізді қалай ұстау қажеттігін білмеген кезеңде қиын жағдайға ұшырауға тура келген шығар. Ол көбінесе өзіңізге таныс емес ортада болатын оқиға. Мысалы, бейтаныс ортада таныстықты кім бастау керек? Сіз бе, жоқ әлде өзгелер ме? Екіншіден, жақын досыңыздың туған күні делік! Оның көңіліне сезім шуағын ұялату үшін қандай сыйлық ұсынған жөн. Міне, күнделікті өмір осылайша біздерге әрбір қадам басқан сайын күнделікті мәселелерді алға тартып жатыр. Егер сіз бұл арада жоғарыда тек нобайы аталып өткен әдептілік ережелерімен жақсы таныс болсаңыз, онда көп қиналмайсыз. Ең бастысы, өзіңді мінез-құлықтың қандай да бір түрін игеруге бағыттап, қарым-қатынас мәдениеті белгілерін игеруің қажет. Сонда ғана сен өзіңді кез келген ортада еркін сезінетін боласың. Бұл орайда, халқымыздың Ғасыр өмір сүрсең - ғасыр оқы! - деген қанатты сөзін есте сақтаған жөн, - деп өз ойын білдіреді.
Әрине, әдептілік сақталған жерде сыйластық та, таныстық та, еркіндік те бой алары сөзсіз. Олай болса, бұл кісінің пікірі өте орынды. Өйткені, журналист этиканы ғана сақтаймын деп, оның мәнін түсінбей кеудесін қағатын болса, одан әдепті журналистің шығуы екі талай. Сондықтан да, мәдениетті журналист болам деп талпынған кез-келген маман иесі танысу әдебін, сыйласу, еркіндікті сезіну, жетістікке жетуді бойына мұрат тұту керек.
Этикет - француз сөзі. Оның ескі атаулары да қызғылықты: салт-жоралар, салтанат және т.б.
Мысалы, көне Қытайда бір ғана рәсімнің отыз мыңнан астам түрлі атаулары бар екен. Мәселен, үйдің есігін қалай қағу, үйге қалай кіру қажет, қалай тұру, отыру, шай құйылған кесені қалай ұстау қерек - бәрінің де өте қатал анықтамасы жазылған. Осы жайында Құдайберген Тұрсынов өз еңбегінде былай деп жазыпты:
Кезінде феодалдар мен байлардың балаларына осы ережелерге жаттығу үшін де әлденеше жылдар қажет болған.
Оның үстіне бай, кедей демей, олардың бәрінде де өздеріне тән әдептілік болған. Олар үшін осындай көптеген ережелерді әлдекім ойлап тапқан да емес. Адамдар бойындағы бұл тәлім-тәрбие сонау ғасырлар тереңінен бастау алып, қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасып, салт-сана, дәстүрге айналған. Мысалы, дүние жүзіне кең тараған амандасу (қол алысу) - біздерге әлденеше мың жылдар бұрын жеткен. Ол кезеңде бұл сақтықтың бір белгісі болған, яғни екеуара қол алысу, кездескен адамның қолында құрал немесе басқа көлденең заттың жоқтығына көз жеткізу үшін қажет болған.
Міне, бұл да бір мәдениеттің түрі.
Уақыт өткен сайын, сан ұрпақ тезгісінен өткен салт-дәстүрлер халықтар өміріне бірте-бірте бойлап ене бастады. Алайда, бұған қарамастан салт-дәстүрге байланысты қағидалар түрлі қоғамдық, саяси жағдайларға орай үнемі өзгеріске ұшырап отырды. Мысалы, адамдар арасындағы қарым-қатынас, әсіресе, үлкендерді сыйлау проблемасы. Екіншіден, сан миллиондаған аудитория алдына шығып сөз сөйлеу кімнен де болса білім мен білікті талап етеді. Оған, шындығын айтсақ, тереңдікпен қатар бейімділік те керек. Алайда, мұның да өзіндік қырлары бар. Себебі, халық қашанда, сөздерінің дәмі жоқ, көп сөйлейтіндерден безген ғой. Спартандық көне грек мемлекеті әміршісіне көрші мемлекеттің елшісі әскери көмек сұрай барады. Қысқа және тартымды өтініштің орнына олар екі сағат бойына дәм-татуы жоқ сөз сөйлейді. Спартандықтар оларға аса төзімділікпен: Сіздің тым ұзақ сөзіңіздің басталуын біз ұмытып қалдық, ал басын қалай ұғынбағанымыз секілді, соңын да түсіне алмадық, - деген тамаша тарихи дерек бар. Тұщымды ой, зерделілік болмаған жерде оның ұғымды жетпесі анық. Ал осы сияқты журналистерден үкілі үміт күткен халық ой мен салиқалы пікірлерге кенелмесе оған кінәлі кім?
