Жалпы жертану (сұрақ-жауап түрінде)


Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   

Жалпы жертану

  1. Ғаламшардағы Жердің орнына сипаттама беріңіз. Күн жүйесінің геоорталық және гелиоорталық модельдерін анықтаңыз.

Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда 3 інші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін орны. Жер эллипстік(дөғгелекке жуық) . Ердің нағыз беті, оның ауысып отыратын ұшы қиыры жоқ және сан алуан қыраттары мен офпаттары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермейді. Жердің формасы туралы түсінік алу үшін жердің шын беті емес тек теориялық беті зерттейді. Жер күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5, 975*1021 т, орташа тығыздығы 5, 517 г/см 3 , ауданы 510, 2 м лн км 2 . Сыртқы пішіні 3 осьті эллипсойдқа жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4, 5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ - тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған.

Күн жүйесі- Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Уран және нптун) Планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астеройдтардан) шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс

  1. Ғарыш әлемі, Құс жолы және оның құрылымы жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

Ғарыш әлемі: Ғаламның астрономиялы анықтамасының синонимы. Ғарыш жер төңірігендегі кеңістікті қамтитын жақын ғарыш және жұлдыздар мен галактикалар т. б кеңістігін қамтитын алыс ғарыш болып ажыратылады. Дүние жүзіндегі аса ірі ғарыш алаңдары Қазақстанда(Байқоңыр) және АҚШ та (Шығыс сынақ полигоны, флорида штаты) орналасқан. Оның жасанды серігі және дүние жүзіндегі тұңғыш ғарышкер Ю. А. Гагарин(12, 04, 1961ж) ғарышқа ұшты.

Құс жолы : Аспанда көзбен көруге болатын сақина немесе шеңбер тәрізді жарық. Алғаш рет Құс жолының жұлдыздарын 1610 жылы Г. Галилей тапқан, бірақ оның жүйелі зерттелуі ХVIII ғасырдың соңында В. Гершель телескоп арқылы көзге көрінетін жұлдыздарды зерттегенде ғана мүмкін болды.

Құс жолы дегеніміз Галактика деген де түсініктер баршылық . Құс жолы аспанда көруге болатын сақина немесе шеңбер тәрізді жарық, ал Галактика - жұлдыздар системасы. Галактик - кең көлемді қамтитын жұлдыздар системасы. Оған күн мен жерді қоса есептегенде бүкіл плонета енеді. Галактика - жұлдыз аралық кеңістіктегі әртүрлі типтегі жұлдыздарды, жұлдыз топтарын, газды-шаңды тұманды, жекелеген атаомдар мен

  1. Күн жүйесінің құрамы және оның планеталарына талдау жасаңыз.

Күн Жүйесі - Күннен, оны айнала қозғалатын 8 үлкен планетадан (Меркурий, Шолпан, Жер, Қызылжұлдыз, Есекқырған, Қоңырқай, Уран, және Нептун ), планета серіктерінен, мыңдаған кіші планеталардан (астероидтардан), шамамен 1011 кометадан және толып жатқан метеорлық денелерден құралған ғарыштық денелер жүйесі. Күннен ең алыс орналасқан планетаға дейінгі орташа қашықтық шамамен 40 а. б. немесе 6 млрд. км-ге тең.

Күн - Күн жүйесіндегі орталық дене болып саналады, оның массасы Күн жүйесіндегі барлық денелердің жиынтық массасынан 750 есе артық. Сондықтан Күн жүйесінің массалар центрі Күн қойнауында орналасқан. Барлық 9 үлкен планета Күнді айнала, дөңгелек дерлік орбита бойымен, бір бағытта қозғалады. Олардың орбиталарының бір-біріне қатысты көлбеулігі өте аз. Планеталардың Күннен қашықтығы белгілі бір заңдылыққа бағынған, яғни көршілес орбиталардың ара қашықтығы Күннен алыстаған сайын арта түседі. Планеталар қозғалысының физикалық қасиеттеріне байланысты Күн жүйесінің үйлесімді екі топқа бөлінуі ғарыштық денелердің кездейсоқ жиынтық емес екендігін көрсетеді. Барлық кіші планеталар да үлкен планеталар қозғалған бағытта Күнді айнала қозғалады, бірақ олардың орбиталары едәуір созылыңқы және эклиптика жазықтығына көлбеу орналасады. Кометалардың көпшілігі параболаға жақын өте созылыңқы орбита бойымен қозғалады. Айналу периоды миллиондаған жылға жетеді. Мұндай комета орбиталарының эклиптика жазықтығына көлбеулігі алуан түрлі, олар Күнді айнала тура және кері бағытта да қозғалады.

Шолпан мен Ураннан басқа планеталардың барлығының өз осінен айналу бағыты Күнді айналу бағытымен сәйкес келеді. Уран планетасының осі орбита жазықтығына 98° көлбеу орналасқан, сондықтан оның айналысы сырттай қарағанда кері болып көрінеді. Шолпан планетасы кері бағытта өте баяу айналады. Күн мен планеталар арасындағы қозғалыс мөлшерінің таралуы маңызды космогониялық сипаттама болып есептеледі. Күн жүйесінің орталық денесі Күн - жұлдыз, яғни қызған газды шар. Ол өзінің қойнауынан үздіксіз энергия бөліп шығарады. Күн бетінің күшті сәуле таратуына қарамастан, ол өзінің жоғары температурасын сақтап қалады. Күн жүйесінің қалған денелері - салқын денелер. Олардың бетінің температурасы Күн сәулесінің қыздыруына байланысты анықталады. Планеталар массасына, химиялық құрамына, айналу жылдамдығына, серіктерінің санына қарай екі топқа бөлінеді. Күн жүйесінің төрт ішкері планетасы (Жер тобындағы планеталар - Меркурий, Шолпан, Жер, Марс) аса үлкен емес, олар тығыз тасты заттар мен металдардан құралған.

Алып планеталар - Юпитер, Сатурн, Уран, Нептун және Плутон әлдеқайда көлемдірек, олар негізінен жеңіл заттардан (сутек, гелий, метан, т. б. ) құралған, сондықтан олардың орташа тығыздығы қойнауындағы зор қысымға қарамай аз болады. Планеталардың екі тобының аралығында орналасқан кіші планеталардың химиялық құрамы Жер тектес планеталардың құрамына жақын. Біршама тар аймақта қозғалатын кіші планеталар бір-бірімен соқтығысып, өте майда сынықтарға ыдырайды. Осындай майда сынықтар метеорлық денелердің соққысынан да бөлінеді. Ал өте майда тозаңдар қосылғанда, зодиактік жарық құбылысы байқалады. Метеориттердің жасын өлшеу (құрамындағы радиоактивті элементтерге және олардың ыдырау өнімдері бойынша) Күн жүйесінің шамамен 4, 6 млрд. жыл бұрын пайда болғанын анықтады.

  1. Жердің қозғалысы және оның географиялық салдарына сипаттама беріңіз.

Жер - Күн жүйесіндегі Күннен әрі қарай санағанда үшінші ғаламшар адамзаттың тіршілік ететін бесігі. Жер эллипстік (дөңгелекке жуық) орбита бойымен 29, 765 км/с жылдамдықпен 149, 6 млн. км орташа қашықтықта 365, 24 орташа күн тәулігі ішінде Күнді бір рет айналып шығады. Оның табиғи серігі - Ай. Ай Жерді 384000 км орташа қашықтықта айналады. Жер осінің эклиптика жазықтығына көлбеулігі 66°33´22˝, оның өз осінен айналу периоды 23 сағ 56 мин 4, 1 с. Жердің өз осінен айналуы себебінен Жерде күн мен түн ауысса, ал оның осінің орбита жазықтығына көлбеулігі мен Күнді айналуы салдарынан Жерде жыл мезгілдері өзгеріп отырады. Жердің жасы шамамен 4, 5 млрд. жыл деп есептеледі. Жер Күнді айналып жүрген 9 планетаның ішінде мөлшері мен массасы бойынша 5 орында. Жердің массасы 5, 975•1021 т, орташа тығыздығы 5, 517 г/см³, көлемі 1, 083 млрд. км³, ауданы 510, 2 млн. км², сыртқы пішіні 3 осьті эллипсоидқа (сфероидқа) жақын. Осы күнгі космогониялық түсінік бойынша Жер осыдан 4, 5 млрд. жыл бұрын Күн айналасындағы кеңістікте шашыраған газ-тозаң заттан, планеталар тартылыс күшінің әсерінен пайда болған. Қатты материя кесектерінің соқтығысып, жабысуынан планеталар ұлғая берген. Газ-тозаң зат іріктеліп, олардың жеңіл элементтері Күн сәулесінің қысымымен онан әрірек, ал біршама ауырлары Күнге жақын орналасқан. Жер құрамына Күн жүйесінде кездесетін барлық химиялық элементтер енеді. Заттың планета центріне тартылуы және оның ось бойымен айналуы салдарынан Жер эллипсоидтық пішінге келген.

Жер - Күннен қашыктығы бойынша үшінші планета. Жердің өз осінен айналуы салдарынан, өзен суы оның бір жағасын кеулеп шайып отырады, ауа кұйындары және жел Жердің солтүстік жарты шарында оң жаққа, ал оңтүстік жарты шарында сол жаққа ауытқиды.

Жер Күнді эллипстік орбита бойымен айналады. Жердің Күнді айнала қозғалатынының бір дәлелі - бізге жақын орналаскан жұлдыздардың көрінерлік ығысуы болып табылады. Мұндай ығысулар ең алғаш рет XIX ғасырдың 30-шы жылдарында бақыланған болатын. Жер бетіндегі жыл мезгілдерінің ауысып отыруы мынадай үш себептен болады, олар: Жердің Күнді айнала қозғалуы, Жердің айналу осінің орбита жазықтығына көлбеу болатыны және Жер Күнді айнала қозғалғанда оның осінің өзіне-өзі параллель қалпын сақтауы. Жердің орбитаның белгілі бір бөліктеріндегі орналасуына сәйкес оңтүстік және солтүстік жарты шарларға күн сәулесінің түсу бұрышы мен түсетін жылудың мөлшері өзгереді. Сол себепті оңтүстік жарты шарда жаз болғанда, солтүстік жарты шарда қыс болады. Осы кездегі астрономияның көптеген табыстары Жердің Күнді айнала қозғалу заңдарына сүйенеді.

  1. Магнитосфера, Жердің магниттік өрісі және Жердің магниттік полюстері жайлы ұғымдарға анықтама беріңіз.

Магниттің кез келген темір денені өзіне тартатыны ерте заманда-ақ белгілі болған, бірақ оның солтүстік пен оңтүстік бағытты көрсететіні кейіннен анықталды.

Біздің эрамызға дейінгі ІІІ ғасырда қолын созып тұрған адам бейнесін көрсететін “оңтүстікке сілтеу” аспабын жасай білген. Бұл фигура айналып тұрған магнитке бекітілген көне компас. Кейіннен VIII-IX ғасырда арабтар мен қытайлықтар теңізде жүзгенде компасты пайдалана бастады. Европалықтар компасты ІХ ғасырдан бастап пайдаланған, бірақ қытайлықтар мен арабтар сияқты неліктен компастың бір тілі оңтүстікке екіншісі солтүстікке бағытталатынына жауап таба алмады. ХІХ ғасырдың басында дейін жердің магниттік қасиеті туралы сұраққа былайша жауап алынды: “Жердің өзі магнит. Оның ортаңғы бөлігінде үлкен магнит орналасқан; ол компастың стрелкасының ауытқуын реттеп отырады - бүкіл жер шарын қоршап жатқан магниттік күш сызықтарының бойымен орнауын мәжбүр етеді”.

Ғылыми тұрғыда планетааралық кеңсістікпен салыстырғанда Жердің магниттік күш сызықтарының өрісінің жоғары екені дәлелденген.

Магниттік өрістің пайда болуын Жердің ядросы мен мантиясындағы процестерге байланысты деп есептейді. Үнемі қозғалыста болатын планетаның ядросының электр өткізгіш қасиетіне байланысты магниттік өріс өздігінен қозып, оның орталығынан 10-14 жер радиусына сәйкес келетін қашықтыққа таралады. Осы аралықта ол секундына 400 км жылдамдықпен қозғалатын зарядталған ағынмен - күн желімен кездеседі. Геомагниттік өрістің күн желімен байланысынан Жердің магнитосферасы пайда болады. Магнитосфера жер бетін зиянды электр зарядталған күн плазмасынан қорғайды. 44 мың км биіктікке дейін магниттік өріс біртіндеп әлсірейді, 44-80 мың км аралығында тұрақсыз, ал 90 мың км биіктікте зарядталған бөлшектерді ұстау қабілетінен айырылады.

Магнитосфераның пайда болуы мен оның жер бетін зарядталған Күн плазмасынан қорғауы - географиялық бағытта биосфераның дамуының негізгі шарты. Күн желіне магнитосфера кедергі болғандықтан оның біршама мөлшері магнитосфераны айнала ағып, оның қарама-қарсы жағында ұзындығы 5 млн км созылатын магнитосфера “құйрығын” қалыптастырады. Сондықтан магниосфера күн жағында қысыңқы, ал қарама-қарсы жағында созыңқы келеді.

Жердің магниттік өрісі құрылымының ендік бойынша өзгермелі екендігі дәлелденген. Ю. И. Витинский т. б. (1976) әрбір жарты шарда үш-үштен зоналық ендікті ажыратты:

1. Экваторлық зона (25 0 с. е. - 25 0 о. е. ) - атмосфера қабатына жоғарғы энергиялы протондардың тигізер әсері әлсіз. Осы ендіктерде магниттік күш сызықтары жер бетіне параллель орналасқандықтан Космос кеңістігінен келетін зиянды ағындарды жер бетіне өткізбейді.

2. Қоңыржай ендік зонасы (30 0 с. е. - 55 0 о. е. ) - ағынның қарқындылығы арта түседі, яғни полюстерге қара магниттік өрістің өткізгіштігі көбейеді.

3. Поляр маңы - магниттің күш сызықтарының өрісі жер бетіне перпендикуляр, сондықтан күн желі магнитосфераға, осы арқылы атмосфераның жоғарғы қабатына енеді.

Геомагниттік өрістің маңызы, ең алдымен жер бетіндегі тіршілік көзін зиянды космос сәулелерінен қорғауы. Нақтылы ғылыми деректер магнит өрісінің қарқындылығының ауытқуын жануарлардың, насекомдар мен балықтардың, өсімдіктер мен шыбын-шіркейлердің, жалпы бүкіл тірі организмдердің сезінетінін және оған жауап қайтаратынын дәлелдеп отыр.

  1. Географиялық қабық дамуының негізгі кезеңдерін атап көрсетіңіз.

Географиялық қабықша ұзақ уақыт аралағында және уақыт өткен сайын күрделену нәтижесінде пайда болған. Жер туралы ғылымдар системасының мәліметтері бойынша Жердің жасы 4, 5-4, 6 млрд жыл десек осы уақыт аралығында ол бірнеше геологиялық тарихи даму кезеңдерін өткізген.

Ең алғашқы геологиялық кезеңге дейінгі Жердің даму тарихы туралы мәліметтер аз. Осы жастағы тау жыныстары жер бетінде табылмаған, сондықтан бұл кезеңдегі деректер, мәліметтер жобалап алынған. Негізгі ерекшеліктері: жер бетін метеориттер мен астероидтердің активті вулканизм нәтижесінде базальтты лаваның атқылауы, мантия заттарының дифференциясы нәтижесінде жұқа жер қыртысының пайда болуы, биологиялық кезеңге дейінгі атмосфераның қалыптасуы. Биологиялық кезеңге дейінгі “қарапайым” атмосферада қазіргі атмосфера құрамымен салыстырғанда азот пен сутек көп, ал оттегі мүлдем болмаған. Географиялық қабықшаның құрамдас бөлігі деп саналатын гидросфера да, биосфера да болмаған.

Кейіннен пайда болған Жердің географиялық қабықшасы даму барысында үш кезеңге жіктелді: биогендік кезеңге дейінгі, биогендік және антропогендік кезеңдер.

Биогендік кезеңге дейінгі уақыт (4 млрд - 570 млн жыл) ұзақтығы бойынша - катархей, архей мен протерозой - Жердің геологиялық тарихындағы ең көп аралықты қамтиды. Осы кезеңде жер қыртысы күрделенеді, қалыңдығы артты. Шамамен 2, 6 млрд жыл бұрын, яғни архей эрасының соңында қалыңдығы 30 км құрылыстық қыртыс пайда болды, ал протерозой эрасының басында алғашқы протоплатформалар мен протогеосинклинальдар бір-бірінен дараланды. Гидросфера болды, бірақ су көлемі қазіргіден едәуір аз, протерозойдың соңында тек Тынық мұхиты ғана айқындалды. Алғашқы мұхит суы тұзды болмаған деп тұжырымдайды, өйткені ювенильді суда ұшып кететін газдар қазіргідей қарым-қатынаста болған. Алғашқы жер қыртысының құрамына байланысты ескі мұхит суындағы Na тұзы Ca тұзына қарағанда қазіргіден басым болған.

Биогендік кезеңге дейінгі уақытта да жер бетінде өмір болса керек, өйткені шамамен жасы 3, 5-3, 6 млрд жылға сәйкестенетін тау жыныстарынан қарапайым бактерия тәріздес денелердің қалдықтары табылған.

Биологиялық кезеңге дейінгі уақытта геологиялық масштаб бойынша органикалық өмір баяу дамыған. Осыған қарамастан венд дәуірінің соңында (650-570 млн жыл бұрын) мұхиттың органикалық өмірі өте бай болған. Диаметрі бір жарым метрге жететін медузоидтар, өте ірі скелетсіз жануарлар, алуан түрлі ірі және кіші фитопланктондар (Б. С. Соколов, 1984)

Осы кезеңнің бүкіл даму барысында органикалық өмір болса неліктен бұл кезеңді биогендік кезеңге дейінгі деп атайды? Өйткені органикалық өмір пайда болған кезінен бастап протерозойдың соңына дейін географиялық қабықшаның дамуында шешуші роль атқармады. Ғалымдардың тұжырымдары бойынша органикалық өмір құрлықтарда болмаған, яғни топырақ жамылғысы да дамымаған. Осы кезеңнің даму тарихында жетекші рольді абиогендік процестер атқарған, осының салдарынан алғашқы мұхиттар мен жер қыртысы дами бастаған. Атмосферада оттегенің мөлшері өте аз, озон қабаты болмаған, сондықтар тірі организмдер құрлықта өмір сүре алмаған.

М. И. Будыко, А. Б. Ронов, А. Л. Яншиннің (1985) мәліметтері бойынша атмосферадағы оттегі массасы осыдан 2 млрд жыл бұрын өте аз болған. Өйткені фотосинтез процесінен түскен оттегі толығымен жер бетіне шыққан вулкандық және органикалық заттардың тотығуына жұмсалған. Вулкандық процестің бәсеңдеуіне байланысты атмосферадағы оттегі массасы көбейіп протерозой эрасының соңында қазіргі атмосферадағы оттегі массасының 15-20%-ға сәйестенген.

Биогендік кезең (570 млн - 40 мың жыл бұрын) палеозой, мезозой және кайнозой эарсының соңғы 40 мың жылын қоспағанда. Венд дәуірінің соңында атмосферада бос оттегінің күрт өсуіне байланысты биостромның дамуында сандық және сапалық өзгерістер байқалды, әсіресе жануарлар дүниесінде.

Кембрий-ордовик дәуірлерінде құрлықты қарапайым өсімдіктер мен жануарлар игере бастады: теңіздерде трилобит, граптолиттер жақсы дамыды. Силурда алғашқы балықтар, девонда насекомдар мен қос мекенділер. Кембрий кезеңінен белгілі өсімдіктер қатарын прапапортниктер, плаун тәрізділер (мәңгі жасыл шөптесінді өсімдікте) толтырды. Девоннан бастап биостромның сандық және сапалық жақсаруынан - географиялық қабықтың жаңалығы - озон экранының дамуы. 20-25 километрлік стратосфера қабатының биіктігінде орналасып озон қабаты жер бетіндегі органикалық өмірді күннің қысқа толқынды ультракүлгін радиациясынан қорғайды. Кейінгі тас көмір дәуірінде құрлық бетінде ылғалды, биологиялық өнімділігі жоғары алып плаундар, қырықбуындар мен ағаш тәрізді папоротниктер қаулап өскен, яғни атмосферадағы оттегінің қазіргідей болды деп айтуының дәлелі болмақ.

Атмосферада оттегі массасының артуы бір бағытта (өсу бағытында) болған жоқ: бірде көбейіп, ал бірде азайып отырды (М. И. Будыко т. б. 1985) Оттегі массасының бірде артып, бірде кеміп отыруының негізгі себебі - атмосферада көміртек тотығының сандық шамасының өзгеруіне байланысты фотосинтездің ауытқуы, климаттың ылғалдылығының, “көмілген” органикалық көміртек ерекшелігіне байланысты болды.

Бүкіл биогендік кезеңде биостром эфолюциясы бір қалыпты болмады: баяу, өзгеріссіз бір деңгейде даму күрт және өте айқын өзгерістермен алмасып отырды; флора мен фаунаның бір түрлері жоғалып, келесі жаңа түрлері дамып отырды. Жаппай қырылу кезеңдері ордовик пен силурдың шекарасы (480 млн жыл бұрын), пермь мен триас (240 млн жыл бұрын), триастың соңы (195 млн жыл бұрын) және мезозой мен кайнозой эраларының шекарасында (65 млн жыл бұрын) орын алды.

Бор дәуірінің соңына қарай 898 түр мен 108 тұқымдастар жойылып кеткен, теңіздерде бұрын кең өріс алған аммониттер мен белемниттер, теңіздік бауырымен жорғалаушылар, құрлықта - диназаврлар.

Ғылыми пікірлер бойынша “мезозойдағы жаппай жойылу” табиғи жағдайдың күрт өзгеруімен - космос кеңістігінен диаметрі 5-30 километрге жететін астероидтардың құлауымен байланысты. Әрине, космостық әсерді жоққа шығаруға болмайды, дегенмен мезозой мен кайнозой эралары шекарасында өсімдіктер мен жануарлардың сандық және сапалық секірмелі өзгеруінде мына екі фактордың маңызы зор.

Біріншісі тау түзілуі кезінде табиғаттың өзгеруі. Бұл кезеңде геосинклинальдардың орнына биік қатпарлы таулар пайда болды, рельефтің тілімденуі ұлғайды, вулкандық әрекет күшейді, географиялық қабықтың құрамдас бөліктері арасындағы зат пен энергия айырбасы нығайды. Сыртқы орта өзгерісіне байланысты органикалық өмірде де түрлік өзгеру, жаңа түрлер мен тұқымдастардың пайда болуы артты.

Екіншісі - эндобиогендік фактор - организмдегі теңдік өзгерістерге байланысты. Белгілі интервал аралығында жануарлардың сандық көбейіп немесе азайып отыруы. Осындай күрт өзгермелі процестер биостромның дамуына әсерін тигізді, мысалы бор дәуірінде кенеттен жабық тұқымды өсімдіктердің пайда болуы. Құрлық бетінде биостромның дамуы топырақ жамылғысын пайда етті.

Антропогендік кезең (40 мың жыл бұрын) . Биологиялық түр Номо ретінде адам баласы осыдан 2-3 млн жыл бұрын пайда болса да оның табиғи ортаға

  1. Географиялық қабықтың құрылымы мен құрылысы, оның тұтастығына сипаттама беріңіз.

Табиғат - Жер мен Әлем кеңістігі аралығын жалғастырушы, тұрақтандырушы болмыс. Оның құрамдас бөліктері: Әлем кеңістігі, литосфера, гидросфера, атмосфера, биосфера. Бұл аталған төртеуі - қоршаған ортаны құрайтын, бірімен бірі сабақтас, бір-бірімен әрекеттес, бір-бірінен туындайтын табиғит болмысы. Оларды зерттейтін ғылым - география. Табиғатты тану - қоршаған орта мен адамның арақатынасын және де олардың дамуын, өзгеруін зерттейтін ғылымдар жүйесі. Қоғамның дамуымен байланысты адамның табиғатты игеруі де біртіндеп күрделене түседі.

Құрлық пен мұхиттардың бірге алынған барлық табиғат комплекстері - Жер бетін тұтас қамтып жататын, біртұтас планетарлық табиғат комплексі - географиялық қабық деп аталады. Атмосфера, литосфера, гидросфера мен биосфера - бұл географиялық қабықтың құрамдас бөліктері. Барлық осы қабықтар тұйық өмір сүрмейді, олар бір-біріне өзара әсер етеді.

Географиялық қабық - адамзат қоғамы өмір сүріп, дамитын табиғи орта.

Географиялық қабық - атмосфераның төменгі қабаты, литосфераның жоғарғы бөлігі, бүкіл гидросфера мен биосфера өзара бір-біріне енетін және өзара әсер ететін жер қабығы. Георафиялық қабықтың жоғарғы және төменгі шекарасын түрлі ғалымдар әр түрлі белгілейді. Оның нақты шекарасы жоқ. Көптеген ғалымдар оның қалыңдығы орта есеппен 40-55 км аралығы болар деп есептейді. Жердің көлемімен салыстырғанда ол жұқа қабық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы жер туралы түсінік
Геродоттың еңбектері
Экологиялық жобалау тәртібі және сатылары
Табиғатты қорғау-болашақты ойлау
Материктердің физикалық географиясының зерттеу обьектісі
Батыс аймақ
Әлемдік мұхит
Жер планетасы
Атмосфераның құрылысы
Атмосфера су буы және оның қасиеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz