Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің құқықтық жағдайы



Қарастырылатын сұрақтар:

1. Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі
2. Шетел инвесторы түсінігі және оның құқықтық жағдайы
3. Шетел инвесторларының ҚР.ң заңды тұлғалар қызметіне қатысу нысаны
Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің құқықтық жағдайы

Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті, экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді. Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске асырылады. Сыртқы сауданың түрлері:
- экспорт;
- импорт;
- тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты.
Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар атқарады:
- ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер етеді;
- ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;
- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.
Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан, ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен, нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік экономикаға интеграциялау үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең түрде қатысуы тән.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар арқылы әсер етеді:
1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен;
2. инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын тартуға жағдай жасайды;
3. осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды;
4. ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.
Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Қазақстан Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" 27.12.94ж. №226 Заңы өзгертулерімен және толықтыруларымен, "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қолдау туралы" 28.02.97ж. №75-1 өзгертулерімен және толықтыруларымен 02.08.99ж. №466-1 және Қазақстан Республикасының Жарлығымен 06.03.2000ж. №349 инвесторларды құрал-жабдықтарды импорттағанда толық және ішінара кедендік баждан босату қарастырылған.
Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады.
Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы. Шетел инвесторы- ол:
- шетел заңды тұлғалары;
- шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шекарадан тыс жерлерде тұрғылықты мекен-жайы бар, сол елдерде шаруашылық қызметті жүргізу үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары;
- шетел мемлекеттері;
- халықаралық ұйымдар;
- заңды тұлғаларға қатысты шешім қабылдауын анықтайтын ҚР заңды тұлғалары.
Шетел инвестициялары- Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар.
Шетел инвестициялары кез келген, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін, объектілері мен қызмет түрлеріне салына алады. Шетел инвестицияларына қатысты мәселелер ҚР "Шетел инвестициялары туралы" Заңымен және басқа да оған қатысты заңдармен реттеледі.
Инвестор:
а) өзінің қызметінен түскен, барлық салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейінгі табысты өзінің қалауы бойынша қолдануға;
б) ҚР аумағындағы банктерде есеп айырысу шоттарын ұлттық немесе шетел валютасында ҚР банктік және валюталық заңнамасына сәйкес ашуға құқылы.
Қолданылған әдебиеттер:

1. ҚР " Шетел инвестициялары туралы" Заңы 27.12.1994
2. ҚР " Инвестициялар туралы" Заңы 08.01.2003
3. Абденов А.Н. "Халықаралық экономикалық қатынастар" Алматы.Экономика. 2004ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Сыртқы экономикалық қызмет

субъектілерінің құқықтық жағдайы

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Сыртқы экономикалық қызмет түсінігі

2. Шетел инвесторы түсінігі және оның құқықтық жағдайы

3. Шетел инвесторларының ҚР-ң заңды тұлғалар қызметіне қатысу нысаны

Сыртқы экономикалық қызмет субъектілерінің құқықтық жағдайы

Сыртқы экономикалық қызмет деп сыртқы экономикалық байланыстың
белгілі бір аспектісі, кәсіпорындар мен ұйымдардың дербес өндірістік-
коммерциялық қызметінің саласы түсініледі. Дербестік шетелдік әріптесті,
экспорттық-импорттық мәміле үшін тауар номенклатурасын таңдаудан, баға
белгілеуден, сыртқы экономикалық қызметтің түрлерін анықтаудан көрінеді.
Сыртқы экономикалық қатынастардың түрлеріне сыртқы сауда, халықаралық
инвестициялық ынтымақтастық, халықаралық өндірістік кооперация, халықаралық
ғылыми-техникалық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік
операциялар жатады.
Сыртқы экономикалық қызметтің әрбірі белгілі бір түрде іске
асырылады. Сыртқы сауданың түрлері:
- экспорт;

- импорт;

- тауарлар мен қызметтің кері экспорты мен кері импорты.

Сыртқы экономикалық қызмет барлық елдерде бірнеше функциялар
атқарады:
- ұлттық және әлемдік экономикалық дамудың деңгейін теңестіруге әсер
етеді;

- ұлттық және әлемдік өндіріс шығындарын салыстыруға мүмкіндік береді;

- халықаралық еңбек бөлінісінің артықшылықтарын іске асырады және соның
негізінде ұлттық экономиканың тиімділігінің артуына әсер етеді.

Бұл функциялар ҚР-ң сыртқы экономикалық қызметіне де тән. Сонымен
бірге олардың Қазақстанда өзіндік ерекшеліктері бар. Олар, бір жағынан,
ұлттық экономиканың осы заманғы даму кезеңімен, оның реформалануымен,
нарықтық қатынастардың дамуымен, екінші жағынан- Қазақстанның әлемдік
экономикаға интеграциялау үдерісінің тереңдеуімен анықталады. Оған тек қана
шикізаттарды экспорттау және дайын өндірістік тауарларды импорттау
негізінде сыртқы сауда айналымын кеңейту ғана емес, сонымен қатар
халықаралық өндірістік, ғылыми-техникалық, инвестициялық ынтымақтастыққа
кіруі, әр түрлі меншіктегі кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметке кең
түрде қатысуы тән.
Сыртқы экономикалық қызмет елдің экономикасының дамуына мына жолдар
арқылы әсер етеді:
1. экспорттан валюталық түсім алу жолымен;

2. инвестициялық ынтымақтастықты дамыту жолымен шетел инвестициясын
тартуға жағдай жасайды;

3. осы заманғы техника мен технологияны импорттау жолымен өндірістің
техникалық базасын жақсартуға жағдай жасайды;

4. ұзақ мерзімді өндірістік ынтымақтастық және шетелдік әріптестермен
бәсекеге қабілетті өнім өндіру мен сол өніммен әлемдік нарыққа шығу
үшін тұрақты бірлескен қызмет жасау жолымен.

Бұндай импортты мемлекет тарапынан қолдау күшейіп келеді. Қазақстан
Республикасының "Шетелдік инвестициялар туралы" 27.12.94ж. №226 Заңы
өзгертулерімен және толықтыруларымен, "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік
қолдау туралы" 28.02.97ж. №75-1 өзгертулерімен және толықтыруларымен
02.08.99ж. №466-1 және Қазақстан Республикасының Жарлығымен 06.03.2000ж.
№349 инвесторларды құрал-жабдықтарды импорттағанда толық және ішінара
кедендік баждан босату қарастырылған.

Сыртқы экономикалық қызмет елдердің әлеуметтік-экономикалық дамуына
әсер етеді және маңызды құрылымды қалыптастырушы, халықтың өмір сүру
деңгейі мен сапасын жақсартуға әсер етуші фактор ролін атқарады.

Сыртқы экономикалық қызмет субъектісі- ол шетел инвесторы. Шетел
инвесторы- ол:

- шетел заңды тұлғалары;

- шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар, шекарадан тыс жерлерде
тұрғылықты мекен-жайы бар, сол елдерде шаруашылық қызметті жүргізу
үшін тіркелген Қазақстан Республикасының азаматтары;

- шетел мемлекеттері;

- халықаралық ұйымдар;

- заңды тұлғаларға қатысты шешім қабылдауын анықтайтын ҚР заңды
тұлғалары.

Шетел инвестициялары- Қазақстан Республикасының заңды тұлғаларының
жарғылық капиталына қатысу формасындағы инвестициялар, сонымен қатар заңды
тұлғаларға несие (займдар) ұсыну формасындағы инвестициялар.

Шетел инвестициялары кез келген, ҚР заңнамасына қайшы келмейтін,
объектілері мен қызмет түрлеріне салына алады. Шетел инвестицияларына
қатысты мәселелер ҚР "Шетел инвестициялары туралы" Заңымен және басқа да
оған қатысты заңдармен реттеледі.

Инвестор:

а) өзінің қызметінен түскен, барлық салықтар мен басқа да міндетті
төлемдерді төлегеннен кейінгі табысты өзінің қалауы бойынша қолдануға;

б) ҚР аумағындағы банктерде есеп айырысу шоттарын ұлттық немесе шетел
валютасында ҚР банктік және валюталық заңнамасына сәйкес ашуға құқылы.

Инвесторларға заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу, олардың жарғысы,
берілген лицензиялары және т.б. өзінің қызметіне қатысты ҚР заңнамасында
көзделген барлық ақпараттарға жол ашық болуы керек, егер де бұл ақпараттар
коммерциялық немесе өзге де заң күші бар құпиялардан тұрмаса.

Инвестордың құқығы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, ҚР
"Шетел инвестициялары туралы" және ҚР "Инвестициялар туралы" Заңдарымен
қорғалады.

ҚР заңнамасымен экономика мен әлеуметтік сфераларының маңызды
салаларындағы шетел инвестициялары үшін арнайы қосымша жеңілдіктер
бекітілген. Экономика мен әлеуметтік сфералардың маңызды салалары:

- өндірістік инфрақұрылым;

- өңдеуші өнеркәсіп;

- Астана қаласының объектілері;

- тұрғын-үй, туризм мен әлеуметтік сфера объектілері;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпкерлік құқық субъектілері
Әкімшілік құқықтық нормалардың түрлері
Ұсақ бизнес
Шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу
Қазақстан Республикасының аймақтарындағы шағын кәсіпкерліктің қазіргі даму жағдайы
Кәсіпкерлік іс-әрекет
Мемлекеттік басқару және мемлекеттік саясат
Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу туралы
Мемлекеттік басқарудың нысандары мен тәсілдерінің ұғымы, және түрлері
Кәсіпкерліктің теориялық негіздері
Пәндер