Сондықтан, қандай да бір тәрбиелі журналист болмасын, әдет-ғұрыпты біліп қана қоймай, бабалардың ақыл-кеңестерін қадірлеу арқылы оны өздерінің мінез-құлықтарының күнделікті нормаларына айналдыруы тиіс. Әрине, бұл арада барлық әңгіме тек ескі әдет-ғұрыптар туралы болып отырған жоқ. Олардың бір бөлігі уақыт кезеңіне сай өздерінің қажеттілігін жоғалтты. Ал, олардың орнына жаңа ғұрыптар мен салт-дәстүрлер пайда болып, бірте-бірте сұрыпталып, өмір тезінен өту арқылы көпшілік қолданысына ие болды. Бір ерекшелігі, бұл үнемі қайталанып отырылатын процесс. Адам үшін ең басты қасиеттердің бірі: мінез-құлық тәртібін сақтау, сөйлей білу мәнері мен өзін-өзі ұстай білу ерекшелігі болып табылады. Әдептілік - адамдар мінез-құлқының тілі. Әдептілік - қайсы бір жандардың түсінігіндей қалай амандасу, әңгімеге қалай араласу, дастарқан басында өзіңді қалай ұстау секілді белгілі заңдар жинағы емес. Әдептілік - адамдардың бір-бірінің сеніміне кіруі, сыйластығы, сыпайылығы, бір сөзбен айтқанда, адамгершілік деген үлкен әріппен жазылатын жан дүниесі.
Біздер әдетте, күнделікті қарым-қатынас барысында ажарсыз, талғамсыз, күлкілі, ыңғайсыз және т.б. сөздерді көп қолданамыз. Жалпы әдебиетте, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарында тәрбиесі нашар, мінез-құлқы төмен дәрежедегі адамдар осылай суреттеледі. Бұған қарама-қарсы тұрғыда тәрбиелі адам өзінің өзгелерге деген орнықты қатынасы, жинақтылығы, тартымдылығы, көңіл аударарлық мәнері, бірсөзділігі, сабырлылығымен кімді болсын бірден өзіне тартады. Журналистерде солай суреттелетінін әсте естен шығармаған дұрыс.
Қазіргі баспасөзде этиканың сақталуы, меніңше, орынды секілді. Өйткені, мына бір мақаланы мысал етіп көрелік. Жас Алаштың 2007 жылғы №52 Айжан Жеңісқызының Ертісбаев екі сөйледі деген мақаласында үкімет басшысындағы ол қылықтар жайында айтылған. Ал бұл айтылғаны өте жұмсақ тілмен айтылған. Жұмсақ тілмен айтылса да шындықтың түбінен орып қазылғандай. Бұл мақала өте орынды әрі сәтті шыққан деп есептеймін. Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені. Бұл мақал ескірген. Басқа түгілі, министрлер де оны елемейді. Мәселен, екі ай бұрын ғана мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаев бір сұхбатында саяси күресте ешкімнің де тартынып қалмайтынын, соған қарамастан өзінің кез-келген шабуылға төтеп беруге, оған төзуге және ешқашан баспасөзді сотқа бермеуге дайын екенін айтқан. Ол тіпті дифомация(жала жабу туралы) туралы бапқа моратрий енгізуді ұсынған. Бірақ... Бұл кеш. Көктемде. Еуразиялық медиафорумда айтылған... Ал бүгін жағдай басқаша. - деген үзіндіден көруімізге болады. Бұл саясат мәселесі. Ендеше мұнда ауыр сөздер айтылуы да мүмкін. Соған қарамастан жоғарыдағы жайтты қарапайым жұртшылыққа жеткізу бұл тілшінің қолынан келген сияқты. Бұдан басқа да көркемдік материлдарда да этика өте мықты сақталған. Сөз майын ағызып, жұршылықтың назарын өзіне аудару кез-келгеннің қолынан келе бермейтін шаруа. Осылай дей келе, қазіргі бұқаралық ақпарат көздерінде журналистік этика өз орнымен сақталған демекшімін.
Әптіліктің төрт қырлы сыры бар. Олар: адамның бір-біріне деген жүрекжарды қарым-қатынасы, салиқалы ақыл-ой, рухани сұлулық және халықтық үлгі мен салт-дәстүрлерге деген адалдық. Міне, тек осындай асыл қасиеттер ғана сіздің күнделікті өміріңізді гүлдендіріп, болашаққа жол сілтей алады.
Егер өзіңізбен әңгімеге қатысушы адамның ішкі жан дүниесін жан-жақты аша түскіңіз келсе, онда оған хабардың өн бойында көрсетілер орынды қошеметтің де тигізер әсері мол екенін ұмытпаңыз. Мәселен, нәзік жанды әйелдерге ілтипатты қошемет өте ұнайды. Жалпы, қошеметті қаламайтын адам болмайды. Алайда ерлер әйелдерге қарағанда өз көңіл-күйлерін сыртқа көп шығарып сездірмеуге тырысады. Қарап отырсақ, адам жанының нәзік иірімдеріне қошемет көрсетудің психологиялық әсері өте мол екен. Қошеметті жан дүниесімен қабылдаған серігіңіз ғана өзінің ішкі әлеміндегі бар байлығын ақтаруға әзір. Кілтін тапқан екенсің, оны аша да біл. Өнердің өзі көрерменнің көңіл кілтін таба біліп, теледидар алдында көсіле сөйлеп, көрікті ойдың көрігін қыздыру ғой. Шындығында, ой әлеміне беріле отырып, тыңдаушының көңіл ауанын аудара білгенге не жетсін. Міне, жүргізушінің биік арман-мақсаты да осы.
Қошеметтеу мен жарамсақтықтың айырмасы сонда, соңғысында азда болса асыра айту, жағымпаздық үстемдік құрады. Жағымпаздық сізбен әңгімелесуші адамыңыздың көңіл-күйіне өзіңіз жайлы басқаша пікір қалыптастыруы әбден мүмкін. Салыстырмалы түрде: Сізге мына түр аса қонымды екен (қошеметтеу) және Сен аса сұлусың (жарамсақтық). Жарамсақтану арқылы сіз өзгелердің алдында өзіңіз, жұмыс орныңыз жайлы аса бір қолайсыз пікір қалыптастыруыңыз да ғажап емес. Содан келіп, ол адамның сізге, сіз басқарып не жүргізіп отырған хабарға деген көңіл-күйі басқа арнаға бұрылып, өзгереді. Көпшілік болғаннан кейін жарамсақтықты да ұнататын адамдар табылмайды емес. Алайда, Олар көп те емес. Көпшілігі жарамсақтыққа жан-тәнімен қас. Ақпарат құралдары арқылы салиқалы да салмақты ой-толғамдарын көрерменге ұсынатын жүргізушінің орнықты да сабырлы, салмақты да салқынқанды болғаны абзал.
Қошеметтеу мен мақтау - бір мезгілде бір-бірін толықтыратын және қарама-қайшылықтағы егіз ұғымдар. Мақтау кезінде жағымды жайлардың әңгіме өзегіне айналатындығы анық. Егер сіз біреуге баға берсеңіз, ол керісінше жағдайда болғанның өзінде де сіз өзіңізбен әңгімелесуші адамнан әлдеқайда биікте тұрасыз. Қошеметтеудің мақтаудан өзгешелігі, әңгімелесуші адамыңызда сізді өзінен жоғары сезінушілік көңіл-күйі үстемдік етеді.
Қошеметтеу жайлы бұған дейін айтылғандарға ой тоқтатсақ, өзіңізбен әңгімелесуші адамға жақындасу арқылы негізгі мәселеге көңіл аудару. Шағын ғана мысал. Бөлім бастығы екінші бір бөлімнің бастығына: Саған босспенен сөйлесудің сәті қалай түсті? Кеше мен онымен бір сағаттай әңгімелессем де ешқандай нәтиже шығара алмадым, ал сен бар-жоғы бес-ақ минут шамасында сол мәселені шешуге қол жеткіздің. Өзіңіздің қарсылық қошеметіне нысана ете отырып, әріптесіңізге жасаған ыңғайлы қошеметіңіз. Халқымыздағы мақтамен бауыздағандай деген ұғымның қабысар тұсы да осы сәт. Сіздің көз алдыңызда әріптесіңіз өз беделінің басшысы алдында соншалықты биік екендігін тағы да бір рет дәлелдеді. Алайда, оған сол бір сәттілік қуанышты сыйлаған, көңілін жадыратқан сіз ғой? Адамға бақытты сәттер сыйлаудың өзі де ғажап-ау!
Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі дегендей, кез-келген журналист журналистік этиканы сақтай отырып, әрбір келтірілген фактіге аса маңыз беріп, оны орнымен қолдана білуі керек. Мысалы, сіздің бір қызметкеріңізді тісі ауырып, таңды таңға қосып, ұйқы көрмей шықты делік. Егер сол жанға сіздің бет-әлпетіңіз жақсы десеңіз, ол адамның қандай күйге түсетінін байқадыңыз ба?
Журналист мамандығын бойына арқау еткен кез-келген жанға өз елінің ғана салт-дәстүрін және журналистік әдебін білу аздық етеді. Сол үшін өзге елдердің де журналистикаға сай өзгешелігін және салт-дәстүрін білу қажет. Осы орайда тағы да Құдайберген Тұрсыновтың пікіріне жүгінсек.
Егемендіктің арқасында алыс-жақын шет елдің мәдениеті мен әдет ғұрпы, салт-дәстүрі, өзге де жайлары туралы көріп-біліп жатырмыз. Ел аралап, сапарға көп шығатын тележурналист қауымына өзге халықтардағы ишараттар мен әдет-ғұрыптарды білгеннің зияны жоқ. Бармасаң, келмесең, көрмесең, араласпасаң жат боласың. Барған елдің әдет-ғұрпын, өздері үйретпей-ақ біліп тұрсаң іштері жылып, сенің біліктілігің мен парасатыңның алдында іштей де болса сол елдің жақсылары мен жайсаңдарын бас идіресің.
Тілінен бал, сөзінен парасаттылық аңқыған жүргізушілерді іздеп табу қай кезде де оңай болмаған. Төрт аяғын тең басқан, су шайқалмас шешендерге зәрулігіміз де жылдар өткен сайын қоюлана түсуде. Ол тұрмақ, эфирде отырып, амандасу мен сәлемдесудің төңірегінде сүрініп жататындар да аз ба? Бүгінде өзге адамға қарата сөйлеудің қатып қалған түрі жоқ. Сөзсіз бағынатын бір жәйт: таныс емес және үлкен адамға әрқашанда сіз деп тіл қатқан әдепті болады. Сен деген сөзге көшуге әлә асықпаңыз, үлгересіз. Эфирге шыққан жүргізушілер: Сәлеметсіздер ме, құрметті көрермендер!, Кеш жарық, қымбатты теледидар көрермендері!, Ассалаумағалейкум, қымбатты қауым! деп бастап, хабар аяқталарда: Эфирде келесі кездескенше, сау-саламатта болыңыздар!, Қош-сау болыңыздар!, Түндеріңіз тыныш болсын! дегендей ойлармен қоштасып жатады. Эфирдегі жүргізушінің жан жадыратар әсем үні мен тартымды басталып, орнықты аяқталып жатқан хабарларының берер үлгісі де мол болмақ. Әрбір сөзге әр беріп, өң кіргізіп, ойната білу де әдептіліктің асқақ үлгілерінің бірі.
