Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы есебі («Жартас» ЖШС материалдары негізінде)
Кіріспе
3
«Жартас» ЖШС өндірістік қызметінің жалпы мінездемесі 4
«Жартас» ЖШС.нің өндірістік.шаруашылық жағдайын талдау
«Жартас» ЖШС.нің технико.экономикалық көрсеткіштерін талдау 8
«Жартас» ЖШС кәсіпорнындағы еңбек өнімділігін талдау 14
Кәсіпорындағы ресурстарды қолданылу тиімділігі 20
«Жартас» ЖШС.дегі маркетингті басқару 27
Қорытынды 31
Қолданылған әдебиеттер тізімі 32

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі оның иелігінде бар ресурстарды, атап айтқанда қаржы, еңбек ресурстарын тиімді басқаруға байланысты болып келеді. Оларға қажеттілікті дұрыс жоспарлау, кәсіпорын қызмітнде дұрыс пайдалан білу, ұйымдастыру, бақылау сияқты шаралардың рационалды түрде жүзеге асырылуы кәсіпорындағы менеджменттің мақсатты қызмет етуін көздейді.
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық құрылыс өнімдерінің сапалылығын және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Нарық экономика жағдайында ұйымның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да ұйымның жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда ерекше бір бағыт ұстануы қажет. Тиімді технологияны іске қосып, өндірісті жүзеге асырғанда ұйымға жоғарғы табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары алға шығады. Осыған байланысты, мемлекетіміздің макроэкономикалық саясатын қалыптастыруда ғылыми негізделген іс-шараларының рөлі мен маңызы барынша арта түспек. Ал атқарылуы тиіс іс-шаралар жаһанданудың қазіргі таңғы талаптарына сәйкестендіріліп, әлеуметтік және экономикалық факторлардың дәрежесін ғылым мен инновациялардың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүзеге асырылуына талап қойылуда.
Тәжірибе өту туралы есептің негізгі мақсаты «Жартас» ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін талдау, яғни теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін осы жұмысты жазуға келесі міндеттер қойылды:
кәсіпорынға қысқаша сипаттама беру арқылы өндірістің ерекшеліктерін талдау және бағалау;
кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
кәсіпорында еңбек ресурстарын басқару жүйесін және оларды қолдану тиімділігін талдау.
Зерттеу объектісі болып құрылыс өнімдерін өндіруге маманданған «Жартас» ЖШС табылады.
Аталған жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. Бигель Дж. Управление производством. Количественный подход. - М.: Мир, 2004. – 354 б.
2. Брасс А.А. Основы менеджмента. — Мн.: Экоперспектива, 2004. – 256 б.
3. Виханский О.С., Наумов А.И. Менеджмент: Учебник. 3-е изд. — М.: Гардарика, 2005. 454 б.
4. Вудкок М., Фрэнсис Д. Раскрепощенный менеджер. Для руково¬дителя-практика: Пер. с англ. — М.: Дело, 2003. – 240 б.
5. Дитрих Я. Проектирование и конструирование: Системный подход: Пер. с польск. — М.: Мир, 2004. – 170 б.
6. Ермолович Л.Л.'' Анализ финансово-хозяйственной деятельности предприятия'', БГЭУ,Мн, 2001 – 245 б.
7. Ильин А.И. Планирование на предприятии: Учеб. пособие: В 2 ч. Ч. 1. Стратегическое планирование. Мн.: Новое знание, 2004 – 420 б.
8. Киллен К. Основы управления. - М.: Экономика, 2005. – 320 б.
9. Кибанов А.Я., Ивановская Л.В. Стратегическое управление персоналом: Учебно-практическое пособие для студентов заочного образования. - М.: ИНФРА-М, 2004. -230 б.
10. Котлер Ф. Маркетинг. Менеджмент /Пер. с англ. СПб.: Питер, 2004. – 230 б.
11. Кунц Г., О'Доннел С. Управление: системный и ситуационный анализ управленческих функций. — М.: Прогресс, 2003. Т. 1, 2.
12. Мескон М. X., Альберт М., Хедоури Ф. Основы менедж¬мента / Пер. с англ. М.: Дело, 2005. – 180 б.
13. Общий и специальный менеджмент: Учебник / Общ. ред. А. Г. Гапоненко, А. П. Панкрухина. М.: Издательство РАГС, 2004. – 180 б.
14. Общий курс менеджмента в таблицах и графиках: Учебник для вузов/ Б.В. Прыкип, Л.В. Прыкина, Н.Д. Эриашвили, З.А. Усман; Под ред. проф. Б.В. Прыкина. — М.: Банки и биржи, ЮНИТИ, 2005. – 160 б.
15. Основы менеджмента и маркетинга/ Под ред. Р.С. Седегова. — Мн.: Вышэйш. шк., 2005. – 250 б.
16. Основы управления/ Под ред. В.П. Радугина. — М.: Высш. шк., 2006. — фирма — мар¬кетинг: Пер. с англ, М.: Прогресс, 2004. -246 б.
17. Савицкая Г.В.''Анализ хозяйсвенной деятельности предприятий АПК'', Новое знание, Мн, 2004 – 145 б.
18. Седегов Р.С., Кабушкин Н.И., Кривцов В.Н. Управление персо¬налом. Сотрудники как фактор успеха организации. — Мн.:Тэхналопя, 2004. – 240 б.
19. Системы качества: Сборник нормативно-методических до¬кументов. М.: Издательство стандартов. 2004. -165 б.
20. «Жартас» ЖШС 2007-2009 жж. жылдық есеп мәліметтері.

АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
Экономика және менеджмент кафедрасы
Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы
ЕСЕБІ
(Жартас ЖШС материалдары негізінде)
050506 - Экономика мамандығы
Орындаған:
_________________
(студенттің қолы)
4 курс, 06-05 тобы,
Келгенова М.К.
Кафедрадағы тәжірибе жетекшісі
_____________________
(жетекшінің қолы)
Сейфуллин Ж.Т., э.ғ.д., профессор
Кәсіпорындағы тәжірибе жетекшісі
_____________________
(жетекшінің қолы)
Байырбеков Т.С.
Алматы, 2010
Мазмұны
Бет.
Кіріспе
3
1.
Жартас ЖШС өндірістік қызметінің жалпы мінездемесі
4
2.
Жартас ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау
2.1
Жартас ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
8
2.2
Жартас ЖШС кәсіпорнындағы еңбек өнімділігін талдау
14
3.
Кәсіпорындағы ресурстарды қолданылу тиімділігі
20
4.
Жартас ЖШс-дегі маркетингті басқару
27
Қорытынды
31
Қолданылған әдебиеттер тізімі
32
Кіріспе
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі оның иелігінде бар ресурстарды, атап айтқанда қаржы, еңбек ресурстарын тиімді басқаруға байланысты болып келеді. Оларға қажеттілікті дұрыс жоспарлау, кәсіпорын қызмітнде дұрыс пайдалан білу, ұйымдастыру, бақылау сияқты шаралардың рационалды түрде жүзеге асырылуы кәсіпорындағы менеджменттің мақсатты қызмет етуін көздейді.
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық құрылыс өнімдерінің сапалылығын және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Нарық экономика жағдайында ұйымның тиімді жұмысының негізінде тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да ұйымның жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда ерекше бір бағыт ұстануы қажет. Тиімді технологияны іске қосып, өндірісті жүзеге асырғанда ұйымға жоғарғы табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары алға шығады. Осыған байланысты, мемлекетіміздің макроэкономикалық саясатын қалыптастыруда ғылыми негізделген іс-шараларының рөлі мен маңызы барынша арта түспек. Ал атқарылуы тиіс іс-шаралар жаһанданудың қазіргі таңғы талаптарына сәйкестендіріліп, әлеуметтік және экономикалық факторлардың дәрежесін ғылым мен инновациялардың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүзеге асырылуына талап қойылуда.
Тәжірибе өту туралы есептің негізгі мақсаты Жартас ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін талдау, яғни теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін осы жұмысты жазуға келесі міндеттер қойылды:
oo кәсіпорынға қысқаша сипаттама беру арқылы өндірістің ерекшеліктерін талдау және бағалау;
oo кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
oo кәсіпорында еңбек ресурстарын басқару жүйесін және оларды қолдану тиімділігін талдау.
Зерттеу объектісі болып құрылыс өнімдерін өндіруге маманданған Жартас ЖШС табылады.
Аталған жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Жартас ЖШС өндірістік қызметінің жалпы мінездемесі
Жартас ЖШС 1996 жылы құрылған. Кәсіпорын қызметі құрылыс саласымен байланысты. Ол келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
oo мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібі үшін жинақы тұрғын ғимараттары мен кешендерін өндіру;
oo штамптер мен прессқалыптарды жасау;
oo металл қаңқаларында жиһаз жасау;
oo жан-жақты құрама-бөлшектік сөрелерді жасау;
oo шкаф-локерлерді жасау.
Кәсіпорынның меншік жері, әкімшілік ғимараты, қоймалары мен үш өндірістік цехтары бар. 1999 жылы кәсіпорын сынау түрінде мұнай-газ және тау-кен өнеркәсібіне арналған шетелдік аналогтардан кейбір параметрлері бойынша асып түсетін және баға жағынан едәуір төмен болатын жинақы тұрғын вагондарды өндіруді бастады. Осы уақыт аралығында кәсіпорын бүкіл Қазақстан бойынша 1000-нан астам жинақы тұрғын ғимараттарын және кешендерін өндіріп орнатты. Жоғары даярлығы бар инженерлік мамандар кез-келген күрделі барлық техникалық есеп-қисапты қысқа мерзімде орындайды.
Жартас ЖШС келесі жұмыс түрлерін орындауда біраз тәжірибе жинады:
oo өндірістік және азаматтық құрылыс үшін болат құрылымдар жасау мен орнату.
oo химиялық және мұнай-химиялық өндіріс үшін құрал-жабдық жасау мен орнату.
ЖШС Жартас кәсіпорнында қажетті құрал-жабдықтармен және саймандармен жабдықталған сапа бақылау жүйесі істейді. Құрама бірігулердің сапасын тексеру үшін қолданылатын рентген-зертхана бар, сонымен қатар пневмогидросынақтар зертханасы бар, ол қысым астында жұмыс істейтін құбырлар мен сауыттардың герметикалылығын және беріктігін тексеру үшін қолданылады. Өндірісте қолданылып отырған сапа бақылау жүйесі барлық қажетті бақылау-материалдық саймандармен, құрал-жабдықтармен және жоғары даярлығы бар мамандармен қамтамасыз етілген. Жартас ЖШС 1997 жылдан бастап кинотеатрлар, ЖОО-ры, мектептер, мейрамханалар және дәмхана-барлар үшін металлоқаңқалы жиһаз өндіріді. Осы бағытта кейбір өнімдерге топтамалы өндіру басылды.
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорынның ұйымдық құрылымын, басқару аппаратын талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл кәсіпорындардың меншік иесі, қызметкерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты. Шаруашылық субьектілердің ұйымдық құрылымының қызметін талдаудың көмегімен кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, кәсіпорынның даму қорлары анықталып, бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады. Серіктестіктің басқару аппаратын 1-суреттен көре аламыз. Мұнда серіктестіктің бөлімшелері туралы қысқаша мағлұмат берілген.
Бас директордың лауазымдық міндеттері:
oo Жартас ЖШС кадрлық саясатын жүзеге асырады.
oo қажетті мамандықтар қызметкерлерінің кадрларымен филиалды жасақтау жұмыстарына басшылықты жүзеге асырады.
oo бөлімнің барлық қызметіне басшылықты жүзеге асыру, оның жұмысын ұйымдастыру, сектор қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу, сектор қызметкерлеріне міндеттерін табысты орындау үшін қажетті жағдайлар жасау және секторға жүктелген міндеттердің орындалуы үшін дербес жауаптылық.
oo филиалдың барлық кұрылымдық бөлімшелерінде сектордың атынан әрекет жасау.
Бас директордың функциялары мен міндеттері:
oo кадрлармен жұмысты, еңбек және орындаушылық тәртіпті, сапалы қужат айналымын, ішкі еңбек ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету жұмыстарын үйлестіреді;
oo штат кестесінде көзделген бос лауазымдарға қою үшін мәліметтер базасын қалыптастырады;
oo кәсіпорынға жататын барлық мәселер бойынша шешім қабылдайды және басшылықпен келіседі;
oo бөлімшелерге аттестация ұйымдастырады және өткізеді, кейіннен аттестация нәтижелері бойынша тиісті құжаттарды рәсімдеуді жүзеге асырады.
oo біліктілігін көтеру жөніндегі құрылымдық бөлімшелердің ұсыныстарын қорытады, солардың негізінде қызметтің барлық бағыттары бойынша кадрларды оқыту жоспарларын жасайды;
oo бөлімшелердін орындайтын жұмыстардың тиісті құпиялық режимін қамтамасыз етеді;
oo қызметкерлерінің ауысуы мен жұмыстан босатылуы, ерекше көзге түскен қызметкерлерді көтермелеу және еңбек тәртібін бұзғаны, жұмыста жіберілген қателіктер үшін қызметкерлерге тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстарды бекітеді.
Директор кәсіпорынның шаруашылық қызметін тікелей басқарады, яғни жабдықтаушылармен, тапсырыс берушілермен, тұтынушылармен келісім-шарт жасайды, қызметкерлерді жұмысқа қабылдап, жұмыстан шығарады, кәсіпорынның дамуы бойынша шешімдер шығарады.
Кадрлар бөлімі қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, жұмыстан шығару бойынша бұйрықтар дайындайды, олардың еңбек ету стаждарын есептейді.
Бас инженер кәсіпорын өндірісінің үздіксіздігін қамтамасыз етеді, оның дамуы бойынша шаралар ұсынады. Ол сонымен қатар өндірістік-техникалық бөліміне, зертханаға, энергетика бөліміне, сорап станциясының бөлімшесіне, канализация бөлімшесіне, еңбекті қорғау және техникалық бөліміне, жөндеу-механикалық шеберханасына, орталық диспетчерлер қызметіне, су құбырлары желілері бөлімшелеріне басшылық етеді.
Шаруашылық бөлім
Экономика бөлімі
Кадр бөлімі маманы
Кадр бөлімінің басшысы
Бас директор
Коммерциялық директор
Өнімді өткізу бойынша директордың орынбасары
Бухгалтерия
Маркетинг және сату бөлімі
Өндіріс бойынша директор орынбасары
Өндірістік бөлім
Құрылым-дық бөлшектерді жөндеу цехі
Бөлшек құрастыру цехі
Металл бөлшектерін өндіру цехі
Бақылау бөлімі
Дайын өнімдер қоймасы
Сурет 2 - Жартас ЖШС басқаруының ұйымдық құрылымы.
Бас экономист кәсіпорынның экономикалық дамуы бойынша шешімдер қабылдайды.
Бас бухгалтер бухгалтерияны басқарады. Бухгалтерия кәсіпорынның барлық қаржы-шаруашылық қызметімен айналысады.
Экономикалық тұрғыдан қарағанда жұмыс күшіне деген қажеттіліктердің өзгеруіне сәйкес икемді жұмыспен қамтуды (толық емес жұмыс уақыт режимінде) қолданған жөн. Атап айтқанда, осындай әдіс дамыған батыс елдерінің кадрлық саясатына тән. Әлеуметтік қорғаумен қатар, ол жұмысшы күшінің артық резервімен қамтамасыз етеді (егер қызметкерлердің жұмыс істеген уақыты бойынша емес, оның жұмыспен қамтылған саны арқылы санасақ), бұл өндірістің икемділік қабілетінің нәтижесінде бәсекеге қабілетті болуына мүмкіндік береді.
Қойма меңгерушісі бақылау бөліміне бағынады және қоймадағы тауарлы-материалдық құндылықтарды қабылдап алу, сақтау және жіберу бойынша, тауарлы материалдық қорларды қоймаға тиімді орналастыру, қажетті материалдарды жеңілдету және тездету бойынша оның қол астындағы қызметкерлерді басқарады. Қоймадағы тиеу, жөнелту, әкелу сияқты Жабдықтау бөлімінің басшысы да директорға бағынады. Оның міндеттеріне жабдықтау жүйесін ұйымдастыру бойынша жаңа жобаларды әзірлеу және енгізу, сату жөніндегі менеджерлердің қызметін бақылау, тауармен жабдықтау үшін нарық сегментін анықтау, аса ірі көлемдегі келісім-шарттар жасасу, келіссөздер жүргізу, жеткізілген тауардың төленуі бақылау сияқты жұмыстар кіреді. Сондай-ақ ол тапсырысшыларға тауарды жеткізуді ұйымдастырады, жүргізуші-экспедиторларға маршрут бағытының жоспарын құрады.
2 Жартас ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау
2.1 Жартас ЖШС-нің технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау
Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен, басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастарымен, төлем қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Табыстарды, шығындарды және басқа да қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның қаржылық есебінің (бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп), салықтық және статистикалық есептердің және басқа да құжаттардың негізінде жүргізілген.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалау үшін ең алдымен оның техникалық - экономикалық көрсеткіштеріне талдау жасау қажет. Талдаудың ақпараттық негіздері болып Бухгалтерлік баланс, Табыстар мен шығындар туралы есеп, өндірістік жоспарлар табылады. Кәсіпорын қызметін толығырақ бағалау үшін оның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін өсу қарқынына қарай талдайық (1-кесте).
Кесте 1 - Жартас ЖШС-нің 2007-2009 жылдардағы технико-экономикалық көрсеткіштері
№
Көрсеткіштер
Өлш. бірлігі
Нақты көрсеткіштер.
Өсу қарқыны,
%-бен
2007 ж.
2008ж.
2009ж.
2009
2007
2009
2008
1.
Бағалық түрде өндіріс көлемі
мың тг.
145684,8
112652,4
115653
79,4
102,7
2.
Өткізілген өнім көлемі
мың тг.
145684,8
112652,4
115653
79,4
102,7
3.
Жұмысшылар саны
адам
170
155
125
73,5
80,6
4.
Еңбек ақының жылдық қоры
мың тг.
70380
70280
70860
100,7
100,8
5.
1 жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі
мың тг.
856,9
726,7
925,2
107,9
127,3
6.
Жұмысшылардың орташа айлық еңбекақысы
тг.
34500
37785
47240
136,9
125,0
Кесте 1 жалғасы
7.
Өнімнің 1 тг. жіберілген шығын
тиын
62,18
81,33
89,09
143,3
109,5
8.
Өнімнің өзіндік құны.
мың тг.
90589,7
91623
103022
113,7
112,4
9.
Өткізуден түскен пайда
мың тг.
55095,1
21029,4
12631
22,9
60,0
10.
Негізгі құралдардың орташа жылдық қалдық құны
мың тг.
10532,6
10734,73
11624,28
110,3
108,3
11.
Қор қайтарымдылығы
тг.
13,8
10,5
9,9
71,7
94,3
12.
Қор сыйымдылығы
тг.
0,07
0,09
0,10
142,8
111,1
13.
Қормен қарулану
тгадам
61,9
69,2
93,0
150,2
134,4
14.
Өнімнің рентабельділігі
%
37,8
18,6
10,91
28,86
58,6
Ескерту - Кесте [20] мәлімет көзін пайдалана отырып жасалған.
1-кестеде көрсетілгендей, 2009 жылы өндіріс көлемі 2007 жылға қарағанда 20,6 %-ға төмендеді. Берілген теріс беталыс өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуімен, негізгі шикізат бағасының өсуімен және негізгі шикізат бағасының маусымдылығымен, сонымен қатар айналымдағы қор бөлігінің негізгі қорға инвестициялануымен түсіндіріледі. Осы аралықта өндіріс көлемінің таза түрдегі және 20,6 %-ға бағалық түрде жалпы төмендеуі жиһаз цехында өндірілетін өнімге сұраныстың қысқаруымен басталып отыр. Дегенмен 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда өндіріс көлемінің өсуі байқалады, бұл кезең аралығындағы өсу қарқыны 2,7 %-ды құрайды. Өндіріс көлемінің төмендеуі өткізілетін өнім көлемінің төмендеуіне әкелген. Кестеде көрсетілгендей, өдірілген өнім көлемі мен сатылған өнім көлемінің шамасы бағалық түрде бірдей болып келеді, бұл өндірілген өнім көлемінің тұтастай өткізілетіндігін білдіреді.
Зерттеліп отырған кәсіпорында еңбек ететін жұмысшылар саны жыл сайын қысқарып келеді, атап айтқанда, 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда олардың саны 19,4 %-ға, ал 2009 жылы 2007 жылға қарағада 26,5 %-ға кеміген. Бұл тенденция, негізінен, жұмыс технологиясының жетілдірумен, өндірісте автоматтандырылған құрылғылардың енгізілуімен байланысты жұмысшылар санының қысқаруымен түсіндіріледі.
Алайда, жұмысшылар санының қысқаруы жылдық еңбекақы қорының қысқаруына әкелмеген. Керісінше, 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 0,7 %-ға, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 0,8 %-ға өскен. Бұл жұмысшылардың орташа айлық еңбекақы көлемінің қарастырылып отырған жылдарда сәйкесінше 36,9 %-ға және 25,0 %-ға өсуімен байланысты орын алған.
Бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі жыл сайын артып келеді, атап айтқанда 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 7,9 %-ға, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 27,3 %-ға ұлғайған. Бұл негізінен жұмысшылар санының азаюымен, оған қоса, жоғарғы технологияларды қолдану есебінен өндіріс көлемінің айтарлықтай азаймауы нәтижесінде болды.
Өндірілген өнімнің 1 теңгесіне жіберілген шығын көлемі 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 43,3%-ға, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 09,5%-ға ұлғайған. Бұл негізінен өнімнің өзіндік құнының қарастырылып отырған кезең аралығында сәйкесінше 13,7 %-ға және 12,4 %-ға өсуі нітижесінде орын алды. Өнімнің өзіндік құнының жоғарылауы шикізат бағасының қымбаттауы, негізделмеген әкімшілік шығындармен түсіндіріледі, сонымен қатар негізгі қызмет түрінің бағытының өзгеруі және шығарылатын өнімнің құрамының өзгеруі әсер етуі мүмкін.
Өткізуден түскен пайда көлемі өндірілген өнім көлемінің және оның өзіндік құнының өзгеруіне тәуелді болады.
Өнімнің өзіндік құнының ұлғаюы есебінен өткізуден түскен пайда көлемі жыл сайын азайып келеді. Мәселен, 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 77,1 %-ға, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 40,0 %-ға қысқарған.
Негізгі құралдардың орташа жылдық қалдық құны қарастырылып отырылған жылдарда сәйкесінше 10,3 %-ға және 8,3 %-ға ұлғайған. Негізгі капиталдың пайдалану деңгейі бір жағынан қорлар құрылымын қалыптастыруда кәсіпорынның прогрессивті технологиялық саясатты ұстануымен анықталса, екінші жағынан қызмет көрсетуді ұйымдастырудың технологиясына байланысты анықталады. Негізгі капиталды пайдалануды бағалайтын бірнеше көрсеткіштер бар. Олардың арасындағы ең негізгі көрсеткіш болып қор қайтарымдылығы, қор сыйымдылығы саналады.
Қор сыйымдылығы. Оның қасиеті сонда, оның алымын бірнеше бөлек цех және құрал - жабдықтар группаларға бөліп тастауға болады. Бұл техникалық өндірістік учаскілеріне деген жерін, қор пайдаланудағы жалпы көрсеткішін анықтауға мүмкіншілік береді. Қор сыйымдылығы негізгі қордың орташа жылдық құны мен өнімді өткізуден түскен табыс арасындағы қатынас ретінде анықталады. Қор сыйымдылығы 2009 жылы мен 2008 жылмен салыстырғанда немесе 11,1 %-ға, ал 2007 жылмен салыстырғанда 42,8 %-ға артқан. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғарылағын сайын, соғұрлым кәсіпорынның қорларды тиімсіз қолдануын көрсетеді.
Қор қайтарымдылығы негізгі өндірістік қорларды пайдаланудағы жалпы көрсеткіш ретінде, кәсіпорынның эффектілігін көрсетеді. Қор қайтарымдылығы өнімді өткізуден түскен түсім мен негізгі қордың орташа жылдық құны арасындағы қатынас арқылы анықталады. Бұл көрсеткіш қор сыйымдылығы көрсеткішіне кері көрсеткіш болып табылады, сондықтан бұл шаманы 1 санын қор сыйымдылығы шамасына бөлу арқылы да анықтауға болады. Бұл көрсеткіш неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорын қызметінің тиімділігі соғұрлым жоғарылайтындығын білдіреді. Қор қайтарымдылығы 2009 жылы мен 2007 жылмен салыстырғанда 28,3 %-ға төмендеген, ал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 5,7 %-ға кеміген. Бұл көрсеткіштің төмендеуі өнімді өткізуден түсетін түсімнің төмендеуімен, негізгі қордың орташа құнының төмендеуімен түсіндіріледі.
Қормен қарулану негізгі қорлардың орташа жылдық құны мен жұмысшылар санының арақатынасы ретінде анықталады. Бұл көрсеткіш 2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 50,2 %-ға, ал 2009 жылы 2008 жылға қарағанда 34,4 %-ға артқан. Бұл негізгі құралдардың орташа құнының артуымен және жұмысшылар санының айтарлықтай азаюымен түсіндіріледі.
Жалпы алғанда, кәсіпорынның 2007-2009 жылдардағы технико-экономикалық көрсеткіштеріне жүргізілген талдау кәсіпорынның таза пайда табатындығын көрсетті. Дегенмен, ол пайданың көлемі жылдан жылға азайып келеді. Бұл көбінесе өндіріс көлемінің төмендеуінен және шикізаттардың қымбаттауы мен кезең шығындарының көбеюі нәтижесіндегі өнімнің өзіндік құнының төмендеуінен болып отыр. Кәсіпорын жаңа технологияларды қолдану арқылы жұмысшылар санын оптимизациялау бағатында жұмыс жасайды, соның нәтижесінде жұмысшылар саны қысқарып, нәтижесінде еңбек өнімділігі жоғарылаған. Жалпы алғанда, кәсіпорынның экономикалық көрсеткіштерін жақсарту үшін өнім бірлігінің бағасын әдетте қымбаттатады, дегенмен оның бағасы бәсекеге сай келмеуі мүмкін, сондықтан, өнімнің өзінндік құнын төмендету бойынша шаралар жүйесін әзірлеу қажет. Айта кету керек, еңбек өнімділігін жоғарылату да барынша оң әсер етеді, өйкені оның нәтижесінде өндіріс көлемінің ұлғаюына қатысты шығындар аз болады, сөйтіп кәсіпорын табыстылығы артады.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршендігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен қызметті сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді. Кәсіпорынның қаржы жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Әдетте, кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру көрсеткіштеріне сүйене, ағымдық талдау жасайды. Жартас ЖШС-нің кезеңдік бухгалтерлік баланс көрсеткіштеріне талдау жүргізіп, оның нақты жағдайын көруге болады. 2-кестеде кәсіпорынның қаржылық жағдайына талдау жүргізілген.
Өтімділік коэффициентері кәсіпорынның төлем - қабілеттігінің негізі болып саналады. Абсолютті өтімділік көрсеткіші кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігін көрсетеді және оның шамасы неғұрлым жоғары болған сайын, кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін соғұрлым тезірек өтеу мүмкіндігін білдіреді. 2 - кесте мәліметтері бойынша 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 11,8 %-ға жоғарылаған. Бұл ақша қаражаттарының 177 % - ға өсуінің әсерінен болып отыр.
Кесте 2 - Жартас ЖШС қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштері
№№
Көрсеткіштер атауы
2008
жыл
2009
жыл
Aуытқуы
(+\-)
%
1.
Ақша қаражаттары
6133
16990
10857
277,0
2.
Қысқа мерзімді дебиторлық қарыз
8467
143600
135133
1696,0
3.
Ағымдағы активтер
711820
1382039
670219
194,1
4.
Айналымнан тыс активтер
1553454
38975
-1514479
2,5
5.
Тауарлы материалдық қорлар
666011
1129442
463431
169,5
6.
Меншікті капитал
354775
38975
-315800
10,9
7.
Жинақтық капитал
2265274
2480617
215343
109,5
8.
Тартылған капитал
342039
1910499
1568460
558,5
9.
Қарыз капиталы
1910499
2519592
609093
131,8
10.
Ағымдағы міндеттемелер
342039
888626
546587
259,8
11.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер
1568460
1630966
62506
103,9
12.
Абсолютті өтімділік коэффициенті (110)
0,017
0,019
0,002
111,8
13.
Тез өтімділік коэффициенті ((1+2)10)
0,04
0,18
0,14
450,0
14.
Жалпы өтімділік коэффициенті (310)
2,08
1,56
- 0,52
75,0
15.
Тәуелсіздік коэффиценті (67)
0,15
0,016
- 0,13
10,6
16.
Қаржыландыру коэффициенті (68)
1,04
0,02
- 1,02
1,9
17.
Қарыз және меншікті кұралдардың арақатынасы (96)
5,39
64,6
59,21
1198,5
18.
Қарыз қаражаттарын ұзақ мерзімге тарту коэффиценті (11(6+11))
0,82
1,02
0,20
124,3
19.
Меншікті айналым капиталы (64)
0,23
0,04
0,19
17,4
20.
Ағымдық өтімділік коэффиценті (310)
2,08
1,56
0,52
75,0
21.
Тауарлы- материалды қорлардың ағымдық активтеріндегі үлесі (53)
0,94
8,18
7,24
-
Тез өтімділік коэффициенті 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 350%-ға артқан. Бұл көрсеткіштің мұндай қарқынмен өсуі қысқа мерзімді дебиторлық қарыздардың 1596 % - ға өсуінің әсерінен болып отыр.
Ағымдағы міндеттемелер 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 159,8%-ға өссе, ал ағымдағы активтер небәрі 94,1 %-ға өскен. Осы факторлардың әсерінен жалпы өтімділік коэффициенті осы уақыт аралығында 75%-ға кеміген.
Тәуелсіздік коэффициенті - меншікті капиталдың кәсіпорын активтерін қалыптастыру көзінің жалпы көлеміндегі үлесін сипаттайды. Ол бойынша кәсіпорынның қаншалықты денгейде қарыз қаражатқа тәуелді екендігін және меншікті қаражатын қалай пайдалатының білуге болады. Кесте мәліметтері бойынша бұл көрсеткіш 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда 89,4 %-ға кеміген. Бұл меншікті капиталдың осы уақыт аралығында 89,1%-ға азаюының және жинақтық капиталдың 9,5 %-ға өсуінің әсерінен болуы мүмкін.
Қаржыландыру коэффициенті - меншікті және тартылған капиталдың арақатынасын сипаттайды. Ол кәсіпорын активтерінің қай бөлігі меншікті қаражат есебінен, қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатынын көрсетеді. 2 - кесте мәліметтері бойынша меншіктік капитал 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда небәрі 9,5 %-ға өссе, осы мерзім аралығында тартылған капитал 458,5 %-ға артқан. Осылардың әсерінен қаржыландыру коэффициенті 98,1 %-ға кеміген.
Қарыз және меншікті кұралдардың арақатынасы - кәсіпорын активтерінің қай бөлігі қарыз қаражаты есебінен қаржыландырылатындығын көрсетеді, яғни 1 теңгеге қанша қарыз тартылғандығын білдіреді. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1098,5 %-ға өскен. Бұл кәсіпорынның қарыздарының алдыңғы жылмен салыстырғанда көбеюін білдіреді.
Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті - кәсіпорын активтерін қаржыландыру үшін тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың меншікті капиталмен қатар үлесін көрсетеді.
Қарыз қаражатын ұзақ мерзімге тарту коэффициенті - кәсіпорын активтерін қаржыландыру үшін тартылған ұзақ мерзімді несиелер мен қарыздардың меншікті капиталмен қатар үлесін көрсетеді. Бұл көрсеткіш неғұрлым аз болса, соғұрлым кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын көрсетеді. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 24,3 %-ға артқан.
Меншікті айналым капиталы - меншікті капиталдың қандай бөлігі иммобильді сипаттағы құндылықтардың бекітілмегендігін сипаттайды. Аталған көрсеткіш қарастырылып отырған уақыт аралығында 82,6%-ға кеміген.
Ағымдық өтімділік коэффициенті КЛТ- ағымдық активтердің қанша есе ағымдық міндеттемелерді өтейтіндігін анықтауға мүмкіндік береді және кәсіпорынның тек дебиторларымен уақытылы есеп айырысу мен дайын өнімді өткізуде ғана емес, соымен қатар, қажет болған жағдайда материалдық айналым қаражаттарын сату жағдайындағы төлем мүмкіндігін көрсетеді. Ол өнімді қаражаттардың ағымдық міндеттемелерді жабатындығын анықтауға мүмкіндік береді, сол арқылы баланс құрылымының тұрақты деңгейін ғана емес, сонымен қатар, кәсіпорынның ағымдық міндеттемелері бойынша тез есеп айырысу қабілетін көрсетеді. 2009 жылы 2008 жылмен салыстырғанда бұл көрсеткіш 25%-ға төмендеген. Бұл ағымдағы міндеттемелердің ұлғаюымен түсіндіріледі.
Тауарлы-материалдық қорлардың (ТМҚ) ағымдағы активтеріндегі үлесі - ағымдық активтердің қанша бөлігін тауарлы-материалдық қорлар алатындығын көрсетеді. ТМҚ-ның ағымдағы активтердегі үлесі 2009 жылы 8,18 %-ды құраған. Бұл 2008 жылмен салыстырғанда 7,24 % -ға көп.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдай жасау барысында оның қаржылық жағдайының қанағаттанарлық екенгідігіне көз жеткізуге болады. Дегенмен, талдау нәтижесінде біраз теріс көрсеткіштер анықталды, көбінесе ол кәсіпорынның қарыз капиталының ұлғаюымен түсіндіріледі. Мұндай нәтиже кәсіпорындағы сыртқы және ішкі факторлардың ауытқуы әсерінен туындауы мүмкін.
0.2 ЖШС Жартас кәсіпорны кәсіпорнында еңбек өнімділігін талдау
Кәсіпорынның еңбек өнімділігі көлемінің деңгейіне кәсіпорындағы еңбек ресурстарының қолданылу деңгейі әсер етеді. Еңбек ресурстарының қолданылу толықтығын бір жұмысшының талданып отырған уақыт аралығында жұмыс күні мен сағатының саны арқылы, сонымен қатар жұмыс уақыты қорының қолданылу деңгейімен бағалауға болады. Мұндай талдау жұмысшылардың әрбір дәрежесі бойынша, әрбір өндірістік бөлімше бойынша және жалпы кәсіпорын бойынша жүргізіледі (3-кесте).
Жұмыс уақытының қоры (ФРВ) жұмысшылар санына (W), бір жұмысшының орташа бір жылға алғандағы жұмыс істеген күндер санына (Д) және жұмыс күнінің орташа жалғасуына (7) тәуелді:
ФРВ = ЧР х Д х П (1)
Талданып отырған кәсіпорында жұмыс уақытының нақты қоры жоспардағыдан 9570 сағатқа кем. Себепкер шарттардың оның өзгеруіне әсерін абсолют айырымдар әдісімен анықтауға болады:
ФРВчр=(ЧРф - ЧРпл}х Дпл х Ппл= (151-125) х 286 х 8 = +59488 ч;
ФРВд = (Дф - Дпл )х ЧРф х Ппл= (286 - 270) х 151 х 8 = -19328 ч;
ФРВ„ = {Пф - Ппл)х Дф х ЧРф = = (8- 7,8 ) х 270 х 151 = -8154 ч.
Келтірілген берілгендерден көрініп тұрғандай кәсіпорын бар еңбек ресурстарын жеткілікті толық қолданбайды. Орташа алғанда бір жұмысшы 286 күннің орнына 270 күн жұмыс істеген, осыған байланысты жұмыс уақытының жоспар бойынша толық күндік шығындары бір жұмысшыға 16 күн, барлығына - 2416 күн, немесе 18844 сағат (2416*7,8).
Жұмыс уақытының ішкі ауысымдық шығындары да біраз: бір күн ішінде олар 0,2 сағат болды, ал барлық жұмысшылардың барлық істеген күндеріне - 302 сағат. Шындығына келгенде олар бұдан да жоғары, себебі жұмыс істелінген уақытының нақты қоры жұмыс уақытынан тыс істелген сағаттарынан да тұрады.
Жұмыс уақытының толық күндік және ішкі ауысымдық шығындарының себептерін анықтау үшін жұмыс уақыты балансының нақты және жоспар бойынша берілгендерін салыстырады.
Кесте 3 - Кәсіпорынның еңбек ресурстарын қолдану деңгейі
Көрсеткіш
Есеп беру жылы (2009г.)
Ауытқуы
+,-
жоспар
нақты
Жұмысшылардың орташа жылдық саны (W)
151
125
-26
Бір жылда бір жұмысшының атқарған жұмысы:
-күн (СД)
270
286
16
-сағат (Ч)
2106
2288
182
Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы (Л), с
7,8
8
0,2
Жұмыс уақытының қоры, с
242190
280136
37946

Олар жоспарда қарастырылмаған әртүрлі объективті және субъективті жағдайлармен байланысты болуы мүмкін: әкімшіліктің рұқсатымен қосымша демалыстармен, жұмысшылардың ауыруы уақытша жұмыс қабілеттілігін жоғалтумен, себепсіз қалулармен, құрал-жабдық, мәшине, механизмдердің жұмыс істемеген кездегі тұралап қалумен, жұмыстың, шикізаттың, материалдардың, электр энергиясының, отының жоқ болуымен және т.б. Әрбір шығын түрі анығырақ талданады, әсіресе кәсіпорынға байланысты болғандары ерекше түрде. Еңбек ұжымына тәуелді себептерге байланысты жұмыс уақытының шығындарын азайту қосымша капитал салымдарын қажет етпейтін және тез арада қайтарымды алуға әсер ететін өнім өндіруді көбейтудің қоры болып табылады.
Еңбек өнімділігін талдау. Еңбек өнімділігінің жалпылайтын, жеке және қосымша көрсеткіштерінің жүйесі. Оларды есептеу тәртібі. Орташа жылдық, орташа күндік және орташа сағаттық өндірудің өзгеру шарттары. Еңбек өнімділігінің өсу қорларын есептеу көздері мен тәртібі. Еңбек өнімділігінің деңгейін бағалау үшін жанама және қосымша көрсеткіштерді жалпылайтын жүйе қолданылады.
Жалпылайтын көрсеткіштерге бір жұмысшының ортажылдық, ортакүндік және ортасағаттық өнім өндіруі жатады, сонымен қатар өнімнің бір жұмыс істеушіге орташа жылдық бағалық түрдегі өнімділігі. Жеке көрсеткіштер - ол белгілі түрдегі өнім бірлігінің өндірілуіне шығындалған уақыт(өнімнің еңбек сыйымдылығы) немесе белгілі бір өнімнің бір адам-күн немесе адам-сағат ішінде таза түрде шығарылуы. Қосымша көрсеткіштер белгілі бір жұмыс түрлері бірлігінің орындалуына шығындалған уақытты немесе уақыт бірлігі ішінде орындалған жұмыс көлемін бейнелейді. 3-кестеде еңбек өнімділігін талдау үшін бастапқы мәліметтер берілген.
Кесте 4 - Шартты талдау үшін бастапқы берілгендер
№
Көрсеткіш
Жоспар
2009 ж.
Нақты
2009 ж.
Ауытқуы
1.
Өнімнің өндірілу көлемі
Табиғи түрде
Бағалық түрде мың тг.
4216,4
112652,4
3682
115653
-534,4
3001
2.
Жұмысшылардың орташа саны:
өнеркәсіпті-өндірістік мамандардың(ППП)
жұмысшылардың (W)
151
115
125
97
-26
-18
3.
ППП-ң жалпы санында жұмысшылардың үлес салмағы (УД), % түрінде
76
77
-1
4.
Бір жыл ішінде бір жұмысшының жұмыс күнінің саны
286
270
-16
5.
Жұмыс күнінің орташа ұзақтығы (П),с
8
7,8
-0,2
6.
Жұмыс істелген уақыттың жалпы саны:
Бір жыл ішінде барлық жұмысшылардың (Т), ад.-с,
Сонымен қатар бір жұмысшының, ад.-с
280136
2288
242190
2106
-37946
-182
7.
Орташа жылдық істелген жұмыс,мың. Тг:
Бір жұмыс істеушінің (ГВ)
Бір жұмысшының (ГВ')
901,2
1161,3
756,9
1005,6
-144,3
-155,7
8.
Жұмысшының орташа күндік атқарған ісі (ДВ)
4,06
3,7
0,36
9.
Жұмысшының орташа сағаттық атқарған ісі (ЧВ)
402,1
477,5
75,2
10.
Уақыттың өндірістік емес шығындалуы ад.-с
1747
11.
НТП іс-шараларын енгізу есебінен уақыт үнемдеу
4212

Еңбек өнімділігінің ең жалпылама көрсеткіші болып бір жұмыс істеушінің өнімнің орташа жылдық өндіруі табылады. Еңбек өнімділігінің мөлшері тек жұмысшылар өндіруіне ғана емес, соңғылардың кәсіпорын-өндірістік қызметкерлердің жалпы санының үлес салмағына да тәуелді, сонымен қатар олардың жұмыс істеп кеткен күндерінің саны мен жұмыс күнінің ұзақтығына да тәуелді. Бұдан бір жұмысшының орташа жылдық өнім өндіруі келесі шарттардың көбейтіндісіне тең:
ГВ = УД х Д х П х ЧВ (2)
... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz