«МАШСВАР» ЖШС



Кіріспе 3

1 «МАШСВАР» ЖШС.нің жалпы мінездемесі 5

2 «МАШСВАР» ЖШС.нің экономикалық және қаржылық
жағдайын талдау 8

3 «МАШСВАР» ЖШС.де персоналды басқару 13

4 «МАШСВАР» ЖШС.де маркетингті басқару 16

Қорытынды 29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 31
Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік субъекті – ұйымның іс–әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса, шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субъектісі, экономика трансформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі ұйым болып табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай Республика Президентінің 2008 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына Жолдауында ерекше айтылады: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол жеткіземіз». ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей: “Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріңіз көріп ,біліп отырсыздар. Біздің алдымызда дағдарыс салдарын еңсеру мен келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Бізге өз дамуымыздың жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура келеді. Ел дамуының жаңа кезеңінің табыстары көп ретте біздің іс - қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады. Бізде қажетті ресурстар әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе бар. Бізде айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар. Қойылған мақсаттардың бәріне қол жеткізуге болады”.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі ұйым жұмысын дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Ұйымның негізгі жоспарларына: ұйымның даму жоспары, өндірістік бағдарлама, ұйымның даму жоспары жатады. Ағындық және перспективті жоспарлау жүзеге асатын, өмір сүруге қабілетті және ішкі, сыртқы орта өзгерістеріне бейім болуы тиіс. Нарықтық экономикада жоспарлау бұл - әртүрлі экономикалық ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдың біртұтас жоспарлы жүйесін талап етеді.
Жұмыстың мақсаты – ұйымда тауардың бәсекеге қабілетін арттырудың теориялық және әдістемелік негізде «МАШСВАР» ЖШС мысалында ұйымның қызметі мен өнім сапасын талдау, сондай-ақ шет ел тәжірибелерінде өнім сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Осы мақсаттарға қол жеткізу үшін келесідей міндеттер қойылады:
1. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына 2009 жылғы 6 наурыздағы жолдауы
2. Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы ҚР-ның Заңы, Алматы; Юрист-2005ж.
3. Г.Ө. Жолдаспаева “Ұйым экономикасы” оқу құралы, Алматы 2002 ж.
4. Б.К.Сәлімбаева, Д.Т. Досхожаев “Еңбекті мөлшерлеу” оқу құралы, Алматы 2001ж.
5. Ж.Ш. Кенжалина “Оплата труда на промышленных предприятиях” учебное пособие, Алматы 2002г.
6. Қазақстан Республикасында жалақыны көтеру. Сатаев Т// Саясат 2007 №4
7. Жастар еңбек нарығында. Хамбар Б. //Саясат 2005 №9
8. Қазақстан Республикасының статистика агенттігі мәліметтері // Қазақстан заман 2005
9. Жұмамбаев С.К. “Еңбек рыногы экономикасы” Алматы: Қазақ университеті, 2003
10. Г.В.Савицская “Анализ хозяйственной деятельности пердприятия” Минск 2000
11. «МАШСВАР» ЖШС-тің 2007-2009 жылдар бойынша есептік мәліметтері
12. К.Ш. Дүйсенбаев, Э.Т. Төлегенов, Ж.Г. Жұмағалиева “Ұйымның қаржылық жағдайын талдау” оқу құралы, Алматы 2001ж.
13. Инструкция о порядке исчисления средней заработной платы работников //Кадры Труд Управление в организациях, 2007 №10
14. Общие вопросы законодательства в сфере оплаты труда /С.Берешев// Труд в Казахстане: проблемы, факты, комментарии, 2007 №7
15. А.Қ. Мейірбеков,Қ.Ә. Әлімбетов “Ұйым экономикасы” оқу құралы, Алматы 2003ж.
16. Заработная плата: формы и системы оплаты труда /Васильева Л// Бухгалтер и налоги, 2004 №7
17. Системы оплаты труда государственных служащих в Казахстане /Капаров// Кадры Труд Управление в организациях, 2007 №10
18. Условия труда /Труд – Зарплата – Пенсия в Казахстане/ №21(25) 2005г./
19. Оплата труда: заработная плата, гарантии и компенсационные выплаты работникам /Досье бухгалтера/ №1 (25), январь-февраль 2003г.
20. Кенжегузин М.Б. “Экономика Казакстана на пути преобразований” Алматы 2001г.
21. Сафронов Н.А. “Экономика организации” Москва 2003г.
22. А.Қ. Мейірбеков,Қ.Ә. Әлімбетов “Кәсіпорын экономикасы” оқу құралы, Алматы 2003 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Бет
Кіріспе
3

