Ұлттық валюта тұрақтылығы және нақты сектор



Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгеріс болып табылады. Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселесін зерттеудің өзекті екені айқын.
Әрбiр елдiң ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндiрiс және айырбас үдерісінде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағам бағалы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Ұлттық валюта - мемлекеттің дербестігінің бір белгісі.
Қазақстанның валюта саясаты ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру теңгенің, валюта бағамының ауытқуын шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ұлттық валюта бағамындағы өзгерістерге шолу жасап өтсек,1991 жылы Одақтан бөлініп, тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде ұлттық валютаның қабылдануы екі жылға кешігуінің салдарынан орыстың сабан ақшасы экономикаға орасан шығын әкеліп, 90-шы жылдардың ортасында қиын жағдай туындады.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев “Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы” Жарғыға қол қойды. Осы жарғы негізінде 1993 жылы 15 қарашада ҚР-да сағат 8 –ден бастап ұлттық валюта – теңге енгізілді.
Ұлттық Банк бағамның ауытқуын тегістеу саясатын жүргізіп отырды, шетелдік валютаға сұраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, теңге бағамының қатты құлдырауын болдырмау үшін, ол валюта нарығында интервенцияны жүзеге асырды. Басқаша айтқанда, валюта сатты, соның нәтижесінде Ұлттық Банктің алтын-валюта резерві төмендеді. Валютаға деген ұсыныс сұраныстан асып кеткен жағдайда, Ұлттық Банк теңгенің қатты нығаюын болдырмау үшін ол валюта сатып алды. Осы кезеңде экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың (жұмыстары және қызметтері) экспортынан түскен міндетті түсімдерді енгізуі ұлттық валютаның белгілі бір тұрақтануына қол жеткізді.
Ал 2010 жыл Қазақстанның экономикасы үшін ең тұрақты жыл болды.Теңге доллар жұбының құбылмалылығы 1,6% құраған, ал Ұлттық банктің валюта нарығында нетто-интервенция жыл бойына 2 миллиард АҚШ долларына астам болған. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2010 жылғы ұлттық валютаның орташа бағамы 1 доллар 147,34 теңгені құрады.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Баяндама
Тақырыбы: Ұлттық валюта тұрақтылығы және нақты сектор

Орындаған: Қыдырмолданова Қ.
Тексерген: Керимбекова Н. Н.

2015ж

Қазақстан экономикасын әлемдік экономикамен байланыстыратын негізгі буын валюта саясаты мен ұлттық ақша бірлігінің валюталық бағамындағы өзгеріс болып табылады. Валюта бағамының деңгейі сыртқы саудаға, ұлттық өнімдердің әлемдік нарықтағы бәсекелестігіне, капиталдың қозғалысына, ақша айналымының қалпына және елдің бүкіл экономикасына айрықша әсер етеді. Валюталық бағамның өзгеру перспективасы бойынша мәселеге ғалымдар және көптеген сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар арасында қызу пікірталастар ұдайы жалғасуда. Осы көзқарастан валюталық саясат және ұлттық валютаның айырбас бағамын тұрақтандыру мәселесін зерттеудің өзекті екені айқын.
Әрбiр елдiң ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндiрiс және айырбас үдерісінде пайда болатын обьективтi құндық қатынастарына негiзделедi. Валюталық бағам бағалы валюталарға сұраныс пен ұсынысқа ықпал етушi көптеген факторларға байланысты өзгередi.
Ұлттық валюта - мемлекеттің дербестігінің бір белгісі.
Қазақстанның валюта саясаты ұлттық валютаның әлемдік қаржы нарығындағы тұрақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған. Оның валюта бағамының салыстырмалы тұрақтылығына инфляциямен сауда және төлем балансы сальдосының деңгейлері арасындағы нақты арақатынастарын реттеу жолымен қол жеткізіледі. Мемлекеттің сыртқы резервтік активтерінің түпкілікті есебіне төлем балансы тапшылығын қаржыландыру соңғы саты болып саналады. Оны теңестіру теңгенің, валюта бағамының ауытқуын шектеуді тікелей мақсат ететін валюта нарығындағы валюталық интервенцияның тетігі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ұлттық валюта бағамындағы өзгерістерге шолу жасап өтсек,1991 жылы Одақтан бөлініп, тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде ұлттық валютаның қабылдануы екі жылға кешігуінің салдарынан орыстың сабан ақшасы экономикаға орасан шығын әкеліп, 90-шы жылдардың ортасында қиын жағдай туындады.
1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев "Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға қол қойды. Осы жарғы негізінде 1993 жылы 15 қарашада ҚР-да сағат 8 - ден бастап ұлттық валюта - теңге енгізілді.
Ұлттық Банк бағамның ауытқуын тегістеу саясатын жүргізіп отырды, шетелдік валютаға сұраныс ұсыныстан асып кеткен жағдайда, теңге бағамының қатты құлдырауын болдырмау үшін, ол валюта нарығында интервенцияны жүзеге асырды. Басқаша айтқанда, валюта сатты, соның нәтижесінде Ұлттық Банктің алтын-валюта резерві төмендеді. Валютаға деген ұсыныс сұраныстан асып кеткен жағдайда, Ұлттық Банк теңгенің қатты нығаюын болдырмау үшін ол валюта сатып алды. Осы кезеңде экспортқа өнім шығарушы кәсіпорындардың (жұмыстары және қызметтері) экспортынан түскен міндетті түсімдерді енгізуі ұлттық валютаның белгілі бір тұрақтануына қол жеткізді.
Ал 2010 жыл Қазақстанның экономикасы үшін ең тұрақты жыл болды.Теңге доллар жұбының құбылмалылығы 1,6% құраған, ал Ұлттық банктің валюта нарығында нетто-интервенция жыл бойына 2 миллиард АҚШ долларына астам болған. Ұлттық банктің мәліметтері бойынша, 2010 жылғы ұлттық валютаның орташа бағамы 1 доллар 147,34 теңгені құрады.
Валюта нарығындағы ахуалды тұрақтандыруға және халықтың девальвациялық күтулерін төмендетуге бағытталған уақытша шара ретінде енгізілген валюталық дәліз теңгенің нығаюына күшейіп келе жатқан үрдіс жағдайларында өз қажеттілігін жойды. Бұған әлемдік нарықтардағы қазақстандық экспорттың негізгі позицияларына оңтайлы баға конъюнктурасы және төлем балансының жай-күйі себепші болды.
ҚР ҰБ валюталық саясатта қазіргі қаржы экономикалық дағдарыс жағдайында теңгенің қалқымалы девальвациясын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында валюталық режимді ырықтандыру тұжырымдамасы
Валюталық қатынастар және валюта жүйесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің ақша-несие саясатының ерекшеліктері және оның нарық кезеңіңде тауарлар мен ақша нарығындағы тепе-теңдікке әсері
Қазақстанның ақша - несие саясаты
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
ҚР инфляциялық жағдайы, себептері мен оған қарсы күрестің жолдары
Ұлттық банк ақша - несие саясатының ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы
Төлем балансының теориялары
Қаржы тұрақтылығының біріктірілген индексі базасында банк жүйесінің қаржы тұрақтылығын бағалау
Пәндер