Егер сіз ересектер тобына кезіксеңіз, ондай жағдайда өзіңізді-өзіңіз не өзге біреу таныстырады. Таныстықты жасы кіші бірінші бастайды. Таныстық кезінде қол алысу міндетті. Бұл жерде ереже қарапайым: жасы үлкен таныстыру рәсімінен кейін қолын бірінші болып ұсынады, әйел де солай. Таныстық кезінде адамды фамилиясымен атау ләзім. Амандасу кезінде де қаратпа сөздің екі түрі - сіз және сен қолданылады.
Біздің әрбіріміз күн сайын әлденеше ондаған, жүздеген адамдармен көшеде, жұмыста, дүкенде, мәдени орындарда кездесіп жатамыз. Бәрінде де көңіл-күй, сезімталдық, жұмыс қабілеті басты рөл атқарып жатады. Олар өзін қоршаған ортада сыпайылық танытты ма, қонақжайлық көрсете алмай көңілге кірбең түсірді ме, әлде мінез-құлқын дұрыс ұстай білмеді ме? Осының бәрінде де өзгелермен қарым-қатынастың мол әрі ауқымды мәдениеттілігі қатар көрініс беріп жатыр. Сыпайылықпен сыйлылық қатар дарыған журналистің парасатты сөзін тыңдаған жандардың сол бір тұлғаны экраннан асыға күтетіні де ғанибет қой. Байсалдылық пен байыптылық дәнін бойына жинақтаған журналист қаншама сан мыңдаған жандарға өз бойындағы асылын сыйлап жатады. Журналистке қарап бой мен ой түзейтіндер аз деп кім айта алады. Алайда, осы бір асылдың сынығындай көрінген жанның қарапайым өмірде өзін-өзі ұстай алмай жатуы да ғажап емес қой! Біз өзгелермен бірге өмір сүріп жатқандықтан, сөзіміз, ымымыз, дене қимылымыз өзгелерге де елеусіздеу көрінбейді. Сырт көздің сыншыл екені де әу деп амандасу мен өзіңді-өзің ұстауың, е деп сөйлесуіңнен бастау алады.
Көшеге шығып, өзіңе таныс және бейтаныс адамдар арасына ену кезеңі де аса сақтықты талап етеді. Үйден шығар алдында өзіңе-өзің сын көзбен қара. Костюмің дұрыс па, бас киіміңді дұрыс кидің бе, пальтоң лас емес пе, шалбарың әлде шұлығыңа әлдебір нәрсе шашырамаған ба? Егер сіз көшеде бас киімсіз жүретін болсаңыз, шашыңыз таралған ба? Аяқ киіміңіз қашанда таза, шалбарыңыз үтіктелген болуы тиіс. Лауазымды адамдармен кездесетін, шет елдік қонақтардан интервью алатын журналистің мұнтаздай тазалығы мен сыртқы киімдерінің бір-біріне үйлесімділігі де қатар қабысып жатуы шарттылық. Мүмкіндігінше, киімнің үйлесімділігі, қымбат болмаса да көз тартарлықтай қонымдылығы, жейдеңнің жағасы мен жеңінің үнемі таза болғаны дұрыс. Халқымызда қонақты киімімен қарсы алып, ақлымен шығарып салады дейтін қанатты сөз де тегін айтылмаса керек-ті. Танымайтын ортада киімнің өзгелерге қандай да бір өзекті жайлар төңірегіндегі қызу әңгімеге араласып, ақыл-парасатыңның қаншалықты екендігімен көрінгенше, сені сол биікте ұстайтындығы анық. Алайда, адамның ішкі сезім әлемі сыртқы көріктілікпен қабыса байланысып жатса ғана адам шын мәнінде қадір мен құрметке ие болады. Адамның ішкі жан дүниесінің сұлулығы мен тазалығына жетер ешбір нәрсенің жоқтығы да анық.
