Достық даңғылы



Достық даңғылы. Бұл бұрын Ленин проспекті деп аталған ал 1999 жылы қайта аталды. Меніңше бұл дұрыс. Нағыз Достық көшесі деп осыны айт : Итальян мейрамханасы, француз косметика дүкені, Египет мейрамханасы, украин және қазақ жазушыларына орнатылған ескерткіштер, Ресей дүкені.
Бұл даңғылда оқушылар Сарайы , Республика Сарайы Ала-Тау қонақ үйі және тағы да басқа көптеген әсем, тарихы мол ғимараттар орналасқан.
Даңғыл 1920 жылдары «Жетісу» (инж. Г.В. Егоров,1932 ж.) қонақ үйі орналасқан Жібек Жолы көшесінен бастау алады. 28 панфиловшы паркінің учаскесінде үзіліп, қала мен тау етегінің шекарасы арқылы Горная көшесіне жалғасады, 1691 м биіктіктегі «Медеу» спорткомплекспен аяқталады.
Достық даңғылында шоғырланған ғимараттар қала архитектурасының негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. 28 панфиловшылар пакінің батыс шекарасында 70-ші жылдары бұзу жолымен бірқатар ірі революцияға дейінгі ғимараттар салынған. Кино үйі, архитектуралық-мүсіндік мемориал – Даңқ Комплексі мен Офицерлер Үйі. Жоба бойынша офицерлер Үйіне оперетта театры жалғасып тұрды, бірақ құрылған жоқ (бұзылған архиерия үйі мен қасындағы шіркеу орны, кейіннен 20 жыл бойы бос қалды). Қаланың тарихи орталығы болып табылатын парк ауданында біздің күнімізге дейін жеткен бірнеше революцияға дейінгі ғимараттар бар. Бұл – көркемдік жағынан аса бір мәні жоқ бірқатар тұрғын үйлер, сонымен қатар, жарым-жартылай губернатор үйі (1990-шы жж. ортасында өртеніп кеткен) мен ұлдар және қыздар гимназиясының ғимараты. 30-шы жылдардың басында олар қата құрылыстан өтті (бір этажды салып бітуде Я. Станкевич пен В. Твердохлебовтың проэкті бойынша классикалық архитектура элементтері қолданылды).
Саябаққа тікелей жақында жатқан учаскедегі кеңес кезеңіндегі ең ерте объектілерге мәдениет Сарайы кешені (сәулетші Д.Фомичев, Е.Цейтц, инж. В.Райлян, 1933-1936 жж.; Калдаяков көш., № 35) жатады. Ғимараттың типологиялық және стильдік мінездемесі 1930-шы жылдардағы петербургтік архитектуралық мектептің бір негізгі ойын – «жеңілдетілген классиканы» корсетеді.

Пән: Маркетинг
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Достық даңғылы. Бұл бұрын Ленин проспекті деп аталған ал 1999 жылы қайта аталды. Меніңше бұл дұрыс. Нағыз Достық көшесі деп осыны айт : Итальян мейрамханасы, француз косметика дүкені, Египет мейрамханасы, украин және қазақ жазушыларына орнатылған ескерткіштер, Ресей дүкені.
Бұл даңғылда оқушылар Сарайы , Республика Сарайы Ала-Тау қонақ үйі және тағы да басқа көптеген әсем, тарихы мол ғимараттар орналасқан.
Даңғыл 1920 жылдары Жетісу (инж. Г.В. Егоров,1932 ж.) қонақ үйі орналасқан Жібек Жолы көшесінен бастау алады. 28 панфиловшы паркінің учаскесінде үзіліп, қала мен тау етегінің шекарасы арқылы Горная көшесіне жалғасады, 1691 м биіктіктегі Медеу спорткомплекспен аяқталады.
Достық даңғылында шоғырланған ғимараттар қала архитектурасының негізгі даму кезеңдерін көрсетеді. 28 панфиловшылар пакінің батыс шекарасында 70-ші жылдары бұзу жолымен бірқатар ірі революцияға дейінгі ғимараттар салынған. Кино үйі, архитектуралық-мүсіндік мемориал - Даңқ Комплексі мен Офицерлер Үйі. Жоба бойынша офицерлер Үйіне оперетта театры жалғасып тұрды, бірақ құрылған жоқ (бұзылған архиерия үйі мен қасындағы шіркеу орны, кейіннен 20 жыл бойы бос қалды). Қаланың тарихи орталығы болып табылатын парк ауданында біздің күнімізге дейін жеткен бірнеше революцияға дейінгі ғимараттар бар. Бұл - көркемдік жағынан аса бір мәні жоқ бірқатар тұрғын үйлер, сонымен қатар, жарым-жартылай губернатор үйі (1990-шы жж. ортасында өртеніп кеткен) мен ұлдар және қыздар гимназиясының ғимараты. 30-шы жылдардың басында олар қата құрылыстан өтті (бір этажды салып бітуде Я. Станкевич пен В. Твердохлебовтың проэкті бойынша классикалық архитектура элементтері қолданылды).
Саябаққа тікелей жақында жатқан учаскедегі кеңес кезеңіндегі ең ерте объектілерге мәдениет Сарайы кешені (сәулетші Д.Фомичев, Е.Цейтц, инж. В.Райлян, 1933-1936 жж.; Калдаяков көш., № 35) жатады. Ғимараттың типологиялық және стильдік мінездемесі 1930-шы жылдардағы петербургтік архитектуралық мектептің бір негізгі ойын - жеңілдетілген классиканы корсетеді.
Совет өкіметі жылдары Ленин проспекті басты магистральға айналды. 1968 жылы Қазақстан КП ОК мен ҚазССР Министрлер Советі Ленин проспектін комплексті түрде реконструкциялау және абаттандыру жайында шешім қабылдады. Комсомол көшесінен Абай проспектіне дейінгі аралықта жаңа тұрғын үй комплекстері мен қоғамдық ғимараттар тұрғызу, алаңдар жасау ғсғ қолға алынды. Проспектіні қайта құру (архитектор Н.И.Рипинский, Т.Қ.Бәсенов , В.Ш.Гершберг, А.И.Петров т.б.) жүзеге асыру ісіне бүкіл республика құрылысшылары қатысты. Кейбір объектілер жеке министрліктер мен құрылыс мекемелеріне тапсырылды. Құрылыс алып түрде комплексті түрде жүргізілді. Аз уақыт ішінде Ленин проспектісі 30 мың тұрғыны бар сәулетті ауданға айналды. Шығыс бетінен 8-9 қабатты тұрғын үйлер (астыңғы қабатында дүкендер мен кинотеатрлар, кафе, ресторан, көрме залдары орналасқан) ірге көтерді. Көше бойындағы ғимараттарды салу барысында жер еңісін ұтымды пайдалану, фонтандар мен архитектуралық шағын формаларды орнату, көгалдандыру Ленин проспектісін көркейте түсті. Жер сілкінісіне төзімді етіп салынған көп қабатты ғимараттар алғаш Ленин проспектінің бойында ірге көтерді. В.И.Ленин атындағы Сарай (қазіргі Республика Сарайы), зәулім биік Қазақстан қонақ үйі, екі залды Арман кинотеатры, Көктөбеге баратын аспалы жол, Абай Құнанбаев ескерткіші көз тартар архитектуралық туынды болып саналады. Ленин проспекті Қазақстан КП ОК жанындағы Партия тарихы институты, Саяси оқу үйі, республикалық пионерлер сарайы Қазақ технологиялық-жобалау бас институты, Археологиялық музей, республикалық балалар кітапханасы, Искра кинотеатры, Алатау қонақ үйі, Алматы кинотехникумы, Қазақстан өндіріс тауарлары мен Россия азық-түлік және Балдырған дүкендері, Арман кафесі, Турист рестораны, емханалар, аптекалар, газет-журнал сататын киоскілер, халықтың тұрмыс-қажетін өтеу мекемелері т.б. орналасқан.
28 панфиловшылар саябағының оңтүстік кіреміз. Бұл жерде, Қазыбек би көшесі мен Достық даңғылының қиылысында Кеңес Одағы батыры генерал-майор Иван Васильевич Панфилотың құрметіне 1968 жылы орнатылған ескерткіш бар.
Авторлары: мүсінші - Б.А. Түлеков, сәулетші - Т.К. Басенов.
Ескерткіш-бюст қоладан жасалған. Биіктігі - 2 метр. Тұғыры тіктөрбұрыш, граниттен жасалған. 1999 жылы И.В. Панфилов (1893-1941 жж.) - Кеңес Олағының Батыры, генерал - майор деп қалпына келтірілді. Ол 1941 жылдың шілдесінен бастап Қазақстанданегізін қалаған, 1941-1942жж Мәскеуді қорғау шайқасына қатысқан 316 атқыштар дивизиясының командирі болды.
Дәл осы жерден сіз губернатор үйі орналасқан қазіргі заманғы тұрғын үй кешенін көре аласыз, ал оған қарама-қарсы верныйлық ұлдар гимназиясы орналасқан болатын. Бұл ғимарат архитектор П. Гурденің жобасы бойынша, инженер А.П. Зенковтың қатысуымен бой көтеріп, 1907 жылдың 29 тамызында ашылған болатын.
Бұл құрылыс Төле би көшесі мен Достық даңғылының қиылысынан бұрыштық жер телмесін алып жатыр. Бұл - жоспары бойынша Г әрпіне ұқсас, бірқабатты, төбесі темірден жасалған, тас іргеде ағаштан тұрғызылған ғимарат.
Ғимарат сыланған, ақталған, тас құрылыс көрінісіне ие. Басты фасад арқылы кіре беріс гранитпен қапталып, үшбұрыш фронтонды еске салады. Бөренелердің байланысатын жерлері күректермен әрленген. Терезелері - тасты құлыппен жартылай циркульді формада, тартып жасалған. Үй интерьерінде белдік және уйдің төбесінің тарпалары түріндегі жапсырмалы сәндеулер сақталған. Колориферлік жылыту жүйесі бар 11 бөлме бар.
Бұл жатақханалы оқу орны болған. Интернат 1897 жылдың 6 қаңтарында бұрыны, өз қызметін 1876 жылдан бастап атқарып келген Верныйдағы қырғыз балаларына арналған оқу пәтерлері базасында ашылды. Оның құрамында екі даярлаушылық класс болды - даярлаушылық және гимназиялық. Гимназиялық 40 өзге қалалық тәлім алушылар үшін (20 - олтірілген офицерлер мен шенеуліктердің балаларына, 20 - мұсылман шенеуліктерінің балаларына арналған). Тәрбие брушілер ретінде Петербург университетінің шығыс тілдер факультетінің түлектері мен Лазарев университетінің түлектері жұмыс жасады. 1879 жылдың 27 ақпанында Жетісу облысының әскери губернаторы пансион мен гимназияның аса құрметті тәрбиешісі болып тағайындалды.
Кеңес кезеңінде мұнда алғашқы қалалық жастар ұйымы, қызыл мұрағат және көпшілікке арналған кітапхана (1931-1971); 1971 жылдан бастап - Республикалық балалар кітапханасы орналастырылған. Мұнда, яғни кітапханада Ю. Домбровскийдің Хранитель древностей романының сюжеті дамыған. Ғимарат О.Жандосовтың, Л.Брызгалаовтың, М.Ионовтың қызметімен байланысты.
1982 жылдың 26 қаңтарындағы СМ ҚазССР қаулысы бойынша ескерткіш республикалық маңызы бар, қорғалатын ескерткіштер қатарына қосылды. 1993 жылы 25 қарашада Алматы мемлекеттік тарихи-архитектуралық және мемориалдық қорық құрамына қосылды.
Ал қазір біздің алдымызда қазақтың ұлы батырларының құрметіне аталған үш параллель көше жатыр.
Бөгенбай батыр -- XVIII ғасырдағы ең ғрғ қолбасшылардың бірі. Ол Ерейментау шоқылары мен Семті өзенінің арасын мекен еткен халықтан шыққан. Олжабай, Қабанбай, Малайсары және тағы да басқа батырлармен бірге өз халқының тәуелсіздігі үшін, жоңғарлармен күресте, кейіннен елімізді қытайлық жаулап алушылардан күресте өзінің шексіз батылдығын көрсеткен жағдайлары сансыз көп. Бөгенбай батыр Абылай ханмен бірге қазақтардың астанасы Түркістан мен Сауран қаласын жоңғарлардан азат етуде және оларды Жоңғар Алатауының арғы жағына қуып салған.
Қабанбай батыр - қазақтар мен жоңғарлар арасындағы ұлт-азаттық күрес ұйымдастырушылардың бірі, қолбасшы және жекпе-жекке шығатын күресші болған. Батыр найман руынан шыққан Қаракерей тұқымы, ол Хан батыры деген атақты ақтаған. Оның қызметінің негізгі мақсаты ел арасында бейбітшілікті сақтау, дала халқында би қызметін атқарды.
Қабанбай 16 жасында шыққан жекпе-жекте жауыз жоңғар батыры Долан Дашыны жеңген. Кейіннен жас жауынгер өмірінде үлкен маңызға ие болған шайқастар Аягөз, Шоғрын, ең елеулісі Шаған шайқасы. Бұл шайқастарға ұлы Абылай ханның өзі қатысқан. Шайқастан соң Абылай хан Қабанбайға былай деді: Батыр! Сен - менің қалғусыз семсерімсің! Сен бүгін үлкен жетістікке жеттің. Осы күннен бастап сенің Қабанбай деген атың қазағымды дұшпанмен шайқасқа шақыратын тағы да бір ұран болады. Ал мен саған жаңа есім - Дарабозды сыйлаймын және бас қолбасшы етіп тағайындаймын.
Қабанбай қазақ жасақтарын басқара отырып, жоңғарлардан Сайрам, Ташкент қалаларын, Шығыс Қазақстан территориясын азат еткен. Қабанбай батыр өз өмірінің көп бөлігін әскери ат ер-тоқымында өткізген. Сол уақыт аралығында дұшпандардан туған жерді азат ететін 103 шайқасқа қатысып соның біреуінде де жеңіліп көрмеген. Ал жауыз жекпе-жек күрестерде 54 қарсыласты жыққан.
Тарихшылар оны ер-тоқымда отырып дүниеден озған деседі. Қабанбай батыр бейіті өзінің ата-бабасы өмір кешкен ( кезінде олар қазақ елінің оңтүстік аймақтарынан қоныс аударған ) Есіл мен Нұра өзендерінің бойында жатыр.
Қалмақтармен (әдеби тілде оларды жоңғарлар дейді) болған 304 жылдық соғыстың соңғы жүз жылы ішінде әскери ұранмен дұшпандарын ойрандатып жеңіп келді. Халық құдіретті бір жұдырыққа бірікті.
Халық арасында аты аңызға айналған Қарасай кім болған? Дұшпанның ең батыл, күшті бахадүрлерімен 19 рет жекпе-жекке шығып және әрбірінде жеңімпаз бола білген. Сүйінбай мен Жамбыл Қарасай туралы поэтикалық шығармаларында жазған. Олардың аузынан бізге жеткені - Қарасай батыр ұлттық эпикалық батыр-кейіпкер.
Бірте-бірте Дотық даңғылында (ол кезде Ленина даңғылы) толықтай қайта құрулар жүргізілді. Әсіесе Лениннің 100 жылдығына байланысты қайта құру жүргізілгенде көше мүлдем басқа көрініске ие болды. Революцияға дейінгі кварталдар бүкілімен, тамаша жеке үйлер, жүз жылдық дерлік ағаштар аллеясы бұзылды.
Достық даңғылының шығыс бетінің композициясы жобаға сай, кварталдар мен курдонерлердің қызыл сызығына бірқатармен құрылған тоғыз қабатты пластиналы тұрғын үйлерге қарама қарсылықта жасалған. Олар көшенің түбінде орналасқан ғимараттардың осі бойынша даңғылды одан әрі ашып көрсетеді. Жобалаушылардың ойластыруы бойынша даңғылдың сол жақ беті сегіз және он екі қабатты каркасты-панельді, жайлы бір және үш бөлмелі пәтерлі үйлерден қалыптасады. Төменгі қабаттарда дүкендер, кафелер, екі залды кинотеатрлар, археологиялық музей, стоматологиялық поликлиникалар, мейрамханалар, және т.б. орналасқан.
Даңғылдың солтүстік бөлігінде Бөгенбай батыр көшесімен қиылыста, екі сегментті-павильонды тұрғын үйдің үлкен құрылысы орналасқан. Өңтүстікке қарай шамалы жүрсеңіз, курдонерде пластина (бұрынғы Қазсельхозтехника) кеңселік ғимараты орналасқан. 2000 жылдардың басына дейінгі қаладағы ең ірі тұрғылықты ғимарат көлемді курдонерде, екі кварталдың арақашықтығында бұрынғы пайдаланылған әдістерді үйлесімділікпен теңестіріп орналасқан. Ең көзге түсетіні бірін-бірі темірлі бетон иықтарымен сүйеп тұрған үш ағайынды секілді көрінетін үш алып ғимарат. Бұл - лоджий-перемычек көмегімен біріккен, қалалықтар Три богатыря деп атап кеткен үш павильонды тұрғын үй. Цоколды қабатта "Искра" кинотеатры орналасқан, жоғары жақта 1973 жылы ашылған Археологиялық музей орналасқан. Оның залдарында ежелгі зодчийлардың ғимаратының макеттерін көруге болады. Ал сыртқа шығып қазіргі заманғы даңғылды көргеніңізде қазақ даласында болып өткен ұлы төңкерісті өзгерістерді мақтан тұтып кеудеңіз куанышқа толады!
Музей экспозициясы , яғни қоры бүкіл Қазақстан территориясы бойынша қазба жұмыстарын өткізіп отыратын көптеген экспедиция табысымен, олжасымен үнемі толықтырылып отырады. Экспонаттар хронологиялық тәтріппен музейдің төрт бөлімінде орналасқан, олар осы өлкенің территориясындағы адамзат қоғамының ежелгі уақыттан бастап орта ғасыыр соңына дейінгі дамуын суреттейді.
Оның алдындағы эксплонаданы кейінірек көшенің створында ... ... .. Жамбылдың ландшафттық мүсіндік-архитектуралық композициясы аяқтайды. Бұл көше ақынның атымен аталады. Ескерткіш 1996 жылы орнатылған болатын. Авторлары: мүмінші - Б.Абишев, сәулетші - С.Баймағамбетов, Т.Ералиев, С.Фазылов.
Жамбыл Жабаев (1846-1945) Қазақ елінің оңтүстігінде Жамбыл тауының етегінде кішігірім ауылда туған. Оның бойында бала кезінен музыкант, әнші, импровизатордың қасиеттері таныла бастады. Бозбала кезінде домбырасымен туған елдің даласын кезіп кеткен, мейрам-мерекелер мен тойларда өз өнерін көрсетіп жүрген. Ақынның батыл, аяусыз, қатаң, шыншыл сөзі дала феодалдарына мүлдем ұнамайтын, сондықтан ақын үнемі феодалдардың қуғын-сүргініне ұшырап, олардың езгісінде жүретін. Ақын кедейлікте өмір кешуге мәжбүр еді. Ақын өзі былыай дейді: Кәрі бүркіт секілді өзім бүкір, көзім көр, даусым әлсіз. Кейіннен оған екінші жастық шағы қайта оралды...
Т.Шевченконың кеуіт ескерткіші қиылыстың келесі оңтүстігінде, даңғыл мен оның атымен аталған көшенің түйіскен жерінде орналасқан. Ескерткіш украин кобзарі, ақынының Т.Г.Шевченконың құрметіне орнатылған. 2000 жылдың 21 тамызында Алматы қаласында Достық даңғылының бойында Украин елінің алдыңғы қатарлы ұлы Тарас Григорьевич Шевченкоға арналған ескерткіштің ашылуы қала тарихындағы ең елеулі оқиғалардың бірі болды. Ұлы Кобзарь Қазақстанға жер аударылып өз өмірінің ең ұзақ, ең қиын 10 жылын өткізді. Бұл ескеркішті Украинада украиндық ұсталар жасап (авторы - мүсінші Виталий Рожик), сосын Алматыға украин халқының сыйлығы ретінде жеткізілді. Сол уақыттан бастап Т.Шевченко ескеркішінің алдындағы орын Алматының украиндықтарының кездесу орны болып қалыптасып кетті.
Келесі көше ұлы күйші Құрманғазының атымен аталады.
Құрманғазы Сағырбай (1806-1879) -- қазақ халқының күйшісі, композиторы, домбырашысы, домбыралы пьесаға арналған күйлердің авторы. Ол қазақ музыкалық мәдениетінің дамуына үлкен әсерін тигізген тұлға.
Ерте жастан домбырада ойнауды үйреніп машықтанатын болған.
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған Бөкей ордасы қазақтарының Жәңгір ханға қарсы халық көтерілісінің (1836-1837) очевидеці болған. Ең алғашқы күйлерінің бірі -- Кішкентай халық көтерілісіне арналған. Байларды ашық сынға салуынан үнемі-қуғын сүргіде болды. Орынбордың абақтысында отырған. Сол жерде домбырада күйлер құрастырған.
Құрманғазы шығармашылығының ең жоғарғы жаратылысы Сарыарқа күйі. Бұл ғажайып күй қазақ даласының шексіз кеңістігін суреттейтін жарқын нәзіктікке толы. Құрманғазы ойынының көбінесе сол уақыттағы музыкалық техниканы дамытатын ерекше әдістерін шәкірттері мен ізін басушылар аса қадірлеп қабылдап қайта өңдеп шығарған. Олардың арасында Махамбет Өтемісұлы, Дина Нүрпейісова, Ерғали Есжанов және тағы да басқалар болды.
Қазіргі уақытқа дейін Құрманғазының 60 күйі сақталған.
Орал журналисті Н.Ф.Савичев Уральские войсковые ведомости газетінде былай деп жазды: Сағырбаев -- сирек музыкалық жан, егер ол еуропалық білім алса, онда ол музыкалық әлемде алғашқы қатарлы жұлдыздардың бірі болар еді...
1965 жылы Құрманғазы атындағы Қазақ ССР Мемлекеттік премиясы берілді. 1997 жылы Астрахан облысында, күйші жерленген жерде кесене салынды. Алматы қаласында Құрманғазы атындағы халық инструменттерінің оркестрі бар.
Көшенің сол жағындағы конструкциялық үйлесімі тұрғын үйлермен аяқталады. Бұл үйлер жалғасып жатқан кварталдың бүкіл кеңдік жағымен қызыл жолмен созылып, Достық даңғылының тұрғын үйлер құрылыс кешенін Абай алаңы ансамблінен шекаралап тұрады.
Басты қала құрушылық жиынтық Абай алаңының ерекше ғимараттарын қалыптастырады: Республика Сарайы, Қазақстан қонақ үйі, Арман кинотеатры. Аталған ғимараттар сол баяғы кеңестік дәуірде барлық архитектуралық еңбектерге кірген және лауреаттықпен, медальдармен, престижді мақтау қағаздарымен марапатталған. Өзінің көлемді-жоспарлық шешімі бойынша ең керемет көрікті объектілердің бірі екізалды Арман кинотеатры.
Ары қарай жүргенде басты назарды өзіне Қазақстан қонақ үйі аударады. Қазақстан қонақ үйі 1977 жылы алғашқы қонақтарын қарсы алды. Әр жылы қонақ үй 300 мың қонақ қарсы алады.
Қазақстан қонақ үйі солтүстіктен Республика Сарайына жалғасып жатқан учаскеде орналасқан. Қонақ үйді Республика Сарайынан бөліп тұратын кеңістік пен ғимаратқа кіре берістегі кішігірім курдонер, подъезділік және жаяу жолаушының жолдары, боскеттер, газон бар. Ал күшті фонтандар қатары ғимараттың көлемді сипатын мәнерлеп көрсетеді. Қонақ үй 1978 жылы архитекторлар Л.Ухоботов, Ю.Ратушный, А.Анчугов, В.Каштановтың, инженерлер Н.Матвиец, Т.Жунусов, А.Деевтің жобасы бойынша құрылған.
Биік аттикті техникалық қабаты бар, алтын тәж түрінде жасалған, 25 қабатты ғимарат. Басты көлемнің негізгізінде қызметтік-административтік бөлмелердің құрылыстармен қоршалған элипс формасы болып табылады. Ол басты ғимраттың контур жоспарында цоколь қалыптастырады. Ғимараттың осы бөлігінің астында антресольді қабат секілді трактованныйланған көрмелік галереялар орындалған. Одан түсіп тұрған көпмаршты текпешектер ғимаратқа кіретін есікке бағытталған. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Көше 1990 жылдан бері Райымбек батыр атында
Пассажир авто 2
АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНЫҢ НЕГІЗГІ ЭКСКУРСИЯЛЫҚ НЫСАНДАРЫ
Жарнама тілі прагматикалық және коммуникативтік аспектісі. Қазақ жарнамаларының стильдік, тілдік ерекшеліктері
Жарнама мәтінінің тілдік сипаты
Алматы қаласы экскурсиялық нысандарына бай қала
Алматының көрнекі орындары
Бизнес-жоспар. “Solar energy” компаниясы
Алматы қаласының физикалық-географиялық орны
Пәтерді сатып алу - сату туралы
Пәндер