Ғұн мемелекеті


Біздің заманымызға дейін 1 мыңжылдықтың 2-жартысынан бастап Еуразияның этникалық-саяси тарихында Орталық Азияның көшпелі тайпалары ролі артты. Біздің заманымызға дейін 4-3 ғасырларда Қытайдың солтүстігі мен Орталық Азияда ғұндар деген тайпалар бірлестігі (сюнну, дунху) пайда болды. Нақты айтқанда, біздің заманымызға дейін 209 жылы бой көтеріп, біздің заманымызда 216 жылы дейін дәурен сүрді.
Шаңырағын көтерген әйгілі Мөде (Мотэ) батыр. Біздің заманымызға дейін 209 жылы Мөде әкесін өлтіріп, таққа ие болады. Осы заманнан бастап, ғұн мемлекеті күшейе бастады (атап айтсақ, біздің заманымызға дейін 188 жылы ғұндар өзіне қытай императоры Гао-Диды бағындырады, хань династиясы ғұндарға салық төлеп тұрғаны белгілі. Юечжи, ловфань, байянь, үйсін тағы да басқа тайпалардың жерін тартып алады. ) Ғұндар Байкалдан Тибетке, Шығыс Түркістаннан Хуанхэ өзеніне дейінгі жерде мемлекет құрды. Оның әскері 300-400 мың болды. Мөде қайтыс болғаннан кейін өзара қырқыс басталды. Хулагу кезінде, біздің заманымызға дейін 47 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінді. Оңтүстік ғұндар Қытай бодандығын қабылдады, ал солтүстігіндегілер орталық азиялық тайпалармен одақтасып батысқа кетіп, өз тәуелсіздіктерін сақтады. Алайда, үнемі Қытайдың қысымына түскендіктен Тянь- Шаньды асып өтіп, қаңлыларға келді. Бұл ғұндардың Орта Азия мен Қазақстанға алғашқы қоныс аударуы болды.
Екінші қоныс аудару біздің заманымыздың 1 ғасырында болды. 93 жылы Қытайлар ығыстырған солтүстік ғұндар тағы да батысқа қарай жылжыды. Олар Қазақстан территориясы арқылы батысқа бет алды. Бұл көшпенділердің Қазақстанға енуіне байланысты шығыс иранның қаңлы тайпаларының түріктенуі басталады.
Біздің заманымыздың 1 мыңжылдығы басында Жетісу оңтүстік Қазақстан тайпаларының кескін-келбеті монғолдана бастады. Ғұндар жергілікті тайпаларды бағындырып, Сырдария бойымен Арал өңіріне, орталық және батыс Қазақстан аймақтарына барып енеді. Ғұндардың біздің заманымыздың 4 ғасырда Шығыс және Орталық Еуропа жеріне келуіне үш ғасыр уақыт керек болды. Ғұндар Рим империясынам қауіп төндірді. 5 ғасырдың 30-жылдары ғұндардың басшысы Атилла Еуропа халқының үрейін ұшырды. 375-376 жылдары вестготтардың Қазақстан даласынан келген ғұндармен күресі ежелгі Рим империясының құлауына әкелді.
Шаруашылығы
Шаруашылық-мәдени типінің негізі - көшпелі мал шаруашылығы. Мал өсіру, әсіресе жылқы өсіру басты роль атқарды. Сондай-ақ қой өсіру, аң аулау мен егіншілік дамыды. Ғұндардың қол өнер кәсібі күшті дамыған (металдан, сүйек пен мүйізден, тас пен саздан, ағаштан, керамикадан жасалды) . Сауда дамығандығын жібек маталар, айналар, нефриттен істелген бұйымдар көрсетеді.
Қоғамы
Патриархалды-рулық қарым -қатынастардың белгілері өте күшті болған. Ғұндар 24 руға бөлінген. Олардың басында ағамандар тұрған. Ағамандар кеңесі мен халық жиналысы жұмыс істеген. Әскери тұтқындардан құралған құлдар да болған. Жазба деректр ғұндар қоғамындағы өкімет белгісі туралы мәлімет те қалдырған. Елді шаньюй басқарған. Одан кейін түменбасылар болды. Ғұндар қоғамында мал мен жерге жеке меншіктің пайда болуы, тұрпайы бюрократтық аппараттың құрылуы, алым-салық, жазу-сызудың болуы таптық қоғам мен мемлекеттің пайда болуын туғызды.
Ғұндардың юэчжилермен, Қытаймен, үйсіндермен, қаңлылармен қарым-қатынасы
Ғұндардың юэчжи тайпасымен күресі ғұндардың жеңісімен аяқталды. Юэчжилер тек біздің заманымызға дейін 174-165 жылдары түпкілікті талқандалды. Нәтижесінде, юэчжилер Орталық Азияға шегініп, Әмударияның жоғарғы ағысына жылжиды. Ғұндарға бағынғандардың арасында үйсіндер де бар еді. Қытай жазбаларында 36-ға жуық көрші ұлыстардың бағындырылғандығы айтылған. Мөде біздің заманымызға дейін 174 жылы қайтыс болды. Мөденің баласы Лаушан тұсында юэчжилер тасталқан болып жеңіліп, олардың бір бөлігі Жетісуды мекен етті. Жетісудағы сақтардың бір бөлігі юэчжилердің қысымынан Ферғананы басып өтіп, Парфия, Бактрияға жылжып, келесі бір бөлігі Ауғаныстан СолтүстікҮндістанға (Кашимир) өтіп кетеді. Үлкен юэчжилер Жетісуды 30-40 жыл шамасындай ғана иемдене алды. Кейін Жетісуды үйсіндер юэчжилерден тартып алды. Ғұндардың әскери көмегінің арқасында үйсіндер осылайша Жетісуға орналасқан болатын. Батысқа қарай ығысқан юэчжилер Бактрияны өзіне бағындырады. Олардың енді бір бөлігі үйсіндермен араласты.
Ғұндар мен Қытай арасында айырбас сауда жүріп тұрды. Бұл, әсіресе ғұндарға тиімді еді. Біздің заманымызға дейін 158 жылы шекарадағы сауда көздерін кеңейту мақсатында тәңіркұты Қытайға қарсы соғыс ашты. Біздің заманымызға дейін 152 жылы ғұндармен тағы сауда жөніндегі шартқа қол жеткізеді. Шекаралық аймақтарда сауда орындары ашылады. Сонымен қатар Гобиден оңтүстікке қарай жайылымдарды қайтарып алады. Б. з. б. 133 жылы ғұн-қытай соғыстарының жаңа кезеңі басталды. Бұл жолы соғысты қытайлықтар бастады. Әскери кимылдар бұрынғы ғұн аумағына ауысты. Соңғы ұрыста 90 мың ғүн әскері талқандалды. Біздің заманымызға дейін 90-жылдардағы қақтығыстарда 70 мың қытай әскері ғүн әскерін жеңе алмады. Өз күшімен ғұндарды жеңе алмайтындығына көзі жеткен Қытай билеушілері енді 20 жыл үзілістен кейін басқа көшпелі тайпаларды ғұндарға қарсы айдап салуға кірісті. Біздің заманымызға дейін 71 жылы ғұндар бағындырған елдерді өз жағына тарта бастады. Солардың қатарында үйсін билеушісіне елші жіберіп, некелік байланыстар орнатады. Ғұндар да қарап қалмай, өз кезегінде үйсін күнбиіне (гуньмосына) бір қызын береді. Ал ғұндар мен қытайлықтар арасындағы текетірес одан әрі жалғаса берді. Ғұндар енді қытайлықтардың одақтасы - үйсіндерден кек алуға кіріседі. Үйсіндердегі қытай ханшасы император сарайына хат жолдап, үйсіндерге көмек беруін талап етеді. Қытайдың 100 мың атты әскері ғұндарға қарсы аттанады. Үйсіндердің өзі 50 мың әскер шығарады. Біріккен үйсін-қытай күштеріне қарсы тұра алмаған ғұндардың 39 мың беделді адамдары қолға түсіп, 700 мың малы жаудың қолында қалды. Бұл ғұндар үшін орны толмас ауыр соққы болдыБ. з. б. 71 жылы үйсіндерге қарымта шабуылға шыққан ғұндарға шығыстан дунхулар, батыстан үйсіндер шабуыл жасады. Ғұндар әскері ауыр жеңіліске ұшырайды. Бүкіл малдарының тең жартысынан айырылады. Үштен бір бөлігі ұрыс алаңында қаза табады. Адамдарының 3/10 бөлігі аштан өледі. Қытай әскерлері де үш бағытта шабуылдап, мыңдаған әскерді тұтқынға түсіреді. Қытайлықтар ғұндарға қарсы көршілерін айдап салуын жалғастыра берді. Ғұндардан тартып алған жерге әскери еңбек армияларын орналастырады.
Б. з. б. 59 жылы Қытай Батыс өңірді басқаратын орган кұрды. Енді ғұндардың өз ішінде де іріткі басталып, билікке талас туған еді. Билікке таласудан, ішкі-сыртқы дағдарыстардан ғұн мемелекеті ыдырап, біздің заманымызға дейін 55 жылы оңтүстік және солтүстік болып екіге бөлінеді. Хуханье шаньюй бастаған оңтүстік топ - Қытаймен бейбіт қарым-қатынас орнатты. Ал Чжи-Чжи бастаған ғұндардың солтүстік бөлігі Қытайдың қысымымен батысқа ауады.
Б. з. ІІІ ғасырдың бірінші жартысында Шығыс Қазақстан мен Жетісуға келген ғұн тайпалары V ғасырға дейін өмір сүрген Юэбан мемлекетін құрды. Бұрынғы солтүстік ғұндардың ұрпақтары болып саналған аталмыш мемлекет дәстүрлі тәңірқұты атағын алды. Деректерде юэбандықтардың тілі ежелгі түрік тіліне жақын болғандығы туралы мәлімет бар.
Үйсін мемелекеті
Үйсіндер Орталық Азия аумағындағы алғашқы таптық этнобірлестіктердің бірі болған. Қытай деректерінде үйсіндер туралы алғашқы деректі елші Чжань Цзянь жазған, оның топшылауына қарағанда үйсіндер ертеректе Цилянь-Шань мен Дуньхуан аралығында мекендеген, кейіннен Жетісуға қоныс аударған. Үйсіндердін мемлекеті б. з. б. ІІІ ғасырдан б. з. V ғасыр аралығында батыс шекарасы Шу, Талас өзендері бойымен Қаратаудың шығыс бөктерінен басталып, шығысында Бесбалық ауданымен шектессе, солтүстігінде Балқаш көлінен, оңтүстігінде Теріскей Алатауының бөктерін алып жатты. Елдің қалың қоныстанған орталығы Іле өзенінің аңғары болды, елдің ордасы Ыстықкөл мен Іле өзенінің оңтүстік аралығындағы Қызыл Аңғар қаласы болған. Қытай дерктерінде б. з. б. ІІ ғасырда үйсіндердің саны 630 мың адам, соғыс кезінде көптеген атты және жаяу садақшылардан тұратын әскер шығара алатындығы жазылған. Сондай-ақ, елдің оң қанат, орталық және сол қанат болып үшке бөлінетіндігі айтылады. Екі қанатты кіші гуньмолар басқаратыны және олар орталықтағы ұлы гуньмоға тәуелді болғаны және әр гуньмоларда тұрақты он мың жасақтары болды дейді. Деректерде үйсіндерді көшпелі ел, мал өсірумен қатар егіншілікпен айналысады деп көрсеткен. Жетісу жерінің ерекшелігіне байланысты үйсіндерді жартылай көшпелі тайпа болған деп айтуға толық негіз бар. Мысалы, Кеген өзенінің бойындағы Ақтасты қонысынан археологиялық қазба жұмыстары кезінде 11 бүтін және 15 сынған дәнүккіштер табылғаны және үйсіндердің өнделетін алқаптары көп жағдайда, су өздігінен ағып баратын тау бөктерінде орналасқаны осыған дәлел.
Үйсіндердің этногенез және этникалық тарихы.
Чжань Цзянь үйсіндерге елші болып келгенде, шығу тегіне байланысты аңызын жазып қалдырған. Бұл аңызда үйсіндерге көрші жатқан юечжилер шапқыншылық жасап, гуньмоларын бүкіл халқымен қырып салған. Аман қалған гуньмоның кішкене нәрестесі мен оның күтушісі ғана екен. Бір күні күтушісі тамақ тауып келуге кетіп қайта оралса, баланы қасқырдың қаншығы емізіп тұр екен. Мұны көрген күтуші әйел баланы алып, ғұндардың билеушісіне барады. Жас гуньмо ер жеткенше ғұн билеушісінің сарайында тәрбиеленіп өседі. Кейінен шаньюйден көп әскер алып юечжилерден кек алады және олардың жерлерін басып алыпты мыс. Бұл аңызда үйсіндерді Солтүстік Кытай жерінен Жетісуға қоныс аударғанымен қатар, этникалық жағынан ғұндармен жақындығына меңзейді. Кейбір деректерде үйсіндер жерінде мекендейтін тайпаларда «көлденең жазылатын» жазуы болған десе, мұндай деректерді археологиялық жәдігерлер де растайды. Ертіс өзені бойындағы бір үнгірден және Зыряновск руднигі маңынан табылған тоғыз руналық жазбаны зерттеп А Ремюза ХІХ ғасрдың 20-жылдарында ол жазбалардың солтүстік руналық жазуға ұқсастығын айтып өткен. Жазудың шығуы жөнінде «қытайларға У-сунь деген атпен белгілі және Христос туғанға дейін 100 жыл бұрын Ертіс жағасымен Зайсан көлінің батыс жағын мекендеген тайпалардың қолданғаны күмәнсіз» деп жазған еді. Кейіннен түркі жазуымен айналысатын мамандарда үйсіндер көне түрік руналық жазбаны қолданды, өздері де көне түркі тілдес болған деген пікір айтуда. Үйсін деген атаулар орта ғасырлық «Моңғолдың құпия шежіресінде» (ХІІІ ғ), Рашид-ад-Диннің еңбегінде (ХІV ғ) кездеседі. Қорыта келгенде көне қытай жазбаларындағы «У-сунь» тайпалары мен қазақтың Ұлы жүзіне ортақ атау болған үйсін тайпалық бірлестігі арасында этногенетикалық байланыс бар. Орта ғасырлық деректерде, сондай-ақ көне жазбалардағы «у-суньдар» мекендеген жерлер, әдет-ғұрыптары, шаруашылығы және күнделікті тұрмыс-тіршілігіндегі өзара ұқсастықтардан бүгінгі қазақ мәдениетінің сабақтастығын байқаймыз. Қырғыз халқында «үйшун» тайпасының болуына қарағанда, «у-суньдардың» бір бөлігі қырғыз халқының құрамына кірген сияқты. Бүгінде көне үйсін тайпасының бір бөлігі қазақ халқының құрамына еніп, қазақ ұлтының қалыптасуында елеулі рөл атқарды.
Әлеуметтік қатынастары.
Ежелгі үйсін қоғамында әлеуметтік теңсіздіктің болғандығы еш күмән туғызбайды. Үйсіндерде құлдар бола тұрса да, құл еңбегі өндіріс негізі болған жоқ. Құлдар негізінен соғыс тұтқындары болған. Жазба деректердің бірінде «б. з. б. І ғасырда үйсін гуньмосы Вэн Гуйми ғұндарға тұтқиылдан шабуыл жасап, 40 мың адамды айдап алып кетті» делінген, бірақ патриархалды-рулық қатынас күшті болған жерде еркін ұсақ өндірушінің құл болуы өте сирек болады. Әдетте құлдар мырзаны және оның отбасын күтуші малайлары болған.
Қоғамдағы теңсіздіктің тағы бір дәлелі, Жетісу жеріндегі үйсіндердің заманынан қалған мыңдаған обалар. Обалар негізінен көлемі жағынан үш түрге бөлінеді. Бірінші түрінің диаметрі 50-80 м және биіктігі 8-12 м болады. Мұндай үйінді астында жерленген адамдардың жанына көптеген алтын әшекей бұйымдар, ыдыс-аяқтар мен қару-жарақтар қойылған. Бұған мысал ретінде Шығыс Жетісудағы Теңлік обасын, Батыс Жетісудағы Қаракөл және Буранин обаларын айта аламыз. Обалардың екінші түрінің диаметрі 15-20 м, ал биіктігі 1-1, 5 м болады. Мұндай обалар жүзге тарта үйінділері бар қорымдарда топталған. Салынған заттар арасында көбінесе қару-жарақтар, ыдыс-аяқтар, қола әшекейлер және ішінара алтын әшекейлер де кездеседі. Ал үшінші обалардың диаметрі 5-10 м, биіктігі 30-50 см болады. Ондай обаларда мәйіт жанына бір-екі ыдыс, ішнара қола әшекейлер кездеседі, бір ерекшелігі мұндай обаларда қару-жарақ кездеспейді. Негізгі шаруашылығы төрт түлік мал өсіру болған соң меншік төрт түлікпен бірге жайылым жерлерге де тарады. «Цянь Ханьшу» жазбасында «бай үйсіндер 4000-5000 жылқы ұстайды» делінген. Осыдан кейін үйсіндерде байлықтың негізгі көзі шаруашылықтағы жылқының саны болған деуге болады.
Үйсіндердің көрші халықтармен байланысы.
Чжань Цзянь жазғаны мен кейін грек-римдік жазбаларында «ғұн-усундер» деп бірге атаулары олардың аралас-құралас қатынасын білдіреді. Б. з. б І ғасырдың екінші жартысында үйсіндер ғұндар мен қаңлылардың біріккен шапқыншылығына үшыраған. Түбі бір үйсіндермен ғұндар арасында соғыстардың шығуын б. з. б. І ғасырдағы «Халықтардың Ұлы қоныс аударуынан» кейін жайылым жерге таласу нәтижесінде туындаған деуге болады. Осы уақытта өмір сүрген Хань империясы билеушілерінің әрекеттерінен өздеріне қауіп төндірген көшпенді елдерді бір-біріне біріктірмей, керісінше «көшпенділерді көшпенділердің өз күшімен талқандау» саясатын ұстанғанын көруімізге болады. Бұл жолда Хань билеушілері ештеңе аямаған, көбіне құдаласу тәсілін қолданған дейді зерттеуші Н. Бичурин. Деректерден құдаласудың салдарынан, б. з. б. 64-51жылдары Хань әулетінің сарайы үйсіндердің ішкі ісіне, тіпті тақ мұрагерін тағайындау ісіне дейін араласқан. Бұл жағдай халық бұқарасының қарсылығын туғызды. Қалың бұқара ғұндармен одақтас болуды қаласа, сарайдағы билеушілер Хань империясының одағы болуды қалады. Біріншіден, қаңлылар мен үйсіндердің өзара қатынасы, этникалық туыстығы, шаруашылығы мен тұрмыс-тіршіліктерінің жақындығы болса, екінші жағынан екі елді басып өтетін «Ұлы Жібек жолының» дамуына екі жақта мүдделі болды. Осындай жағдай екі елден де көп жағдайда бейбіт және достық қарым қатынасты талап етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz