Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Кеңесбеков Оразбек
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
5В090300-Жерге орналастыру
Алматы, 2015
Реферат
Бітіру жұмысында:
Жұмыста қосымша келесі түйінді сөздер: вегетация, трихограмма, дотация, акция, вакцина, инновация кездеседі.
Қысқартылған сөздер: ТМД, АҚ, ӨҚ, АҚШ, МТС, ЖШС, РЭС, ҚР.
Бітіру жұмысы Мақтаарал ауданының
Мазмұны- Жер бедері және географиялық орналасуы . . .
- Мақтаарал ауданының тарихи географиялық сипаттамасы . . .
. Мақтаарал ауданы оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан. Ауданның оңтүстік, шығыс, батысы Өзбекстан мемлекетімен, солтүстігінде Шардара бөгені және Сарыағаш ауданымен шектеседі. Жер бедері негізінен жазықты болып келеді.
. Ауданның жер көлемі - 176, 9 мың шаршы шақырым. Жалпы егістік көлемі - 135, 7 мың шаршы шақырымды құрайды.
Ауылшаруашылығы саласының негізі өндірістік бағыты - өсімдік шаруашылығы, оның ішінде мақта дақылы болып табылады. Жалпы егістік көлемінің 70-80 пайызна мақта өсіріледі. Еліміздегі шитті мақтаның 80 пайызын біздің аудан дайындады. Қосымша сала ретінде дән, бақша, көкөніс, азықтық жемшөп өсіріледі.
Қазақстанның мақта саласында үлкен өзгерістер күтілуде. Мақтаны өндіру, сақтау және сату прцестерін реттейтін заң базасы қаралу үстінде. Мемлекет тарапынан мақта шикізатын үлкен мөлшерде сатып алу жоспарлануда. «Азық-түлік корпарациясы» АҚ мақта өндіру ісінде егіншілерді көктемгі-жазғы кезеңде қаржыландыруға дайын. Өнімнің бір бөлігін мақташылар көктемде сатып, қаражатты шит, жанармай, қосалқы бөлшектер алу үшін жұмсайды. Мұндай тәсіл несие іздеп уақыт пен күшті сарп етуден құтқарады. Ал күзде өнімді тікелей сатып алу жүзеге асырылады. Мұндай схема республиканың солтүстік аймақтарында өзінің жоғары тиімділігін көрсетіп, негізгі проблемаларды шешуге өз септігін тигізді. Соңғы жылдары бидайдың сатып алу бағасы екі есе артып, ұсақ және ортан қолды шаруашылықтар өндірген өнімдерін кепілді түрде өткізуге мүмкіншілік алды.
Мамандардың есебі бойынша, алғашқы кезеңде ауылшаруашылығы тауар өндірушілеріне мақта шитінің жоғары өнім беретін сорттары мен қазіргі заманғы, лизинг негізінде алынатын техника қажет. Сондықтан Оңтүстік Қазақстан облысының шит тазалау зауытын салу мен машина-трактор стансаларының жүйесін құру жоспарлануда. Агротехникалық жұмыстардың барлық операцияларын қамтитын МТС жүйесі қымбат бағаға алынатын техника түрлерін тиімді пайдалануға мүмкіншілік жасайды.
Мақтаарал ауданында көп тірліктер жүзеге асырылуда. Кейбіреулері жоба ретінде қарастырылуда. Алайда, диқандар «Азық-түлік келісім-шарт корпарациясы» АҚ мамандары, Қазақстан Үкіметі, Мақтаарал ауданының басшылары бір нәрсеге кәміл сенеді: таяу жылдардың ішінде мақта кластерін қалыптастырып, шикізатты терең ұқсатудың арқасында саладағы жағдайды күрт өзгертуге болады. Бұл үшін барлық нәрсе бар - мемлекет тарапынан қаржылай қолдау, жұмыс күші, тәжірибелі мамандар. Ең негізгі-жаңа идеялар.
1. МАҚТААРАЛ АУДАНЫНЫҢ ФИЗИКАЛЫҚ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ
1. 1. Жер бедері және географилық орналасуы
Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүтігінде, Сырдария өзенінің сол жағалауында абсалюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықтықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстан мемлекетімен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған [10] .
Облыс жері негізінен жазық, көпшілік бөлігін орташа биіктігі теңіз деңгейінен 200-300 метр болатын Тұран ойпатының шығыс бөлігі алып жатыр. Терістігінде Бетпақдала шөлі, Шу аңғарының оңтүстігін Мойынқұм, облыстың батысында Қызылқұм және Шардара даласы, қиыр оңтүстігін Мырзашөл алып жатыр.
Мақтараал ауданы ол Сырдария өзенінің сол жақ қанатында кең жайылып, он мың шаршы шақырым аумақты алып жатқан ұлан-ғайыр құмды жазық, шөл дала болып табылады. Шығысында және Солтүстік шығысында Сыр арнасымен Фархад жартастарының маңайында түйіседі, ол Шардара іс жүзінде Мырзашөлдің солтүстік шегін түйіндейді, яғни Қызылқұмға жалғасады. Оның батыс қанатындағы шекарасы Шардара мен Жызақ арасындағы белдікпен айқындалады, оңтүсігінде Нұрата таулары мен Түркістан жотасының сілемдеріне тіреліп тоқтайды. Мырзаның шөлі қазірде Өзбекстанның Жызақ және Сырдария облыстары, оңтүстік Қазақстанның Мақтаарал, Шардара сияқты үлкен өңірлерінің мекен тұрағына айналған [12] .
Мақтаарал ауданы оңтүстік Қазақстан облысының оңтүстігінде орналасқан. Ауданның оңтүстік, шығыс, батысы Өзбекстан мемлекетімен, солтүстігінде Шардара бөгені және Сарыағаш ауданымен шектеседі. Жер бедері негізінен жазықты болып келеді. Жер бедерінің қалыптасуына зор ықпал етуші күштер :ағын сулар мен желдер. Осы күштерге қосымша антропогендік, яғни адамдардың шаруашылық әрекеттері табиғи ортаның, әсіресе жер бедерінің қалыптасуына зор әсерін тигізетіні сөзсіз. Мысалы: каналдар мен суару аймақтары, авто жолдар.
Ауданның жер көлемі - 176, 9 мың шаршы шақырым. Жалпы егістік көлемі - 135, 7 мың шаршы шақырымды құрайды.
Сурет 1. Мақтарал ауданының физикалық-географиялық картасы
1. 2. Мақтаарал ауданының тарихи географиялық сипаттамасы.
Мырзашөл жазықтығы Сырдария өзенінен Оңтүстіктіктегі Түркістан сілемдеріне дейін бір миллионға жуық гектар жерді алып жатыр. Осы жердің өзіне сай тарихы бар, әсіресе ең қызығы осы шөлейтті қуаң даланы суландыру, жаңа жерлерді адамзат игілігіне игеру.
«Сулы жер - нулы жер» деп дана халқымыз айтқандай, осы жерлер екі туысқан, көршілес Қазақстан, Өзбекстан республикаларының үш облысының екі миллионнан астам халқының табыс көзіне, тұрақты мекен-жайына айналып кеткен. Бұл жерлерде жүздеген шақырым бас каналдар, мыңдаған шақырым кішігірім арықтар қазылып, ертелі-кеш көпеген елді мекендер, кенттер, қалалар, зауыт және басқа өндіріс кәсіпорындары ашылып, үлкен өндіріс күштеріне еге аймаққа айналды.
Мырзашөлді игерудің әр уақыттағы кезеңдері тарихта белгілі: Патшалық Ресейдің билігінің кезеңі, Қазан төңкерісінен кейінгі уақыт, одан соң 20-шы ғасырдың екінші жартысындағы кезеңдері. Қай кезеңде болмасын шөлді игеруге адам қаракеттенген, алғашқы кезеңдерде күрек, кетпен, білек күшімен, кейінгі кезеңде қуатты техника күшін, ғылым және тәжірибені кеңінен пайдаланған, оларды тиімді басқарған.
Жер туралы тереңірек ойлансақ, жер - ана табиғаттың түрлі құбылыстарына тәуелді: топан су, жалынды от, найзағайлы нөсер, бұрқасынды дауыл, құйынды жел болсын. Сол сияқты жайма шуақ көктемнің күні, көк майса даласы, аңызақты ыстық шілде, алтын күз, жылдың әр мезгіліне тән құбылыстар. Барлығына қуанатын және көнетін, шыдап тіршілік жасайтын Жер мен Адам.
Мырзашөл ерте дәуірден-ақ тоқсан жолдың торабы болған. Бірақ бұл жерде елде мекендер сирек жайғасқан. Оған себеп - судың жоқтығы, шөлдегі аптап ыстық, қыстың қатал суығы, бұрқасынды бораны болса керек.
Қытай жылнамашыларының деректеріне сүйенсек, біздің жаңа дәуірімізге дейін 140-127 жылдары Сыр бойын ел мекендегенін, олар егіншілікпен де, мал шаруашылығымен де айналысқандығын білеміз [5] .
Хорезм ханы, әрі жылнамашы-шежіреші Әбілғазы Бахадүрдің деректері бойынша Сыр бойындағы ел ауыл шаруашылығын өркендете білген. Ал 1219 жылғы Шыңғысхан тұсындағы жаугершілікте елді де, су шаруашылығын да жойып жіберген.
Белгілі шығыстанушы академик В. В. Бортольд Мырзашөлде ерте заманда қалың ел жасаған деген жылнамашы Сюань Цзинаның (Қытай) деректеріне күман келтіреді. Сол сияқты тұжырымдар Чань-Чунь (1221жыл) саяхат күнделігінен де кездестіргенін жазады.
Ал «Абдулланамедағы» Әмір Темірдің жорығында Шахрухиядан (Шахристаннан) басталған шөл далада бірнеше ащы сулы құдықтар кездеседі делінген.
«Бабырнамада» келтірілген жолдарға қарасақ, Ходженттен Нұрата тауларына дейінгі кең жазықтықта ескі Усурушан аймағы жайғасқан екен [3] .
Мырзашөлді топографиялық зерттеулермен айналысқан бірегей ғалым Г. А. Әминов 1869 жылы мынадай деректер жазып кеткен: Мырзашөл деп аталған атына қарама-қарсы қуаң, елсіз шөлді зерттеп көргенімде, адам қызығарлық ештеңе таба алмадым. Ал енді тереңірек қарап, жан-жақты зерттегенімде, бұл аңырап жатқан қу далада, ерте кезде адам тіршілік жасаған, отырықшыл ел болған сияқты. Ол елдің жұрнақтары осы шөл далада кездеседі. Оның белгілері- ескі бұзылған дуалдардың орны, егін салған жер және арық- атыздардың іздері. Ал Мырза -тоғай жылғасында «Мырза-Рабат» керуен сарайының құрылысының қалдықтары бар.
Шөл даланы көлденеңінен кесіп өтетін Шыназ бен Жызақтың арасын қосып жатқан үлкен қара жолдың бойында жатақ тамдар құдықтар кездеседі. Шыбынтай, Аққұм, Жантақсай, Ақша, Ағашты, Үш-төбе деп ертеден аталып келе жатқан «Патша жолының » бойында бекеттер, елді мекендер болған.
Құдық үстінен, яки жанынан Үнді әдісімен лайдан құрылған, төбесі күмбез іспетті, биіктігі 12-15 метр су сақтағыш кепелер бар. Оның негізгі тіршілікке қажеттілігі - қыста қар жинап сақтап қою және оның буланып, еріп кетпеуі үшін жасалған. Бұл құрылыстың аты «Сардоба». Ол парсы тілінде «су сақтағыш» деген мағананы береді. Нақ осындай «Сардоба» Сырдария облысындағы Ш. Рашидов ауданының осы аттас шаруашылығындағы «Самарқан құдық» құдығының жанында қазірге дейін сақталған. Сол сияқты Жызақ облысының Мырзашөл ауданындағы «Өзбекстан» шаруашылығының «Түйе дала» құдығының жанында орны белгілі болып тұр [11] .
12-15 ғасырларда Сырдариядан су шығару үшін канал қазылып, өзеннің жағалауындағы ойпатты жерлерді суландыру әрекеттері жасалған. Солардың алғашқысы «Орынбай арық» басы дарияның Иіржар тұсынан басталады, ұзындығы 70 шақырым. Осы арықпен суландырылып, игерілген жер көлемі 7, 0 мың гектарға жақын.
«Иіржар» деген атау ескіден келе жатыр, оның ұзындығы -90 шақырым. Сырдың иір жарлық жағалауына ұқсатып, алғашқыда бейнелеп айтылған. Алғашқы рет «Иіржар» атауы «Николай» каналдың ең алғашқы басына берілген, ұзындығы 9 шақырым. Бұл қолмен қазылған каналға су шығару үшін өзеннің иір жерінен су айналып өткен аралдардың арасын бөгет жасап, су деңгейін көтерген.
Мырзашөл даласында мың тарих қана емес, мың жылдық тарих бар. Мұны бүгінгі ғылым, археологиялық қазба деректері, көне заманның ғұлама тарихшылары мен жиһанкездерінің жазбалары дәлелдеп отыр. Шаш-Ташкент шаһарынан таяқ тастам жерде жатқан, айналасын ғылым-мәдениет ордасы болған Отырар, Сайрам, Сығанақ, Сауран, Созақ, Иассы-Түркістан, Самарқан, Үргеніш сияқты қалалар қоршаған, үстінен қоңыраулатып дүниенің шар тарабына керуендер өткен, Жібек жолының бойындағы дүбірлі күйді кәрі құлағы ғасырлар бойы тыңдаған Мырзашөлде тарих болмауы мүмкін емес қой. Мырзашөл төсін Ескендір Зұлқарнайын мен Тұмар ханым, Шыңғысхан мен Ақсақ Темір, Тәуекел баһадүр-хан мен еңсегей бойлы Ер Есімхан қосындарының тұлпар тұяқтары дүбірлеткен, Қазақ ұлтын оның арғы ата-бабаларын бесігіне бөлеп тербетіп, ақ сүтін беріп емізіп өсірген Сырдария ананың сол қанатында жалпақ жайылып, жазылып жатқан құшағы кең Мырзашөлдегі адамның тіршілігі мен іс-әрекеті есте жоқ ескі заман- дарда басталыпты.
Ескендір Зұлқайнарынның осы шөл далаға су тартып, гүлдендірмекші болғаны туралы халық арасындағы аңыздар қазіргі кезге дейін ұмытылмай сақталған. Ол аңыз ұмытылмайды да. Себебі, әлдеқашан құрғап қалған ежелгі үлкен канал жүлделерінің бірі Ескендір-арық деп аталды. Біздің дәуірімізге дейінгі 329-327 жылдары парсыларды бағындырғаннан кейін Ескендір Зұлқарнайынның Соғдианаға жорық жасағаны тарихи дәлелденген. Әміршінің еркімен осыдан екі мың үш жүз жылдан астам уақыт бұрын аймақта арықтар қазылып, суландыру жұмыстары жүргізілді, шаруалар дәнді дақылдар өсіріп, егіншілікпен шұғылдана бастаған.
Халық тасемшек боп қатып жатқан шөл құла дүздің болашағына, зор үміт артып, уақыты келгенде жібіп, нәрленіп кететініне сенген. Сондықтан, «қарға баласын аппағым дейді, кірпі баласын жұмсағым дейді» дегендей шөл даланы еркелете аялап «Мырза» атауын берген. Сүйікті де қымбатты туған жерлерін осылай атағанда халық еш қателеспеген. Мырзашөл атауының мағанасы жомарт дала, жомарт шөл, қазыналы, бай өлке, құйқалы, құнарлы топырақ, қасиетті жер деген ұғымдарды білдіреді. Иә, шөл даланың Мырзашөл деп аталуында осындай толып жатқан астарлы, жұмбақ әңгімелер бар, «Мырза» деп атауының басты себебі - осы шөл далаға, елсіз жапанға су жіберсе, ол гүлденген нулы аймаққа, нағыз жердегі жұмаққа айналады.
1924 жылы маусымда Орталық Азия республикаларын ұлттық-мемлекеттік межелеу туралы арнайы қаулы қабылданды. Сонда бұрынғы Иіржар болысы Ташқазақ уезіне кірді. 1928 жылы 17 қаңтарда уезден болыстар таратылып, Иіржар болысы негізінде Иіржар ауданы құрылды. Бүкілодақтық Орталық Атқару комитеті сол жылғы 3 қыркүйекте бекітті, яғни жаңа, біздің ауданның туған күні осылайша заңды күшіне енді. Ал, 1990 жылғы 23 шілдеде Бүкілодақтық Атқару комитетінің қаулысы бойынша сол жылғы 17 желтоқсаннан бастап «Мақтаарал» ауданы болып аталды. Сөйтіп, ұйқы құшағында жатқан алып дала дүр сілкініп ояна бастады, қойнына басып жатқан құт-берекесін бере түсті.
Мақтаарал ауданы Қазақстанның қиыр оңтүстігінде Мырзашөл даласында орналасқан. Аудан Өзбекстан Республикасының Ташкент, Сырдария және Жызақ облыстарымен шектеседі. Жер көлемі - 176, 9 мың шақырым. Жалпы егістік көлемі - 135, 7 мың шаршы шақырым [4] .
Мақтарал ауданының орналасқан географиялық орны және шекаралас әкімшілік аумақтар. Мақтаарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1, 8 мың км (облыс аумағының 1, 5%-ы) . Тұрғыны 268, 7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С. И. Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған.
Мақтарал ауданының климаттық жағдайлары. Агроклимат жағдайлары. Мырзашөл өңірі өзінің табиғи-климаттық жағынан, жыл мерзімінің әр мезгіліне бір келкі келмейтін аз жауын-шашынды, қысы суық, жазы ыстық келетін жартылай шөлейт аймаққа жатады. Ауа-райын сипаттауда «Жетісай» метео-орталығының мәліметтері пайдаланылды. (4-кесте) . Аймақта абсолюттік ең жоғарғы ауа температурасы (жазда) + 41, 2°С болса, ең төменгі абсолюттік ауа температурасы (қыстаУ39. 9°С . Орташа ауа температурасы +11, 6°С.
Жауған жауын-шашын жағынан суарылмайтын жерден өнім ала-алмайтын жағдайда. Орташа жауын-шашын көлемі 261 мм.
Орташа түскен жауын-шашын көлемі жыл мезгілінде біріңғай емес: жазда - 0 мм, күзде - 50-60 мм, қыста 120-130 мм, көктемде- 60-70 мм аралығында. Қысы қысқа, тұрақты емес, көпжылдық орташа ауа температурасы қаңтар айында - 2. 9°С. ал орташа топырақтағы тоң қабаты 30-45 см аралығында. (Сурет-1)
Сурет-1-Атмосфералық жауын-шашын графигі
Көктем ерте түседі, күн көзі тез жыли бастайды. Жазы құрғақ ыстық, ұзақ. Шілде айындағы орташа(көпжылдық) ауа температура +25, 6. °С. (Сурет-2)
Сурет-2 «Жетісай» метеобекетінің мәліметі бойынша орташа ауа райының температурасының өткен жылдармен салыстырмалы графигі
Күз кеш түседі, қараша айынан бастап ауа температурасы күрт төмендей бастауымен сипатталады. Көп жылдық бақылау көрсеткендей орташа суықсыз күндер 191 күнге тең келеді. Аймақта желдің әсері элсіз, орташа жыл бойындағы желдің жылдамдығы 1, 4 м/сек тең. Негізінен аймақтағы желдің бағыты солтүстік-шығыс және солтүстік бағыттан. Суармалы жердегі ауа-райының ең негізгі көрсеткіші болып табылатын судың буға айналу көрсеткіші ол аймақта орташа 1300-1500 мм-ге тең, бұл дегеніміз жылдық жауын-шашын көлемінен 4-5 есе көп деген сөз (№ 2. 1. ) .
Жауын-шашын мен судың буға айналу мөлшерінің айырмашылығы аймақтың өте құрғақ аймаққа жататынын көрсетеді. Жоғары түддылықты жер асты суларының жер бетіне жақын болуы топырақ құрылымдарына өзінің кері әсерін тигізуде, яғни буға айналған су құрамындағы тез ерігіш тұздар топырақ қабатының бетінде қалып отырады.
Жоғарыда келтірілген ауа-райының көрсеткіштеріне сүйенсек, Мырзашөл өңірінде жер өңдеу, жерден өнім алу, жерді суару арқылы ғана мүмкін екенін көреміз.
Биылғы жылы көктемдегі жауын-шашын көп болып, егін егу кешіктірілгенімен, күзгі ауа-райының ашық болуы, шаруаларға егінді уақтылы жинап алуьша мүмкіндік жасады.
Геологиялық құрылымы, геоморфология мен аймақтың жер қыртысы бедері. Қарастырылып отырған Мырзашөл суармалы аймағының Қазақстанға тиесілі бөлігі, Сырдария өзенінің аллювиальді аймағы деп мінезделіп, геологиялық құрылымы есебінде өте күрделі аудан болып саналады. Олар контитентальды түрлі неоген шөгіндісіне шейін (яғни су өткізбейтін қабатқа ) шейін) кәдімгі екі қабатты құрылымнан тұрады, яғни қалың қабатты аллювиальді құм өз қабатында саздақ, тасты, керметасты, сазды линзалар болып, беткі жагы майда құмды-саздақты және саздақты топырақтармен қапталған.
Аудан аймағы геоморфологиялық жағынан Сырдария өзенінің негізінен үшінші, біраз жері екінші, арна сағасында орналасқан. Жас тегістік жерлер өзен арнасының бірінші сағасымен, 6-12 метр биіктік айырмашылыгын құрап, шектеліп жатуына байланысты, жақын жатқан жерлерде жер асты суларының табиғи сүзілу эсері жақсы байқалады. Үшінші арна сағасы, ыдырап созылып жатқан батыс және солтүстік-батыс бағытындағы пәс жерлердегі Сардоба, Қарой, Жетісай ескі арналар бағытындағы жазықтық болып саналады. Батысында Қызылқұм шөлді жеріне Жетісай, Арнасай мен Түзкен ойпаттарымен шектеледі. Аймақтағы ең жоғары жерлермен «Достық» каналының арнасы орналасқан. Жер бетінің еңкіштігі «Достық» каналынан Сырдария өзеніне қарай 0, 007 - 0, 0008 болса, Арнасай ойпатына 0, 0004-0, 0008. Мырзашөлдің солтүстік-батысын алып жатқан Мақтарал ауданы литологиялық жағынан (беткі қабатының қалыңдығымен, судың сүзілу қасиетіне байланысты ол қабаттардың жақсы су өткізгіштігіне байланысты) үш гидрогеологиялық ауданға бөлінеді.
Бірінші аудан жер көлемінің 52-53% алып жатқан Сардоба ойпатынан Арнасай ойпатына дейінгі жерлер. Шекарасы орталық Мырзашөл қашыртқысы мен «Достық» каналының 4-5 км сол жағы. Екінші гидрогеологиялық аудан жер көлемінің 40 - 44%-ін алып жатыр. Үшінші гидрогеологиялық аудан қалған жер көлемінің 2 - 4% құрайды. Негізінен өзен арнасының екінші сағасында сол арна бойымен созылып жатқан жіңішке жерлерді алып жатыр жэне Сырдария өзенінің арнасының бойымен дерлік созылып жатыр. Жер бетінің беткі қабатының қалыңдығы бірінші гидрогеологиялық ауданнан екіншіге, екіншіден үшінші гидрогеологиялық ауданға ауысқанда азаяды, ал керісінше сол бағытта су өткізгіш тік қабілетті, қуатты қабаттар көбейеді.
1. 3. Ауданның климаттық жағдайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz