Көкшетау–Бурабай аймағына жалпы сипаттама
Кіріспе
1. КӨКШЕТАУ.БУРАБАЙ АЙМАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Көкшетау .Бурабай аймағындағы туризм дамуының табиғи географиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Көкшетау.Бурабайда аймағының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... .
2. КӨКШЕТАУ.БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ ЗОНАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
2.1 Көкшетау.Бурабай курортты.рекреациялық шаруашылығының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2 Көкшетау.Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы – Қазақстанның астанасы – Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы –Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл – сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.
Көкшетау–Бурабай аймағы – санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты. Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.
Бурабай – халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі «емдеу кабинеттері» бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Көкшетау–Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы үшін «Қазақстан маржаны» деген поэтикалық атауға ие. Туризм - әлемдік экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.
Берілген курстық жұмыста біз Көкшетау–Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.
Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау–Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.

1. Забелина Н.М . Национальный парк.- М: Мысль, 1987
2. Алиева Ж. Н Туризмология негіздері.- Алматы :Қазак университеті , 2004
3. Беклемишев Н. Д . Курорт Боровое.- Алма- Ата, АН Каз ССР, 1958
4. Замятин С. И . Курорты Казахстана. – Алма- Ата , 1962
5. Ердавлетов С.Р. География туризма: история, теория, методы, практика – А.: «Атамура»,2000.- 336с
6. Соколова М.В. История туризма – М.: Мастерство, 2002.- 350с.
7. Курорты Казахстана – Алматы.: Онер, 1973.- 143с
8. Замятин С.И. Курорты, санатории и лечебные местности Казахстана .- Алма-Ата : АН Каз ССР,1956
9. Криницин Н. Я .Курорт Боровое . Научно-популярный очерк типа справочника. Под редакцией и предисловием проф. П. И Зарницина.1928
10. Брякин М.И. Справочник по курортам Казахстана.- Алма- Ата: Казгосиздат,1959
11. Курорты Казахстана . – Алма – Ата: Казахстан , 1973
12. Қазақстан курорттары. Алматы : Қазақстан,1974
13. Курорты энциклопедический словарь. – М.: Сов. Энциклопедия, 1983
14. Хамнюк В.Ф. Природные лечебные богатства Казахстана, перспективы их использования.- Алма-Ата ,1967
15. Ердавлетов. С.Р. География туризма.: история,теория, практика.- Алматы,2000
16. Котляров В. А . География отдыха и туризма. М., Мысль 1979
17. Веденин Ю. А .Динамика территориальных рекреационных систем. М.: Наука, 1982
18. Куйдин Ю. И .Боровое. – Алма- Ата , 1985
19. Жандаев М. Ж. Курорт Боровое.- Алма- Ата, 1981
20. Шабельникова С.В. Оценка рекреационных ресурсов Республики Казахстан для целей развития отдыха и туризма.Алматы ,2000
21. Никитин С. И. Боровое. – Алма-Ата, Казахстан,1970
22. Достопримечательные места Казахстана . Сборник.- Алма-Ата: Казгосиздат,1959
23. Омаров В. Т . Қазақстан көлдері. Алматы : Қазақстан, 1987
24. Қазакстан. Ұлттык энциклопедия.
25. Қазбеков А. Бурабай накануне ХХІ века. – Астана, 1998
26. Ердавлетов С, Р. Достопримечательные места Казахстана.- Алма-Ата:Знание,1988
27. Байтонаев Озат : Чудеса природы Казахстана. Алматы: Домино,2003
28. Носов Д.С. Жемчужины Казахстана. – Алма-Ата: Кайнар, 1971
29. Терещук В.А. Маршрутами Көкшетау. – Алма- Ата: Кайнар, 1985
30. Қажыбаев Т Ажары ашық болсын Бурабайдың // Егемен Қазақстан-1996-27 сәуір
31. Абдразакова А. Боровое- жемчужина Казахстана.// Казахстан – 2002.-№1
32. Кузенный А Боровое: цены обгоняют сервис.// Казахстанская правда-2004-27 августа
33. Серикбаев Б Боровое. О курорте// Жизнь –2005-№24
34. www. Kokshetau online. Kz
35. Александрова А.Ю. Экономика и территориальная организация международного туризма.- М.: МГУ, 1996.
36. Кузенный А Боровое –это крик души.// Казахстанская правда. –2000 –27,28 апреля
37. Калиев Т Боровое: Трудные будни Казахстанской жемчужины.// Новое поколение. –2002- 15 марта
38. Большая вода для Борового.// Казахстанская правда –2002- 7 декабря
39. Салихова А Пахнущая жемчужина.// Новое поколение-2003-4 июля
40. Шөкшір Д Бурабайды жабайы туризм жайлап барады.// Жас алаш-2004-1 сәуір
41. Алиева Ж. Н. Экологический туризм.- Алматы: Қазақ университеті, 2002
42. Туристская карта национального природного парка «Бурабай».Алматы: ККП «Картография »2004
43. Закон Республики Казахстан «О туризме».
44. Мусин Қ .Н. Международный туризм: Современные тенденции развития в мире и в Казахстане
45. Прохоров И. Вступая в век туризма.// Казахстанская правда-2003-29 июля
46. Ыбыраев С. «Оқжетпестің емдік қасиеті». Қазақстан шипажайлары.«Егемен Қазақстан», 2003-11 қыркүйек

Мазмұны
Кіріспе
1. КӨКШЕТАУ - БУРАБАЙ АЙМАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Көкшетау - Бурабай аймағындағы туризм дамуының табиғи географиялық жағдайлары ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.2 Көкшетау - Бурабайда аймағының қысқаша тарихы ... ... ... ... ... ... ... .
2. КӨКШЕТАУ - БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ ЗОНАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
2.1 Көкшетау - Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Көкшетау - Бурабай курорттарының дамуының өзекті мәселелері мен болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДЫНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. 1998 жылдан бастап Астана қаласы - Қазақстанның астанасы - Үкіметтің ресми резиденциясы мен елдің басқарушы орталығы. 1999 ж. Көкшетау қаласы Ақмола облысының әкімшілік орталығы болды және Көкшетау-Бурабай аймағы Астананың даму жоспарына кіргізілген болатын. Көкшетаудың қазіргі кездегі әкімшілік статусы осы аймақтың дамуы мен гүлденуіне көмектеседі, осыған байланысты рекреациялық және туристік ресурстар меңгеріледі, осы арқылы таңдалған тақырып өзекті болып отыр.
Көкшетау - Бурабай аймағы - Қазақстанның солтүстігінің ең әдемі орны. Бұл - сұр жартастар мен қылқанды жапырақ ормандарының, әсем таулар мен тұнып жатқан өзендердің таңжайып өлкесі, даланың тамаша аралы. Таулардың, ормандардың және көлдердің үйлесімі ландшафттардың тек қайталанбас сұлулығын ғана емес, ерекше емдік климатты да құрап отыр.
Көкшетау - Бурабай аймағы - санаторийлер, профилакторийлер, демалыс үйлері мен спорттық-сауықтыру лагерьлерінің өлкесі. Өзінің әдемілігімен және сұлулығымен Ресейдің, Қазақстанның әр бұрыштарынан және ТМД елдерінен ондаған мың адамды тартады. Бурабай қымызбен, емдік батпағымен және минералды су көздерімен атақты. Курортта әсіресе дала шөптері мен шыршалы орманның ғажайып иісіне қаныққан таза ауа ерекше жанға жағымды.
Бурабай - халықаралық мәнге ие курорт. Дәрігерлер мен демалушылардың жалпы пікіріне қарағанда, Көкшетау-Бурабайда басты емші болып табиғат табылады. Оның 5 негізгі емдеу кабинеттері бар: орман, су, тау, ауа және күн.
Көкшетау - Бурабай аймағы өзінің сұлулығы үшін және көлдерінің, өсімдік пен жануарлар әлемінің даралығы үшін Қазақстан маржаны деген поэтикалық атауға ие. Туризм - әлемдік экономиканың жетекші және ең бір динамикалық салаларының бірі. Жылдам өсу темпіне байланысты ол жүз жылдықтың экономикалық феномені болып мойындалып отыр.
Көптеген елдерде туризм жалпы ішкі өнімнің қалыптасуында, қосымша жұмыс орындары мен тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуде, сыртқы сауда балансының белсенділігінде маңызды роль атқарады. Туризм көлік және байланыс, құрылыс, ауыл шаруашылығы, халық тұтынатын тауарларды өндіру және тағы басқа сияқты экономиканың негізгі салаларына ықпал етеді, яғни әлеуметтік-экономикалық дамудың өзінше бір катализаторы болып қызмет етеді.
Берілген курстық жұмыста біз Көкшетау - Бурабай аймағын курортты шаруашылықтың моделі ретінде қарастырамыз, сонымен қатар мұнда туризмнің дамуына қажетті болашақ жоспарлары қарастырылады.
Ұсынылған жұмыстың мақсаты - Көкшетау - Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі күйін, табиғи-географиялық алдын-алулар және аймақтағы туризм мен курортты шаруашылықтың даму қадамдарын зерттеу.
Жұмыста қойылған мақсатқа байланысты бірнеше тапсырмалар шешіледі:
oo рекреациялық ресурстарды меңгеру мен олардың Көкшетау - Бурабайдағы аттрактивтілігі;
oo санатрорийлер мен демалыс үйлеріндегі қызмет деңгейін анықтау;
oo аймақтағы курортты-рекреациялық шаруашылықтың қазіргі кездегі күйі;
oo Көкшетау - Бурабайдың туристік болашағы;
Бірінші тарауда Көкшетау-Бурабай аймағындағы курортты шаруашылықтың дамуы үшін қажетті туризмнің әлеуметтік-экономикалық мәні, рекреациялық ресурстар қарастырылады.
Екінші тарауда біз Көкшетау-Бурабайдағы курортты шаруашылықтың қазіргі таңдағы күйі мен рекреация мәселелерін қарастырамыз.
Жұмыста Көкшетау-Бурабайдағы курортты шаруашылықтың болашақта даму қадамдары мен негізгі мәселелері анықталған.
1 КӨКШЕТАУ - БУРАБАЙ АЙМАҒЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
1.1 Көкшетау - Бурабай аймағындағы туризм дамуының табиғи географиялық жағдайлары
Қазақстанның солтүстігінде, Астана мен Көкшетау қалаларының арасында таңғажайып аудан орналасқан, нағыз оазис - бұл жердің географиялық атауы Көкшетау үстірті, ал жергілікті жол көрсетушілер оны Қазақстандық Швецария деп атайды. Бұл Швецария үлкен емес. Оның маңында қазақ даласы орналасқан. Егер оған биіктік жотасынан қараса, онда бірден мынадай ой туады: атом соғысынан кейінгі бейбітшілік. Көңілсіз сұр дала, таңғажайып айырмашалық. Жүз-екі жүз метр - тіптен басқа пейзаж.
Бурабай көтерілімдері айтарлықтай төмен. Төбелер орманмен көмкерілген және спорттық қызығушылық тудырмайды. Тек батыс бөлігі ғана басқаша. Мұнда биіктігі 947 метр болатын негізгі жота - Көкшетау орналасқан. Көкшетау тауының биік нүктесі - Синюха.
Синюханың екі шыңы бар: Оңтүстік және Солтүстік. Биігі - Оңтүстік. Таудың өзі - орманнан 50-150 метр көтеріліп жатқан ұзын жартасты жота. Кейде орман жұтып қойғандай көрінбеу кетеді. Синюхадан оңтүстікке қарай Бурабай тауы (690м) орналасқан - керемет көріністі нүкте. Бурабай - бұл түйе. Шындығында, кейбір жерлерден қарағанда, бұл төбе екі өркешті түйені еске түсіреді. Қазір теміржол станциясы Курорт-Бурабай деп аталады. Оңтүстікке қарай Шортанды шоқылары орналасқан, оның ішіндегі ең үлкені Жеке батыр (826м) деп аталады. Жай халық аузында - Ұйқыдағы батыр, өйткені тілімденген жота батырдың киімінде шалқасынан жатқан профильді елестетеді 8.
Осы жартас туралы аңыз бар: Жеке батыр баяғыда осы жерде күзетте тұрған кезде ұйықтап кетіпті. Құлаған жартас гүрсілі де, атқан таң шуылы да оны оята алмапты-мыс. Содан бері ол тау-алып болып ұйықтап жатыр 1.
Солтүстік шеті мен Синюха. Көгілдір шығанақ арасында жартастар орналасқан. Үш апалы-сіңлілі және Оқжетпес - мұнда бәрі түсінікті үлкен, ортаңғы және кіші ағайынды сипаттайтын үш жартас. Үлкені мен ортаншысын Ежик деп атайды. Ортаншысы мұрынды, ал үлкені шалқасынан жатқан адамның ішін (қарнын) көз алдыңа келтіреді.
Оқжетпес шыңын келесі аңыз түсіндіреді: ХVII ғасырда Абылай руының қазақтары қалмақтарды жаулап алып, бай олжаны биік тау етегінде бөліске салмақшы болады. Сұлу қалмақ қызының тағдырын ұза уақыт шеше алмай қиналады. Сонда Абылай хан тұтқын қыз өзіне күйеу таңдасын деп бұйырады. Қыз биік тасты шыңға шығады да, Кімнің жебесі, менің орамалыма дейін жетсе, соған күйеуге шығамын деп айқайлайды. Бірақ бір де бір жігіт жебесін шыңға жеткізе алмайды. Сонда қыз келесі шартын қояды - кім де кім менің жұмбағымды шешсе, соған күйеуге шығамын дейді. Бұған әлі күнге дейін куә - Жұмбақтас. Бір жағасынан қарасаң шашы желбіреген жас қыз, келесі жағадан қарасаң, көк тауға қарап тұрған кемпір профилі көз алдыңа елестейді 2.
Көкшетау-Бурабай аймағының аймағының климат ерекшеліктері, біріншіден, оның географиялық орнымен түсіндіріледі. Ол мұхиттар мен оңтүстіктен келетін жылы ауа массасы мен солтүстіктен келетін суық ағындары емін-еркін кіретін ашық аумақты жазықта орын тепкен. Сондықтан аймақ қысы суық, желді, жазы ыстық және күз, көктем кезеңдері қысқа континентальды климатпен сипатталады. Тек таулар, массивтер, ормандар, көптеген көлдер мен мұндағы ауа-райы жағдайларын бірқатар жұмсартады. Маусым, шілде және тамыз айларындағы күн жылуы тропиктегіден бір де бір кем емес, жазда жылу ағыны жылдың басқа маусымдарына қарағанда айтарлықтай көп, максимум шілдеде байқалады. Күн радиациясы жергілікті жердің таза ауасы мен айтарлықтай биіктігіне байланысты ашық күндері көп болады. Күн шұғыласының ұзақтығы да маңызды, ол мұнда Ресейдің еуропалық бөлігіне қарағанда едәуір көп.
Бурабай аймағында маусым айындағы күн шұғыласының орташа мөлшері А.Д.Вудская мәліметтері бойынша 288 сағатқа, ал қаңтар айында - 74 сағатқа жетеді. Ал олардың маусымдағы әр күнге келетін максимальді мөлшері -9,6 саға, қаңтарда -2,4 сағат. Әрине, кейбір жылдары айтарлықтай ауытқулар болуы мүмкін.
Сипатталып отырған аймақ үшін, Қазақстанның барлық солтүстігі үшін климаттың құрлықтық типі тән, яғни орташа айлық температуралардың максимумы мен минимумы жазғы және қысқы күн тұруынан кейін бақыланады (22 маусым мен 22 желтоқсан). Сәуірде теріс таңбалы t - а болады, мамырда күрт өседі +12,20С, шілдеде максимальды + 24,40С, яғни Қырым жағалауынан қандай болса, сондай. Сосын біртіндеп төмендейді: қарашада - 7,30, қаңтарда минимальды -15,4 0, t - а ауытқуының жылдық амплитудасы - 35,80.
Бурабайдағы атмосфералық жауын-шашынның жылдық мөлшері орташа 360 мм-ді құрайды. Олардың ең көп мөлшері жазға келеді, максимумы маусым мен шілдеде (72 және 46 мм); қыста түсетіні: қаңтарда 17мм, ақпанла 11 мм. Жауын-шашынның осылайша таралуы жоғары температурамен және жаздағы жауын-шашынның максимумын қамтамасыз ететін циклондық әрекетпен және арктикалық ауа массалары мен полярлы сібір ауасының басымдылығымен түсіндіріледі 3.
Қарстырылып отырған территорияда жаз айларында орташа жылдамдығы 2,3-2,7 мс шегінде, қыста 3,6 мс - қа дейін жоғарылайтын айтарлықтай желдер байқалады. Әйтсе де, ормандарда, қорғалған орындарда жел мүлдем жоқ. Көл жағалауларында, тау шыңдарында және шоқыларда 9 мс-қа дейін күшті желдер болады. Штиль күндері мамырда, маусымда, шілдеде 17-18, ал тамызда - 22 күн.
Көкшетау-Бурабай аймағының ауа-райы жағдайлары жыл маусымдары бойынша келесі ерекшеліктермен сипатталады: қыстың ұзақтығы шамамен 5 ай (қарашадан наурызға дейін); аудан антициклонының ықпалында болады, осының әсерінен ашық құрғақ аязды ауа-райы басым болады; күшті аяздар (300 - қа дейін және одан да көп), борандар, бұрқасындар болады, қар жамылғысы ұзақ, тұрақты болады; жауын-шашынның түсуіне әкелетін циклондардың батыстан кезеңдік көшуі байқалады.
Көкшетау-Бурабай курортты зонасының территориясы жан-жағындағы аудандармен салыстырғанда, үлкен су ресурстарымен ерекшеленеді: бұл ең бастысы, тұщы немесе әлсіз тұзданған көлдер, мұнайлардың саны бірнеше ондаған. Өзендер аз, оларға кішігірім Қылшақты, Сарыбұлақ, Қарабұлақ өзендері жатады. Бұлардың барлығы айқын білінетін далалық сипатқа ие: аз сулы, жазғы уақытта бірнеше тармаққа бөлініп кетеді. Өзендер ең алдымен көктемгі қар еру мен жазғы жаңбырлардан қоректенеді. Жер асты сулары да қорекке қатысады. Бұл өзендер үшін ағынның 80-90% -ы өтеді. Су тасулар біраз күшпен, бірақ қысқа уақытта өтеді.
Көкшетау-Бурабай аймағы көлдерге бай. Олардың ішіндегі ең ірісі Үлкен Шабақты, Кіші Шабақты, Бурабай, Шортанды, Қотыркөл, Жайнақ және тағы басқа морфологиялық мәліметтер (1-кестеде) келтірілген.
Кесте 1- Көкшетау-Бурабай аймағындағы көлдердің морфологиялық мәліметтері (П.Р.Даирачево мәліметтері бойынша)[8]
№
Көл атауы
Ұзындығы, км
Ені, км
Ауданы, км2
Терең жері, м
Су көлемі, м3
Теңіз деңгейінен биіктігі
1
Үлкен Шабақты
8,7
4,2
24,6
34,0
387
305
2
Бурабай
4,5
2,9
10,0
7,0
45
321
3
Кіші Шабақты
10,6
3,2
21,7
15,5
191
307
4
Шортанды
7,1
3,8
19,6
31,0
363
398
Көлдер көркем жерлерде, тау етектерінде орналасқан, толығымен немесе кішкене ғана бөлігі орманмен қоршалған. Бір жағындағы жағасы құламалы, жартасты, келесі жағасы төмен, көбінесе құмды болып келеді.
Көл жағаларының құрылымы, олардың қазаншұқырларының рельефті де сәйкес келеді: жағасы жарлауыт көлдердің тереңдігі үлкен және су асты баурайы жартасты, кейде құламалы болып келеді. Жағасы жайпақ көлдердің тереңдігі онша емес, бұл демалушылардың шомылуы үшіни өте ыңғайлы. Көл табаны айтарлықтай тегіс немесе тұнба шөккен аздап бүдірлі. Шортанды мен Үлкен Шабақтының түбінде ірі тас қатарлары бар.
Көлдердегі су деңгейі үнемі ауытқып отырады, жағалық жолдар мен террасалар осының дәлелі.
Көлдердің қоректенуі негізінен жер асты суларын бірақ атмосфералық жауын-шашын да маңызды роль атқарады. Бурабай мен Үлкен шабақты көлдеріне Қарабұлақ пен Сарыбұлақ, Шортанды мен Кіші шабақты көлдеріне Көкшетау тауларынан келетін кішігірім өзендер мен бұлақтар құяды.
Айтылған көлдерден басқа, ұсақ көлдер саны да көп. Мұндай көлдердің бір тобы Үлкен Шабақтыдан солтүстікке қарай орналасқан. Бұл Текекөл, Ақкөл, Жайнақ, Шабақкөл және тағы басқалары. Бұлардың көбісі аймақтағы ормандар ішінде шашырай орналасқан. Бұларға Горькое, Лебежье, Үлкен және Кіші Карасьи, Светлое жатады. Бұлардың барлығы тұщы сулы, су өсімдігі басып кеткен, жағалары батпақтанған.
Сипатталып отырған территорияның көп жерлерінде жер асты суларының бастаулар мен бұлақтар түрінде шығар жерлері байқалады. Бұларға, мысалы, Ақылбаев, Иманаев бастаулары жатады, бұл бастаулар Көкше тауларының оңтүстік баурайларының етегінде орналасқан.
Өсімдік жамылғысы үлкен халықшаруашылық, эстетикалық, емдік-сауықтыру мәніне ие табиғаттың маңызды компоненттерінің бірі болып табылады. Берілген территорияда бірнеше топырақтық - өсімдіктік кешендер бар:
1.Еменді-қайыңды ормандар. Бұлар қарастырылып отырған территорияның үлкен бөлігін алып жатыр және табиғи ландшафтардың басым элементі болып табылады. Тау баурайларында, кейде ұшар шыңға дейінгі жерлерде, көл маңындағы төбелерде, жоталарда өсетін емен кең тараған. Ылғалдылық пен топырақ өнімділігінің әртүрлілігіне байланысты әртүрлі учаскелерде өсетін еменнің кейбір айырмашылықтары байқалады. В.Н.Сукачев осындай үш түрді анықтады. Бірінші - Бурабай саяжайының орталық бөлігінде өсетін емен,дер. Бұтақтар ағаш діңінен көбінесе горизонтальді жағдайда өседі, өсуі баяу. Екінші форма - Бурабай дачасының оңтүстік аудандарындағы емендер. Олар мұнда тез өседі, бірақ 13-15 м биіктікке жеткенде өсуін тез тоқтатады. Үшінші форма - Алтынбор саяжайының емендері тасты және ылғалды, жақсы гумусты топырақта өседі, өсуі тез, жылына 80 см-ге дейін, сүйір бұрышын ұзақ сақтайды, бұтақ үшкір бұрыш астында тарайды. Шоқылардың барлық суық баурайлары, көтерілімдер әдетте аралас қайыңды-еменді орманмен көмкерілген.
Келесі кең таралған ағаш түріне қайың жатады, екі түрмен сипатталған - сақалды және үлпілдек. Соңғысы тек батпақтар мен көлдердің торфты жағаларында сақалдымен аралас кездеседі. Тоғайға әдетте қызылнық тән (биіктігі 2,5-3,5 м бұталар). Үлкен Шабақты көлінің жағасында қарақат бұталары кездеседі. Дымқыл жерлерде қайың, тал басым.
Бурабай саяжайындағы мохты кілемде орман және дала формаларының қоспасынан тұратын алуан шөпті бай өсімдік жамылғысы жақсы дамыған.
Бурабай көлінің солтүстік жағалауында, Громовая өзенінің бастауларында желдің әсерінен майысқан бұталары арқасында билеп жүрген қайыңдардың тұтас шоғы бар.
Жазғы уақытта орманда таңқұрай, бүлдірген, костяника, брусника, тіпті клюква піседі, көп саңырауқұлақ пайда болады.
2. Алуаншөпті - тырсты өсімдік кешені тау баурайларында, көтерілімдер беткейлерінде тараған.
Мұнда көбінесе бороздчатый типчак, суық жусан, тырсаизен жиі кездеседі. Әртүрлі шөптен чербец, тонкона, гвоздика, лапчатка, фламис, лишайник, жиі кездеседі.
3. Дәнді - алуаншөпті өсімдік оңтүстік-батыс тау маңдарында, территорияның солтүстік және оңтүстік-шығыс шеттерінде өседі, әдетте жазықтарды, орман алаңқойларын алып жатады.
Көбінесе мұнда дәндер кездеседі: типчак, коротконожка, дала тимофеевкасы, вейник; изен-тырса, суық жусан, жорғалаушы пырей де өседі; алуаншөптен - подорожник, сорлы учаскелерде - солодка, нүктелік астра және т.б.
4. Шалғынды - далалық өсімдік. Шалғындар өзен құйылымдары жерінде, көл қазаншұңқырларында, орман мен бұталар арасында таралған. Типчак, вейник, наземный, жорғалаушы пырей, подорожник, пузырчатка және вахталар түлкіқұйрық және тағы басқалары кездеседі.
5. Жусанды-сордақты өсімдік аңғарларда, кеуір бара жатқан су көздерінде, сор мен сорға айналған қара топырақта кездеседі. Типтік өсімдіктері: жусан, типчак, ячмень және басқалар.
Осылайша, аймақ қоршаған құрғақ даладан өзінің бай әртүрлі өсімдік жамылғысымен, бұталарымен және шөптің шалғынды түрлерімен айқан ерекшеленеді 3.
Жануарлар. Бурабайдың жануарлар әлемін дұрыстап тану үшін әр жыл маусымында бір рет емес, бірнеше рет бару керек.
Орнитологтар мәліметі бойынша, мұндағы қанаттылар саны екі жүзден астам түрден асып жығылады.
Көктемде, ұшулар кезінде аспан үйрек қанатының сыбдырына толады, бірінен соң бірі қаздар ұшады. Осындай кезде шөлдегі көлдің жағасында от жағып, аспан мен судағы құс шуылына құлақ түріп отырғанға не жетсін!
Кейде қараңғылықта кенет күміс шағала саңқылдап, кейде сұр қаздар ойбайлар, ал кейде үлкен выль қайғылы үнмен дауыс қосар, сондайда ойыңа еріксіз Выль, а выль, полно тебе выть мәтелі оралады.
Көктем - балапан шығару кезеңі, ал Бурабай көлінде көптеген құстар артына ұрпақ қалдырады.
Алғашқы қар ерулерімен суларда айқайлаған күміс шағалалар пайда болады. Олар өздерінің жұмыртқаларын көздерінің қарашығындай сақтап, топ-тобымен ұя салады. Олардың артынан қызыл тұмсықты крачкалар ұшып келеді. Олар өздеріне ұяны ашық шөл жағаларында жұмыртқа салады.
Қамыс басқан көллдерді ірі қарабауырлы гагарлар мекен етеді, олар әдетте неке кезеңінде айқайлауық болып кетеді. Олардың ұялары кішігірім жырларда, өзен жағасының шетінде болады.
Өздерінің сүйікті жерлеріне қара құтандар да ұшып келеді. Мойындарын созған құтандар семізірек бақа іздеген күйі орман батпақтарының үстінде қалықтап жүреді.
Орманды бурабай көлдеріне сонымен қатар тырналар, сұр құтандар, үйректің көп түрі мекен етеді.
Салқын көктем кештерінде биік аспан төрінде хрусталь сыңғыры естілгендей болады: аққулар ұшып жүр. Бұрнағы заманда осыбір таңғажайып аққанат құстардың көбісі Бурабайдың орманды көлдеріне қоныстанған екен, олардың бірі тіпті Аққулы деген атқа ие болған. Енді, аққулармен кездесу - сирек мүмкіндік; сақ құстар жұрт көзінен аулақта жұмыртқа салатын көрінеді.
Ұшып өтетін тағы құстардан көктемде ақ маңдайлы казарка, тырна, күликтер кездеседі.
Бурабайдың далалы көлдерінде сұр қаздар мекен етеді; одан алыс емес жерлерде сәнді қоңыр үйрек-атайка өмір сүреді.
Жазда, далалы емес жерде ақ және сұр тауықты кездестіруге болады, алыс аспан төрінде бүркіт, сұңқар, үлкен подорлик, сарыч, қара коршуы, ястреб және т.б. қанатты жыртқыштар қалықтайды.
Құс сайрауын сүйетіндер жазғы орманда шығыс бұлбылы мен иволганы, славканы ести алады. Ал қыста Алтын борға қарапайым сібір ақбауыры, свиристель - рюм, пуночка ұшып келеді.
Әдемі, тұрқы торғайдан кіші орман әншісі щегаль де осында 3.
1938 ж. Бурабай аймағына бірден үш жүз тиін жіберілген болатын. Олар жаңа жерге бауыр басып, көбейді.
Санаторийлер мен демалыс үйлерін қоршаған емендер мен үлпілдік жануар баяғыда-ақ орын тепкен. Өткен қырық жылда тиіндер адамдардың қайырымды көршілігін бағалай алды. Санаторий территориясында қаптаған әсем ұялары, тиіндер ертеден тұрып жаңғақ, кәмпит пен печеньелерді өз таңдауынша жейді. Кейде бұларға қанағаттанбаған тиіндер балкондарды аралап кетеді, қорықпастан бос бөлмелерде нені жеуге болады, оның бәрін алып кетеді. Қар бетінде жаңылысқан із көрсеңіз - тетерев болған деп ойлаңыз. Сұлу орман әтештері мен тауықтар қыста өсімдік дәндерімен, қайың сырғаларымен қоректенеді.
Теререв - косачтар бурабай ормандарының баяғыдан бергі аңы. Ал олардың туыстары - глухарьларды отыз жыл бұрын Киров облысынан алып келген. Көркем құстар орманның барлық жерінен өздеріне мол азық тауып алады: хвое, жидектер, жәндіктер. Бурабайда енді көптеген глухарь топтары бар, тіпті олардың бірі Бурабай орманшылық-аңшылық шаруашылығының кеңсесінен тіпті де алыста емес, бұл кеңсенің жұмысшылары соншалықты табысты түрде ғажайып орман құстарын климатқа бейімдеп алды.
Жеке батыр тау баурайларында алтай маралдары мен сібір тауешкілері пайда болды, ал дене тұрқы келбетті косульдарды бурабай орманындарда, одан тыс жерлерде де кездестіруге болады.
Көп жыл бұрын Херсоннан келген ұшақ қорықтан Көкшетау жеріне оты екі айлық құрабайды әкелді. Тәжірибе батыл еді: еліктің қатал климатқа бейімделуі мүмкін бе?
Біз ойлағанымыздай, мықты еліктер сынақтан өтті, өсті, өнді. Суық кезеңді қиналмастан өткізді, айтпақшы елік тобының саны екі жүз елу бастан асып жығылады.
Енді Бурабай орман төмендеуінде жабайы шошқа іздері қалың батпақты қамыстардың ана шетінде де, мына шетінде де кездеседі. Жабайы қабан табыны үш есеге көбейді. Қыста азық табу қамымен олар кішігірім топтарға бөлініп кетеді. Қабандар батпақ шөбінің түбін қазады, мұнда азық қоры жетерлік.
Шаруашылық сонда да өзінің мазасыз қонақтарын тәрбиелейді, ауылда табиғат мұражайы бар.
Ал мұражай жақсы: таулы-орманлы оазис ретінде Бурабайдың иамаша экспозициясы және оған қосымша ағаш бұталарының астында өзінің кішігіріп зообағы бар, мұнда қайырымды елік, косуль, арқар, қоян, тиін жанұялары өмір сүреді.
Табиғат мұражайына жазда кіре алмайсмыз: экскурсияла, оқушылар, осылайша бәрі өз орнымен. Бәрі бурабайлық таксидермист Н.К.Чесноков істеген құстар мен аңдардың мүсіндеріне таңдаушылықпен қарайды. Келушілер бурабай, далалық, алқаптық, суда жүзетін, шалғындық және батпақтық тағы аңдарды көріп-біліп қана қоймай, жануарлардың қандай түрлері таулар мен ормандарға қайтарылғанын білетін болады.
Азаматтықпен , сұлулықпен тәрбиелеу! Иә, әрине, мұның бәрі пайдаға асады... Дәрігерлер стрестен зардап шеккен пациенттеріне еркіндікте өмір сүретін жабайы аңдар өмірін өз көздерімен көруге кеңес береді, дейді. Ал шындығына келсек, берілген кеңес жаман емес! Сенің көз алдыңда Алтын бор нәзік сары косуль нмесе қарапайым тиін бейнесінде көрініс берген кезде дүниенің бәрін ұмытасың. Табиғат өзінің тағы тіршілік иелеріне бітпес сұлулық сыйлаған.
Әсем табиғат ортасында тұрып, адам жанында ашу-ыза, бірнәрсені қысқарту немесе құмарлық сезімдегі орын ала ма екен? - депті Л.Н.Толстой - адам жүрегіндегі жақсы емес нәрсенің бәрі табиғатпен, яки сұлулық пен қайырымдылықтың тікелей мысалымен жанасқанда жоғалып кету керек сияқты.
Тек осындай мүмкіндікті қас-қағым сәтке іс жүзіне айналдыру, яғни тағы аңдарды өз көзімізбен тамашалау - біздің қаңырап қалған ормандарымыз бен даламызда ғажайып іспетті. Жойылудан аман қалған барлық тіршілік иелері адамнан аулаққа қашуда. Кейде біз табиғат ресурстарын Жаратқан сыйына баласақ та, табиғи қорлар, әсіресе тірілер - құстар, аңдар, өсімдіктер азайып бара жатқанын сезінеміз және дабыл қаға отырып - табиғатты аялаңдар! дегіміз келеді.
1.2 Көкшетау - Бурабайда аймағының қысқаша тарихы
Қазақстанның минералды бастаулары мен сумен емдеу жерлері туралы алғашқы мәліметтер 1390-жылдары басталған. Темір жорықтары жазбаларында табылған.
1834 ж. Ф.Геблер Шығыс Қазақстан облысындағы Рахманов бұлақтарының минералды бастауларына толық сипаттама берді, 1849 ж. А.Влангаш қапаларасандық минералды бастауларды зерттеді. Қазақстанда 1917 жылға дейін Шымғанда таулы-климаттық станция болған. Қазақстан территориясындағы бальнеологиялық бастауларды жүйелі түрде херттеу ХХ-ғасырдың 30 - жылдардан бастап жүргізіле бастады. Қазір Қазақстанда 20 санаторийлік-курорттық мекемелер қызмет етеді, оның ішінде 12 санаторий, 2 пансионат және 6 демалыс үйі кіреді. Жатын төсектің жалпы саны шамамен 9500 болғандықтан, жыл сайын 175 мыңнан астам адамды сауықтырып және демалдырып жіберуге мүмкіндік бар. Соңғы жылдары емдеуші жатын желісінің өсуіне байланысты (1,4 есе) санаторийлік-курорттық мекемелердің құрылымы өзгерді - санаторийлердің үлесті салмағы 70% -ға дейін өсті және бүгінде ауруларды емдеу жай ғана демалудан басым болып отыр, бұл жағдай тұрғындардың жалпы денсаулығына қолайлы әсер етуде.
Қазақстан бүгінде санаторийлық төсекпен қамтамасыз етілу жөнінде ТМД елдерінің ішінде соңғы орында тұр. 10 мың тұрғынға бар болғаны 3,3 төсек, ал норма 141 төсек. Тек Өзбекстан ғана төмен қамтамасыздыққа ие - бар болғаны 3,2 төсек. Қолданылатын шаралар республикадағы қамтамасыздықты жақын арада шамамен 4,0 төсекке жеткізбекші. Алайда бұл санның өзі - республика азаматтарының демалуы үшін барлық жағдайды қамтамасыз етуге жеткіліксіз.
Республикадағы емдеу орындары Қазақстан территория бойынша біркелкі таралмаған. Көкшетау аймағында желі жақсы дамыған, мұнда Шортанды-Бурабай курортты запасы қалыптасқан. Алматы зонасындағы санаторийлық - курорттық мекемелердің жалпы саны болашағы, қуатты және дислокациясы бойынша Қазақстанның қалыптасып жатқан оңтүстік астанасы туралы, Алматы қаласы туралы, Алматы курорттық зонасы туралы пайымдауға мүмкіндік береді. Табиғи-климаттық жағдайлары және минералды сулары мен бастпақты көлдері санаторилі-курортты мекемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік тудырып тұрса да, Ақтөбе, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Жезқазған облыстарында санаторийлық-курорттық мекеме орындары жоқ.
Тарихи аспектіде республикадағы көне профодақтық емдеу орны болып жүз жылдығы 1984 ж. аталып өткен Арасан-Қапал санаторийі саналады. Өзінің 50-жылдық мерейтойын атап өткен курорттар қатарына, Алма-Арасан, Яны-Курган, Түркісіб кіреді. Бұрынғы демалыс үйлерінің негізінде құрылған жаңа емдеу орындары болып Жайық, Мерке, Сосновый бор санаторийлері, емдеуші пансионаттар Светлый, Манкент саналады. Миокард инфрактын алған, асқазан және өт шығару жолдарына операция жасалған, неврологиялық ауру адамдарға арналған санаторлы-курортты көмектің арнайы түрлері толық көлемде дамыған. Балалы ата-аналарды емдеуге арналған Көктем санаториі Қазақстанда үлкен атаққа ие. Барлық демалыс үйлері жазда қызметкерлерге отбасылық демалыс жариялайды.
Спектрі климаттан, тұнбалардан, әртүрлі минералды сулар мен емдік батпақтардан басталып, радон, бром, иод, кремний қышқылы мен басқа да көптеген компаненттер концентрациясының деңгейі жоғары минералды сулардың бірегей бастауларымен аяқталатын аймақтың табиғи емдік факторларының политрасы бай болып келеді. Қазақстан 70-тен астам емдік батпақты көлдер мен қоры меңгерілген минералды сулардың 300-дей бастауларына ие. Тіпті келтірілген орын сипаттамалары толық болмаса да, санаторлы-курортты көмектің потенциалы айтарлықтай бай екеніне көз жеткізуге болады, мұның барлығы қазір Қазақстанда бар және жақын арада белсенді даму мүмкіндігіне ие, өйткені 10 мың тұрғынға келетін төсек орны норма бойынша 14,1 төсек болса да, республиканың профодақтық емдеу орындарының үлесіне тек 3,4 төсек қана тиеді.
Республикада қазіргі заманға лайық Сосновый бор, Шортанды, Арасан-Қапал, Мерке, Муялды, Көктем санаторийлерінің емдік-диагностикалық корпустары қызмет етеді.
Түркісіб, Мерке санаторийлерінде 500 орындық клуб-асхана, Муялды санаторийінде сумен емдеу орындары 12612 к. салынған.
Ұйықтау корпустары Мерке санаториінде 300 орын, Түркісібте -278 орын, Көктемде - 250 орын, Муялдыда - 312 орын, Сосновый борда -372 орынға арналып енгізілген.
Курортты аудан территориальді бөлім ретінде келесі функционалды элементтерді өзіне қосады:
Курортты зона, мұнда емдік-сауықтыру орындары (санаторийлер, демалыс үйлері, пансионаттар және т.б.) және пайдаланылатын табиғи емдік ресурстар, құрылғылар мен ғимараттар, сонымен қатар жалпы курорттық мекемелер мен демалушыларға қызмет көрсететін орындар орналасады;
Курорт территориясында тұрақты өмір сүретін тұрғындарға арналған селитебті зона;
Курортты қамтамасыз ету қызметтері орналасқан коммунальді-шаруашылық зонасы;
Орман-бақты өсімдіктер мен табиғи ландшафттар зонасы 2.
Курорттардың табиғи емдік ресурстарын сақтау үшін және олардың жүдеуінің және ластануының алдын алу үшін санитарлы қорғау округтері анықталды. Санитарлы қорғау округтерінің территориясында курорттың емдік қасиеттерін қорғауды қамтамасыз ететін ерекше режим қойылады.
Қайсыбір табиғи фактордың басым болуына байланысты курорттар мынадай болып бөлінеді:
- бальнеологиялық;
- батпақтық;
- климаттық.
Жалпы алғанда ғаламатқа таң қалып, оны құдайдың құдіретіне жатқызу тән нәрсе. Сонау алыс ғасырларда дала желі мен күнге тотыққан көшпенділер жазықты даланың ортасынан ойып орын алған үнсіз күңгірт-жасыл ағаштар тыныштығын тауып, оның салқындығына, көптеген аңдар мен құстарға азық пен пана берген өсімдіктің молдығына және ағаштардың ұлы қорғаушы күшіне, шөлдегі көгілдір көлдерге қайран қалып, таң-тамаша болысады. Сап-сары, төрт жағынан қарасаң да күйіп тұрған далада - кенет жасыл орманға тап болу! Ал арғы түбінде жасырынып жатқан көз көрмеген ғаламат - ағаштармен көмкерілген таулар, тасты-жартасты жоталар, ертегідегідей дәулердің кейпіндей болған үнсіз мүлгіген құздар, жұмбақ таңғажайып көгілдір көлдер. Осы жұмбақ әлем аңызға айналған бейнелерді тудырды. Олардың бірі бізге де жетті.
Бурабай - Боровоеның пайда болуы туралы аңызды кім білмейді; қазақтарға бір даланы беріп, артынан қоржынының түбінен табиғи қазыналарды сілкіп, жер бетіне тастаған рахымы мол Алланы ше?! Аңызды ойлап тапқандар кем айтпады ма екен? Бозторғайдың күміс даусы сыңғырлаған ғажайып бай дала ше? Ал Баянауылдың, Қарқаралының, Наурызымның қылқанды ормандары мен көгілдір көлдері?! Құдіретті дала өзендері, сансыз көлдер, құстар мен аңдардың қоныстары; Балқаштың су алыптары, Алатау мен Алтайдың қалың адам өте алмас орманды тау жоталарын қайда қоясыз? Бірақ осындай алуан түрлі, әрі бай тартулардың ішінде Бурабай да елеусіз қалған жоқ.
Тағы аң мен балыққа бай қалың ормандар мен тылсым көлдер адамзат үшін баспана болды. Көкшетау-Бурабай аймағындағы археологтар тас дәуірінде өмір сүрген алғашқы адамның құралын тапты. Қола дәуірінің үйінділерін зерттеу, мұнда тек аңшылар ғана емес, жер өңдеушілер мен малшылардың да өмір сүрген екен.
Қазір курортты өлкенің атауы қайдан шыққанын нақты анықтау мүмкін емес.
Халық аузында қасиетті түйе туралы поэтикалық аңыз сақталып қалған.
Көкшетау даласында екі өркешті, қардай аппақ сұлу түйе Бура өмір сүрген екен. Күшті, әрі өлмес түйе тұлпар сияқты жүйрік болған екен. Үнсіз, тұйық, сенгіш түйе дала тұрғындарының тыныштығын бұзбаған. Жұт немесе соғыс жақындағанда да ол туған өлкеге келіп, ұзақ өкіреді екен. Түйенің жан даусын естіген жұрт топталып, қылыш-қанжарларын қайрап, жаумен айқасқа дайындалады екен. Халық түйені кие тұтып, улы садақтан, тіл-көзден сақтап жүреді. Бірақ бір күні су ішер жеріне келе жатқанда Бураға Орта жүз ханы Абылайдың үлкен ұлы Қасым хан кездеседі. Өзінің жігіттерінің алдында күші мен мергендігін мақтан тұтатын Қасым түйенің дәл жүрегіне жебесін қадайды. Бураның жан даусы шыға, алдыңғы аяқтарымен құлайды. Қатігез хан одан әрі қарқылдай, улы жебенің біреуін түйенің басына, көзіне, өліп бара жатқан түйенің ішіне жібереді. Түйе ашумен өкіреді, халық осыдан кейін Абылайдың хандық билігінің соңы келгенін түсінеді.
Түйенің көз жасы мен қаны бір өзенге айналып, қайғыдан қарайып кеткен көлге қарай ағады. Бура су жұтайын деп еңбектегенде Қасым қисық қылышымен түйенің ақ денесін шауып түседі. Бура суға жетпей өледі, тасқа айналып, тау боп тұрып қалады.
Бура мәңгілікке орын тепкен жерді қазақтар Бурабай деп атап кетті.
Қазақтар шұрайлы бор жерін қуана-қуана мекен етті. 1849 ж. Қотыркөл станциясын салды, келесі жылы Щучье кішігірім селосының (қазіргі Шортанды қаласы) негізін салды.
Бурабайды тіршілік көзіне айналдыруды шешкен бірінші адам Қазақ Зубов, ол мұнда өткен ғасырдың 70-жылдарында орын теуіп, Громовая өзенінде су диірменін салды, бұл диірменнің маңында Боровское атына ие болған ауыл пайда болды. Жазғы демалыс кезінде мұнда буржуазияның өкілдері келе бастады. 80-жылдары демалыстағы генерал Пахалов жазғы уақыттағы пәтер сұранысын қанағаттандыру үшін осында екі жатақ салды. 1900 жылы Үлкен Шабақ көлінің жағасында ағылшын кәсіпкері Бергель шикізаты жеткілікті ет-консервті зауыт салды. Үлкен елді мекен пайда болуына байланысты 1898ж. Бурабай орман шаруашылығы ұйымдастырылып, Омбыдан орман техникумы көшірілген. Техникум оқытушылары мен студенттері (техникум әлі күнге дейін бар) Бурабай орман массивін зерттеу мен қолайлы орналастыруда аз іс атқарған жоқ. Бурабайды зерттеу мен орналастыруда, сақтауда көп тер төккен - Ақмола мен Семей губернияларының жер ісі жөніндегі басқарушысы В.В.Барыншенцев. оның талап етуі арқылы 1900-1917 жылдары Бурабай көлінің солтүстік жағалауы мен Синюханың Шығыс баурайы бойында жолдар, Громовая өзенінен өтетін тас көпір салынды. Қымызбен емдейтін бірінші санаторийді Бурабайда 1910 жылы медицина докторы Емельянов салды. Санаторийдің ашылуы аурулардың ағылып келуіне жол ашты. Тек 1913 жылы мұнда 2 мың адам өзінің денсаулығын түзеді. Көп ұзамай кейбір омбылық мекемелердің танымдық санаторийлері ашыла бастады 13.
Денсаулық сыйлайтын сұлу өлке туралы әңгіме ауыздан ауызға тарай басады. Таңғажайып әсер ететін қымызбен және емдік ауамен емделу үшін, Бурабайдың көз тоймас әдемілігін көру үшін ешкімнің аяғы баспаған жолдармен жүру үшін, үрікпейтін балыққа бай мөлдір, көгілдір өзендерден балық аулау үшін Омбы және Петропавл, одан да алыс жақтың тұрғындары көптеп ағыла бастады.
Әрине, тамаша курортты өлкеде лайықты емдеу орындары пайда болу үшін бірнеше ондаған жылдар қажет болды.
Алайда, курортты дамуы мұна 1917 ж. билікті халық жаулап алған кезден басталды. Көп ұзамай барлық жеке емдеу орындары орталықтандырылды және 1920 жылы Бурабай жалпы мемлекеттік маңызға ие курортқа айналды. Тез арада Петропавлдан Көкшетауға дейін темір жол құрылысы басталды, одан ары қарай жас курортқа дейін Теміржолдың көмегімен курорттың тез дамуы басталды.
Ескі санаторийлер кеңейтілді, жаңалап салына бастады. Осылайша, 1927 жылы Шортанды көлінің жағасында Бармашино санаториі пайда болды; келесі жылы Сары-бұлақтың жағасында орналасқан Воробьевка демалыс үйі қонақтар қабылдады. 30-жылдары Бурабай көлінің жағасында өкпесі ауыратын балаларға арналған санаторий салынды.
Соғыс жылдары Қызыл Армия жаралыларына арналған санаторийге айналдырылған көміршілер орталық комитетінің демалыс үйі 1935 ж. Шортанды көлінің солтүстік жағалауында салынды.
1936 жылдан бері мұғалімдердің демалыс үйі жұмыс істейді. Қазпромстрахкасс демалыс үйі, әскери санаторий, бірнеше пионер үйі ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысы жылдарында Бурабайда біздің елдің жетекші ғалымдары жұмыс істеді: 36 ғалым Жеңіс үшін қызмет етті, олардың ішінде В.А.Вернадский, Н.Ф.Гамалея және тағы басқалары бар. Белгілі қазақ жазушылары С.Сейфуллин, С.Мұқанов, М.Ауезов, Ғ.Мүсірепов және т.б. Бурабайды жақсы көретін және осы таңғажайып сұлу жерге жиі келетін. Бұлар мұнда өздерінің денсаулығын түзетіп, үлкен күш-қуат пен шабытқа ие болатын, өйткені табиғатпен бірге болудың ғажайып сезімінен артық не болшы еді?! Осыбір қайталанбас өлке сұлулығын С.Сейфуллин өзінің Көкшетау атты поэмасына арқау етті 13.
Бурабай курорты бүкілодақтық атаққа ие болды. 1938 жылы емдеу орындары мен қоршаған ортаның суреттері Нью-Йорктегі әлемдік көрмеге қойылды. Қазақстандық Швецария бұрынғы Кеңес Одағы курорттарының ішінде екінші орынға ие болды 1.
Адамзат әрқашан орын ауыстыруға, оны қоршаған әлемді тануға ұмтылды.
Тыңды - игеру, жаңа зауыт, фабрикалар, ескерткіштердің пайда болуы құндылықтардың бір тәртіпке келуі, тамаша табиғат, тыңшылар жағдайының жоғарылаған деңгейі осы жерде тұратындардың ғана емес, бұл жерде өмірі болып көрмегендердің де осы аймақты танып-білуге деген құштарлығын арттырды. Әйтсе де, бір сөзбен айтқанда осы аймақта туристік-экскурсиялық ұйымдарды ұйымдастыруға қажетті база әлден мықты және тұрақты болды. Игерілетін тың осы облыста бірінші басталғаны кездейсоқ емес.
1965 жылы Шортанды көлінің жағасында Золотой бор турбазасы атына ие 90 орынға арналған алғашқы палаткалық қалашық салынды. Ол кезде туристік база елуінші жылдардың егін даласын еске түсіретін. Салбырап тұратын көп орынды палаткалар күңгірт, әрі сыз болатын. Осында тұратын, осында ас үй мен асхана орналасатын. Мұнда келетін жол болмағандықтан туристер Шортанлы қаласынан немесе Шортанды санаториінен көл бойымен жаяулап-жалпылап жететін Жарық көзі болып движок қызмет ететін, ол қараңғы болысымен оталып, сағат түнгі 11-де өшірілетін. Матрастар мен көрпелер жердің үстінде жататындықтан, жауын жауғанда су болып қалатын.
Курортты ауданда туризм осылай басталған: палаткалардан, қолайсыз жайлардан оның пайда болуы тың игерудің басын еске түсіретін, бір айырмашылығы сол, мұнда бәрі орманда жүзеге асырылады.
1968 жылы Көкшетау экскурсиялық бюросының ұжымы, ал екі жылдан кейін туризм және экскурсия жөніндегі облыстық кеңес құрылды. Қызметкерлер мен туристік-экскурсиялық ұйымдар бұл уақытта осы территория бойынша қазақстандықтарға арналған туристік маршруттардың ашылу мүмкіндігін меңгереді, Бурабай аймағы бойынша маршруттар ойлап табылуда және Золотой бор турбазасының капитальды құрылысы басталды 13.
Бірталай уақыттан бері Бурабай аймағында тыныс алу жеңілірек, адам өзін-өзі сергек сезінеті белгілі болды. Емен ормандарына жол салғаннан беру мұнда адамдар таза ауамен дем алу үшін және қымызды пайдалану үшін келе бастады.
Қазақ даласында Бурабай аймағы секілді өлеңге айналған өлке көп емес шығар. Академик С.Мұқанов аймақты бекерге Сарыарқаның өлеңді өзені деп атамаған болар. Боровое - Бурабайдың тастары, көлдері мен аңғарлары аңыздар мен әңгімелерге толы - деп жазды ол. Ақындардың жұлдыздығы, былайша айтқанда, Бурабай аймағына қазақтың әдеби олимпінің даңқын әперді. Ақындар мұнда халық аузында мәңгіге қалған өлеңдер шығарды 1.
2 КӨКШЕТАУ - БУРАБАЙ КУРОРТТЫҚ ЗОНАСЫНЫҢ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯСЫ
2.1 Көкшетау - Бурабай курортты-рекреациялық шаруашылығының қазіргі жағдайы
Рекреация этимологиялық түсініктер жиынтығын сипаттайды: recreatio (лат.) - қалыптасу, recreation (франц.) - ойын-сауық, демалалыс, еңбек қызметін шектейтін әрекеттің ауысуы және осы әрекетпен байланысты сипаттаушы кеңістіктер. Осыған сәйкес, рекреация термині бос уақыттағы адамдардың таңдалған өмір сүру қарекетінің белгілі бір түрлерін ғана емес, сонымен бірге олар қызмет етіп отырған кеңістікті де сипаттайды.
Рекреация - адамдардың тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдері кезеңінде сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени - ойын-сауық әрекеті үшін өздерінің тұрақты тұратын жері болып табылатын елді мекеннен тыс орналасқан арнайы территорияларда бос уақытын өткізу нәтижесінде пайда болатын құбылыстар мен қатынастар жиынтығы (Н.С.Мироненко, М.Т.Твердохлебов 1981).
Бурабай курорты - Көкшетау облысының шучинск ауданында орналасқан. Көкшетау тау жотысының 350 м биіктікте орналасқан. Курорт өзінің әдемілілігімен, көрікі көлдерімен, көптеген өсімдіктері және жануарлар әлемімен атақты болып, "Қазақстан маржаны" деген ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz