Жылдам тамақтандыру мейрамханаларының түрлеріне сипаттама



Жылдам тамақтандыру мейрамханалары дегеніміз – тұтынушыға белгілі – бір уақыт арасында тұтынушығы ұсынылатын тағамдар түрлері болып саналады. Жылдам тамақтандыру мейрамханаларының түрлеріне:
1. Kentucky Fried Chicken немесе KFC;
2. Burger King;
3. McDonald’s;
4. Hardee’s.
Kentucky Fried Chicken немесе KFC – (ағылшынша Kentucky Fried Chicken – Кентуккиден әкелінген қуырылған тауық еті) – фастфудтың америкалық мейрамхана желісі. Өзіне танымдылықты тауық етінен жасалған фирмалық тағамдар – майға қуырылған тауық аяқтары және т.б. тамақтарға байланысты болды. Оның негізін 1952 жылы Гарланд Сандерс (Полковник Сандерс) қалаған болатын. Франшиза бойынша ашылған бірінші мейрамхана Солтүстік – Лейк – Ситиде ашылды. Новосибирскіде 2010 жылға дейін Ресейде «Ростик’c» (Росинтер Ресторанс) және KFC ( пицца Норд, кейін AmRest компаниясының иелігіне өтіп кетті) желісімен берілген болатын. Желі корпоративтік мейрамханалармен (ООО «Национальная сеть ПБО» франчайзингпен жұмыс істеп келе жатқан мейрамханалармен көрсетілді. 2011 жылы наурыз айында «РОСТИК’С KFC» бренді бойынша, 154 жылдам қызмет көрсету мекемесі бойынша, олар Ресейдің 21 және дүниежүзінің 4 қаласында жұмыс істейді. Франшиза бойынша, 100 орындай ашылады.
«KFC» мйерамханасының брендінің атрибуттарына тоқталатын болсақ
* Бренд атауы: KFC
* Түсі: қызыл және ақ
* Символы: Колонел Харланд Сандерстің суреті мен «KFC» жазуы
*Мастер бренд: брендтің артықшылыққа ие болғаны соншалық, ойға бірден келеді.
Сонымен қатар, «KFC» мейрамханасы өзіндік жеке бір реттік орау түрлерін жасайды. Мейрамхана отбасылық орау түрлерін де ойлап тапқан. Олар адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін экологиялық таза, қағаздан жасалған орамаларды жасайды. Сондай - ақ, брендтік маркировкасы да бар. Орамалардың артықшылықтары:
- Экологиялық таза;
- ыстықты ұзаққа сақтайды;
- тағамның артық майларын сіңіріп алады;
- ыңғайлы.
Мейрамхана миссиясы : Батыстық үлгідегі мейрамханалар арасында көшбасшылыққа жету үшін қажет: ынтымақты қызмет көрсету, жақсы сапалы өнім, таза атмосфера.

Пән: Өнеркәсіп, Өндіріс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
0.2 Жылдам тамақтандыру мейрамханаларының түрлеріне сипаттама

Жылдам тамақтандыру мейрамханалары дегеніміз - тұтынушыға белгілі - бір уақыт арасында тұтынушығы ұсынылатын тағамдар түрлері болып саналады. Жылдам тамақтандыру мейрамханаларының түрлеріне:
1. Kentucky Fried Chicken немесе KFC;
2. Burger King;
3. McDonald's;
4. Hardee's.
Kentucky Fried Chicken немесе KFC - (ағылшынша Kentucky Fried Chicken - Кентуккиден әкелінген қуырылған тауық еті) - фастфудтың америкалық мейрамхана желісі. Өзіне танымдылықты тауық етінен жасалған фирмалық тағамдар - майға қуырылған тауық аяқтары және т.б. тамақтарға байланысты болды. Оның негізін 1952 жылы Гарланд Сандерс (Полковник Сандерс) қалаған болатын. Франшиза бойынша ашылған бірінші мейрамхана Солтүстік - Лейк - Ситиде ашылды. Новосибирскіде 2010 жылға дейін Ресейде Ростик'c (Росинтер Ресторанс) және KFC ( пицца Норд, кейін AmRest компаниясының иелігіне өтіп кетті) желісімен берілген болатын. Желі корпоративтік мейрамханалармен (ООО Национальная сеть ПБО франчайзингпен жұмыс істеп келе жатқан мейрамханалармен көрсетілді. 2011 жылы наурыз айында РОСТИК'С KFC бренді бойынша, 154 жылдам қызмет көрсету мекемесі бойынша, олар Ресейдің 21 және дүниежүзінің 4 қаласында жұмыс істейді. Франшиза бойынша, 100 орындай ашылады.

Сурет 6 . KFC жылдам тамақтандыру мейрамханасының логотипі [20]

KFC мйерамханасының брендінің атрибуттарына тоқталатын болсақ (сурет 6):
* Бренд атауы: KFC
* Түсі: қызыл және ақ
* Символы: Колонел Харланд Сандерстің суреті мен KFC жазуы
*Мастер бренд: брендтің артықшылыққа ие болғаны соншалық, ойға бірден келеді.
Сонымен қатар, KFC мейрамханасы өзіндік жеке бір реттік орау түрлерін жасайды. Мейрамхана отбасылық орау түрлерін де ойлап тапқан. Олар адам денсаулығына және қоршаған ортаға зиянын тигізбес үшін экологиялық таза, қағаздан жасалған орамаларды жасайды. Сондай - ақ, брендтік маркировкасы да бар. Орамалардың артықшылықтары:
- Экологиялық таза;
- ыстықты ұзаққа сақтайды;
- тағамның артық майларын сіңіріп алады;
- ыңғайлы.
Мейрамхана миссиясы : Батыстық үлгідегі мейрамханалар арасында көшбасшылыққа жету үшін қажет: ынтымақты қызмет көрсету, жақсы сапалы өнім, таза атмосфера.
KFC мейрамханасының мақсаттары:
- Жоғары артықшылыққа ие болатын шынайы ұйым құру;
-Тізбекті тез арада жеткізу қызметі сапасы мен өнімдеріміз бен қызметтеріміздің құндылығы;
- Болашаққа қарай даму үшін инновациялық факторды үнемі ескеру;
- Нарық өзгерістеріне тез бейімделу;
- Басшылар мен жұмысшылардың кірістері мен пайдаларын жасау;
KFC мейрамханасының құндылықтары:
- Барлық ресурстарды мейрамхананың оперативті қызметіне жұмсау. Өйткені, тұтынушымен байланысты барлық қызметтер осы жерлерде жасалады;
- KFC мейрамханасындағы әрбір индивидтің қосқан үлесі үшін марапаттау және құрмет көрсету;
- Біліктілікті шыңдау;
- Бір - біріне және басқаларына ашық, шынайы және тікелей қарым - қатынас жасау;
- Барлық уақытта өзімізді персоналды, кәсіби жоғары стандарттарына итермелеу;
- Бәсекелік қабілетіміздің негізгі - кілті инновация, инновациялық идеяларды үнемі жаңғыртуға күш салу;
- Нәтижелерді марапаттау және жай ғана талпыныстар емес;
- Сатуда, пайда мен ұйым көлемін дамытуға мейрамхананы толықтай арнау;
- Топ болып жұмыс жасау.
2011 жылы тамыз айында РОСТИК'С KFC брендінің жойылу процесі жүргізіліп, барлық мейрамханаларды KFC түрінде жабдықтай бастайды (сурет 6). Сыртындағы балапанның орнын желінің негізін қалаған Гарланд Дэвид Сандерс ауыстырса, ал РОСТИК'С KFC атауының орнын KFC ауыстырды. 2006 жылы Арменияда Ереван қаласында ашылып, KFC Ростикс деп аталды, кейін KFC деп өзгертілді. Танымал мултьсериал South Park - тың 14 сезонының 3 эпизоды толығымен KFC желісіне арналған. Осы эпизодта KFC өсіп келе жатқан жастар арасында есірткі сынды өнім ретінде ұсынылады. Мәскеуде KFC тамақтары Баскет 25 ащы қанаттар, Баскет Дэут (2 тілім, 4 ащы қанат, 2 түпкінұсқасы немесе 2 ащы стрипс, 2 кішкене картофель фри), Баскет Большой Куш (Үлкен Куш) (3 тілім, 9 қанаттар, 4 түпкінұсқасы немесе ащы стрипс). Санкт - Петербургте : Баскет 30 ащы қанаттар, Баскет Гигант (балапанның 6 тілімі, 10 ащы қанат, төрт кішкене картоп), Баскет Дэут ( 2 тілім, 4 ащы қанат,4 стрипс , 2 кішкене картофель фри), Баскет Для Друзей (6 стрипс, 14 ащы қанат), Чикен поп корн, Снек Бокс, жүгері қазіргі заманның динамикасына бағытталған белсенді, табысты, денсаулығы мықты болам деген мақсаты бар адамдарға арналады. Kentucky Fried Chicken - бұл жылдам қызмет көрсету, дәмі әрі пайдалы тағам мен көтеріңкі көңіл күй. Мұнда атақты қытырлақ себіндісі бар тауық етін арнайы рецепт бойынша татуға мүмкіндік бар. Тауық етін дайындау рецепті қатаң құпия түрінде ұсталуда : оның негізінде 11 шөп пен себінділер қоспасы кіреді. Ас мәзірінде KFC атақты хиттерін Original Recipe, Twister және Zinger және қонақтардың сүйікті KFС тауық етінен жасалған кәуап пен самсаны жеуге болады [21].
KFС тауық етін дайындаудың маманы болып табылады. Желі тек сапалы жемді пйдаланатын және де барлық талаптарды қамтамасыз ететін жабдықтаушылардан ғана тауық етін алуда. Тамақтарды дайындауда қолданылатын тауық етін қатаң іріктеуден өтеді. Барлық өнімдер арнайы фургондармен жеткізіледі, жеткізудің барлық деңгейлерінде температуралық бақылау жүзеге асырылады. Тамақтарды арнайы уақытты электронды бақылау мен дайындау температурасын қатаң бақылай отырып, дайындалады. KFС жаңадан бастау алып келе жатқан ребрендингті 2012 жылдың соңына қарай бітіруге жоспарлауда. Қазіргі таңда KFС Ресей мен ТМД - да 164 мейрамханасы бар, оның 50 - і корпоративтік және 114 - і франчайзинг жүйесі бойынша жұмыс істейді. Қызметкерлер саны 5000 шамасында. Осыдан басқа компания жергілікті жабдықтаушылар мен өздерінің тамақтарын дайындауда тек жақсы азық - түліктерді пйдаланатын өндірушілерден ғана алады. KFС 2015 жылы өздерінің жүйелерін 300 мейрамханаға дейін үлкейтуді, яғни жыл сайын 30 жаңа мейрамхана ашуды көздеп отыр. KFС брендінің имиджін қалыптастырудың негізгі құралы ретінде SO GOOD концепциясы болады. Ол тұтынушыларда брендтің негізгі құндылықтарын қабылдау мен қарым - қатынастарды қалыптастыру үшін көмектеседі. Маркетингтік компания барысында, коммуникацияның сан қилы түрлерін - теледидар, сыртқы жарнама, интернет және әлеуметтік желіде тарату белсенді қолданылуда.
Бүгінде қарапайым халықтың фаст - фуд тағамдарымен жиі тамақтанатын ын жақсы білеміз. Әлемде фаст - фуд тағамдарын дайындайтын брендтердің де бірнешеуі бар. Атап айтар болсақ, McDonalds, Subway, Burger king, KFC, Wendy's, Hardee's, Taco bell т.б. Олардың біршамасы біздің елімізде танылып үлгерді. Бүгін біз отандастарымыздң асқазанын жаулап алған KFС тағамын жеген кез - келген адам міндетті түрде екінші рет іздеп барады. Кейбіреулерінің жиі жеп тұратын сүйікті тағамына айналды. KFС қалай пайда болды? Және де оның сыртындағы сақалды кісі кім? Деген сұрақтар жиі қойылып жатады [21].
Гарланд Сандерс 1890 жылы 9 қыркүйекте Америкада жұмысшы отбасында дүниеге келген. Балалық шағы қиындықпен өткен. Әкесі Генривилль қаласында ұсақ - түйек жұмыс атқарып, нәпақа тапқан. Анасы жұмыс істемейтін, үйдегі үш баланы қараумен айналысатын. 6 - сыныпта оқып жүрген кезінде Гарландтың әкесі кенеттен қайтыс болып, оның өмірі күрт өзгеріске ұшырайды. Анасы балаларын асырау үшін түрлі жұмыстар атқара бастайды. Ал үйдегі інісі мен қарындасына қарау міндеті кішкентай Гарландқа жүктеледі. Осы жайт оның өмір жолына өзгеріс енгізді десе де болар. Өйткені, анасы үйде жоқта ас дайындауды үйренген Гарланд, сол аспаздық қасиетімен тез арада көптің мақтауына іліге бастайды. Алайда, бала Гарланд мектептегі сабағынан қол үзіп қалады. Ол анасына қолғабыс ету үшін көрші Гринвуд қаласына фермаға жұмысқа барады. Бұл уақытта анасы екінші мәрте тұрмысқа шығады. Үй ішінде қаражат мәселесі біраз шешілгенімен, Гарланд өгейлікті сезіне бас-тайды. Содан бәрін тастап, 15 жасында басқа қалаға жұмыс жасауға кетіп қалады. Ауыл шаруашылығымен айналысқысы келмей, трамвай кондукторы болып орналасады. Ал бір жылдан соң Кубаға әскерге сұранады. Бірақ, әскерге қабылдануға жасы әлі жетпейтін. Сөйтіп, ол туған жылын екі жасқа ұлғайтып алады. Әскери болуды жанына жақын көрмеген Гарланд жылға жетпей тағы өзгерісті қалайды. Содан АҚШ - тың теміржол компаниясына от жағушы болып орналасады. Осы кезде тұрақты қаражат таба бастап, ол Клавдия есімді аруға үйленеді. Өкініштісі, үйленген бетте жұмысынан айрылып қалады. Осылайша, Гарланд қырық жасына дейін түрлі болмашы жұмыстардың сан түрін атқарып шығады. Оның үш баласы болады [21].

Сурет 7 .Гарланд Сандерс [22]

1950 жылдан бастап Сандерс жеке имиджін қалыптастыра бастайды. Сақал өсіреді. Көпшілік алдында тек ленталы галстугымен, ақ костюммен ғана жүреді. Өмірінің соңындағы жиырма жыл бойы ол басқа киім кимеді. Тек, қыста қалыңдау тоқыма ақ костюм кисе, жазда дәл сол стильдегі костюмнің жұқасын киініп шығатын. Бәрінің жадында ол сол қалпымен есте қалды. Бүгінде әлемнің түкпір - түкпірінде KFC мейрамханаларының логотиптерінде сол имиджімен бейнеленген (сурет 7).
Сандерстің миллионға дейінгі бес қадамы:
1. Ол атқарған жұмыс түрлері: ферма жұмысшысы, трамвай кондукторы, америкалық әскер жауынгері, ұстаның көмекшісі, паровоздың от жағушысы, соттағы заңгерлік курстардың тәлімгері, сақтандыру агенті, жүк тасушы, кеме капитаны, автокөлік дөңгелектерін сатушы және көлік жөндеуші.
2. 40 жасында өмірі өзгеріске түседі: Сандерс жеке шаруамен айналысуды ойлап, көлік жасау шеберханасын ашады. Сол жерге көлігін жасатуға келгендерге қосымша жасап сата бастайды. Ол Кентукки штатындағы Корбин бекеті еді. Бұл жол бойында ерсілі - қарсылы бағыттарда жол жүретін адам қатары таусылмайтын.
● Полковник Сандерстің лақап аты Мэл Брукстың Ғарыштық жұмыртқалар әзіл фильмінде қолданылған. Фильмнің жағымсыз кейіпкерлерінің бірі полковник Сандурз деп аталады.
● Жапон жазушысы Харуки Муракамидің Жағажайдағы Кафка романында полковник Сандерс кездесетін эпизодтар бар.
● Жапониядағы KFC алдында полковник Сандерстің ескерткіші бар.
3. 47 жасында тұтынушылар көңілінен шыға бастағанын түсініп, жеке мейрамхана ашады. Себебі, Сандерстің шеберханасындағы қуырылған дәмді тауықтары туралы аңыз алысқа тарай бастайды. Соның арқасында ол көлік дөңгелегін жөндеуді қойып, 142 орындық мейрамханасы бар қонақүйде ас дайындай бастайды. Ол мейрамхананы көпшілік Полковник Сандерстің кентуккилік қуырылған тауықтары деп атап кетті. Кейін ол жер Гарланд Сандерстің мұражайы мен дәмханасына айналды. Келесі тоғыз жыл бойына ол тауықты дәмді қуырудың түрлі әдістерін ойлап табумен шұғылданады. 1935 жылы губернатор Руби Лафонның қолынан Кентукки полковнигі құрметті атағын алады. Ал 1950 жылы губернатор Лоренс Везербидің қолынан осы атаққа екінші мәрте ие болады. Шын мәнінде, Сандерс ешқашан әскери қызмет атқарған емес. Полковник атағы оған қоғамдық белсендігі үшін берілген. Жеке ісі дами бастағанда Гарланд қоғамдық жұмыстармен белсенді түрде айналыса бастайды.
4. 62 жасында полковник Сандерс ісі тоқырауға ұшырайды. Өйткені, оның мейрамханасы сәтті орналасқан жол торабының бағыты өзгеріп, оның тұтынушылары күрт азаяды. Сол жасқа дейін жеке мейрамханасы бола тұра, Сандерсті миллионер деу қиын еді.
Сандерс ұсынған ноу - хау түрлері:
1. Тауықты маринадтауға арналған 11 түрлі нәрсе қосылған арнайы дәмдеуіш.
2. Тауықты жылдам қуырудың технологиясы. Ол әдеттегі 30 минут емес, 15 минутта жылдам әзірлеу әдісін тапты.
5. Кәсібін тоқыраудан құтқару үшін ол тауықтарын (балапандарын) басқа мейрамханаларға сата бастайды. Сөйтіп, ол Американы аралап, балапан етін дәмді қуырудың әдісін үйрете бастайды. Тапсырыс берушілерді табу да оңайға соқпады. Әуелде ол өзінің әрбір қуырылған балапан еті үшін мейрамханалардан бар - жоғы 5 цент қана алатын. Бірте - бірте полковник авторлығы үшін қаржының үлесіне ие болып отырды. Сөйтіп, ең ақыры 70 жасында миллионер атанады. Содан 60 - жылдардың басында АҚШ - та Гарланд Сандерстің бірнеше жүздеген мейрамханасы пайда болды. 1964 жылы Сандерс корпорациясын кіші Джон Браун есімді кентуккилік кәсіпкерге 2 миллион долларға сатады. Компаниясы бренд ретінде танылып, өзі соның келбетіне айналады.
Гарланд Сандерстің қуырылған дәмді тауықтарының дайындалу құпиясы туралы бәрі де білгісі келе бастайды. Бірақ, ешкім де Сандерстің құпиясын таба алмайды. АҚШ - та бірнеше аспаздық кітап авторлары Сандерстің құпиясы туралы өз нұсқаларын жазады.
Сандерстің өзі болмаса да, KFC бар. Ол 1980 жылы 16 желтоқсанда 90 жасында Кентукки штатында өкпе қабынуынан көз жұмады. Сандерс өмірінің соңғы жылдарында ғана өзіне көңіл бөле бастайды. Ауыр жұмыстан демалуды үйренеді. Саяхаттайды. Гольф ойнайды. Әйелі Клаудия екеуі Claudia Sanders' Dinner House атты жеке мейрамхана ісін жүргізеді. Қысқасы, полковник қазасынан кейін де KFC өз жұмысын тоқтатпады. Дәл қазір бұл компанияда әлем бойынша 25 мыңға жуық адам қызмет жасайды. Былтыр компанияның жылдық табысы жарты миллиард долларға жетті.
Burger King Corporation (орыс тілінде Бургер кинг корпорейшн деп оқылады) (NYSE: BKC) - жылдам тамақтандыру мейрамханаларының желісі, американдық компания. Штаб - пәтері Майамиде, Флорида штатында.
Burger King - нің ең бірінші мейрамханасы ең басында Insta Burger King деп аталып, 1954 жылдың 4 желтоқсанында Майами қаласының қалашығында Джеймсом Макламор мен Дэвид Эджертонмен (екеуі де - Корнельский университетінің түлектері) ашылған болатын. Макламор McDonald's мейрамхана желісіне барып, ол кезде мейрамхана Калифорния штатындағы Сан - Бернардинодағы ағайынды Дик және Мак Макдоналдтардың иелігінде болған еді. Онда ол гамбургерлерді дайындаудың өндірісімен, құрал - жабдықтарымен танысып, фастфуд жүйесінің өзіндік түрін шығарып алғысы келді. 1959 жылы Burger King мейрамханаларының жүйесі Майами мен оның қалашықтарында беске дейін өсті. 1960 жылы Макламор мен Эджертон Burger King жылдам тамақтандыру мейрамханаларын франчайзинг жүйесімен ұлттық деңгейде ұлғайтуды көздейді. Дәл осы уақытта олар Burger King Corporation атауын тіркеп және АҚШ - та жеке кәсіпкерлерге франшизаны сата бастайды. 2006 жылы компания қауымдық болады.
2010 жылдың ортасына қарай, компанияның ірі иелері : TGP Capital (структура Texas Pacific Group, 11,1 %), Goldman Sachs (10,3 %). 2010 жылы қыркүйек айында компанияның бөлігін 4 млрд. $ - ға 3G Capital (бразильдік инвесторлармен бақыланады) сату жайлы келісімді жариялайды. Директорлар кеңесінің төрағасы мен бас басқарушысы - Джон Чидсей (John W. Chidsey).
Дүниежүзінің 75 елінде Burger King - тің 12 мыңнан астам мейрамханасы жұмыс істейді. Олар күнделікті түрде 12 млн. адамға қызмет көрсетуде. Оның 1300 - і компанияға, ал қалғандары франчайзинг бойынша жұмыс істейді. Израильде барлық мейрамханалар кошерлік болып келеді. Австралияда 1996 жылы барлық мейрамханалар соттық істерден кейін жабылып, не болмаса Hungry Jack's атауына өзгертеді.
2009 жылы персоналдың саны 38,9 мың адамды қамтыды. 2010 жылдың маусымында аяқталған желінің қаржылық жылдан алған табысы 2,5 млрд.$ ( алдыңғы жылдармен салыстырғанда, 2,3% - ға төмендеген), таза табысы - 186,8 млн. $ ( 1% - ға төмендеген) құрайды.
Мейрамхана әрқашан, жас, мақсатты адамдарға толы болады. Burger King - тің өзінің концепциясы да күлкі мен бақытқа сәйкес келеді. Алаңғасар Кинг - мекеме символы. Оның көңіл - күйі әрқашанда көтеріңкі және де ол келген қонақтарды ең дәмді деген бургерлер мен позитивті эмоциялармен қарсы алады. Кингтің тағдырлық бұйрықтары оның патшалығын тек отаны АҚШ - та ғана емес, Батыс пен Шығыс Европаның барлық қалаларында танымал етті. Ондай бұйрығының біреуі - Burger King - тің тамақтары отта майды қолданусыз пісірілуі керек деген. Тамақтарды дайындаудың бұл әдісі - вопперлер мен чизбургерлерді, тендеркриспи және нагетсбургерлерді пайдалы және тойымды етеді (сурет 8).

Сурет 8. Burger King логотиві [23]

Ресейдегі ең бірінші мейрамхана желісі 2010 жылдың 20 қаңтарында Метрополис (метро Войковская) ойын - сайық орталығында ашылды. 2011 жылы тамыз айында Ресейде желінің 28 мейрамханасы, оның 22 - і Мәскеу мен Мәскеу облысында , ал 6 - ы Санкт - Петербургте ашылды.
Burger King - тің ресейлік мейрамханаларына азық - түліктерді тек отандық өндірушілер ғана тасымалдайды. Желінің қазіргі таңда Ресейдегі жабдықтаушылары 30 - 40 шамасында, оның 50% - нан астамы жергілікті өндіруші болып табылады. Фирмалық гамбургерлердің котлетіне қажетті сиыр етін мысалыға, "Иналко" атты ресейлік компания тасымалдайды. Франчайзтер азық - түліктерді тек сертификацияланған жабдықтаушылардан алуда. Ол тек американдық компаниямен ғана мақұлдануы керек. Burger King - тің франчайза мейрамханаларындағы сапаны Европа мен АҚШ - та арнайы дайындықты өткен қызметкерлер бақылайды.
Burger King қазіргі таңда өзінің атын дамыту мақсатында жарнама, сан қилы роликтер түсіруде. Соның бір дәлелі ретінде Burger King - тің "Темный Рыцарь" фильмін дамыту мақсатындағы жұмысын атауға болады. 2010 жылы Burger King - тің ас мәзірінің арасында "Dark Whopper" деп аталатын жаңа тағам түрі пайда болады. Сол кезбен бірдей уақытта компания жарнама түсіріп, оны бүкіл каналдарға таратады. Ол жарнаманың негізгі лозунгы ретінде "Өзіңнің қараңғы бөлігіңді тамақтандыр!" деген сөздер қолданылған.
Burger King мейрамханалар желісін Қазақстанда бұрыннан бері күтті. Бір жыл бұрын ашылған Burger King нарықтағы басты ойыншыға айналды. Кеудемсоқ жоспарларды жүзеге асыру мақсатында компания әйгілі және тәжірибелі басқарушы Самир Нашедті шақырды және ол бізге Қазақстандағы Burger King туралы баяндап береді [24].
Египетте дүниеге келдім, кейін Ұлыбританияға қоныс аудардым, сонда 1984 жылы Қонақүй менеджменті бағыты бойынша магистр деңгейін алдым. Кейін Charles Dickens Hotel - де қонақтардың тұруы мен орналастыру бойынша бөлімнің директоры ретінде жұмыс атқара бастадым. Өзім болмысымнан жігерлі болғасын, қонақ - үй бизнесінде менің кәсіби өсуім айтарлықтай жай өтіп жатқанын байқадым, сөйтіп өзімнің қызмет саламды ауыстыруды жөн көрдім. Жуық арада мен Британиядағы ең ірі мейрамхана желісінің, яғни Deep Pan Pizza Company - ның қызметкерлеріне таныстырылдым, осы кездесуден кейін маған операциялық директор позициясын ұсынды.
Бұрын мен тез тамақтану саласында еш жерде жұмыс атқармаған едім. Менеджер көмекшісі ретінде бастап, тез арада жекеленген мейрамхананың директоры қызметіне дейін өстім, кейін бірнеше жетекшілік позициялар болды, содан кейін Солтүстік Англия мен Шотландия аймағы бойынша директоры болдым. Компания Британиядағы Pizza Hut - тың басты бәсекелесі болды. Мен онда 8 жыл қызмет атқардым. 1995 жылы мені Кувейт пен Египет нарығындағы мейрамханалар торабын дамыту мақсатында Americana Group - қа жұмысқа шақырды. Сол кездері Americana торабы өз алдында айтарлықтай ірі компания болып саналды және KFC - ден Pizza Hut - қа дейін франшиза бойынша жұмыс істейтін 1000 - нан аса мейрамханалары болатын [24].
Мейрамхана және тез тамақтану бизнесі саласында жалпы 25 жылдан аса қызмет атқарып келемін, оның ішінде 15 жылы Еуропа, Америка, Таяу Шығыс, Африка және ТМД елдері басқарушы позициясында қызметке кетті.
Менің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылдам тамақтандыру мейрамхана желілері
Франчайзинг мейрамханалардың туризмге әсері
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан Жолдауы
Франчайзер үшін артықшылықтар
Франчайзинг түсінігі
Қонақ үй шаруашылығы туралы
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы
Гастрономиялық туризмнің арнайы белгілері
Франчайзинг жүйесі
ҚОНАҚЖАЙЛЫҚ ИНДУСТРИЯСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Пәндер