«Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі»



Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша – тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай әрекет етуде.
Балалық шақтан бастап адам ақшаның неге қажеттігін және оның өз өміріндегі атқаратын ролі жөнінде біле бастағанымен «Ақша деген не?» деген сұраққа жауап табуға қиналады. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.
"Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
Ақша - тарихи дамыған экономикалық санат. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау кұралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

ЭССЕ
Тақырыбы: Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі

Орындаған: Қыдырмолданова Қ.
Тексерген: Керимбекова Н. Н.

2015ж
№1 тапсырма. Эссе
Қоғамдық ұдайы өндірістегі ақшаның мәні, функциялары және рөлі

Ақша - адамзаттың ойлап тапқан керемет өнертапқыштығының бір куәсі деуге болады. Біздің заманымызда ақша көптеген адамдар үшін өмірдің негізгі мәні болып отыр. Адамдар ақшалай табыс табу үшін өзінің барлық уақытын сарп етуге дайын.
Ақшаның сиқыры адамдарды арбап алады. Кейбіріеулер ақша үшін терлеп-тепшіп еңбек етсе, енді біреулер оны қолға түсірудің, көбейтуді түрлі амалдарын іздестірумен болады. Ақша - тек қана одан құтылып қана пайдалануға болатын бірден-бір тауар. Ақшаны жаратпайынша ол сізді тамақтандырмайды, баспана болмайды. Ақша үшін адамдар көптеген тірліктерге барады және ақша сол үшін қайтарым да береді.
Қазіргі елімідегі ақша-несие және қаржылық шаруашылық елеулі құрылымдық өзгерістер кезеңін бастан кешіп отыр. Өйткені әміршіл-әкімшіл экономикадан нарықтық экономикаға көшу кезінде ақша жүйесі түбегейлі қайта құрылып, несие-қаржы институттарының және олар жүргізетін операцияларды жаңа түрлері пайда болуда. Біздің тәуелсіз елімізде Ұлттық банк пен екінші деңгейдегі қарым-қатынастар жүйесі қалыптасып олар заман талабына сай әрекет етуде.
Балалық шақтан бастап адам ақшаның неге қажеттігін және оның өз өміріндегі атқаратын ролі жөнінде біле бастағанымен Ақша деген не? деген сұраққа жауап табуға қиналады. Ақша адамдарға ежелден таныс. Бірақ оның қалай пайда болғандығы туралы құпия сыры және қоғам өміріндегі мәні көп уақытқа дейін беймәлім болды.
"Ақша - зат емес, ол қоғамдық қатынастар жиынтығы". Шын мәнінде бұл афоризм, егер адам қоғамнан бөлініп кетсе, оған ақшаның қажеті жоқ деген мағынаны білдіреді. Робинзон Крузоға да ақшаның керегі болған жоқ. Оның мұхитқа батып бара жатқан кемеден құтқарып қалған заттары елсіз аралда пайдаға жарады, тек ақша қажетсіз бос қағаз болып қалды.
Ақша - тарихи дамыған экономикалық санат. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі. Орталықтанған жоспарлы экономикада ақшаның мәні шектеулі болды. Ақша, негізінен, есеп жүргізу және бақылау кұралы ретінде қосалқы қызмет атқарды. Жоғарғы басқару органдары әрбір кәсіпорынның шығаратын өніміне натуралды және құн көрсеткіштері түрінде өнімнің көлеміне және түріне жоспар бекітті. Сол сияқты өнім бағасын да орталық органдар бекітті. Өндірілген өнім тұтынушыларға келісімшарт бойынша натуралды өлшеммен бөлінді.
Нарықтық экономикада ақшаның маңызы зор. Себебі әр түрлі меншік жағдайында жұмыс істейтін тауар өндірушілер өндіретін және сататын өнімнің көлемін, түрін және бағасын бекітуге дербестік алды. Шаруашылықты жаңа нарықтық жағдайда жүргізуде төлем қабілетті сұранысқа бағдар жасалуда, яғни сұраныс ескеріліп, өнімнің шығару көлемі, түрі, бағасы тағайындалады.
Сонымен қатар қазіргі кезде кәсіпорындарды жекеменшіктендіру де, мемлекеттік бюджеттің кірісін қалыптастыру да, әр түрлі өндірістік және өндірістік емес шығындарды қаржыландыру да, Ұлттық банктің несие ресурстарын басқа банктерге сату да, инфляцияға қарсы күрес те және т.б. жүргізіліп жатқан іс-шараларда ақшаның маңызы арта түсуде.
Ақша нарықтық экономикада ақша-несиелік реттеуде айналыстағы ақша массасының өсуін тежеу, инфляциялық процестерді жеңу және ұлттық жалпы өнімді ынталандыру бағытында қолданылуда.
Жалпы берілген мақала негізінде ақшаның мәні - ақщаның құнында екендігіне көз жеткізуге болады, яғни ақшаның құны ол - тауар айналымына қызмет ететін құрал. Оны алдымен, тауарлар мен қызметтердің бағаларын өлшеу үшін пайдаланады. Демек, ақшаның мәні тауарлар мен қызметтерді дұрыс бағалау қабiлеттiлiгiнде екендігі айтылған.
Сондай-ақ мақалада, ақшаның қоғамдық ұдайы өндірістегі рөлін айрықша айтып өтеді. Ол қоғам дамуының әрбір сатысында өндіріс және айырбас процесінде адамдар арасында қалыптасатын экономикалық қатынастарды көрсетеді. Қоғам экономиканың әр түрлі үлгісіне өткенде ақшаның маңызы арта түседі.
Ақшаның мәнін қызметтері арқылы көруге болады. Айналымдағы ақшаның негізгі қызметтері құнның өлшемі болу, тауар массасының айналымын жасау, жеке және заңды тұлға байлығының, оның ішінде капиталдың өлшемі болу, төлем құралы болу, дүниежүзілiк ақша ретінде пайдалануға жарау болып табылады. Ақшаның сатып алу қабiлеттiлiгi олардың функцияларының сапасы арқылы анықталады. Мәселен, ақшаның құны айналымындағы тауарлардың бағаларын анықтауға және жалпы тауар айналымындағы валюта-қаржы қорын реттеуге қызмет етедi.
Мақала негізінде және ойымды қорыта келе ақшаның қоғамдық ұдайы өндірістегі рөлі өте жоғары болып келеді және нарықтық экономика жағдайынан алғанда ақшаның маңызы өте жоғары екендігі белгілі.

Егемен Қазақстан 04.01.2013 - Ақша құны - валюта-қаржы жүйесін жаңарту тетігі
Экономиканы барынша дамыту үшін тиімді басқару технологиялары мен есептеу құралдарын ойлап табу әлем экономистерінің басты мақсаты болса керек. Ал соңғы кездері жаһанды алаңдатқан қаржылық дағдарыстар ғалымдардың бұл мақсаттағы ізденісін одан әрі жетілдіріп, күрделендіре түсті. Ең тиімді тәсілді табуды талап етті. Осы рет - те біз, қазақ - стандық ғалымдар, ұлттық валю - та - лар - дың бағасын дұрыс есептеу технологиясын ақша құнын және оның функцияларын есепке алу арқылы жасап отырмыз. Бұл технология экономика индикаторларының өсу жылдамдығын салыстыру арқылы әлемдiк валюта-қаржы жүйесiн жандандыруға болатынын дәлелдеп бере алады.
Ақшаның мәні - оның құнында. Ақша құнының өз анықтамасы бойынша, ол - тауар айналымына қызмет ететін құрал. Оны алдымен, тауарлар мен қызметтердің бағаларын өлшеу үшін пайдаланады. Демек, ақшаның мәні тауарлар мен қызметтерді дұрыс бағалау қабiлеттiлiгiнде десе де болады. Ақша айналымын бақылайтын халықаралық консенсус осы қабілеттілікті өз кезінде анықтаған. Бұл консенсус бойынша ақшаның құны, оның бір өлшеміне алмастыруға тұратын тауарлар және қызметтердің мөлшерімен есептеледі. Яғни, қазақтың теңгесінің, американың долларының, ресейдің рублінің құны деп олардың бір өлшеміне алмастыруға тұратын заттар шамасын айтады. Ал айналымдағы ақшаның негізгі қызметтері құнның өлшемі болу, тауар массасының айналымын жасау, жеке және заңды тұлға байлығының, оның ішінде капиталдың өлшемі болу, төлем құралы болу, дүниежүзілiк ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржының мәні
Қаржы және қаржы жүйесінің экономикалық мәні
Мемлекеттің қаржысы
Ұдайы өндіріс процесінің түрлі стадияларында жеке экономикалық категориялардың қатысу дәрежесі
Ұдайы өндірістік тұжырымдамасын жақтаушылар
Қаржының мәнi, функциялары және ролi.
Қаржының функциялары және рөлі
Қаржының экономикалық негіздері
Қаржы туралы жалпы ұғым және оны басқарудың негіздері
Қаржының басқа экономикалық категориялармен өзара байланысы
Пәндер