Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы есебі («БААТ» ЖШС материалдары негізінде)


АЛМАТЫ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ СТАТИСТИКА АКАДЕМИЯСЫ
«Экономика және менеджмент» кафедрасы
Өндірістік тәжірибені өткендігі туралы
ЕСЕБІ
(«БААТ» ЖШС материалдары негізінде)
«050506-Экономика» мамандығы
(студенттің қолы)
4 курс, 06-05 тобы,
Ибрагимова З. А.
(жетекшінің қолы)
(жетекшінің қолы)
Алматы, 2010
Мазмұны
Бет.
Кіріспе
Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі оның иелігінде бар ресурстарды, атап айтқанда қаржы, еңбек ресурстарын тиімді басқаруға байланысты болып келеді. Оларға қажеттілікті дұрыс жоспарлау, кәсіпорын қызмітінде дұрыс пайдалан білу, ұйымдастыру, бақылау сияқты шаралардың рационалды түрде жүзеге асырылуы кәсіпорындағы менеджменттің мақсатты қызмет етуін көздейді. Осы талаптарды ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндіріс жағдайын қарқынды дамыту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Осыған байланысты, мемлекетіміздің макроэкономикалық саясатын қалыптастыруда ғылыми негізделген іс-шараларының рөлі мен маңызы барынша арта түспек. Ал атқарылуы тиіс іс-шаралар жаһанданудың қазіргі таңғы талаптарына сәйкестендіріліп, әлеуметтік және экономикалық факторлардың дәрежесін ғылым мен инновациялардың соңғы жетістіктеріне сүйене отырып жүзеге асырылуына талап қойылуда.
Нарықтық сұранысты еске ала отырып, кәсіпорын тек өнім өндіріп қана қоймай, сонымен қатар халықты жұмыспен қамту, жаңадан жұмыс орындарын ашу, еңбекақыларын есептеу, жаңа ғылыми-техникалық прогрестің жетістіктерін қолдана отырып, бәсекелестерінің арасынан жоғарғы сапалы өнімімен ерекшеленіп, өз орнын нарықта таба білуі қажет.
Шаруашылық ортаның динамикалық өзгеру жағдайында жаңа құрал-жабдықтар мен прогрессивті технологияларды жүйелі түрде ендіру, инновация мен ғылыми-техникалық погресс нәтижелерін қолдану арқылы кәсіпорынды басқару мен еңбектің жаңа әдістерін қолдану негізінде кәсіпорын қызметінің тиімділігін жоғарылатуға қол жеткізуге болады. Сонымен қатар, ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғарғы өнімді техникамен технологияны қолдану кәсіпорын қызметінде өте маңызды мәселе болып табылады.
Тәжірибе өту туралы есептің негізгі мақсаты «БААТ» ЖШС өндірістік-шаруашылық қызметінің экономикалық тиімділігін талдау, яғни теориялық білімді тәжірибе жүзінде бекіту болып табылады. Аталған мақсатқа жету үшін осы жұмысты жазуға келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорынға қысқаша сипаттама беру арқылы өндірістің ерекшеліктерін талдау және бағалау;
- кәсіпорынның негізгі технико-экономикалық көрсеткіштерін талдау;
- кәсіпорында еңбек ресурстарын басқару жүйесін және оларды қолдану тиімділігін талдау.
Зерттеу объектісі болып құрылыс өнімдерін өндіруге маманданған «БААТ» ЖШС табылады.
Аталған жұмыс кіріспеден, 4 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жалпы алғанда, тәжірибе есебінде оны жазуда қойылған барлық міндеттер шешіледі деген ойдамын.
1 «БААТ» ЖШС өндірістік қызметінің жалпы сипаттамасы
«БААТ» ЖШС 1998 жылы Алматы қаласында құрылған. Өндірістік қызметінің сипаттамасы сыра өндірісі болып табылады. Кәсіпорын заңды тұлға болып табылады, өзінің жеке балансы, банк мекемелерінде есеп айырысу және т. б. шоттары бар, өзінің тауарлық белігісі және заңды түлғаның басқа да нышандары бар. Ол өз атынан мүліктік және мүліктік емес құқықтарды сатып алуға, өзінің мүлкі бойынша жауап беруге құқылы болып табылады. Кәсіпорынның заңды статусы - жеке меншік болып табылады. Шаруашылық қызметті жүргізуге қажетті ғимараттар, құрылғылары және механизмдері (цехтары), сондай-ақ шамасы 3, 127 га болатын жер учаскесі бар.
Кәсіпорынның сумен жабдықталу көзі болып мінсіз тау суы болып табылады. Зауыт территориясында оны тау суымен жабдықтайтын зауыттық скважина бар. Электрмен және газбен жабдықталуы орталықтандырылған болып келеді.
«БААТ» ЖШС сыраны өндіру және шығаруға мамандандырылған. Бірақ зауытты қайта қаруландыру мақсатында капитал салымдарын қаржыландыру көзін табу үшін кәсіпорын алкольсіз ішімдіктер өндірісін қолға алған. Оларды өндіру үшін өнеркәсіптік ғимарат салынған және стерильді өндірісте ішімдіктерді құю бойынша неміс эксклюзивті линиясы қалыптастырылған.
Осылайша, «БААТ» ЖШС қызметінің негізгі түрлері болып сыра мен алкагольсіз ішімдіктердің сұрыптарын өндіру және өткізу болып табылады.
Сыра дайындауда қолданылатын дәстүрлі технологияларды сақтау мақсатында зауыт 7 жылдан бері капиталды түрде біртіндеп реконструкциялану үстінде. Реконструкциялау аяқталғаннан кейін зауыт заманауи өндіріс орнына айналатын болады.
Кәсіпорынның миссиясы - сыра қайнату ісіне өнер сияқты қарап қызмет етіп, сапалы өнім шығару және ұсыну, қоғамда сыра тұтыну мәдениетін дамыту болып табылады. Кәсіпорын үшін оның негізгі құндылықтары бюолып келесілер саналады:
- сапалы өнім шығару;
- өз қызметіміз үшін қоғам алдындағы жауапкершілікті түсіну;
- тиімді жұмыс істеу.
Сыра өндірудің негізгі шикізаты сыра қайнату арпасынан арнайы технология бойынша өніп шығарылған сыра ашытқысы, су, құлмақ және ашытқы болып табылады. Өз өнімін өндіруде сыра қайнату зауыты жоғары сапалы шикізат пен материалдарды пайдаланады.
Шикізат туралы айтқанда, біз сыра ашытқысы сақтауға және өңдеуге келіп түсетін қоймадан бастаймыз, оның арнайы жайларында белгіленген ауа температурасы бір қалыпты ұсталады, мұның өзі шикізаттың жоғары сапасын сақтауға мүмкіндік береді. Арнайы диірмен сыра ашытқысын жібітуге және жұмсартуға арналған, содан соң сыра ашытқысы одан әрі сыра жасау үшін қайнату цехына барып түседі. Сыра қайнату зауытының жұмысындағы тағы бір маңызды буын ‑ өндірістік лаборатория, оның заманауи жабдығы және тәулік бойы жұмыс істеу режимі өндірістің барлық кезеңдерінде және тәуліктің кез келген уақытында судың, салқындатылған суслоның, ашытқының, сыраның сапасын бақылауға мүмкіндік береді. Микробиологиялық лабораторияда сондай‑ақ таза ашытқы өсіруі жүзеге асырылады, зауытқа оны carlsberg сыра қайнату холдингінің (Дания) таза ашытқы дақылы мұражайынан алып келеді.
Кәсіпорынның негізгі өндірістік бөлімі бірнеше цехтардың жұмысын қамтиды. Оны 1-суреттен көруге болады.
Сурет 1 - «БААТ» ЖШС өндірістік бөлімінің құрылымы.
Қайнату цехы сыра өндірісінің аса маңызды әрі негізгі функциясы - сусло қайнату үшін жауап береді. Бұл цехта арнайы танкілерде сыра ашытқысы жаншылып, сусло алынады және оған құлмақ қосылып, қайнатылады. Неміс өндірушілерінің ең заманауи жабдығы бұл цех жұмысының толық автоматтандырылуын қамтамасыз етеді.
Ашытқы цехы ашытқыны езуге және сақтауға арналған. Бұл цехтан ашытқы көптеген құбырлармен өтіп ферментация цехына беріледі, ол жерде сыра суслосы қайнатудан кейін салқындатылады.
Ферментация цехы қайнатудан кейін алынған сыра суслосы салқындату үшін ондағы цилиндрлі‑конусты танкілерге айдалады. Суслоны сыраға айналдыру үшін, айдау кезінде ағынға ашытқы беріледі, түбінде ол суслоны сыра етіп өңдеп шығарады.
Сыра жете ашып, суығаннан кейін, сүзгілеу цехына айдалады. Сыраның сақтау мерзімін ұлғайту мақсатымен оны ашытқыдан бөліп алу үшін, бұл цехта сыра кизельгур сүзгісі арқылы сүзгіленеді (кизельгур - кремний негізіндегі минерал, ұнтақ түрінде қолданылады) . Сүзгіден өткен сыра ақшыл сыра танкілеріне барып түседі, ал одан пастеризацияға және құюға жіберіледі. «БААТ» кәсіпорнының құю цехы неміс өндірушілерінің ең заманауи жабдығымен жарақталған. Цехта бутылкаға, алюминий банкаға немесе кегтерге құюдың толық автоматтандырылған желістері жұмыс істейді. Мұқият жуылып және арнайы бергіштердің көмегімен тексерілгеннен кейін ғана бутылкалар құюға жіберледі, ал содан соң қақпағын жабу, этикетка жапсыру және орау процестері жүреді.
Дайын өнімдер қоймасы арнайы ауа‑жылу шымылдықтары сыраны тиеп жіберу күніне дейін дұрыс сақтау үшін қойманың ішінде керекті температураның сақталуын қамтамасыз етеді. Бұл жерден сыраны Алматы қаласы мен облысы бойынша жіберу үшін ғана емес, сондай‑ақ сыра қайнату компаниясының өнімін Қазақстанның барлық аймақтарына жеткізетін вагондарға да тиеу жұмыстары жүзеге асырылады. Осылайша, сыра көптеген дүкендердің, супермаркеттердің, барлар мен мейрамханалардың сөрелеріне түсіп, содан кейін, тұтынушыларға жетеді.
Өндірістің тиімді қызмет етуі қашан да болса оның сауатты ұйымдастырылуына тәуелді болады. Оның ішінде еңбекті ұйымдастыру мен бөлістіру, өкілеттіліктерді делегирлеу маңызды болып табылады. Себебі осы факторлардан өндірістің үздіксіз жұмыс жасауы тәуелді болады. Сондықтан кәсіпорындағы басқару процесіне баға берейік. 2-суретте «БААТ» ЖШС-дегі басқарудың ұйымдық құрылымы көрсетілген.
Сурет 2 - «БААТ» ЖШС-дегі басқарудың ұйымдық құрылымы.
2-суретте көрсетілгендей, кәсіпорынды басқарудың түрі сызықтық-функционалдық болып табылады.
Бас директордың қарамағында 7 бөлім қызмет етеді. Бас директордың міндеттеріне кәсіпорынның мүліктік және басқа құқықтарын қорғау жатады. Сонымен қатар, кәсіпорын қызметіндегі болуы мүмкін тәуекелдің барлығын жауапты болады.
Бас бухгалтер жылдық есептік мәліметтерді құрастырады, салық есептеумен және оны өткізумен айналысады. Оның қарамағында экономист және бухгалтер еңбек етеді.
Экономист кәсіпорынның экономикалық тиімділігін болжаумен, жоспарлаумен және қызмет нәтижелері көрсеткіштері бойынша есептілік өткізеді.
Бухгалтер кәсіпорын жұмысшыларына еңбекақы есептеумен айналысады. Кассир мекемеге келіп түсетін қаражаттарды қабылдайды, кәсіпорын міндеттемелері бойынша қолма-қол есеп айрысады және жұмысшыларға еңбекақы үлестіреді.
Жабдықтау бөлімі аталған кәсіпорында маңызды роль ойнайды, себебі оның құзіретіне шикізаттар қорын басқару, оны қалыптастыру келеді. Кәсіпорын шикізаттарды отандық өндірушілердін, сондай-ақ шетелдік өндірушілерден алады.
Сапаны басқару бөлімі мемлекеттік стандарт талаптарына сай келетін кәсіпорын өнімінің стандарттарын әзірлейді, өндірілетін сыраның рецептурасын дайындайды және бағалайды, өндірілген өнімді экспертизадан өткізеді, яғни өнім сапасын бақылайды, нәтижесінде ақаулығы бар өнімдерді саралайды.
Әкімшілік-шаруашылық бөлім басшысы күзет бөлімі қызметкерлерінің жұмыс жасау графигін даярлайды, оларды басқарады, сондай-ақ оның қарамағында электрик, еден жуғыштар, канцелярия бөлімі қызметкерлері, оргтехника инженерлері қызмет етеді.
Кәсіпорында бір ғана заңгер қызмет етеді, ол кәсіпорындағы жабыдқтаушылармен және тұрақты ірі сатып алушылармен жасалатын келісім-шарттардың заңдылығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ кәсіпорынның сот алдында жауапкершілігі болған жағдайда, оның қызығушылықтарын орғайды.
Кадр бөлімінің басшысы кадрларды жинақтау, таңдау, оқыту сияқты шараларды ұйымдастырады, қызметшілер бойынша әс қағаздарын жүргізеді.
Кәсіпорын алдағы уақытта өндіріс құрылымын өзгертуді жоспарламайды. Кәсіпорын басшылығы жоғары сапалы, бәсекеге қабілетті өнім шығару мақсатында өндірісті реконструкциялау бойынша мақсатты бағдарланған шараларды іске асыруда. «БААТ» ЖШС-нің иелігінде «Арман» атты фирмалық дүкен бар, онда кәсіпорынның өнімдері сатылады.
2 «БААТ» ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық жағдайын талдау
2. 1 «БААТ» ЖШС-нің табыстылық деңгейін және экономикалық көрсеткіштерін талдау
Кәсіпорынның соңғы үш жылдағы қаржылық жағдайын талдай отырып, оның тұрақты түрде жақсарып келе жатқанын байқауға болады. Кәсіпорынның қаржылық қызметінің нәтижелері 1-кестеде көрсетілген.
Өндірілетін сыраның сапасы оны өндіруде қолданылатын шикізаттың сапасына тікелей тәуелді болады. Өз өндірісінде зауыт жергілікті, сондай-ақ импорттық шикізаттар мен материалдар қолданады. Шикізаттар мен материалдарды жеткізу темір жол вокзалынан және жеке жабдықтаушылардың автокөліктері арқылы жүзеге асырылады.
Кесте 1 - Өнімді сатудан түскен табыс және сату рентабельділігі
Республика аумағында өсірілмейтін және өндірілмейтін шикізаттар мен материалдарды зауыт шет елдердің өндіруші-зауыттарынан тікелей сатып алады. Кәсіпорындағы өнімнің сапасын арттыру бойынша мақсаттық жұмыстар іске асырыады. Кәсіпорынның өндіретін сырасы 2009 жылы республикалық конкурста екі алтын және бір күміс алқа ұтып алды.
Сыра - мерзімдік ішімдік болып табылады, сондықтан көктем және жаз уақыттарында оны өндіру кәсіпорында үш ауысыммен жүзеге асырылады, ал күз жәәне қыс айларында қаладағы сұранысқа байланысты бір ауысыммен немесе толық емес апта бойынша өндіріледі. 2-кестеде кәсіпорын иелігінде бар қуаттылығын иегруінің өзгерісі көрсетілген.
Есепті кезеңде өндірісті жаңарту бойынша бірқатар шаралар жасалды. Атап айтқанда, қайнату цехы құрылысын аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілді, бродильдік-лагерлік цехтың құрылысы басталды. Есепті кезеңдегі аяқталмаған құрылыс көлемі 95, 7 млн. теңгені құрады.
Кесте 2 - Кәсіпорын қуаттылығын игеру динамикасы
Егер өндірісті жаңарту бойынша орындалған, бірақ аяқталмаған жұмыстарды ескеретін болсақ, онда негізгі құралдардың тозу деңгейі 23%-ды құрайды, ал бұл негізгі құралдардың жарамдылық деңгейі коэффициентінің 0, 77 %-ға тең болатындығын көрсетеді.
Ендігі кезекте кәсіпорын қызметіне қысқаша баға беру мақсатында оның ьехнико-экономикалық көрсеткіштеріне талдау жүргізейік (3-кесте) .
Кесте 3 - «БААТ» ЖШС-нің 2008-2009 жылдардағы негізгі экономикалық көрсеткіштері
3-кестеде көрсетілгендей, 2008 жылы кәсіпорын 1364, 75 мың. дал өнім өндірсе, ал в 2009 жылы өндіріс көлемі 1919, 36 мың теңгеге дейін өсті, ол алдыңғы жылмен салыстырғанда 40, 6%-ға немесе 554, 61 мың дал. -ға артық. Өндіріс көлемінің құндық мәні 2008 ж. 350814 мың теңгені, 2009 ж. - 481720 мың теңгені құрады, бұл 2008 жылмен салыстырғанда 37, 31%-ға артық.
2009 жылы сатылған өнім көлемі 2008 жылмен салыстырғанда 40, 86%-ға немесе 147673, 4 мың теңгеге өсіп, 509 100, 3 мың теңгеге жетті.
Өнім өндірісі көлемінің өзгеруі өнеркәсіптік-өндірістік персонал санына да әсер еткен. Егер 2008 жылы олардың саны 172 адамды құраса, ал 2009 жылы - 201 адамға жетті, бұл алдыңғы жылға қарағанда 16, 86 %-ға артық. Бұл құбылыс өндіріс көлемінің ұлғаюымен түсіндіріледі.
Ал жұмысшылар санының өзгеруі жылдық жалақы қорының өзгеруіне әкелді: 2008 жылы жалақы қорының шамасы 38967 мың теңгені құраса, ал 2009 жылы жұмысшылар санының өсуіне байланысты жалақы қоры 60790 мың теңгеге немесе 56 %-ға өсті.
Бір жұмысшыға шаққандағы еңбек өнімділігі 2008 жылы 2039, 6 мың теңгені құраған болатын, ал 2009 жылы - 2396, 6 мың теңгеге дейін өскен, яғни алдыңғы жылдармен салыстырғанда 357 мың теңгеге өскен.
Орташа айлық жалақы көлемі де артқан: егер 2008 жылы ол 18879 мың теңгені құраса, өндіріс көлемінің өсуіне байланысты 2009 жылы то в 2009 жылы 25203 мың теңгеге дейін жеткен. Осылайша, өсу қарқыны 33, 5% құрады.
Қарастырылып отырлған жылдар аралығында сатылған өнімнің өзіндік құны да өсіп отырған: есепті кезеңде алдыңғы жылмен салыстырғанда 38, 67%-ға артқан.
Өнімнің шығарылуы мен сатылуын талдау натуралды және құндық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Өнімді шығару мен сатылуды талдауда натуралды түрдегі өнім көлемі қарастырылады, біздің жағдайда 1 дал өлшем бірлігін пайдаланамыз. 1 дал өнім 10 литрді сипаттайтын шама болып табылады. Ендігі кезекте 4-кесте мәліметтерін талдайық.
Кесте 4 - Өнімнің шығарылуын және сатылуын талдау
Кестеде көрсетілгендей, кәсіпорында қарастырылып отырылған уақыт мерзімінде өндіріс көлемі ғана емес, сондай-ақ, сатылған өнім көлемі де ұлғайған. 2008 жылы өндірілген өнім көлемі 1364, 75 мың дал. болса, 2009 жылы 554, 61 мың далға артып, 40, 6 %-ға өскен және 1919, 36 мың далды құраған.
Тауарлық өнім көлемі де өскен: 2008 жылы 350814 мың теңге, ал 2009 ж - 481720 мың теңгені құраған, бұл алдыңғы жылмен салыстырғанда 130906 мың теңгеге артық.
Тауарлық өнім көлемінің өсуімен бірге сатылған өнім көлемі де өскен. Егер 2008 жылы оның көлемі 361426, 9 мың теңгені құраса, ал 2009 жылы сатылған өнім көлемі 40, 86%-ға немесе 147673, 4 мың теңгеге өсіп, есепті кезеңде 509100, 3 мың теңгені құраған. «БААТ» ЖШС-нің тауарлық өнімі мен сатылған өнім көлемінің өзгеуін қарастырайық (кесте-5) .
Кесте 5 - Тауарлық өнім және сатылған өнім көлемінің өзгеруін талдау
Жоғарыдағы кестеде көрсетілгендей, өндірілген және сатылған өнім көлемі 2008 жылы 3 %-ға төмендесе, ал 2009 жылы 33, 2 %-ға ұлғайған. Өндіріс көлемі 3 жыл ішінде жалпы 37, 3 %-ға өскен. Ал сатылған өнім көлемі 40, 9 %-ға өскен, орташа жылдық өсу қарқыны 15, 1 %-ды құраған.
Өндіріс көлемі бойынша жоспардың орындалуын бағалау барысында нақты кезең ішіндегі өнім өндірісінің жалпы нәтижелеріне ғана сүйенуге болмайды, сондықтан ішкі есептік кезеңдегі жоспарлық міндеттердің орындалу ырғақтылығын талдау қажет.
Кесте 6 - Ырғақтылықты талдау
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz