Қазақстандағы тұрақты даму концепциясы


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:
Қазақстандағы турақты даму концепциясы
«Экологиялық проблемалар - ең маңызды өмірлік проблемалардың бірі, өйткені әңгіме адамның өмір сүретін ортасы туралы, болашақ ұрпақтардың өмірі туралы болып отыр», дейді заманымыздың заңғар жазушы Шыңғыс Айтматов.
Қазіргі әлемде экологиялық проблемалар өзінің қоғамдық мәні жағынан алдыңғы қатардағы мәселелердің біріне айналды. Экологиялық дағдарыс жағдайы шын мәніндегі қауіпті төндіріп отыр: іс жүзінде тез өріс алып бара жатқан дағдарыстық жағдайларды кез келген аймақтардан көруге болады.
Экология - жер бетіндегі тіршілік атаулының қоршаған ортамен органикалық қарым-қатынасын жан-жақты зерттейтін биология, . Физиология, генетика, медицина, тіпті социология тәрізді көптеген ғылым салаларын біріктіретін, философиялық мәні терең, адамзат болашағы үшін маңызды зор ілім.
Қазақстанда қалыптасқан экологиялық проблемалар
Соңғы жылдары дүние жүзінде экологиялық жағдайлар шиеленісе түсуде. Оның көптеген себептері бар. Негізгі факторлар, көбінесе адам іс-әрекетінен туындап отыр. Ең басты проблемалардың бірі - Жер шарындағы халық санының артуы. Нәтижесінде, Жер шарының тұрғындарын азық-түлік, шикізат, жылу энергиясы, киім-кешек және т. б. материалдық игіліктермен қамтамасыз ету үшін қаншама қыруар табиғат ресурстары қажет болып отыр.
Адамзат өркениеті дамуының материалдық негізі болып табылатын дүниежүзілік шаруашылық коршаған ортаға барған сайын күшті әсер етуде. Жекелеген елдердің коршаған ортаға зиянды ықпалының аукымы, ең алдымен, экономикасының даму деңгейімен анықталады. Соңғы онжылдыктарда дамушы елдердің басым көпшілігі қарқынды даму үстінде, бұл өз кезегінде адамзаттың табиғи ортаға әсерін күшейте түсуде. Қазіргі танда дүние жүзі кауымдастығы коршаған ортаны корғау мөселелерін бірлесе шешу қажеттілігін түсінді деуге болады.
Таяуда Қазақстан Республикасы Президентінің “Қазақстан Республикасының 2007-2024 жылдарға арналған тұрақты дамуға көшу тұжырымдамасы” жарық көрді. “Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясы”, “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейінгі стратегиялық жоспары”, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі индустриялық-инновациялық даму стратегиясы”, “Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға дейінгі экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы”, “Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі аумақтық даму стратегиясы” сияқты ел дамуы үшін маңызды рөл атқаратын құжаттарды өмірге әкелген Президентіміздің мына жаңа тұжырымдамасы мазмұны жағынан да, қамтитын мәселелерінің ауқымы жағынан да кең мағынадағы тың құжат болып табылады.
Елдің тұрақты дамуға көшуінің бағдарламасы ретінде ол Қазақстан өмірінің барлық салаларында орнықтылыққа қол жеткізудің негізгі жолдарын, осы жолдағы міндеттер мен оған жетудің тетіктерін айқындайды, дамудың экономикалық, экологиялық, әлеуметтік және саяси факторларының өзара байланысын нақты белгілейді және оларды біртұтас үдеріс ретінде қарастырады.
Осылардың ішінде Қазақстанның экологиялық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жоспарының орны ерекше. Бұл - бір Қазақстан емес, Еуразия құрлығының экологиясын жақсартуда ерекше рөл атқарады. Еуропа мен Азия арасындағы саяси, экономикалық және мәдени қарым-қатынастың көпірі болып отырған Қазақстан осы ортаның ландшафты мен экологиялық жүйелерінде байланыстырушы есебінде де маңызды қызмет атқарады. Қазақстанның аумақтық кеңдігі, климаттық жағдайлары, су жүйелерінің ерекшеліктері бүкіл Еуразияның экологиялық жағдайына әсер ететінін, оның даму тұрақтылығы екі жаққа да маңызды екенін ескерсек, бұл мәселенің мәні зор.
Қазіргі Қазақстанның дамуы 2030 жылға дейінгі стратегиялық жоспар негізінде атқарған істердің нәтижесі деп білеміз. Көп жағдайда экономиканың тұрақтануы, оның көтерілуі, халықтың әл-ауқатының жақсаруы жалпыұлттық саясаттың негізгі тірегі болып табылады. Осыған орай Парламент палаталарында қабылданған, халықтың талқысынан өткен Экология кодексі де осы тұжырымдаманың негізі болып табылады. Ұзақ уақыт бойы біз экология мәселесін сөз жүзінде әңгімелеп келгенмен, нақты тұжырымдамалар мен нақты заңды түрде қабылданған кодекс болған жоқ. Ендігі жерде экологиялық мәселелерді шешу осы кодекске негізделеді.
Ал экологияның тұрақтануы, экологияның дамуы, экологияның қалпына келтірілуінің барлығы ол экономиканың дамуымен, саясаттың дамуымен байланысты екенін естен шығарып алдық. Алайда, Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайлары мәз емес екені көпке мәлім. Ол жағдайлар, тұтастай қарағанда, бүкіл республиканың ұлттық қауіпсіздігіне қатер төндіріп, жалпы дамуға кедергі келтіріп отырғаны да аян. Нарықтық экономикадағы табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы, олардың ысырабының молаюы орын алуда. Ішкі өнімнің өсуі қалдықтардың көбеюіне соқтырып, олар қоршаған ортаны ластауда. Қазіргі есеп бойынша, ел аумағының 75 пайызға жуығы экологиялық тұрақсыздыққа тап болып отыр. Табиғаттың жұтаңдауынан жарамсыз жерлер көбейіп жатыр. Ластанулар мен қалдықтардан бөлінетін улы заттар табиғи ортаға әсер етіп, халықтың денсаулығына зиян келтіруде. Осы жағдайлар Президент Тұжырымдамасында экология дамуын тұрақтандырудың қажет екенін дәлелдеуге негіз болған. Сондықтан да тұрақты дамуға көшудің басты қағидалары мен басымдықтары ішінде көрсетілген ел экономикасын көтеруде табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, саламатты қоғам үлгісін енгізу негізінде халықтың денсаулығын көтеру, демографиялық жағдайды жақсарту, қоғамның аса маңызды неосфералық қызметі ретінде қоршаған ортаны қорғау қызметін жетілдіру, трансөңірлік экожүйелік аумақтық даму, экологиялық қауіпсіздіктің жаңа технологиясын пайдалану, экологиялық аспектілерді ескере отырып, кедейшілікпен күресу, шөлейттенуге қарсы жұмыс жүргізу, эмиссияларды, оның ішінде қызған газдар мен азон қабатын бұзатын газдарды азайту, сапалы ауыз суға қол жеткізу, трансшекаралық экологиялық проблемаларды шешу, радиациялық және биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қалдықтарды кәдеге асыру сияқты проблемалардың экологияға тікелей қатысы бар. Бұл мәселелердің әрқайсысының өзі көп салалы. Мысалы, экономиканы көтерудегі табиғи ресурстардың үлес салмағының азаюы қазір аяқ басқан сайын көзге түседі. Біздің табиғаттан алатын өз өнімдеріміз азайып, сырттан тасымалдау көбейді. Сырттан, тіпті алыс елдерден әкелінетін, көп айлар сақталған және жол жүрген өнім өзінің құндылығы мен дәмділігін сақтай алады деп кім кепілдік береді? Оның үстіне ол азық-түлік қазақтың өз менталитеті мен организмінің талабына жауап бере ала ма? Әр түрлі аурулар мен аллергияның молаюы осыдан өрбіп жатқан жоқ па? Алматының алмалы бақтары оталып, олардың бәрі саябаққа айналып кетті. Апортқа үйренген адамға сырттан әкелінген алма киіз, сағыз татиды. Саяжай иелері үйлерін биік дуалдармен қоршап алып, ауаның қозғалысын, тазалығын бөгеді. Онсыз да ауасы ауыр Алматының әр қорасында қоршау ішінде тұнып жатқан тұманды ауаны өздері жұтуда. Осылардың бәрі табиғатқа адам қолымен жасалып жатқан зорлық емес пе?
Бір кезде қала сыртынан саяжайларға жер бөлінгенде, ол жерге ағаш егу, әр түрлі жеміс беретін бұталар мен отбасының күн көрісіне қажет өнімдер өндіру міндеті қойылған еді. Қазіргі саяжайларда мұндай ештеме өндірілмейді, иелері үлкен сарай салып, айналасын қиюласқан тас төсенішпен, жасанды, газонмен жауып, жеміс ағаштарын шауып тастады.
Кезінде балық шаруашылығы деген министрлік белгілі су қоймаларында балық өсіруді молайтып, қосымша көлдер мен тоғандар жасап, оларға балық жіберіп, бұл салада республикаға мол өнім беріп тұрғаны есімізде. Қазір сол жерлердегі балық колхоздары тарап, көлдер жеке меншікке көшіп, ол өнімнен айырылып қалдық. Каспий мен Аралда, Балқаш пен Зайсанда балық азайды. Сөйтіп балық өнімдері арқылы келетін адам организміне қажетті микроэлементтер жоғалуға айналды.
Жер ысыраппен пайдаланылады. Сондықтан оның өсімдік жамылғысы сиреп, жарамсыз телімдер көбеюде. Даланың өзіне тән құстары мен жануарлары азайып кетті. Бір кездерде қазақ даласын кезіп, топ-топ болып жүретін киіктер де жоғалуға жақын. Сол құс пен аң да кезінде біздің дастарқанымызды толтырып тұратын табиғат байлығына кірмейтін бе еді?
Кеңес дәуірінде “Табиғатқа жалынбаймыз, одан өз керегімізді тартып аламыз” деген ұран болды. Оның аяғы егіндік, шабындық жерлердің тозуына, топырақтың эрозияға ұшырауына, Аралдың, тағы басқа су қоймаларының тартылуына жеткізді. “Тиімді пайдалану” деген ұран болған жоқ. Жаңа Тұжырымдама осы тиімділікке қатты назар аударады. “Табиғатты аяушылықпен пайдалан, керегін алған соң оның орнын толтыр” дейді. Бұл - ауыл шаруашылығы саласында ғана емес, кен өндіру, өндірісте де аса маңызды талап. Өндірісіміз түгелдей шетелдіктердің қолына өтіп, олардың жерасты байлығын ысыраппен өндіріп жатқаны қазір кімге болса да жасырын емес. Көмір, мыс, т. б. кен орындарында қазу жұмысының қарқынын көтеріп, таза пайдалы кесектерді ғана алып, ұсақ кен байлықты қоқысқа араластырып кетіп жатқаны күнде сөз болып жүр. Мұнай мен газ өндіруде де жағдай осындай. Америка өз жерінде ештеме өндірмейтінін, байлығын ашып, қайта жауып қойып отырғанын елдің бәрі біледі. Ал, біз қазақ жерінің табылған байлығының бәрін ашып, ысырапқа салып жатырмыз. Президенттің жаңа Тұжырымдамасын оқи отырып, оның қағидаларын іске асыру жолында мұны да ойластырмасақ болмас.
Кейінгі ұрпаққа не қалдырамыз, әлде жерімізді шұрқ-шұрқ жарамсыз күйде қалдырып кетіп отырамыз ба? Бұл жауапкершілік әрбір Қазақстан патриотын ойландыруға тиісті.
Тұжырымдама табиғат ресурстарын пайдаланудың тиімділігін арттыруға, оны тұрақты дамытуға, ол үшін техникалық әлеует құру ісіне, өндірісте, ауыл шаруашылығында, энергетикада, халықты сумен қамтамасыз етуде, қала шаруашылығында, көлік жүйесінде экологиялық таза және экономикалық жағынан тиімді технологияларды енгізуді ұсынады. Мұндай технологиялар қоршаған орта үшін рентабельді және өндірістік жағынан қауіпсіздікті қамтамасыз ететін коммуникативтік және ақпараттық құралдарды, басқару мен есептеудің жаңа тетіктерін (экологиялық маркетинг және менеджмент, сақтандыру, табиғат қорғау қызметін есепке алу, т. б) үйлестіретін кешенді жүйемен іске асады. Сонда ғана өндіріс орындары пайдасыз қалдықты аз шығарып, экологияны бұзудан тыйылатын болады. Қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарап, қалдықтарды қайта кәдеге жаратады. Жаңартылатын ресурстар мен балама энергия көздері тиімді және ұтымды пайдаланылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz