Орта Азия хандықтарының экономикалық және саяси хал жағдайы



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І . тарау
1.1 Сырдария бойында Ресей әскери шебінің құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Орта Азия хандықтарының экономикалық және саяси хал.
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ . тарау
2.1 Орыс әскерлерінің Хиуаға шабуыл жасауы ... ... ... ... ... ... ... ... ..12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Кіріспе
1833 жылдың жазында В.А. Перовский Орынбор өлкесінің әскери губернаторы болып тағайындалды. Ол өзінің алдына екі міндет: біріншіден - орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден — орыс әскерлерін Орта Азия хандықтарының шекараларына жақындатуды тездету міндетін қойды.
Осы мақсат үшін оған Сырдарияның төменгі ағыстарында жаңа әскери шеп салуға өкім берілді.
Бұл шаралардың жүзеге асырылуы жұртшылықты қатты алаңдатты, сөйтіп, Орта Азия хандықтарымен шекаралас қазақ халқы Орынбор әкімшілігіне бағынудан бастартты. Бұл жөнінде Л.Мейер халықтың бір бөлігі Хиуаға, тағы бір бөлігі қоқандықтарға көшіп кетуге тырысты және оның үстіне билеуші сұлтандарға қарсылық күшейе түсті деп жазды.
Мұның өзі әкімшілікті тәртіп орнату үшін далаға жыл сайын жазалау отрядтарын жіберуге мәжбүр етті.
Сөйтіп Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы жүргізген саясат Хиуа мен Қоқанның билігіне ұшыраған қазақтардың Ресейге дұшпандық көзқарасын күшейтті. Қазақтардың бір бөлігі Хиуа мен Қоқан аумағына көшіп кетті. Перовский бұл үрдісті тоқтатуға тырысты. Осы мақсат үшін 1834 жылы полковник Жемчужников қазақ даласына жіберілді.
Пайдаланылған әдебиеттер

1. “Қазақстан тарихы”. “Атамұра”. Алматы, 1998.
2. «Қазақстан тарихы» Т-3 Алматы 1994 ж.
3. Шоинбаев Т.Ж. Восстание сырдарынских казахов под
руководством Жанхожи Нурмухамедова. А., 1949 .
4. Қазақ совет энциклопедиясы. А., 1970.
5. История Казахской ССР. А., 1957.
6. Шахматов В. Есет Кутибаров // Известия каз.
Филиала Ан СССР, 1946.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І – тарау
1.1 Сырдария бойында Ресей әскери шебінің
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Орта Азия хандықтарының экономикалық және саяси хал-

жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 6

ІІ – тарау
2.1 Орыс әскерлерінің Хиуаға шабуыл
жасауы ... ... ... ... ... ... ... . ... .12

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .17
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18

Кіріспе
1833 жылдың жазында В.А. Перовский Орынбор өлкесінің әскери
губернаторы болып тағайындалды. Ол өзінің алдына екі міндет: біріншіден -
орыс билігін мойындамайтын қазақтарды бағындыру; екіншіден — орыс
әскерлерін Орта Азия хандықтарының шекараларына жақындатуды тездету
міндетін қойды.
Осы мақсат үшін оған Сырдарияның төменгі ағыстарында жаңа әскери шеп
салуға өкім берілді.
Бұл шаралардың жүзеге асырылуы жұртшылықты қатты алаңдатты, сөйтіп,
Орта Азия хандықтарымен шекаралас қазақ халқы Орынбор әкімшілігіне
бағынудан бастартты. Бұл жөнінде Л.Мейер халықтың бір бөлігі Хиуаға, тағы
бір бөлігі қоқандықтарға көшіп кетуге тырысты және оның үстіне билеуші
сұлтандарға қарсылық күшейе түсті деп жазды.
Мұның өзі әкімшілікті тәртіп орнату үшін далаға жыл сайын жазалау
отрядтарын жіберуге мәжбүр етті.
Сөйтіп Орынбор өлкесінің жаңа губернаторы жүргізген саясат Хиуа мен
Қоқанның билігіне ұшыраған қазақтардың Ресейге дұшпандық көзқарасын
күшейтті. Қазақтардың бір бөлігі Хиуа мен Қоқан аумағына көшіп кетті.
Перовский бұл үрдісті тоқтатуға тырысты. Осы мақсат үшін 1834 жылы
полковник Жемчужников қазақ даласына жіберілді.

1.1 Сырдария бойында Ресей әскери шебінің құрылу

1836 жылдан 1839 жылға дейін орыс әкімшілігі қазақтарды тыныштандыру
үшін бірнеше жазалау экспедициясын жіберді. Мәселен, 1836 жылы Орал
казактарының жазалау отряды Каспий теңізімен 3,5 ай бойы жүзіп, бірақ
мақсатына жете алмады. Нақ сол жылдың қысында полковниктер Мансұров,
Данилевский және 55 орал казагы мұз үстімен Бозашы түбегіне барып, бұрынғы
тәртіпсіздіктердің басты кінәлілері деп саналған адай руының ауылдарын
шауып, талап-тонады. Бұл жолы қолға түсірілген малдың құны экспедиция
жөніндегі барлық шығындарды өтеген. Сол жылы еріктілер ретінде жиналған
1000 адам кұрамындағы башқұрт отряды сауда керуендерінің етуіне кедергі
жасаған қазақтарды жазалау үшін Үлкен Борсык құмындағы қазақ ауылдарын
шапты.
Орынбор губернаторы мазасыз көршісі Аллақұл ханды бір соққымен
құртқысы келіп, ақырында Хиуаны жаулап алуға патша ағзамнан рұқсат сұрады.
Мүлде сәтсіз аяқталған бұл жорықты В.А.Перовский 1839—1840 жылдарда
жасаған. Бұл әскери әрекеттің алдында 1834 жылы Маңғыстауда Ново-
Александровск бекінісі мен Орскіден Тройцкіге дейінгі әскери шеп салынған
болатын[1].
Хиуаға кайталап жорық жасалуынан қауіптенген Аллақұл хан 1840 жылдың
жазында Ресейге 424 орыс тұтқынын қайтарды. Ресеймен достық туралы
келіссездер жүргізу үшін ол Петербургке елшілер жіберді. Сонымен қоса
жарлық шығарды, оған сәйкес ендігі жерде ешкім орыс иеліктеріне
шапқыншылық жасамауға және орыс тұтқындарын сатып алмауға тиіс болды.
1834—39 жылдарда қарулы жазалау экспедициялары Маңғыстау және Арал өңірі
қазақтарына орасан зор материалдық және моральдық зиян келтірді, алайда
олардың моральдық рухы жасыған жоқ. Кіші жүздегі патшалық-отаршылдық
саясатқа қарсы халық көтерілісі сол жылдарда басталды. Сол арқылы
В.А.Перовскийдің Арал өңірі қазақтарын тыныштандыру жөніндегі саясаты
мақсатына жетпеді, керісінше Кіші жүздегі саяси жағдайды асқындыра түсті.
Патша үкіметі Хиуа жорығын қайталағысы келді. Мұны В. А.Перовский
баяндамасының соңғы бетіне I Николай қойған:
Өкінішті-ақ! Өте өкінішті! Бірақ құдайдың еркі болуға тиіс және оған
көнбесең болмайды. Енді Бірінші мүмкіндік болған кезде экспедицияны жаңарту
үшін сөзсіз шаралар қолдану керек, — деген бұрыштамасы дәлелдейді[2].
Хиуа жорығы сәтсіздікке ұшырағаннан кейін В.А. Перовский Сырдария
әскери шебін құрудың тікелей басшысына айналды. Бұл міндет үлкен мақсатты:
Сырдарияның төменгі ағыстарында, Қокан және Хиуа хандықтарының тікелей
шекаралары бойында әскери күштерді нығайту, сондай-ақ бұл аймақты
стратегиялық, экономикалық тұрғыдан зерттеу, Арал теңізі мен Үстіртті игеру
мақсатын көздеді.
1.2 Орта Азия хандықтарының экономикалық және
саяси хал-жағдайы
XIX ғасырдың 40-жылдарында патшалық Ресей Орта Азия хандықтарын
түпкілікті жаулап алуға әлі де әзір емес еді. 1839 жылдың аяғындағы
Перовскийдің басшылығымен Хиуаға жасалған сәтсіз жорық әлі де естен кете
қоймаған болатын. Үкімет жаңа жерлерді басып алу үшін мұқият дайындық қажет
екенін түсінді. Орта Азия хандықтарының экономикалық және саяси хал-
жағдайын зерттеу күшейтіле бастады. Осы мақсатпен 1841 жылы Хиуаға және
Бұхараға дипломатиялық миссиялар жіберілді. Хиуаға бас штабтың капитаны
Никифоров бастаған орыс елшілігі жіберілді.
Бұл миссияға Хиуадан Сырдарияның солтүстігіне қарай бүкіл аумақты және
ішінара Каспий теңізінің шығыс жағалауын Ресейдікі деп тануға қол жеткізу
тапсырылды. Сонымен бірге Хиуамен орыс саудасы үшін қолайлы жағдайды
қамтамасыз ету керек болды.
Орыс дипломаттарының алдына хандық аумағындағы құлдықты жою және
барлық орыс тұтқындарын қайтару міндеті қойылды. Орыс елшісі Никифоровтың
Аллақұлмен келіссөздері тілегендей нәтиже бермеді. Хиуа ханы қаза тапқаннан
кейін (1842 ж.) оның ұлы Рахымқұл (1842-1845) мен оның інісі Мұхаммед Әмин
(1845-1855) Арал өңіріне тонаушылық шапқыншылықты жалғастырды. Ал оның бер
жағында 40-жылдардың екінші жартысынан бастап патшалық Ресей Орталық Азияға
біртіндеп және жоспарлы түрде тереңдеп енуін жалғастыра берді. 1847 жылы
орыс әскерлері Сырдарияның сағасын басып алып, онда сол жылы Райым
бекінісін, ал 1848 жылы Қазалы фортын салды[3].
Сырдарияның сағасына Ресей әскерлері келгенге дейін жергілікті қазақ
халқы Хиуа және Қоқан әскерлерінің тұрақты шапқыншылықтарынан зардап шегіп
отырды. Сонымен бірге Сырдарияның төменгі ағысы Ақмешітке дейін Ресей
аумағы деп саналып келді, өйткені ол Кіші жүздің бір бөлігі болатын. Бірақ
іс жүзінде бұл аумақ Хиуаның билігінде болды, мұнда Хиуа ханының қойған
адамдары жергілікті халықты тонап, ру басшыларын сатып алып отырды. Осындай
жағдайда Сырдария сағасының халқы Райым бекінісін, Қазалы мен Ресейдің
басқа да әскери форпостарын салуға, сондай-ақ Арал теңізін зерттеу мен
игеруге қосалқы жұмысшылар мен жолбасшылар ретінде белсене қатысты.
Арал өңірінің кейбір ру басшыларының Ресейге оң көзбен қарауы үшін
патша үкіметі оларды марапаттап отырды. Бұл жөнінде 1847 жылғы 15 наурызда
Орынбор шекаралық комиссиясы сұлтан Баймағамбет Айшуақовқа Үкіметке ерекше
берілгендігімен көзге түскен қазақтың үш биін, атап айтқанда қыпшақ руынан
хорунжий Балқожа Жаңбыршинді, Кішкене шекті руынан Жанқожа Нұрмұхамедовті
және Үлкен шекті руынан Есет Көтібаровты марапаттау, аталған адамдарға
адалдығы үшін деген жазуы бар алтын медальмен қоса Анна лентасын тағып
жүруге рұксат етілді деп хабарлады. Бұған қарамастан қазақ билерінің орыс
әкімшілігіне оң көзқарасы ұзаққа созылған жоқ. Отаршылдар өздерінің
кертартпа әрекеттерімен Арал өңірінің байырғы халқын өздеріне қарсы қойып
алды. Соның салдарынан халық орыстардың әскери күшіне қарулы қарсылық
көрсетті.
Жаңа форпостар орыс гарнизондарының біртіндеп Сырдария бойымен жоғары
өрлеуіне және қоқандықтардың ірі бекінісі Ақмешітке жақындауына мүмкіндік
берді. 20 күн қоршаудан кейін 1853 жылғы 28 маусымда Ақмешітті орыс
әскерлері басып алды, сөйтіп Сырдарияның төменгі ағысында Сырдария шебі
құрылып, оған Райымнан Ақмешітке дейінгі аудан-дар енгізілді.
Сонымен Перовскийдің екінші әскери - стратегиялық міндеті жүзеге
асырылды. Патша үкіметі Хиуа және Қоқан хандықтарына дипломатиялық арналар
бойынша саяси қысым көрсетуді күшейтуге мүмкіндік алды. Сырдария әскери
шебі 1864 жылы Түркістан алынғанға дейін сақталып қалды және сол арқылы
Қазақстанның кең-байтақ аумағын Ресей толық жаулап алды.
Арал теңізімен кеме жүздіру мақсатында зерттеу басталды. 1848 жылы
Николай және Константин желкенді екі шхунасы бөлшектеліп түйеге артылып
Орынбордан жолмен Райым бекінісіне әкелінді, олар кысқа уақыт ішінде
құрастырылып, суға түсірілді. Бұл шхуналарда жұмыс істеуге лейтенант
А.И.Бутаков бастаған 27 адамнан команда құрылды. 1848—1849 жылдарда
А.И.Бутаков басшылық еткен экспедиция Арал теңізін зерттеп, соның негізінде
теңіз картасы жасалды. А.И.Бутаковтың ұсынысы бойынша Аралда кеме қатынас
жолы мекемесі ашылды. Ол өз күнделігінде Арал алабының белгілі бір аралдары
мен жағалауының әскери мақсатқа қажеттілігін атап өткен. Атап айтқанда
былай деп жазған: Тоқмақата аралы бекініс немесе коммерциялық фактория
құру үшін ете қолайлы болып табылады. Кеменің өте жақын келуі мүмкін
болмаса да оған жету өте оңай... Соғыс қимылдары жағдайында бұл Аралды
теңіз жағынан келіп өте аз күштермен басып алуға болады, сонда ондағы көп
мал маңызды олжа болар еді. Ауыр заттарды тасымалдау үшін темірден жасалған
түбі жайпақ баржалар өте қолайлы болады, олар суға өте батпайды және көп
салмақ көтереді[4].
Бұдан Арал экспедициясының бұл алапты әскери тұрғыдан зерттеуді де
өзіне мақсат етіп қойғанын аңғару қиын емес. Ресей болашақта Хиуа хаңдығына
құрғақтан да, теңізден де шабуыл жасау ниетін көздеді. Кеме жүзу
проблемасының болашақта да: Хорезммен және Орталық Азиямен одан әрі сауда
жүргізу мүмкін болуы үшін зор маңызы бар еді.
А.И.Бутаков өз күнделігінде жергілікті халықтың экспедиция мүшелеріне
көзқарасын көрсеткен. Оның хабарлауына қарағанда Хиуалықтар Константин
және Николай шхуналарының жүру жолын қадағалап отырған, олар Тоқмақата
аралында болған кезде, өздерін хиуалықтардың қадағалап жүргенін талай рет
аңғарған. Кейде бейнебір бізді андып жүрген сияқты бұталардың арасынан
арғымақ мінген Хиуа салтаттылары көрініп қалатын деп баяндаған.
Арал алабын екі жыл зерттеу нәтижесінде экспедиция мүшелері үлкенді-
кішілі көптеген аралдар ашты. Олардың кейбіреулері қайта аталды. Мысалы:
Барсакелмес аралы патша ағзамның құрметіне I Николай аралы болып атала
бастады. Токмақата аралы да қайта аталды.
Ресей империясы Орталық Азия мен Қазақстанда реформаға дейінгі кезеңде
дәйекті және белсенді сыртқы саясат жүргізді. ХІХ ғасырдың орта шенінде
Орталық Азия Ресей мен Англия арасындағы шиеленіскен саяси және
экономикалық күрес аренасына айналды. Ресей мемлекеті аймақты зерттеу
мақсатымен, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
1905-1907 жж. Ресей мен Қазақстанның саяси - әлеуметтік жағдайы
Қазақ қоғамындағы экономикалық жағашылдықтарды әдістемелік тұрғыдан зерделеу
Қырым хандығының қалыптасуы
Ресей империясының қазақ жеріндегі отарлау саясаты
Патша үкіметіне қарсы Сыр бойындағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихы
Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі
ХИУА ХАНДЫҒЫМЕН ҚАЗАҚТАРДЫҢ БАЙЛАНЫСЫ
Қоныстандыру саясаты және оның діни жағдайға әсері
ХVІІІ ғасырлардағы қазақ далаларында қолданған ресми іс қағаздар тілі
Қазақ-орыс қарым-қатнастары
Пәндер