Сыйлы болғың келсе - өзгелерді де сыйлай білуді үйрен. даналық сөз. Сезім қырларының астарында тұнып жататын, сыйлылық деген ұлылықтың да артар жүгі мен көтерер салмағы да тым ауыр. Елінің бүгіні мен ертеңі үшін бар жан даусымен жар салып жүрген атпал азаматтар аз ба? Қоғамның көңіл-күйін дөп басып, шындық үшін таяқ жеп жүргендері де жетерлік. Теледидар төрінде көсіле сөйлеп, бас кеспек болсада, тіл кеспек жоқ деген ұғымды өмірлік кредосы етіп алған журналистер сыйлылықтың тек қана сыпайылықпен келмейтіндігін жақсы түсінеді. Өткірлік пен әділдік, дәлдік пен өнегелілік қатар қанат қақса, сыйластық ғұмырының да ұзақ болатындығы анық.
Атам заманнан белгілі жәйт адамда бес бірдей сезім: көру, есту, ұнату, жарқындық және түйсік бар. Адам осылардың көмегімен әлеммен қарым-қатынасқа кіреді. Ал, алтыншы сезім, ол өзгелермен қарым-қатынасқа кіруге көмектеседі. Өкініштісі, ол бәрімізге бірдей жөргектен бойға дарымаған. Ол - өнегелік. Кімде-кім осы өнегелікті, алтыншы сезімді игерсе - ол ешқашанда мазасыз күйге түспейді, өмірде жабырқауды білмейді. Өнегелік, сезімталдық, сыпайылық - онсыз тәрбиелік, кішіпейілділік болуы да мүмкін емес. ХХІ ғасыр перзенттеріне жан-жақты жетілген өз заманының биік тұлғалы азаматтары болу міндеті жүктеліп отыр. Оған жету жолында өнегеліктің асқақ үлгісін бір бойына дарытқан, кең ойлап, тез пішетін, алып та, шалып та жығатын, уақыт ағымынан оза отыратын тұлғалар керек. Тәрбие мен тәлімнің тоғысар тұсынан туындайтын, содан барып бар қырынан жарқырай көрінетін, өнегеліктің өзегіне нәр беретін жайлар бір бойынан табылып жататын ақыл иелерінің молдығы да уақыт кезеңімен үндестік тауып жатса.
ХVІІІ ғасырда өмір сүрген француз философы Жан-Жак Руссо: Тәлімді тәрбиенің белгісі -өзіне тарта және сендіре білу, ол сөз орнықтылығымен жарқ етіп көрінуге асығу емес, ол ақылдылықпен өзгелерге көмектесу, өзін қарапайым ұстау, олардың сезімін таптамау. Даналық дәні аңқыған испан мәтелін қолына микрофон ұстап эфирге шығысымен аспанда ойша қалықтап, жерге қонбай қоятын жүргізушілердің есте ұстағандары жөн-ау! Ешқашан да, ешкім де артық емес. Қарапайым да дәл. Бұл өзін әрқашанда мәдениеттімін деп қабылдайтын адамның ұстанатын басты принципі болуға тиісті.
Дәлдік - эфирде жұмыс істейтін журналистер үшін аса маңызды. Кездесу белгіленген орынға 10-15 минут бұрын ерте бару қажет. Ол сіздің өзіңіз кездесетін адамдарға кешікпестен дәл әрі жинақы түрде баруыңызға кепіл. Егер өзіңіз әңгімелесетін не факторлар алу қажет адамдарға келісілген мерзімнен кеш барсаңыз, ол адам сізді көп күтпестен өзге шаруаларымен айналысуы мүмкін. Ондай жағдайда сіз өзіңіз ғана емес, әріптесіңізді ыңғайсыз жағдайға қалдырасыз және де ол адамның сіз жайлы пікірі басқаша қалыптасады. Кей жағдайда эфирдегі хабарды дер кезінде тапсыра алмайтын редакторлар да ұшырасады. Сондықтан да теледидарда жұмыс істейтін жауапты журналистердің дәлдікке үйренгендері және оны әрқашанда өмірде, қызмет бабында есте сақтағандары дұрыс. Әлем халықтарының арасында ағылшындар өздерінің ұқыптылығы, дәлдігімен мақтанады. Ол жайлы ағылшындарда мынадай бір әңгіме бар. Түскі тамаққа шақырылған әйел мезгілінде келе алмайды. Үй ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz