Инфляциялық таргеттеу және оның Қазақстанда қолданылуы



І.Кіріпе
Инфляциялық таргеттеуге ауысу жолдары
ІІ.Негізгі бөлім
1.Таргеттеудің жалпы мәні
2. Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына өтуге дайындық және өту.
3. Инфляциялық таргеттеуге өтудің бастапқы талаптары
ІІІ.Қорытынды
Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.
2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның «монетарлық» құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты – мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Тапсырма №5
Тақырыбы: Инфляциялық таргеттеу және оның Қазақстанда қолданылуы

Орындаған: Таласбек М.
Тобы: Ф13К1
Тексерген: Керімбекова Н.Н

2015ж.

Инфляциялық таргеттеу және оның Қазақстанда қолданылуы

Жоспар
І.Кіріпе
Инфляциялық таргеттеуге ауысу жолдары
ІІ.Негізгі бөлім
1.Таргеттеудің жалпы мәні
2. Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына өтуге дайындық және өту.
3. Инфляциялық таргеттеуге өтудің бастапқы талаптары
ІІІ.Қорытынды

Кіріпе
Қазақстан экономикасында сақталып отырған жақсы жағдайға байланысты Қазақстан республикасының Ұлттық Банкі ақша қатынастарын реттеудегі жаңа режимге, яғни инфляциялық таргеттеуге көшуге бағыт алды. Осы бөлімді қарастырғанда Ұлттық Банктің осындай бағытты не үшін, инфляциялық таргеттеудің негізгі бағыты туралы мәселелер қозғалатын болады.
Еліміздегі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізу, қаржы секторының пәрменді дамуы, сыртқы экономикалық конъюнктураның жайлы болуы Ұлттық Банктің қызметінің сапалы және жаңа жолға түсуіне себепші болды. Бұл өз кезегінде ақша-кредит саясатының құрылуына және дамуына ықпал етіп, іскерлік ортаға, коммерциялық емес банктердің жұмысын бақылауға және ақша айналымын тұрақтандыруға әсерін тигізді.
Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты ақша агрегаттары мен теңге бағамына ғана байланысты емес, сонымен қатар, басқа да монетарлық емес факторларға: ауыл шаруашылық өнімдері, жанармай және тұрғындық-коммуналдық шаруашылық қызметтерінің бағасына да байланысты инфляцияны минимизацияға бағытталған.
2002 жылдан бастап Ұлттық Банк өзінің ең басты мақсатын ақша-кредит саясатын дайындап, негізгі еуростандарттарға жақындауға мүмкіндік беретін инфляциялық таргеттеудің негізгі принциптеріне ауысуды негізгі бағыты деп алды. Инфляциялық таргеттеу ақша базасының көрсеткіштерінен, инфляциялық көрсеткіштерге біртіндеп бағытталуды көздейді. Бұған себепші болған инфляцияның монетарлық құштарлығының деңгейінің төмендеуі. Осыған байланысты, Ұлттық Банктің негізгі және соңғы бағыты - мемлекетте бағаның тұрақтылығын сақтау.

Таргеттеудің жалпы мәні
Таргеттеу (ағыл. targeting - бағыт алу, бағыттау, бағытталу) монетарлық саясатта - бұл ортамерзімдік перспективада негізгі макроэкономикалық көрсеткіштерді бағытты басқару процесі.
Бүкіләлемдік тәжірибеде таргеттеудің бірнеше стратегиялары ажыратылады, олардың ішінде: номиналды табысты таргеттеу, пайыздық мөлшерлемені таргеттеу, номиналды жалақыны таргеттеу, монетарлық таргеттеу, валюта бағамын таргеттеу инфляцияны таргеттеу
Ең бірінші болып инфляциялық таргеттеуді қолданған 1990 жылы Жаңа Зеландияның Орталық Банкі. Соңғы он жылдың ішінде инфляциялық таргеттеуді қолданған монетарлық саясатты енгізген елдердің саны күрт өсті. Олардың ішінде: Канада (1991ж.), Ұлыбритания (1993ж.), Финляндия (1993ж.), Швеция (1993ж.), Испания (1994ж.). Біртіндеп инфляциялық таргеттеу элементтерін қолдануға келесі елдер келді: Чехия, Бразилия, Израиль, Чили, Норвегия, Исландия, Польша және Венгрия. Таргеттеудің мақсатты индексі -- бұл негізінен тұтыну бағаларының индексі (ТБИ). ГБИ кейбір елдерде жанама салықтар сияқты факторлар, мемлекеттік шығыстар, ипотека бойынша пайыздық мөлшерлемелер, жылжымайтын мүлік бағалары ескеріледі.
Таргеттеу кезеңінің ұзақтығы (уақыт шегі) -- қойылған мақсатқа жетуге жоспарланған уақыт кезеңі. Бұл параметрді белгілеу мақсатты бағдарды қабылдау сәтіндегі инфляция деңгейіне байланысты. Қандай елдерде болмасын, инфляциялық таргеттеуді бастапқыда инфляцияға қарсы саясат есебінде пайдаланса, оның уақыты біршама ұзарады (екі жылға дейін), соңынан инфляция деңгейі түскенде қысқарады. Көптеген өнеркәсібі дамыған елдерде таргеттеудің уақыт шегі белгіленбеген. Тек Испанияда ғана таргеттеу кезеңі алдын ала бірнеше жылға жоспарланады.

Қазақстандағы инфляциялық таргеттеу ұстанымдарына өтуге дайындық және өту.
2003 жылғы шілдеде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы заңына бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Соған сәйкес 2004 жылғы 1 қаңтардан бастап Ұлттық банкінің негізгі мақсаты республикадағы баға тұрақтылығын қамтамасыз ету болды. Сөйтіп, ақша-кредиттік саясаттың бағаны тұрақтандыру бойынша заңмен бекітілген мақсаты орын алды. Б.Таджияков : Республикадағы инфляцияны таргеттеу принциптерін енгізудің басты ерекшелігі оның болашаққа бағытталғаны болып табылады. Бұл ақша-кредит саясатының негізгі параметрлері олардың орта және ұзақ мерзімді кезеңде инфляцияға эсер ету болжамын ескере отырып, таяу жылдарға қабылданатынын білдіреді. Сонымен қатар 2004 жылдан бастап инфляция бойынша бағдарлар базалық инфляция индексіне байланысты белгіленеді дейді. Ұлттық банкінің ақша-кредиттік мақсаты 2005-2007 жылдарға елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының орташа мерзімді жоспарында белгіленген шектеудегі инфляцияны ұстан тұру болып табылады. 2005 жылы - 4,9-6,5%, 2006 жылы - 4,8-6,3%, 2007 жылы - 4,1-5,5% шегінде болды.
Жоғарыда айтылғандай, инфляциялық таргеттеуді енгізу мемлекеттік бюджет тұрақтылығы, макроэкономикалық және қаржы жүйесінің тұрақтылығы, орталық банкінің тәуелсіздігі, ақпараттың ашықтығы жағдайында нәтижелі болуға тиіс. Қазақстанда бұл жағдайлардың барлығы бар.
Инфляцияны таргеттеу принципіне өту нәтижесінде Ұлттық банк мынадай мүмкіндіктерге ие болады:
1) орта және ұзақ мерзімді кезеңдегі елдің болжамды экономикалық осу көрсеткіштерін анықтау; бұларды анықтау баға тұрақтылығысыз және инфляцияның төмен деңгейсіз мүмкін емес;
2) инфляцияның жоспарлы көрсеткіштеріне жегу үшін ең тиімді болып саналатын пайдаланады; орталық банк өзінің ақшаны реттеу параметрі мен инфляцияның арасындағы байланыстың бұзылуы байқалғанда, оны (параметрді) басқарудан бас тартуға әр сәтте дайын;
3) мультипликациялық эффекті қолдану жолымен ақша массасына ақша базасы арқылы реттеуші ықпал жасау; ақша базасын көбейту немесе азайту арқылы орталық банк инфляция дамуына бақылау жасай алады;
Бүгінде ақша массасы ұғымы едәуір кеңейді. Жаңа қаржы құралдары найда болды, көптеген ақшалай субституттар (депозиттер, облигациялар) өтімділігі жоғарылады. Сондықтан орталық банкінің оларды бақылау қабілеті төмендеді, өйткені ақшалай субституттардың кептеген түрлері бойынша міндетті резервтер нормасы жоқ. Сонымен қатар экономист - талдаушылар ақша агрегаттары мен инфляция арасындағы өзара байланыстың әлсірегенін айтады, ал Ұлттық банк қабылдаған шаралар инфляцияға 6-9 ай уақыт кешіктіріліп эсер етеді.
Мұндай жағдайда Ұлттық банк инфляцияны нарықтық мөлшерлемелерімен реттеу арқылы басқаруға бағдарланады, яғни репо мөлшерлемесімен реттейді. Бұл жолы инфляциялық таргеттеу механизмі мынадай сипат алды. Ұлттық банк репо мөлшерлемесін және оның дәлізінің кешігіп өзгерте отырып, банкілік резервтер мен банкаралық пайыздық мөлшерлеме арасында белгілі бір балансқа жетеді. Банкаралық мөлшерлемелер оз кезегінде банкінің кредиттері және депозиттері бойынша мөлшерлемелерге әсер етеді, сонымен банк өтімділігін, яғни инфляцияны да анықтайды. Инфляциялық таргеттеудің негізгі құралы болып ашық нарықтағы орталық банкінің операциялары жатады. Мұндағы жедел көрсеткіштерге репо операцияларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
2003-2006 жылдардағы инфляцияны төмендету саясаты және инфляцияны таргеттеудің Қазақстанда қолданылуы
Инфляция және ҚР-дағы инфляцияға қарсы саясат
Қазақстан Республикасының инфляцияға қарсы саясаты туралы
Қазақстан Республикасының инфляциялық жағдайы және инфляциялық процесс
Инфляция және Қазақстандағы инфляцияға қарсы саясат
Қазіргі кездегі инфляциялық үдеріс және инфляцияны реттеу әдістері
Ақша-несие саясатын ұйымдастырудың және жүзеге асырудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы инфляциялық жағдай
Қазақстан Республикасының экономикалық көрсеткіштеріне ақша – несие құралының әсер ету ерекшеліктері
Мемлекеттің инфляцияға қарсы саясаты
Пәндер