1 МАШСВАР ЖШС-нің жалпы мінездемесі
5

2 МАШСВАР ЖШС-нің экономикалық және қаржылық
жағдайын талдау
8

3 МАШСВАР ЖШС-де персоналды басқару
13

4 МАШСВАР ЖШС-де маркетингті басқару
16

Қорытынды
29

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
31

Кіріспе

Экономикалық жүйенің өзгеруі экономиканың негізгі өндірістік
субъекті – ұйымның іс–әрекетіне әсер етпей қоймайды. Сонымен қоса,
шаруашылық механизімінің өзгеруінің негізгі субъектісі, экономика
трансформациясының басты және қозғаушы күштерінің көзі ұйым болып
табылады. Өтпелі кезеңнің бір ерекшелігі - ескі қағидалар өз күшін
жоймаса да іске аспайды, ал жаңа экономикалық ережелер экономиканың
басты факторларының ішінде басым орын ала алмайды. Бұл жағдай
Республика Президентінің 2008 жылғы 28 ақпанындағы Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше айтылады: Экономика біздің дамуымыздың басты
басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол
жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді. Біз бұған өз
экономикамыздың бәсекелестік қабілетін арттыру арқылы, қол
жеткіземіз. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2009 жылғы 6 наурыздағы
Қазақстан халқына жолдауында атап көрсеткендей: “Қазір бүкіл әлем
жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде.
Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта
бастағанын бәріңіз көріп ,біліп отырсыздар. Біздің алдымызда дағдарыс
салдарын еңсеру мен келесі экономикалық өсуге әзірлену жөнінде үлкен
міндеттер тұр. Қазірдің өзінде біз қабылдағанның бәрі – бұл бүгінгі
дағдарыс туындатқан ағымдағы проблемаларды шешу. Бізге өз дамуымыздың
жаңа кезеңіне кіруге және біздің жетістіктерімізді еселеуге тура
келеді. Ел дамуының жаңа кезеңінің табыстары көп ретте біздің іс -
қимылымыз бен қабылдаған шешімдерімізге байланысты болады. Бізде
қажетті ресурстар әлемдік дағдарыс қыспағына төтеп беретін тәжірибе
бар. Бізде айқын дағдарысқа қарсы бағдарлама бар. Қойылған мақсаттардың
бәріне қол жеткізуге болады”.
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі ұйым жұмысын дұрыс
жоспарлауға байланысты болып келеді. Ұйымның негізгі жоспарларына: ұйымның
даму жоспары, өндірістік бағдарлама, ұйымның даму жоспары жатады. Ағындық
және перспективті жоспарлау жүзеге асатын, өмір сүруге қабілетті және ішкі,
сыртқы орта өзгерістеріне бейім болуы тиіс. Нарықтық экономикада жоспарлау
бұл - әртүрлі экономикалық ұйымдастырушылық, басқарушылық, әлеуметтік және
қазіргі заманғы өндірістің даму дәрежесін сипаттайтын көптеген қызметтерді
жүзеге асыру негізі болып саналады. Олардың өзара әрекет ету механизмі бір
кешенді жоспар немесе оған жетуге сәйкес мақсаттар мен құралдың біртұтас
жоспарлы жүйесін талап етеді.
Жұмыстың мақсаты – ұйымда тауардың бәсекеге қабілетін арттырудың
теориялық және әдістемелік негізде МАШСВАР ЖШС мысалында ұйымның қызметі
мен өнім сапасын талдау, сондай-ақ шет ел тәжірибелерінде өнім сапасын
басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстар жасау. Осы мақсаттарға қол жеткізу
үшін келесідей міндеттер қойылады:
– кәсіпорынның негізгі экономикалық көрсеткіштерін есептеу, оған
талдау жасау.
– серіктестікке қысқаша сипаттама беру арқылы өндірістің басқарылуын
талдау;
– МАШСВАР ЖШС-да қызметкерлерді басқару және маркетингті басқару
ерекшеліктерін қарастыру;
– Қазақстан Республикасында отандық ұйым өнімінің бәсекеге қабілетін
арттыру және оны басқару шарттарын қарастырдым.
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық
өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру
бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің бәсекелік
қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі кезде өзекті
болып отырған мемлекеттің экономикалық құрылыс өнімдерінің сапалылығын
және бәсекеге қабілеттілігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы
өндірушілердің ұқсас өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің
өндірілуіне тәуелді.
Зерттеу объектісі болып құрылыс өнімдерін өндіруге маманданған
МАШСВАР ЖШС табылады.

1 МАШСВАР ЖШС қызметінің сипаты және кәсіпорындағы басқарудың
ұйымдық құрылымы

МАШСВАР ЖШС 2000 жылы құрылды. Серіктестіктің орналасқан мекен-жайы:
050034 Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Розыбакиев көш., 208-А үй.
МАШСВАР ЖШС-да мынадай құрылыс жабдықтарын, атап айтқанда: құрылыс
индустриясына арналған құралдар (арматураны кесетін станоктар, құрылыс
материалдарын дайындауға арналған метал формалары және т.б.); таулы
аймақтарға арналған машиналар (тас өңдеуге қажетті станоктар, экскаваторлар
және т.б.); энергия саласына арналған (энергетика саласына қажетті
бөлшектер, котельдік агрегаттар, құрылыс жабдықтарын шығарумен айналысады.
Құрылыс өндірісінің ерекшеліктеріне, ең алдымен, технологиялық процестерді
сипаттайтын көрсеткіштердің тұрақсыздығын жатқызуға болады. Мұндай
тұрақсыздықтың басты себебі салынып жатқан объектінің айналасындағы құрылыс
процестерінің үнемі қозғалыста болуы. Аталмыш процестердің тұрақсыздануына
климат, технологиялық, ұйымдастыру, әлеуметтік және техникалық факторлар
ықпал етеді. Өнеркәсіп салаларына қарағанда құрылыс өндірісінің атап айтар
тағы бір ерекшелігі – құрылыс өнімінің қозғалмайтындығы. Оның айналасындағы
құрылыс машиналары, механизімдері, құралдары мен техника-технологиялық
жарақтары үнемі қозғалыста болады.
Құрылысқа қажетті станоктар, үлкен ауқымды габаритті бөлшектерді
құрастыратын станоктар немесе арматура, котельдік агрегаттар, материал
кесетін машина, бетон ұяшықтарын дайындауға арналған қалыптар қазіргі кезде
сапалық қасиетімен өндірісте және азаматтық құрылыста кең қолданыс тапты.
Ішкі және сыртқы құрылыста әкімшілік, саудалық және өндірістік ғимараттарға
абсолютті өрттен қорғану қауіпсіздігінде, төменгі термоизоляцияға және
жоғарғы температуралық ғимараттарда қолданылады.
МАШСВАР ЖШС құрылтайшының салымы негізінде құрылған және Қазақстан
Республикасының заңы негізінде әрекет етеді, шағын кәсіпкерліктің
субъектісі болып табылады.
Кәсіпорын қызметінің негізгі мақсаты болып мекемелер мен азаматтардың
өнімдегі (жұмыстар мен қызметтердегі) қажеттіліктерін барынша толық әрі
сапалы өтеу, келесі әрекет түрлерін жүзеге асыру барысында барынша жоғары
табыс табу болып табылады. Кәсіпорын келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:
– тас өңдеуге қажетті станоктар;
– үлкен ауқымды габаритті бөлшектерді құрастыратын станоктар
немесе арматура;
– құрылысқа қажетті станоктар; материал кесетін машина;
– тұрмыстық қызмет көрсету саласындағы қызметтер;
– коммерциялық, сыртқы экономикалық қызмет;
– көтерме, бөлшек және комиссиялық сауданы ұйымдастыру;
транспорттық қызметті ұсыну;
– делдалдық қызмет; импорт-экспорттық қызмет; дүкендер,
супермаркеттер, сауда орындары мен сауда үйлерінің жүйесін
ұйымдастыру;
– құрылыс, жөндеу-құрылыс, құрастыру, қалпына келтіру жұмыстарын
жүзеге асыру;
– құрылыс материалдары мен құрылымдарды өндіріп, сату;
Кәсіпорын өз қызметін толық шаруашылық есеп негізінде жүзеге асырады.
Өз атынан келісімшарттар жасайды, мүлікті және мүлікті емес құқықтар мен
міндеттемелерге ие болады, сот орындарында даушы әрі жауап беруші болады.
Құрылыс өндірісінің материалдық саланың өзге өндірістеріне қарағандағы
ерекшелігі ретінде соңғы құрылыс өнімінің өндірісіне әртүрлі ұғымдардың бір
мезгілде қатысатындығын айтуға болады. Құрылыс өндірісінің процесінде,
әдетте, инвестор, тапырыс беруші, жобалаушы және мердігерлік құрылыс
ұйымдары қатысады. Орындалатын құрылыс жұмыстарының сан қырлылығы құрылыс
ұйымдарының сәйкесінше мамандануын талап етеді. Маманданған ұйымдар
тапсырылған жұмыстың жылдам әрі сапалы орындалуына ықпалын тигізеді.
Алайда, жан-жақты қарым-қатынастар мен шарушылық байланыстар өндірістік
шығындарды жоспарлау мен есепке алуда қиындықтар туғызады. Өйткені, әрбір
құрылыс-монтаж ұйымдары құрылыс объектісінің өздері жасаған конструктивті
бөліктерін жеке тапсырады, сондықтан олардың орындаған жұмыстарында
туындайтын ауытқулар қосымша шығындардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Нарық экономика жағдайында ұйымның тиімді жұмысының негізінде
тұтынушылар қажеттілігі немесе нарықтық бағыт жатыр. Сондықтан да ұйымның
жаңа өндірістік бағдарламасын жасағанда ерекше бір бағыт ұстануы қажет.
Тиімді технологияны іске қосып, өндірісті жүзеге асырғанда ұйымға жоғарғы
табыс әкелетін, оның таңдалған тауарлық саясаты мен стратегиясына сәйкес
тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын өнімді өндіру жоспары алға
шығады.Технологиялық үрдістің сапасы оның жаңалық енгізу қабілеттілігімен
сипатталады. Ол техника-технологиялық сипаттар жағынан сондай-ақ
экономикалық көрсеткіштер жүйесі тұрғысынан бағаланады. Көп қолданып жүрген
техника-экономикалық және функционалдық-құндық әдістерді талдау техника мен
экономикалық көрсеткіштер арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Нарықтық экономика жағдайында МАШСВАР ЖШС-ның ұйымдық құрылымын
талдаудың мазмұны мен маңызы зор болып табылады. Бұл ұйымдардың меншік
иесі, жұмыскерлері, коммерциялық және басқа да тұлғалар алдында кәсіпкерлік
қызметінің нәтижесіне толық жауап берушілік алатынына байланысты.
Шаруашылық субьектілердің ұйымдық құрылымының қызметін талдаудың көмегімен
кәсіпкерлік қызметінің жоспары жасалады, ұйымның даму қорлары анықталып,
бөлімшелерінің, жұмысшыларының қызметтерінің нәтижесі бағаланады.

Сурет 1 - МАШСВАР ЖШС ұйымдық басқару құрылымы.

МАШСВАР ЖШС технологиялық мүмкіндіктері келесілер болып табылады:
- 750 кг салмаққа дейінгі болат, чугун құймаларын дайындау;
- 50 кг салмаққа дейінгі түсті металдардан құймалар дайындау;
- токарлық, фрезерлік, шлифовальдық станоктарында өнімдерінің
өңделуі;
- сварка жұмыстары: электрлі, аргонды сварка және металды газ
арқылы кесу;
- су жылытатын котелдерді және т.б. дайындау;
- термикалық әдіспен металды өңдеу;
- жобалық конструкторлық жұмыстарды орындау.

2 МАШСВАР ЖШС-нің негізгі экономикалық көрсеткіштерін талдау

Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез-келген жұмыс істейтін ұйым
өз қызметі барысында өнім өндіру, оны өткізуді бірнеше жылдарға маркетинг
стратегия бойынша алдын-ала болжауы шарт. Ол ұзақ мерзімдік жоспарлардың
бағыттарын жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өндірістік тиімділікті анықтау
барысы көбінесе нарық сұранысына тәуелді, сонымен бірге мемлекеттік
тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы әсер ететіні айғақ.
Ұйым шығыны өнім көлемі мен оны өткізу көлемі теңескен жағдайда, өнім
көлемі және өндірістің оң тиімді деңгейі анықталады. Ұйымның өнім өндіру
құрылымының өзгеруі көптеген экономикалық көрсеткіштерді өзгертеді, яғни
рентабельділік, таза табыс, құндық түрдегі өндірілген өнім көлемі, материал
сыйымдылық және т.б.
Кез келген ұйым өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды, ресурстарды
неғұрлым аз пайдаланып, соғұрлым өзіндік құны аз өнім алуға тырысады. Оған
жетудің бірден-бір жолы ол жоғары технология мен техниканы, қолда бар
материалдық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, өнім өндіру, бір
ескертетініміз шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасын әсте
естен шығармауымыз қажет. Осының нәтижесінде өндіріс факторларын тиімді
үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізеді.
Сондықтан кәсіпорынның технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау өте
маңызды. Төменде көрсетiлген 1-кестедегi көрсеткiштерге талдау жасап
көрейiк.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайындағы кез-келген жұмыс істейтін
кәсіпорын өз қызметі барысында өнім өндіру, оны өткізуді бірнеше жылдарға
маркетинг стратегия бойынша алдын-ала болжауы шарт. Ол ұзақ мерзімдік
жоспарлардың бағыттарын жүзеге асырудың бірден-бір жолы. Өндірістік
тиімділікті анықтау барысы көбінесе нарық сұранысына тәуелді, сонымен бірге
мемлекеттік тапсырыстар, мемлекеттің саясаты тағы әсер ететіні айғақ.

Кесте 1 - МАШСВАР ЖШС қызметінің негізгі технико-экономикалық
көрсеткіштері



Жоғарыдағы кесте мәліметтері бойынша, кәсіпорынның табысы 2009 жылы
2007 жылмен салыстырғанда 117,2 %-ға ұлғайған. Кәсіпорын табысының ұлғаюына
біріншіден, өндірілген өнім көлемінің осы уақыт аралығында 26 %-ға өсуі,
екіншіден, өнімнің өзіндік құнының небәрі 5 %-ға ғана ұлғаюы әсер еткен.
Жалпы табыстың ұлғаюы өндіріс рентабельдігінің талданып отырған кезең
аралығында 72,7 %-ға жоғарылауына әкелді.
Бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі де 2009 жылы 2007 жылмен
салыстыырғанда 23,6 %-ға өскендігі байқалады. Кестеде көрсетілгендей, оған
жұмысшылар санының 1,9 %-ға өсуі және жалпы өндірілген өнім көлемінің
сомасының ұлғаюы себеп болды. Жұмысшылардың еңбекақы қоры да осы кезең
аралығында 3,4 %-ға көбейген, бұл жұмысшылар санының көбеюіне байланысты
орын алған. Ал бір жұмысшының орта есептік айлық жалақы мөлшері 3,4 %-ға
ғана ұлғайған.
Қор қайтарымдылығы негізгі құралдардың қолданылу тиімділігін көрсетеді
және өндірілген өнім көлемі мен негізгі құралдардың орташа қалдығының
сомасына қатынасы арқылы анықталады. Кестеде көрсетілгендей, бұл көрсеткіш
2009 жылы 2007 жылмен салыстырғанда 1,9 %-ға артқан, бұл кәсіпорынның
негізгі құралдарын пайдалану тиімділігі артқандығын көрсетеді. Қор
сыйымдылығы қор қайтарымдылығына кері көрсеткіш болып табылады, оны
керісінще есептейді, яғни негізгі құралдардың орташа қалдық құнын
өндірілген өнім көлеміне бөледі. 2009 жылы бұл көрсеткіш 0,09-ды құрады
және кестеде көрсетілгендей, алдыңғы жылдармен салыстырғанда аса өзгере
қоймаған.
Қормен қарулану жұмысшылардың негізгі құралдармен қамтамасыз етілу
деңгейінің қаншалықты көрсетеді және негізгі құралдардың орташа қалдық құны
мен жұмысшылардың орта есептік саны арасындағы қатынас ретінде анықталады.
Кестеге назар аудара алатын болсақ, қормен қарулану деңгейі 2009 жылы 2007
жылмен салыстырғанда 21,4 %-ға өскен. Бұл негізінен, жұмысшылар санының
қысқаруы, негізгі құралдардың орташа құнының талданып отырылған кезеңде
23,7 %-ға өсуі есебінен болып отыр.
Жалпы алғанда кәсіпорын қызметін табысты деп айтуға болады, жұмысшылар
санының аздығына қарамастан, еңбек өнімділігі де жоғары. Бұл кәсіпорындағы
еңбектің автоматтандырылуы мен тиімді механизациялануы есебінен болды.
Өндіріс процесінің ұзақтығы және құрылыс технологиясы жұмыстардың
арнайы бір кезекпен орындала отырып, құрылыс өнімінің техникалық
дайындығының ақырындап өсуіне әкеледі бұл өз кезегінде аяқталмаған өндіріс
көлемінің ұлғаюына, сондай-ақ құрылыс объектілеріне алынған айналым
қаражаттарының мөлшерінің молаюуына ықпал етеді. Осыған сйкес құрылыс
өнімнің өзіндік құнынын қалыптасу процесі де ұзақ уақытқа озылып, шығын
мөлшерінің біртіндеп көбеюіне әкеліп соғады. Тағы бір айта кетер жайт,
құрылыс объектісіндегі жұмыстардың әрбір түріне жұмсалатын шығындардың
құрылымы мен құрамы тіпті сол объектінің бір өзінде ғана әр түрлі
айырмашылықтарға тол болады. Егер материал сыйымдылығы жоғар құрылыс-монтаж
жұмыстарына жұмсалатын шығындардың құрылымындағы мол үлесті материалдар,
конструкциялар мен тетіктер алатын болса, қол жұмыстарын талап ететін,
соған сәйкес еңбек-сыйымдылығы да жоғары әрлеу жұмыстарында өндірістік
жұмысшылардың негізгі жалақысына шығындардың үлесі көп болады.
Кез келген кәсіпорын өнім өндіргенде шикізат пен материалдарды,
ресурстарды неғұрлым аз пайдаланып, соғұрлым өзіндік құны аз өнім алуға
тырысады. Оған жетудің бірден-бір жолы ол жоғары технология мен техниканы,
қолда бар материалдық ресурстарды тиімді пайдалана отырып, өнім өндіру, бір
ескертетініміз шикізатты аз пайдалануымыз қажет деп, өнім сапасын әсте
естен шығармауымыз қажет. Осының нәтижесінде өндіріс факторларын тиімді
үйлестіре отырып, өндірілген өнім бәсекеге қабілеттілікке қол жеткізеді.
Ұйымның тиімді қызмет жасауы – қаржылық нәтижесі көрсеткіштерін сапалы
талдап, келешекке жоспар жасауға тікелей байланысты. Ұйымның қаржылық
талдау сапасы қолданатын әдіс – тәсілдер мен талдау деректерінің
нақтылығына тәуелді. Қаржылық талдау – шаруашылық жүргізуші субъектілердің
қаржылық жағдайын бағалау, қаржылық тұрақтылығын, ресурстарын тиімді
пайдалануын, белсенділік коэффициентін анықтауға және басқа да мақсаттарда
жүргізіледі.
Қаржылық талдаудың негізгі мақсаттары болып:
- ұйым және оның құрылымдық бөлімдерінің қаржылық жағдайын бағалау үшін
көрсеткіштер жүйесін жасау;
- ұйымның жалпы және нақты жағдайын объективті бағалау;
- көптеген көрсеткіштер бойынша анықталған ауытқуларға әсер ететін
факторларды анықтау;
- қаржылық жағдайын болашағына болжау жасау;
- ұйымның қаржылық жағдайын жақсартуға басқару шешімдерін дайындап
негіздеу болып табылады.
Төмендегі 2-кестеде 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғандағы қаржылық
жағдайының ауытқуларын, пайызын анықтаймыз.

Кесте 2 - МАШСВАР ЖШС-нің қаржылық жағдайын талдау

№ Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл ауытқу
+; - %
1 Тәуелсіздік коэффициенті 0,42 0,93 0,51 221
2 Тәуелділік коэффициенті 0,58 0,05 -0,53 8
3 Қарыз және меншікті 1,39 0,06 -1,33 4
капиталдың арақатынасы
4 Инвестицияларды жабу 0,42 0,94 0,52 224
коэффициенті
5 Инвестициялық коэффициенті 0,72 0,99 0,27 137
6 Меншікті айналым капиталы 0,64 0,98 0,34 153
Ескерту - МАШСВАР ЖШС мәліметтері негізінде есептелген

Тәуелсіздік коэффициенті 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда 0,51
немесе 221 пайызға өскенін көре аламыз.
Тәуелділік коэффициенті 2008 жыл 2009 жылды салыстырғанда 0,05
немесе 8 пайызға кеміген. Қарыз және меншікті капиталдың арақатынасы
коэффициенті 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда 1,33 немесе 4 пайызға
кеміген. Инвестицияларды жабу коэффициенті 2008 жыл мен 2009 жылды
салыстыра отырып 0,52 немесе 224 пайызға өсті.
Ал инвестициялық коэффициенті 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда
0,27 немесе 137 пайызға өскен. Меншікті айналым капиталы 2008 жыл мен 2009
жылды салыстырғанда 0,34 немесе 153 пайызға өскенін көріп отырмыз.
Жалпы өтімділік коэффициенті өтімді құралдар жедел және қысқа мерзімді
міндеттемелерінің сомасын өтейтінін белгілеуге мүмкіндік береді және
сонымен баланс құрылымының тұрақтылық дәрежесін ғана емес, ұйымның қысқа
мерзімді қарыздары бойынша тез есептесе алу қабілеттілігін дәлелдейді.
Келесі 3-кестеде МАШСВАР ЖШС-нің 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырпы,
ұйымның өтімділігін бағалаймыз. Жалпы өтімділік коэффициенті 2008 жыл мен
2009 жылды салыстырғанда -0,02 немесе 91 пайызға кемігенін көреміз.
Ағымдылық коэффициенті 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда 0,34
немесе 157 пайызға өскен. Тез өтімділік коэффициенті 2008 жыл мен 2009
жылды салыстырғанда -0,04 немес 86 пайызға кеміген. Абсолютті өтімділік
коэффициенті 2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда -0,19 немес 9 пайызға
кемір отыр, Тауарлы материалды қорлардың ағымдық активтеріндеріндегі үлесі
2008 жыл мен 2009 жылды салыстырғанда 0,17 немесе 135 пайызға өскенін көре
аламыз.

Кесте 3 - Ұйымның өтімділігін бағалау

№ Көрсеткіштер 2008 жыл 2009 жыл Ауытқу
+;- %
1 Жалпы өтімділік 0,23 0,21 -0,02 91
коэффициенті
2 Ағымдық өтімділік 0,59 0,93 0,34 157
коэффициенті
3 Тез өтімділік коэффициенті 0,30 0,26 -0,04 86
4 Абсолютті өтімділік 0,21 0,02 -0,19 9
коэффициенті
5 Тауарлы материалды 0,48 0,65 0,17 135
қорлардың ағымдық
активтеріндегі үлесі
Ескерту - МАШСВАР ЖШС мәліметтері негізінде есептелген

Әдетте, кәсіпорындар кезеңдегі және жылдық бухгалтерлік есеп беру
көрсеткіштеріне сүйене, ағымдық талдау жасайды. МАШСВАР ЖШС-нің кезеңдік
бухгалтерлік баланс көрсеткіштеріне талдау жүргізе нақты жағдайын көруге
болады. Компанияның қаржылық жағдайы қалыпты өндірістік және коммерциялық
қызметті жүргізу үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз
етілгендігімен, қаражаттарды орналастырудың және қолданудың тиімділігімен,
басқа да субъектілермен қалыпты қаржылық қатынастарымен, төлем
қабілеттілігімен және қаржылық тұрақтылығымен сипатталады. Табыстарды,
шығындарды және басқа да қаржылық көрсеткіштерді талдау компанияның
қаржылық есебінің (бухгалтерлік баланс, табыстар мен шығындар туралы есеп,
ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп), салықтық және статистикалық
есептердің және басқа да құжаттардың негізінде жүргізілген.

3 МАШСВАР ЖШС-де персоналды басқару

Бұл ұйымда басқару функциялары басқару аппараты арқылы жүзеге асады,
яғни оның құрамына инженер, экономист, техниктер, қызметкерлер кіреді. Олар
келесідей функсияларды орындайды.
- ұйымға жалпы жетекшілік ету
- жөндеу және энергетикалық қызмет көрсету
-техника-экономикалық жоспарлау, ұйымдастыру және еңбекті нормалау
- дайын өнім және шикізат сапасын бақылау
- материалды - техникалық жабдықтау
- дайын өнімді өткізу
- жалпы іс қағаздары
Басқару моделін таңдауды анықтайтын факторлар ішінен келесілерді бөліп
көрсету болады: ұйым көлемін, өнім сипатын және олар әрекет ететін орта
табиғатын.
Мамандар мен қызметкерлер ұйым жетекшілерін қажетті ақпаратпен
қамтаматсыз ететін функционалды бөлімдерге біріккен.
Басқару аппараты өндіріске өндірістік проценті ұйымдастыру, жөндеу және
энергиямен жабдықтау, техникалық-экономикалық жоспарлау жүйелері арқылы
әсер етеді.
Өнімнің құрылуы әр уақытта ұйымдарда қызмет істейтін адамдармен тікелей
байланысты. Жұмыс күші - бұл адамның дене және ой қабілеттілігінің
жиынтығы, оның жұмысқа деген алғырлығы. Нарықтық экономикада еңбек
ресурстарының маңызы арта түседі. Өндірістің инвистициялық бағыты, ғылыми
техникалық прогресстің соңғы нәтижелерін қолдану, өнім сапасының арттыруы
еңбек ресурстарына деген көзқарасты өзгертіп жоғарғы дәрежедегі мамандар
дайындауға ықпал жаайды.
Еңбек ресурстарын басқару дегеніміз - жұмысшылардың еңбек функциясын
атқаратын кезде өздерінің барлық мүмкіншіліктерін барынша жоғарғы сатыда
қолдануына әсер ететін принциптер мен әдістерінің жиынтығы. Ұйымдар
кадрларды басқаратын негізгі бөлімше кадрлары бөлімі деп аталады. Олар
жұмысқа алу, жұмыстан шығару, жұмысшыларды оқытуды ұйымдастырады, іс-
қағаздарын дайындау және т.б. көптеген функцияларды атқарады. Кадрларды
жұмысқа қабылдаудағы маңызды құжат еңбек келісімі. Еңбек келісімі – жұмысқа
алушы мен жұмысқа келуші адамның арасындағы келісім шарт. Онда жұмысқа
кірушінің еңбек функциясы, жұмыс орны, қызметтік міндеттемелері, еңбек
ақысының көлемі, жұмысқа кірген уақыты, мерзімі көрсетіледі.
Еңбекақы және есеп өңдеуі шыққан өнімнің нақты мәліметін алуға
бағытталған, бітпеген өндіріс, жұмысшылардың еңбекақысын өлшеу, шығарылып
жатқан өнімге қажетті материалдық бақылау, өндіріс детальдарының жүрісін
бақылау.
Жұмысшылар жалақысы сағаттық, күндік, айлық тарифте және өнім санына,
сапасына байланысты сыйақы төленеді. Жұмысшыларға сыйақы келесі
көрсеткіштеді орындағанда беріледі: берілген міндетті орындау, сыйақы
мөлшері мамандықпен жұмыс қиындығына байлнысты төленеді. Жұмысшыларға
сыйақы төлеу: басқару жұмысшылары – бүкіл ұйым жұмысы бойынша, басқару
аппаратындағы жұмысшылар басқару аппараттары мен жеке жұмыстарды бақылайды.
Негізгі сыйақыларды есептеу: басқару аппараты жұмысшы персоналына -
бухгалтерлік немесе статистикалық есепте, оперативті есеп пен
зертханаларды бақылау.
Әлеуметтік экономикалық категория бойынша еңбекақының маңызын
қызметкерлер мен жұмыс берушілер үшін қарастыру қажет.
Қызметкерлер үшін еңбекақы оның жеке табысының негізгі және басты
бөлігі болып табылады, сонымен қатар еңбекақы қызметкердің және оның жанұя
мүшесіндегі адамдардың әл-ауқат деңгейін жоғарылататын құрал болып
саналады. Осыдан еңбекақының ынталандырушы ролі алынатын сыйақының көлемін
көбейту үшін еңбек нәтижесін жақсартудан тұрады. Жұмыс беруші үшін еңбекақы
өндіріс шығындары болып саналады. Жұмыс беруші әсіресе бұйымның бірлігіне
кететін шығындарды барынша азайтуға тырысады.
Еңбекақы төлеудің заттай және ақшалай нышандары бар. Қызметкерлерге
ақшаны өзінің қажеттеліктерін қанағаттандыру үшін барынша тиімді
пайдалануға мүмкіндік беретін ақшалай форма еңбекақы төлеудегі ең басты
нышандардың бірі болып саналады. Қазіргі кезде еңбекақының заттай нышаны
сирек пайдаланылады. Еңбек төлеудің мұндай нышанын ақша айналымының бұзылуы
кезінде, экономиканың тұрақсыз, гиперинфляция және құлдырау жағдайларында
кең қолданамыз.
Кәсіпорындағы персоналды басқару жүйесінің тиімділігін анықтау үшін
әдетте оның еңбек өнімділігінің өзгерісін анықтайды. 4-кестеде зерттеліп
отырылған кәсіпорынның еңбек өнімділігі көрсеткіштері берілген.

Кесте 4 - МАШСВАР ЖШС-дегі еңбек өнімділігінің негізгі көрсеткіштері

№ Көрсеткіштер 2007 2008 2009 Өзгеруі, %-бен

4-кесте мәліметтері бойынша еңбек өнімділігі 2009 жылы 2007 жылмен
салыстырғанда 23,6 %-ға өскен. Оған негізінен екі фактор әсер еткен:
өндірілген өнім көлемінің 26%-ға өсуі және оның қатынасында жұмысшылардың
орташа тізімдік санының небәрі 1,9%-ға ұлғаюы.
4 МАШСВАР ЖШС-де маркетингті басқару

Ұйымның маркетингтік қызметі маңызды бөлімдердің бірі болып табылады.
Өйткені онда қарама-қайшылығы көп әлеуметтік-экономикалық обьектіні, яғни
нарықты алдын-ала болжау элементі бар. Жағдайлық талдаудың мазмұны мен
нысандары шаруашылық құрылымға, ішкі және сыртқы жағдайларға тәуелді болады
және маңызды түрде ерекшеленеді. Нарықтың ішкі және сыртқы жағдайларын,
тауарды, тұтынушыларды, бәсекелестерді және басқаларын зертегеннен кейін
өндіруші ұйымның және оның тауарының нарықтағы орнын жақсарта алады,
нарықта нық тұра алады, сонымен бірге тұтынушылармен байланысты жақсартып,
белгіленген мақсаттарға қол жеткізе алады. Табысты ұлғайту, пайда алу,
өткізу көлемін және сәйкесінше өндіріс көлемін ұлғайту. Нәтижесінде ол
нарық жағдайында өмір сүруге және ұйымның маркетингтік стратегиясын
дайындауға мүмкіндік береді.
Маркетинг қызметін функционалды сипатына таңдалып алынған тауар түрлері
және нарық саны ең алдымен фабриканың өзіне тиімді болуы тиіс. Бұл
ұйымдастыру түрінде тауарлар нарықтары бірқалыпты болады.
Маркетингті зерттеу бөлімінде – мұнда ең бастысы, ол әлеуетті
тұтынушыларды анықтауы тиіс, олардың қажеттерін зерттеу, нысаналы нарықты
таңдап алу үшін тауарларға бүгінгі және болашақтағы сұранысты белгілеу,
әсіресе нарыққа жаңа тауарларды дайындау, оны өңдеп шығаруда маңызды орын
алады.
Жарнама бөлімінде - өндірісті өткізу, тауарды сатып алушыларға қарай
жылжыту, тауарды тартымды көрсету барысында жарнама тарату құралдарын
пайдалану және оған көбірек көңіл бөлу керек. Өнімдер туралы тұтынушыларға
ақпараттар тарату үшін баспа, электронды ақпарат тарату құралдарын, сыртқы
жарнама түрлерін қолданады.
Маркетингті бақылау бөлімінде – бұл бөлім арқылы өз мақсаттарына жету
үшін маркетингтік іс-әрекеттердің барлығын бақылайды. Бұл бақылау үшін үш
жағдай жүргізіледі: жылдық жоспардың орындалуы, пайда деңгейі және
стратегиялық бақылау жүргізіледі. МАШСВАР ЖШС-нің өндіретін тауарлардың
тұтыну сипаттамалары оның нарыққа ұсынған тауарларына, нарық жағдайына
байланысты. Неғұрлым ұйым жұмысы күрделі болса, соғұрлым құрамы да көп
болып, тұтынушының қанағатын қанағаттандырады.
Техникалық және технологиялық жетістіктерді өндіріске еңгізу
нәтижесінде өмірге келген жаңа тауарлар жарнама арқылы жұртшылыққа
таныстырылады, олардың пайдалы қасиеттері жөнінде мағлұмат беріледі. Ғылым
мен техника жетістіктерін насихаттауға негізделетін жарнаманың білім тарату
функциясы осылайша көрініс табады. Коммуникация процесінде адамдардың
ахуалдары мінез құлық нормалары мен ережелері туралы түсінікті қалыптастыра
отырып, жарнама адамды әлеуметтендіру, қоғамдық өмірге араластыру міндетін
орындайды. Жарнама, сондай ақ қайсы бір тауарларды сән салтанат белгісіне
де айналдыра алады. Жарнама тауар жөнінде аңызға бергісіз оқиғалар ойлап,
тауып, қоғамдық өмірдің алуан түрлі бояуға бөледі, сөйтіп бүгінгі заман
адамының тыныс тіршілігіне өлшеусіз рөл атқарады.
Жарнама жұмсының бағдарламасын дайындау процесінде маркетинг қызметінің
басқарушылары бес қағидатты маңызды шешімдер қабылдауы керек.

Сурет 3 - Жарнама өрісіндегі негізгі шешімдер.

Нарықты зерттеу – маркетингтік зерттеулердегі өте кең тараған бағыт.
Мамандардың пікірінше, нарықтық зерттеулерсіз нарықтағы қызметпен
байланысқан маңызды шешімдерді қабылдауға арналған қажетті барлық ақпаратты
жүйелі түрде жинақтау, талдау және салыстыру мүмкін емес. Осы нарықты
зерттеу барысында ұйым нарықта өз орнын табуға тырысады. Объектілер ретінде
жеке тұтынушылар, жанұялар, үй шаруашылықтары, сонымен бірге ұйымдар
қарастырылады.

Тауарды нарыққа жылжыту жүйесіндегі маркетингтің классикалық
тұжырымдамасында жарнаманы ең бірінші орынға қояды. Жарнама үндеуі тауар
артықшылығын атап көрсетуі, шынайы болуы, жарнамаланған тауардың
бәсекелестер тауарынан несімен ерекеленетінін атап көрсету керек. Бұл
серіктестікте басқа ұйымдар сияқты өнімін жарнамалайды.
Серіктестік баспа жарнамасы, баспасөз жарнамасы, жарнама сувенирлері,
радио жарнама, сыртқы жарнама, интернет жарнамасы арқылы өнімдерін өткізіп,
жеткізіп отыр. Компаниялардың тауарды нарыққа жылжыту саясатының қаржылық
мүмкіндіктері мен маркетингтік мақсаттарға қатысты өзіндік ерекшеліктері
бар.
Маркетинг жоспары – маркетингтік шараларды үйлестірудің негізгі құралы.
Көптеген ұйымдарда маркетингтік жоспарлар жетекші бөлімдердің
қызметкерлерінің бірлескен тобымен жасалып, басқарудың сәйкес деңгейлерінде
жүзеге асырылады.

Сонымен, нарық экономикасының әлемдік тәжірибесі халық шаруашылығы
салаларын басқарудың тиімділігін арттыру үшін кәсіпорынның өз өміршеңдігін
сақтап қалу және күшейту мақсатында оның жұмысының екі негізгі кезеңі -
өндіру мен өткізуді ұйымдастырудың жаңа әдісін, яғни маркетинг іс-әрекетін
пайдалану қажеттігін тудырады.
МАШСВАР ЖШС-нің тәжірибесінде жарнамалық хабарландыруды жеткізудің
төмендегідей әдістері қолданылады.
Оның алғашқысы - төте жарнама Қазақстан фирмаларының тәжірибесіне әлі
ене қоймағанымен, жарнама құралдары арасында айрықша орынға ие. Бұл әуелі
ықтимал клиенттермен жеке-дара жұмыс істеу дегенді білдіреді. Арнайы тізім
бойынша жарнамалық материалдар поштамен жіберіледі (direct mail), сондай-ақ
клиенттермен телефон арқылы жұмыс жүргізіледі.
МАШСВАР ЖШС-нің жарнаманы таратудың жоғарыда аталғаннан бөлек мынадай
бұқаралық құралдары пайдаланылады:
– баспасөздегі жарнама-көпшілікке тарайтын газеттер мен журналдарда,
мамандандырылған, салалық журналдарда, фирмалық бюллетеньдерде,
анықтамалықтарда тиісті жарнамаларды орналастыру.
– баспа жарнамасы-проспектілер, каталогтар, буклеттер, плакаттар,
листовкалар, күнтізбелер.
– экрандық жарнама - кинода және теледидарда көрсетіледі.
– радиожарнама - радиохабар арқылы беріледі.
– сыртқы жарнама - ірі көлемді плакаттар.
– көліктегі жарнама - көлік қүралдарының сыртындагы түсірілген жазулар,
көлік ішіндегі баспасөз хабарландырулары, вокзалдардағы, станциялардағы
тауар витриналары.
– сый бұйымдар және өзге де жарнама түрлері.
Жарнаманы таратудың осы аталған құралдарының қай-қайсысының да өзіндік
ерекшеліктері, артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Жарнаманы тарату
құралдарының сан алуан екендігін атап өтуіміз қажет. Мәселе - соларды
барынша тиімді қолдана білуде.
Жарнама арнасын таңдау кезінде мына жәйттерге көңіл бөлген жөн деп
санаймыз:
– жарнама фирма клиенттеріне, оның стиліне және көрсетілетін
қызметтердің ерекшелігіне сай келуі қажет.
– оның атқарымдары - ақпараттық, ойын-сауық, білім көтеру арналарында
тоғысады.
Техникалық мүмкіндіктері:
– арнаның жарнама науқанының мақсатгық аудиториясына, адресатына
қүрылым, сан және аумақ бойынша сәйкестігі;
– жарнамалық жолдаудың сипаты.
– жарнама уақытын таңдау, пайдалану мерзімі.
– жарнаманың "калта көтеруі", оның құны.
Сөйтіп, жарнаманы тарату құралдарын таңдау барысында ең әуелі арнаның
нақты фирма өніміне немесе фирмаға және жарнама деген максатқа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның айналым капиталын пайдалануды жақсартудың теориялық мәселелері
ЖШС «Қарамай Продактс»дағы бухгалтерлік есеп және аудит жұмысының Ұйымдастырылуы
Қаржылық шаруашылық қызметтен түскен табыстар
Барыс Мунай ЖШС
Astana Invest ЖШС - нің қызметінің сипаттамасы
Кәсіпорындардың қаржылық есептілігін талдау
Табыстардың қаржылық есебі және кәсіпорынның табыстылығын талдау
Қазақстанда аудиттің алғашқы қадамы
Нұр Строй Ақтау ЖШС
Жергілікті табыс салығы
Пәндер